Сұрақтар: А. Байтұрсынов қоғамдық, ұйымдастырушылық және ғылыми педагогикалық қызметі. М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары. Ж. Аймауытовтың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық тәрбие және кәсіби білім беру, бастауыш мектептер үшін оқу пәндерін таңдап алу, оқушыларды артық жүктемеден арылту мәселелері. С. Көбеевтің педагогикалық мұрасы. Н.Құлжанованың мектепке дейінгі бала тәрбие теориясы мәселелері.
№15 Дәріс тақырыбы: XX ғасырдың 40-60 жылдарында Қазақстандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері. 2 сағат
Дәрістің мақсаты: XX ғасырдың 40-60 жылдарында Қазақстандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері туралы студенттерге толық мәлімет беру.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Р.Г. Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогика мәселелері. А.И. Сембаевтың мектептің тұтас, тарихи және кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогиканы жасауы. Т.Тәжібаевтың педагогикалық көзқарастары мен идеялары. К. Бержановтың педагогикалық мұрасы.
Тәжібаев Төлеген - қазақтың тұңғыш психолог ғалымы, академик (1910-1964).
1910 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, 9-ауылда туған. 1928 жылы Шымкенттегі Педагогикалық техникумды, 1935 жылы Москвадағы Н. К. Крупская атындағы Коммунистік тәрбие академиясын бітірді. Еңбек жылын 1938 жылы Абай атындағы педагогикалық инсти-тутының педагогика және кафедра меңгерушісі қызметпен бастаған Тәжібаев одан кейінгі мерзімдерде халық ағарту комиссарының бірінші орынбасары, оның комиссары, және қазақ ССР сыртқы Халкомсовының комиссар орынбасары, қызметінде болады. 1944 жылдан бастап Қазақ ССР сыртқы істер Министрі, Қазақтың әл-Фараби атындағы Мемлекеттік ұлттық университетінің ректоры және қазақ ССР Министрлер Советі председателінің орынбасары болды.
1957-1961 жылдары Үндістандағы СССР елшілігінің кеңесті-өкілі болды. Ал, 1961 жылдан әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің педагогика және психология кафедрасының профессоры және меңгерушісі қызметін атқарады.
1938 жылы педагогика ғылымының кандидаты, 1962 жылы педагогика ғылымының докторы дәрежесіне ие болды. 1954 жылдан Қазақ ССР ғылым академиясының академигі Т.Тәжібаев Қазақ ССР педагогика қоғамының президенті, жоғары және арнаулы орта білім Министрлігінің педагогика және психология саласындағы ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы т.б. қоғамдық жұмыстар атқарды.
Т. Тәжібаев жауапты қоғамдық, мемлекеттік қызметтер атқарумен бірге, зор ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның К. Д. Ушинскийдің психологиялық көзқарасы туралы зерттеулерінің зор ғылыми маңызы болды. Ол жас ғалым-психологтарды даярлауда көп еңбек сіңірді. Тәжібаев Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің, оқу-ағарту ісінің дамуы және мектептер тарихын, Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастарын жан-жақты зерттеген ғалым.
«ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы оқу-ағарту ісімен педагогикалық ой-пікір дамуы», «Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағарту ісі мен мектеп», «Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы педагогикалық ой пікірлердің дамуы» атты зерттеулері көлемді, әрі маңызды зерттеулер қатарынан саналады. Оның мақалаларында қамтылған мәселелерле ана тілімізде психология ғылымының қалыптасуы мен дамуына, психологиялық терминдердің бір ретке келуіне елеулі үлес қосты.Ең алғаш Қазақстандағы психологиялық терминологиясының ғылыми жүйесінің негізін қалады.
С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің ректоры әрі кафедра меңгерушісі бола тұрып, Т.Т.Тәжібаев университетте педагогтар мен психологтар дайындауда үлкен рөл атқарды, қазақстандық педагогикалық ойлар мен психология ғылымдарының дамуына, республикадағы педагогика мен психология тарихы бойынша ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды кеңінен дайындауға негіз болды. Осы кезеңнен бастап кафедра педагогика және психология кафедрасы ретінде қызмет ете бастады.
