Проблемді лекцияда ақпаратты оқытушы ендірмейді, ол бірлесе өткен пікір-талас пен белсенді іздеу көмегімен табылады.
Визуалдық лекция (визуализация) – оқу материалын көзбен қабылдау (сурет, кесте, кинофильмдер немесе олардың көрністері) және соған сәйкес бірлесіп талдау негізінде құрылады. Барлық сабақ сияқты әрбір материал да лекцияның осы түріне келе бермейді.
Екі адамдық лекция тиімді келеді. Бұл лекцияның түрі өзінің мәні бойынша материалды екі оқытушының Проблемді тұрғыда баяндауының тағы бір түрі болып табылады. Лекцияға қатысушылар әртүрлі мектептердің өкілі болуы, теоретик немесе тәжірибелі, қайсыбір бағытты жақтаушы не қарсы тұрушы болуы мүмкін. Екі адам жүргізетін лекция аса мұқият дайындық пен ерекше шарттарды талап ететін күрделі лекция түрі болып саналады. Мысалы, оқытушылардың ақыл-ой, кәсіби білімінің деңгейі және жеке ерекшеліктері т.б. сәйкес келуі тиіс. Олар қарым-қатынас іскерлігінің дамыған түрін, реакциясының жылдамдығы мен суырып салмалыққа қабілеттілікті меңгеруі қажет.
Пресс-конференция лекция – студенттер сұранысын ескеруге арналған. Лекцияның тақырыбы алдын ала беріледі де, студенттерден өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын дайындап келу сұралады. Лекцияның басталуына аз уақыт қалғанда оқытушы олардан сұрақтарды жазба түрінде ұсынуларын сұрайды. Сұрақтарды сараптап алады да, лекцияны оқуға кіріседі. Лекция уақыт арасында мәтінге қатысты сұраққа жауап берумен бірге жүретін байланысты мәтінді құрайды.
Осындай лекцияны тақырыпты бастамас бұрын студенттердің қызығушылықтарын анықтау барысында және мәтіннің ортасында студенттер назарын курстың негізгі жерлеріне аудару үшін және соңында – меңгерілген мазмұнның дамуының болашағын анықтау мақсатында жүргізуге болады.
Мамандарды кәсіби тұрғыда дайындау барысында оқу лекциясы екі қызметпен жүреді, олар:
ақпарат көзі
болашақ тәжірибелі іс-әрекетті реттеу жағдайы.
Профессор А. Вербицкийдің пікірінше, теориялық және тәжірибе жағынан да хабардар болу үшін, студент өз білімінде екі ауысымнан өтуі керек, яғни белгіден (ақпарат) ойға, содан соң әрекет жасау мен әрекетке ауысуы қажет.
Ақпараттық лекция студенттердің ақпаратты сәйкес келетін әдістемелік жағдайлардың көмегімен өздері таңдаған мамандық контекстінде меңгеруге жағдай жасауы мүмкін әрі жағдай жасауы тиісті.
Бұл тікелей кәсіби дайындыққа да, жалпы психология, жас ерекшелік, әлеуметтік және педагогикалық психология сияқты негізгі курстардың баяндалуына да ққатысты.
Студенттер, көп жағдайда, мысал ретінде алатын болсақ, жалпы психология курсын оқи отырып, тәжірибелі психолог болу үшін және неге қажеттігін және мамандар бұл білімдерді өз тәжірибесінде қалай қолданатынын білмейді.
Болашақ кәсібінің контексті ақпараттық лекцияда теориялық жағдайларға сәйкес келетін кәсіби суреттемелер түрінде қамтылуы керек.
Ең бастысы, олардың теория мен тәжірибенің байланысын тепе-тең бейнелеуде.
Соған байланысты интервью (сұхбат) әдісінің отвлеченный? баяндау түрінің орнына болашақ психологтарды А.Адлер ұсынған интервью кестесінің бөлігімен болса да мақсат тұтып таныстырған жөн, мәселен, клиент қызығушылығын зерттеуге арналған интервью:
Балада мамандық таңдау барысында қандай ойлар болды?
Жанұя мүшелерінің мамандықтары қандай?
Бала ата-анасының некесі қандай?
Бала ерлі-зайыпты өмір жайлы не ойлайды?
(осы сұрақтар баланың болашаққа қаншалықты батыл әрі сенімді қарайтынын көрсетеді).
Оның сүйікті ойындары, көркем шығармалары, әдеби және тарихи батырлары бар ма, қандай?
Оған басқа балалардың ойынын бұзу ұнайды ма?
Қиялға берілгіш пе, әлде салқын қанды және соған байланысты қиялды мойындамайды ма?
(Бұл сұрақтар бала бойында кездесіп қалуы мүмкін артықшылық(үстемдік) үлгілерін жанама тұрде білдіріпотырады тұрады).
Психологтың тәжірибелі жұмысында суреттеме ретінде қиялды пайдалану жайында, психотерапевтің мандаламен (сиқырлы шеңбер) жұмысын айта аламыз.
Гештальт терапияда қиялдың креативтілігіне аса назар аударылады.
Қиял клиентке мінез-құлықтың жаңа қабілеттерін «қазір және тап осы жерде» деген жағдайда қауіпсіз ортада зерттеуге және байқауға мүмкіндік береді.
Қиял мен елестету үрдісінде пайда болған нәрсенің бәрі кей кездері басылып тасталған «Мен» аспектісіне сәйкес келетін кездейсоқ өнім болып табылады, ал ол өз кезегінде олармен жұмыс үрдісінде шынайы бетіне ауысады және бұл әсер ұғыну мен талдау үрдісін жеңілдете түседі.
К.Юнг бойынша мандала – тұлға орталығының белгісі (өзінділік-самость). Мандаланың суретін салудың өзі өзіңнің «Меніңді», өзін тануға бастама жол.
Мандала суретімен жұмыс істеу үшін өз «Менін» бейнелейтін төрт сапаны таңдау керек, мәселен, нәзіктік. Оған төрт түс таңдалады да қағаз бетінің ортасына мандала суреті салынады және оған атау беріледі. Одан соң төмендегідей сұрақтар бойынша талдау жүреді:
Сурет тұтастай нені білдіреді және оның жеке бөліктері мен түстері нені білдіреді?
Мандаладағы ең басты нәрсе не?
Мандаладағы не нәрсе көңіліңізді толтырады ал не нәрсеге көңіліңіз толмайды?
Сурет қандай сезімдермен байланыс тудырады?
Суретте нені өзгерткіңіз келеді?
Тұтастай алғанда, практик психологтардың пікірінше, қиялмен жүргізетін жұмыс адамның ішкі дүниесі, оның индивидуалдығы жайлы білімді барынша кеңейте түседі.
(Профессор М.К.Тутушкинаның редакциялығымен «Психологическая помощь и консултирование в практической психологии» деген кітабынан. СПб., 1998. 185-187 б.).
«Сөйлеу» тақырыбында (жалпы психология) практик психологтардың жұмысындағы есімдік, зат есімдер, сын есімдер, үстеу, етістік, семантикалық қателер мен үзілістерді пайдалану ерекшеліктері сияқты пациент сөйлеуіндегі кейбір аспектілерді талдауға тоқталған дұрыс.
Пациент сөйлеуіндегі үзілісті психологиялық талдау