Жалпыпедагогикалық білім – мұғалімнің кәсіби функцияларын жүзеге асыруға қажетті педагогикалық білім, практикалық білік және дағды жүйесі. Ол мына бөліктерден құралған:
фундаментальды әдіснамалық білім (педагогикалық ғылымның әдіснамасын білу, оқыту және тәрбие теориясын білуі, педагогикалық менеджментті меңгеруі);
оқыту мен тәрбиенің кейбір жақтары, озат педагогикалық тәжірибе жайындағы теориялық-практикалық білім;
оқыту мен тәрбиені ұйымдастыру формалары, әдіс-тәсілдері жайындағы әдістемелік білім.
Педагогикалық жоғары оқу орнының оқу жоспарларына педагогикалық пәндер енгізілген. Олардың кейбіреуі міндетті болса, басқалары – жоғары оқу орнының, факультеттің профилімен анықталады.
Болашақ мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен танысу «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсынан басталады. Бұнда түрлі тарихи кезеңдердегі мұғалім мамандығының мазмұны мен спецификасы, педагогикалық мамандықтың даму перспективасы, педагогикалық қызметтің гуманистік сипаты жайында түсінік беріледі.
Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері.
Жалпы педагогикалық мамандықты таңдаудың 8 факторы белгіленген. Бұл факторларды анықтаған педагог В.А.Климов.
1.Жанұяның және үлкендердің кеңесі.
2.Жолдастарының кеңес беруі.
3.Мектептегі педагогикалық ұжымның кеңес беруі.
4.Жеке кәсіби және өмірлік жоспары.
5.Қабілеттері және олардың көрінуі.
6.Қоғамдық құрметке бөлену сезімі.
7.Кәсіби қызмет жайында толық білуі.
8.Бейімділік.
Сонымен қатар, мамандық таңдаудың сыртқы және ішкі мотивтері анықталған. Сыртқы мотивтер - мамандықтың қоғамдағы орны, жұмыс жасау барысында шығармашылық көзқарас, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу, оларды басқару. Ішкі мотивтері: жалақысы, құрметке иеленуге бағытталуы, қорқыту, сөгу. Ішкі мотивтер екіге бөлінеді:жағымды, жағымсыз. Жағымды мотивтерге материалдық тұрақтылық, қызметтік өсу мүмкіндігі, ұжымның, әкімшіліктің риза болуы. Жағымсыз мотивтерге жазалау, қорқыту, үстемдік жасау ықпалдары.
Студенттердің оқу еңбегінің мәдениеті.
Мұғалімнің кәсіби тұрақтануы мен тәрбиеленуінің басты компоненті - өзін-өзі жетілдіру болып табылады. Өзін-өзі жетілдіру – бұл педагогтың мақсаты, жүйелі, танымдық іс-әрекеті.Оның бағыты - жалпы адамзаттық тәжірибені, әдіснамалық және арнайы білімді, кәсіби іскерлік пен дағдыны меңгеру. Мұғалім өз қызметінде әрдайым оқуы тиіс. Ол үшін мұғалім өзін-өзі жетілдірудің бағдарламасын құрады. Оның құрамында философияның, мемлекеттік құжаттардың, педагогика ғылымының әдіснамалық негіздерін меңгеру; оқыту процесін әрдайым жетілдіріп отыру; оқыту тәрбие процесінің барысын талдап отыру, оның тиімділігін анықтау, өзінің педагогикалық қызметін шығармашылықпен ұйымдастыру; кәсіби педагогикалық біліктілігін үздіксіз жетілдіру; өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту арқылы кәсіби педагогикалық қасиеттерін қалыптастыру.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында мектеп түлектері жаңа жағдайға енеді. Бұнда оған үлкен талаптар қойылады: өз уақытын дұрыс пайдалану, жұмыс орнын белгілеу, кітаппен, арнайы әдебиетпен жұмыс және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |