Педагогика тарихы


§ 2. Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі



бет2/6
Дата23.05.2018
өлшемі6,47 Mb.
#40654
1   2   3   4   5   6
§ 2. Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі
Ертедегі Греция – көптеген құлиеленуші мемлекеттерді- полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) – Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды. Олардың әрқайсысында ерекше тәрбие жүйесі қалыптасты, оның ерекшелігі мынадай жағдайларға байланысты болды: бір жағынан, құл иеленуші құрылыстың жалпы заңдылықтарымен, екінші жағынын, сол елдің даму ерекшеліктерімен байланысты.

Ертедегі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартандық және афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да болды.



Спартандық тәрбие жүйесі. Спарта мемлекеті Ертедегі Грециядағы ең алғашқылардың бірі болды. Спартандық құл иеленушілік мемлекеттің негізгі шаруашылығы егіншілікпен айналысты. Құлдар бұл мемлекетте мемлекеттің жекеменшілігіне айналды.

Схема 4.

Спартадағы тәрбие жүйесі


Герусия – ақсақалдар кеңесі




Пенодим




21 жастан 30 жасқа дейін әскери қызмет



Эфебия – әскери қызметке дайындық. 18 жастан 20 жасқа дейін




Эйрендер – 15 жастан 18 жасқа дейін



Өтпелі шақ. 14-тен 15 жасқа дейін




Агеллдер. 7-ден 14 жасқа дейін



Отбасылық тәрбие. 0-7 жас

Спартандық және афиналық жүйенің айырмашылығы бұл мемлекеттердің экономикалық және саяси дамуының және мәдениеті жағдайының кейбір ерекшеліктерімен байланысты. Бұл екі мемлекетте құлиеленуші мемлекеттер болды, қоғамдық тәрбие жүйесі тек ғана құлиеленушілердің бағаларын оқыту және тәрбиелеу ісімен айналысты. Бұл мемлекеттерде құлдар барлық адамзат құқықтарынан айырылған болатынды. Сондықтан да Спарта мемлекетінде құлдардың көтерілісі жиі болып тұрды. Осы жағдай спартактарды қарудың күшімен өздерінің үстемдігін орнатып отырды.

Осындай жағдайда ерекше спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесі қалыптасты, оның мақсаты - спартиат балаларының әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды болашақ құл иеленушілерді дайындау болды. Мемлекет балаларды туғаннан бастап, жанұя тәрбиесін бақылап отырды. Ақсақалдар жаңа туған баланы тексеріп, тек ғана дендері сауларын ғана әкесіне қайтарып берген ал аурулары мен әлсіздерін жоққылып өлтіріп отырған.

Осы аталғандар спартандық тәрбие жүйесінің ерекшеліктерін білдіреді. 7 жасқа дейін спартиаттар – балалар (спартиаттар деп аристократтар-құлиеленушілерді атады) үйде тәрбиеленді. 7 жастан бастап мемлекеттік тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі және әскери жаттығуларға ерекше мән берілді.

Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суықтыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп үйрету. Жас спартиаттарды жүгіруге, секіруге, найзаласуға, күресе білуге, жекпе-жек тәсілдерін меңгеруге, әскери әндер айтуға үйретті. Дене тәрбиесімен қатар саз, ән айту және діни билер қатар жүргізілді. Саз және ән айту әскери сипатта берілді.18-20 жаста жастар эфебия деп аталатын ерекше топқа аударылды, онда әскери қызметін атқарды. Спартада қыз балаларға да әскери дене тәрбиесі берілді. Оның мақсаты – ерлер әскери жорықтарға қатысқан кезде әйелдер ерлердің орнына әскери міндеттерін атқару үшін қажет.



Афиналық тәрбие жүйесі. Афинаның географиялық жағынан ыңғайлы орналасуының арқасында ертедегі Шығыс елдерімен сауда-саттық ісі ерте дамыды. Егін шаруашылығынан басқа онда кейбір қолөнер кәсібі жан-жақты дами бастады.

Афинада мәдениет өз дамуының жоғары дәрежесіне жетті. Афина мемлекеті Спарта мемлекетінен өзінің қоғамдық құрылысы, мәдениет деңгейі жағынан өзгешелігі бар. Сонымен қатар тәрбие және білім беру жүйесінде де ерекшеліктер кездеседі. Афина тәрбиесі мен білім беру жүйесі әскери жауынгерді дайындау емес, одан гөрі білімді, қабілетті жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу.

Афиналық тәрбие жүйесі Ү-ҮІ ғғ.б.э.д .төмендегіше қалыптасты: 7 жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар анасының басшылығымен үйде тәрбиеленді және бекітілген құлдар тәрбие ісіне араласады. Қыз балалар 7 жасқа толғаннан кейін ананың басшылығымен үйде жанұя тәрбиесіне жалғастырады (олар негізінен үй шаруашылығына үйретіледі). Ер балалар 7 жастан бастап үйде жеке меншік мектептерге қатынасады (мемлекеттік мектептер болмады): 7 жастан 14 жасқа дейін грамматист мектебіне (оқу, жазу, санау) және кифарист мектебіне (саз, ән-күй, тақпақ айту), 14 жастан полестра-мектебіне (күрес мектебі) қатынасады, онда 2-3 және жаттығулармен айналысады. Полестра мектебінде жаттығулардан басқа оқушылармен саяси және адамгершілік тақырыптарында әңгімелер өткізіледі: Ауқатты жанұялардан шыққан жастар кейіннен мемлекетте басқару лауазымдарына даярланады, гимназияда білімдерін жалғастырады, онда философия мен саясатты оқып үйренеді.
Схема 5.
Афиналық тәрбиенің жүйесі

Эфебия – салт аттылар мектебі 18 жастан -20-21 жасқа дейін




Ликей

Академия

Киносарг




Гимнасий 16-18 жас




Палестра – гимнастика және күрес мектебі

14-16 жас






Грамматиста

Кифариста



Мусикалық мектеп 7 жастан – 13-14 жасқа дейін




Отбасылық тәрбие 0-7 жас

18 жастан 20 жасқа дейін жастар әскери қызметке даярланады, онда әскери даярлығын арттырумен қатар, өздерінің саяси білімін жалғастырады, елдің заңдарын оқып үйренеді. Афиналық тәрбие жүйесінде дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен қатар ерекше роль атқарды. Сонымен қатар Спартада да, Афинада да құлиеленушілердің балалары дене еңбегіне жеккөрушілікпен қарады. Қарапайым ата-аналардың балалары өз әкелерінен қандай болмасын қолөнердің түріне үйренді. Спартада да, Афинада да құлдардың балалары білім алуға мүмкіншілігі болмады.


§ 3. Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы
Ертедегі грек ғалымдары мен философтары еңбектерінде тәрбие және оқыту мәселелеріне ерекше мән берді. Педагогика ғылымы алғашында философия ғылымының құрамында дамыды. Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. Грецияда педагогикалық теориялардың пайда болуында және қалыптасуында ерекше орын алады.

Ертедегі грек философиясының шыңы, ғұлама философ-материалист, атомистік теорияның негізін алушы Демокрит (460-370 жж.б.э.д) болды. Оның бізге жеткен көптеген шығармаларының үзінділерінен біз Демокриттің ғылымының барлық салаларында қолтаңбасын қалдырғандығын аңғаруға болады, оның философия, педагогика, математика, физика, биология, медицина, психология, өнер салаларында қалдырған ғылыми мұралары белгілі. Оны К.Маркс Демокритке былай деп баға берген болатынды.

Демокриттің тәрбие туралы ойлары педагогикалық ой-пікірдің тарихында ерекше мәні зор. Өзінің атомистік теориясының негізінде Демокрит жеке тұлға дамуының материалистік тұжырымдамасын ұсынды. Ол дүние материалдың, бір-бірінен түрі, қатарға және жағдайы жағынан ерекшеленетін атомдардан тұрады. Ақзалардың өмірі мен өлімі атомдардың бірігуіне және ыдырауына алып келеді. Демокрит жанның өлмейтіндігін жоққа шығарды. Демокрит адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді. Мәселен, Демокрит еңбектерінен кейбір үзінді келтіретін болсақ; “Егер де оқымаса, ешкімнің де өнерді де, даналықты да меңгермеген болар еді”, “Табиғаттан гөрі, жаттығудың арқасында көптеген адамдар жақсылық қасиеттерді меңгереді”, “Кейде жас адамдарға ақыл, ал қарттарға ақылсыздық тән болса, ақылға үйрететін уақыт емес, ол дұрыс қойылған тәрбие және табиғат”.

Демокрит ортаға, үлкендердің үлгі-өнегесіне (“Әкенің жағымды ойы-балаларға ең жақсы өсиет”), сөздік әсеріне, сендірумен тәрбиелеуге, еңбекке үйретуге ерекше мән берді. Демокриттің бізге жеткен еңбектерінің үзінділерінде балаларға кішкентай кезінен бастап талаптар қою туралы жан-жақты айтылды. Демокриттің материалистік таным теориясы бойынша, білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын (теориялық ойлау), дәлелдеу, ақыл-ой тәрбиесінің мәселелерін шешуде мәні ерекше болды. Демокрит ойды, ақылды дамыту туралы мынадай мәнерлі сөздермен аяқтады: “Көптеген көп білетіндер (білгіштер) – ақылсыз (ойсыз)” деген болатынды.


§ 4. Сократтың педагогикалық теориясы

Б.з.б. 469-399 ж. шамасында өмір сүрген. Ежелгі грек философы. Афинада туған, мүсіншінің баласы. Жастарды софистерге қарсы күресте тәрбиелеуді мақсат етіп, қаланың көшелері мен алаңдарында айтыстар ұйымдастырып, өз ілімін уағыздады. Ол әңгімелесу, пікір алысу арқылы ақиқатқа жетудің жолын ашып диалектиканың негізін салушы ғұламалардың бірі болды. Сократ ұғымды философияның зерттеу пәні ету арқылы ежелгі грек философиясының дамуына зор ықпал етті. Аристотельдің айтуынша, Сократ болмыстағы маңызды уақиғалар шындығында индуктивтік әдіс арқылы жалпы ұғымдарға көшу және әр заттың мәнін білетін, сол ұғымдарға анықтама беру жөніндегі ілімінде обьективтік бағытын ұстады деп көрсетті.

Сократ этикада рахымшылдық, мейірімділік, білімге даналықты, жақсылықты терең түсінгенде ғана мейірімді бола алады, ол ақиқат-шындық, таза болмыс адам ақылының алғы шарты деп, өз кезеңі үшін ақылды дамытуды уағыздады. Саясатта Сократ әділетсіздікке негізделген барлық басқару формаларын-монархияны, аристократияны түгелдей қатаң сынға алды. Алайда ол әділеттілікке негізделген мемлекетті қажет деп тапты. Сократ философия мен педагогиканың көкейтесті мәселелерін зерттеп, ғылымның кең жолына бет бұрған. Оқытуға ауызша баяндау әдісін енгізген, өзі эксперимент жасаған сонымен қатар мұғалімнің танымдық ой-өрісін дамытудың педагогикалық жүйесін жасап ұсынған. Сократтың философиялық жүйесі – адамның өзін зерттеу, оның тұлғалық және танымдық ерекшелігін табу. Шәкірттері Платон мен тарихшы Ксенофонттың айтуынша Сократтың философиясы орта ғасырдағы философтардың таным туралы ой-пікірінің, зерттеуінің негізгі алғы шарты болған. Содан кейінгі философ пікірлерінде таным мен дамудың, философиялық теория мен методологияның, әдістемесін, жүйесін жасады. Сократтың педагогикалық ой-пікірлері этика философялық негізде жасалды. Сондай-ақ ол бала қасиетінің, оның туа бітке кейбір ерекше қасиеттерін сақтап қалуды педагогтар мен ұстаздар еңбегінің жемесі болуы тиіс – деді. Ұстаз бен шәкірттің арақатынасы туралы нағыз демократиялық бағытты ұстады. Ең біріншіден мұғалім үлкен беделге ие болады, сонда ғана оны оқушы сыйлайды. Бала білгенін ұмытпайтын болсын. Алайда ол мәңгүрттікке ұшырайды, ол үшін тәрбие құрғақ жаттауға құрылмайтын болсын, мазмұнының мәні артсын. Ол философиядағы әмбебаптық білім беруді жақтады. Сократтың педагогикалық жүйесі-оны таптық ой-пікірінің жалғасы деп табылды. Сократтың педагогикалық ойларының таптық және демократияық негізі «Адамгершіліктік шығармаларында» айқын көрініс тапты. XVII ғасырда Чехословакия педагогы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактикасында» Сократтың педагогикалық ой-пікірлерін жақтағанын, оын әрі қарай дамытатынын атап көрсеткен және жазған. Сократ этика ілімінің дамуына зор ықпал етті. Ол грамматикалық мектептерді дамытуды жақтады. Грек тілі мен риториканы, әдебиет пен тарихтан білім бере отырып, шешендікке үйретуді бірінші кезекке қойды. «Саясаттануда» ол былай деп жазды: «Мейірбандылық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік т.б. отбсы мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздіке емес, керсінше белсенділікпен жасампаздыққа деп дұрыс түсінгендігін байқатады. Адамның әділетті, жігерлі болуы, оның ішінде игілікті ісімен тығыз байланысты. Аристотель ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі Сократ болды.



§ 5. Платонның педагогикалық теориясы

Платон (427-347 жж.б.э.д) белгілі грек философы, идеалисі, Сократтың шәкірті болды. Оның айтуынша, тәрбиені мемлекет ұйымдастыруы қажет, өзінің мақсаты, мазмұны, әдістемесі бойынша үстем таптың мүддесіне толықтай сәйкес келуі керек.Платон философияда идеялар туралы іліммен белгілі. Оның пікірінше, тек ғана идеялар нағыз шындық ретінде өмір сүреді. Олар мәңгілік және өзгермейді. Бізді қоршаған заттар иек ғана идеялардың әлсіз бейнеленуі, көленкесі болып табылады. Өзінің педагогикалық жүйесінде Платон спартандық және афиналық тәрбиенің кейбір белгілерін біріктіруге ұмтылды. Платонның пікірінше, тәрбие дегеніміз үлкендердің балаларға әсер етуі, балаларда адамгершілікті, қайырымдылықты қалыптастыруы. Ол “оқу” ұғымына ғылымдарды оқып-үйрену арқылы білімді меңгеруді жатқызды, ол “шындық үшін ойлауды пайдалануда жанды ояту” деп түсінді. Кішкентай балалардың ішкі негізі Платон айтуынша, эмоциялар болып табылады деді. Ол тәрбие құралы ретінде ойындарға сонымен қатар әдеби шығармаларды, мифтерді балаларға оқу және айтып беруге ерекше мән берді.

Көптеген шығармалардың авторы ретінде Платон тәрбие мәселелеріне ерекше мән берді. Тәрбиені ұйымдастыруда өзінің көзқарастар жүйесін “Мемлекет” және “Заңдар” сияқты трактаттарында қарастырды.


4-кесте

Мемлекет Платонның ілімі бойынша


Философтар

Жауынгерлер

Егін шаруашылығын жүргізушілер мен кәсіпкерлер

Басқарады

Қорғайды

Еңбек етеді

“Мемлекет” атты еңбегінде Платон кішкентай жас кезінен бастап балаларға қоғамдық тәрбие беру идеясын ұсынды және ооны ұйымдастырудың белгілі жүйесін қарастырды. 3 жастан 6 жасқа дейін барлық балаларды мемлекеттің тағайындаған тәрбиешілердің басшылығымен алаңдарда ойын ұйымдастыруға ерекше мән берді. Кішкентай балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы ретінде ойынның ролін жоғары бағалады. 7 жастан 12 жасқа дейін балалар мемлекеттік мектепке барады, онда оқуға, жазуға, сынауға, саз өнеріне және ән-күйге үйренеді. 12 жастан 16 жасқа дейін дене тәрбиесімен жан-жақты айналысатын мектепке – полестраға қатысады. Онда гимнастикалық жаттығулармен айналысады. 16 жастан бастап ғылым негіздерін арифметикалы, геометрияны, астрономияны, практикалық мақсатта оқып-үйренеді. 18 жастан 20 жасқа дейін эфебияда аранулы әскери-дене даярлығын алады. 20 жастан бастап, ақыл-ой сабақтарына ешқандай қабілеттілік аңғартпаған жастар әскер қатарына алынады. Ал жастардың аз ғана бөлігі, қабілеттілері 30 жасқа дейін білім берудің жоғары үшінші сатысына өтеді, онда философияны, арифметиканы, геометрияны, астрономияны және саз теориясын философиялық-теориялық негізде оқып-үйренеді. Олар мемлекеттік қызметке даярланады. Ерекше дарындылық аңғартқан кейбіреулері философиялық білімін тағы да 5 жыл жалғастырады (35 жасқа дейін) одан кейін 35 тен 50 жасқа дейін мемлекет басқару ісімен айналысады.



Схема 6.

Платонның ілімі бойынша тәрбие берудің құрылымы


Идеялар әлеміне кіру және мемлекет басқаруға дайындық 30 (35) - 60 жас




Жоғары білімнің екінші сатысы 30-35 жас



Жоғары білімнің бірінші сатысы 30-35 жас





Эфебия – әскери қызметке даярық 18-20 жас



Мемлекеттік мусикалық және гимнастикалық мектептер 7-18 жас



Мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелер 3-7 жас



Отбасылық тәрбие 0-3 жас

Платонның тәрбие жүйесі дене тәрбиесіне деген жеккөрушілікке негізделеді, құлдардың балаларына білім алуға тыйым салынады. Бірақ, Платон мектепке дейінгі тәрбие туралы, тәрбиенің бірізді мемлекеттік жүйесі туралы, жағымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу талаптарын және т.б. ұсынды.


§ 6. Аристотельдің педагогикалық теориясы

Аристотель (384-322 жж.б.э.д), Платонның шәкірті, көрнекті философ-идеалист және ертеден Грецияның ғұлама ғалымы. Ал Платонның шәкірті бола отырып, өз ұстазының көзқарасымен келіспеді. Аристотель Платонның екі түрлі ерекше дүние туралы ілімін сынға алады: идеялар дүниесі және құбылыстар дүниесі. Аристотель дүниенің бірлігін мойындады, заттар идеяларын заттардың өзінен бөлуге болмайды. Кез-келген зат материямен түрдің бірлігі болып табылады.

Аристотель өзінің даму туралы теориясына сүйене отырып, жанның 3 түрі туралы айтты: тағамда және көбеюде байқалатын өсімдік түрі; түйсіктерде және қажеттілікте байқалатын жануар түрі; ойлау және таным тән ақыл-ой түрі жатады. Жанның 3 түріне сәйкес олардың әрқайсысы ерекше әсер етуді қажет етеді. Аристотель тәрбиенің 3 түрін бөліп көрсетті – дене, адамгершілік және ақыл тәрбиесі. Аристотель адамда тәні мен жаны болатындығы, материя мен түр сияқты бөлінбей өмір сүреді. Тәрбиенің мақсаты табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту. Аристотель баланың табиғатына сәйкес дене, адамгершілік, ақыл-ойтәрбиесін ұйымдастыру, сонымен қатар балалардың 1 жас ерекшеліктерін ескеріп атқаруды ұсынды. Аристотель педагогикалық ой-пікірдің тарихында алғаш рет балаларды жас кезеңдерге бөлуді ұсынды.

Балалардың өмірін үш кезеңге бөліп қарастырды: 1) туғаннан бастап, 7 жасқа дейін кезең; 2) 7 жастан 14 жасқа дейін; 3) 14 жастан 28 жасқа дейін. Аристотельдің пікірінше, бұл жас кезеңдері табиғатына сәйкес келеді. Аристотель жанұя тәрбиесіне ерекше мән берді. Ал 7 жасқа дейін балалар жанұяда тәрбиеленуі тиіс дей келіп, өзінің табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасына сүйенеді. 7 жастан бастап балалар мемлекеттік мектептерге барады (ерлер сияқты әйелдерге ондай білім берудің қажеттілігі жоқ екендігін Аристотель атап көрсетті).

5-кесте

Аристотельдің психологиялық көзқарастары


Жанның түрлері

Функциялары

Өсімдік

Тамақтану, өсіп-өну, көбею

Жануар

Талап-тілектер, сезіну, сезімдердің көрініс беруі

Ақыл-ой, таза, пәк, денесіз, мәңгі тірі

ойлау

Аристотель бойынша, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу адамгершілік мінез-құлықтағы жаттығуларға негізделеді – қажетті әрекеттері жиі қайталау. Балалардың адамгершілік тәрбиесімен негізінен ата-аналар айналысуы қажет.



6-кесте

Тәрбиелеу жүйесі Аристотельдің ілімі бойынша үйлесімді даму: дене, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттердің біртұтастығы


Кезеңдері

Мектептің типі

Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны

Туғаннан бастап 7 жасқа дейін

Отбасылық тәрбие



Жасына қарай тамақтандыру, шынықтыру, тазалық ережелерін үйрету

5 жастан 7 жасқа дейін

Әкесінің басшылығымен тәрбиелеу

Бастапқы оқу мен жазуға үйрету. Қоршаған ортамен танысу.

7 жастан 14 жасқа дейін

Мемлекеттік мектептер

Гимнастика, оқу, жазу, грамматика, сурет салу, музыка

14 жастан 21 жасқа дейін өзін-өзі жетілдіру кезеңі

Мемлекеттік философия-лық мектептер



Математика, әдебиет, тарих, философия, астрономи, музыка, сурет салу, саясат, риторика, диалектика

Өзінің педагогикалық теориясын дамыта отырып, Аристотель құлиеленуші аристократияның өкілі ретінде ерікті туған азаматтарды тәрбиелеу туралы, құл иеленуші мемлекет туралы қамқорлық жасағаны белгілі. Аристотельдің көзқарасы антигнал педагогикаға және педагогика ғылымының кейінгі дамуына ерекше ықпал етті.



§ 7. Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы
Ертедегі Римде көп ғасырлық тарихының, дамуында жанұя және мектеп тәрбиесі мен білім берудің өзіндік тәжірибесі қалыптасты. Ұзақтағы Римде көп ғасырлық тарихының, дамуында жанұя жасақталған болатынды, соған қарамастан үй тәрбиесінің сипаты ең алдымен Рим қоғамының әлеуметтік баспалдағынан жанұяның қандай орын алатындығына байланысты.

Римде әйел белгілі құққа ие болады (мәселен тұқым қуалау саласында), бірақ ерлер өз балалары мен әйеліне толық үстемдік ете, басқара білді.

4-5 жасқа дейін балалар мен қыздар жанұяда бірге тәрбиеленді, содан кейін оларды бөліп тәрбиеледі. Қыздар анасының, қызметшілердің бақылауында болды. Қыздардың негізгі жұмысы тігіншілікпен айналысады, оларды сонымен қатар саз өнеріне, биге үйретті, ауқатты жанұяларда – грек тілін оқыды. Ер балалардың тәрбиесімен ерлер адамдар шұғылданды: әкелері, тәрбиешілер, кейде Грециядан шақырылғандары. Ер балаларды ерлердің айналысатын кәсібіне үйретті, ең алдымен қаруды қалай ұстай білуге үйретті. Бастауыш білімді ауқатты емес балалар элементарлық мектептерде алды, олар ақылы, жекеменшік мектептер болды, оларға қыздар да қабылданды. Ауқатты ата-аналардың балаларын, тәртіп бойынша, үй мұғалімдері оқытты, ең алдымен грек тілі мен әдебиетіне үйретті.

Схема 7.

Ежелгі Римдегі тәрбие жүйесі


Риторлар мектептері (16-18 жас)




Грамматикалық мектептер (12-16 жас)





Қарапайым сауат ашу мектептері (7-12 жас)



Отбасылық тәрбие (0-7 жас)

Грецияның әсерімен грамматикалық мектептер пайда болды, онда 12 жастан 16 жасқа дейін бай, ауқатты ата-аналардың балалары оқыды. Оларға грек тілін, шешендік өнерін, әдебиет пен тарихтан кейбір мәліметтер берілді.



Римде шешендік мектептер ашылды, онда ауқаттылардан шыққан жастар жоғары ақыға грек тіліне, шешендік өнеріне, заңтануға, математикаға, философияға оқыды. Оларды жоғары мемлекеттік қызметке даярлады. Рим империясының пайда болуымен (ІІ ғ.б.э.д) императорлар грамматикалық мектептер мен шешендік мектептерді мемлекеттік мектептерге айналдырды, олардың міндеті – императорлық өкіметке берілген чиновниктерді тәрбилеу. Христиан діні мемлекеттік дінге айналған кезде мұғалімдік қызметке дін өкілдері тағайындала бастады. Жанұядағы және мектептердегі тәрбие бірте-бірте діни сипатқа ие бола бастады.

§ 8. Квинтилианның педагогикалық көзқарасы
Марк Фабий Квинтилиан – белгілі Рим шешені және педагог, Римдегі ең таңдаулы шешендік мектептердің бірінің негізін салушы, көп кешікпей оның есімі кеңінен таныла бастады және мемлекеттік болды. Өз мектебінің тәжірибесі және античный дүниенің педагогикалық ой-пікірінің жетістіктері негізінде Квинтилиан “Шешеннің тәрбиесі туралы” алғашқы арнаулы педагогикалық еңбекті жазды, онда кейбір жалпы педагогикалық мәселелер сөз болды.

Квинтилиан адам табиғатының оның дамуындағы ролі туралы мәселені түсінуге өз үлесін қосты. Ол адамның табиғи көрсеткіштеріне үлкен мән берді, балалардың табиғи қабілеттерін өте жоғары бағалады, ерте жас кезінің өзінде қабілеттіліктердің дәрежесін анықтауға болатындығына ешқандай күмән келтірмеді (кішкентай балалардың ойының алғашқы белгілері – есі, тез және дәл қабылдауы және қабылдағанды ұзақ сақтау, балада еліктеуге ұмтылудың ерте дамуы) сонымен қатар тәрбие арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болатындығын түсінді.Квинтилиан Рим қоғамының билігінің жоғары деңгейіндегі жанұя тәрбиесін сынға алды, балалардың жағымсыз адамгершілік қасеиттерін және үлкендердің жағымсыз мінез-құлқын қатты сынаған болатынды, жеке тұлғаның қалыптасуында балалардың жас ерекшеліктерін бағаламағаны үшін ата-аналарға ескерту жасады. 5-тен 7 жасқа дейін Квинтилиан Аристотель сияқты мектепке даярлыққа ерекше мән берді. Оның айтуынша, балалар 7 жасқа дейін екі тілді меңгеруге тиісті – ана тілін және грек тілін, әуелі грек тілін содан кейін ана тілін. Квинтилиан балаларды мадақтап отыруға кеңес берді, өз құрбыларымен бірге оларды жарысқа шақырып отыруға, марапаттардың қажеттігін айтты.

Рим педагогі балалардың сауаттылығын дамыту үшін оқытуға әдістемелік кеңестер беріп отырды. Ол оқыту үрлісін көрнекті құралдар арқылы өткізуге ерекше мән берді, оқытуда біржүйелік және бірізділік қағидаларды сақтап отыруға құнды кеңестер берді. Квинтилиан болашақ шешенге дамыған ес, көркем сөз, жақсы дауыс ырғағы және интонация, мәнерлі сөз, мимика қажет деген болатынды. Шешенді тәрбиелеудің негізгі құралы Квинтилиан өлеңдерді жаттау екенін, оның адамгершілікке тәрбиелеуге көмектесетіндігіне тоқталды. Логикалық ойлауды, ойдың бір жүйелігін, бірізділігін тәрбиелеу мақсатында ол математиканы оқытудың қажеттігіне тоқталды, оқытуды теориялық үйретуге, еліктеуге және жаттығуларға негіздей отырып, құру керектігіне мән берді.



Педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында Квитилиан дидактика мен әдістеменің негізін қалаған, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің талаптарын біржүйеге келтірген алғашқы арнаулы педагогикалық еңбектің авторы ретінде ерекше орын алады.


III тарау. ЯН АМОС КОМЕНСКИЙДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ТЕОРИЯСЫ

(1592-1670)
§1. Ян Амос Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері

§2. Я.А.Коменскийдің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы

§3. Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы

§4. Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны

§5. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы

§6. Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы



§7. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы
§1. Ян Амос Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері

Ян Амос Коменский - (1592-1670 жж.) - чех елінің белгілі ойшылы, педагог. Схоластикалық оқу жүйесіне қарсы шықты. Коменский - неміс феодалдары мен католиктік шіркеуге қарсы антифеодалдық қозғалыс, ұлттық күрес барысында қалыптасқан діни протестанттық секта – «Моравиялық бауырлар» топтарының бірінің басшысы. Дүниетаным мәселелерінде пантеизм-ге жақындады. Оның сенсуалистік таным теориясы мен дидактикасында едәуір материалистік тенденциялар бар. Коменский бойынша, таным - ақыл-парасат-тың оқып-үйренумен тығыз байланыста болатын белсенді процесі. «Танып-білуге, білім алуға, - деді ол, барлық адамдар қабілетті, сондықтан қарапайым халық білімге тартылуы керек». Педагогика тарихында Коменский тұңғыш рет ерекше ғылым ретінде дидактика жүйесін жасады. Оның дидактикалық припциптері (көрнекілік, дәйектілік, еліктеу, жаттығу) табиғат заңдарын ой елегінен өткізуді, таным мен білімді ұғымды түрде ұштастырып, баянды етуді көздеді. Коменскийдің салиқалы көзқарастары педагогиканың кейінгі дамуына игі ықпал жасады.

«Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі», «Ұлы дидактика», «Адамзат істерін түзету туралы жалпы кеңес», «Суреттердегі сезіммен қабылданатын заттардың әлемі», «Аналық мектеп», «Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары» сияқты бірнеше еңбектер жазды.

Алғашқы болып ана тілінде оқыту идеясын калыптастырды, балаларды сословиялық, жыныстық, т.б. белгілеріне бөлмей, барлығын бірдей қабылдай-тын мектеп құру қажеттілігін айтты.

Ұлы славян педагогі-гуманисі, жаңа педагогиканың негізін қалаушы Ян Амос Коменский, оның отаны чехия халқы неміс феодалдарының тарапынан ауыр ұлттық езгіге ұшыраған жағдайда болды. Чехия халқы өз бостандығы үшін күреске бас көтерді. Феодализмге халықтың қарсылығы діни-демократиялық, сектанттық қозғалыс сипатында болды.

Осындай демократиялық сектаттық ұйымдардың ішінде ХҮ ғасырдың басында табориттердің діни-коммунистік қауымы болды, осы қозғалыстың атымен аталды (Табор деген қаланың аты). Табориттер Чехиядағы бірден-бір радикалды, гуситтік ұлттық-діни қозғалыстың неміс дворяндары мен католиктік шіркеуге қарсы бағытталған плебейлік қанаты болып табылады. Табориттердің айтуынша, жақын арада “байлар да, жарлылар да болмайтын” күн туады, бәрі де тең болады, жекеменшік болмайды, бәрі де ортақ болады деген болатын-ды.

ХҮ ғасырдың бірінші жарытысында табориттер қауымы жеңіліске ұшырады. Оның қалдықтарынан “чех ағайындары” деп аталатын демократия-лық қауымдастық ұйымдасты, оның құрамына қолөнершілер мен шаруалар кірді. Я.А.Коменский 1592 жылы 28 наурызда Чехияда “чех ағайындары” демократиялық қауымға жататын жанұяда дүниеге келді. Бұл қауым чех халқының тәуелсіздігі үшін күреске бағытталған патриоттық бірлестігі болып табылады.

Я.А.Коменский ата-аналарынан ерте айырылып, ол “чех ағайындары” қауымдастығының қамқорлығының арқасында алғашында бастауыш және орта мектепті бітірді, кейін Гейдельберг университетіне түсіп, онда математикамен айналысты, Коперниктің ілімін оқып-үйренді. Европаның сол кездегі ірі орталықтарының бірі Амстердамда болды. Студент кезінің өзінде, Коменский чех тілінде халқы үшін кітаптар жазды. Ол былай деді: “Ғалымдар үшін ғылымды кітаптарда жасырып қоюға болмайды, себебі білім бәріне де қол жететіндей түсінікті болу керек”. Осы демократиялық идеясына Коменский өмірінің соңына дейін берік болды. 1614 жылы отанына оралғаннан кейін, Коменский кезінде орта білім алған мектепте мектеп басшысы болып тағайындалды. Кейіннен “чех ағайындылары” қауымы өздерінің қауымының священнигі етіп сайлайды. Коменский мектепке ерекше көп көңіл бөлді: мұғалімдер мен шәкірттердің қарым-қатынасында гуманистік бастаманы талап етті, мектеп тәжірибесіне білімнің ерекше түсініктілігін қамтамасыз ететін оқытудың тәсілдерін енгізді, оқушыларды табиғатпен таныстыруға, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, оны тануға қызығуын қалыптастыруға, “чех ағайындары” қоғамының мүшелерінің арасында насихаттауға, ерекше көңіл бөлді. Бұл кезеңде Коменский бірнеше педагогикалық еңбектерді жазуға кіріскен болатынды.

Отыз жылдық соғыстың басталуымен (1618-1648), “чех ағайындары” қауымы бүкіл чех халқымен бірге ұлттық тәуелсіздік үшін белсене күресе отырып, реакциялық топтардың тарапынан қуғындала бастады. Осындай қуғын-сүргіннен кейін “чех ағайындары” қауымы және оның жетекшісі Я.А.Коменскийге өз отанын тастап, уақытша Польшаға қоныс аударуға тура келді. Осындай қуғын-сүргіннің салдарынан оба ауруынан жолдасы және балалары қайтыс болады, оның қолжазбалары мен бағалы кітапханасы отқа жағылды. Польшаның Лешно қаласында орын тапқан Я.А.Коменский өз қауымынан қол үзе алмаған ол гимназия басшысының міндетін өзіне алды. Гимназияда тағы да ерекше табандылықпен мектеп тәжірибесіне жаңалықты, прогрессивті идеяларды енгізуді одан әрі жалғастырды. Коменский толықтай дене жазалауын және басқа да балаларға ықпал ететін өрескел шараларды, құрғақ жаттауды алып тастады және өзіндік іс-әрекеті, көрнекілікті кеңінен қолдануды және оқытудың төзімді жолдары мен тәсілдері кеңінен мадақтады. Өзінің тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетін ол өткендегі және бүгінгі педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық теорияны зерттеумен, педагогикалық еңбектерді жасауда күшейтілген жұмыстармен ұштастыра білді.

1631 жылы Коменский «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» атты оқулығын басып шығарды. Бұл еңбегі автордың есімін кеңінен танытты. 1632 жылы ол өзінің ең негізгі еңбегі «Ұлы дидактика» чех тілінде жарық көрді. 1638 жылы ол еңбек сол кездегі ғылым тілі - латын тіліне аударылды. Коменскийдің есімі бүкіл әлемге кеңінен танымал болды.

“Ұлы дидактика” педагогика тарихында педагогика ғылымын теориялық тұрғыдан негіздеген, оқыту теориясы - дидактикасының негізін қалаған ғылыми еңбек болды. Осы еңбек жарық көргеннен кейін Коменскийді әлемнің көптеген елдері Англия, Германия, Америка, Швеция және т.б. мектеп ісін қайта ұйымдастыру үшін өз елдеріне шақыруға ұсыныс жасаған болатын-ды.

1641-1654 жылдардың аралығында Коменский Англияда, Швецияда және Венгрияда болды, ол онда барлық ғылымдардың энциклопедиясын жасаумен, мектеп реформасын дайындаумен, оқулықтар және оқытудың әдістемесін жасаумен айналысты. 1648 жылы «Тілдердің жаңа әдісі» деп аталатын еңбегі жарық көрді және негізінен көрнекілік қағидасына негізделіп құрылған атақты оқулығы «Дүниені суреттер арқылы бейнелеу» атты еңбегі даярланып, кейіннен 1658 жылы жарық көрді. Бұл атақты оқулығы кейін дүние жүзінің барлық елдерінде аударылып, жарық көрді. Көптеген ғасырлар бойы ең құнды оқулық ретінде есептеліп келді.

1654 жылы Коменский Лешко қаласына қайта оралды. Алайда, швед-поляк соғысы кезінде Лешко қаласы 1656 жылы соғыста қиратылды. Коменский екінші рет өзінің қолжазбаларының, кітапханасының, өз мүлкінің көп бөлігінен айырылғаннан кейін, амалсыз Голландияға қайтып кетуге мәжбүр болды, өмірінің соңғы 14 жылын Амстердамда өткізді, онда өз шығармаларын басып шығарды.


§2. Я.А.Коменскийдің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
Коменскийдің көзқарасының қалыптасуына кей жағдайда қарама-қарсы факторлардың әсері болды: феодалдық қоғамның дәстүрлері, феодалдық қоғамның өз ішінде қалыптасқан капитализмнің өзімен бірге алып келген жаңалығы, “Чех ағайындардың” демократиялық (аяғына дейін бірізді болмағанмен) даму бағыттары және ғылымдағы материалистік лептің әсері зор болды.

Сол кезеңдегі материалистік бағыттар нақтырақ айтқанда, ең алдымен дүниенің шексіздігі туралы ілімді (Бруно), Беконның философиясын, ағылшын материализмнің негізін салушы, ол ғылыми білімнің негізіне бақылауды, тәжірибені, индукцияны алды және ол таным қабылдаудан басталды, біздің ойымызда түйсіктерден басқа ештеңе болмайды деп үйреткен болатын-ды.

Коменскийдің көзқарасына Қайта өрлеу дәуіріні табиғаттың алдында бас ию, оның адамның идеялын күшті жан мен тәнді жоғары қоюды, оның шығармашылық күштерін, қабілеттерін, қызығуларын жан-жақты дамыту идеялары өте күшті әсер етті. Коменскийдің көзқарасындағы қарама-қайшылық пен екі жақтылықты, мәселен, Коменский көзқарасында материализм элементтерінен аңғаруға болады, сонымен қатар діни шектеушілікті, терең гуманизмді және діни талаптарды орындамағаны үшін қатаң жазалау шараларын қолдауын жатқызуға болады.

Коменскийдің көзқарасының ерекшелігі оның педагогикалық еңбектерінде өзіндік із қалдырды. Еңбектерінде өте прогрессивті идеялармен, ережелерімен қатар жекеленген артта қалған діни көзқарастар мен ойлар кездеседі. Мәселен, ол дүниеге даярлықты тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырды. Бірақ артта қалған көзқарасы емес, алдыңғы қатарлы, прогрессивті озық көзқарасы Коменскийдің педагогикалық теориясының сипатын айқындайды. Ол өзінің мәні жағынан жалпыға бірдей және өте алдыңғы қатарлы озық идея ретінде көптеген елдерде педагогикалық теория мен педагогикалық тәжірибені одан әрі дамытуда ықпалы ерекше болды.

Гуманизм және демократизм Коменский педагогикасының басты негіздері болып табылады. Коменскийдің барлық өмірі мен еңбектері адамға деген ерекше сеніммен, сүйіспеншілікпен қарауға негізделді. Адам, оның көзқарасы бойынша, бұл “жетілдірілген, керемет құрылым”, ол табиғаттан қабілеттіктермен сыйланған, білім берудің ең жоғары сатысына көтерілген. Адамның білім алуға құқы, әрбір адаманың табиғи құқы ретінде қарастырылады. Коменский мектепті - “адамгершіліктің шеберханасы” деді.

Коменскийдің айтуынша, барлық балалар жынысына және тегіне қарамастан білім алуға құқылы. Балалар өздерінің қабілеттілігіне, дарындылығына қарай әртүрлі болады. Бірақ, қабілеттілігіндегі өзгешелік Коменскийдің түсіндіруінше, балалардың біреулеріне білім беру үшін айналысуға және басқаларымен сабақтан бұлтаруға негіз бола алмайды. Бұл тек ғана тәрбиешілерді бір сарынды емес, белгілі бір үлгі бойынша емес, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиенің нақтылы әдістерін анықтай білуге міндеттейді.

Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Коменский білім алуға барлық балалардың қолы жетуі қажет деп тұжырымдады. Ол былай деп жазды: “Мектептерге тек ғана байлар мен ауқатты адамдардың балаларын беру ғана жеткіліксіз, сонымен қатар барлығын беру керек: атақты және атақсыздардың, байлардың және кедейлердің, ер балаларды және қыздарды барлық қалаларда және жергілікті жерлерде селолар мен деревняларда”. Коменский осылай деп жалпыға бірдей оқыту қағидасын тұжырымдады. Ол қыздарды оқытудың қажеттігі жоқ дейтін дәстүрлі көзқарасқа қарсы шықты. Оқыту үрдісінде жалпыға бірдей демократиялық қағидаларды ұсынды.

Коменскийдің негізгі дидактикалық идеялары сенсуалистік сипатта болды: дүниені қабылдау, реализм, көрнекілік қағидасы негізінде тану. Коменскийдің айтуынша, “интеллектіде ең алдымен түйсіктерден басқа ештеңе жоқ”. Бұл Беконның сенсуалистік философиясына сәйкес келеді. К.Маркстің сипаттауынша, Бекон “ағылшын материализмінің және бүкіл қазіргі экспериментальді ғылымдардың негізін салушы болды”.


§3. Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы
Коменскийдің айтуынша, дұрыс тәрбие табиғатқа сәйкес болу керек. Сол кездегі кең тараған оқытудың схоластикалық әдістеріне қарсы күресе отырып, ұлы педагог-гуманист өнерде “бәрін барлық ғылымдарға үйрету” табиғаттың нұсқауларынан, заңдылықтарын басшылыққа алу, баланың дара ерекшеліктерін ескеріп отыру керектігіне ерекше мән берді.

Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасқан адам туралы көзқарастарға сүйене отырып, Коменский адамды табиғаттың бір бөлігі деп есептеді және табиғатта бәрі де, адамды қоса есептегенде, табиғаттың бәріне бірдей, әмбебап заңдарына бағындырылған.

Коменский “жалпыға бірдей табиғи әдісті” жасауды тұжырымдады, ол негізінен “заттардың табиғатынан” туындайды және оның айтуынша, “адам табиғатына” негізделеді деген болатын. Сондықтан да, ол өзінің педагогикалық қағидаларын негіздей келіп, ол табиғат құбылыстарын жиі-жиі сілтеме жасап отырды және адам іс-әрекетінен мысалдар келтірді.

Мысалы, оқытуды жалпы пәнмен таныстырудан, балалардың оны тұтас қабылдауынан бастау қажет екендігін, одан кейін оқып-үйренудің жеке бөліктеріне көшуді дәлелдеу үшін, Коменский табиғат барлығын да жалпыдан бастап, жекемен аяқтайды: мәселен, жұмыртқадан балапан шығарғанда, әуелі оның жалпы белгісі пайда болады, содан кейін барып оның жекелеген мүшелері дамиды. Осы сияқты Коменскийдің айтуынша, суретші де солай әрекет жасайды, ол әуелі бейнелейтін заттың жалпы белгісін жасайды, ал содан кейін оның жеке бөліктерін салады.

Бірақ, мынаны ескере кетуіміз керек, адамдардың табиғаты мен іс-әрекетіне жиі сілтеме жасау Коменскийде өзінің педагогикалық қағидаларының дұрыстығын дәлелдеу үшін қолданылған тек ғана өзіндік тәсіл болып табылады. Осындай мысалдар оған өзінің бай педагогикалық тәжірибесін және сол кезден алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені дәлелдеу үшін көмектесті. Коменский оқыту үрдісінің табиғатына терең бойлады. Баланың психикасымен санаспаған схоластикалық мектепке қарсы болды, ол оқыту үрдісін адам дамуының заңдылықтарын білуге, құруға ұмтылды. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде қарады. Табиғатқа сәйкес деп, Коменский бойынша, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған оқыту үрдісі болып табылады.
Схема 8.

Я.А.Коменский бойынша тәрбиенің мақсаты мен міндеттері


Эстетикалық тәрбие




3-ші басқыш – құдайға талпыну Діни тәрбие




О дүниедегі мәңгілік өмірге дайындалу



2-ші басқыш – өзін-өзі басқару Адамгершілік тәрбие






1-ші басқыш – өзін-өзі және қоршаған әлемді тану

Ақыл-ой тәрбие



Еңбек және дене тәрбиесі

Коменскийдің барлық педагогикалық шығармаларының өне бойына, оның ішінде негізгі педагогикалық шығарма – “Ұлы дидактиканың негізіне дұрыс тәрбие барлық жағынан табиғатқа сәйкес болу керек” деген тұжырым жасалды.

Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы, Коменскийден бастап, ХҮІІ және ХІХ ғ.ғ педагогиалық жүйелерінде әлденеше рет кездеседі. Әрбір педагогика (Коменский, Руссо, Песталоцци, Дистервег және т.б.) бұл қағиданы әртүрлі қарастырды.
§4. Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны
Я.А. Коменский табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасын табиғаттың жалпы заңдарына сүйену ретінде түсінумен қатар, ал жас кезеңдерін, мектеп жүйесін және кейбір дидактикалық қағидаларды және ережелерді негіздеуге адам табиғатын (туа біткен белгілер) және балалардың табиғи жас кезеңдеріне сүйену кездеседі.

Я.А. Коменский адамның табиғатын ескере отырып, балалардың жас кезеңдерін әрқайсысы 6 жастан 4 жас кезеңіне бөліп қарастырды:



  • балалық шақ – туғаннан бастап 6 жасқа дейін;

  • жеткіншек шақ – 6 жастан 12 жасқа дейін;

  • жастық шақ – 12 жастан 18 жасқа дейін;

  • ересектік шақ – 18 жастан 24 жасқа дейін.


7-кесте

Я.А.Коменский бойынша жас ерекшелік кезеңдері


Жасы

Атауы

Даму сипаты

0-6 жас

Балалық

Бойдың өсу мен дене дамуы

6-12 жас

Жеткіншек

Зейіннің және қиялдың , тіл мен қолдың дамуы

12-18 жас

Жастық

Ойлау, түсіну және ақылдың дамуы

18-24 жас

Ересектік

Жігер мен үйлесімділікті сақтау қабілетінің дамуы

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, осындай жас кезеңдерге бөлді: Ол әр жас кезеңіне сипаттама береді. Балалық шақ - баланың дене жағынан тез қарқынмен өсуімен және сезім органдарының дамуымен сипатталады; жеткіншек шақ- есі мен қиялының, оның орындаушы органдары – тілі мен қолы дамиды; жастық шақ кезінде көрсетілген сапалардың дамуымен қатар өте жоғары деңгейде ойлау деңгейі дамиды және ересектік шақта – ерік-қайраты мен қабілеттілігі жан-жақты дами түседі.

Әрбір осы жас кезеңдерге жас ерекшеліктеріне сәйкес Коменский білім берудің ерекше сатысын ұсынады.

- 6 жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектепті ұсынады. Ананың басшылығымен мектепке дейінгі тәрбие іске асырылады.

- Жеткіншектер (6 жастан 12 жасқа дейін) үшін әрбір қауымда, жергілікті жерлерде алтыжылдық ана тілі мектебін ұсынады.

- Жастық шақ кезеңіндегілер (12 жастан 18 жасқа дейін) әрбір қалада латын мектебі немесе гимназия ұсынады.

- Ересектер үшін (18 ден 24 жасқа дейін) әрбір мемлекетте немесе облыстарда – академия болғаны жөн.

8-кесте

Я.А.Коменский бойынша мектептер жүйесі мен білімнің мазмұны


Мектеп-тің типі

Орны

Жасы


Қатысушы-лар

Білімнің мазмұны

Оқулық

Отбасылық тәрбие



Үйде


0-6 жас. балалар



Барлық балалар



Езіну органдарының дамуы, еңбекке баулу, дене және адамгершілік тәрбие, эстетикалық тәр-биенің бастамалары. Ұғымдарды түсінікті нысанда игеру.

«Ана мектебі»


Ана тілі мектебі


Село, қала



6-12 жас. Жеткін-шектер

Барлық балалар



Оқуды, жазуды, санауды, ән салуды, дінді, қолөнерді оқыту. Адам-гершілік, саясат элемент-терімен танысу.

«Картиналардан сезімталдық арқылы қабылданатын заттар әлемі»

Латын мектебі немесе гимназия


Уезд, қала


12-18 жас. Жастар


Ана тілін үздік бітіргендер



Жеті еркін өнер – физика, география, тарих, ана тілі, латын және грек тілдері, жаңа тілдердің бірі (француз, неміс, ағылшын). Әрбір сыныптың өзіндік атауы болады: грамматика-лық, физикалық, математи-калық, этикалық, диалекти-калық, риторикалық

Тілдер мен барлық ғылымдарға ашылған есік



Академия немесе универ-ситет

Әрбір мемле-кетте

18-24 жас. Ересек-тер

Неғұрлім қа-білетті, бо-лашақ қоғам қайраткерле-рі, ғалымдар

Заңгерлік, медициналық, діни факультеттер. Оны бітіргеннен кейін әлемдік саяхатқа шығу

Жазылмаған


Сонымен, Коменский балаларды жас кезеңдерге бөлуге бірыңғай мектептің демократиялық қағидасын ұсынған болатын-ды. Әрбір білім беру сатысы үшін Коменский оқытудың мазмұнын жан-жақты талдады.

Аналық мектеп – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сатысы, онда негізгі тәрбиеші ана болып табылады. Аналық мектепте сабақ Коменскийдің идеясы бойынша, белгілі қатаң бағдарлама бойынша ерекше қарапайым осы жас кезіндегі балаларға түсінікті әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып өткізу қажет болды. Аналық мектептің бағдарламасына ғылымның барлық салаларынан алғашқы мәліметтер енгізілді. Онда балалар су, жер, ауа, жаңбыр, қар, мұз, тас, темір, ағаш, шөп және т.б. дегеніміз не екендігін білу қажет болды, табиғаттанудан қарапайым мәліметтерді меңгеру тиіс болды. Балалар бояуды ажырата білу, аспанның, күннің, айдың не екендігі туралы жағырапия ғылымынан мәліметтер мен алғашқы түсініктер берілді.

Коменскийдің айтуынша, аналық мектеп балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше мән берді (адамды сүю, үлкенге құрмет, кішіге ізет, тәртіпті болу, кішіпейілділік және т.б.)

Ана тілі мектебі аналық мектептен басталған оқытуды жалғастыра отырып, онда алған білімді кеңіте және тереңдете отырып, адам өміріне қажетті: атап айтқанда, ана тілінде жазылғанның бәрін еркін оқу, анық, тез және дұрыс жаза білу, санай, өлшей білу, ән салу және т.б.

Бірақ, Коменский онымен шектелмеді. Оның түсіндіруінше, шәкірттер мораль қағидаларын білу, түсіну және өмірде іске асыруға ұмтылу қажет, азаматтық тарих туралы жалпы түсініктері болуы, космографияның және жағырапияның элементтерін білу, шаруашылықтан және саясаттан хабардар болу қажеттігіне тоқталды.

Демек, бұл сол кездің өзінде ана тілін оқытуға негізделген бастауыш оқытудың ерекше бағдарламасы болып табылады. Ана тілі мектебінің ортағасырлық мектептерден ерекшелігі ортағасырлық мектептерде барлық оқыту өмірден алшақ берілді, тек ғана латын тілінде оқытылды, ал ана тілі мектебінде бастауыш мектептегі оқыту тек ғана ана тілінің негізіне сүйенді.

Латын мектебін немесе гимназия ұйымдастыруды Коменский әрбір қалада белгіледі. Латын мектебінің бағдараламасына ортағасыр мектептеріне тән “жеті ерікті өнерлермен” ескі мазмұнымен жаңа мазмұнын ұштастыруға ерекше мән берді. Академияда Коменский сол кездегі жоғары оқу орынары тәжірибесінде кеңінен қолданылған діни, заңгерлік және дәрігерлік үш факультетті ұйымдастыруға өз үлесін қосты.


§5. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы
Коменскийдің еңбектерінде неге және қалай үйрету керек деген мәселе ерекше орын алады. Ортағасырлық мектептің берген білімі, онда қолданылған схолостикалық оқыту тәсілдері және шәкірттерге әсер етудің қатаң шаралары оны қанағаттандырмады. Коменский бұл мектепті балаларды қорқытып-үркітудің және ақылдылардың түрмесі деп атады. Ол шәкірттерді дамытпады, керісінше, ақыл-ой қабілеттілігін тежеп отырды, олардың оқуға деген ықыласын өлтіріп отырды.

Мектеп, Коменскийдің пікірінше, адамдардың тірі шеберханасы болу тиісті, немесе, оның айтуынша, “ізгіліктің шеберханасы”, “жарықтың шеберханасы” деп бағалады. Мектеп адамды ақылды, адамгершілікті, қайырымды ету үшін бәріне үйрету керек деді. Бұл дегеніміз шәкірттер мектепте жан-жақты білім алу керек. Мектепте берілетін білім жеңіл-желпі ат үсті болмау керек, берік берілетін білім болуы керек, демек, адам басқаның ақылын басшылыққа алмау керек, өзінің ақылымен жұмыс істеу керек, тек ғана кітаптан оқып қою, заттар мен құбылыстар туралы басқаның пікірін түсіну жеткіліксіз, өзінің жеке басында заттардың мәніне үңіле білу қабілеттілігін дамыту және шын мәнінде оларды дұрыс түсіне білуді қалыптастыру қажет.

Осыдан келіп, ұлы педагог жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасына жан-жақты білім негіздерін енгізді (гуманитарлық және реалдық). Мектепте моральді оқытуды енгізуді ұсынды. Дінге сенетін адам ретінде мектепте дінге ерекше мән берді.

“Ақылды, адамгершілігі мол, қайырымды адамдарды” дұрыс даярлау үшін, уақытында оқу бағдарламасын уақытында жемісті іске асыру үшін Коменский мектеп ескі оқытудың әдістерінен, қорқытудың варварлық тәсілдерінен және оқушының жеке басын жаншудан бас тартудың қажеттігін атап өтті. Осыны қамтамасыз ету үшін, демек, оқытудың тиімді ұйымдастыру үшін оқытудың дидактика негіздерін түбірімен өзгерту керек деген болатын.

Ескі ортағасырлық мектепте негізделген жүйеге қарама-қарсы ол өзінің көптеген ережелерінде жаңа дидактикалық негізде қарастырды. Коменскийдің дидактикасы ортағасырлық мектепке қарағанда, оқыту үрдісін “өміршең және табиғи, жеңіл және жемісті” ету үшін бағытталды.

Ескі варварлық оқыту әдістеріне, өз мәні жағынан негізіне “табиғи әдісті” немесе табиғатқа сәйкестікті, яғни, оқытудың әдістерімен табиғат заңдылықтарының арасындағы сәйкестікті жатқызады. Коменский өз дидактикалық қағидаларын табиғатқа сілтеме жасау арқылы дәлелдейді және бекітеді. Ол негізінен өсімдіктердің өміріне, құстардың дамуына, бағбанның, архитектордың қызметіне сілтеме жасайды және т.б.

Біріншіден, Коменскийдің түсіндіруінше, дидактиканың “алтын ережесін” төменгіше түсіндірді: “Бәрі де сезім органдары арқылы қабылданады, атап айтсақ: көретін нәрсе – қабылдау үшін көру сезімімен, еститін нәрсе – есту сезімімен, иіс – иіс сезімімен, дәмін тату – дәм сезімімен, сипап-сезу - сипай-сезу арқылы іске асады. Егер қандай да заттар мен құбылыстарды бірнеше сезіммен бірден қабылдауға болады, мейлі олар бірден бірнеше сезімдер арқылы қабылдансын”.

Коменскийдің талап етуінше, оқу заттар мен құбылыстар туралы сөздікті баяндаудан басталмау керек, оларды нақты бақылаудан бастау керек. Табиғи мүмкін болатынды бақылау қажет, бірақ заттарды тікелей бақылау мүмкін болмаған жағдайда оларды суреттермен, моделдермен ауыстыру керек.

Негізгі дидактикалық қағидалардың бірі ретінде көрнекілікті талдауда Коменскийдің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Сол кездегі қалыптасқан көрнекілік оқытудың кейбір практикалық іс-тәжірибесін ол ұлы ғұлама-педагог ретінде негіздеді, жинақтады, әрі қарай тереңдетті және кеңейтті, тәжірибеде көрнекілікті кеңінен қолданды, өзінің оқулықтарын суреттермен қамтамасыз етті. Мағынасыз, механикалық жаттауға, догматикалық оқытуға Коменский оқытудың саналылық талаптарын қарсы қойды. Коменский біржүйелік оқытуға ерекше мән берді. Ол құбылыстардың арасындағы байланыстарды оқушылардың түсінуінің қажеттігін атап көрсетті, оқу материалын біржүйелікпен дұрыс ұйымдастыру керек, ол шәкірттерге хаос (жүйесіз) түрдінде болмауы керек, негізгі қағидалар түрінде қысқаша баяндалған болуы керек.

Схема 9.

Я.А.Коменскийдің дидактика принциптері (қағидалары)


Дидактика – оқыту теориясы




Көрнекілік

Саналылық




Оқыту принциптері




Бірізділік

Жүйелілік



Шамаға сай

Беріктілік

Коменский дидактикалық қағидаларының бірі – оқытудың бірізділік қағидасына жан-жақты тоқталды. Барлық шәкірттерге ұсынылған материалдарды меңгеру үшін жаңа материалды оқыту оның алдындағы сабақта даярланған материалдың тікелей жалғасы болуы керек.

Оқыту үрдісінде, оның айтуынша, деректерден қорытындыларға, мысалдардан ережелерге жүріп отыру керек, демек, бұл деректер мен мысалдарды жүйелейді, жинақтайды; нақтылыдан абстрактыға, жеңілден қиынға, жалпыдан жалқыға жүріп отыруды талап етті.

Я.А.Коменский балалардың жас ерекшеліктерімен санаса отырып, ең алдымен шәкірттердің түйсіктерін, одан кейін есін, одан әрі ойларын, ең соңында тіл мен қолын дамыту қажет деп кеңес береді, себебі шәкірт меңгергенді дұрыс айта білуі және оны күнделікті ісінде қолдана білуі қажет.

Я.А.Коменский оқытудың түсініктілік қағидасы туралы құнды кеңестер береді. Шәкірттерге оқыту тек ғана жас шамасына лайықтап беру керек. Шамаға лайықтылық және түсініктілік қағидалары оқытудың анықтығына байланысты, негізгі мәселелерді хабарлау арқылы іске алады.

Сонымен қатар Коменский оқытудың беріктілік қағидасы туралы да құнды кеңестер берді. Коменский “берік негіз қалану керек, оқытуда асықпау керек, оқушылар берілген материалды толық меңгеруі қажет”.

Оқу материалын берік меңгеруде жаттығулардың және қайталаудың мәні орасан зор. Коменский оқушылардың таным қабілеттіліктерін дамытуға ұмтылып отырды. Оқыту жұмысының нәтижесі белгілі дәрежеде қолданылатын ұйымдастыру түрлеріне, әдістеріне және тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі. Коменскийді сол кезде үстемдік еткен оқытудың түрі де, оқытудың қолданылатын әдістері де ешқандай да қанағаттандырмады. Оқытудың түрі оқушыларға негізінен тапсырма берумен және әрбір оқушыдан негізінен тапсырма берумен және әрбір оқушыдан сабақ сұраумен шектелді.

Ал педагогика тарихында тұңғыш рет әртүрлі әдістерді қолдана отырып, жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсынды, оның ішінде көрнекті оқыту әдістеріне ерекше орын берді. Коменский алғаш рет жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсына отырып, төмендегі негізгі мәселелерге ерекше назар аударды:

1) оқу жылы белгілі жыл мезгілінің тек ғана бір күні басталуы қажеттігін ұсынды;

2) ғылыми білімнің барлық жиынтығы сыныптарға дәл бөліну туралы;

3) уақыт сондай дәл бөлінген болу керек, әрбір жыл, ай, күннің өзінің ерекше міндеттері болу керек. Коменский оқу жылы және оның оқу тоқсандарына бөлінуі ұғымын алғаш рет бекітті, оқу демалыстарын (каникулдары) енгізді, оқу күнін ұйымдастыруды анықтады (4 сағат ана тілі мектебінде, 6 сағат латын мектебінде) теориялық тұрғыдан сынып-сабақ жүйесінің негізін салды және оны тәжірибеде қолданды, іске асырды.
9-кесте

Я.А.Коменский бойынша мектептер жүйесі мен білімнің мазмұны


Сынып

Сабақ

Мектептік жыл, күн

Жастары қатар оқушқуылар құрамы

Ұзақтығы - 45 минут

Оқу жылы 4 тоқсанға бөлінеді

Оқушылар саны 300-ге дейін

Сабақтың мақсаты мен міндетін анықтау

Мектепке қабылдау жылына 1 рет - күзде

Оқушыларды ондықтарға бөлу, ондықты басқарушы декурион өзінің ондығын оқытады

Сабақ түрлерінің өзгеруі: түсіндіру, жаттығу, сауалнама


Оқу жылының аяқталуы – егіс басталғанда



Тәртіп

Сабақ үстінде ұжымдық жұмыс

Тоқсандар арасындағы каникулдар

Оқушылардың белсенділігі – табыстың ең басты шарты

Білімдерді есепке алу: күн сайын – декурион, әр сабақта – мұғалім, айына 1 рет – ректор, тоқанның аяғында – сынақ, жылдың аяғында көшу емтихандары

Оқу күні: ана тіліндегі мектепте 4 сағат, латын мектебінде – 6 сағат


Коменскийге дейін мектептерге шәкірттерді қабылдау әртүрлі уақытта, бүкіл оқу жылының бойында жүргізілді. Шәкірттер сыныпта бірге отырғанмен, бірақ сыныптағы барлық оқу шәкірттермен көп жағдайда ұжымдық сабақ болмады. Мұғалім әр шәкіртпен жеке жұмыс жүргізді. Сонымен, Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесінің негізін сабақты қалай жоспарлау, өткізу керек, шәкірттерден сұрап отыруға, сонымен қатар сабақта жаңа материалды түсіндіріп отыруға және жаттығуларға ерекше көңіл бөлді.

Сабақты жүргізуде мұғалімнің атқаратын қызметі ерекше. Кітаптар, оқулықтар – бұл тілсіз мұғалімдер. Тек ғана мұғалімнің сабақта материалды түсіндіргеннен кейін ол шәкірттің жан дүниесінде жаңарып, терең із қалдырады. Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық қарым-қатынаспен, балаларға жүрек жылуымен, кейде әзіл-оспағымен түсіндіру арқылы шәкірттердің сабаққа деген ынтасын оятады. Сабақтағы шәкірттердің зейініне ерекше мән берді. Ал зейінді жарықпен салыстырады. Әсіресе, сабақты ойдағыдай меңгеру шәкірттің сабаққа зейін аударуына тікелей байланысты.Я.А. Коменский мұғалімдерді шәкірттермен, сыныппен жұмыс істей білуге үйретті.

Я.А. Коменский мұғалімге ерекше мән берді. Мұғалім мамандығының өте құреметті, абыройлы мамандық екеніне тоқтала келіп, оны өте жоғары бағалады: “Оларға (мұғалімдерге) тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес”, - деген болатын. Бұл мұғалімге, оны ұлы мәртебелі ісіне жаңаша, прогрессивті көзқарас болып табылады. Бұл мәселе күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей отырған өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Я.А. Коменский: Мұғалім, - деп жазды, - ол әруақыттада таза, белсенді, табанды, шәкірттерге адамгершілік қасиеттің үлгісін көрсетуі тиіс, сонымен қатар білімді, еңбексүйгіш болуы керек.

Коменский теориялық оқулық қандай болу керектігі туралы құнды теориялық ойларды ұсынды және бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, осы теориялық қағидаларын іс жүзіне асырды. Оның айтуынша, оқулықтар дәл және түсінікті тілмен жазылуы керек, оның сыртқы түрі балалар үшін өте тартымды болуына тоқталды.

Я.А. Коменскийдің “Тілдердің және барлық ғылымдардың есігі ашық” (1631) және “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” (1658) оқулықтары ерекше кеңінен тарады.

Ресейде Я.А. Коменскийдің оқу кітаптары кеңінен тарады. Оның ішінде “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты оқу құралы ХҮІІ ғ. аяғында Ресейде қолданыла бастады. Ол кітаптарды Москва, Петербург оқу орындарында ХҮІІІ ғ. басында пайдаланды.


§6. Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы
Я.А. Коменский білім беру мен тәрбие мәселелерін бір-бірінен бөліп қараған емес, әр уақытта бірінсіз екіншісін елестете алмады. Білім беру мен тәрие ісін бір-бірімен байланыста қарастырды. Коменскийдің пікірінше, тәрбиенің үш сатысы, үш міндеттері болады: өзін-өзі және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі), өзін-өзі басқару (адамгершілік тәрбиесі) және құдайға құлшылық ету (діни тәрбие). Ортағасырдағы педагогтардан айырмашылығы Коменский бірінші міндеттерді шешуге ерекше мән берді, яғни ақыл-ой тәрбиесін бірінші орынға қойды. Ол оқыту үрдісінде берілетін бір ғана ғылыми білім беру шәкіртті жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыра алмайды.

Я.А. Коменский тәрбиенің ролін өте жоғары бағалады. Адам тәрбиенің арқасында ғана адам болады, ол балалық жас кезеңінде берілуі қажет деп жазды. Ол “кез-келген баладан адам қалыптастыруға болады”, - деп тұжырымдады. Қабілетті, ұқыпты және педагогтың ықпалына көнгіш балалармен қатар, қабілетсіз жалқау және қыңыр келетін өте аз балалардың тобы кездеседі дей келіп, Коменский бұл топтағы балаларды да тәрбиелеу және оқыту керек екендігін сендірді. Адамның өзін-өзі басқара білуі, Коменскийдің көзқарасы бойынша, тәрбиенің үш түрінің бірі болып табылады. Ол адамгершілік тәрбие арқылы іске асады. Платоннан және Аристотельден кейін, Коменский негізгі адамгершілік сапарларға даналық, бірқалыптылық, батылдық және әділеттілікті жатқызды.

Даналық ұғымы Коменскийдің көзқарасы бойынша, бұл адамгершілік қасиет негізінен оқыту үрдісінде шәкірттерді ғылым, өнер және тілдер негіздеріне үйретуде, демек, “ғылыми білім” үрдісінде тәрбиелейді.

Бірқалыптылық Я.А.Коменскийдің айтуынша, оқушыларда әруақытта да “шамадан тыс асып кетпеу” қабілеттілігін тәрбиелеу, әруақытта бірқалыптылықты сақтауға тәрбиелеуді ұсынды. “Бірқалыптылықты тамақта, ұйқыда және жұмыста және ойында, әңгімеде және тыныштықтыққа сақтап отыру” қажет деді.

Батылдылық – бұл жеке тұлғаның бағалы адмгершілік қасиеті. Батылдылық, демек, адамда дамыған ой мен берік еріктің, өз іс-әрекетін және қылықтарын ақылмен анықтай білудің болуын қажет етеді. Табандылық пен шыдамдылық Коменскийде батылдылықтың бір-бірінен бөлінбейтін сапалары ретінде қарастырылады.

Батылдылық және басқа да адамгершілік қасиеттер оқушыларға бірден берілмейді, оқыту үрдісінде бірте-бірте пайда болады.

Еңбектегі шыдамдылықты қалыптастыру. Бұл адамгершілік қасиет, Коменскийдің айтуынша, жастық шақ кезіндегі жастарға ерекше қажет. Еңбектегі шыдамдылықты қалыптастыру әруақытта да балалардың қандай болмасын іспен айналысуы болып табылады.

Осы басты адамгершілік қасиеттермен қатар, Коменский балаларда қарапайымдылық, басқаның айтқанын тыңдау, ұқыптылық, кішіпейілділік, үлкенді сыйлау, еңбексүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға кеңес берді.

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарына Коменский: ата-ананың, мұғалімдердің, жолдастарының үлгісін, балаларға ақыл-кеңес беру, әңгіме өткізу, адамгершілік мінез-құлыққа балаларды жаттықтау, жағымсыз мінез-құлыққа қарсы күресті жатқызды.

Я.А.Коменский адамгершілік тәрбиесіне төмендегідей негізгі талаптарды қойды: - адамгершілік қасиеттерді кішкентай кезден бастау керек;

- адамгершілік қасиеттерді сөзбен емес, іс-әрекетпен тәрбиелеу;

- балаларды тәрбиелеуде өмірден және тарихтан алынған мысалдарды кеңінен пайдалану;

- балаларды бүлінген адамдардың қауымынан және кез-келген басқа да адамгершілікке жат қылықтардан сақтандыру.

Схема 10.

Я.А.Коменскийдің адамгершілік тәрбие жүйесі


Тәлімгерлік әңгімелер

Адамгершілікке жаттығу



Жалқаулық пен жүгенсіздікке қарсы күрес

Үлкендердің үлгі-

өнегесі



Тәртіп


Адамгершілік тәрбие құралдары



Өзін-өзі ұстау - адамгершілік тәрбие


Түбегейлі ізгіліктер







Даналық болжағдайда борышын өтеп, елге сғ

Әділеттілік


Ерлік

Әрқашан да ұстамдылық



Қосымша ізгіліктер




Сабырлық, шыдамдылық, қажет болған жағдайда борышын өтеп, елге септігін тигізуге әзірлік




Сыпайылық, құлақ қоюшылық, басқа адамдарға мейірбандылық, сүйкімділік, ұқыптылық, әдеп-тілік, үлкенге құрмет көрсету, еңбексүйгіштік

Оқыту және тәрбие мәселелерімен тығыз байланыста тәртіп мәселесін оны жаңаша және кең көлемде шеше біледі. Тәртіп әрбір мектепке ауадай қажет. “Тәртіпсіз мектеп, сусыз айналған диірменмен бірдей” деген чех халқының мақалын жиі пайдаланды.

Я.А.Коменскийдің тәртіп мәселесіне ерекше мән бере отырып, үлкен үлес қосты. Ол баланың адамгершілік қасиеті мен жеке басын басып-жаншуға, ұрып-соғуға, таяқ тәртібіне негізделген ортағасырлық мектепке қарсы шықты. Ол тәртіпті қоя білді, сонымен қатар мұғалім оқушылардың арасында қажетті тәртіпті орнатудың қажеттігін түсіне білді. “Жақсы үлгілермен, жылы сөздермен және әруақытта да шынайы да, балаға жүрек жылуымен тәртіпті орнатуды қолдады”.

Я.А. Коменский балалардың дене жағынан жазалауға қарсы шыға отырып, мектептерде қолданбауды күн тәртібіне қоя отырып, бұл мәселеде екіжақтылық аңғартты. Ол ерекше жағдайларда және мектеп кеңесінің шешімі бойынша, егер оқушы құдайға қарсылық білдірген жағдайда немесе тентектік жасағанда қолдануды қажет деп тапты.

“Жақсы ұйымдасқан мектептің заңдары” атты шағын шығармасында қысқаша ережелер түрінде көптеген құнды ұсыныстар жасады. Онда мектеп ережесін дұрыс ұйымдастыруға, мектепті басқаруға, мұғалімдердің міндеттеріне, оқушылардың тәртібіне қатысты мәселелерге қатысты болды. Ережелер оқушылардың білімін ескертудің тәртібі мен тәсілдерін жан-жақты бекітеді.

§7. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы
Педагогика тарихында Я.А.Коменский – ең белгілі, аты әлемге танымал ірі тұлғалардың бірі. Өз дәуірінің алдыңғы қатарлы іліміне сүйене отырып, демократиялық сипаттағы және бұқара халықтың ағарту ісіне ұмтылысын бейнелейтін педагогикалық жүйені жасады. Коменский жалпыға бірдей оқыту, бірыңғай мектеп жүйесі, ана тіліндегі мектеп, жеңіл де және түсінікті оқыту үшін күресті. Балаларды ерте жас кезінен бастап, мүмкіншілігі келетін еңбекке баулу қажеттігін атап көрсетті.

Я.А. Коменский - өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға. Ол тәрбиенің мақсаттары туралы, оқытудың мазмұны туралы мәселелерде ортағасырлық діни көзқарасқа бой ұрды. Бірақ оның жүйесі тұтас алғанда прогрессивтік сипатқа ие болып табылады. Негізгі педагогикалық мәселелерді алдыңғы қатарлы, ал кейде тіпті өз дәуірінің материалистік теориясының және мектебінің озық тәжірибесі рухында шеше білді.

Я.А. Коменский дидактика саласында алғашқы жаңашыл педагог-гуманист ретінде көптеген құнды прогрессивті дидактикалық идеяларды, қағидаларды және оқу жұмысын ұйымдастырудың ережелерін ұсынды (оқу жылы, каникулдар, оқу жылын оқу тоқсандарына бөлу, күзде бір мезгілде балаларды мектепке қабылдау, сынып-сабақ жүйесі, оқушылардың білімін ескеру, оқу күнінің ұзақтығы және т.б.).

Белгілі дидактик ретінде Коменский оқытудың өміршеңдігі, реализмі қағидасын ұсынды, гуманизм және табиғатқа сәйкестік талаптарынан туындай отырып, балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескертуді, көрнекілікті қолданудың негізінде таным қабілеттіктерін дамытуды талап етті, оқытудағы қызығу, зейін, есте сақтау мәселелерін талдады және оқытудың негізгі қағидаларын және ерекшелерін айқындап берді. Ол алғаш рет сабақ теориясны терең талдап берді.

Я.А.Коменский бүкіл дүние жүзінде педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына орасан зор әсер етті. Оны жаңашыл педагог, дидактиканың ғылыми негізін салушы ретінде көптеген батыс елдері өздерінің мектеп ісін ұйымдастыруға және жаңартуға шақырып, тәжірибе алмасты (Англия, Швеция, Венгрия және т.б.).

Оның оқулықтары көптеген шет тілдерге аударылды, оның ішінде ХҮІІ және ХҮІІІ ғ.ғ. Ресейде аударылды. Бұл оқулықтар алғашқы оқытудың 150 жылдан астам уақыт ең сапалы оқулықтары ретінде басқа прогрессивті педагогтардың оқулықтар жасау үшін үлгі болып табылды.

Орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский ХІХғ. 60 жылдарында былай деп жазды: “Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар туралы ғылым педагогикалық бастауын біз Коменскийдің “Әлем – картиналар түрінде” еңбегі деп есептейміз. Коменскийдің оқулықтары мен дидактика мәселелері жөніндегі ұсыныстары күні бүгінге дейін әртүрлі елдердің мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді. Коменский ұсынған дидактикалық қағидалар, жалпыға бірдей міндетті білім беру, мектепті демократияландыру, ана тілі, білім беру жүйесін жетілдіру бүгінгі күні де күн тәртібінен түспеген мәселелер болып табылады.

Лейбництің айтуынша, Декарт пен Бекон философияның, Коперник астрономияның дауында қандай еңбек сіңірсе, педагогика ғылымын дамытуда Коменский сондай еңбек сіңірген болатын-ды.

Ұлы педагогтің қиялдаған көптеген мәселелері күні бүгінге дейін өз мәнін жазған жоқ. Я.А.Коменский бала тәрбиесі туралы ғылымның негізін сала отырып, педагогиканың дидактика саласында жаңашылдық идеяны негіздей отырып, бүкіл әлемдік педагогиканың дамуына ерекше ықпал етті.

Я.А. Коменскийдің педагогикалық мұрасын орыс педагогикасының ұлы классигі К.Д.Ушинский, қазақтың ұлы ағартушы, педагогы Ы.Алтынсарин және басқа да ХІХ ғ. ІІ жартысында Ресейді мекендеген орыс емес ұлттардың педагогикасының өкілдері Я.С.Гогебашвили, Уавчавадзе, М.Ф.Ахундов, Г.Агаян, Карм Насыри, И.Я.Яковлев және т.б. ағартушы-педагогтары өз шығармаларында Я.А.Коменскийдің педагогикалық мұрасын насихаттауда біршама еңбек сіңірді.





IV тарау. ЖАН-ЖАК РУССОНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ТЕОРИЯСЫ (1712-1778)
§1. Жан-Жак Руссоның қысқаша ғұмырнамалық деректері

§2. Тәрбиенің мақсаты мен сипаты



§3. Руссоның педагогикалық көзқарасы

§1. Жан-Жак Руссоның қысқаша ғұмырнамалық деректері

Жан-Жак Руссо – көрнекті француз ағартушы, жазушы және философ-ойшылы.

Ол 1712 жылы сағат шеберінің жанұясында дүниеге келді. Руссо біржүйелі білім ала алмады. 16 жасында ол Женеваны тастап, 30 жасына дейін ол әртүрлі жұмыстарды атқарды, қара жұмыс, музыкант, музыка оқытушысы және тағы басқа жұмыстар. Осы жұмыстармен қатар Руссо өз бетімен білім алумен айналысты. Ерекше қызығушылықпен Лейбництің, Декарттың, Локаттың, Вольвтердің және басқа да көрнекті ойшылдардың шығармаларын оқып үйренді. 

1741 жылы ол Парижге келіп, Франциядағы ағартушылық философияның көрнекті өкілдерінің қоғамына кіріп, олармен бірге белгілі Энциклопедияда жұмыс істеді. 

Руссо бірнеше еңбектер жазды: “Ғылымдар мен өнерлер туралы” (1750), “Адамдардың арасында теңсіздіктің пайда болуы және себептері туралы” (1754), “Жаңа Элоиза” (1761), “Қоғамдық шарт” (1762), педагогикалық роман “Эмиль, немесе тәрбие туралы” (1762), бұл еңбектер оның есімін әлемге танытты.  Өзінің қоғамдық-саяси көзқарасы бойынша Руссо ұсақ буржуазиялық демократ болды, ұлттық тәуелсіздіктің сенімді жақтаушысы болды. Руссо адамдардың арасында қалыптасқан теңсіздікті қатты сынға алады. Руссо, Плехановтың айтуынша, “тырнағының аяғына дейін демократ”, қоғамның барлық мүшелері бірдей құққа ие болатын қоғам құруға ұмтылса үкімет халықтың өзіне бағыну керек. Егер ол халықтың еркіне қарсы шықса, халық өз өкіметін құлатуға құқылы. Сондықтан да Руссо француз буржуазиялық революциясын идеялогиялық дайындауда ерекше роль атқарды. 
Жан-Жак Руссоның шығармаларын Париждің көшелері мен клубтарында оқыды. Руссо адамды адам қанау жоқ, барлық адамдар өз еңбегімен өмір сүретін, еркіндік, теңдік және достық үстемдік ететін қоғамдық құрылысты орнатуға ұмтылыс жасады. Бұл социалистік қоғам емес, бұл ұсақ жекеменшік иелерінің, жериелерінің және қолөнершілердің қоғамы болды.

"Болжамалы, болжам! Мен қайталап айта бергім келеді. ешқашан тоқталмаспын, біз сөздің маңызына ерекше, артық тоқталып жүрміз. Біздің бос сөзділігіміз, құрғақ жаттауымыз, мылжың сөздігіміз, тәрбиеміз - тек мылжыңдар тәрбиелеуге жарап жүр". (Ж. Ж. Руссо).

Педагогикадағы догматизммен, схоластикамен, бос сөзділікпен - XVII ғасырда француз материалистері және ағартушылар Д.Дидро (1713-84), К. Гелвеций (1715-1771), Л.Гольбах (1723-1789), әсіресе Ж.Ж. Руссо (1712-1778), қажымай күрес жүргізді. Ж.Ж. Руссо баланың табиғатпен байланыста жетілетінін жақтады. Оның пікірінше тәрбие, "Баланың табиғи ерекшелігіне араласпай, оның өсуіне ерік беруі қажет" деді. Оның айнала қызығушылығын, еліктеушілігін, дарындылығын табиғи тұрғыда зерттеуді ұйғарды. Руссо тәрбиедегі қаталдықты (ұрып соғу, зомбылық), сүйіспеншілікпен ұштастыруды ұйғарды. Тәрбиедегі жоғары идеалдықты жақтады. Тәрбиешінің қолы, қолөнершінің қолындай, ол оның басының жұмыс істеуі - (ақылы, дарыны, ой-өрісі) сол дәуірдегі философтардан бір кем болмауын уағыздады. Оның теориясы - оқу тәрбие туралы өзінен бұрынғы ілімге негізделіп жасалды. Ең бастысы ол баланың айнала ортаға, өмірге ерекше білім құмарлығының болуын, оның өсуін, дамуын ұдайы мұғалім бақылап отыру тәсілдерін ұсынды. Тәрбие нәтижесі - білімді меңгеру процесінен туындайтынын атап көрсетті. Қол өнермен айналысу, пайдалы заттарды жасау, қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысу - бұл таза, адал еңбек жалғасы болып есептеледі. Оның еңбек туралы ойлары прогрессивтік бағыт ұстады. Француз буржуазиялық революциясы кезінде оның ең революцияшыл партиясы якобиншілер Руссоны өздерінің идеялық көсемі ретінде бағалады. Руссо өлгеннен кейін оның саркофагіне "Бұл жерде табиғат пен шындықтың адамы жатыр" деген сөздердің жазылуы кездейсоқ беріле салған баға емес еді. Француз бен швейцар еңбекшілерінің атынан ұлы ойшылға асқан құрмет ретінде әдейі сол екі елде де (Франция, Швейцария) Руссоға ескерткіш орнатылған, кейін оның аты бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды.

Саяси пікірлерінде Руссо батыл түрде ескі қоғамның негізіне қарсы, әділетсіздік, екі жүзділік атаулыға қарсы қажырлы күресші ретінде көрінді. Өзі төменгі сословиеде шыққан Руссо қарапайым еңбеккерлерді ғана сүйіп, басқалардың еңбегі арқылы өмір сүруші арамтамақтардан жаны түршіге жиіркенді.

Руссо өзінің саяси пікірлері баяндалған "Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы" атты еңбегінде теңсіздік цивилизацияның дамуымен күшейе бермек деп дәлелдеді. "Қоғамдық шарт" деген шығармасында Руссо мемлекеттің пайда болуы жөніндегі бұрыннан ұсынылып келе жатқан қоғамдық шарт теориясы дегенді қолдай отыра, феодалдық қоғамға өзінің болжаған бір қоғамы - "Адамдардың табиғи жағдайда болуы" дегенді ұсынады. Оның ойынша, бұл қоғамда адамдар бірімен-бірі тең және бостандықта болуға тиіс, ал олар кейіннен өздерінің "табиғи праволарын", еңбекке негізделген меншіктерін қорғап сақтау үшін ғана уақытша өз еріктерінше праволарынан бас тартқан. Осы ойымен байланыстыра отыра, Руссо асқан жігерлілікпен, бойды кернеген ызамен тирандықты, эксплуататорлардың озбырлығын әшкереледі; халық тілегін қанағаттандырмайтын үкімет заңсыз, себебі ол қоғамдық шарт негізінде адамдардың өзі қалаған халыққа қызмет етеді деп сенген үкімет, сондықтан да ол үкіметке шарт бойынша адамдар өз праволарын тапсырған. Ал қазір сол бастапқы қоғамдық шарт бұзылып отыр, егер үкімет халыққа қызмет ете алмаса, үкіметтің халыққа қажеті жоқ деп дәлелдеді. Руссо адамда-адам қанау болмайтын, барлық адамдар өз еңбектерімен өмір сүретін бостандық теңдік және бауырмалдық орнаған қоғамық құрылысты арман етті.
§2. Тәрбиенің мақсаты мен сипаты
Өзі тәрбиенің мақсаты мен сипатталған "Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы" атты еңбегінде теңсіздік цивилизацияның дамуымен күшейе бермек қоғамды орнату үшін кімді қалай тәрбиелей қажет деген сұрақпен тәрбиенің міндеті мен өзгешеліктері жөнінде мәселені зор педагогикалық поблеме ретінде ұсынды. Бұл мәселеде негізінен алғанда адам еңбек арқылы өмір сүреді және еңбексіз өмір жоқ деген пікір туындайды. Ал азғындған феодалдық қоғамда мықтылар басқа адамдар еңбегін пайдалануда, нағыз ерікті адам – өз еңбегімен өмір сүрушілер ғана. Мұнан шыққан қорытынды өз еңбегінің жемісімен өмір сүретін, ешкімге тәуелсіз, бостандықты қадірлей білетін адамдарды тәрбиелеу. Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоның негізігі педагогикалық талаптары баланы қадірлей отыра, оның қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу. Руссо жаңа тәрбиені балаға үстемдік етуге оның еркінің дамуына тез зәбірлік жасауға тырысатын феодадық ескі тәрбиеге тікелей қарсы қойды.

Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктері. Руссо баланың өмірін 4 кезеңге бөліп қарастырды.

1- Кезең - баланың туған күнінен 2 жаса дейінгі;

2- кезең - 2 ден 12 жасқа дейін;

3- кезең - 12 ден 15 жасқа дейін;

4- кезең – 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері.


Схема 11.

Ж.-Ж.Руссо бойынша тәрбие жүйесі


15-17 жас – «дауылдар мен құмарлық» кезеңі. Адмгершілік және діни тәрбие

Құралдар: мейірімді сезімдер, мейі-рімді пікірлер, мейірімді ерік-жігер



12-15 жас – «ой және еңбек тәрбиесі» кезеңі. Адамгершілік және діни тәрбие

Құралдар: жеке тәжірибеге сүйенген зерттеулер, ізденістер



2-12 жас – «сананың ұйқыдағы кезеңі»

Құралдар: баланың сыртқы сезімдерін, дерексіз ұғымдарын дамыту




0-2 жас –

дене тәрбиесі кезеңі



Құралдар: шынықтыру, күш-қайратын нығайту

Еркін, табиғи тәрбие




Табиғат

Қоршаған адамдар

Заттар



Сенсуализм

Баланың осындай жетілу дәуірінің әрқайсысына тәрбиенің негізгі бір саласын кеңінен жіне негізгі түрде жүргізуді ұсынды. Баланың жетілуінің әр дәуірін Руссо өзінің саяси және филоофиялық пікірімен тығыз байланыстыра қарастырды. Екі жасқа дейінгі бала тәрбиесінің негізгі дене тәрбиесі болуға тиіс. Бұл дәуірде тәрбиешілердің баланы табиғат кеңшілігінен тым алшақ ұстауға тырысатындығына, табиғи жетілуіне кедергі жасайтындығына қарсы болды. Руссо: «Қаршадайынан – ақ баланың еркіне қиянат келеді, ал оған сол еркіндікті беру қажет.Оның денесінің өсуіне мүмкіндік беріңдер, табиғатқа кедергі жасамаңдар», -деген талап ұсынады. Келесі дәуірде де (2-ден 12 жасқа дейін) баланың денсаулығын шынықтыруды жедел түрде жүргізе беру қажет, бірақ бұл кезде тәрбиешінің негізгі міндеті баланың сыртқы сезім мүшелерін жетлдіру. Руссоның кеңесі бойынша, баланың өзінің керегінше , өз бетінше әр нәрсенің көлемі ен салмағын өлшесін, санаумен де айналысып, нәрселерді өзара салыстырсын. Бірақ, оның дәлелінше, бұл кезеңде баланы оқуға баулудың, жаттаудың ойлантып, оған талқылаудың қажеті жоқ. Бұл кезде бала ешбір адамгершілік, ешбір абстрактылық ұғымдарға да түсінбейді деп есептеді ол. Бірқ Руссоның ойынша, бала бір өте маңызды идеяны –жеке меншік идеясын толық меңгере алады деді. Әрине бұл жерде Руссо педагогикасының буржуазиялық ерекшелігі айқын байқалады. Ақыл-ой тәрбиесі мен білім беру мәселелерінде Руссо ең алдымен дінге негізделген шірекеулік мектептермен күресе отыра, білім мазмұнының түпкілікті жаңаруын талап етті. Оқу пәндерін іріктеп таңдауда негіз болатын нәрсе – баланың қызығушылығы ең алдымен өзінің айналасын қоршаған дүниеге байқағанына бағытталады. Руссо дидактикасының негізі баланың өзіндік әрекетін, зейінділігін, байқампаздығын дамыту мақсатын көздеді. Барлық оқылатын пәндер мейлінше көрнктілікпен баланың қабылдауына бейімделуі тиіс. Руссоның талап етуінде «көрнекілік» деген тек әдеттегі: суреттер, картиналар, приборлар т.б. ғана емес, ол-табиғаттың өзі, тікелей өмірдегі деректер.


