Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Жасөспірімдердің психикалық дамуы. Өзіндік сананың дамуы. Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынас және эмоциялық өмір



бет115/142
Дата26.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#114828
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   142
Байланысты:
ГОС жауаптары

Жасөспірімдердің психикалық дамуы. Өзіндік сананың дамуы. Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынас және эмоциялық өмір.

Жасөспірімдік шақ түрлі қабілеттер дамуының сензитивті кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде барлық мүмкіндіктерді практикалық қолдану жекелік ерекшеліктерге әсерін тигізеді. Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзіндік бағалауы, әдетте, ата аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ, бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзіндік бағалауға соғұрлым бағдар алады. Алайда, өз қасиеттерін әсіресе, батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі құлықтық –психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады. Жасөспірім шақтағылар да жеткіншектер секілді өзінің қандай екенін, қаншылық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзіндік бағалаудың екі тәсілі бар: 1.    Олар өзі туралы алдын –ала көзделген мақсатын қаншалықты жүзеге асырғанымен салыстырып, теңестіреді. Егер өзінің бұл туралы ойлағаны мен өзгелердің соған қойған бағасы дәл келсе, осы жетістікке жеткеннің белгісі деп санайды. 2.    Өзгелердің өзі жөніндегі пікірін жинап, соларды өзара салыстыру арқылы жетіспейтін жақтарын білу. Мұдай жағдайда өзі мен үлкендер берген баға сәйкес келмеуі мүмкін [2]. Әрбір адамда «Мен» деген біреу болғанымен, осылардың тиісті жағдайларға байланысты неше түрлері кездеседі: 1. «Мен шынында кіммін?» (шындықты көздейтін мен); 2. «Мен»-өзімді өзгелер қалай бағаласын деп ойлар едім? (эмпатикалық мен); 3. «Мен»-тілегім бойынша қандай болғым келеді? (тілек, яғни фантастикалық мен); 4. «Мен» келешекте кім болғым келеді? (болашақ мен). Сонымен, өзіндік бағалауда жасөспірімдік шақта тіпті, тұлға өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігіне ие болады. Өзіндік бағалау адамның өзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімдігін дамытады. Осы шақта практикалық және танымдық іс-әрекеттің субъектісі, тұлға ретінде ұғынуы және бағалауы яғни, өзіндік сана- сезімі қалыптасады.

Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынас және эмоциялық өмір.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет