Педагогика пәні бойынша №1 модульдің проблемалық СҰРАҚтары І. Теориялық сипаттағы сұрақтар



бет2/2
Дата28.10.2023
өлшемі81 Kb.
#188903
1   2
Байланысты:
1 - модуль сурактары

ІІ. Теориялық-типтік сұрақтар.
1.Қоғамдық ғылымдар жүйесінде педагогика адам туралы деректерді зерттейді.
Негіздеңіз.
2. Педагогика пәнің қарастыратын мәселелерінне талдау жасаңыз.
3. Педагогика ғылым және өнер. Бұл ұғымдарда қандай мағына барын дәлелдеңіз.
4. Теория – таным процесінің нәтижесі, әдіснама осы танымға жету және оны құру тәсілі.
Дәлелдеңіз.
5. Педагогика ғылымының дамуы және оның қазіргі кезеңдегі міндеттерін сипаттаңыз.
6. Педагог ғалымдардың тәрбиеге берген анықтамаларына талдау жасаңыз.
7. Педагог ғалымдардың оқытуға берген анықтамаларына талдау жасаңыз.
8. Педагог ғалымдардың білім беруге берген анықтамаларына талдау жасаңыз.
9. Педагогиканың басты міндеттерін сипаттаңыз.
10.Халықтық-демократиялық педагогиканың авторларына негіздеме жасаңыз.
11.Өткендегі аса көрнекті педагогтардың педагогиканы дамытудағы рөлін ашып
көрсетіңіз.
12. Педагогика ғылымының дамуында басқа ғылымдарды жүйелеп сипаттаңыз.
13. Педагогика мен оқу пәндері әдістемесінің байланысын негіздеңіз.
14. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін анықтап сипаттаңыз.
15. Педагогиканың балалардың оқуы мен тәрбие ісіне ықпалын дәлелдеңіз.
16.«Адам», «индивид», «даралық», «жеке тұлға» ұғымдарының бір-бірінен
айырмашылықтарын дәлелдеңіз.
17.Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы жайындағы әр түрлі көзқарастардың заңдылық
тұрғысынан объективтік негізін сипаттаңыз.
23.Адам жеке тұлға болып тумайды, керісінше даму процесінде қалыптасады. Дәлелдеңіз.
24.Жеке тұлғаның өмірлік ұстанымының қалыптасуына ықпал жасайтын факторларға
талдау жасаңыз.
25.Қазіргі кезде балаларды жас кезеңдерге бөлу өлшемдері қарастырылған. Оның
маңызын негіздеңіз.
26.Жеке тұлғада туа біткен қабілет боламайды. Дәлелдеңіз.
27.Жеке тұлғаның өмірлік ұстанымының қалыптасуына әр түрлі факторлар ықпал етеді. Негіздеңіз.
28.Жеке тұлғаға тән тумысынан берілетін нышандар бар. Оларға талдау жасаңыз.
29.Баланың айқын болған қабілеті мен дарындылығын одан әрі дамытудың басты шартын
анықтап сипаттңыз.
30.Баланың нәтижелі дамуына кері ықпал жасайды факторларға талдау жасаңыз. Оны
болдырмаудың шараларын негіздеңіз.
31.Адам баласы іс-әрекет барысында оның жеке тұлғасы қалыптасып дамиды. Дәлелдеңіз.
32.Өзін-өзі тәрбиелеу ұғымын түсіндіріңіз.
33.Біртұтас педагогикалық процесте балалардың жас кезеңдері мен дара ерекшеліктерін
ескеру қажеттілігі туындайды. Заңдылық тұрғысында негіздеңіз.
34.Жеке тұлғаның қалыпты жағдайда дамуын ұйымдастыру мектептің басты міндеті.
Дәлелдеңіз.
35.Жеке тұлғаның қалыптасуындағы педагогикалық басшылықтың ерекшелігін анықтаңыз.
36.Адамды тәрбиелеу, оның жеке тұлғасын қалыптастырумен байланысты. Негіздеме жасаңыз.
37.Тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді, олар өзара бір-бірімен байланысты деген қағиданың мәнісін түсіндіріңіз.
38.Педагогикалық теория мен практикасы үшін тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың қажеттілігі н негіздеңіз.
39.Тұлғаның «жан-жақты дамуы» - деген ұғымды талдаңыз.
40.Тәрбиенің мақсатын жүзеге асыруда қандай міндеттерді шешу қажеттілігін анықтаңыз.
41.Бүгінгі қоғамды қайта құру мен тұлғаның интелектілік күшін жандандыру қажеттілігін түсіндіресіз.
42.Н.К.Рерихтың – «әлем мәдениет арқылы...» («мир через культуры») – деген көзқарасын түсіндіріңіз.
43.Тәрбие мен оқытудың мақсаты ... анықталады. Анықтап, оны дәлелдеңіз.
44.“Антогонистік таптарға бөлінген қоғамда дәулетті тап тәрбиені өздерінің мемлекетін
нығайту жолында қару етіп қолданды” – деген пікірді түсіндіріңіз.
45.Тұлғаның “жан-жақты дамуы” деген идея көрнекті ағартушылардың еңбектерінде жан-
жақты баяндалған. Талдау жасаңыз.
46.“Өмірде адам баласының тұлғасынан артық күрделі де бай ешнәрсе жоқ. Оны жан-
жақты дамыту, адамгершілік тұрғыдан жетілдіру – тәрбиенің мақсаты сол”
( В.А.Сухомлинский). Өзіңіздің пікіріңізді дәлелдеңіз.
47.Тәрбиенің мақсатын жүзеге асыруға қажетті міндеттерді анықтаңыз.
48. “...кең көлемде халыққа білім беру және тәрбиелеу... Ол мәдениеттің негізін қалайды”
(В.И.Ленин). Талдау жасаңыз.
49.Жеке тұлғаны “жан-жақты әрі үйлесімді тәрбиелеу – тәрбие мақсаты. Негіздеңіз.
50.Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Дәлелдеңіз.
51.Педагогикалық процесс жүйе ретінде. Оны анықтап, дәлелдеңіз.
52.Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Негіздеңіз.
53.Педагогикалық процестің белгілері, сапалары мен қасиеттерін сипаттаңыз.
54.Педагогикалық процесте мұғалім мен оқушылар күрделі субъект-объектілік және
субъект-субъектілік қатынаста болады. Дәлелдеңіз.
55.Жеке тұлғаның дамуының ішкі қайшылықтар педагогикалық процестің қозғаушы
күштері болады. Негіздеңіз.
56.“Объект” және “пән” деген ұғымдарға сипаттама беріңіз.
57.“Біртұтас педагогикалық процесс”, оның оқу-тәрбие процесіндегі маңызы мен
ерекшеліктерін негіздеңіз.
58.Дамудың қозғаушы күштерін анықтап, сипаттаңыз.
59.“Заң”, “заңдылық”, “принцип” деген ұғымдарға талдау жасаңыз және олардың
“педагогикалық процеспен” байланысын дәлелдеңіз.
60.Мұғалімнен педагогикалық процесті ұйымдастырудың заңдарын, заңдылықтары мен
принциптерін білу талап етіледі. Дәйектеме беріңіз.
61.Біртұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің
объектісі. Дәлелдеңіз.
62.Қарама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші. Сипаттаңыз.
63.Педагогика ғылымында Қазақстандық және ТМД елдерінде біртұтас педагогикалық
процесс теориясын дамытуда үлес қосқан ғалымдардың идеясына талдау жасаңыз.
64.Педагогикалық процестің құрылымына сипаттама беріңіз.
65.Тәрбие процесінің жеке тұлғаны дамытудағы қызметіне талдау жасаңыз.
66.Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы (Әль-Фараби).
67.Тәрбиенің ең жоғары мақсаты «ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен
қызмет (Дистервег). Талдау жасаңыз.
68.Қоғамдағы тәрбиенің мәнін негіздеңіз.
69.Тәрбие қоғамдық құбылыс. Дәлелдеңіз.
70.Тәрбиенің оқытуға қарағанда өзінідік ерекшеліктері бар. Дәлелдеңіз.
71.Тәрбие процесі арнайы ұйымдастырылған педагогикалық қызмет. Дәлелдеңіз.
72.Тәрбиенің мақсаты төңерегіндегі пікір-таласта ортақ көзқарастар жоқ. Талдау жасаңыз.
73.“Тәрбие - күрделі іс және оның жағдайын жақсарту, әрбір адамның қасиетті борышы, өйткені өзіңді және өзіңнің жақындарыңды білімдар етуден маңызды еш нәрсе жоқ” (Сократ). Осы пікірді дәлелдеңіз.
74.Тәрбие процесінде оның заңдылықтары мен принциптерін басшылыққа алу қажеттілігі
анық мәселе. Дәлелдеңіз.
75.Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
76.Тәрбие процесінің заңдылылықтарына сипаттама беріңіз.
77.Тәрбие принципітеріне сипаттама беріңіз.
78.Тәрбиешілер “тәрбие принциптердің өзара бірлігін” қамтамасыз етулері қажет.
Дәлелдеңіз.
79.Тәрбиенің мәнісі біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді азаматты тәрбиелеу болса, екіншіден жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету немесе жеке тұлғаны әлеуметтендіру. Дәлелдеңіз.
80.Тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан да оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жеке-дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Бұл көзқарастың негізіне талдау жасаңыз.
81.Қоғамдағы тәрбиенің мазмұнын базалық мәдениет құрайды. Негіздеңіз.
82.Тұтас педагогикалық процесс ұйымдастыру формалары, әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сіздің көзқарасыңызды негіздеңіз.
83.Формалар мен әдістер педагогикалық процесске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, оның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н.Д. Хмель). Талдау жасаңыз.
84.Тұлға мәдениетінің қалыптасуының негізгі міндетінің мәні неде екендігін баяндаңыз.
85.Азаматтық тәрбиенің рөлі мен орнын анықтаңыз
86. Қазіргі кездегі еңбек тәрбиесінің ерекшелігін анықтаңыз
87.Оқушылардың эстетикалық мәдениетінің мәнін сипаттаңыз.
88.Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына сипаттама беріңіз
89.Қиын балалардың болуының себебін анықтаңыз. Онымен күресу жолдарына көрсетіңіз.
90.Мектептің іс-әрекетінің негізгі бағыттарын көрсетіңіз.
91.Тәрбиенің құралдары, формалары, әдістеріне қойылатын талаптарды ашып көрсетіңіз
92.От басы тәрбиесінің баланың дүние танымын қалыптастырудағы ролін көрсетіңіз
93.Тәрбиенің мәнісі қоғам үшін саналы, белсенді азаматты тәрбиелеу болса,екіншіден жеке адам үшін өмір сүре білуге, қоршаған орта мен қарым-қатынас жасай білуге үйрету немесе тұлғаны әлеуметтендіру-деген көзқарасты негіздеңіз.
94.Тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан да оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жеке-дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, біріңғай жағдайда жүзеге асырылады. Негіздеңіз. Оған қажетті алғышарттарды анықтаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет