Педагогикалық қызмет – бұл әлеуметтік қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениеті мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлғалық дамуына жағдай тудыруға және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольді орындау үшін дайындауға бағыталған.
Педагогикалық такт– бұл түрлі іс-әрекет саласында балалармен қарым-қатынас орнатуда өлшем принципін ұстануы және оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері негізінде оларға деген дұрыс қарым-қатынасты белгілеу шеберлігі.
Тәрбиелеу– бұл тәрбиелік ортаны ұйымдастыру және тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін түрлі іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған педагогикалық қызмет.