Педагогика және психология факультеті



бет67/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs
Tashtauova.OtbPx, Силл Логопедия 2022, этно баяндама, асем реферат
15 – тақырып.
Балаң жас кезіндегі дүниетанымның қалыптасуы.


Қарастырылатын мәселелер:

1. Мүдделер мен рухани талап-тілектердің


қалыптасуы.

  1. Балаң жастағылардың қоғамдық белсенділік танытуы, дүниетанымының қалаптасуы.

  2. Жас өспірімнің мамандық таңдауы, оған әсер ететін факторлар.

_______________________________________________________________



  1. Мүдделер мен рухани талап-тілектердің қалыптасуы.

Радио, теледидар, кино, көпшілікке арналған ғылыми басылымдардың арқасында жоғары сынап оқушылары ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін біліп отырады. Жүргізілген психологтялық зерттеу оқу үлгерімі
жақсы жоғары сынып оқушылары ғылым, техника, мәдениет пен спорттың ең жаңа жетістіктері туралы хабардарлығы мұғалімдерден кем түспейтінін, ал кейде ұстаздарынан асып түсетінін көрсетеді. Жоғары сынып оқушыларының ғылымға, елдің саясм өміріне, халықаралық қатынастарға, спротқа, өнерге өте зор ынта қояды. Олардың сүйікті ісі – кітап оқу, кинофильдер мен телевизия хабарларын көру, спортпен шұғылдану, туризм және т.б. көптеген жайлар. Жігіттер мен қыздар ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін айрықша маңызы бар әлеуметтік мәселелерге ( қоғамтануға, философияға ) ден қояды.
Алайда қазіргі бар жағдайды дәріптей беру қате әрі зиянды болар еді. Аға ұрпақты барынша алаңдататын бірқатар мәселелер бар. Кейде қазіргі жастардың мүдделерінің ауқымдылығы тым кең емес пе, мұның өзі үстіртікке, жаңғалақтыққа, өзі іздеп табудың орнына дайын білімдерді енжарлықпен меңгеруге дағдыландырмай ма деген қауіп айтылады. Алайда, бұл көбіне оқытудың сипаты мен әдістеріне байланысты. Жоғары сыныпта оқитын жас өспірім жігіттер әдетте оқудың неғұрлым белсенді және дербес формаларын жақсы көреді, сондықтан мектеп бұл қажеттерді қанағаттандыруға тиіс.
Ойлаудың “техницизмі” және гуманитарлық мәдениетті, әдебиетті, өнерді жете бағаламау елеулі қауіп туғызады. Мұндай тенденция шын мәнінде бар, сондықтан онымен күресу қажет. Жоғары сынып оқушылары өнердің әр қилы түрлеріне өте әркелкі ортақтасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет