Педагогика факультетінің деканы



бет8/23
Дата28.01.2018
өлшемі1,56 Mb.
#34266
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Дәрістің мазмұны:


1.Қарым-қатынас туралы түсінік.

2.Қарым-қатынас жүйесі.

3.Қарым-қатынастың формальды және формальды емес каналдар арқылы берілуі.

Мақсаты:Студенттерге жалпы психология курсы және қарым-қатынас психологиясы жөнінде түсінік беру. Қарым-қатынастың адам өміріндегі алатын орнын айқындау.

1.Тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі қарым- қатынас болып табылады. Қарым– қатынас тұлғаның дамуында маңызды орын алатынын отандық психологтардың В.Г.Ананьев, А.А.Бодалев, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Ф.Ломова, А.Р.Лурья, В.Н.Мясищев, А.В.Петровскийдің еңбектерінде өз дамуын тапқан.

И.А.Зимняяның айтуынша қарым – қатынас XX ғасырды қамтитын жас мәселе, егер Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде ораторлық өнер, риторика, эвристика және диалектика саласында зерттелінсе, қазіргі кезде қарым -қатынас мәселесі философия, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология салаларында зерттелінуде.

Адам қарым –қатынасының төрт қыры бар пирамида секілді: біз ақпарат алмасамыз, басқа адамдармен әрекетке түсеміз, оларды танып солармен қатар өзіндік уайымды бастан кешіреміз. Қарым –қатынасты адамдарды біріктіретін, дамытатын тәсіл ретінде де қарастыруға болады. Олар өзінің формасы, түрі бойынша әр түрлі. Қарым –қатынастың түзу, жанама, сөздік, бейсөздік т.б түрлері туралы айтуға болады. Сонымен қатар топтық және тұлғааралық қарым- қатынасты бөлуге болады. Біріншісі адамдардың топта немесе жұп болып қатысушылардың үнемі қарама- қарсы құрамының тұрақтылығымен байланысты, екіншісі таныс емес адамдармен байланысы, яғни сонымен қатар түрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен себептендірілген қарым-қатынас болып табылады. Ал екіншісі тұлғааралық қарым-қатынас болып бөлінеді. Бірінші жағдайда қатысушылар болып нақты жеке сапаға ие және біріккен әрекетке ашыла түсетін нақты тұлғалар болып табылады. Рольдік қарым-қатынасқа қатысатын тұлғалар белгілі рольдерге (мұғалім –оқушы, сатушы- сатып алушы) ие болып орындайтын рольмен әрекет етеді. Бұндай қарым – қатынасқа адам белгілі қызмет атқаратын әлеуметтік бірлік, индивидуалдық ретінде көрініс бермейді. [5:132] Қай ақпаратты беруде болмасын белгі, яғни белгілер жүйесінің алар орны ерекше қарапайым бөлінуде сөздік және бейсөздік қарым-қатынасты айырады. әрбірінен өзіндік белгілер жүйесі бар, сондықтан коммуникативті процестің 3 түрі анықталған:

Қарым-қатынастың интеракциялық жағы- бұл адамдардың қарым-қатынасының белсенді жағын білдіретін шартты ұғым.

Қарым – қатынас барысында адамдар ақпарат алмасып қана қоймай, олар іс - әрекеттерін жоспарлайды, бір бірімен әрекет,қимыл алмасады, өзара әрекеттін түрі мен нормаларын анықтайды. Қарым – қатынастың интеракциялық жағынын өзара әрекет алмасуында адамдар әртүрлі мотивтерді мақсат тұтады. Солардың ішіндегі маңыздылары:



  • кооперация, жалпы ұтысты көбейту,

  • индивидуализм, өз ұтысын көбейту

  • конкуренция, салыстырмалы ұтысты көбейту

  • альтруизм, өзгенін ұтысын көбейту

  • агрессия, өзгенін ұтысын азайту,

  • тепетеңдік, ұтыстардың айырмашылықтарын азайту.

Қарым – қатынасқа қатысушылардың бастапқы әлеуметтік мотивтеріне қарай олардың өзара әрекеттесу барысындағы 5 негізгі страгесиясын белгілеуге болады.

1.Қарсыласу стратегиясы, өз ұтысын көбейту мотивіне сәйкес. Адам тек өз мақсатына бағытталып, өзгенін мақсатын есепке алмайды.

2.Қашу стратегиясы,өзгенін ұтысын азайту мотивіне сәйкес. Шынайы өзара әрекеттен қашу, байланыстан бас тарту, өзгенін ұтысын азайту үшін өзінің де мақсатына жетпеу.

3.Жол беру немесе көну стратегиясы, өзінің ұтысын көбейту мотивіне сәйкес. Ортақтасу серігі мақсатына жету үшін өз мақсатын құрбандыққа салу.

4.Компромисс стратегиясы, ұтыстардың айырмашылықтарын азайту мотивін көздейді. Шартты теңдік үшін ортақтасу серіктері өз мақсаттарына толық жетпейді.

Ынтымақтастық стратегиясы, кооперация мен бәсекелестік мотивтерін жүзеге асырады. Бірлескен әрекетке қатысушылардың әлеуметтік қажеттіліктерін толыққанды өтеу.[25:15] (сурет-2)

2.Қарым-қатынас өзінің белгілеуі бойынша көп қызметті болып келеді. Соның ішінде 5 негізгі қызметті бөліп қарастыруға болады.

1.Прагматикалық байланыстыру қызметі – біріккен әрекет процесіндегі адамдардың әрекеті арқылы қарым –қатынас жүзеге асады. Қарым – қатынас бұл жерде кез – келген бірлескен іс әрекет барысында адамдардың бірігуінің шарты болып табылады.

2.Қалыптастырушы қызметі - қатынас адамдардың психологиялық бейнесінің қалыптасу және өзгерту процесінде пайда болады. Адамның белгілі даму кезеңінде мінез –құлық түрлі өзгерістерге ұшырайды. Соның арқасында баланы өзіне, әлемге қарым –қатынасы дамып отырады.

3.Растау қызметі - басқа адамдармен қарым –қатынас барысында тұлға өзін тану мен нақтылауға өзінің құндылығын анықтау үшін басқа адамдардан тірек іздейді. Адам өзінің бар екендігін ,өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы біледі.

4. Тұлғааралық қарым –қатынасты қолдау және ұйымдастыру қызметі. Басқа адамдарды қабылдау және олармен түрлі қарым – қатынас (интимдіден тұлғалыққа одан іскерлікке дейін орнату және түрлі жағымсыз және жағымды эмоционалды қарым – қатынас орнату әрбір адам үшін бағасыз нәрсе болып табылады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастармен шектелмесе де эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, рольдік қарым – қатынастарға өз әсерін тигізеді.

5.Тұлғаішілік қызмет – адамның өзімен - өзі қарым – қатынас жасауы (ішкі және сыртқы сөз ) бұл - адамның ойлауын әмбебап тәсілі ретінде қарауы мүмкін. Л.С.Выготский жазғандай, жеке қалғанда да адам қарым – қатынастың қызметін сақтап қалады.

3.Әлеуметтік психологияда тұлғааралық қарым – қатынастың үш типін

анықтаған: императивті (бұйрық), манипулятивті (айла), диалогты (қосүн, қоссөз).

Императивті қарым - қатынас – авторитарлы, әрекеттік директивті формасы болып табылады, яғни патнердің мінез – құлқын, ойын, пікірін бақылау, қатынастағы оны белгі әрекет пен шешімге күштеу мақсатымен жүзеге асырады. Қарым – қатынас партнері тек әсер етудің нысанасы, пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі, партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп тұратындығында. әсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап ,әмір, тыйым салу, нұсқау пайдаланылады. Сонымен әміршіл қарым – қатынас басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен бағдарлау.

Манипулятивті қарым -қатынас – партнерлердің өз мақсатын жасырын жүзеге асыруға бағытталған форма. Алдап – арбау қарым - қатынасының қоғамдағы ресми орны – бизнес, сауда – саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады. Бұл түрдегі қарым – қатынасқа демеу берушісі, жаршысы Дейл Карнеги. Оқыту барысында сабақты қызықты өткізу, оқушының ынтасы мен назарын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады.

Диалогты қарым-қатынас–біріккен таным мен партнер арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субъекті өзара әрекет. Диалогты қарым – қатынастың ерекшелігі–эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қарым-қатынас психологиясы нені зерттейді?

2. Қарым-қатынас дегеніміз не?

3. Қарым-қатынас не үшін қажет?

4.Қарым-қатынас қызметтерін ата?

5. Әлеуметтік психологиядағы қарым-қатынастың негізгі типтері.

2 дәріс

Тақырып: Қарым-қатынастың негізгі қызметтері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет