14 – тақырып. Балаң жастағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
Қарастырылатын мәселелер: 1. Балаң жастағылардың ата-анасымен өзара
қарым-қатынасы.
2. Балаң жастағы достық пен махаббат.
3. Ұжымшылдық және топ өмірі.
_______________________________________________________________ 1. Балаң жастағылардың ата-анасымен өзара қарым-қатынасы. Жетекшінің өзі-ақ өзінде ояна бастаған есею сезімінің негізінде өзіне қамқорлық жсағанға ауырсынып, әке-шешесімен қарым-қатнасын теңдік негізінде қайта құруға тырысады. Бұл теңденция жас өспірімдік кезде де жалғасады. Бірақ жететін автономияның нақты дәрежесі мен табиғты қандай ? Жас өспірімдіктің әлеуметтік псхологиясына ғылым ретінде жастар қашан, қай жерде болмасын “бүлік шығарады” “ұпақтар даудамайын” туғызады деп пайямдайын сыңаржақ теориялар көп зиян тигізді. Шын мәнінде әкелер мен балалардың өзара қарым-қатнастары әлеуметтік өзгерістердің қарқыны мен сипаты, жанұяның құрлымы тәртіп сақтау сипаты мен тәсілдері т.б. сияқты әлеуметік жағдайлардың тұтас бір жынтығына байланысты. Қалыптасып келе жатқан адамның өз ұмтылыс-талаптарына тежеу болатын тәрбиелеудің авторитарлық жүйесі іс жүзінде дау-жнжалдар туғызады , ал демократиялық тәрбиелеуде ондай болмайды. Алайда ата-аналарымен қарым-қатынастың жас өспірім кезде елеулі түрде қайта құрылатынын көрмейтін ғалымдардікі де дұрыс емес.
Қазіргі психология есейген балалардың мінез-құлық автономиясы (жас өспірімнің жеке өзіне қатысты мәселелерді өзі дербес шешкісі келетіні және оған құқылығы ) эмоциялық автономия (ата-анасының дегенімен емес, олардан тәуелсіз өзі қалғанда ден қояр жайлар болу құқысы және оны қажетсінуі), моральдық және автономиялық ( өз көзқарсатары болу құқысы мен қажеттігі және осындай көзқарастарының шын мәнінде болуы ) болады деп шектеп , балалар автаномиясы туралы мәселені нақты тұрғыдан қояды.
Жеткіншектер бәрінен бұрын , әлбетте белгілі бір шекте бос уақыт саласында мінез-құлық автономиясына жеткісі келеді. Мәселен, қалалардағы мектеп оқушыларының көбі бос уақыттарын мектептен де, үйден де басқа жерде өткізгенді ұнатады. Селолық мектептің мәдени демалыс орталығы болуы мүмкіндігі қала мектебіне қарағанда көбірек, өйткені қалада театрлар, клубтар т.б. мектепті толықтырумен бірге, онымен бәсекелеседі. Балалар дем алғанда ересектерден гөрі құрдастармен бірге болуды артық көреді.
Эмоциялық автаномияның үлкен қыйыншылықтары бар.Жас өспірімдерге ата-аналары балаларында болған өзгерістерді жете бағаламайтындай, олардың толғаныстарын байыптап қарамайтындай болып көрінеді және көбіне бұлары әбден дұрыс та. Болмашы бір әдеп сақтамаудың өзінен-ақ жоғары сынып оқушысының ішкі жан дүниесі атан-анасы үшін , егер біржола болмаса да, ұзақ уақытқа жабылуы мүмкін. “Сені кім жақсы түсінеді? ” – деген сұраққа жасөспірімдер жігіттер мен қыздардың бірсыпырасы ата-ана деуден гөрі достар мен құрбы-құрдастарым деп жауап береді. Егер тәртіп тұрғысынан жеткіншектік жас неғұрлым қиын болса, балаң жасөспірімдік кез көптеген эмоциялық мәселелер туғызып , балалардың ата-аналарынан психологиялық тұрғыдан жатсынып кетулері жиі кездеседі. Бұл жылдары әкемен өзара қарым-қатынас ерекше күрделіленеді. Еліміздегі және шетелдердегі көптеген зерттеулер бұл жаста да ананың балаға әкеден гөрі жақын болатынын көрсетеді . Алайда ата-анасымен қарым -қатынаста біраз салқындық болып, оларға айтылмайтын сырлардың шығуы әсте де жатсыну емес. Есейген балаларының интимдік әлемін күшейтуге бармай , екі жаққа да сондай қажет эмоциялық
жылылық пен өзара түсінісудің сақталу –сақталмауы ата-ананың сезімталдығы мен әдептілігіне байланысты.
Моральдық нұсқаулар мен құндылық бағдарлар саласында жасөспірімдер өздерінің автонмиялы болу құқысын барынша қорғайды. Кейде ерекше болсам деген талабын тиянақтай түсу үшін ғана әдейі ұшқары көзқарастар айтылады. Бірақ іс жүзінде ата-ананың ықпалы бұл арада басым болып қала береді. Сән, талғам , көңіл көтеру тәсілдері секілді бірсыпыра жеңіл-желпі мәселелерде ұрпақтар арасында айырмашылықтар әжептеуір. Кейбір тәрбиешілердің шалбардың балағының енін, шаштың ұзындығы мен би ырғағын әкімшілікке басып жөндеуге әрекеттенуі ешкімге қажетсіз дау-жанжалға ғана әкеліп соғады. Бірақ неғұрлым терең мәселелерге – саяси көзқарастарға , дүниетанымға , кәсіп таңдауға – келгенде ата-ананың беделі анағұрлым басым болып , әдетте , дос , құрбы – құрдастарының ықпалын жеңіп кетеді.