Бақылау сұрақтары:
1. Ер адамдардың өз проблемаларын шешу әрекеттеріне талдау жасап, мысалдар келтіріңіз?
2. Отбасындағы ер мен әйел арасындағы бір-біріне кеңес беру мәселелері?
3. Эмоциялық шантаж дегеніміз не?
4. Әйелдердің өз проблемаларын шешудегі жеке әрекеттері?
30 лекция
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі
(1 сағат)
Жоспары:
1. Отбасы – бала үшін тұлғалық қалыптасу көзі ретінде.
2. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістері
3. Педагогика – гуманистік сапа кешенін түзетін өнер ретінде.
Мақсаты: Студенттерді баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы отбасы мен мектептің, педагогтың атқаратын ролі, мәні мен маңызы, ерекшеліктері, педагогқа қажетті іскерлік дағдылар, мінез-сипаттары жайлы теориялық, практикалық білімдермен қаруландыру.
Лекция мєтіні
1. Отбасы, мектеп пен мектпеке дейінгі тәрбие мекемелері, балалар және жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары – бұлардың барлығы да тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше «тәрбиешілер тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, әрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, соынсын таңдайды, соның ықпал тәуелділігінде болады.
Осыдан тәрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады.
Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дәстүр, ұстанымдар, әрекет-қылық үгілері тұлға микроэлементіне бавстау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды.
Отбасы белгілі қызметтерді атқарады:
- қайта өндіру (репродуктивті) – ұрпақ келтіру (тек жалғасытру тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі)
- шаруашылық-экономикалық, (ортақ шаруашылық және қаржы пайдалануғ еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру);
- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасап баруы; өмірлік тәжірибе, инабаттылық тәртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу);
- қарым-қатынас құру (коммуникативті – отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұямен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру)
- қайта қалпына келу (рекреативтік – бос уақыттардағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күшқуатының денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету);
Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұастанымдарына байланысты.
Тұлғаның әлеуметтенуіне жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы және ықпалы. Өз балаларының ерекшеліктерін, қызығулары мен қажеттерін ескертуде ата-аналар мүмкіндіктері орасан.
Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтастырылады. Олар: құрылымы бойынша, әкімшіл отбасы, адамгершілікті қатынас түрі, либеральды стильдік қатынас отбасы.
Сондай-ақ отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ерекшеліктері де қалыптасқан.
2. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер – бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-әрекет, әңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау «Мендей бол!», «Мендей істе!» ұранымен тәрбиелей отырып, ата-аналар өз өнегесімен қалай жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп, сыйластық – сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасында ешкім «мен енді сені тәрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің барлығы баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып барады. Балаға болған қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан де тәрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік әдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.
Көп авторлардың пікірінше, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы тек ұжымдық тәрбие жүйесіндегі іске асуы мүмкін. Осы жағдайда ғана ұжым дұрыс әрекеттегі өзіндік басқарым органына, тұлғалық арақатынастағы рақымшылыққа және өзара жауапкершілікке ие болады. Бұл өз кезегінде жан-жақты дамуға, еркіндікке, қорғанысты болуға, сонымен бірге әр тұлғаның мәртебесін көтеруге жол ашады.
Педагогикалық әдебиеттерде келесідей белгілерге ие болған әрқандай тәрбиеленушілер бірлестігі – ұжым деп аталады:
- ортақ әлеуметтік мәнді мақсатқа ие. Қалаған топтың мақсаты бар: дүкен кезегінде тұрған не автобус күтіп тұрған адамдардың да, қылмыскерлердің де. әңгіме, ол мақсаттың мағынасында, неге бағдарлануында. Ал ұжым мақсаты әлеуметтік мақсаттармен ұштасады, оны қоғамда мемлекетте қолдап, қуаттады.
- іс-әрекет – ортақ мақсатты іск асыруға бағытталады: ол бірлікті ұйымдастырылып, ұжым мүшелерінің іс-әрекет нәтижесінде болған ерекше жауапкершілігін танытады.
- жауапты тәуелді қатынасында болуын ұжым мүшелері арасында мақсат не іс-әрекет бірлігі ғана емес, сонымен бірге оларға байланысты ерекше бірін-бірі қажетсіну қатынастары жүйесі қалыптасады.
