Оқу тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Бейсембаев М.Қ
3 КУРС
5 семестр – 20 кредит
|
цикл
|
код
|
Пәннің атауы
|
кр
|
цикл
|
код
|
Пәннің атауы
|
кр
|
Міндетті компоненті -9 кредит
|
Таңдау компоненті -6 кредит
|
Жалпы білім беру пәндері
|
ObZh2111
|
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
|
1
|
Базалық пәндер
|
MV 3224
ЭМ 3224
|
Микробиология және вирусология
Микроорганизмдер эволюциясы
|
2
|
Базалық пәндер
|
MVR 3203
|
Тәрбие жұмыстарының әдістемесі
|
2
|
KRKTK 3209
KRAKBB 3209
КК3209
|
Қазақстан Респуб-ликасында көптілді тұлғаны қалыптастыру
Қазақстан Респуб-ликасында және әлемде көптілді білім беру
Қазақстан құқығы
|
2
|
FCZ 3213
|
Адам және жануар физиологиясы
|
3
|
Кәсіптендіру пәндері
|
TTPP4307
MOBIH4307
АН
|
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың теориясы мен технологиясы
Оқушылардың биологиялық зерттеулерін ұйымдастыру әдістемесі
Акмеология негіздері
|
2
|
ТРВ 3215
|
Биологияны оқыту технологиясы
|
3
|
Bot 1206
|
Ботаника (заманауи ботаника)
|
2
|
Zoo1207
|
Зоология (паразитология)
|
2
|
Z 1208
|
Цитология-гистология (клетка биологиясы)
|
1
|
6 семестр – 18 кредит
|
цикл
|
код
|
Пәннің атауы
|
кр
|
цикл
|
код
|
Пәннің атауы
|
кр
|
Міндетті компоненті -14 кредит
|
Таңдау компоненті -4 кредит
|
Базалық пәндер
|
FR 3210
|
Өсімдіктер физиологиясы
|
3
|
Кәсіптендіру пәндері
|
ОРО4310
ChMOB4310
|
12-жылдық мектепте кәсіптік білім беру негіздері
Биологияны жеке оқыту әдістемелері
|
2
|
Gen 3214
|
Генетика
|
3
|
NIT3311
ESOB3311
|
Биологияны оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары
Биологияны оқытудың электрондық құралдары
|
2
|
Кәсіптендіру пәндері
|
BRK3304
|
Қазақстан биоресурстары
|
3
|
PBOP3305
|
Қолданбалы биоло-гия топырақтану негіздері
|
3
|
ERZh3306
|
Өсімдік және жа-нуар экологиясы
|
2
|
Микробиология және вирусология. (Микробиология и вирусология. Microbiology and Virology)
Преквизиттер: Цитология, бейорганикалық және органикалық химия, ботаника, зоология, төменгі сатыдағы өсімдіктер,паразитология , анатомия.
Постреквизиттер: Генетика, биотехнология, эволюциялық ілім
Бағдарламаның қысқаша мазмұны : Микробиология пәні және оның міндеттері. Олардың биосферадағы және адам өміріндегі ролі. Прокариоттар мен эукариоттар. Микроорганизмдердің қоректенуі мен тыныс алуы. Микроорганизмдердің тұрақты тұқым қуалаушылығы мен лабильдік өзгергіштігі. Микроорганизмдердің таралуы.
Микроорганизмдердің табиғаттағы орны және ролі. Вирустардың құрылысы мен химиялық құрамы, көбеюі, классификациясы. Бактериофаг морфологиясы мен физиологиясы.
Микроорганизмдер генетикасы- трансформация, трансдукция, конъюгация. Микроорганизмдер физиологиясы. Қоректік орталар мен микробиологиялық жабдықтарды стерилизациялау әдістері. Микроорганизмдердің өзара қатынастары. Антибиотиктер. Микроорганизмдер экологиясы. Микроорганизмдердің зат айналымына қатысы.
Мақсаты: Микроорганизмдердің құрылысы мен физиологиясы, биохимиясы және генетикасы, экологиясы туралы ілім қалыптастыру. Олардың биосферадағы және адам өміріндегі ролін анықтау.
Пәннің міндеті:
- Микроорганизмдердің морфологиясы мен систематикасын, олардың физиологиясын және зат айналымдағы орнын анықтау.
- Микробиологияның зерттеу әдістерімен;
- Бактериялардың және вирустарлың генетикалық материалдарының құрылымы мен қызметін;
- Микроорганизмдердің түрлі зат айналым процестеріне қатысуы ;
- Адамдағы микроорганизмдер тудыратын патогенді түрлері ;
- Ауа, су, топырақ және ағза микрофлорасын анықтау, танысу ;
Негізгі әдебиеттер
1. Шоқанов Н. Жалпы микробиология. Алматы, Кітап, 1998.
2. Шмиль Г. Общая микробиология. Москва, Мир, 1998.
Қосымша әдебиеттер:
Пяткин К.Д. Микробиология. М., Медицина, 1980.
Тиманов В.Д., Левашев В. Микробиология. М., Медицина, 1983.
Оқу тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Зияева Г.К.
Микроорганизмдер эволюциясы. (Эволюция микроорганизмов. Evolution of microbial)
Преквизиттер: Цитология, бейорганикалық және органикалық химия, ботаника, зоология, төменгі сатыдағы өсімдіктер,паразитология, анатомия
Постреквизиттер: Генетика, биотехнология, эволюциялық ілім.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Тіршіліктің пайда болуы, ондағы микроорганизмдердің ролі. Биохимиялық эволюцияның кезеңдері. Клеткалық құрылымға дейінгі ағзалардың пайда болуы. Клеткалық құрылымның пайда болуы. Метаболизмнің дамуы және протобионттардың қалыптасуы. Энергетикалық процестердің (ашу, фотосинтез, тыныс алу) эволюциясы. Микроорганизмдер эволюциясының негізгі кезеңдері. Микроорганизмдердің даму кезеңдері. Оларды жіктеу критерийлері. Микроорганизмдердің морфологиясы, систематикасы және биохимиясы, табиғатта микроорганизмдердің қатысуымен өтетін құбылыстардың рөлі.
Микроорганизмдердің микроэволюциясы мен макроэволюция процестері, сұрыпталу мен бейімделушілік. Өзгергіштік және тұқымқуалаушылық. Мутация – эволюция процесінің негізгі материалы.
Мақсаты: Микроорганизмдер систематикасының проблемалар және прокариоттар мен эукариоттардың салыстырмалы сипаттамасымен танысытыру. Микроорганизмдер эволюциясы туралы ұғым қалыптастыру.
Пәннің міндеті:
- Микроорганизмдерді классификациялауда пайдаланылатын перспективті белгілер
анықтау әдістерін меңгерту;
- ДНК-ның нуклеотидтік құрамын талдау;
- Адонсон принципі бойынша сандық таксономиялық әдісімен танысу;
Негізгі әдебиеттер
Минеева Н. Микробиология. Москва, 1985.
Шоқанов Н. Жалпы микробиология. Алматы, Кітап, 1998.
Құлдыбаев М. Ауылшаруашылық микробиологиясы. Алматы, Санат, 1997.
Қосымша әдебиеттер:
Квасникова И. Жизнь микробов в экстремальных условиях. М., Мир, 1981.
Аникеев В.В. Рукодство к практическим занятиям по микробиологии. М., Просвещение.
Оқу тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Зияева Г.К.
Қазақстан Республикасында көптілділік тұлғаны қалыптастыру. (Формирование полингвальной личности в РК. Formation of polilingual personality in Republic of Kazakhstan ).
Прекреквизиттер:Қазақ және орыс тілі мен әдебиетінің мектеп курсы.
Постреквизиттер: Курстан алған білім, қазақ және орыс тілдерін сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша әдет-дағдыларын қалыптастырып, базалық білімін жетілдіреді.
Пәннің мақсаты - білімгерлерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, жиі кездесетін тілдік лексиканы, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету
- қазақ, орыс тілдеріндегі көптілді педагог кадрларды дайындауға бағыттау;
- қазақша, орысша дұрыс, мәнерлеп сөйлеу машығын қалыптастыру;
- күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру;
- әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлерін оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;
- теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;
- монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды ақпаратты есту, тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын қалыптастыру;
- аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;
- ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стильдердің қолданылу жағдайларын айыра білуге үйрету.
Пәннің міндеті - білім саласының әр түрлі салалары бойынша терминдерді игеру жолдарын қалыптастыру, пікірлесуге, әңгімелесуге, мазмұндауға, көркем оқуға, сауатты жазуға, өмірден мол мағлұмат беруге үйрету.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
М.Балақаев. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту.
Мараковская, Тәжімұрат. Қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы грамматикасы.
Терминқор қалыптастыру көздері мен термин жасам тәсілдері.Астана-2005ж.
Т.К.Қазыбек. Аударматануға кіріспе. А.,2004ж.
Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас.А.,2005ж.
Практический курс русского языка. Л.К. Жаналина, М.Ш. Мусатаева. Алматы, 2005
Учебное пособие «Республика Казахстан» С.А. Мамекбаева и др. Алматы, 1991 г
Словари. С.И. Ожегов и др.
Қосымша әдебиеттер:
Г.Шалқарова. Салыстырмалы грамматика. А., 2007ж.
А.Омарова. Қазақша сөйлеу этикеті. Астана, 2006ж.
Мемлекеттік тіл және аударматанудың өзекті мәселелелрі. Астана, 2011ж.
Оқыту тілі: қазақ тілі, орыс тілі .
Оқытушылардың аты-жөні:
Мыңайдарова Мария Естайқызы
Уралбекова Әлия Әрпішқызы
Естаева Тоқжан Естайқызы
Мыханова Жанар Бахытқызы
Тәженова Гүлсара Серікқызы
Шаханова Эльмира Аманжолқызы
Мұқашева Алшагүл Меделханқызы
Қалматаева Бақыткүл Мәмбетбайқызы
Құттымұратова Назым Алиевна
Сарсембаева Айгүл Асанқызы.
Қазақстан құқығы. (Казахстанское право. Kazakhstan right )
Пререквизиттер: мектептегі Қазақстан тарихы, адам және қоғам, құқық негіздері.
Постреквизиттер: Алған білім құқық негіздері, заң жүйесі, заңдық сараптамалар жасауға, құқық негіздері, мемлекет және құқық негіздері теориясы курсын игеруге көмектеседі.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Білімгерлер заң жүзiнде бiлiктi болу үшiн заң ұғымын, мемлекеттiк органдардың құқықтық мәртебесi туралы құқықтық заңдарды, заңдарды дұрыс қолдануды және өзiнiң конституциялық құқықтары мен мiндеттерiн бiлуi қажет. Конституциялық, еңбек және жанұя құқықтары бойынша өз құқықтары мен мiндеттерiн бiлуi тиiс.
Мақсаты: Мәдениеттің ғылым ретіндегі негізгі проблемалары, теориясы, мәдениеттің қалыптасуы туралы жүйелі түрде білім беру.
Курстың міндеті: ҚР-ның мемлекеттiк құрылысының ерекшелiктерiн және құқық жүйесiн көрсету. Студенттердi ҚР-ғы мемлекеттiк билiктiң жүйесiмен, құқықтың қайнар көздерiмен таныстыру, ҚР-ның билiк сатыларын ажырата бiлуге, еңбек қатынастарын құқықтық реттеу ерекшелiктерiн көрсетiп, еңбек жалақысы, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын бiлуге. ҚР-ның заңдарының ерекшелiктерiне түсiнiк беру, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiктерi мен әрекет қабiлеттiгi қатынасын реттейтiн, жеке меншiк құқығы, кәсiптiк қызмет, мұрагерлік құқық, неке және отбасы қатынасын реттеу, ҚР-ның қылмыс заңдылығын түсiндiру, қылмыс және жаза түрлерiне сипаттама беру.
Қолданылатын әдебиеттердің тізімі
Негізгі әдебиет
Негізгі әдебиеттер.
1. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Оқу құралы. Алматы:Жеті жарғы, 2006 ж.
2. Сапарғалиев Г.С. ҚР Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 1998 ж.
3. Баққұлов С. Құқық негіздері. Алматы, 2004 ж.
4. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Алматы.Болашақ. 2002 ж.
5. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. ҚР құқық негіздері. Алматы.Жеті жарғы. 2003 ж.
Қосымша әдебиеттер.
1. Таранов А.А. “Административное право”, Алматы 1998ж
2. Еңбек құқығы. ҚР еңбек туралы заңындығы жеке келiсiм шарт (2000ж.)
2. ҚР еңбек туралы заңына нұсқама (2000ж.), 1,2-тарау
3. ҚР неке және отбасы заңы (1998ж.), 1, 2 тарау
4. ҚР азаматтық кодексi, (1995ж.)
5. ҚР қылмыстық кодексi (1998ж.), 1, 2 тарау
6. Сапарғалиев С. ҚР Конститутциясының түсінігі. Алматы 1998ж.
7. Таранов А.А. ҚР Әкімшілік құқығы. Алматы 1998 ж.
8. ҚР Еңбек туралы заңы. 2000 жыл.
9. ҚР Азаматтық кодексі. 1995 жыл.
10. Стамқұлов А.С. ҚР экологиялық құқығы. Траз.2003ж.
Оқыту тілі: қазақ, орыс
Бағдарлама жетекшісі: п.ғ.к., доцент Тойганбекова, с.ғ.к. аға оқутышы Абилова А.Б.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың теориясы мен технологиясы. (Теория и технология психолого-педагогического сопровождения. Theory and technology психолого-pedagogical accompaniment)
Пререквизиттер: Жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, педагогика және педагогикалық психология.
Постреквизиттер: Әдеп және жантану, өзін-өзі тану.
Пәннің мақсаты: Болашақ педагогтарды оқу-тәрбие мекемелерінде балалардың жас ерекшелігіне байланысты қалыпты дамуын қамтамассыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің теориясы мен технологиясын меңгерту.
Пәннің міндеттері:
- Балалалардың даму барысында пайда болатын проблемалардың алдын-алу жолдарын қарастыру;
- Әлеуметтендіру, даму, оқыту, тәрбиелеу үрдістерінің көкейкесті проблемаларын шешуді үйрету;
- Кәсіптік таңдау жасауға бағыт беру;
- Айналадағылармен қарым-қатынас жасауда кездесетін проблемаларды шешу;
- Ата-ана, оқушы, педагогтардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін дамыту жолдарын қарастыру;
- Мінез-құлығы бұзылған балалармен психологиялық жұмыс жүргізудің технологиясын меңгерту.
Қолданылатын әдебиеттер:
Зимина. Педагогикалық психология
Краиг Г. Психология развития. СПб 2000
Муханов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы 1982
Волков Б.С., Волкова Н.В. Возрастаня психология. 1-2 ч. Москва 2005
Кулагина И.Ю., Клюцки В.Н. возрастная психология. Москва 2004
Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы 1987
Л.М. Шипицина. Психолого – педагогическое Консультирование сопровождение развития ребенка. Москва , владос, 2002.
Оқыту тілі: қазақ, орыс
Бағдарламаны жетекшісі: П.ғ.к., доцент м.а. Қалматаева А., аға оқытушы Аубакирова С.
Оқушылардың биологиялық зерттеулерін ұйымдастыру әдістемесі. (Методы организации биологических исследовании школьников. Methods of organization of biological study of schoolchildren)
Пререквезит: Педагогика, Психология, Биологияны оқыту технологиясы.
Постреквезит: Биологияны кәсіптік оқыту, Педпрактика
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында орта мектеп мұғалімінің әдістемелік іс-әрекеті сабақ беру, бейінді оқытуды жүзеге асырумен қатар оқушының ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастырудан құралады. Бағдарлама оқушының жас аралық психо-физиологиялық, танымдық кезеңдері мен ерекшеліктеріне байланысты мектепте биологиялық ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесімен таныстырады. Биологиялық ғылыми-зерттеу жұмысының құрылымы, мазмұны, әдістері, формалары. Оқушының зерттеу жұмысымен шынайы ғылыми жұмысының ерекшеліктері (субъективтілік, нәтижелік) қарастырылады. Курс 12 жылдық мектепте оқушыда проблеманы шешу құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Мақсаты: Студенттерде орта мектеп оқушыларының биологиялық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру біліктілігін қалыптастыру.
Пәннің міндеті:
1. Биологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының құрылымы, мазмұны, ерекшелігімен таныстыру.
2. Мектеп ғылыми жобасының ерекшелігімен таныстыру.
3. Мектеп биологиялық ғылыми жобаны әзірлеу.
Негізгі әдебиеттер
1. Новиков Н. Научные работы М.2003г.
Қосымша әдебиеттер:
1. Жас ғалым жинақтары
Оқу тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Мусарова В.А.
Акмеология негіздері. (Основы акмеологии. Akmeology bases)
Пререквизиттер: әлеуметтік психология, психологиялық-педагогикалық іс-әрекетке кіріспе
Постреквизиттер: жаңа тұрпатты психологтың кәсіби құзыреттілігі
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Пән акмеология саласында негізгі акмеологиялық зерттеулер мен оның қазіргі жай-күйі жайлы студенттердің білімін кеңейтуге бағытталған
Пәннің мақсаты:
- Психология мен оған сабақтас ғылымдар жүйесінде адамның психикалық және кәсіби дамуы жайлы білімдерін жинақтау және жалпылау;
- диагностика, коррекцияны психологиялық-акмеологиялық қамтамасыз ету түрлі теориялар мен әдістерге бағытталу.
- маманның кәсіби мәнді қасиеттерін оңтайландыруды қамтамасыз ету.
Пәннің міндеттері:
- студенттерді дамытудың міндеттер тобын анықтау, оларды диагностикала, жүйелеу және талдау, міндеттердің әр тобына қатысты перспективті шешімдер қабылдау;
- арнайы білім беру жағдайында қолданылатын міндеттердің әр тобын шешу тәсілдерін жобалау;
- акмеологияның пайда болуының негізгі ғылыми алғышарттарын оқыту;
- акмеологиялық заңдар, заңдылықтар, әдістер мен технологияларын оқыту;
- табысты дамудағы адамды тұлға және маман ретіндегі сипаттамасын анықтау;
Негізгі әдебиеттер:
1. Разина Н.А. Акмеологический подход к развитию профессионализма современного педагога. –М., 2010.
2.Акмеология. Учебник под общ.ред. Деркача А.А.- Москва: РАГС, 2002
3.Кузьмина Н.В., Пожарский С.Д., Паутова Л.Е. Акмеология качества профессиональной деятельности специалиста.-СПб, Коломна, Рязань, 2008
Қосымша әдебиеттер:
1. Бранский В.П., Пожарский С.Д., Паутова Л.Е. Социальная синергетика и акмеология. Теория самоорганизации индивидуума и социума.-СПб, 2001
2.Ильин В.В., Пожарский С.Д. Философия и акмеология. -СПб: Политехника 2003
Оқыту әдістері: рефлексия, дәстүрлі әдістер, тренингтер.
Оқыту тілі: қазақ, орыс тілі.
Бағдарлама жетекшісі: Оралымбетова Г.У., Бизақова Ф.А.
12 жылдық мектепте бейінді оқыту негіздері. (Основы профильного обучения в 12 летней школе. Profile teaching at the 12th school)
Пререквизиттер: Педагогика, Педагогика тарихы. Бейінді оқыту педагогикасы
Постреквизиттер: Педагогикалық шеберлік, Жас ерекшелік педагогикасы.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны. «12 жылдық мектепте бейінді оқытудың теориясы мен технологиясы» оқу пәні ретінде. «12 жылдық мектепте бейінді оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің мәні мен мазмұны. 12 жылдық мектепте бейінді оқыту, бағдаралды дайындық. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың халықаралық тәжірибедегі және жалпы білім беру жүйесіндегі даму тенденциялары. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың нобайлары. 12 жылдық мектепте бейінді оқыту нобайларының түрлері. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың мазмұны. 12 жылдық мектепте бейінді оқытуда оқушының жеке білім алу жолы. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудағы тұтас педагогикалық үрдістің сипаты. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың заңдылықтары мен принциптері. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың педагогикалық үрдістегі әдістері мен құралдары. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудағы тұлғаның әрекеті және дамуы. 12 жылдық мектепте бейіндіалды дайындық. 12 жылдық мектепте бейінді оқытуда курстарды ұйымдастырудың мазмұны
Курстың мақсаты:
12 жылдық мектеп мамандарын даярлау мақсатында 12 жылдық мектепте бәсекеге қабілетті, қоғам мен мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне сай келетін, бейінді мектептің жоғары білімді және мәдениетті тұлғасын қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
- 12 жылдық мектепте педагогикалық жағдайлардың шешімін таба алатын теориялық білімді практикалық әрекетке ұштастыру;
- 12 жылдық мектепте педагогтың бейінді мектеп жағдайындағы тұтас педагогикалық үрдіске, өзінің кәсіби әрекетіне кешенді көзқарасты қалыптастыру;
-12 жылдық мектепте педагогтың кәсіби маңызы бар қасиеттерін (гуманизм, педагогикалық сын ойлау, құзыреттілік, көпмәдениеттілік және т.б.) қалыптастыру;
-12 жылдық мектепте педагог бойында үздіксіз білімге, өзін-өзі дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмысына, дайындық пен құштарлықты қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |