Үзілістің себебі
|
Психологтың үзіліспен жүргізген жұмысы
|
Қарсылықтың пайда болуы
|
«Сізге осы сұраққа жауап беруге не кедергі жасайды?» Бұл
қарсылықтың қайнар көзін ұғынуға бағыттталған сұрақ.
|
Жауапты ойлану, еске түсірудің өзектелуі
|
Уақыттың бөлінуі
|
Жағымсыздық, жасыру, алдауға
деген қажеттілік, мутизм, «дұрыс» жауапқа бағдарлану, күткенінің дәлелденуі
|
Басқа жағдайлар арқылы байланыс орнату, қауіпсіздік сезімін орнату.
|
Практик психолог жұмысындағы осындай мысалдарды оқытушы психологиялық кеңес беруге қатысты әдебиеттерден көбірек таба білсе, оларды курстың әрбір тақырыбына сәйкес таңдап ала алады.
Қазақстандық ғалым психолог С.М. Жақыпов өз зерттеулерінде психологиялық білім беру, әсіресе тұтастай оқыту процесінің психологиялық мазмұны туралы мәселелер қазіргі педагогикалық психологияда ашық күйінде қалып отыр дей отыра, студенттердің оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекетінің қалыптасуы мен дамуының психологиялық механизмдерін қарастырған.
Ғалымның «Бірлескен – диалогтық танымдық іс-әрекет» тұжырымдамасы оқытушылар мен оқушылардың өзекті байланысының негізінде қалыптасатын оқыту процесінің ерекшеліктерін белгілеу үшін қолданылады. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің психологиялық негізі оқытушы мен оқушылардың іс-әрекеттерінің бірігуі нәтижесінде қалыптасатын бірлескен – диалогтық танымдық іс-әрекет болып табылады. Оқыту процесінде студенттердің танымдық процестерін басқару білімді меңгеру мен оларды практикада қолдануға бағытталған оқушылардың танымдық процестерінің қызмет етуі мен оларды біртіндеп танымдық іс-әрекеттің біріңғай жүйесіне айналдыруы үшін студенттер мен оқытушылардың бірлескен – диалогтық танымдық іс-әрекеті барысында жағдай жасауды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |