100 көлеміндегі және көп таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайтуды оқыту әдістемесі
100 көлеміндегі сандар 1-2 сыныпта оқылады, 1-сыныпта толық ондықтар, жүз, ал 2-сыныпта екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйренеді.
Тақырыптың міндеттері:
Оқушылардың жаңа есептеу бірлігі – ондықпен таныстыру;
Натурал сан ұғымымен таныстыру, 10 бірлік – 1 ондық құрайтынын меңгерту;
Толық ондықтар қатарымен және оларға 10-ды қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру;
Екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету; 100 санын жазуға үйрету; 100 көлеміндегі ең кіші, ең үлкен санды анықтауға үйрету;
Сан мен цифр арасындағы айырмашылықты меңгерту, цифрдың орындық мәні;
Нумерациялау негізінде 2 таңбалы сандарды қосу, азайту біліктерін қалыптастыру;
Шама тақырыбын нөмірлеу тақырыбымен байланыстырып қарастыру.
«Жүздік» тақырыбында: оқушылар жаңа санау бірлігі – ондықпен және санау жүйесінің ең маңызды ұғымы – разряд ұғымымен танысады; ауызша және жазбаша нөмірлеудің негізін құрайтын екі таңбалы сандардың жасалу, оқылу, жазылу принциптері, сондай – ақ оларды салыстыру қарастырылады.
Бұл тақырыпты оқытудың негізгі нәтижесі ретінде: 100-ге дейін санауды, сандарды оқуды, жазуды және толық ондықтармен санауды үйренуді; разряд, разрядтық сандардың қосындысы: бір таңбалы, екі таңбалы сан; бірлік, ондық терминдерін игеруді атауға болады. Мұнда алдымен 10 көлеміндегі сандарды қайталай отырып, жекелеген бірліктерден ондық құралып, толық ондықтармен санайды, яғни 10 бірлік – ондық.
Достарыңызбен бөлісу: |