Педагогика және психология факультеті


Балаң жастағы достық пен махаббат



бет65/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs
Tashtauova.OtbPx, Силл Логопедия 2022, этно баяндама, асем реферат
2. Балаң жастағы достық пен махаббат.
Ұжымдық тпотық өмірдің маңызы артуымен қатар, балаң жас өспірімдік және интимдік бостықты қажетсіну күрт өседі. Қамқорлықпен тәрбиеленген жас адамда пайда болатын алғашқы сезім махаббат емес, достық деп Ж.Ж.Руссо айтқан болатын.
Достықты барынша іздеу жеткіншектік шақта-ақ басталады. Алайда жас өспірімдердің достығы жеткіншектердің достығына қарағанда анағұрлым тұрақты және ең бастысы неғұрлым терең. Кіші жастағы жеткіншекті досымен көбінесе басқалар үшін жабық ортақ мүдделер мен бірлескен іс-әрекет байланыстырады. Жас өспірімдердің достығы бірінші қатарға интимдік, эмоциялық жылылықты, шыншылдықты қояды. Өзіндік сананың дамуы мен оған тән қайшылықтар қалайда “сыр ашысу”, өзінің күйініш-сүйінішін ортаға салу қажеттігін туғызады.
Әрине, достық туралы жас өспірімдік ұғым мен оның интимділігінің нақты дәрежесі әр түрлі адамдарда бірдей емес. Қыз балаларда олардың неғұрлым ерте толысатындығына байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балалардан ерте басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым жоғары талаптар қоятыны көрінеді. Неғұрлым есейген сайын бұл айырма жоғарылай береді. Жекелей айырмашылықтар да өте зор. Біреулер жұп достықты ғана мойындайды да, нағыз дос біреу ғана болмақ деп санайды. Екіншілерінде екі, үш және одан да көп дос болады. Бір жағдайларда достықтың алдында жалғыздық сезімі мен эмоциялық жылылықтың жетіспеулшілігі себепті достықты құлшына қажетсіну болады.
Жас өспірімнің өзі дербес таңдап алған жеке өзінің ұнатуы болғандықтан жас өспірімдік достық басқадай қатынастарға, соның ішінде махаббатқа қайсыбір дәрежеде алғы шарт болады; достықтың өте эмоциялы болатыны осыдан. “Алғашқы махаббат туралы естеліктердің жас достық туралы естеліктерден біршама артық бағаланатыны неліктен екенін мен білмеймін, - деп жазды Герцен. Алғашқы махаббаттың хош иісті болатын себебінің өзі ол жыныс айырмасын ұмытады, ол нағыз құштар достық. Өз тарапынан жас өспірімдер арасындағы достықта махаббаттың барлық қызуы, барлық сипаты болады; өз сезімдерін сөзбен қозғауға ұялатын жасқаншақтық, өзіне сенбеушілік, сөзсіз берілгендік, бірін-бірі көрмесе тұра алмаушылық, ерекше болсам деген тілек бәрі сол махаббатқа ұқсас” .
Батыстың кейбір ғалымдары қазіргі қыздар мен жігіттер достығы туралы мәліметтерді өткен заманғы Герцен мен Огаревтің достығы тәрізді романтикалық достықтың классикалық үлгілерімен салыстыра келіп, қазіргі жастарда терең достық қатынастарды неғұрлым үстірт топтық достық ығыстырған деп пайымдады. Мұндай қорытындыға негіз жоқ сияқты. Біріншіден, жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар ешқашан бірдей болған емес. Достық байланыстың тереңдігі, интимдігі, жеке адамның рефлекстік деңгейі және эмоциялық өмірдің ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан қоғамның жоғары топтарынан шыққан жоғары интеллектілі жастардың достығы туралы мәліметтерді жаппай пікір сұраудың мәліметтерімен салыстыру ғылыми тұрғыдан дәлелді бола алмайды.
15-16 жастарында балаң жігіттер де, қыздар да достықты адамның қарым-қатынасының ең маңыздысы деп санайды. Жас өспірімдер достығының көтеріңкі эмоциялылығы оны ішінара қиялдағы достыққа айналдырады. Жас өспірімдер достыққа өзін ғана емес, өзіндегі достықты да қиялға айналдырады. Оның дос туралы түсінігі көбіне нақтыдан гөрі өзінің мұратындағы “меніне” жақын. Өзіне ұнаған адамдар оған шындық болмыста солай болғанынан гөрі өзіне неғұрлым ұқсас болып көрінеді. Достыққа қойылатын талаптар деңгейінің жоғары болатыны соншалық нақты өзара қарым-қатынастар онша жақын еместей көрінеді. Күшті эмоциялық ұнамдылықты қажет еткен жас өспірім бұл сезімдерді туғызған объектінің нақты қасиеттерін кейде аңғармайды да. Кейде басқа құрдасына не өзіне үлкен адамға деген бір жақты сезім достық деп ұғынылады.
Жеткіншек шақта бір-бірінен ұялып, қысылып жүретін ер балалар мен қыз балалардың арасындағы қарым-қатынас балаң жас өспірімдік шақта едәуір белсенді бола түседі. Жолдастық қарым-қатынастар аясы ұлғаяды: бір жынысты компаниялармен қатар аралас топтар көбейеді. Әсіресе, қыздарда аралас достыққа қажеттілік күшейеді. 5-7 сыныптарда-ақ әжептеуір жиі болатын аңқау балалық ғашықтықпен қатар ( көзқарас, хат жазу, түсінісу, кейде сүйісу ) 15-16 жастағы жеткіншектерде алғашқы елеулі ден қою, махаббат пен терең сезімге қажеттілік шығады. Жоғары сынып оқушыларында ғашықтықтың кейде “эпидемиялық” сипатта болғандығы ( бір сыныпта ешкім ғашық болмайды, ал келесіде бәрі түгел ғашық болады ) мәселенің өзінің елеулігін кеміте алмайды. Ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатынасы басты тәрбиелік мәселелердің біріне айналады. Бұл қарым-қатынастар көңілді аулау, әзіл-қалжың сипатында бола ма немесе біріне-бірі көңіл қою бұдан гөрі ауқымды жолдастық және дара қарым-қатынас ауқымында өрістей ме, бұл көбіне бұған дейінгі тәрбиеге және ұжымдағы моральдық жағдайға байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет