Дағдының мазмұндық түрлері Дағдының мазмұндық түрлері
Сезімдік дағдысы (түр – түс тану, балалардын алғаш әріп тануы.)
Қимыл – әрекеттік дағды (спортсмендер әрекеттерінің бекуі.)
Интелектуалды дағдылар(есеп, оқу, жаттау.т.б)
Ойыңа ие бол –ой сөзіңе айналады.
Сөзіңе ие бол- сөз ісіңе айналады.
Ісіңе ие бол-іс әдетке айналады.
Әдетіңе ие бол-әдет мінезге айналады.
Мінезіңе ие бол-мінез тағдырыңды шешеді.
Іс-әрекеттің орындалу аясына қатысты маңызды психологиялық жіктеуде сыртқы (материалды) және ішкі (психикалық, ақыл-ой) әрекет деп ажыратады. Сыртқы әрекеттер материалдық аяда, шындықта бар материалды объектермен іске асырылады. Бұл адамның қоршаған ортадан тікелей және үздіксіз өндіретіні. Дәл осы алғашқы көріністі, объективтіні - іс-әрекет немесе мінез-құлық деп атап, көптеген ғылыми салалар, соның ішінде психология зерттейді.
психикалық бейнелеудің идеалды түрінде бейнелер арқылы көрініс береді, яғни материалды емес, «екінші ретті» заттардың көмегімен. Ол объективті психикалық кеңістік пен уақытта емес, идеалды, ақыл-ой жүйесінде, психикада болады
«Әрекет дұрыс болу үшін, - біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін ... анықтап алуға тиіспіз» Әл-Фараби. Іс-әрекеттік ұстаным .
Іс-әрекеттік ұстанымның негізгі мазмұны – оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «бағалайды», «синтездейді».
Достарыңызбен бөлісу: |