- сайлаумен тағайындалатын ортақ басшы орган. Ұжым – кез-келген профессиограмма компоненті болып мәдениет табылады. өндіріс күштері, ғылым мен экономика қажеттілігі, бүгінгі күні нақтылы жұмыс орнында қандай маман керек екендігін, оның ертеңгі күнгі деңгейінің қандай болуы туралы болжамдар жасауды қажет етеді.
Бүгінгі маман, қазіргі заманғы экономикалық ойлау, басқару және ұйымдастыру жұмыстары, іс-әрекетке байланысты ақпараттық техникалары пайдалану, жоғары мәдениет, шет тілін білуі қажет.
«Сонымен қатар ол инициативалы және жауапкершілікті сезінетін, ұдайы өз білімін жетілдіру, молайтуға ұмтылатын, жаңа шешімдерді білу, енгізу оны өмірге ендіру ептілігі бар болуы керек»
Бұл айтылғандардың барлығы педагог-мамандары үшін оны тек белгілі бір пән мұғалімі ғана ретінде танып білмей, ол қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырушы, үлкенді-кішілі ұжым басқарушысы оқу-тәрбие ісін ұйымдастырушы оны жетілдіруші,, қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар тұлға деп қараған жөн.
3. Педагог тек «бала жетектеуші» ғана емес, педагогика – гуманистік сапа кешенін түзетін өнер де. Ал ондай сапаның болмауы кәсіби іс-әрекеттің тиімді орындалуын болдыра алмайды. Мұндай сапаларға педагогтың позитивті адамгершілік тұрпаты, жоғары теориялық және әлеуметтік ойлау қабілеті, өімрег оптимистік көзақарасы, адамдардың гуманистік потенциалы сенімі жатады. Мұндай мағынада педагог рухани азамат болуы тиіс. Ал бұл жаппай бола беруі мүмкін болмайды және көп нәрсеге міндеттейді.
Өкінішке орай, бүгінде педагог мамандығын көпшілік кәсіпке айналдыруда. Сондықтанда болар біздің қазіргі кездегі оқу-тәрбие мәселесінде бір қатар олқылықтарға жол беріп отырғанымыз.
Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым. Педагогика тұлғаның жан-жақты дамуы жөніндегі мәселелерді қамтымағанымен негізінен аталған мәселе, әлеуметтік-экономикалық мәселе болып табылады. Өйткені, жеке адамның дамуы оның материалдық және рухани қажеттілігі арқылы шешіледі. Сондықтанда, келешек педагог мамандарды дайындауда, педагогиканың дамуында тұлғалық-бағдарлық парадигманы алға тарту қажет. Ол тұлғаның педагогикалық қызығушылығына, өзінің шығармашылық потенциалын максималды жүзеге асыруға қажетті білім және біліктермен қамтамасыз етуді қажет етеді.
Педагогикада педагогикалық шеберлік ұғымына аса көп мән береді. Десекте, әлі күнге оның мазмұны мен құрлымы жайлы ортақ пікір қалыптасты деу қиын.
Педагогикалық шеберліктің негізгі ерешеліктері бағдарлық қабілеттілігі, педагогтік әдептілігі, айқын сөйлеу екпіні, педагогтік техника, педагогтік тәуекелдік, бедел болып табылады.
Бағдарлық қабілет адамды қалыптастыру қоғамдық қатынастар жүйесінде, мақсатты тәрбие жолымен жүргізіледі. Мұны дәлелдейтін қағида оқыту мен тәрбие берудің ғылыми теориясының бірден-бір негізгі болып табылады. Барлық түйін адамның көрегендік негізінде деп есептейтін биологизаторлық көзқарасқа қарама-қарсы педагогика ғылыми тұқымқуалаушылық факторлардың белгісі бар, роллі барлығын жоққа шығармайды, жеке бастың қабілеттері мен қасиеттерін адамның өмірі мен қызметі процесінде қалыптасып, дамиды деп дәлелдейді.
Табиғат адамға ішкі мүмкіншіліктер негізін салып береді, олар белгілі бір әлеуметтік жағдайларда болмаса, көзге көрінбей қалуыда мүмкін. Бұл оптимистік педагогиканың концепциясы, тәрбие мен оқыту ісінің барлық теориясы осыған негізделеді. Олай болса қазіргі кезде интеллектуалдық ерекшеленетін, дарындылық, қабілеттілік, бейміділік байқататын оқушыларды анықтау, оларға қамқорлық бағыт беруде педагогтың бағдарлық қабілеттілігі маңызды қасиет болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |