Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар.
1.Қазақстандық ғалым-психолог С.М.Жақыповтың «Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения» атты еңбегін оқып, талдап пікірлесу.
2. «Жалпы психология» курсы бойынша таңдаған тақырыпқа орай практик психологтың кәсіби іс-әрекетімен байланысқан көрнекі материалдарды құрастыру.
VІ. Семинар және практикалық сабақтарды
дайындау және жүргізу әдістемесі
«Семинар» сөзі латынның «seminarium» - «көшет (рассадник)» деген сөзінен туындайды. Ондай сабақтар рим мектептерінде пікір-таластардың, оқушылардың хабарламасы, оқытушылардың пікірлері мен қорытындыларының үйлесімі ретінде жүргізіліп отырған.
Қазіргі заманғы мектептерде (жоғары және орта) семинарлар тәжірибе сабақтары ретінде кеңінен қолданылуда.
Семинар – жоғары оқу орындарындағы оқу үрдісінің белсенді түрлерінің бірі болып табылады.
Семинардың мақсаттары
ең алдымен теориялық ақпараттың тереңдеп зерттелуі;
ғылыми мәтіндерді қайта өңдеу, материалды жалпылау дағдыларын қалыптастыру, ойлаудың сыншылдығын дамыту;
білімді, шығармашылық бастамашылдықты, қабілеттерді меңгерудегі дербестікті дамыту;
көпшіліктің алдында сөйлеу дағдысын, тыңдаушылардың алдында талқылау және өз көзқарасын қорғау қабілеттерін қалыптастыру.
Оқыту тәжірибесінде семинардың бірнеше түрі қолданылады:
студенттер баяндама жасап, онысы оқытушының басшылығымен көпшілікпен бірлестікте талқыланатын семинар-конференция. Бұл семинардың ең кең тараған түрі. Кәсіби оқытуда семинарды теориялық мәселелерді маман қыметінің тәжірибесімен байланыстыра отырып зерттелінген мамандықтың аясында құрастырған жөн. Ондай жағдайда студенттер теориялық білімдерді түсініп, кәсіби қорының құрамына енеді;
семинар – пікір-талас, Проблемді семинар. Ол ғылыми пікір-талас түрінде өтеді. Мұнда студенттердің семинарға қажет ақпараттарды іздестіріп, олардың пікір-таластағы белсенділігіне баса назар аударылады. Ақпарат көздерінің проблема жөнінде әртүрлі көзқарастарды білдіріп, әралуан болғаны, пікір-таластың әрдайым оқытушымен бағытталып отырғаны абзал;
Достарыңызбен бөлісу: |