Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Темперамент туралы түсінік, физиологиялық негізі. Жүйке жүйесінің типтері. Темперамент типтері. Оқушы темпераментімен санасу



бет110/142
Дата26.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#114828
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   142
Байланысты:
ГОС жауаптары

Темперамент туралы түсінік, физиологиялық негізі. Жүйке жүйесінің типтері. Темперамент типтері. Оқушы темпераментімен санасу.

Жүйке жүйесі типтерінің, үш түрлі процеске байланысты екендігі жоғарыда айтылып өтті. Енді осы типтердің әрқайсысына қысқаша сипаттама берейік.

Жүйке жүйесінің күші дегеніміз – оның клеткаларындағы физиологиялық заттардың қоры. Клеткада қор мол болса, қозу мен тежелу процестері де күшті, ал қор тапшы болса, әлсіз болады. Процестері теңдес болса, қозу мен тежелу де тепе-тең, ал шамалас болмай, екеуі екі дәрежеде болса, онда бірінен-бірі алшақ, тең емес болады. Ми қабығыныі бір бөлігіндегі қозуды сол бөліктегі тежелу, керісінше, тежелуді қозу оңай ауыстырып отырса, онда жүйке жүйесі қозғалғыш, ал оңай ауыстырмай,керенаулап қалса, онда жүйке жүйесі енжар болады. Демек, жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу процесі тең емес, бірінен-бірі алшақ қозғалғыш болса, оны шыдамсыз тип, ал күшті, теңдес болса, оны сергек тип дейміз. Күшті, тендес, енжар болса – тыныш тип, егер жүйкесі шыдамсыз, күшсіз болса, әлсіз тип делінеді.

И.П. Павловтың жануарлардың жүйке жүйесінің физиологиялық негіздерін зерттей отырып анықтаған жайттары адамның да жүйке жүйесінің типтеріне негіз бола алады. Енді осы негіздерге сүйене отырып, «Темперамент деген не?» деген сұрауға жауап берейік.Темперамент – адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамның барлық іс-әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктердін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса – холерик, сергек болса – сангвиник, тыныш болса – флегматик, әлсіз болса – меланхолик болады.

Темпераменттің типтерінің сипаттамасы

Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығы мен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатынаста – күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат жігері мұқалы, өз мүмкіндігіне сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойыны жар бермей қояды. Осылайша, тек көңілі ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен болады. Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді: «Байсалдылығы жоқ қажырлы адам кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі де содан тез шаршап қалады, кейіннен зауқы аумай қояды…».

Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді.

Сангвиникке қимыл қозғалыста – белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл бейімделушілік тән. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жақтырмайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді ақ жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса, яғни күнделікті күйбеңі, төзімділікпен ерінбей-жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады.

Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Бұл-оның көңіл күйінің қолайсыз түріне тез арылып, өзін қызықтырған іске кіріскен кезде ақ жарқын, жаны жайсаң жағдайға түсе алатындығының белгісі. Мида жаңадан жасалатын уақытша байланыстардың тез өзгеріп, қайтадан өңделуі оның ақыл ойының оңтайлылығын байқатады. Сангвиник ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Әр түрлі көп қырлы жұмысты нәтижелі атқарады. Бір қалыптылықты және шапшаңдылықты тілейтін жұмыстар бұған өте қолайлы.

Флегматик темпераменті. И.П.Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақыттада байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Жүйке үрдістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.

Қозу үрдісін бәсеңдететін күшті оның ырықсыз қимыл қозғалыстары болып, ұсақ-түйекке алаңдатпай жүйелі жұмыс істеуге, бір қалыпты өмір сүруге жағдай жасайды, флегматик ұзаққа созылатын, бірақ күшті сарқып алмайтындай жұмысты жақсы атқара алады (шыдамды, зейінді, орнықты ). Мінез – құлықтың қалыпты басқаларды да өнімді жұмыс істеуге көндіре алады. Ұқыпсыздық, міндеттеріне қалай болса солай қарау – осының бәрі тәртіптілік пен жинақтылықтың жоқтығының көріністері, бұлар берік күші жеткіліксіздігін білдіреді. Тәртібі жоқ адам басқалардың жұмысына да ойдағыдай басшылық ете алмайды.

Жинақтылық, дәлдік, ұқыптылық барлығынан көрінеді, бұлар тіпті ұсақ түйектерден де күнделікті мінез құлықтан байқалып отырады.

Меланхолик темпераменті – бұл типтің өкілдері аса сезімтал, соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.

Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі (тежелуі басым болады), кез-келген күшті әсер – меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштерде мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсақ түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Психологтар мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп есептейді.

Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатынасқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп табандылық көрсетеді.

Егер сіз кіші оқушыларды қадағалайтын болсаңыз, олар сабақта да, үзілісте де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру сабақтарында да олардың активтілігі және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі тым қозғалғыш, сабақта өте белсенді, өзгерістерді елемей тез араласып кетеді және олардың эмоциялары өте айқын, ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші біреуі, байсалды, баяу жұмыс істейді, сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты, эмоциялары мүлде көрінбейді деуге болады.Бұндай балалар өз жетістігі мен кемшіліктеріне мән бермейді. Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең, өмірге риза, бірақ бейқам, қозғалғыш, сезімге тез берілетін балалар. Тұйық, ұялшақ, ақырын сөйлейтін, ренжігіш оқушылар да өздеріне назар аудартпай қоймайды. Бұл айтылған әртүрлі темперамент белгілері төрт оқушы типін көрсетеді:холериктер, флегматиктер, сангвиниктер, меланхоликтер. Темперамент қозғалғыштықты бейнелейді, ал қызығушылық пен көзқарасты бейнелемейді. Екі әртүрлі темперамент өкілдерін алайық, олардың жасаған іс- әрекеті де әртүрлі болады.

Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Ол нерв жүйесінің қозу мен тежелуге негізделген.

1 Күшті қозуы тежелуінен басым

2 Күшті қозуы мен тежелуі тең

3 Күшті қозуы мен тежелуі тең, қозғалысы баяу

Міне, бұл Павлов ұсынған үш тип. Бірінші типті адамдар жұмыскер, жүйке жүйесі күшті, ондай адамдар қысқа және ұзақ қозуды және тежелуді басынан өткізеді. Екінші типті адамдар өте ширақ болады. Үшінші типті адамдардың кейбіреуінде қозу мен тежелу теңеседі, ал кейбіреуінде не қозу, не тежелу болады. Және мұнда Павлов жүйке жүйесінің күштілігі мен әлсіздігіне назар аударған. Күшті жүйке жүйесі бар адамдарды ол тағы екі типке бөлді:

1 Күшті, ұстамсыз

2 Күшті,ұстамды

Павлов өзінің ұсынған типтерін психологиялық темперамент типтерімен салыстырғанда, ол екеуінің тура келгеніне көзі жетті.

Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі оқушы сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы оқушыны мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсеқызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқын қанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай оқушының сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып –саспай сөйлейді, сөзі ым –ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераментіндегі оқушының көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.

Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып –қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл –күйі жиі өзгеретін, қарым –қатынаста аумалы –төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ оқушы. Мұндай оқушы қимыл –істі сүйеді. Әдетте оның қимыл –қозғалысы батыл –шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой -әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой – әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай оқушының көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл –қозғалыстарын билей алмай, қабынып, «күйіп -пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі оқушы өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жайбасар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенімен, оның сезімі ұзақ уақытқа созылады. Меланхолик мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі кейде әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырмасын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім сыныптағы оқушылардың көзінше оған ұрсатын болса мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпераментіндегі оқушының, көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана, жүріп –тұрғанды ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай балаларды құрбы –құрдастары «қорқақ», «сылбыр», «үндемес», «маубас» тағы басқа деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет