Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты - жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту ұғымы - оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы.
5. Тұлға тәрбие пәні ретінде. Оның дамуының сыртқы және ішкі факторлары
Тәрбиенің негізгі мақсаты - тұлғаны қалыптастыру, оның жан-жақты және үйлесімді дамуы.
Тұлға ұғымы мен адам ұғымының арақатынасы:
бала дүниеге келгенде *адам* биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді.
Ал "Тұлға" ұғымы адамның әлеуметтік мәнін сипаттайды және оның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығын білдіреді.
Яғни, тұлға – адамның өмір сүруі барысындағы жиналатын әлеуметтік қасиеттерін, әлеуметтенуінің нәтижесін білдіреді.
ТҰЛҒА – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның сипаттамаларына мыналар кірді:
парасаттылық
жауапкершілік
Бостандық
жеке қадір-қасиет
даралық
Психолог Рубинштейн: жеке тұлға өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекетін саналы түрде басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады. Сондықтан өз іс-әрекеттерін ойластыру және оларға жауап беру қабілеті, автономды іс-әрекетке қабілеттілік жеке тұлғаның маңызды белгісі болып табылады.
Тұлға дамуындағы сыртқы және ішкі факторлардың әсері:
Жеке тұлға дамуы ішкі және сыртқы жағдайлармен анықталады.
организмнің физиологиялық және психикалық қасиеттері, жеке белсенділігі, тұқымқуалаушылық
ІШКІ ФАКТОРЛАР:
өмір сүру және тәрбиелеу ортасы, қоғам
Достарыңызбен бөлісу: |