Педагогика ғылым ретінде және оны білімнің ерекше саласына бөлу. Кез-келген ғылымды зерттеу, әдетте, осындай сұрақтарды түсінуден басталады: «белгілі бір ғылым қалай пайда болды және дамыды және оның зерттеу тақырыбы қандай болды?»



бет9/65
Дата25.12.2023
өлшемі1,45 Mb.
#199238
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
Байланысты:
1-100 пед ОТВЕТЫ

СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАР:

Адам өмір сүру орталары 3 түрге бөлінеді:




ОТБАСЫ, ДОСТАРЫ, ҰЖЫМ



  • МИКРООРТА


АУЫЛ, ҚАЛА, ДӘСТҮРЛЕР, ТАБИҒИ – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР.



  • МЕЗООРТА

КОСМОС, ПЛАНЕТА, САЯСАТ, ӨНЕР, ДІН, ҒЫЛЫМ.



  • МАКРООРТА


6. "Тұлға", "адам", "жеке тұлға", "даралық" ұғымдары және олардың арақатынасы.

Тұлға - бұл қоғамдық тарихи дамудың өнімі . Адамның қоғамдық қатына-стар жүйесінде алатын орны.


Оның орындайтын іс-әрекеті - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтай-тын
жағдайлар Тұпғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын
алады.
Яғни мінез-кұлық пен іс-әрекеттің жоғары саналы формаларын қамтамасыз
eтетін, оның ақиқатка байланысты барлық қарым қытынастарының бірлігін кұрайды.
Жеке тұлға түсінігі - тек адамзатқа арналған. Жеке тұлға - жеке
даралық, психикалық қасиеті және әлеуметтік қызметі бар нақты қоғамның
мүшесі .

Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғам-дық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны бо-лып табылады.


Даралық (лат. individuum – бөлінбейтін, ағылш. Individual, кей-де Индивидуум) — тұлғаның өзіне тән, қайталанбайтын ерекшелігі, соған ғана тән өзгеше сана-мінез-қасиет ерекшеліктері жиынтығы. Жеке мінездің, темпераменттің, мүдделердің, интелектінің, қабілеттер мен қажеттіліктердің ерекшеліктерінен көрінеді. Адамзаттың жеке калыптасуына, оның тәрбие про-цесінде толық ашылатын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері ықпал етеді.



7.Білім алушылардың дамуын, оқуын, өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі тәрби-елеуін педагогикалық қолдау.

Педагогикалық қолдау баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қарым - қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағыт-талған өзін-өзі дамытуына ықпал ету мәселесін қамтиды. Педагогикалық қол-даудың тиімді жағдайлары тұлғааралық қатынастар, қарым-қатынас, педагоги-калық әдеп және т.б. қамтиды. Педаго-гикалық қолдау мұғалімнің педагогика-лық шеберлігін, педагогикалық технологияларды толыққанды сәтті пайдала-нуы, оқушының ішкі жан дүниесін, қабілетін түсіне отырып ықпал етуі.


Педагогикалық қолдау негізінен мұғалім мен оқушы арасын-дағы қарым-қатынастан басталады. Мұғалім сыныпта педагогикалық- психологиялық жағдай жасау; тұлғаның ішкі жан дүниесін сезіну, тұлғалық, тұлғаралық қаси-еттерін түсіну және іс - әрекетке еркіндік беру, жақсы нəтижеге жету жолындағы кедергілерді жеңе білуі, көмек көрсетуі, оқушыға өмірден, қоғам-нан өз орнын табуға мүмкіндік жасауға бағытталады. Педагогикалық қол-даудың көрініс формалары – мейірімді жылы қатынас, жылы ишрат, жылы лебіз, құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру, тəрбиеленушіге сенім, оның құқығын қорғау, тəрбиешінің балаға қамқорлық қатынасы, шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруі т.б.


Педагогикалық қолдаудабаланың білімге қызығушылығын оя-туды ең басты мәселе деп қарайды. Сондықтан да, тәрбиеленушінің өз ынта-ықыласымен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасауға ерекше мән беріледі. Осыған орай, тәрбиелік мақсатты екіге бөлуге болады; бірінші қоғам алдындағы жал-пы жоғары мұратқақол жеткізу және екінші, көкейтесті мақсат - жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Соңғысы тұлғаның дамуы мен дара-лығын қалыптас-тыру және үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.


8.Педагогиканың негізгі категориялары, олардың өзара байланысы.


Негізгі педагогикалық ұғымдар - тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі тәуелді табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.


Тәрбие - адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпақтың бойына сіңіру, аға ұрпақ пен жас ұрпақтың өзара бір-бірімен әрекеттесу процесі.



Оқыту - оқушы мен мұғалімнің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.



Білім беру - ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, соның негізінде жеке бастың көзқарасын, адам-гершілік және т.б. жағымды қасиеттерді қалыптастырып, жеке адамның шығармашылық қабілетін дамыту.



Даму - адамның физикалық және рухани күш жігерінің сандық және сапалық жағынан тізбектеле, яғни бірізді өзгеруінің объективті про-цесі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет