Педагогика және психология факультеті Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім кафедрасы



бет3/4
Дата23.10.2022
өлшемі78,71 Kb.
#154685
1   2   3   4
Байланысты:
кезеңдеп оқыту сөж

Бастапқы мазмұны

Кезеңдеп оқыту технологиясы –оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асады. Оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.

Оқытудың формалары

Топтармен жұмыс. Топтарға бөлуде оқушылардың даму ерекшеліктерін қабылдау, ойлау, зейін, есте сақтау, т.б. ескеру керек. Ойтолғау, сұхбаттасу. Сыныптан тыс қосымша сабақтар.

Оқыту әдістері

Еркін таңдау әдісі қолданылады. Оқушыларға өз деңгейіне сай немесе өз еркіне тапсырламалар түрін таңдау ұсынылады. Өзіндік жұмыс, сарамандық жұмыс тапсырмалары, дидактикалық тапсырмалар қолданылады.

Ерекшелігі

оқушылар кезең-кезеңімен, жеңіл тапсырмадан күрделі тапсырмаға ауысып бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Кезеңдік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетіні, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі.





Кезеңдеп оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:

  • Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;

  • Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;

  • Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы ;

  • Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген қызығушылығының артуы ;

  • Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;

  • Оқушы белсенділігінің оянуы;

  • Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;

  • Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет