Он бесінші дәріс.
Тақырып: Қиял.
Мақсаты: Қиялдың дамуын және оның адамдар өміріндегі маңызын түсіндіру.
Мазмұны:
1. Қиял дамуының кезеңдеріне сипаттама.
2.Шығармашылық үрдістегі қиялдың рөлі.
Қиял дамуының кезеңдеріне сипаттама.
Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз.
Жалпы қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қиялға дейінгі кезеңнің қалыпты, нақтылы әрекетке байланысты. Француздың әйгілі ғалымы, әрі көрнекті жазушысы Дени Дидро: «Қиял! Бұл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам да, ойнайтын жан да, тіпті адам болу да мүмкін емес деп тегін айтпаса керек.
Қиялды дамыту дегенімізде ең алдымен әркім өзі қиялының аз немесе көп екенін, қай дәрежеде екенін білгені жөн.
Қиялдың сиқыр күшінің өзі оның шындықпен, еңбекпен мақсатпен тығыз ұштасуында.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді.
Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен «еститіндей» күйге түседі. Төменгі сынып оқушыларында алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды.
Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қолдандыра түскен дұрыс. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді. Бұл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады.
Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.
Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галерияларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тыңдау, бала қиялын жаңа мазмұнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мұғалім де, оқушының ата – анасы да бұл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, табиғатқа өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |