Силлабус бойынша Тақырып: Тәрбие мазмұны-оқушының күтілетін тұлғалық бейнесінің негізі.
Типтік бағдарлама бойынша тақырып: Тәрбие мазмұны-оқушының күтілетін тұлғалық бейнесінің негізі.
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Тәрбие мазмұнының мәні. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары.
2. Тұлғаның жан-жақтылығы оның адамзат мәдениетін меңгеруіне байланысты дамуының мазмұнды сипаты ретінде.
3. Тәрбиенің түрлері және олардың өзгешеліктерінің сипаттамасы.
4. Өзін-өзі тәрбиелеу туралы, оның тәсілдері туралы түсінік.
Иманбаева С.Т., Майғаранова Ш. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. –Аламты: «Онон». -2017. – 336 б.
Иманбаева С.Т. Патриоттық тәрбие берудің теориясы мен практикасы. Монография. –Алматы: Полиграф - Сервис. 2007. 305 бет.
Дүйсенбінова Р.Қ. Оқушыларға қазақ халқының өнері арқылы музыкалық-эстетикалық тәрбие беру. – Алматы, 1998. - 411 б.
Пірәлиев С.Ж., Иманбаева С.Т., Төлеубекова Р.К., Шолпанқұлова Г.К., Нурғалиева Д. Ұлттық тәрбие. Оқу құралы. – Алматы: 2014. 280 б.
Дәрістің мазмұны.
Тәрбие мазмұнының мәні, тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары.
Педагогика теориясы мен тәржірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеялық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу пегогтардп негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.
Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік тәжірибені меңгеру адамдардың, халықтардың қандай болса да нәсілдік, ұлттық, тайпалық, діни және әлеуметтік топқа жататындарына қарамастан, өзара түсінушіліктерін, ынтымақтастықтарын нығайтулары тиіс, сонымен қатар, әр-түрлі дүниетанымдық көзқарастар ерекшеліктерін ескерулері қажет.
Тұтас педагогикалық процесс теориясында пегагогикалық процесс мәнінің қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты – қоғамның шығармашылық іс-әрекетін белсенді қатыса алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырумен толық сәйкес келуіне көп көңіл аударылады. Сондықтан да педагогикалық процесстің негізгі тәрбиелік механизмдері оқушыларға қатысты барлық іс-әрекеттер түрлері қалыптасатын қатынастар жазықтығында орналасқан.
Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны бәрімізге белгілі. «Іс-әрекет тенк қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс» – деп кезінде К.Д.Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген. Сондықтан да педагогтар тәрбие процесін ұйымдастыру барысында балалар әрекеттерінің ішкі мотивтеріне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің кез келген әрекеттер түрін мазмұнды етіп толықтырулары қажет.
Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесінде тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.
Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады.
Осы ойлар «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасында» (1995 Ж.), «Білім беру жүйесіндегі мемлекет саясатының тұжырымдамасында» (1996 ж.), «Қазақстан Республикасындағы этномәдени білім беру тұжырымдамасында» (1996 ж.) «Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеудің кешенді бағдарламасы» (2000 ж.), «2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» (2004 ж.), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында (20004 ж.) және мектептегі тұтас педагогикалық процесті ұйымдастырудағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің тағы басқа құжаттарында көрініс алады.
Жас ұрпақты тәрбиелеу үнемі тұрақты идеялар мен құндылықтарға негізделуі керек. Сондықтан да, қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінің идеялық негізі ретінде бірнеше ғасыр тәржірибесінде қалыптасқан және дәлелденген гуманизм принциптері болуы тиіс.
Гуманизм ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді көрсетеді. «Гуманизм» ұғымы адамды ең жоғарғы құндылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады.
Гуманизмді қазіргі заман талабына сай қарастырсақ, онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді. Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалды, рухани, адамгершілік, дене және эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен, гуманизм тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным, қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, яғни, өмірде орын алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес тұлға бола алуы қарастырылады.