Т.Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен онға жуық оқытушылар психологиядан кандидаттық диссертациясын қорғатты, бірнеше жыл психология, педагогика пәндерінен дәріс оқыды. 1993 жылы «Жалпы психология» атты оқулығы жарық көрді.
Өзінң өмірінде артына өшпес мұра қалдырған көрнекті ғалым, қоғам қайраткері ұлағатты ұстаз.
Сембаев Ібнияұлы қазақ мектебінің тарихын тұңғыш зерттеген ғалым (1905-1989).
1905 жылы Жезқазған облысы, Шет ауданында Қарабұлақ аулында туған. 1931 жылы Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік Педагогикалық институтының химия факультетін бітірді. Педагогикалық жұмысты 1925 жылы мектепте мұғалімдіктен бастады. Одан кейінгі жылдары қазақ ССР Оқу Министрлігінің әдіскері, Қазақтың ауыл шаруашылық институтының оқытушысы, әрі директоры болды. Қазақ ССР-ы Оқу Министрі, әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі және проректоры, қызметін атқарды. Қазақ ССР Оқу Министрлігі жанындағы Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры және институт жанындағы үйлестіру Кеңесінің меңгерушісі болды.
1966 жылы Ғылым докторы дәрежесін, 1967 жылы профессор атағын алды. Ол ССР Педагогикалық ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Сембаев Ә. I. Қазақ Совет мектебінің қалыптасуын зерттеуге үлкен еңбек сіңірген ғалым. Оның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрді.
Ол үлкен қоғам қайраткерлері бола жүріп, Қазақ-стандағы педагогика ғылымының өркендеп өсуіне қазақ-ұйғыр, орыс-қазақ мектептеріне байланысты К. Д. Ушин-скийдің, Н. К. Крупскаяның педагогикалық мұраларын жан-жақты зерттеген ғалым.
Лемберг Раиса Григорьевна
Лемберг Раиса Григорьевна (1888-1975) - ғалым-педагог. профессор (1925), Қазақстан ғылымының еңбегі сіңірген қайраткері (1957). 1937 ж. бастап өмір бойы Қазақстанда қызмет етті. 1938 ж. бастап ғылыми-педагогикалық іс-әрекетін Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында жүргізді. Лемберг Раиса Григорьевна - Қазақстандағы бірінші профессор-әйел.Оның негізгі еңбектері дидактика мәселелеріне, оқыту әдістеріне, ұй тапсырмаларын ұйымдастыру әдістемесіне, оқушылардың дербес жұмысының ерекшеліктеріне арналған. Оқыту және тәрбие процесінің бірлігіне зор мән берді, педагогиканың теориясы мен тарихы мәселелерін зерттеді. [1]
Қартбай Бекемұлы Бержанов (1924-1976). Педагогика ғылымының докторы, профессор Қ.Бержанов артына үлкен педагогикалық мұра қалдырған, Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуына қосқан өзіндік үлесі бар көрнекі ғалым.
Қартбай Бекемұлы Бержанов ( 20 желтоқсан 1924 жылы, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Сайқұдық ауылында дүниеге келген - 23 ақпан 1975жылы, Алматы қаласында қайтыс болды) — ғалым, педагогика ғылымының докторы (1965 жылы), профессор (1967 жылы). Қазақ Педагогикалық Инститтутты (1947 жылы, қазіргі Қазақ Ұлтық Педагогика Университеті) және аспирантурасын (1950 жылы) бітірген. Осы институтта оқытушы, доцент (1947 — 55 жылдары),Алматы обкомында бөлім меңгерушісі (1955–57 жылдары), Қазақ Қыздар Педагогикалық институтының проректоры, кафедра меңгерушісі (1957–61 жылдары), ҚазПИ-де доцент (1961–67 жылдары), ҚазМУ-да (1967–75 жылдары, қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1965 жылы «Халық ағартудағы орыс-қазақ ынтымағы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап қазақ тілінде тұңғыш “Педагогика тарихы” оқулығын жазған. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы оқу-ағарту ісіне және кеңес дәуіріндегі (1917—41 жылдары) Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық, мәдени-ағартушылық қызметін зерттеген.
Қ. Бержанов бірнеше оқулық пен монографиялық еңбектің, 200-ге тарта мақаланың авторы. Оның бірі "Қазақстан мұғалімдерінің (1917-1941) қоғамдық және мәдени ағартушылық ісі тарихынан" атты монографиясы Қазақстандағы тұңғыш жазылған еңбектердің қатарынан орын алады.
Ғалым туындыларының негізгі өзсгі педагогика тарихыныц мәселелері болып саналады. Ол оқу-ағарту және жалпы мәдениет саласындағы халықтар ынтымағы мен достығы өз еңбегіне ұдайы арқау етіп отырады. Оның "Оқу-ағартудағы халықтар достығы" атты ғылыми педагогикалық туындысы осы тұрғыда жазылған маңызды еңбек.
Ол XIX ғасырдың бірінші ширегінде орыс-қазақ қатынастарының даму тарихында Қазақстанның ағарту ісі мен мәдениетіне, оның тарихы мен табиғи байлықтарын зерттеуге ықпал етіп, белгілі із қалдырғандар-декабристердің Қазақстан жеріндс болуының зор маңызы бар деген тұжырымға келеді.
Орыс мәдениеті мен оқу-ағарту ісінің Қазақстанның оқу-ағарту ісіне тигізген тағы бір ықпалы ұйымдастырылған кадст корпустары. Сонымсн бірге, Россияның ұлт аймақтарында, соның ішіндс Қазақстанда орыс білімінің таралуына ықпалын тигізген, 1789 жылы Орынбордағы Меновой двор мешітінің жанынан қазақ балаларына арналған мұсылман мектебінің ашылуы қазақ жастарының орыс тілін үйренудегі алғашқы қадам болғанын баяндайды.
Қазақ жеріндс тұңғыш мектеп ашқан, дала коңырауы атанған Ыбырай Алтынсаринның, ұлы ағартушылар Абай мен Шоқанның орыстың озық мәдениетінен сусындап, оның оқу-ағарту саласындағы озық идеяларын қазақ жеріне түңғыш таратушы екенін түйіндсй отырып, ол бүгінгі Қазақстан мсктептеріндегі үлкен өзгерістер ұлы орыс мәдениеті және орыс-қазақ достығының нәтижесіндс қол жеткен теңдесі жоқ табыс екенін дәлелдейді.
Ғалымның ұзақ жылдар бойғы зерттеулері нәтижесінде жазылған бағалы еңбектерінің бірі-
"Педагогика тарихы" оқулығы. Бұл жоғары оқу орындары оқушыларының мектеп мұғалімдерінің, студенттердің қолтума кітабына айналды.
Оның ғылыми еңбегінің қай-кайсысы болмасын адамгершілік және еңбек тәрбиесінің принциптері тұрғысында жазылған. Автор 1920 жылдардағы Қазақстан жерінде алғашқы мектептің киіз үйлерде ашылғаны, алғашқы мұғалімдердің педагогикалық білімі жоқ, қысқа курстарда оқыған сауаты гана бар екеніне арнайы тоқталып, оның заңды құбылыс екенін ескерте кетеді.
Сол мектептердің бүгінгі тәрбие мен оқудың бірлігін, оның берік үлгісін жасаған қазақ мектептерінде дейінгі дәрежеге көтерілуі ұлт саясатының салтанат құрып отырғанын айқын айғағы деп тұжырым жасаган. Сондай-ақ ол кеңес мектебінің алғашқы жылдарындағы халық ағарту ісін дамыту мен қалыптастыруда Н.К. Крупская, М.Н. Калинин, А .В. Луначарский, т.б.көрнекті
педагогтардың тәжірибесі, олардың педагогикалық ықпалының орасан зор болғанын өз еңбекгерінде ерекше көрсетеді.
Ол педагогика тарихын белгілі бір жүйемен зерттеді. Мысалы,ол ХУІ-ХҮІІ.ғасырдың аралығындағы-жаңа педагогиканың негізін қалаушы ұлы славян педагогі Я.А. Коменскийден бастап,әр түрлі кезеңдегі педагогика ғьлымының дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан, педагогикада едәуіріне тән бетбұрыс жасаған, демек әрбір ғасырда өмір сүрген педагогтардың Ж.Ж.Руссо, И. Г. Пестолоции, М.В.Ломоносов, В.Г.Белинский,А.И.Герцен, К.Д. Ушинский, Чернышевский, Н.А Добролюбов, Л.Н. Толстой, И.Н. Ульянов, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, А.Құнанбаев т.б. көптеген педагогтардың еңбектеріне талдау жасап, олар туралы өз кезіндс республикалық журналдар мен газеттерге мақалалар жазды.Ғалым зерттеулерінің басты бір өзсгі - педагогиканың білім беру және оқыту теориясын жетілдіретін саласы дидактиканы зерттеуі еді.Ол дидактиканы қазақ топырағымен байланыстыра зерттеді. Мысалы, ол біріншіден прогрессивті орыс педагогикасының -дидактикалық үлгі-өрнектері қазақ мектептерінде Ы. Алтынсарин ашқан мектептердің тәрбиесі арқылы жүзеге асырылды десе, екіншіден, С. Көпеевтің "Үлгілі бала"оқулығын дидактикалық еңбектер қатарына қосады. Үшіншіден, ол "Айқап" журналының материалдарын да дидактикалық еңбсктер қатарына қосуы да оның еңбектерінің жан-жақтылығын дәлелдейді.
Қ. Бержанов өмір бойы ұстаздық етті. Одан дәріс алған, лекция тындаған, ғылыми білім және тәрбие көрген мұғалімдер республиканың түпкір-түпкірінде жемісті еңбек етіп, ұстаздық қызметте жүр.
Григорий Уманов-Қазақстан педагогикасын дамытушы ғалым (1931).
Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті тарих факультетінің түлегі бүгінде педагогика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Г. А. Уманов белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз, сондай-ақ өзі еңбек ететін Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Ұлттық университетінің педагогика кафедрасының профессоры. Сонымен бірге кафедра жанындағы педагогикадан кандидаттық және докторлық ғылым дәреже беретін ғылыми кеңес мүшесі, Ташкент ғылыми кеңестің мүшесі т. б.
Ол жергілікті халық тарихын, ұлттық дәстүрін, тілін, мәдениеті мен әдебиетін үйренуді өзінің борышы деп біліп, бүкіл отбасымен қазақ театрына барып, ұлттық өнерден сусындай бастады. Сол кездері ер жетіп қалған Григорий де мұндай мәдени демалыстардан қалыс қалмайтын. Кейін ол Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түскенде осы бағытынан танбады.
Шынында да, Г. А. Умановтың студенттік өмірі тек ізденіспен өтті. Оқуда озат болумен қатар, факультеттің, тіпті, университеттің қоғамдық жұмысына да белсене араласты. Үнемі білсем деген талпыныста жүретін оған кезінде тарих ғылымының докторы, атақты академик Серікбай Бейсенбаев, белгілі тарихшы ғалым Есмұқан Бехмахановтар дәріс беріп, ұстаздық етті. Білімдері терең, парасатты да мәдениетті ғалымдардан ғибрат алудың өзі де Григорий Абрамович үшін тәнті болған жас сол кезде-ақ ''үлкен ғалым боламын'' деген арманды көкірегіне мықтап түйген еді.
Университетті 1954 жылы бітірген ол еңбек жолын Алматы медицина училищесінің тарих пәнінің мұғалімі болудан бастады. Кейін Алматыдағы еңбек колонналары мектептерінде мұғалім және директор болып еңбек етті. Міне, осы кезден бастап ол қиын балалар тәрбиесін зерттеумен айналысты. Ұзақ жылғы еңбек, мол тәжірибе көп кешікпей өз жемісін берді. Ол 1960 жылдардың басында ''СССР-де кәмелетке жетпеген балалардың қылмыс жасау себептері'' атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбек кейін монографиялық кітап болып шықты. Негізі әр ғылымның өзіндік зерттеу ерекшелігі бар. Оның еңбектеріндегі ерекшелік - теорияның тәжірибемен тікелей байланысы. Мысалы, 1968 жылы ''Жеке оқушылар-мен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мәселелері'', 1969 жылы жарық көрген ''Кәсіптік-техникалық училищелердегі тәрбие жұмысының жүйесі'' атты монографиялары соның айқын айғағы. Қазақстандағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының, әсіресе, училищелердің озат тәжірибесін жинақтаған бұл дүниелерді оқушылар оқулық ретінде пайдаланып келді. Ал, 1970 жылы Г. Уманов ''Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім дамытудың педагогикалық проблемалары'' атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ол көп кешікпей үлкен кітап болып шықты. Мұны педагог ғалымдар, сол кездегі көрнекті педагог Р. Г. Лемберг Қазақстан педагогикасына қосылған үлкен үлес деп бағалады.
Ол өзінің ''Бала бақыты'' атты кітабында баланы жасынан еңбекке үйретудің тәрбиелік жүйесін жасаған. Тәрбие ісінде орынсыз ағаттықтар жіберуден сақтан-дырады. Сондай-ақ, ол Москвадан орыс тілінде шыққан ''Мы и наши дети'' атты еңбегін В. Сухомлинскийдің ''Балаға жүрек жылуы'' атты кітабы негізінде жазғанын автор мақтаныш тұтады.
Г. А. Уманов зерттеулерінің тағы бір ерекшелігі барлық проблеманы кез келген обьектісін жергілікті халықтың топырағынан іздейді. өзінің өскен ортасының табиғатын, ғылыми-техникалық прогресін мәдениеті, оқу-тәрбие ісін, әдебиетін, тарихын өз зерттеулерінің берік компоненттері етіп ала білді. Соңғы оншақты жылдар ішінде жазған ''СССР-де оқушыларға кәсіптік бағдар беру'', Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың педагогикалық проблемалары, ''Жеке оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жүйесі'', ''Қиын балалар-мен жүргізілетін тәрбиенің маңызды мәселелері'' атты еңбектерінде және Қазақстандағы оқу-ағарту, тәрбие мәселелеріне арналған теориялық танымды мақала-ларында екжей-тегжейлі баяндалған.
Сондай-ақ Г. Уманов - қазақ әдебиетінің даму тарихымен де айналысқан ғалым. Ол, тарих, әдебиет және педагогиканы біртұтас деп қарайды. Оған көптеген педагогиканың зерттеулері дәлел. Мысалы, ''Бала бақыты'' атты кітаптары тәрбиенің түйінді мәселелерін шешуде қазақ балаларының жүріс-тұрысы, қазақ отбасының күй-жайы, дәстүрі, халық педагогикасының мұралары жан-жақты талданып жазылған.
Сондай-ақ, Уманов өте қайрымды да парасатты, зиялы ғалым. Олай дейтініміз, оның жетекшілігімен 100-ден астам адам педагогика ғылымының кандидаты және докторы дәрежесіне ие болды. Ол толып жатқан диссертацияның оппоненті болып сөйледі. Қыруар кітаптар мен монографияларға, әдістемелік оқу құралдарына, оқулықтарға беташар жазып, батасын берді. Ол лекция оқуда да еңбек тәрбиесінің майталмен маманы. Бүгінгі Қазақстан педагогикасының көш бастаушыларының бірі. Оның педагогика саласындағы жүзеге асырылған істері айтарлықтай.
Умановтың бастамасымен Абай атындағы педагогикалық институттың барлық факультеттеріне ''Мектеп күнін немесе үзіліссіз педагогикалық тәжірибе'' енгізілген болатын. Оның мақсаты педагогикалық практиканың мерзімін ұзарту, яғни студенттер бірінші курстан бастап әр жылы 35-40 сағаттан педагогикалық тәжірибеден өтеді. Көп ұзамай бұл бастама Алматы қаласының барлық педагогикалық оқу орындарында қолдау тапса, ал 1989-90 оқу жылында бұл тәжірибе республиканың барлық педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие жоспарына енгізіліп, жүзеге асырылды.
Соңғы кездері ғалымды еліміздегі оқу-ағарту ісін қайта құру, ондағы басты проблема жаңа адамды дамыту, қалыптастыру және тәрбиелеу қатты толғандыратын болды. Ізденіс тағы да іс жүзінде көрініс тапты. Оның бірі - ғалымның бастамасымен Алматы қаласындағы 36, 65, 31 мектептердің жанынан ғылыми оқу-әдістемелік комплекс құрылуы. Комплекс үш бағытта: (Оқушылардың танымдық іс-қимылын белсендендіру'', ''Оқушыларды идеялық-адамгершілік рухта тәрбиелеу'', үшіншіден, ''Қиын балалар тәрбиесін жетілдіруде'' жүйелі жұмыс жүргізуді көздейді. Бұл іске бүкіл кафедра мүшелері жұмылдырылды. Мұндағы ең түпкі мақсат-қайта құру негізінде жоғары оқу орындарының қызметін мектепке жақындату, оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру еді. Бұл ісі өзінің жалғасын табуда.
Г.А.Уманов өміршең ғалым. Ол соңғы жылдары музыкалық және орта білім беретін мектеп, балалар бақшасы мен бағын, университет ашты. Мұның барлығын “Фрестиж” деп атайды.
Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев
Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы - 1929 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданы Көкбұлақ ауылында дүниеге келген. Ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. 1946 жылы Ақтөбе мұғалімдер институтын және 1951 жылы ҚазМУ-ды бітірген. 1951- 1958 жылдар аралығында Қызылорда педагогикалық институтында ассистент, 1958-1977 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1977-1987 жылдары ҚазМУ- де доцент, кафедра меңгерушісі болды. 1987 жылдан ҚазҰУ-де профессор, 1998 жылдан Этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры қызметтерін атқарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандагы психологиялық және педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Ол Алаш қайраткерлерінің психологиялық және педагогикалық мұралары жөнінде бірқатар ғылыми еңбектер жазған.
Қысқаша өмірбаяны
1946 Ақтөбе мұғалімдер институтын;
1951 ҚазМУ-ді бітірген.
1951 — 58 ж. Қызылорда педагогика институтында ассистент;
1958 — 77 ж. Шымкент пед. ин-тында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі;
1977 — 87 ж. ҚазМУ-де (қазіргі ҚазөУ) доцент, кафедра меңгерушісі болды.
1987 жылдан ҚазөУ-де професор;
1998 жылдан Этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры қызметтерін атқарады.
Еңбектері
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандағы психология және педагогика ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Оның еңбектерінде қазақ халқының сан ғасырлық психология ұғым-түсініктері жан-жақты талданған.
Шығармалары: Краткий библиографический указатель по психологии (1917 — 1967), А.-А., 1967; Развитие психологической мысли в Казахстане, А.-А., 1968; Тұрмыс және денсаулық, А., 1970; Әдеп және жантану, А., 1996; Қазақ психологиясының тарихы, А., 1996; Этнопсихология, А., 1998; Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары, А., 2000.[1][2]
Сұрақтар: Р.Г. Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогика мәселелері. А.И. Сембаевтың мектептің тұтас, тарихи және кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогиканы жасауы. Т.Тәжібаевтың педагогикалық көзқарастары мен идеялары. К. Бержановтың педагогикалық мұрасы.
Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университеті
Кафедра Педагогика және психология
Мамандық «Педагогика және психология»
Пән «Педагогика тарихы»
1 билет
1. Педагогика тарихы курсының теориялық - әдіснамалық негіздері.
2. Шетел педагогикасы мен мектептерінің тарихы.
3. Орта ғасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар.
Кафедра отырысында тақыланып бекітілді хаттама №4 16.11.2015
Кафедра меңгерушісі Избасарова Ф.Д.
Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университеті
Кафедра Педагогика және психология
Мамандық «Педагогика және психология»
Пән «Педагогика тарихы»
2 билет
1. Педагогика тарихы курсының пәні, міндеттері.
2. Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы.
3. Византия мектеп пен тәрбие.
Кафедра отырысында тақыланып бекітілді хаттама №4 16.11.2015
Кафедра меңгерушісі Избасарова Ф.Д.
Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университеті
Кафедра Педагогика және психология
Мамандық «Педагогика және психология»
Пән «Педагогика тарихы»
3 билет
1. Педагогика тарихы пәнінің мақсаты және алатын орны.
2. Ежелгі мектеп пән тәрбие.
3. Тәрбие мен білім беру жүйесі, Византиядағы педагогикалық ойлар.
Кафедра отырысында тақыланып бекітілді хаттама №4 16.11.2015
Кафедра меңгерушісі Избасарова Ф.Д.
Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университеті
Кафедра Педагогика және психология
Мамандық «Педагогика және психология»
Пән «Педагогика тарихы»
4 билет
1. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие. (17 ғ. ортасы – 18 ғ. аяғы)
2.А.Дистервергтің педагогикалық теориясы мен тәжірибесі.
3. Ресей тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогика.
Кафедра отырысында тақыланып бекітілді хаттама №4 16.11.2015
Кафедра меңгерушісі Избасарова Ф.Д.
Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университеті
Кафедра Педагогика және психология
Мамандық «Педагогика және психология»
Пән «Педагогика тарихы»
5 билет
1. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен педагогика.
2. Мектеп дамуының негізгі бағыттары, 19 ғ. педагогика классиктері.
3. 10-17 ғғ. Ресейдегі тәрбие мен білім беру.
Кафедра отырысында тақыланып бекітілді хаттама №4 16.11.2015
Кафедра меңгерушісі Избасарова Ф.Д.
Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университеті
Кафедра Педагогика және психология
Мамандық «Педагогика және психология»
Пән «Педагогика тарихы»
6 билет
1. Я.А. Коменскийдің педагогикалық көзқарастары.
2. Батыс Европа елдеріндегі 19 ғ. – 20 ғ. мектеп пен тәрбие.
3. Ресейде христиандықты қабылдау және мектептер дамуының басталуы. Оқытудың типтері.
Кафедра отырысында тақыланып бекітілді хаттама №4 16.11.2015
Кафедра меңгерушісі Избасарова Ф.Д
Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университеті
Кафедра Педагогика және психология
Мамандық «Педагогика және психология»
Пән «Педагогика тарихы»
7 билет
1. Дж.Локктың педагогикалық көзқарасы.
2. Сақтардың сан ғасырлық салт – дәстүрі мен тарихи ерекшеліктері.
3. Л.Н.Толстой педагогикасына тән ерекшеліктер
Кафедра отырысында тақыланып бекітілді хаттама №4 16.11.2015
Кафедра меңгерушісі Избасарова Ф.Д.
Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университеті
Кафедра Педагогика және психология
Мамандық «Педагогика және психология»
Пән «Педагогика тарихы»
Достарыңызбен бөлісу: |