§3. Руссоның педагогикалық көзқарасы
Руссо бірқатар педагогикалық мәселелерде қателік пен қайшылыққа ұшырай тұрса да, оның педагогикалық теориясы өз дәуірінде жалпы бағыты ілгеріге ұмтылған прогрессивтік роль атқарады. Себебі оның педагогикасының бүкіл жаңашыл мазмұны феодалдық педагогикаға тікелей қарсы еді. Руссо өзіне тән жігерлікпен аристократияға және шіркеуге схоластикалық қараңғылыққа, арамтамақтыққа қарсы батыл күресті. Руссо өз шығармаларымен адам баласының ең қымбат болашағы – балаға деген тым ыстық сүйіспеншілігін көрсетті: ол жаңа адам жолында алдыңғы қатарлы күресші болды; оның түсінігіндегі жаңа адам – Францияны феодалдық езгіден босататын табанды қажырлы күресші. Педагогикалық теорияны Руссо оқудың қызықты да белсенді әдістерін іздестіру, еңбек тәрбиесін, оқу мен тәрбиені табиғатпен ұштастыру мәселелерін қоюмен байланыстырды.



V тарау. ИОГАНН ГЕНРИХ ПЕСТАЛОЦЦИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ (1746-1827)
§1. И.Г.Песталоццидің педагогикалық қызметі

§2. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері туралы

§3. Дидактика мәселелері туралы. Элементарлық білім беру теориясы.

§4. Песталоццидің педагогикалық теориясының маңызы


§1. И.Г.Песталоццидің педагогикалық қызметі

Швейцария – Песталоццидің отаны – ХҮІІІ ғасыр ортасында әлі де артта қалған феодалдық ел болды. Бірте-бірте швейцария деревнясына ене бастаған капитализм шаруаларды жіктей және жағдайы нашарлата бастады. Генрих Песталоцци Цюрих қаласында дәрігердің жанұясында 1746 жылы дүниеге келді. Оның әкесі ерте қайтыс болды. Баланы анасы және жанұяға шын берілген қызметші әйел тәрбиеледі. Жанұяның материалдық жағдайы өте ауыр болды.  Балалық шағынан бастап, швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын байқап, Песталоцци дворяндар – памещиктер және мануфактура иелері оларды қалай қатты қанағанын көріп өсті. Песталоцци алғашында білімді неміс бастауыш мектебінде, одан кейін латын орта мектебінде алды. Бұл мектептің оқу бағдарламасының нашарлығы және дайындығы жеткіліксіз оқытушылары жас Песталоццидің есінде берік қалды. Песталоцци жоғарғы оқу орнына түсіп, онда коллегиум, филология және философия бөлімдерінде оқыды. Песталоцци оқытқан жоғары мектептің кейбір профессорлары жастарды жан-жақты әртүрлі философиялық және саяси әдебиетпен таныстырды. 17 жастың өзінде Песталоцци Жан-Жак Руссоның "Эмиль, немесе Тәрбие туралы” еңбегін оқып шықты. Руссоның "Қоғамдық шарт” еңбегінің жарық көруі Песталоцциге үлкен әсер етті.

Цюрихтің жастары, оның ішінде Песталоцциде бар, жартылай жасырын үйірме ұйымдастырды. Бұл үйірменің жиналысында тарих, саясат, мораль, Руссоның рухында жаңа адамды тәрбиелеу мәселелері талқыланды. Көп кешікпей қала әкімшілігі үйірмені жауып тастады, ал басқалармен бірге жас Песталоцииді қамауға алды. Песталоцци оған қарамастан, бұрынғыша халқына, шаруаларға көмектесуге жұмыстанды.Шаруалардың өмірі оған өте ауыр көрінде. Шаруаларға көмектесу үшін Песталоции ауыл шаруашылығын зерттейді.

1769 жылы ол өзінің әлеуметтік экспериментін бастайды. Өзінің қарызға алған қаражатына "Негоф” (Жаңа аула) деп аталатын жер сатып алады, онда шаруаларды өз шаруашылығын дұрыс ұйымдастыруға үйрету мақсатында үлгілі форма ұйымдастырғысы келді.  1774 жылы ол Нейгофте "Жарлы және панасыз балалар үшін” мекеме ашады, онда 50 тарта жетім және панасыз балаларды жинайды. Оның ойы бойынша, мекемені балалардың өздерінің тапқан қаражатына ұстау қажет болды (жазда - егіс даласында, қыста – тігін станокторында). Песталоцци балаларды оқуға, жазуға және санауға үйретті, олардың тәрбиесімен айналысты.  Песталоцци өз мекемесінде оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру мәселесін іске асыруға жұмыстанды. Қаражаттың болмауына байланысты 1780 жылы бұл сәтсіздік халқына көмектесу мақсатында қалаған жолынан таймай, әрі қарай жалғастырды. Келесі он сегіз жылын Песталоцци өзінің тәжірибесін және әдеби қызметін жинақтауға арнады.

   1781 жылы Песталоцци өзінің "Лингард және Гертруда” атты белгілі әлеуметтік-педагогикалық романын аяқтай, баспадан жарық көреді. Бұл роман үлкен жетістіктерге жетеді, онда автор жаңа негізде қалай шаруаларын өмірін қайта құруға болатындығын көрсеткісі келді.

   Бұл романда сол кезеңдегі Швейцариядағы ауыл өмірі бейнеленеді. Песталоцци өз романында шаруалардың негізгі үш түрін көрсетеді: байыған шаруалар; қосымша табыс табу мақсатында мануфактураларда жұмыс істейтін орта шаруалар; күйзеліске ұшыраған, күн көрістің қамымен мануфактураға түгелдей жолдамалы істеуге көшкен шаруалар   Романның басты қаһарманы, ақылды, шаруа әйелі Гертруда шаруашылық жүйесін тиімді жүргізудің үлгісін көрсете білді және өз балаларын оқытуды олардың еңбегімен ұштастыруды іске асырды. Мұғалім мектепте оқытуды Гертруданың үлгісімен жүргізді. Сонымен, "Лингард және Гертруда” романында Песталоцци шаруаларға көмектесудің жолын белгіледі және сонымен қатар әрбір ана балаларын оқыта білуі қажет екендігін көрсете білді.  Роман үлкен жетістіктерге жетті. Ол бірнеше тілдерге аударылды. "Лингард және Гертруда” романынан кейін Песталоццидің есімі кеңінен белгілі бола бастады. Еңбекшілердің өмірін жақсарту мүмкіндігі туралы қиялдар сол кездегі барлық алдыңғы қатарлы буржуазиялық зиялылардың ақыл-ойын толғандырды.

   Француз республикасының заңдылық жиналысы 1792 жылы Песталоцциді "Лингард және Гертруда” романы үшін және оның аса дарынды педагогикалық қызметі үшін "француз азаматы” атағымен марапаттады.  Швейцарияда буржуазиялық революция болған кезде (1798), Песталоцци жас өкіметтің келісімен Станцияға барып, панасыз балалар үшін мекеме ашты, оған 80 тарта 5-10 жас аралығындағы балаларды қабылдады. Балалардың жағдайы дене және моральдық жағынан нашар болды. Песталоцци панасыз балалар үйін жанұя түрінде құруды, балаларды қайта тәрбиелеу, онда өндірістік еңбекпен ұштасқан оқытуды енгізуді жоспарлады. Бірақ Песталоццидің станциядағы қызметі сегіз айға ғана жалғасты. Әскери әрекеттерге байланысты балалар мекемесі жабылып қалды. Бұл Песталоцциге қатты соққы болды.   Көп кешікпей Песталоцци Бургдорфте мұғалім қызметіне орналасады, ал кейіннен өзінің қызметкерлерімен Бургдорфте өз институтын ашады. Онда ол станцияда басталған тәжірибені одан әрі жалғастырады. ХІХ ғ.басында Песталоццидің бірнеше еңбектері жарық көрді. "Қалай Гертруда өз балаларын үйретеді”, "Аналар үшін кітап”, "Бақылау әліппесі”, "Сан туралы көрнекі ілім”. Бургдорфта орта мектеп интернатымен және жаңаша мұғалім даярлайтын бөлім ашылды. Институттың бастығы болып Песталоцци тағайындалды.



§2.Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері туралы
  Тәрбиенің негізгі мақсаты, Песталоццидің айтуынша, адамның табиғи қабілеттіктерін дамыту, әруақытта да оны жетілдіріп отыру. Песталоцци "адамның күштері мен қабілеттіктерін үйлесімді дамыту” туралы насихаттады; адамның жақсы нышандарын дамытып отыру қажет. Тәрбиешінің балаға әсері оның табиғатымен сәйкестікте болуы керек. Педагог жас ұрпақтың табиғи дамуын басып отырмау қажет.   Негізгі тәрбие қағидасы, Песталоццидің түсіндіруінше, бұл табиғатпен сәйкестік. Песталоцци Руссо сияқты бала табиғатын асыра бағалаған жоқ.   Барлық тәрбиенің орталығы адамды оның адамгершілік бейнесін қалыптастыру болып табылады. "Адамдарға жүрек жылуы” – бұл адамдарды адамгершілік қатынаста алға жетелейтін болуы қажет. Песталоцци ресми дінге және оның қызметшілеріне жағымсыз көзқараста болды.  Песталоцци жанұя тәрбиесіне ерекше мәнберді. Балаға сүйіспеншілік сезімі, оларға сене білу, тәртіп, алғыс сезімі, шыдамдылық, борыш, моральдық сезімдер т.б. баланың анасына деген қарым-қатынасынан пайда болады. Адамның табиғатынан берілген күштері мен қабілеттіктерін қалай дамытуға болады? Ең алдымен жаттығулар арқылы дамытады. Адамға берілген әрбір қабілеттіліктің өзі адамды жаттығуға талап етеді және итермелейді. Песталоцци революционер болған жоқ, бірақ шаруалардың жағдайын жақсарту үшін ұмтылды. Оған оның айтуынша, тәрбие"адам табиғатын жетілдіру арқылы жетуге болады” деді. Біз жоғарда атап көрсеткендей, оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен практикасының негізгі қағидаларының бірі болды. Баланың дене тәрбиесінің мақсаты- Песталоццидің түсіндіруінше, оның барлық дене күштерімен мүмкіншіліктерін дамыту және нығайту, ал дене тәрбиесінің негізі – баланы ойнауға, бәрін ұстауға, әруақытта да әрекет етуге итермелейтін баланың қозғалысқа табиғи ұмтылуы. Песталоцци адамды қалыптастыруда дене тәрбиесіне ерекше мән берді және оны үлкендердің бала дамуына ойластырылған әсер етуінің бірінші түрі деп есептеді.

   Песталоцци дене тәрбиесінде ерекше орынды әскери жаттығуларға, ойындарға арнады. Дене тәрбиесі адамгершілік және еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста іске асты.

   Песталоцци адамды қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің мәнін ерекше атап өтті. Ол жұмыс кезінде "баланың жүрегін жылытуға, ойын дамытуға” ұмтылды. Оның айтуынша, мектепте балалар күні бойына иіру және тігу станоктарында өткізеді; мектеп жанында жер белгілі болады, әрбір оқушы өзіне Песталоцци адамды қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің мәнін ерекше атап өтті. Ол жұмыс кезінде "баланың жүрегін жылытуға, ойын дамытуға” ұмтылды. Оның айтуынша, мектепте балалар күні бұның құндылығы Песталоцци балалардың  еңбегіне жан-жақты тәрбиелік мән берді. Песталоцци тәрбиенің негізгі міндеті – адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. Адамгершілік тәрбиенің қарапайым элементі, Песталоццидің пікірінше, баланың анасына махабаты, ол бала ақзасының күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз ету негізінде пайда болады. Жанұяда баланың адамгершілік мінез-құлқының негіздері қаланады.

Одан әрі балалардың адамгершілік күш-жігері мектепте іске асуға тиіс, онда мұғалімнің балаларға қатынасы оның әкелік махаббатының негізінде құрылады. Песталоцци балалардың адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастыру моральдық өсиеттерді айтумен шектелмей, оларда моральдық сезімдерді дамыту, адамгершілік бейімділіктерді қалыптастырудың қажеттігіне тоқталды.


§3. Дидактика мәселелері туралы
Песталоцци бастауыш мектептің оқу жоспарын белгілі дәрежеде кеңейтті, оқу жоспарына оқу және жазу, санау және өлшеу, сурет, гимнастика, ән-күй дағдылары, сонымен қатар жағырафия, тарих, табиғаттану салаларынан кейбір білімдер берілді.Таным үрдісінің бастапқы сатысы бақылау болып табылады. Бақылаудан жаңа ұғымдарға көшу үшін кез-келген танымның үш элементін түсіну қажет, сан, түр және саз. Песталоцци өзінің алдына міндет қойды – оқытудың түрлері мен әдістерін табу, оны пайдалана отырып, шаруа-ана өз балаларын оқыта білуі мүмкін.  Кез-келген білімнің негізіне, Песталоццидің пікірінше, оның элементтері жатады. Әрбір адам, оның түсінуінше, белгілі бір түсініксізді анықтап алу үшін, әруақытта да алдына үш мәселе қояды: 1) Қанша оның көз алдында заттар? 2) Олар қандай түрге ие? 3) Олар қалай деп аталады? "Сан, түр және сөз: Песталоццидің айтуынша, кез-келген оқытудың элементарлық тәсілдері”.  Бастапқы оқытуда түрге сәйкес келетін өлшеу, санға-есептеу, ал сөзге  - тіл. Сонымен, элементарлық оқыту өлшеу, санау және тілді меңгеру ептілігіне сүйенеді.

Схема 12.

И.Г.Песталоццидің элементарлық білім беру жүйесі


Дене тәрбиесі



Ақыл-ой тәрбиесі

Еңбек тәрбиесі




Адамның барлық табиғи күші мен қабілеттерін дамыту



Эстетикалық тәрбие

Адамгершілік тәрбие

Песталоцци ойлауды дамыту мен білімді жинақтаудың арасын ажыратады. Песталоцци мектептің негізгі міндеті рухани күштер мен қабілеттіктердің оянуы, ойлау қабілеттілігін дамыту, демек, формалардың білім беру деп түсінді. Бірақ Песталоццидің элементарлық білім беру теориясы бір ғана дидактикалық проблемамен шектеліп ғана қоймайды. Песталоццидің түсінуінше, элементарлық білім беру теориясы баланың ақыл-ой, адамгершілік және дене күштерінің табиғатқа сәйкес дамуы деп қарастыруға болады.

   Песталоцци сол мектепте үстемдік еткен догматизм, механикалық еске сақтау балалардың дамуын тежеп ғана қойған жоқ, оның ақыл-ой қабілеттілігіне нұқсан келтірді. Песталоцци оқытудың мақсаты баланы белгілі білім негіздерін меңгеруі ғана емес, соноымен қатар олардың ақыл-ой қабілетіктерін дамыту. Баланың сыртқы дүниені сезім органдары арқылы қабылдауы танымның алғашқы кезеңі болып табылады, оның айтуынша, оқыту нақтылы өмірлік бақылауларға негізделуге тиіс және көрнекілікті оқытудың негізгі қағидасы деп қарастырды.

Песталоцци оқыту үрдісін жеңілдетуге ұмтыла отырып, ол  кез-келген білімнің қарапайым элементтері болатындығын, оны меңгере отырып, адам дүниені танып білетіндігін дәлелдеді. Бүкіл бастауыш білім беру үрдісін Песталоцци бірте-бірте бірізді элементтерден, демек, индуктивтік тәсілмен тұтастыққа өту негізінде құрды. Әруақытта да, оқытуда жақыннан алысқа, қарапайымнан күрделіге бірізді үздіксіз іске асыруды талап етті.  Осы дидактикалық қағидаларының негізінде Песталоцци балаларға бастауыш білім беру әдістемесін талдады.

Элементарлық білім беру әдістемесін ол соншама жеңілдетуге жұмыстанды, яғни, өз баласымен айналысатын кез-келген шаруа-ана онымен ойдағыдай пайдаланатындай болуы үшін мүмкіншілік жасады. Осы мақсатпен балалардың тілін дамыту, оларды санау және өлшеу ептілігін қалыптастыру үшін жаттығулардың бірізді қатарын жасады. Песталоцци баланы ана тіліне үйретуде ең алдымен оларда ауызша сөйлеуді дамыту қажет деп есептеді, ал одан кейін оқуға көшу. Балалардың тілін дамыту, Песталоццидің айтуынша, есту жаттығуларынан, дыбыстардан басталады: балалар анасының сөйлеуіне еліктеп, алғашында дауысты дыбыстарды айтып үйренеді, ал одан кейін әртүрлі буындарды дауыссыз дыбыстарды үйренеді. Одан кейін әріптерді оқып үйренеді, әрі қарай буындарды және сөздерді меңгереді.
10-кесте

И.Г.Пестолоцци бойынша қарапайым білім беру мазмұны


Тәрбие бағыты

Тәрбие

міндеттері

Алғашқы

элементтер

Ақыл-ой тәрбиесі

1. Білімді жинақтау;

2. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту.



Сан, форма, сөз.

Адамгершілік тәрбие

1.Адамгершілік көзқарасты қалыптас-тыру;

2.Адамгершілік қылық;

3.Адамгершілік мінез-құлық.


Анасына, әпкесіне, ағасына, басқа адамдарға, адамзатқа деген сүйіспеншілік. Пайдалы ітер. Мейірімді істер.

Эстетикалық тәрбие

Әдемілікті жасай білу білігін дамыту.

Қоршаған дүниенің әдемілігіне таңдану.

Еңбек тәрбиесі

«Индустриядағы» жұмыс үшін еңбек біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Еңбек әрекеттері: көтеру, аудару, алмастыру.

Дене тәрбиесі

Дене күштерін нығайту және дамыту

Табиғи қимылдар, ойындар, жаттығулар

Песталоцци ана тілін оқытудың негізіне балалардың тілін дамыту қағидасын ұсынды. Песталоцци сауаттылыққа оқытудың негізіне дыбыстық әдісті жатқызуды жақтады.

   Сонымен, Песталоцци бастауыш білім берудің жан-жақты бағдарламасын белгіледі және іске асырудың нақтылы әдістемелік ұсыныстарын берді. Оқытудың басты негізі, Песталоццише, көрнекілік болып табылады. Көрнекілікті пайдаланусыз, сөздің кең мағынасында, қоршаған орта туралы дұрыс түсініктерді қалыптастыруға, ойлау мен сөйлеуді дамытуға жетуге болмайды.
11-кесте

И.Г.Пестолоцци бойынша бастауыш білім берудің әдістемесі


Пән атауы

Песталоццидің әдістемесі

Міндеттер

Ана тілі

Сауат ашудың дыбыстық тәсілі

Тіл дамыту, сөздік қорын кеңейту

Жазу

Әріптердің тік және қисық элементтерін салу.

Жазу дағдысын, орфография-лық сауаттылықты шыңдау

Геометрия

Түзу сызықты, бұрышты, квадратты өлшеу, оны бөліктерге бөлу, геометриялық фигуралар, бөлу

Өлшеуді оқыту

Арифмети-ка

Бүтін сандар – бірліктерді оқып-үйрену. Сосын ондық, жүздік... бөліктер мен бүтіннің ара қатысы.

Санауды, үлестерді үйрету

География

Бақылаудан болмысқа – анағұрлым күрделі ұғымдар мен түсініктерге

Ұғымдарды меңгеру: жергі-лікті жер, рельеф, жер, карта және т.б.

   Песталоцци Коменскийдің кейбір оқу кітаптарымен ғана таныс болды, бірақ оынң педагогикалық жүйесімен толық таныс болмады. Песталоцци Коменскийге қарағанда, көрнекілікке терең психологиялық негіздеме бере білді.

   Песталоцци мұғалімнің роліне ерекше мән берді. Мұғалім тек ғана өзінің білімін балаларға беруге дайын білімді адам ғана емес, сонымен қатар оның қызметі өте күрделі және жауапты болып табылды, ол ең алдымен баланы сүйе білуі тиіс, өзін балалардың әкесі сияқты сезіне білу қажет, оларды тәрбиелеу және дамыту үшін барлық қажеттісі оның міндеттеріне кіреді. Бала табиғатынан ерекше күш-жігермен қаруланған, сондықтан да мұғалімнің міндеті, оның пікірінше, бұл күш-жігерді жаттықтыру үшін қажетті материалды оқушыларға беру. Бұл сол уақытта мүмкін болады, егер мұғалім барлық тәрбие жұмысын шәкірттердің дене және психологиялық ерекшеліктерін білу негізіне құрылған жағдайда.
§4. Песталоццидің педагогикалық теориясының маңызы
Песталоцци буржуазиялық-демократиялық педагогиканың көрнекті педагогі және практигі болды. Ол өзінің бүкіл ғұмыры мен күш-жігерін кедей балаларын тәрбиелеу ісіне арнады. Ол сол кездегі шаруалардың қиыншылығын көре білді және оған көмектесуге мектеп және ағарту ісі арқылы, оны жақсарту арқылы қиындықтан шығудың жолы деп білді. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың негізгі жолы қоғамдық құрылысты өзгертудің жолын түсінбеді.

Оны қанаттандырған, рухани күш-жігер берген, халыққа жақын болуға ұмтылуға шақырған кейбір француз ағартушыларының, оның ішінде Жан-Жак Руссоның идеяларының ролі ерекше болды.  Тәрбиенің алдына Песталоцци програссивтік міндет адамның бүкіл табиғи күші мен қабілеттілігін үйлесімді дамытуды ұсынды.

Песталоцци элементарлық білім беру теориясын жасады. Ол теория ХІХ-ғ. Еуропада халық мектептерінің дамуына көмектесті, ол жеке пәндердің әдістемесін талдауды бастады, олар бастауыш мектептерде кеңінен қолданылды. Бұл теория догматикалық оқыту мен механикалық есте сақтауға қарсы күресте халық мектептерінің дамуына мүмкіншілік жасады. Ол дене, еңбек, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесі туралы өте құнды пікірлер ұсынды, бастауыш мектепте білім берудің мазмұнын кеңейтуге күш жұмсады, оны халыққа жақын, бұқара халықтың өмірі және қажеттіліктерімен тығыз байланысты етуге ұмтылды, балаларға еңбек тәрбиесін беруге және өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлді.  Песталоцци алғашқы оқытудың жалпы негіздерін және бастауыш білім берудің жекеленген пәндердің әдістемелерін талдады. Көзқарасының тарихи шектеушілігіне байланысты ол оқушыларды біліммен қаруландыру және ақыл-ой күштерін дамытудың бірлігі үрдісі мәселесін дұрыс шеше алмады. Ол кей жағдайда ойлауды дамытуда механикалық жаттығулардың ролін асыра бағалады.

Коменскийдің және Руссоның табиғатқа сәйкестік ойларына сүйене отырып, Песталоцци бұл үрдісті тереңдете отырып, оны оқыту үрдісін психологиялық негіздеу идеясына жақындатады. Оның әдістемесі, Песталоццидің пікірі бойынша, таным үрдісін белгілі түсінуден пайда болады, елестетулерден ұғымдарға қарай жүріп отырады.    Песталоцциден бұрынғы ойшылдардың айтқан негізгі дидактикалық қағидалары мен ережелеріне сүйене отырып, бастауыш мектепте оқытудың жекеленген түрлеріне қолдану негізінде оларды нақтылай түседі, оның деңгейін жоғары көтереді.



Песталоцци мектепті өмірге және еңбекке жақындату мәселесінде Руссодан әрі кетті. Оның мектебі бұқара халықтың өмірімен, демек, қызығуымен және қажеттіліктерімен тығыз байланысты өзіндік әлеуметтік орталық болып табылады.



VI тарау. АДОЛЬФ ДИСТЕРВЕГТІҢ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ТЕОРИЯСЫ (1790-1866)
§1. Дистервегтің педагогикалық қызметі мен ғұмырнамалық деректері

§2. Дистервегтің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары

§3. Дистервег еңбектеріндегі дидактика мәселелері

§4. Дистервегтің педагогикалық жүйесінің маңызы


§1. Дистервегтің педагогикалық қызметі мен ғұмырнамалық деректері

 Немістің ғұлама педагогі Адольф Дистервег ХІХ ғасырдың орта кезіндегі герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының көрнекті прогрессивті өкілі болып табылады. Ол шағын келген өндірістік қала Зиген Вестералияда чиновник-заңгердің жанұясында дүниеге келді. Дистервег оқыған орта мектепте догматикалық оқыту жүйесіне жеккөрушілікпен қарады. 1808 жылы ол Гербон университетіне оқуға түседі, онда математика, философия және история ғылымдарын оқып, одан кейін Тюбинген университетіне ауысып, 1811 жылы толық курсын бітірді және кейінірек философия докторы ғылыми дәрежесін алды.

   Студенттік кезінде Дистерверг Руссоның және Песталоццидің педагогикалық идеяларымен танысты, оның прогрессивтік педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шешуші әсер еткен Франкфург-Майнадағы үлгілі мектепте 1813-1818 ж.ж. жұмыс еткен жылдары болды. Онда Песталоццидің шәкірттері мен ізбасарлары біріне директор болып тағайындалған. Дистервег өзінің тәжірибесінің негізінде қайта қарай отырып, Песталоциидің дидактикалық қағидаларын бірізді насихаттай бастады.

   1827 жылы Дистервег "Тәрбие және білім беру үшін Рейн бетшелері” атты демократиялық журнал шығара бастады. Онда 400 ден аса мақалалар жариялады. 1832 жылы Дистервег мұғалімдер семинариясының директоры болып, Берлинге ауыстырылды. Онда "Педагогикалық қоғамды” негіздеді. Дистервегтің неміс мұғалімдерін біріктірудегі қызметі осылай басталды. Оның осы қызметі, сонымен қатар оның дін мәселесіндегі еркіндігі (бірақ ол атеист болмады), қарапайым халықты қолдады пруссия өкіметі тарапынан Дистервегті қуғындауға себепші болды. Өзінің мақалаларында сол қоғамдағы байлармен кедейлердің қарама-қайшылығын көрсете білді және еңбекшілерді ізгіліктің және адамдарға деген сүйіспеншіліктің негізінде өзара көмектесу үшін бірігуге шақырды. Өзінің қызметі және "чиновниктерге сүйкімсіз” танылған мақалалары үшін Дистервегке сөгіс берілді.

   1835 жылы өз тәжірибесін жинақтаған "Неміс мұғалімдерін ұйымдастыруға басшылық” атты көрнекті еңбегін жариялады. Бұл еңбек екі үлкен бөлімнен тұрады. Бірніші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелері мен дидактиканың негізгі ережелеріне арналған, екінші бөлімі- жеке пәндерді оқыту әдістемесіне. Бұл бөлім белгілі неміс мұғалімдері әдіскерлерінің қатысуымен жазылды. Дистервегтің белгілі еңбегі көптеген жылдар бойы алдыңғы қатарлы неміс мұғалімдерін халыққа білім беру үшін күресте қаруландырды. Бұл кітаптан оның байқалған Дистервегтің көзқарасы ресми педагогиканың ұстанымымен сәйкес келмеді: ол өзбетімен ойлай білетін, белсенді азаматтарды тәрбиелеуді талап етті. Оның барлық кейінгі жарық көрген еңбектері (мақалалары, әдістемелік басшылықтары, халық мектебі үшін оқулықтары) осы көзқарасты айқын білдіреді.

   ХІХ ғасырдың орта кезінде педагог-демократтың пруссия өкіметі тарапынан оның ізіне түсу бірден бірге күшие түсті. 1847 жылы мұғалімдер семинариясы директоры қызметінен босатты. 1848 жылы революция кезінде Дистервег жаңадан ұйымдасқан "Барлық жалпы неміс мұғалімдері одағының” төрағасы болады және мектепті реформалау бойынша ұсыныстар жасайды. Ол мектепті шіркеуден бөлуді және балаларды жалпыға бірдей оқытумен қамтамасыз етуді, "жаллпы адамзаттық”, азаматтың және ұлттық тәрбиені іске асыруды талап етті.  Революция басылғаннан кейін Дистервегті біржола шығарып жіберді. Бірақ Дистервег өз мақалаларында мектепті шіркеудің бақылауынан азат етуді талап етті, ол мұғалімдерді жалған беделге бағынудан адам етуге шақырды. Ол "тек ғана ерікті, дербес адам басқаны еркіндік және дербестік үшін тәрбиелей алады” деп дәлелдеді.

   Дистервег халық мектептері мен мұғалімдер семинары туралы 1854 жылы реакциялық заңдар-ережелер бастауыш білім беру мен мұғалім даярлаудың жалпы ғылыми, жалпы білім беретін деңгейін біршама шектегендігін, шіркеулердің ролін арттырғанын, алдыңғы қатарлы әдістемеге тиым салғандығын дәлелдеді. Нағыз реакцияның күшейген кезінде осылай тікелей және ашық қарсылық білдіру орасан зор азаматтық қажырлықты қажет етті.

   Халықтың арасында Дистервегтің беделі арта түсті. 1858 жылы ол депутаттар палатасына сайланды және онда өзінің белсенді күресін әрі қарай жалғастырды: өзінің кейбір парламенттік сөздерінде ол "ережелердің” зияндылығын дәлелдеді, діни тестілерді құрғақ жаттау балаларды топастыққа алып келетіндігін атап көрсетті.

   Дистервегтің сөйлеген сөздері неміс мұғалімдеріне ерекше әсер етіп ғана қойған жоқ, сонымен қатар оны орыстың алдыңғы қатарлы қайраткерлері де қолдап, ерекше үн қосты."Неміс мұғалімдерінің мұғалімі” атанған ғұлама педагог-демократ 1866 жылы қайтыс болды


§2. А. Дистервегтің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары
   Дистервег жалпы адамзаттың тәрбие идеясын жақтады. Ол педагогикалық проблемаларды шешуде сословиялық және шивинистік көзқарасқа қарсы күресті. Бұл талаптың дерексіздік сипатына қарамастан, бұл идея сол кезде өте қажет болды, себебі пруссия өкіметі дін мен монархизмге негізделген тар көлемдегі ескі сословиялық тәрбиені насихаттады.

Схема 13.

А.Дистерверг бойынша тәрбие мақсаты мен принциптері

Мектептің міндеті, деп көрсетті Дистервег, ізгілікті адамдарды және саналы азаматтарды тәрбиелеу, ал "нағыз пруссиялықтар” емес. Адамзатқа және өз халықына сүйіспеншілік адамдарда тығыз бірлікте дамуы қажет деп көрсетті. "Адам – менің атым, неміс- менің есімім”, - деп жазды.   Тәрбиенің негізгі қағидасы Песталоцциден кейін Дистервег табиғатқа сәйкестік деп көрсетті. Оның қарастыруына тәрбиенің табиғатқа сәйкестігі -  бұл адамның шәкірттердің жас және дара ерекшеліктерін ескеріп отыруды айтады. Ол мұғалімдерді баланың зейінінің, есінің, ойлауының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп отыруға шақырды; ол психологияда "тәрбие туралы ғылымның негізін” көре білді. Дистервегтің ерекше еңбегінің бірі педагогиканың дамуының қайнар көзі болып табылатын педагогикалық тәжірибеге оның қатынасы. Дистервег балаларды тәрбилеу тәжірибесін және педагогикалық еңбектің шеберлерінің жұмысын зерттеудің қажеттігіне ерекше көңіл бөліп отырады.

   Табиғатқа сәйкестік қағидасына қосымша ретінде Дистервег тәрбие мәдени сипатқа сәйкес болу керек деген талаптар қойды. Ол "тәрбиеде адамның туған және өмір сүретін орны мен жағдайы еске алыну қажет, бір сөзбен айтқанда, сөздің кең мағынасында, бүкіл қазіргі мәдениет,”- деп жазды.   Ол тәрбиенің ең жоғарғы мақсаты "дербестікті дамыту, ол шындыққа, сұлулыққа және жақсылыққа жұмыс істеуі қажет” деп көрсетті. Сонымен қатар оның Гербарттан айырмашылығы ол шындық, жақсылық және сұлулық тарихи өзгеріп отыратын ұғымдар болып табылады деді. "Шындық,- Дистервегтің айтуынша,- адамзатпен бірге мәңгілік қозғалыста болады”.Адамның дамуында Дистервег үш сатыны көре білді:

біріншіден, түйсіктердің үстемдік ету сатысы;

екіншіден, ес сатысы немесе елестетулердің жиынтығы;

үшіншіден, ақылдың сатысы. 

Схема 14.

А.Дистерверг бойынша баланың психикалық жағынан дамуы


3-ші басқыш – ақыл, парасаттың бастауы




Ақыл-ой күші мен қабілеттерін дамыту




2-ші басқыш – естің дамуы, білімнің жинақталуы




1-ші басқыш – сезімнің басымдылығы, сезімдік таным

Дистервег балалардың жас ерекшеліктерін ескеру негізінде оқытуды дұрыс ұйымдастыруға ұмтылу "баланың табиғи нышандарын” асыра бағалаумен, оның пікірінше, табиғатынан қаланған ұштасып келеді.Оның баланың дамуы туралы ойлары прогрессивтік педагогикалық теорияға қосылған елеулі үлес болып табылады.


§3. Дистервег еңбектеріндегі дидактика мәселелері
   Дистервегтің елеулі еңбегі оқытудың дамытушылық, тәрбиелік және білімділік идеяларын талдауы және негіздеуі болып табылады. Осы негізде ол өзінің дидактикалық қағидалары мен ережелерін құра білді, мұғалім өз шәкіртін, оның ерекшелігін, даму деңгейін, оның елестетулері мен ұғымдарының көлемін жақсы білуі қажет. Тек ғана осындай жағдайда қиындықты бірте-бірте және бірізді жеңе отырып, сабақты "табиғи жолмен” жүргізуге болады деді.  Оқушылардың пәнді терең түсінуі меңгерудің міндетті алғышарттары болып табылады. Оқулықтар мен сабақты материалмен асыра жүктеуге қарсылық білдіруі өзекті мәселе болып табылады. Бірден-бір кемшіліктің бірі жас мұғалімдер өздерінің не білетіндігінің барлығын оқушыларды үйретуге ұмтылады, шын мәнінде тек ғана оқушыларға негізгісін, мәндісін хабарлауы қажеттігін ол баса айтты. Осымен қатар Дистервег оқушылардың білімін бекітуде қиын жерлерді дер кезінде қайталап отырудың роліне ерекше мән береді. Ол жаттау мәселесіне ерекше мән береді. Мәселенің негізгісін ғана жаттау керек, оны бүкіл өмір бойы еске алуға болады. Меңгерген білімнің беріктігі есті нығайта түседі.

   Дистервег оқытудың көрнекілігіне ерекше мән берді. Оқытудың негізне тікелей көрнекілік, нақтылы қабылдау жататындығына тоқталды. Көрнекілік қағидасы, Дистервегтің түсіндіруінше, көрнекіліктен ой қорытындысына жекешеден жалпыға, нақтыдан абстракцияға көшуді талап етеді. Дистервег жоғарыда айтылғандарды оқытуда қарапайымнан күрделіге, жақыннан алысқа, өте жеңілден өте қиынға, белгіліден белгісізге көшу туралы жалпы белгілі ережелермен байланыстырады. Бірақ ол бұл ережелерді механикалық қолдаудан сақтандырады. Тек ғана оқытуды қызықты өткізгенде ғана нақтылы ақыл-ой іс-әрекетіне қол жеткізуге болады. Мұғалімнің алдында тұрған бұл қиын да, әрі күрделі міндет, егер мұғалім сабақты жақсы бере білсе және балалармен жұмыс істей білген ғана іске алады. Тек ғана өз пәнін жақсы білетін, балалардың ғылыми қызығуымен өмір сүретін, сонымен қатыр педагогикалық даярлығы жоғары мұғалім шәкірттерінің пәнге деген қызығуын сендіре алады.  Песталоции сияқты Дистервег оқытудың басты міндеті балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттіктерін дамыту деп түсінді. Ол Песталоцциге қарағанда алға бір қадам артық жасады, себебі Дистервег формальдық білім беру материалдық білім берумен бөлінбейтін байланысты деген болатынды. Дистервег таза күйінде формальды білім беру болмайды, құнды болып есептелетін оқушылардың өз бетімен меңгерілетін тек ғана білімдері мен дағдылары әрбір оқу пәні оның білімділік құндылығымен қатар адамгершілік мәні ерекше.

   Дистервег балаларға білім беруде отандық тарих пен жағырафияға, ана тіліне және әдебиетке ерекше мән береді. Әсіресе, ол жаратылыстану және математика ғылымдарын жоғары бағалады, ол ғылымдардың балалардың дамуында негізгі құрал екендігін көре білді, бұл ғылымдар жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлеріне оқытылуы тиіс деді. Дистервег дамыта оқытудың дидактикасын жасады, оның негізгі талаптарын ол оқытудың 33 заңдары мен ережелері түрінде көрсете білді.

 

12-кесте



А.Дистервегтің дидактикалық принциптерінің жүйесі


Кімге бағытталған

Принциптер мен ережелердің номенклатурасы

Оқушыға

- Бала ұға алмайтынды оқытпа;

- Табиғатына сай оқыт;

- Баланың даму деңгейін ескер;

- Саналы түрде бірізді оқыт;

- Қажет емес дүниені оқытпау;

- Оқытуды қарапайым түрде жүргіз және т.б.



Оқу пәніне

Оқыту әдісін таңдағанда пәннің табиғатын ескер; оқу материалы жан-жақты қарастыр және т.б.

Оқыту шарттарына

Мәдениетке сәйкес; бірізді; баланың жағдайымен санас.

Мұғалімге

Оқытуды қызықты, тартымды етуге тырыс; ыждахаттылықпен оқыт; көрнекі оқыт; сөйлеуіңе дикция, логикаға көңіл аудар; «аялдама-қадам артқа» ешқашан тоқтама

  Дистервег мұғалімнің ролін жоғары бағалады. Мұғалім көпшіліктің көңіл-күйінің құлы емес, деп түсіндірді, ол белгілі бір принципті бағытты жүргізуші, моральдық үлгісі. Мұғалімнің міндеті – жастарды шындық өмірге бағыттау, шындыққа және жақсылыққа ұмтылысты ояту, балалардың күштері мен қабілеттіліктерін дамыту және әркім өзі бұл жағдайда қажетті сапаларды меңгерген адам болу керек. Осы тамаша ойларды Дистервег бүкіл өмір бойы насихаттады. "Көздің кең мағынасында, өзінің тәрбиеленген болуың керек,- деп жазды, - мұғалімдерге арналған үндеуінде, - сонда ғана сөздің шын мәнінде тәрбиеші бола аласың”.

   Дистервег әруақытта да жоғары, жалпы, арнаулы, ғылыми және педагогикалық мәдениеттің 81 нағыз мұғалімге қажеттігін көрсетіп отырды. Мұғалім әруақытта өзінің жеке басын жетілдіруде жұмыс істеп отыруы керек; егер ол сәл тоқтап қалатын болса, ол қалып қояды және сонымен қатар алдыңғы қатарлы мұғалімдердің, жас өспірімдердің тәлімгерлері қатарынан шығып қалады. Дистервег мұғалімдерді педагогикалық шеберлікті меңгеруге шақырды, ол оқытудың ескі тәсілдерінен арылуға кеңес берді. Ол мұғалімдерді ақыл-ой дербестігіне шақырды, оның айтуынша, әрбір мұғалімнің борышы халқы үшін өмір сүру деп білді. Дистервег халық мұғалімдерін даярлауға ерекше мән берді. Өзі басқарған семинариялар үлгілі болды. Ол теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра білді, көп уақытты болашақ мұғалімдердің мектептегі тәжірибелік жұмысы үшін арнады. Дистервегтің өзі әруақытта да мектепте сабақ берді, ал мұғалімдер семинариясында педагогикадан, әдістемеден, неміс тілінен сабақ берді. Дистервегтің сабақтары жоғары педагогикалық шеберліктің үлгісі бола білді.

§4. Дистервегтің педагогикалық жүйесінің маңызы
   Дистервег қоғамдық дамудың жолдарын түсінбеді және революционер болмады, бірақ ол педагог-демократ болды, реакцияға, шіркеудің езгісіне, демократиялық мектеп үшін күресті. Оның пруссия ұлтшылдығы мен шовонизміне оның қарсы күресінің қоғамдық мәні орасан зор болды.   Ал Песталоццидің ізбасары ретінде оның мұрасын жақтай отырып, ал оқыту мен тәрбие мәселелерін өзінше шеше білді және дидактиканы шығармашылықпен қайта-қайта қарауға ұмтылды. Дистервег балалардың дербестігінің мәнін жоғары қоя білді. Ол шәкірттердің ойлау қызметін оятуға, оларды берік, табанды азамат етіп тәрбиелеуге кеңес берді.

    Дистервегтің теориялық педагогиканы дамытудағы орны ол өзінен бұрынғы педагогтардың ойларын одан әрі дамыта және жинақтай отырып, бірізді дидактикалық жүйеге енгізумен анықталады.  Ол, әсіресе, бастауыш мектеп педагогикасына белгілі үлес қосты, оны көпшілік мұғалімдердің жетістігіне айналдыра білді. Мұғалімдерді ол ескіге қарсы күреске шақыра білді. Оның неміс мұғалімдеріне ықпалы ХІХ ғасырдың ортасында ерекше болды, оны "Германия мұғалімі”, "неміс Песталоцциі” деп атауы кездейсоқ емес.  Дистервегтің дамыта оқытудың дидактикасы және оның оқулықтары бастауыш мектепті одан әрі дамытуда ерекше әсер етті. Оның прогрессивтік идеялары ХІХ ғасыр ортасында Ресейде кеңінен тарады. Бірақ Германияның өзінде педагог-демократ Дистервегтің педагогикалық мұрасы жеткіліксіз мойындалды.




ЕКІНШІ БӨЛІМ

РЕСЕЙ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
VII тарау. XVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙДЕГІ МЕКТЕП

ПЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР
§1. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогикалық ой-пікір

§2. М.В.Ломоносовтың Ресейде ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуындағы ролі (1711-1765)

§3. Москва университеті және оның мектеп пен педагогикалық ой-пікірдің дамуына ықпалы

§4. А.Н.Радищевтің педагогикалық көзқарастары (1749-1802)



§1. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогикалық ой-пікір
ХҮІІІ ғ.басында Ресейдің экономикалық және мәдени өмірінде елеулі өзгерістің болуына қарамастан, ол Батыс Еуропамен салыстырғанда әлі де артта қалған ел еді. Бұл артта қалғандықты екі ғасыр бойы мангол-татарлардың езгісінде болуға байланысты түсіндіруге болады, мүмкін болғанынша, қысқа мерзімнің ішінде жою қажет болды.

Ресейдің экономикалық және саяси жағдайын нығайту мақсатында ХҮІІІ ғ. басында шешуші қадамдар алынған болатын-ды. Бұл кезде Ресей мемлекетінің басында көрнекті мемлекет қайраткері Петр І тұрды. Өндіріс мемлекетінің құрылыс кең қанат жайды, каналдар салынды, сыртқы және ішкі сауда дамыды, армия мен флот құрылды. Сонымен қатар ғылым мен мәдениет дамыды. Білімнің мынадай салалары практикалық механика және корабль құрылысы, навигация, астрономия, жағырафия, минералогия, геодезия және математика.

Бұл кезеңдегі ел өміріндегі ірі оқиғалар мемлекеттік жалпы білім беретін және арнаулы мектептерді ашу. Ғылым академиясы мен Москва консерваториясын құру болып табылады. Ағарту ісін дамытуда жаңа азаматтық алфавитті енгізу, бірінші көпшілік кітапхананы және мұражайды ұйымдастыру, біршама діни емес әдебиеттерді басып шығару, бірінші орыс газетін “Әскери және басқа істер туралы хабаршы” шығаруға шешімнің алынуы.
13-кесте

XVIII ғасырда Ресейде мектеп пен білім берудің дамуы


Білім беру кезеңдері

Жаңалық мерзімдері

Білім беру мазмұнындағы өзгерістер. Реформалар.

1-кезең

1700-1725 жж.

Алғашқы зиялы мектептер.

2-кезең

1730-1765 жж.

Жабық сословиелік-дворяндық оқу орындарының пайда болуы. М.В.Ломоносовтың қызметі. Мәскеу университеті.

3-кезең

1766-1782 жж.

Оқу орындарының реформалары. Ағарту идеяларының дамуы.

4-кезең

1782-1786 жж.

Халыққа білім берудің мемлекеттік жүйесі.

1701 жылы Москвада бірінші математикалық және навигациялық ғылымдардың мектебі ашылды. Оның құрамында жалпы білім беретін, сонымен қатар арнаулы сыныптар кірді. Онда арифметиканы, алгебраны, геометрияны, тригонометрияны оқыды, одан басқа арнаулы ғылымдармен танысты: новигация – теңіз ісі мамандары үшін, фортификация - әскери инженерлерге қажетті ғылым, астрономия, жағырафия және жер өлшеу ғылымдары оқытылды.

Бұл мектепте негізгі мұғалім болып Леонтий Магницкий жұмыс істеді. Ол алғашқы математикадан оқу құралын құрастырған, өз кезінің мәдениетті, білімді адамдарының бірі болды. Ол көптеген тамаша мамандарды – математиктерді, теңіз ісінің, артиллерия қызметінің, мұғалімдерді және оқулықтары жасаушыларды дайындады.

1715 жылы математикалық және навигациялық ғылымдар мектебінің жоғары сыныптары Петербургке ауыстырылды және онда оның негізінде Теңіз академиясы – теңіз офицерлері мен корабль құрылысшыларын дайындау үшін теңіз-әскери оқу орны ашылды.

Петербургте, Москвада және әртүрлі басқа қалаларда артиллериялық мектептер ашылды, ал кейбір қалаларда – навигациялық және грамматикалық мектептер. Хирургиялық мектептер де ашылды.

ХҮІІІ ғ.басында Оралда бірінші мемлекеттік металлургиялық зауыттар ашылды. В.Н.Татищевтің ынтасымен тау-кен ісі мамандарын даярлау үшін тау-кен училищесі құрыла бастады. Олардың ерекшеліктері жалпы білім беретін және арнаулы даярлықтың оларда орынды ұштасып келу, болып табылады.

Орыс дворяндары өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін әртүрлі тәсілдермен бекіту және кеңейтуге ұмтылды. Бұл ұмтылыс Петр І өлгеннен кейін ерекше байқалды. Дворяндар өздерінің балалары үшін мемлекет есебінін жабық оқу орындарын ашуға рұқсат алуға қол жеткізді.

Мәселен, 1731 жылы Петербургте дворян балалары үшін тәрбиелік-білімдік мекеме кадет корпусы ашылды, ол тәрбиеленушілерін әскери және азаматтық қызметке даярлау тиіс болды.


Схема 15.

Ресейдегі зиялы мемлекеттік мектептердің жүйесі


ХҮІІІ ғ. Ресейдегі мемлекеттік зиялылар мектептері




Навигациялық және матеме-матикалық мектеп -1701 ж.

Артилериялық

(пушкарлық) – 1701 ж.

-



Хирургиялық - 1707 ж.

Инженерлік – 1709 ж.

Цифирлық училищелер 1714 ж.



Тау зауыттардағы

мектептер 1721 ж.



Оленецтік

Әр түрлі тілдік 1705 ж.



Оралдық

2. М.В.Ломоносовтың Ресейде ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуындағы ролі (1711-1765)
Ресей ғылымы мен ағарту ісін дамыту үшін ғұлама орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносовтың қызметінің мәні ерекше болды. Шаруа-теңізшінің баласы, ол сауатын ерте ашты. Сол кездегі басқа орыс балалары сияқты ол білімін оқуын діни кітаптарды оқудан бастады, оның алғашқы оқыған кітаптары Смотрицкийдің гармматика оқулығы мен Магницкийдің арифметикасы болды.

Ол он тоғыз жасында Москваға жаяу келіп, өзінің шыққан тегін жасырып, Славян-грек-латын академиясына оқуға түседі. Ломоносовтың дара қабілеттілігі, ерекше еңбек-сүйгіштігі және тез қалыптасқан жетістіктері Академия басшыларының оған көңіл аударуына себепші болады. 1736 жылы ол 12 үздік шәкірттің бірі болып Петербургке жіберіледі, содан кейін білімін жалғастыру үшін шетелге жіберіледі.

1741 жылдан М.В.Ломоносовтың белсенді, ерекше жемісті, жан-жақты ғылыми және ағартушылық қызметі басталады. 1745 жылы Петербург Ғылым академиясының химия профессоры болып тағайындалады, кейіннен академик болып сайланады. Ломоносов Ресейде көптеген ғылымның негізін қалады. Оның жан-жақты ғұламалығы туралы А.С.Пушкин өте орынды баға берді: “Ғажайып күш-жігерді, ғажайып ғұламалықпен ұштастыра отырып, Ломоносов ағарту ісінің барлық саласының татты. Ғылымға деген шөлдеу жан дүниесінің күшті құмарлығы еді. Тарихшы, шешен, механик, химик, минералог, суретші және өлеңші – ол бәрін сынап көрді, бәріне бойлай білді”.

М.В. Ломоносов философиялық материализм негізінде құрылған орыс классикалық философиясының Ресейдегі ғылыми жаратылыстанудың негізін салды. Ол бірінші рет әлемдік ғылым тарихында табиғаттың негізгі заңы – материяен қозғалыстың сақталу заңының бірден-бір толық және дәл анықтамасын берді.

М.В.Ломоносовтың ғылымға сіңірген еңбегін европа ғалымдарының – замандастарының мойындауының объективтік дәлелі болып табылатын оның швеция академиясын құрметті мүшесі (1760ж) және Балон академиясының құрметті мүшесі (1763ж) сайлануы, ал француз ғалымы Н.Леклерктің мойындауынша М.В.Ломоносовтың есімі “адамзат ақыл-ойының жинамасында бір дәуірді құрайды” деп жоғары баға берген болатын-ды. Орыс ғалымы мен ағарту ісінің жалынды жаршысы, Ломоносов орыс ғылымын дамытуға және отандық ғылыми кадрларды даярлауға қарсы болған реакционерлермен белсенді күрес жүргізді. Ол қарапайым адамдар үшін университеттерге еркін түсе алатын болуы керектігін талап етті, текке бөлінбейтін мектептер ашуға тоқталды.

М.В. Ломоносовтың айтуынша, жоғары мектептің өзінің “регламенті” (жарғысы) болуы керек деді. Жоғары мектепке еркіндік және жеңілдіктер берілуі қажет.

М.В.Ломоносовтың ұсынысымен және оның жобасымен 1755 жылы Москва университеті ашылды. Үкімет басындағылар университетті чиновниктер даярлайтын және тек ғана дворяндарға түсуге мүмкіншілік беретін оқу орны ретінде ашуды көздегеніне қарамастан, Ломоносов университетті ұйымдастырудың өз жобасын өткізді, яғни ғылымға қабілетті барлық адамдарға бірдей есіктің ашық болатындығын іске асырды.

Жоғары мектептер үшін Ломоносовтың оқу құралдары мен оқулықтар жасауда еңбегі ұшан – теңіз.

“Экспериментальдық физика” (латын тілінен аударылған), Риторика “Ресей грамматикасы” – орыс тілінің бірінші ғылыми грамматикасы болды. “Ресей грамматикасымен” орыстың көптеген зиялыларының бірнеше ұрпақтары оқыған болатынды.

§3. Москва университеті және оның мектеп пен педагогикалық ой-пікірдің дамуына ықпалы
ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында көптеген орыс зиялылары М.В.Ломоносовтың төңірегіне топтасқан прогрессивтік бағыттағы алдыңғы қатарлы ғалымдар пайда болды. Сол кезде өте негізгі мәселе ретінде “табиғи ресейліктерден” ғылыми кадрлар даярлайтын отандық ғылымның орталығын құру туралы міндет күн тәртібіне қойылды.

М.В. Ломоносов ғылымның жаңа орталығы Москвада ұйымдастыру қажеттігін дәлелдеді, ол Петербург салынғаннан кейін орыс өмірінің экономикалық, мәдени және қоғамдық орталығы болып жалғаса берді.

1755 жылы сәуірде М.В.Ломоносовтың тікелей қатысуымен Москвада құрамында 3 факультеті бар университет ашылды: заң, философия және дәрігерлік.

Батыс еуропалық университеттерден айырмашылығы онда діни факультет болмады. Ғалымдар ғылыми-зерттеулермен айналысуы үшін қамқорлық жасай отырып, университет жанынан әртүрлі қосымша мекемелерді (физикалық кабинет, анатомиялық театр және т.б.) құруды қарастырды.

Университет жанынан екі гимназия ашылды. Университет жанындағы гимназияның екеуі де дворяндар мен әртүрлі чинді адамдардың балаларына, шаруалардан басқаларына арналды. Ғұлама Ломоносовтың университетте шаруа балаларына білім алу туралы рұқсат беру қиялы іске аспады.

Гимназияда орыс тілі, латын тілі және шет тілдердің бірі, әдебиет, математика және тарих.

М.В.Ломоносовтың Ресейде ғылымның, ағарту ісінің және мәдениеттің даму тарихында терең із қалдырған Москва университетін және университет гимназиясын құруда еңбегі ерекше.

Москва университетінің жанынан белгілі орыс архитекторы Казаковтың мектебі жұмыс істеді. Мектептің өзінің мақсаты “табиғи ресейліктерден” мамандар мен құрылысшыларды даярлау. Сол сияқты белгілі орыс архитекторы Баженов, өзі Москва университетін бітірген, ол да мектеп ашып, онда талантты жастарды оқытты.

ХҮІІІ ғасырда Ресейде ағарту ісін дамытуда Москва университеті мен гимназияның профессорлары мен оқытушылары елеулі үлес қосты.

Университет профессорлары мен оқытушылары, Ломоносовтың шәкірттері мен ізбасарлары тәрбие мәселелерімен көбірек айналысты. Өздерінің университетте студенттердің алдында сөйлеген сөздерінде бұл ғалымдар негізгі педагогикалық мәселелерді ашып көрсетті. Олар оқытудың әдістемелерін талдаумен айналысты және құнды оқу құралдарын жасады.

1779 жылы университет жанынан Ресейде бірінші мұғалімдер семинариясы ашылды, ол негізінен Москва және Қазан гимназиялары үшін мұғалімдер даярлады, сонымен қатар пансиондар үшін.

Университетте ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында көптеген әртүрлі әдеби және ғылыми қоғамдар жұмыс істеді. Мектептегі білім беруді дамытуда типографиялық қоғам ерекше роль атқарды, оған жетекшілік еткен белгілі жазушы-сықақшы және ағартушы-педагог Н.И.Новиков. Оны ұйымдастыруда ол біршама еңбек сіңірді.



Москва университетінің жанындағы типографияның және әдеби қоғамдардың қызметінде ең жақсы шетелдік педагогикалық еңбектерді аудару үлкен орын алды. Орыс тіліне Коменскийдің “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты оқулығы мен басқа еңбектері аударылды. Джон Локктың “Тәрбие туралы ойлары”, Руссоның “Эмиль, немесе Тәрбие туралы” еңбектері аударылды.

§4. А.Н.Радищевтің педагогикалық көзқарастары

(1749-1802)

Орыс халықының дарынды ұлы, өз отанының жалынды патриоты А.Н.Радищев орыстың революциялық ағартушылық ой-пікірдің негізін салушы болып табылады. Негізгі философиялық мәселелерді Радищев материализм тұрғысынан шеше білді. Барлық қоршаған дүние Радищевше, материалды. Адам табиғатында материалдан тыс ерекше рухтың болуы мүмкін емес. Өзінің шығармаларында ол революциялық жігермен патша үкіметіне ашу-ызамен қарсылық білдірді. Радищев сонымен қатар езілген халықтың өздерін қанап отырғандарға- патшаға және помещиктерге қарсы революциялық күрестің қажеттілігі мен заңдылығын дәлелдеді. Басы байлы шаруалардың қиын жағдайы туралы, олардың балаларын тәрбиелеудің қолайсыз көріністері туралы Радищевтің “Петербургтен Москваға саяхат” кітабында хабарлады. Бұл еңбекте Радищев шаруа балаларының көрген қиыншылығының ауыр жағдайын суреттеп берді.

Тәрбиенің мақсаты Радищев өз халқының бақыты үшін күресуге қабілетті және оны қанаушыларға жеккөрушілікпен қарайтын адамды – азаматты қалыптастыру деп есептеді. Өзінің “Отанының ұлы туралы әңгіме” деп аталатын еңбегінде Радищев тәрбиенің негізгі міндеті ең алдымен өз отанын сүйе білетін, өзін халқының мүддесі үшін күреске арнайтын, жоғары адамгершілікті адамды тәрбиелеу болып табылады деп жазды. Ол нағыз патриот дегеніміз тек ғана революционер, патша үкіметімен күреске дайын азаматты айтады.

Тәрбиенің алдына революциялық міндет “Отанның ұлын” қалыптастыруды ұсына отырып, Радищев патриотизмді түсінуде ресми патшалық педагогикадан түбірлі алшақтықты аңғартты. Сол уақытта үкімет мекемелерінде (кадет корпустарында, институттарында, мектептерде, тәрбие үйлерінде) балалардан патша өкіметі мен шіркеуге шын берілген қанауға негізделген құрылысты жақтайтын жалған патриоттарды даярлауға ұмтылды. Радищев шын патриотты тәрбиелеу туралы мәселе қойды. Шын мәнінде нағыз отанның ұлы шын жүректен жауыздық, жалғандық, хаюандық сияқты қасиеттерге жеккөрушілікпен қарайды және осы жағымсыз қасиеттерге қарсы күреседі.

Радищев орыс (Бецкой) және батысеуропалық педагогтарды (Руссо және басқалар) сынай отырып, олардың баланы қоршаған ортадан аластату туралы айтқан көзқарастарын сынға алды. Ол адам орта үшін дүниеге келеді, баланы ортасынан, шындық өмірден оқшаулау индвидуалистерді, тек ғана өз қара басының мүддесін ойлайтын, қоғамды өзгертуге қатысуға, идеялық күрескер болуға қабілетсіз адамдарды тәрбиелейді.

Радищев барлық балаларда дамуға және тәрбиелеуге табиғаттың берген қасиеттерінің болатындығын көрсете отырып, Радищев сонымен қатар жеке тұлғаның қалыптасуы оның табиғатымен анықталмайды, өмір сүрген ортасына, әлеуметтік жағдайларға байланысты деген пікір айтады. Оның Бецкойдан айырмашылығы ол қоғамды тәрбие арқылы өзгертуге болады демейді. Керісінше, тек ғана ақылды қоғамда тәрьиені дұрыс ұйымдастыруға болады деген тұжырым жасайды. Ол адам мінезі жалпы игілік іс-әрекетте қалыптасады, заңсыздыққа, қоғамдағы тәртіпке, адамдардың бойындағы жағымсыз қасиеттерге әруақытта қарсы тұру арқылы іске асады.

А.Н.Радищев қанаушыларға жеккөрушілікке, қарапайым халықтық бағыты үшін олармен күресуге жаңа, революциялық моральдық алғашқы бастаушы болды. Балалардың бойында отанына, халқына деген шынайы сүйіспеншілікті сіңірудің қажеттігін айта отырып, А.Н.Радищев дворяндарға тән отандық мәдениетке менсінбей қарауға, орынсыз француз тіліне еліктеуге қарсы болды. Ол нағыз патриот өз ана тілін жақсы білуі қажеттігін айтты.

ІІ Екатерина үкіметі Радищевтің шығармаларын қоғамнан жасыру үшін, адамдардың санасынан оның есімін өшіру үшін бар шараларды алуға мәжбүр болды. Бірақ патша үкіметіне революциялық күреске шақырған ұлы патриоттық ашулы үні алдыңғы қатарлы орыс адамдарына естілді. Үкімет тарапынан тыйым салынған оның шығармалары, қолжазба түрінде жасырын таратылды.

А.Н.Радищевтің Ресейде қоғамдық ой-пікірдің, педагогикалық теорияның, орыстың революциялық қозғалысының дамуында алатын орны ерекше.




VIII тарау. В.Г.БЕЛИНСКИЙ МЕН А.И.ГЕРЦЕННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
§1. В.Г.Белинскийдің педагогикалық көзқарастары (1811-1848)

§2. А.И.Герценнің педагогикалық көзқарастары (1812-1870)



§1. В.Г.Белинскийдің педагогикалық көзқарастары

(1811-1848)

  


ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары орыстың прогрессивтік қоғамдық-педагогикалық ой-пікірінің дамуына В.Г.Белинский мен А.Н.Герцен ерекше роль атқарды. Революциялық  - материалистік көзқарастың негізінде олар орыс педагогикасында Ресейдің революциялық қозғалысының мүдделеріне жауап беретін революциялық – демократиялық бағытты жасады.

  Виссарион Григорьевич Белинский аса көрнекті революционер-демократ, өзінің шығармаларында крепостнойлық правоға қарсылық білдірді, шаруалардың мүддесін жақтады. В.Г.Белинский дарынды сыншы болды, Ресейге, орыс халықына деген таусылмас жалынды сүйіспеншілікті аңғартты, оның жарқын болашағына сеніммен қарады. В.Г.Белинскийде өз отанына сүйіспеншілікті басқа халықтарға терең құрметпен қарауды ұштастыра білді. Олар ХІХ ғасырдың 30-40 жылдардағы орыстың ой-пікірінің рухани көсемлері болды. "Кімде кім өз отанының перзенті болмайтын болса, ол адамзаттың да перзенті бола алмайды”, - деп жазды В.Г.Белинский.

   В.Г.Белинский идеялық дамудың күрделі жолынан өтті. Алғашында ол қоғамынң әділетті құрылымын тек ғана ағарту ісін тарату арқылы іске асыруға болады деген болатын-ды. Ал ХІХ ғ.40-жылдары ол революциялық ағартушылықтан революциялық демократизмге қадам басты, материалистік философияның қағидаларын жақтады, дүниенің дамуына диалектикалық көзқарасты білдірді. Сенімді материалист бола отырып, Белинский өзіне тән жігрелікпен православиялық шіркеуге және діни сенімдерге қарсы болды.

   Белинский өнердің, әдебиеттің, ағарту ісінің, тәрбиенің халықтығы теориясын талдады. Ғұлама сыншы ресми халықтықтың теориясының реакциялық мәнін сынға алды.

   40-жылдары Белинский социалист – утопистік көзқараста болды. Бірақ батысеуропа социал-утопистерінен айырмашылығы (Р.Оуэн және басқалары) ол социализмді бейбітшілік жолмен, халықтық революциясыз орнатуға болмайтындығын айтты. Ол өз кезінің ірі идеялық көсемі болды, оның төңірегіне барлық алдыңғы қатарлы адамдар, жаңа, еркін Ресей үшін күрескерлер топтасты.

   В.Г.Белинский оның кезінде кеңінен тараған адамның табиғаты оның тәрбиесінің мүмкінішіліктерін алдын ала анықтайды деген тұжырымға қарсы шықты. Ол, керісінше, табиғат адамдарды қабілеттіліктермен және дарындылықтармен сыйлайды, ал дарынсыз және томас адамдар дене жағынан кемтарлар сияқты сирек ескертпелер. Адамдарды тегіне жатқызу тәрбие және білім алуға олардың құқын шектеуге болмайды.

   А.Н.Радищевтен кейін, "адам қоғамдық құбылыс” екендігін мойындай отырып, Белинский былай дейді: "Адамды табиғат жаратады, бірақ оны дамытатын және қалыптастыратын қоғам”. Қоғам барлық адамдарға бірдей тәрбиемен қамтамасызетуге тиісті, олардың рухани күштері мен дара қабілеттіктерін дамыту.

   В.Г.Белинский тәрбиенің алдына жаңа, прогрессивті міндеттер қойды. Ол жалпы адамдық тәрбиенің талаптарын ұсынды. "Алғашқы тәрбие, - деп жазды ол, - балаларда чиновникті емес, ақынды емес, қолөнершіні емес, адамды тәрбиелеуі қажет”.

   Оның әдебиеттің халықтығы туралы талданған теориясынан Белинский балаларды өз отанын сүйіспеншілік рухында тәрбиелеудің қажеттігі туралы педагогикалық қорытындылар жасады. Орыс тілін және отандық әдебиетті оқытудың негізгі пәндері істеу керектігін атап өтті.

   Пушкиннің, Крыловтың, Гогольдің және басқа да Ресейдің ұлы жазушыларының шығармаларында Белинский орыс халықтығы мен жалынды патриотизмнің анық көрінісін көре білді. Белинский балаларда орыс халқына тән ержүректілік, тапқырлық, табандылық, еңбексүйгіштік сияқты жағымды сапаларды қалыптастыруға шақырды.

   Белинский тәрбиенің халықтығы идеясын жақтады және православия, самодервие және халықтық теорияны жақтаушылармен бітіспес күресте дамытты.

   Белинскийдің педагогикалық теориясының негізгі қағидаларының бірі адамды үйлесімді дамыту болып табылады.


Тұлғаның гармониялық дамуы


Схема 16.

В.Г.Белинскийдің педагогикалық көзқарастарындағы негізгі идея, мақсат пен міндеттердің арақатынасы


Адам болу




Жалпы адами тәрбие




Жақсы қоғам үшін батыл күрескерлерді тәрбиелеу




Адамның жақсы жақтарын анықтау





Ақыл-ой білімі

Отбасы тәрбиесі

Дене тәрбиесі

Адамгершілік тәрбие

 Адамгершілік тәрбиені Белинский адамды – қоғамдық қайраткерді қалыптастырудың негізгі саласы деп есептеді. Оның адамгершілікті тәрбиелеудің тәсілдері және жолдары туралы айтқан қағидалары бай және мазмұнды. Терең диалектик және нәзік психолог, ол моральдық тәрбиенің психологиялық негіздерін ашуға ұмтылды, адамгершілік тәрбие үрдісінің күрделігіне педагогтардың көңілін аудара отырып, оған формалды қарауға қарсы болуды ескертті.

   Жас кезіндегі балалардың психикалық өмірінде эмоциялар басты роль атқарды. Сондықтан да ең алдымен балалардың санасына емес, сезімдеріне әсер ету қажет. "Сезім білімнің алдында келеді, кімде кім адамгершілікті сезінбесе, онда ол оны түсінген емес,”-деді Белинский.

   Жоғарғы жас кезеңінде адамгершілік тәрбие ақыл-ой тәрбиесімен ұштасуы қажет, олардың алыднда күрделі де және жауапты міндеттер тұр.

   Белинский сол кездегі мектепті қатты сынға алды, ондағы білім берудің мазмұны орыс ғылымының дамуынан артта қалды, сол кездегі оқулықтардың утилитарлық-эмпирикалық бағыттылығын атап көрсетті. Ол оқушылар тек ғана белгілі білімнің жиынтығын меңгеруі жеткіліксіз, сонымен қатар тұтас ғылыми көзқарасты қалыптастыруы қажет деп есептеді. Ол ғылым мен оқу пәндерінің, теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жоюды талап етті.

   Белинский ғылымды өмірге жақындату үшін бар күш-жігерімен күресті. Ол мектептегі білім беру олардың алдарына халық қойған міндеттерге жауап бермейтіндігін атап өтті.

   Белинский мектептегі білім берудің мазмұнын кеңейту үшін күресті. Радищев сияқты, ол дінді оқытуға қарсы болды, дінсіз білім беру үшін білім беруді қазіргі отандық ғылымның деңгейіне дейін арттыруға жұмыстанды.

   Белинский негізгі оқу пәндеріне адамгершілік тәрбиесін беруге көмектесетін гуманитарлық ғылымдарды (ана тілі, әдебиет, тарих) жатқызды.

   Белинский балалардың қызығуын дамытуға негізделген, олардың жас ерекшеліктері мен даралық бейімділігін ескеретін оқытудың жаңа әдістемесін енгізуге ерекше көңіл бөлді. Оның пікірі бойынша, индуктивтік жол-оқытудың негізгі жолы. "Талдаудан жинақтауға көшу, мысалдардан ереже шығару – оқытудың ең пайдалы жүйесі”,- деп жазды ол. Ол догматикалық оқытуға қарсы болды.


§2. А.И.Герценнің педагогикалық көзқарастары

(1812-1870)

   Орыстың революциялық қозғалысының белгілі өкілі, көрнекті саяси қайраткер, публицист және талантты жазушы Александр Иванович Герцен, Белинский сияқты ХІХ ғ. 30-40 жж.орыстың революция-демократиялық педагогикалық ой-пікірінің өкілі болды.

   А.И.Герцен, философ-материалист және революцияшыл демократ, өз шығармаларында тәрбие мәселелеріне ерекше мән берді, оны Белинский сияқты сол бағытта қарастырды.

   Революциялық демократизм тұрғысынан Герцен адамның барлық рухани және дене күштерімен қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ететін тәрбиені жақтады.

   Тәрбие мақсаты, Герценнің пікірінше, дұрыс материалистік көзқарасты меңгерген, патша үкіметінің саясатын жеккөретін, халықтың мүддесін қорғай білетін ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.

   Ақыл-ой тәрбиесі жүйесінде ол ғылыми-жаратылыстану және тарих ғылымдарына ерекше мән берді. Герцен жаратылыстануда материалистік көзқарасты тәрбиелеудің тиімді құралын көре білді, ал тарихта патриоттық сезімдер мен демократиялық сенімдерді қалыптастыруды іске асырды.

   Патриотизм, Герценнің пікірінше өз отанына шексіз сүйіспеншілік пен оның ішкі және сыртқы жауларына жеккөрушілікпен қарау болып табылады. Герцен шәкірттерде достық және жолдастық, гуманизм, ерік-қайратты, ерлік істерге қабілеттілік сезімін тәрбиелеудің қажеттігіне мән берді. Осы қасиеттерді тәрбиелеуде ол негізгі рольді озық көркем әдебиетке және ұлы адамдардың өміріне арнады.

   Герцен мектеп пен жанұяның оқу-тәрбие іс-әрекетінде тәртіптің ролі мен мәнін жоғары бағалады.  Герцен біржола шектен шыққан дене жазалауына, ұрып-соғуға, балаларға әсер етудің, тәртіптің өрескел әдіс-тәсілдеріне қарсы болды. Ол ата-аналар мен тәрбиешілердің балаға ізгілік қарым-қатынасына негізделген тәртіпті талап етті.

   Дидактика мәселелеріне қатысты қағидаларында Герцен ерекше табандылықпен оқытудың қарапайымдылығын және түсініктілігін жақтады, бұл педагогикалық шеберліктің өте қажетті жағы деп есептеді. Негізгі әдістерге мұғалімнің баяндау және түсіндіру әдістерін жатқызды. Герцен басқа әдістерге қарағанда мұғалімнің баяндауы тиімді, әрі бұл әдістің артықшылығы бар, берік білімді қамтамасыз етеді және оқушылардың ойлау белсенділігін оятады деген болатынды. Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімге жетекші орын бере отырып, Герцен оған өте жоғары талаптар қойды.

   Тәрбиешінің таланты, Герценнің пікірінше, бұл "шыдамды сүйіспеншіліктің, шын берілгендіктің таланты, оны ешқандай ананың сүйіспеншілігі, ешқандай дилектика өзінің күшті қағидаларымен айырбастай алмайды” деген болатынды. Ол мұғалімінің сенімдеріне ерекше мән берді.

   Герцен жанұя тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Герцен өз балаларының тәрбиелеу үлгісіне сүйене отырып, осы міндетке ата-аналарды ерекше қамқорлықпен, жауапкершілікпен қарауды балаларды болашақ өмірге, еңбекке даярлауда оларды барлық қажетті білім негіздерімен, адамгершіл ұғымдармен қаруландыру, олардан өз ата-ананың шын берілген патриотын тәрбиелеу міндетін қойды.

   Белинский сияқты, Герцен сословиялық-крепостниктік тәрбие жүйесіне жағымсыз көзқараста болды. Ол Николай І үкіметінің саясатын халық мүддесіне қарсы бағытталғандығын қатты сынға алды.

Схема 17.

В.Г.Белинскийдің педагогикалық көзқарастарындағы негізгі идея, мақсат пен міндеттердің арақатынасы


Қоғамды ақыл бастаулары арқылы жаңартуға қамтылатын гуманды, еркін тұлғаны тәрбиелеу



Тәрбие бағдарламасы



Ақыл-ой

Адамгершілік



Құралдар






Жаратылыстану

Тәртіп



Кітап оқу

Талап



Шыдамды сүйіспеншілік



Жан-жақтылық, міндеттілік, ғылымилық, үйлесімділік, қоғамдық және жаратылыстану білімдерінің үйлесуі




ПРИНЦИПТЕР

   Белинский сияқты, Герцен Радищевтің халықтық мәдениет, халықтық мектеп үшін күрес дәстүрін одан әрі жалғастырды. Олар Радищевке қарағанда, тәрбиенің материалистік негіздерін түсіндіруге одан әрі кетті. Олар тұқым қуалау, орта және тәрбие проблемаларын түсінуде тереңдете қарастырды. Белинский мен Герцен таным үрдісіне сонымен қатар педагогика мен психологияның және физиологияның өзара қарым-қатынасына жан-жақты материалистік түсінік берді.

   А.И.Герцен бірнеше тамаша шығармалардың авторы. Атап айтқанда "Өткендер мен ойлар”, "Кім жазықты”, "Сұғанақ сауысқан”, "Доктор Крупов” орыс өмірінің аса зәру проблемаларын көтерген құнды шығармалар болды. Белинский мен тәрбие мәселелері туралы Герценнің анық та, мазмұнды ойлары педагогикадағы жаңа, революцияшыл – демократиялық бағыттың негізін қалады. Белинский мен Герценнің педагогикалық мұрасы одан әрі Чернышевский мен Добролюбовтың еңбектерінде одан әрі дами түсті.



IX тарау. Н.И.ПИРОГОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ҚЫЗМЕТІ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ (1810-1881)

§1. Н.И.Пироговтың ғұмырнамалық деректері

§2. Тәрбие мақсаты және мектеп жүйесі

§3. Пирогов ұсынған мектеп жүйесінің жобасы



§1. Н.И.Пироговтың ғұмырнамалық деректері

Николай Иванович Пирогов көрнекті орыс дәрігері-хирургі, халық ағарту ісінің қайраткері, белгілі педагог. Ол – Москва университетінің медицина факультетінің түлегі. Дернт университетінде (қазіргі Тарту қаласы, Эстония Республикасы) медицина ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне диссертация ғылыми атағын алғаннан кейін, Петербургтің медициналық хирургия академиясында профессорлық қызмет атқарады. Ол Қырым соғысына өз еркімен қатынасады. Ол белгілі дәрігер-хирург Крым соғысында Севастопольді қорғауға қаһарман қатысушыларына дәрігерлік көмекті ұйымдастырушы ретінде 1856 жылы “Марской сборник” журналында Г.И.Пироговтың “Өмір мәселелері” атты мақаласы жарияланған болатынды. Бұл мақала жұртшылықтың назарын өзіне аударды. Мақалаларда ол жанұя және қоғамдық тәрбиенің негізгі мәселелерін күн тәртібіне қоя отырып, бұл мәселелерді басылымдарда, оқу орындарында, педагогтар мен ата-аналардың арасында кеңінен талқылауға себепші болды.

Бұл мақаласында Пирогов педагогиканың аумағынан тыс қарастырылатын мәселелерді күн тәртібіне қойды, атап айтқанда: азаматтық жеке тұлғаға және оның дамуының толықтығы, адамзаттың парасаттылығы. Тәрбиеге қатысты оның мағынасы, адамды тәрбиелеу қажет, ең алдымен жоғары, адамгершілік өнімдері қалыптастыру; жалпы адамзаттық тәрбие арнаулы, кәсіби білім беруден бұрын келуі қажет. Н.И.Пирогов былай деп жазды: “Пайдалы азамат боламын деп даярланып жатқандардың барлығы алдымен адам болңға үйренуі қажет”.

“Өмір мәселелеріне” Пироговтың айтқан ойлары алдыңғы қатарлы жұртшылықтан қолдау тапты, оның ішінде революцияшыл демократтардың өкілдері оның тәрбие және педагогика мәселелері бойынша оның болашақ мақалалары үшін негіз болды.

Пироговтың ескі мектепке қатысы. Өзінің баспа беттерінде мақалаларында Пирогов сол кездегі мектептің жағдайы Пироговты қанағаттандырмады.

Мектептердің негізгі кемшіліктері мен олқылықтарына Пирогов оқытудың сословиялық және тармамандық сипаты, сонымен қатар оқытудың артта қалған, ескі тәсілдерді қолдануы. Оқытудың тар мамандық сипаты, Пироговтың пікірінше, карьеристерді тәрбиелеуге көмектеседі деді.

Пирогов білім берудің ресми курсына жалпы адамзаттық тәрбие идеясын қарсы қойды, ол жан-жақты ой-өрісі бар жоғары адамгершілікті адамды қоғамдық өмірге даярлаудың қажеттігін қойды.

“Адам болу – бұл тәрбиенің негізгі мақсаты болу керек”,-деп жазды Пирогов. Ол ерте, күні бұрын берілген балаларды мамандандырудан сақтандырды, ол олардың ой-өрісін тарылтады және адамгершілік дамуын тежейді. “Өмір мәселелері” мақаласының негізгі идеясы – жалпы адамзаттық білім беруді қорғау болып табылады.


§2. Тәрбие мақсаты және мектеп жүйесі
Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарасының жетекші белгісі гуманизм болып табылады. Бірақ Пироговтың гуманизмі буржуазиялық шектеулі болды. Осыдан келіп, Пирогов тәрбиенің мақсаты деп, әрбір оқушыдан өмірде кейін қандай арнаулы жолды таңдайтындығына қарамастан, “шындықты сүйетін адамды” даярлау, демек, жан-жақты ғылыми танымды, жоғарғы адамгершілік сенімдерді, ерікті және берік ерік-қайратты меңгерген осындай адамды есептеді.

Пирогов сословиялық мектепке қарсы бағытталған мектеп жүйесінің жаңа жобасын ұсынды. Ол мектеп жүйесінің негізгі екі жылдық бастауыш мектеп болу керек, бастауыш мектептен барлығына орта мектепке жол ашылады. Өзінің мектеп жүйесін ол бірыңғай мектептің қағидасы бойынша құрды.

Пирогов мектеп жүйесін бірнеше сатылардан ұмынды, атап айтқанда: екі жылдық бастауыш мектептен кейін-прогимназия (тоық емес орта мектеп) төртжылдық мерзіммен екі түрлі; одан кейін гимназия екі түрлі – үшжылдық және бес жылдық мерзіммен; бұл жүйені жоғары мектеп аяқтайды (университеттер және жоғары арнаулы оқу орындары).
§3. Пирогов ұсынған мектеп жүйесінің жобасы
Орта мектеп жүйесінде Пирогов ерекше орынды ертедегі тілдерге (латын және грек), орыс тілі мен әдебиетк, математикаға және тарих пәндеріне береді. Классикалық орта мектептерге реалдық мектептерге қарағанда артықшылықпен қарады. Оқу мерзімі біріншісінде екіншісіне қарағанда 2 жыл артық. Классикалық гимназияны бітіргендер университеттерге немесе жоғары арнаулы оқу орындарына түсе алады немесе практикалық жұмысқа барады. Пирогов мұғалімдерді ескі догматикалық оқыту тәсілдерні алып тастау және жаңа әдістерді қолдану қажеттігі туралы көңіл аударды. Жоғары білім алуды жеңілдету мақсатында Пирогов жағдайы нашарларға оқу үшін төлем ақысын азайтты.

Оқушылардың ойлау ерекшелігін ояту қажет, олардың ойлау қабілеттілігін дамыту,өз бетімен жұмыс істеу дағдысын меңгертті. Тәжірибелі оқытушы оқушылардың зейінін қоздыру қажет хабарланған оқу материалына оларда қызығуды дамыту – бұл, Пироговтың пікірінше оқытудың жемісті ұйымдастырудың ең негізі деп түсінді. Пирогов оқытудың мәнділігі, белсенділігі және көрнекілігі сияқты негізгі дидактикалық қағидаларға тоқталды.

Пирогов гимназиялардың педагогикалық кеңестерінің жұмысын жақсарту туралы ұсыныстар жасады, талқыланатын мәселелердің мазмұнын кеңейтті, дидактикалық мәселелер туралы баяндамалар жүйесін және пікір алысуды, мұғалімдердің әдістемелік ізденістерін көтермелеп отыруды енгізді, өзара сабақтарға қатысуды ұсынды. Пирогов сыныптан сыныпқа көшіруді оқушылардың жылдық үлегірімі нәтижесінде іске асыру ұсынылды.
Схема 17.

Н.И.Пироговтың бірыңғай мектеп жобасы


Жоғары арнаулы оқу орындары

Университет




Адамгершілік

Классикалық гимназия



Классикалық прогимназия

Адамгершілік




Элементарлық бастауыш мектеп

Жоғары мектепте сабақ беруге Пирогов белгілі ғалымдарды тартуды ұсынды, профессорлардың студенттермен әңгімелесулерін күшейтуді, семинарлар, просеминарлар және практикалық сабақтар өткізуді, әруақытта да студенттерде тереңдетілген өз бетімен жұмыстың дағдыларын дамытуды енгізуді ұсынды.

Оқушылардың тәртібі туралы мәселеге Пирогов ерекше мән берді. Пирогов жақсы ұйымдастырылған тәртіпті оқыту мен адамгершілік тәрбиенің жетістіктерінің негізгі шарттарының бірі деп есептеді. Ол ұрып-соғу, казармалық тәртіп сол кездегі мектептерде кең өріс алды, балаларға оның жеке басына жауапсыздықпен қарауды қатты сынға алды және тәртіпті орнатуда ізгілікпен және жүрек жылуымен қарауды талап етті.

Оқушы тәртіпсіз жасағанда педагог тәртіпсіздік қандай жағдайда жасалды соны өте зейін салып ескеру және оны бағалау қажет, оқушының санасына оның кінәсін жеткізу және қылығы үшін берілген жазаның әділдігіне Пирогов ерекше назар аударды.

Өзінің 1858 жылғы жазған “Балаларды ұрып-соғуға бола ма және басқа балалардың алдында ұрып-соғуға болама” атты мақаласында Пирогов баланы ұрып-соғуға және дене жағынан жазалауға қарсы бола отырып, бірақ тәжірибеде олсыз мүмкін емес дей келіп, оны тек ғана гимназияларда педагогикалық кеңестің шешімін ерекше шара ретінде қолдану керек деген ұсыныс жасады.

Н.А.Добролюбов Пироговтың осы көзқарасын және жазалау туралы екіжақтылығын әділ сынға алған кезде, ол “Киев оқу округі бойынша гимназиялардың шәкірттерінің қылықтары мен жазалау туралы ережелерді енгізудің салдарлары туралы” мақаласын жариялады. Онда ол бұл ережелер Киев округінің директорлар кеңесінде қабылданғандығын, округтің попегителі ретінде бұл коллегиялық шешімді өзгертуге болмайтындығын, “Ережені” енгізудің нәтижесінде дене жазалауын қолданудың санының бір жылдың ішінде өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе азайғандығын атап өтті.

Добролюбов Пироговтың келісімпаздығын және бұрынғы жарияланған прогрессивті қағидаларынан бас тартқандығына жаңа мақаламен жауап берді. Көптеген саяси және педагогикалық мәселелерді бірізді емес, жартылай шешуіне қарамастан, Пирогов орыс педагогикасының тарихында ерекше прогрессивтік роль атқарды. Пироговтың гуманизмі, оның тәрбиенің негізінде адамгершілікке үндеуі, оның сословиялық мектепке қарсы болуының мәні ерекше болды. 60-жылдардағы қоғамдық- саяси қозғалыстың жағымды дәстүрлері мен ұмтылыстары Пироговтың есімімен байланысты.

Көптеген мәселелерде Пирогов ресми педагогикаға қарсы шығып, мектептегі бюрократизмге қарсы күресе отырып, коллегиялық идеялар мен алдыңғы қатарлы әдістемелер үшін, оқытудағы схоластикаға қарсы күресе білді.





X тарау. Н.Г.ЧЕРНЫШЕВСКИЙ МЕН Н.А.ДОБРОЛЮБОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
§1. Н.Г.Чернышевскийдің педагогикалық көзқарастары (1828 – 1889)

§2. Тәрбие мен білім берудің мазмұны және әдістері.

§3. Н.А.Добролюбовтың педагогикалық көзқарастары (1836-1861)

§4. Оқушылардың тәртібі туралы.


§1. Н.Г.Чернышевскийдің педагогикалық көзқарастары

(1828 – 1889)

Н.Г.Чернышевский 1828 жылы Саратов қаласында діни қызметкердің жанұясында дүниеге келді. Алғашқы білімді үйде алды, орта білімді – діни семинарияда, жоғары білімді – Петербург университетінде.

Петербург университетін бітіргеннен кейін Саратов гимназиясында үш жыл бойы әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Одан кейін Петербургке барып, өзін әдеби-публицистикалық қызметке арнады.

“Современник” журналының жетекшісі қызметін атқарып, ол журналды орыс революцияшыл-демократтарының жауынгер арганына айналдырды. Сонымен қатар журналистік қызметін атқара жүріп, Чернышевский астыртын революциялық жұмысты жүргізді. 1862 жылы ол ұсталып, Петропавл қамалына қамауға алынды, жеті жылға сотталды, одан кейін патша үкіметі бойынша, Сібірге өмірлік жер аудару тұрған болатын-ды.

21 жыл түрме, каторга және жер аударудан кейін Астрахань қаласында тұруға лұқсат етілді, ал 1889 жылы қайтыс болудан бірнеше ай бұрын Саратов қаласына келді. Чернышевский 1889 жылы қазан айында қайтыс болды.

Чернышевский студенттік жылдардың өзінде крепостникалық право және патша үкіметі еңбекшілердің басына түскен ауыртпалық пен бақытсыздықтың негізгі себептері болып табылады, олар прогресстің, ғылымның және ағарту ісінің жаулары деген қорытынға келген болатын-ды. Сонымен қатар бірден-бір дұрыс және сенімді жол, оны жою үшін күрес революциялық жолы болып табылады.

Чернышевский өзінің қызметінде педагогика және тәрбие мәселелеріне ерекше орын бере отырып, оларды материалист және революцияшыл демократ тұрғысынан қарастырды.



Тәрбиенің ролі мен мәні туралы. Чернышевский былай деді: “Өмір сүретіннің барлығы – материя, материясыз сана болмайды, болуы да мүмкін емес”. Тәрбие мәселелерін ол материалистік тұрғыдан қарады. Чернышевский жеке тұлғаның дамуында және қалыптасуында басты, шешуші рольді өмір жағдайы, қоршаған орта және тәрбие атқарады деп түсіндірді, бірақ толықтай тұқым қуалаудың ролін жоққа шығармады.

Ол адам жақсы немесе зұлым, жексұрын азамат болып тумайды, жағдайға немесе алған тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Чернышевский адам дамуында тұқым қуалаудың шешуші роль атқаратындығы туралы көзқарастың дұрыс емес екендігін айтты.

Тәрбиенің рөлін жоғары бағалай отырып, Чернышевский тәрбие саласында қалыптасқан қолайсыз жағдайды ерекше атап көрсетті. Ол қалыптасқан қоғамдық құрылыс жоғары идеялы адамды, қажырлы күрескерді тәрбиелеуді қамтамас ете алмайды. Ол тәрбие жүйесін түбірімен өзгертуді талап етті.

Революцияшыл демократтар тәрбиенің мақсаты жаңа адамды азаматты, өз отанының патриотын, революцияшыл күрескерді тәрбиелеу деп есептеді. “Баланы тәрбиелегенде деп жазды Н.Г.Чернышевский,- өмірде ол жан-жақты дамыған, адамгершілігі мол, таза адам болу. Бұл бәріне де маңызды. Ең алдымен сөздің шын мағынасында сіздің тәрбиеленушіңіз адам болып шығу үшін қамқорлық жасаңыз”.

Белинский мен Герценнен кейін Чернышевский тәрбиенің мақсатын бірден бір дұрыс анық, тап берді. Адамның жан-жақты дамуы туралы талап Чернышевскийдің адам табиғатына материалистік көзқарасынан туындайды.

Адамды жан-жақты даярлау жүйесінде Чернышевский басты орынды жалпы білім беруге арнады.

Жалпы білім беру өмірде алатын мамандығына қарамастан әрбір адамның болашақ қызметінің берік негіздерін қалауы қажет. Ол – фундамент, оған негізделмеген арнаулы білім беру берік жағдайды ала алмайды.

Чернышевский тәрбиенің жалпы мақсатына сәйкес төрт негізгі бір-бірімен өзара байланысты жалпы білім берудің бөлімдерін атап көрсетті: ақыл-ой, адамгершілік, дене және эстетикалық тәрбие, оның ішінде жетекші орынды шәкірттерді табиғат және қоғам туралы тереңде және жан-жақты білім негіздерімен қаруландыру мақсатын қоятын ақыл-ой тәрбиесіне берді.


Схема 18.

Н.Г.Чернышевский бойынша жаңа адамды қалыптастыру факторлары


Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі факторлары




Тәрбие

Тұқым қуалаушылық



Әлеуметтік орта

Тұлғаның өзінің әрекеті

Чернышевский адамгершілік тәрбиесінің міндетіне оқушыларда жағымды сезімдер мен ұмтылыстарды, барлық жақсылық пен әдемілікке күшті сүйіспеншілікпен қарауды жатқызды. Адамгершілік тәрбиесі ол отанына және халқына сүйіспеншілік, адамға, еңбек адамына сүйіспеншілікпен қарау, еңбекті сүю, алдына мақсаттар қоя білу қабілеттілігі деп түсінді.

Дене тәрбиесінің Чернышевскийдің пікірінше, өзінің мақсаты оқушылардың дене күштері мен денсаулығын дамыту және нығайту болып табылады.Эстетика туралы Чернышевскийдің материалистік ілімі тұрғысынан эстетикалық тәрбие міндеттері жаңаша қарастырылды. Ол негізінен оқушыларды өмірде кездесетін сұлулықты көре білуге түсіне және сезе білуге, өнердің құралдарын пайдалануға, бұл сұлулықты толық және анық бейнелеуге әкеледі. Эстетикалық тәрбиенің міндеті қажетті құралдарды пайдалана отырып, өмірдегі жағымсызды жамандау болып табылады.



§2. Тәрбие мен білім берудің мазмұны және әдістері.
Чернышевский жалпы білім беретін мектепте негізгі пәндерге ана тілін, әдебиетті, тарихты, шет тілдерін, математиканы, физиканы, жаратылыстануды және жағрафияны жатқызды.

Мектепте қандай ма болмасын дінді оқытуға ол үзілді-кесілді қарсы болды. Жалпы білім беруді шектеуге бағытталған кез-келген тенденцияны, оны мамандыққа даярлаумен өзгертуді Чернышевский өте зиянды, реакциялы деп бағалады.

Чернышевскийдің пікірінше, жалпы білім беретін оқу пәндері тек ғана ақыл-ой емес, сонымен қатар оқушылардың адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің фундаментін құрайды. Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, негізінен табиғат және адам туралы білімдерді меңгеру үрдісінде іске асады.

Әрбір оқу пәнінің өзінің негзігі ретінде сәйкес ғылымы болады, Чернышевский ғылым мен оқу пәні ұғымдарын бірлікте қарастыруға қарсы болды. Оқу пәні, Чернышевскийдің пікірінше, ешуақытта да ғылымның қарапайым көшірмесіне айналмау керек.

Оқушылардың зерттеуіне арналған әрбір пәні бойынша оқу материалын іріктеу қажет. Дене тәрбиесінде Чернышевский күнбе-күнгі дене жаттығуларына, сонымен қатар серуендеуге ерекше мән берді. Оның геройы Рахметов (“Не істеу керек?” романында) белгіленген режмиді қатаң сақтады, біржүйелі дене жаттығуларымен айналысты, ерікті және берік мінез-құлықты тәрбиелейді – бұл жеке адамның құнды белгілері.

Дене тәрбиесінің өте құнды құралы Чернышевский біруақытта адамгершілік тәрбиесінің құралы болып табылатын дене еңбегі деп есептеледі.

“Не істеу керек?” романында (Вера Павловнаның төртінші түсі) Чернышевский болашақ қоғамның азаматтарының ерікті және қуанышты еңбегінің суретін бейнелейді. Чернышевскийдің бұл романында еңбек адамның моральдық бейнесін өзгертуге қабілетті күш ретінде қарастырылды.

Оқытуды ұйымдастыру, әдістері және тәсілдері оқушылардың әртүрлі білім негіздерін жемісті меңгеруге, рухани күштері мен қабілеттерінің жан-жақты даумына, дұрыс сенімдерінің өсуіне және бекуіне көмектеседі. Ол үшін, Чернышевскийдің көзқарасы бойынша, төмендегілер қажет:

а) материалдық көлемі мен сипатын анықтауда және оқытудың тәсілдерін, оқушылардың ерекшеліктері мен олардың күшін және қабілеттілігін қатаң ескеру;

ә) оқыту мен тәрбие үрдісінде қатаң бірізділікті сақтау;

Әртүрлі оқытудың әдістері мен тәсілдерінің ішінде Чернышевский мұғалімнің көрікті сөзіне, әңгімеге және оқушылардың өз бетімен істейтін жұмысына ерекше орын берді. Ол көбіне оқушылардың өз бетімен істейтін жұмысына ерекше мән берді.

Схема 19.

Н.Г.Чернышевский бойынша білім беру мақсаты мен құралдарының диалектикалық өзара байланысы


Жан-жақты дамыған, білімді және белсенді қоғам қайраткерлерін тәрбиелеу




Білім беру

Саяси билік




Материалдық байлық

Чернышевский оқу үрдісін көңіл көтерудің құралына айналдыруға қарсы болды. Ол қызықты сабақ беруді тек ғана құрал ретінде қарады, ал негізгі мақсат емес, оқытуда қызығу баяндаудың көңіл көтеретін, тартымды түрлері арқылы іске алады.

Чернышевский оқыту үрдісі тәрбие үрдісі болып табылатындығын бірнеше рет қайталап айтқан болатынды. Оқыту үрдісі мен тәрбие үрдісінің бір-бірімен байланысты екендігін нақты дұрыс түсіндіріп берді.



Мектептерде қолданылып жүрген оқулықтар мен оқу кітаптарға Чернышевский толықтай сын көзбен талдау жасады. Көптеген оқулықтар мен оқу кітаптарының негізгі кемшілігі, оның пікірінше, біріншіден, мазмұнсыз, құрғақ келеді, екіншіден, олар адамгершілік құрғақ ақыл айтудан тұрады, оқушыларда жалған моральді қалыптастыру мақсатын қояды; үшіншіден оқулықтарда оқиғалар мен деректер қате беріледі, құрғақ, дәмсіз, өте суы мол тілмен түсіндіріледі. Сондықтан да балаларға арналған оқулықтар өте сауатты, әдеби, түсінікті, тартымды, қарапайым, жеңіл тілмен берілуді талап етті.
§3. Н.А.Добролюбовтың педагогикалық көзқарастары

(1836-1861)


Н.А.Добролюбов Нижний Новгородта 1836 жылы дін қызметкерінің жанұясында дүниеге келді. Алғашқы білімді ол үйде және діни училищеде алды, орта білімді діни семинарияда, жоғары білімді – Петербургтегі педагогикалық институтты бітірді. Студент кезінен бастап, Добролюбов “Современник” журналының жұмысына қатысып, онда өзінің бірнеше педагогикалық мақалаларын жариялады, оның ішінде “Тәрбиедегі беделдің маңызы туралы” атты оның атақты мақаласы бар.

Институтты бітіргеннен кейін “Современник” журналының редакциясына тұрақты жұмысқа орналасты.

Добролюбовтың жан-жақты қалыптасқан публицистикалық қызметінде педагогика және тәрбие мәселелері ерекше орын алды, ол мәселелерді шешуде Чернышевский сияқты, материализм және революциялық демократизм тұрғысынан қарады.

Ресми педагогиканы сынау. Өзінің еңбектерінде үкіметтің халыққа білім беру саясаты халықтың білімге ұмтылысын жоюға бағытталғандығын жазды. Оны ол әскери деспотизм саясаты деп атады. “Халыққа білім беру министрлігінде,-деп жазды ол,-топастық, шектеушілік және жауыздық үстемдік етеді”.

Ол ресми педагогиканы қатты сынға алды. Өзінің еңбектерінде тәрбие мәселелеріне ресми көзқарасын білдірген педагогикалық шығармаларды өрескел кемшіліктері үшін сынады. Ол бұл мақалалардың авторлары балалардың кез-келген өз бетімен жұмысы мен белсенділігінен айыратын тәрбиешінің беделіне баланың соқыр, санасыз бағынуын, мүлтіксіз бұйрығын орындауын жақтайтындығын дәлелдеп берді.

Чернышевскиймен бірге ол жеке адамның дамуында тұқым қуалаудың ролін асыра бағалауға бағытталған көзқарастың ғылыми негізі жоқ екендігін, үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтындығын дәлелдеді.

Бұл “теорияларға” қарсы, Добролюбовтың айтуынша, адам дағдыры, оның көзқарастарын, сезімдерін және көңіл-күйлерін, оның мінез-құлқы мен қабілеттіктерін қалыптастыру қоғамдық өмір мен тәрбиенің жағдайларымен анықталды, тек ғана құрылысының кейбір ерекшеліктері, темпераменттері, орналасулары тұқым арқылы беріледі, Добролюбов “қазіргі” білім беру жүйесін жақтады, оның негізгі белгілері демократизм, гуманизм және ғылымилық деп есептеді.

Жаңа жүйе жан-жақты дамыған мектеп жүйесі болу керек, білім берудің барлық сатысында мектептерде оқыту тегін болуы қажет, Ресейді мекендеген барлық сословиелер мен ұлттардың балалары өз ана тілінде оқу керек. Барлық оқыту оқушының жеке басын терең сылай негізінде құрылуы қажет.

Добролюбов дене тәрбиесіне жеткіліксіз мән беруге қарсы болды. “Біз баланың басына әртүрлі көптеген оларға жат (бір құдайдың өзі білсін, істе ешқандай қажетсіз) дерексіз ұғымдарды құюмен боламыз, бірақ біз ақыл-ой және адамгершілік қызметке қажетті органдарды дұрыс тәрбиелеуге мән бермейміз”.

Добролюбовтың пікірінше, дене тәрбиесіне жеткіліксіз мән беру екі негізгі себептерге байланысты іске асады:

1) адам табиғаты туралы жалған, идеалистік түсініктердің нәтижесінде; 2) үстем тап өкілдерінің дене еңбегіне, еңбек адамына менсінбей қараушылықтың салдарынан.

Адам даярлау жүйесінде Добролюбов басты рольді ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән берді. Ол табиғат және қоғам туралы білімдермен шәкірттерді қаруландыруы қажет деген болатынды.

Шәкірттердің сенімін қалыптастыруда ақыл-ой білімімен қатар Добролюбов дұрыс ұымдасқан адамгершілік тәрбиесіне ерекше мән берді. Негізгі адамгершілік қасиеттерге патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілікпен қарау, табандылық, турашылдық, принципшілдік т.б. қасиеттерді жатқызды.

Добролюбов оқушыларды сөз бен істің бірлігін қамтамасыз ету қабілеттілік.


§4. Оқушылардың тәртібі туралы.
Добролюбов сол кездегі мектептегі таяқ тәртібін қатты сынға алды. Ұрып-соғу және басқа да оқушылардың адамгершілік қасиеттеріне нұсқан келтіретін және балалардың белсенділігі мен өз дербестігін аяққа басатын құралдарды Добролюбов варварлық деп атады.

Оқушыларға әсер етудің крепостниктік тәсілдеріне тән таяқ тәртібін қарсы бола отырып, Добролюбов оқушылардың саналы тәртібімен оны ұстаудың ізгілік құралдарын жақтады.

“Оқушылардың орнында дұрыс отыруы”, Добролюбовтың пікірінше, - бұл таяқ тәртібінің көрсеткіші. Ал саналы тәртіп баланың қозғалғыштығына, белсенділігіне, балалық ерекшелігіне онымен жұмысты және мінез-құлқына мүмкіншілік беріледі.
Схема 19.

Н.Добролюбов бойынша тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен құралдарының өзара байланысы


Халық мүддесін белсенді қорғайтын, жан-жақты дамыған, принципшіл және батыл революционер-демократты даярлау



Тұлғаның үйлесімді дамуы



Құралдар



Ғылымдарды оқыту



Дене еңбегі



Дене жаттығулары



Мұғалімнің өнегелі үлгісі

Тәрбиенің негізгі шарттары мен тәсілдері және оқушылардың арасында саналы тәртіпті қолдау ретінде Добролюбов төмендегілерді атады: мұғалімнің шәкірттерге ерекше қамқоршы болуы, көңіл бөлуі, оқушыларды дер кезінде міндеттерімен таныстыру, мұғалімнің оқушыларға қойған талаптарын, табандылық және бірізділік, кішіпейілділік пен қамқорлық қатынастардың ұштасуын қамтамасыз ету, мұғалімнің үлгісі және оқушылардың мінез-құлқындағы жағымды үлгілерді қолдану, оқушылардың тәртіпті орнатуға ынталылығы, олардың тәртіпті бұзушылыққа күреске қатысы.

Добролюбов Пироговтың ұрып-соғуға, таяқ тәртібіне қарсы шығуын қызу қолдады. Бірақ Пирогов өзінің бұрынғы айтқан бағытынан ауытқып, “кейбір жекеленген жағдайларда” ұрып-соғуды қолдануға болады дегеннен кейін оған қарсы өзінің атақты “Дүремен қиратылған бүкілресейлік иллюзиялар” атты мақаласында Пирогов пікірінің екіжақтылық сипатын қатты сынға алды. Пирогов 1860 жылғы өзінің жауабында Добролюбовтың сын-ескертпелеріне қарсы шығып, өзін ақтамақшы болды. Осыдан кейін “Тамшыдан теңізге” атты мақаласында тағы да Пироговтың келісімпаздығын, бұрынғы ұстанған бағытынан бас тартқандығын қатты сынға алды.

Чернышевский және Добролюбов Раищевтің, Белинскийдің және Герценнің педагогикалық көзқарасын дамытты және тәрбие, педагогика туралы революцияшыл-демократиялық ілімнің жүйесін негіздеді. Олар мектептің оқу және тәрбие жұмысының мазмұны және әдістемесі туралы ілімді толық талдады.

Революцияшыл демократтардың педагогикалық мұрасы өзінің идеялық-саяси бағыттылығы және ғылыми деңгейі бойынша Маркске дейінгі кезеңде тең келетін болмады және тәрбие мен оқытудың алдыңғы қатарлы жүйесі үшін Ресей прогрессивті күштерінің күресінде көрнекті роль атқарады.



Чернышевский мен Добролюбовтың революцияшыл-демократиялық педагогикалық ойлары Ресейдегі прогрессивтік педагогиканың және білім берудің дамуына үлкен ықпал жасады. Осы педагогикалық мұраның көптеген мәселелері қазіргі кезеңге дейін өз құндылығы жоқ.


XIтарау. К.Д.УШИНСКИЙ – ОРЫСТЫҢ ҰЛЫ КЛАССИК-ПЕДАГОГЫ (1824-1870)
§1. К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі

§2. Тәрбиенің халықтық идеясы туралы

§3. Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері

§4. Оқытудың дидактикалық негіздері

§5. Мұғалімнің жеке басының үлгісі

§6. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы және оның басқа халықтардың алдыңғы қатарлы педагогтарына әсері



§1. К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі

 Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің жанұясында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов губерниясының Новгород – Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өтті.

Орта білімді Новгород – Северск гимназиясында алады.  1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуғаа түседі, онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалар) лекциясын тыңдады. Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халқтың арасында сауатылықты тарату туралы армандады.Алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының арасында Ресейдің тарихи даму жолдары туралы, отандық мәдениеттің халықтығы туралы талас пікірлерді ол өз бетінше шешуге ұмтылды. Университетті бітіргеннен кейін 22 жастағы К.Д.Ушинский Ярославль заң лицейінің профессорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Студенттерге ерекше әсер еткен өзінің лекцияларында Ушинский ғалымдардың халық өмірінен қол үзгендігін сынай оытырп, оны жақсартуға ғылымның көмектесуінің қажеттігі туралы айтты. Ол студенттерді өмірді, халықтың қажеттігін зерттеу, оғанн көмектесуге шақырды. Бірақ жас ғалымның профессорлық қызметі көп ұзаққа созылмад.Лицей басшылығы оның қызметінің осындай бағыты жастарға зиянды әсер ететіндігін, сол кездегі тәртіпке оларды қарсы қояды деп есептеп, көп кешікпей ол жұмыстан шығарылды. Ушинский үшін өмір сүру үшін күрестің ауыр жылдары басталады. Ол бірнеше жыл чиновниктік қызмет атқарды, журналдарда кездейсоқ, ұсақ әдеби жұмыстармен айналысты. Өз отанының игілігі үшін жан-жақты қоғамдық қызмет туралы армандаған оны осының барлығы қанағаттандырмады.“Өз отаныма мүмкін болса, көп пайда келтіру – бұл менің өмірімнің бірде-бір мақсаты; мен соған барлық өзімнің қабілетімді бағыттауым қажет”, - деп жазды жас Ушинский.

60-жылдардағы қоғамдық педагогикалық қозғалыс К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына көмектесті. Осы қоғамдық – педагогикалық қозғалыстың әсерімен 1857-1958 ж.ж. “Тәрбие үшін журналда” өзінің “Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы”, “Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы”, “Мектептің үш элементі” және басқа да орыс педагогикасына құнды үлес қосқан мазмұнды мақалаларын жариялады. Бұл мақалалар Ушинскийдің есімін бүкіл педагогикалық жұртшылыққаылыққа таныта бастады. 1854 жылы Ушинскийге алғашынчинада жетімдер институтында орыс тілінің мұғалімі, кейіннен сол институттың инспекторы қызметін атқарады. Бұл жерде Ушинский өзін педагог, ұйымдастырушы және зерттеуші ретінде өзінің күші мен қабілетін жан-жақты көрсете білді. Ол оқу орныныңрнының оқу жосен бағдарламаларына өзгерістер енгізді, оқыту үрдісін ұйымдастыру мен әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. Бұл кезеңде жоғарыдағы аталған бірнеше мақалалары жазылған болатынды.

1859 жылы Ушинский Смольныйдағы инабатты қыздар институтының инспекторы болып тағайындалды. Онда ол түбірлі өзгерістер жүргізді: дербес жұмыс істеген дворян және қыздар бөлімдерін біріктіреді, оқу пәндерін орыс тілінде оқыту енгізді, педагогикалық сыныпты ашты, онда тәрбиешілер даярланды, институтқа талантты оқытушылар шақыртылды, тәрбиенушілер каникулдар мен мейрамдарды ата-аналарында өткізуге құқығы болды. Ушинский институтқа көрнекті педагогтар-әдіскерлерді шақырды: әдебиеттен – В.И.Водовозов, жағырафиядан – Д.Д.Семенов, тарихтан – М.И.Семевский және басқалар.Смольныйдағы кезеңде ол бастауыш оқыту үшін оқу кітабын басып шығарды – “Балалар әлемі”. Смольный институтындағы Ушинскийдің прогрессивтік қызметі институттың тәрбиеленушілері және алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының тарапынан ерекше жағымды қолдау тапты, институт әкімшілігі және Ушинскийдің тарапынан институттан қуылған мұғалімдер оны құдайсызды, атеизмі, еркін ойы саяси сенімсіздігі үшін айыптап, қуғындады. 1862 жылы ол институттан шығарылдый Оғанн бастауыш және әйелдерге білім берудің қойылуын зерттеу және педгогика оқулығын жасау сылтауымен шетелге баруды ұсынған болатынды. Бұл жол сапары шын мәнінде бүркемеленген жер аудару еді.

Ресейде басынан кешіргеннің бәрі Ушинскийдің денсаулығына өте ауыр әсер етті, ертеде байқалған өкпе ауруы асқына түсті. Бірақ, өте ауыр асқынған сырқатына қарамастан, шетелде ерекше күшті жұмыс істеді: Германия мен Швейцариядағы әйелдер оқу орындарын,мектепке дейінгі мекемелерді, мектептерді сын көзбен қарай отырып, зерттеді.

Шетелде 1864 жылы “Ана тілі” атты тамаша оқу кітабын жазды және “Ана тілін” оқытуға басшылық мұғалімдер мен ата-аналарға арналған оқу құралы жарық көрді. 1867 жылы Ушинский өзінің ең басты шығармасы. “Адам-тәрбиенің пәніі” атты еңбегін жазды. Бұл еңбек педагогика ғылымының құнды да, сүбелі туындысыболып табылады.    22 желтоқсанда 1870 жылы 46 жасында орыс халқының ұлы перзенті К.Д.Ушинский қайтыс болды.   Өзінің қоғамдықнсаяси көзқарасы жағынан Ушинский буржуазиялық демократ – ағартушы болды. Ол крепостнойлық правоның құлауын қызу қолдады, Ресейдің еркін дамуы туралы; халықтың әл-ауқатынатын материалдық және мәдени жақсарту туралы қиялдады. Бірақ ол қоғамдық құрылысты революциясыз, бейбіт жолмен өзгертуге болады деп есептеді. Өзінің философиялық дамуында Ушинский идеализмнен материализмге бет бұрды қ бұл жол аяқсыз қалды.

Өзінің табиғатқақа көзқарасында Ушинский Дарвиннің эволюциялық ілімін жақтады. Таным теориясы мен психологиясында оның материалистік элементтері басым. Ушинский психологиянфизиологияғазиологияға негіздеп құруға талпынды. Біргиялық мәселелерді түсіндіруде көптеген ағартушылар сияқты идеалистік бағытта болды. Ушинскийдің қызметінің бс кезінде соңғы жылдарғалдарға қарағанда оның көзқарасында дін ерекше орын Ушинский өмірінің соңғы кезінде, бұрынғыша дінді мойындай отырып, ғылым мен дінді анық ажырата білді. 
§2. Тәрбиенің халықтық идеясы туралы
Ушинскийдің педагогикалық жүйесінің негізіне халықтық идея жатады. Халықтық деп Ушинский оның тарихи дамуымен, жағырафиялық, табиғи жағдайларымен қалыптасқан әрбір халықтың өзіндік ерекшелігі деп түсінді.   Әрбір халық, Ушинский айтқандай, басқа халықтардан өзінің мінез-құлқының, тілінің және басқа да өзіндік тарихи қалыптасқан әрбір халықтың ерекшеліктері, бейімдіктері, қажеттіліктері оның халықтық деп аталынатын мәнін құрайды.Ушинский халықтық әруақытта тиімді ұйымдасқан тәрбие арқа сүйеуге қажетті бастаманы көре білді. Осыған байланысты барлық елдер мен халықтар үшін тәрбие жүйесін бірдей етіп көрсетудің кез-келген әрекетіне ол негізсіз және зиянды деп қарсы болды.Халықтың бастамаға негізделген тәрбие ғана, Ушинскийдің айтуынша, “халықтық дамудың тарихи үрдісінде тірі орган болып табылады”.

Орыс халқына тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ең негізгілеріне ол мыналарды жатқызды: 1) ғасырлар бойы сыннан өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік сезімі, өзінің күшін аямастан оның тұтастығы мен тәуелсіздігін басқа мемлекеттерден қорғай білуге әруақытта даярлығы; 2) жоғары азаматтық сезім, гуманизм; 3) шығармашылық энергияның байлығы.   Ушинскийдің пікірінше, орыс халқының рухы және Ресейдегі оқыту және тәрбие осындай негізде құрылуы қажет екендігін білдіреді.

Қандай ма болмаысн мемлекеттің тәрбие жүйесін орыс топырағына көшіру оның қажетті тәрбие күшінен айырған болар еді.Халықтық идея Ушинскийдің түсінігінде терең демократизммен ерекшеленеді. Ушинский қоғамның жоғарғы бөлігіне тән халыққаыққа аристократиялық - өркөкіректікпен қарауға қарсы болды. Өте дөрекі, сүреңсіз бұқара халықты “ерекше шығармашылыштің, тамаша өлмейтін құндылықтардың қайнар көзі” дей келіп, ол “қарапайым” халықты жоғары қояды және терең бағалайды. Ушинскийдің түсінігінде, халықтыққақа тән келесі белгісі – бұл жұртшылық. Тәрбиенің халықтық идеясы өз айналасына ауқымды атмосфераны талап ететіндігі және өзіндік кең қоғамдық элементтерді қатыстырусыз іске асуы мкін еместігіне Ушинский сенімді болды.

Ушинский былай деп жазды: “Халықтың өзі және оның ұлы адамдары болашаққа жол қалауда: тәрбие тек ғана осы жолмен жүреді...  Ушинский Халықтық идеяны басшылыққа ала отырып, халық ағарту ісі халықтың қолында болуы керек, ал балаларды оқыту ісі олардың ана тілінде іске асуы қажет, ол халықтықтыңың ең айқын көрінісі болып табылады деген қорытындыға келді.    Балаларды өз ана тілінде оқыту мүмкіншілігінен айыроларды қолайсыз жағдайға олардың рухани күштері мен қабілеттіктерінің жемісті дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі құралынан айырған болар еді.

К.Д.Ушинский жанұяда, балалар бақшасында және мектепте оқыту және тәрбиелеуді ана тілінде іске асыруға аянбай табандылықпен күресті. Бұл алдыңғы қатарлы демократиялық талаптар болатынды. Ол басқа тілде оқытатын мектеп балалардың күштері мен қабілеттіктерінің табиғи дамуын тежейді, ондай мектеп балалардың және халықтың дамуы үшін әлсіз және қажетсіз екендігін дәлелдеді.    Ушинскийдің пікірінше, ана тілі “халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғастырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады”  Осыдан келіп, ана тілі “негізгі құрал болып табылады, оның көмегімен біз идеяларды, білімдерді меңгереміз, одан кейін шәкірттерге береміз”. К.Д.Ушинский элементарлық білім берудің басты міндеті ана тілін меңгеру деп есептеді.

Ушинский ерте кезден бастап, балалардың тілі мен ойын дамыту туралы құнды кеңестер берді, бұл кеңестер күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Тіл дамыту ойлауды дамытумен байланысты екендігін дәлелдеді, ой мен тіл бірлікте болатындығын көрсетті: тіл-ойды сөз арқылыский . Ұлы классик - педагогтің халықтық идея, ана тілінің болашағы туралы айтқан қағидаларының бүгінде маңызды, күн тәртібінен түспей отырған мәселе екендігін атап өткен жөн. Ұлттық идея, ана тілі мәселесі қай кезде де өміршең, өзекті мәселе болып келгендігін аңғару қиын емес.

К.Д.Ушинский “Ана тілі” атты белгілі мақаласында былай деп жазды: Тіл – бұл өмірі өткен, бүгінгі өмір сүріп отырған болашақтағы халықтың ұрпағын бір ұлы тарихи тұтастыққа біріктіретін ең өміршең, дәмді және берік байланыс. Ол тек ғана халықтың өміршеңдігін білдіріп қоймайды, ол өмірдің өзі. Егер халықтың тілі жойылса, халық та болмайды. 

§3. Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері
Тәрбиенің мақсаты қоғамның пайдалы мүшесі жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу деп түсінді Ушинский. Адамгершілік тәрбиесіне Ушинскийдің педагогикасында негізгі орын берілген. Адамгершілік тәрбиесі ақыл-ой және еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты.Адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралы Ушинский оқыту деп есептеді. Ол оқытудың тәрбиемен тығыз байланыстылығын айта келіп, оқытудың тәрбиелік сипатының ерекше мәнін дәлелдеді. Ушинский барлық оқу пәндері өте бай тәрбиелік мүмкіншіліктерменн ерекшеленетіндігін атап көрсетті

Халық мектебінің оқу пәндерініңң ішінде ол ана тілін ерекше бағалады және ана тілін меңгере отырып, балалар тек ғана білім алып қоймайды, сонымен қатар халқымыздың ұлттықсанасымен, оның рухани өмірімен, моральдық ұғымдарымен және түсініктерімен танысады.

 К.Д.Ушинский адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі сендіру деп түсінді, көп жағдайда балалардың санасына жетпейтін орынсыз өсиет айтудан және үгіттеуден сақтандырды. К.Д.Ушинский адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі сендіру деп түсінді, көп жағдайда балалардың санасына жетпейтін орынсыз өсиет айтудан және үгіттеуден сақтандырды.   К.Д.Ушинский балаларда әдеттерді қалыптастыруға ерекше мән берді. Әдеттерді тәрбиелеу ісінде ол өте қажетті заңдылықты анықтады: неғұрлым адам жас болған сайын, солғұрлым оның бойында әдет тез қалыптасады және солғұрлым тез жоюға болады және неғұрлымым қарт болған сайын әдеттерді жою, солғұрлым қиындай түседі. Ушикий балаларда пайдалы әдеттерді тәрбиелеу бойынша көптеген құнды кеңестерді ұсынды. Ушинскийдің әдеттерді тәрбиелеу туралы ұсыныстары мен кеңестері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.  Ушинскийдің пікірі бойынша, адамгершілік тәрбиесінің құралдарына төмендегілерді жатқызды:

1) оқыту (бұл жағдайда оның оқуу кітаптарының мәні орасан ерекше, оларды тіл дамыту, білімді хабарлау және адамгершілік тәрбие орынды ұштасады)

 2) мұғалімнің жеке басының үлгісі (“бұл жас рух үшін ешнәрсемен өзгертуге болмайтын күнн көзінің жарқын сәулесі”)

1. сендіруге ерекше мән берді;

2. оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу (педагогикалық такт);

3. ескерту шаралары;

4. мадақтау және жазалау.

Адамгершілік тәрбие балаларда адамдарды құрметтеу және оған сүйіспеншілікпен қарау, олармен ізгілік, жағымды, әділ қарым-қатынасас жасай білу. Соқыр, таяқ тәртібіне қарсылық білдіре отырып, Ушинский былай деп жазды: “Ескі мектептегі тәрп марапаттау мен жазалауды бөліп беретін мұғалімге деген қорқыныш пен үрейге негізделді. Бұл қорқыныш балаларды оларға тән емес, зиянды жағдайға бағынуға мәжбүр етті: қозғалмауға, іш пысушылыққа және жауыздыққа үйретті”. Ушинский этикалық көзқарасының жағымды белгілерін және оның адамгершілік тәрбие теориясын атай отырып, сонымен бірге біз оның адамгершілігі дінмен бірігетіндігін ескертуіміз қажет. Бірақ оның дінге көзқарасының өзгергендігін атап өтпеу дұрыс болмаған болар еді.

Егер Ушинскийдің адамгершілік тәрбиеге көзқарасында алғашқы кезде діни сипат басым болса, одан кейінгі көзқарасында адамгершілік тәрбиеде басты орынды азаматтық міндеттерге, қоғамдық борыш сезімі билеген өз отанының белсенді азаматын даярлауғаярлауға берілді.   Ушинский адамның дұрыс дамуының негізгі шарты еңбек деп есептеді. Өзінің “Еңбек, оның психикалытәрбиелік маңызы” атты мақаласында ол еңбекті материалдық құндылықтарды жасаудың және адамды дене, ақыл-ой, адамгершілік жағынан жетілдірудің басты факторы да болып табылатындығын атап өтті.

§4. Оқытудың дидактикалық негіздері
Ушинскийдің дидактикалық көзқарастары ерекше тереңдігімен және халықтығымен ерекшеленеді. Ол оқытуды балалардың дамуының жас кезеңдерін және олардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру негізінде құруды талап етті. Оның ішінде оқыту кезінде шәкірттердің зейінін пайдалану туралы құнды ұсыныстар жасады. Ол зейіннің екі түрі болатындығын атап өтті: активті немесе ерікті және пассивті, немесе еріксіз зейін. Сонымен қатар ол ес және есте сақтау туралы айта келіп, қайталау арқылы ұмыту үрдісін болдырмауды ескертіп отыру, тәрбиеленушілердің есін дамыту қажеттігін атап көрсетті.

Ушинский оқытудың дидактикалық негіздерін жасады, осыған сәйкес халық мектебінде барлық оқыту үрдісі құрылу қажеттігін атап өтті.Ушинскийдің балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеріп отыруды талап етті. “Психологияға негізделген педагогика адамның табиғатына сәйкес оның жан дүниесін дамыту туралы бізге кеңес береді”. Осы талаптарды нақтылай отырып, Ушинский оқытуда ең алдымен шамағамаға лайықтылықты қамтамасыз ету қажет. Баланың шамасы кетін міндеттерді жүктеуге жол беруге болмайтындығын Ушинский атап көрсетті.

   Сонымен қатар оқушының оқу жүктемелері өте жеңул болмау керектігін ескертті. Өте жеңул сабақтар – баланың ақыл-ой мен қабілеттіктерін дамытпайтындығын ескерткен болатынды. Оқыту оқушылардың дербестігі негізінде құрылуы және олардың ынтасын дамытуы қажет. Балалардың белсенділігін және өз бетімен әрекеттенуін шектей беруге болмайтындығын ескерте келіп, олар мүмкіншілігіне қарай өз бетімен жұмыс істеу керек, мұғалім осыған үйрету және оларды басқару қажет. Оқушылардың білімінің берітігін Ушинский жақсы ұйымдасқан оқытудың бөлінбейтін белгісі деп есептеді. Білімдерді, ептіліктерді және дағдыларды берік меңгеруге, балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттіктерін жемісті дамыту көрнекілігі көмектеседі.

“Оқуды, - деп жазды Ушинский, - әруақытта жақыннан және белгілеп бастау, одан әрі белгісізге көшу қажет”. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, Ушинский ерекше табандылықпен көрнекілік оқытуды жақтады.“Бала түрмен, бояумен, дыбыспен, жалпы түйсіктермен ойлайды. Осыдан келіп, балалар үшін көрнекілік оқытудың қажеттігі туындайды, ол дерексіз ұғымдарға және сөздерге құрылмайды, баланың тікелей қабылдайтын нақты образдарға негізделеді”, - деген болатынды Ушинский.  Ушинский әруақытта да оқыту тек ғана танымдық емес, сонымен қатаралар үшін көрн . Оқытуды дұрыс ұйымдастырудың басты көрсеткіші өзінің сабақ беруінде мұғалімнің танымдық және тәрбиелік мүмкіншілігі толық көлемде пайдалану ептілігідеп есептеді.

Дидактикалық проблемаларды шешуге К.Д.Ушинский ұқсас ғылымдардың мәліметтерін ескере отырып, антропологиялық ұстанымдарды, әлеуметтік – философиялық ғылымдардың қағидалары тұрғысынанн келді.    Педагогикалық антропологияның “бірінші томына кіріспесінде ол былайдеп жазды: “Жарыққа жазып отырған біздің еңбегіміздің бірінші бөлімі тікелей дидактикаға арналады, екінші бөлімі негізінен тәрбие үшін басымдық мәні бар. Сондықтан да біз бірінші бөлімді бқлек шығару туралы шешімге келдік”.  Ұлы ғалым, орыстың ғылыми педагогикасының негізін салушылардың бірі К.Д.Ушинский сонымен қатар көрнекті әдіскер-мұғалімдердің мұғалімі. Бірдей ерекше жетістікпен ол өзінің адам туралы тәрбие пәні ретінде ғылыми-теориялық еңбегін және мектепке арналған “Балалар әлемі” және “Ана тілі” тамаша оқулықтарын жазды.

К.Д.Ушинский оқытудың сынып-сабақ жүйесін жақтады. Ол сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі екендігін және мұғалімнің сабақты тиімді өткізуді сипаттайтын негізгі белгілерін анықтап берді. Бұл белгілерді төмендегіше түсіндіруге болады.

     1) оқыту үрдісінде сабақтың басты түйінін немесе негізгі деректі алғаға қоя білу ептілі

     2) жаңа сабақты бұрынғы балалардың меңгерген білімдерімен табиғи байланысты қамтамасыз ет

     3) шәкірттердің жоғары деңгейдегі қызығушылығы мен белсенділігін қамтамасыз ету,

     4) сабақ кезінде хабарланған шәкірттердің білімдерін толық мәнді және берік меңгеруді қамтамасыз ету,

1. сыныпта үлгілі талап пен тәртіптің болуы.

Оқытудың үрдісінде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолданудың қажеттігін талап ете отырып, Ушинский олардың ішіндегі негізгілерді түсіндіріп оқыту, мұғалімнің әңгімесі, әңгіме, жаттығулардың әртүрлі түрлері (ауызша, графикалық, жазбаша) деп есептеді.

Ушинский қайталауға ерекше мән берді. Оның пікірінше, біржүйелі өткізілген қайталауларсыз шәкірттерді қажетті білім көлемі берік меңгеруді қамтамасыз ету мүмкін емес.

Ол салыстыру сияқты педагогикалық тәсілді өте жоғары бағалады. Осы тәсілдің көмегімен Ушинский шәкірттердің оқылатын заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттерін анық та және дәл қол жеткізуін айтқысы келді. Ушинский балаларды сауат ашуға оқыту үшін дыбыстың, жазу-оқудың аналитикалық синтетикалық әдісін ұсынды, бұл әдіс революцияға дейінгі жүйесінде кеңінен қолданып, өзін ақтады. Бүгінгі мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді.К.Д.Ушинский “Адам – тәрбиенің пәніі”   (“Педагогикалық антропология”) атты еңбегінде әрбір педагог орындауға тиісті негізгі талаптарды ұсынды және негіздеді

“Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен оны жан-жақты білуі қажет...”

  Адамды зерттейтін ғылымдардың тілінде, К.Д.Ушинский физиологияны және әсіресе психологияны бөліп көрсетті, ол педагогке адам ақзасы туралы және оның психологиялық қасиеттері туралы біржүйелі білімдер беріледі, балалармен тәрбие жұмысын жүргізуді тәжірибесі үшін қажетті білімдермен байытады.

К.Д.Ушинскийдің тарихи мәні, ол сол кездегі ғылыми жетістіктерге сәйкес дидактиканың оқыту теориясының психологиялық негіздерін талдады.  К.Д.Ушинский психологияның көзқарасы тұрғысынан негізгі оқытудың тәрбиелік сипатының дидактикалық қағидаларын негіздеді: көрнекілік, біржүйелік және бірізділік, оқу материалының беріктігі.Ушинский тәрбие мен оқытудың қызметін тәрбиеші мен мұғалімнің арасында бөлуге қарсы болды. Ол оқытуды тәрбиенің негізгі құралы ретінде қарастырды.

Ушинский формальдық және материалдық білім беру теориясын және классикалық мектепті сынға алды. ХІХ ғ.дидактикада екі түрлі теория өмір сүруді формалды және материалдық білім беру теориясы. “Формальды білім беруді” (негізінен классикалық білім беруді жақтаушылар) жақтаушылардың айтуынша, білім берудің негізгі міндеті – бұл есті, зейінді, ойлауды, тілді, қабілеттілікті дамыту, оған қарсы “материалдық білім беруді” жақтаушылар оқу материалының тәжірибелік мәніне, өмірге жақын болуға ерекше мән берді. Олар орта мектепте латын және грек тілдерін оқытуға қарсы болды, ең негізгі орынды ана тілі мен әдебиетке, математикаға, жаратылыстануға және жаңа шет тілдеріне арнады, бірақ оқушылардың ақыл-ойын дамытуға жеткіліксіз мән берді.

Ушинский бұл екі теорияның да біржақтылығын қатты сынады, сонымен қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілеттілігін дамытудың да, сонымен қатар өмірдің бірдей керектігін атап өтті. Ушинскийдің бастауыш оқыту үшін екі оқу кітабын құрастырды. “Ана тілі” алғашқы бастап оқыту үшін арналады, әліппеден бастап, онда орыс тіліне ерекше мән беріледі. Бұл оқулықтар революцияға дейінгі Ресейде кеңінен тарап, пайдаланылды. “Ана тілінің” І бөлімі 150 ден астам басылып шықты. Бұл кітаптан орыс халқының көптеген ұрпақтары тәрбиеленді. Ушинскийдің оқулықтарының үлгісімен Ресейдің орыс емес халықтарының балаларына арналған оқулықтар жасалынды. 

§5. Мұғалімнің жеке басының үлгісі
Өмірмен, қазіргі кезеңмен байланысты дұрыс ұйымдастырылған мектепте, К.Д.Ушинский өз халқын шын сүйетін және оның дамуы туралы қамқорлық жасайтын мұғалімге – тәрбиешіге басты рольді берді. Адам, педагог-гуманистің тұжырымдауынша, қоғам үшін ұлы байлықтың қайнар көзі. Баланың ойы мен жан дүниесін дамытатын, қоршаған ортаны оның танымымен байытатын мұғалімнің шығармашылық қызметінің нәтижесінде ол ержеткен соң, “балшықты жерлерді, құмдарды, адамсыз тауларды” байлықтың қайнар көзіне айналдырды.

Оқыту мен тәрбие үрдісін мұғалімнің жеке басының жігерлендіретін ықпалынсыз елестету мүмкін емес. “Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс... Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдіргенмен, тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес”.Мұғалімнің жеке басы бұл ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жас дүниесі үшін күн көзінің жарқын сәулесі. Осындай “күн көзінің жарқын сәулесі” болуы үшін қатаң белгіленген жалпы және педагогикалық танымның көлемін меңгеруі қажет және соның негізінде қалыптасқан берік педагогикалық сенімдермен қарулануы керек. Осындай сенімдердің болмауы нағыз тәрбиеші бола алмайды ол қарапайым чиновниктің деңгейінде қалады. Ушинский чиновник тәрбиеші емес деген болатынды. Тәрбиешіге өз ісіне ақыл-ойын және бүкіл жан дүниесін салу және өзінің барлық қызметі арқылы табанды жүргізу қажет. Жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелеуге лайықты халық мұғаліміне ең жақсы өз халқына тән қасиеттерді меңгеру өте қажет.

Халық мұғалімдерін даярлау үшін Ушинский мұғалімдер семинарияларын ұйымдастыруды ұсынды, ал орта мектептің мұғалімдерін даярлау үшін университеттер жанындағы педагогикалық факультеттерді. Ушинский мұғалімдер семинарияларының жобасын жасады, кейіннен Ресейде алдыңғы қатарлы земстволардың тәжірибесінде іске асты.  Семинарияның оқу жоспарына ол орыс тілімен әдебиетін, арифметканы, жағырафияны, тарнихты жаратылыстануды енгізді, болашақ мұғалімдерді ауыл шаруашылығы мен медицина салаларынан кейбір мәліметтермен таныстыруды ұсынды. Ушинский семинарияның оқу курсында ерекше орынды психологияны, педагогиканы және бастауыш білім беру әдістемесін оқытуға және педагогикалық тәжірибеге арнады.

Ушинскийдің пікірінше, мұғалім білім беру саласындағы қол жеткен табыстарымен тоқтап қалмауа керек, ол өзінің білімін және педагогикалық шеберлігін одан әрі жетілдіріп отыруы керек.Ушинский өзінің “Педагогикалық әдебиеттің пайдасы” (1857), “Мұғалімдер семинариясының жобасы” (1861), “Швейцарияға педагогикалық саяхат” (1862) атты мақалаларында мұғалімдерді даярлаудың және мұғалімдік мамандықтың қоғамдағы ерекше орнына тоқтала келіп, жан-жақты талдау жасайды. Мұғалімнің қоғамдағы орны, оның мәртебесі, университеттер мен педагогикалық орындарында мұғалім кадрларын даярлау мәселелері бүгін де күн тәртібінен түспей отырған маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қанша уақыт өтсе де, ұлы гуманист-педагогтің мұғалім туралы айтқан қағидаларын бүгінгі мектеп тәжірибесі мен тәрбие жүйесінде кеңінен пайдалануға болады. 



§6. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы және оның басқа халықтардың алдыңғы қатарлы педагогтарына әсері
Ушинский ұлы орыс педагогі, Ресейде халық мектебінің негізін салушы, белгілі педагогикалық жүйені құрушы, тамаша оқу кітаптарының авторы болып табылады. Ол – “орыс мұғалімдерінің мұғалімі” – мұғалімдер семинариясында халық мұғалімдерін даярлаудың жүйесін жасады, алдыңғы қатарлы халық мұғалімдері өзінің педагогикалық жұмысында Ушинскийдің шығармаларын басшылыққа алды.

Пушкиннің ақындық ғұламалығы өмірге бір топ пушкин мектебінің ақындарын әкелсе, сол сияқты Ушинскийдің педагогикалық ғұламалығы 60-70 жылдардың тамаша педагогтардың жаңа тобының, Ушинский ізбасарларының Н.Ф.Бунаковтың, Н.А.Карфтың, В.И.Водовозовтың, Д.Д.Семеновтың, Л.Н.Мадзалевскийдің, В.П.Вахтеревтің, Д.И.Тихомировтың, И.Н.Уляновтың және т.б. пайда болуына көмектесті К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы туралы айтқанда, ең алдымен ауызға ілінетіні тәрбие пәні адам туралы терең де ғылыми біліммен қаруланған, жан-жақты білімді ойшыл-гуманист ретінде педагогика теориясын, оның ішінде педагогика ғылымы және тәрбие өнері туралы айтқан құнды ойлары, тәрбиенің халықтық идеясын күн тәртібіне орынды қоя білуі, жеке адамды қалыптастыру және жан-жақты тәрбиелеу, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің жеке адамды қалыптастырудағы орны, еңбектің тәрбиелік және психологиялық сипаты туралы, дидактиканың көптеген мәселелерін жан-жақты талдауы, мұғалім туралы айтқан пікірлері бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерімен астарласып жатыр.

К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қазақтың, грузиннің, армяннің, татардың, азербайжанның, чуваштың және т.б. озық ойлы, алдыңғы қатарлы педагогтарына тигізген әсері орасан зор болды.

Ендеше сол кездегі педагогикалық ойдың биік шынары К.Д.Ушинскийдің жүйесі Ресейдің шет аймақтарын мекендеген халықтардың алдыңғы қатарлы прогресшіл қайраткерлеріне ерекше ықпалын тигізгені анық. Қазақстанда, К.Д.Ушинскийдің ілімін тікелей жалғастырушы, оны нақты осы өңірде іске асырушы, халқымыздың тұңғыш педагогы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин болды. Ыбырай Алтынсарин орыс педагогтарының еңбектерін, оның ішінде К.Д.Ушинскийдің еңбектерін жан-жақты зерттеудің негізінде халық мектебінің қоғамдық міндеттерін толық ашып берді.

Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына Ресейдегі бастауыш білім берудің негізін салушылар, сол замандағы алдыңғы қатарлы педагогтар – К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.Д.Карф және т.б. үлкен әсер етті. Ыбырай К.Д.Ушинский сынды өз ұстаздары ізімен жүре отырып, 1864 жылы қазақ даласында тұңғыш білім ордасын ашты. Әсіресе, бұл ретте де оған Ушинскийдің Ресейде әйелдерге білім беруде атқарған шараларының үлкен әсері тигендігі аңғарылды.

Ендігі кезекте Ыбырай оқушыларға білім беру және оқыту әдістемесін жақсарту мақсатында К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі”, “Ана тілі” үлгісімен орыс-қазақ бастауыш мектептері үшін жаңа оқулықтар жазуды көздеді. Бұдан біз Ыбырайдың қазақ мектептері үшін оқулықтар жасауда Ушинскийден тікелей үйренгендігін аңғарамыз және де Ушинскийдің сол үлгісін, қазақ халқының тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты іс жүзіне асырғандығы оның “Қазақ хрестоматиясынан” да айқын көрінеді. Осы сөзімізге Ы.Алтынсарин жазған “Қазақ мектептеріне орыс тілін үйретуге басшылық” деген екі оқу құралы да бұлтартпас дәлел.

Ы.Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясын” өмірге әкелуіне Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы мен оның “Балалар әлемінің” зор ықпалы болды.

К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясының психологиялық негіздерін тұңғыш зерттеген Қазақстанның көрнекті педагог-ғалымы, әрі психологы, педагогика ғалымдарының тілінде ол бірінші болып, К.Д.Ушинскийдің орыс психологиясының тарихына қосқан зор еңбегін жан-жақты зерттеп, оған талдау жасады. Соның нәтижесінде ғалымның “Ушинскийдің психологиясы және педагогикалық психологиясы” атты монографиясы дүниеге келді. Бұл Ушинскийдің педагогикалық және психологиялық мұрасына арналған тұңғыш ғылыми-зерттеу еңбегі болды.ымының саласында К.Д.Ушинскийді педагогикалық ойдың асқан алыптары Я.А.Клменский және Песталоццимен қатар қоюға болады. Орыс ғылымының көрнекті қайраткерлері Ломоносов, Менделеев, Лобочевский, Павлов және басқалары қадірлі болса, Ушинский де сондай қадірлі”, - деп ерекше жоғары бағаланған болатынды.




XII тарау. Л.Н.ТОЛСТОЙДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ҚЫЗМЕТІ МЕН КӨЗҚАРАСЫ (1828-1910)
§1. Лев Николаевич Толстойдың қысқаша ғұмырнамалық деректері

§2. Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарасы

§3. Л.Н.Толстойдың педагогикалық көзқарасы

§4. Л.Н.Толстой дидактиканың мәселелері



§1. Лев Николаевич Толстойдың қысқаша ғұмырнамалық деректері

Лев Николаевич Толстой (28 тамыз (9 қыркүйек) 1828 жыл, Ресей империясы, Тула губерниясы Ясная Поляна — 7 қараша (20 қараша) 1910, Астапово, Рязань губерниясы, Ресей империясы) - орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицист[1].

1854—1855 жылдарғы Севастополь корғанысының қатысушысы.Үйінде оқып, тәрбие алған. Ата-анасықайтысболғаннанкейін, 1837 жылы 4 бауырымен Қазан қаласындағы қорғаушысы П. Юшкованың үйіне көшіп барады. 16 жасында Қазан университетіне түсіп, алғашында араб-түріктанушы факультетіне түскеннен кейін заңгерлік факультетке ауысады (1844-1847 жж). Алайдауниверситеттітәмәмдамай, әкесінен қалған Ясная Полянадағы үйгекөшеді.

М. Н. Волконскояның тұлғасы — жазушының анасының қалған жалғыз бейнесі. 1810 жылдар.

Николай Ильич Толстой, жазушының әкесі. Белгісіз суретші. Қағаз, акварель. 1820 жылдар.

Лев Николаевичтің атасы Петр Андреевич Толстой Бірінші Петрдің билігі кезінде құпия канцелярияның басшысы болған. Ол Ресей империясында жақсы қызметі үшін граф лауазымын алғандардың алғашқысы екен.

Толстойдың жанұясында 13 бала туылған. Оның бесеуі бала кезінде қайтыс болады. Әйелі өзінен 16 жас кіші болған. Яғни, олар шаңырақ көтергенде Софья 18-де, граф 34-те еді. 1830 жыл - қызы Марияны босану барысында анасының өлімі. 1837 жыл, қаңтар - Толстой отбасының Мәскеуге көшуі. 1837 жыл, маусым - әкесінің кенеттен қайтыс болуы.



§2. Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарасы
Педагогика, тәрбие және оқыту мәселелері Л.Н.Толстойдың практикалық және теориялық қызметінде ерекше орын алады.

60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л.Н.Толстой халық ағарту саласында қоғамдық-ағартушылық қызметпен қызыға айналысты. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балалары үшін мектеп ұйымдастырды, 1861-1862 ж.ж шақырылған мұғалімдермен бірге онда сабақ берді. Оның ынтасымен Ясная Полянаға жақын жерлердегі болыстарда көптеген бастауыш ауыл мектептерін ашты. 1860-1861 ж.ж шетелге барып, онда ол Францияның, Италияның, Бельгияның көптеген мектептерінің жұымысымен танысты. Бұл елдердің мектептері Л.Н.Толстойға жағымсыз әсер қалдырды. Бұл мектептердің әсіресе Германия мектептерінің негізгі кемшіліктері ретінде формализм, педантизм, оқушылар үшін еркіндіктің болмауын атап өтті. Толстой бұл мектептердің тәжірибесін алуға болмайтындығы туралы қорытындыға келді, Ресейде мектепті басқа негізде дербес құру керектігін атап өтті.

Ясная Поляна мектебінің жұмысы басқа негізде құрылды, сол кездегі орыс және батысеуропалық мектептерден түбірімен өзгеше негізде құруды жоспарлады.

Бұл мектепке тән ерекшелікң баланың жеке басын басып-жаншитын құралдардың болмауы, керісінше, толық еркіндік, баланың шығармашылық күшіне терең сене білу, оларға ізгілікпен қарау, білімге деген олардың сұранысы мен қызығуын қанағаттандыру туралы әруақытта да қамқорлық жасау.

Бұл ескі мектепке қарағанда оқушылар үшін қолайлы жағдайды жасады және олар мектепке ерекше қызығумен қатысып отырады, қызыға оқыды, үлкен шығармашылық белсенділікпен дербестік аңғартты. Ясная Поляна мектебінің тәжірибесімен өте қызыға айналысқан, оның нәтижелерімен қанағаттанған Толстой бұл тәжірибені басқа мектептерге тарату ісін қолға алды. Осы мақсатпен ол “Ясная Поляна” педагогикалық журналының басылымын ұйымдастырды, оның бірінші кітапшасында Ясная Поляна мектебінің тәжірибесі жан-жақты суреттелді.

1862 жылы Ясная Поляна мектебінде полицияның жүргізген тінтуінен кейін Ясная Поляна мектебі өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Толстой да педагогикалық қызметін біржола тоқтатып, “Соғыс және бейбітшілік” романын аяқтауға кірісті. 1870 жылы Толстой тағы да педагогикалық қызметке оралды (романмен жұмыс аяқталғаннан кейін). Осы кезде Толстой “Әліппе” атты алғашқы оқыту үшін оқу кітабын құрастырды, кейін “Жаңа әліппе” жарық көрді және сауат ашуға оқытудың жалпы мәселелерін талдайтын “Оқу кітабын” құрастыруға ерекше көңіл бөлді.

70-жылдардың екінші жартысында Толстой діни мәселелерге ерекше мән беруге байланысты педагогикалық қызметтен уақытша алыстауға тура келді, өмірінің соңғы кезінде ол педагогика мен тәрбие мәселелеріне қайта оралады. 70-жылдары Толстой балаларды тағы да Ясная Поляна мектебінде шәкірттерді қайта оқыта бастады, шаруа мұғалімдер семинариясының жобасын жасады. Өмірінің соңғы кездерінде Толстой тәрбиенің негізіне дінді қоя отырып, діни-адамгершілік ілімді насихаттады.

§3. Л.Н.Толстойдың педагогикалық көзқарасы
Л.Н.Толстой педагогиканы және сол кездегі орыс, шетел мектептерін қатты сынға алды. Ол педагогика, оның ішінде неміс педагогикасы мектеп өмірінен алшақ, педагогикалық тәжірибе оның негізі болып табылмайды, онда формализм, бірсарындылық басым екендігін атап көрсетті.

Сол кездегі мектепті қатты сынай отырып, Толстой баланың жеке басын құрметтеуге, белсенділігі мен шығармашылығын дамытуға негізделген өзінің тәрбие жүйесін қарсы қойды. Толстойдың 60-жылдардың бас кезіндегі педагогикалық ізденістерінде тәрбие баланың жеке басына жасалған қатыгездік болып табылады, сондықтан да оған жол беруге болмайды, тек ғана білім берумен ғана, демек, үлкендердің балаларға берілетін білімімен ғана шектеу керек дегенді айтты. Бірақ ол шаруалар мектебінде оқуға, жазуға, арифметикаға және т.б. тек ғана оқытып ғана қойған жоқ, сонымен қатар тәрбие жұмысын жүргізді.

Сонымен, бұлай деп пайымдау Толстойдың педагогикалық көзқарасы мен қызметіндегі көптеген қайшылықтарының бірі болды. Шын мәнінде ол жалпы тәрбиеге қарсы шыққан жоқ, бірақ сол кездегі мектептерде жүргізілген тәрбиеге, құрғақ жаттауға, шәкірттердің жеке басын аяққа басуға, формализмге қарсы болды. Осыған өзінің “Педагогиканың өлшемі – тек бір ғана еркіндік” деген ұранын қарсы қойды.

“Еркіндік тәрбие” теориясына тән қасиет баланың жеке басын асыра бағалалаушылық, оның “табиғатының” алдында бас ию болып табылады. Сонымен қатар Толстойдың балалардың жеке басын аяққа басуға қарсылықтың, балаларға деген сүйіспеншіліктің үні естіледі.

Толстой нәзік психолог болды, баланың жан дүниесін жақсы білді. Оған дәлел: оның тамаша әдеби шығармалары, барлық оның педагогикалық қызметі Толстой балаларды қызықтыра, олардың шығармашылығын оята және жан-жақты дамыта білді, оларға өз бетімен ойлауға және терең сезіне білуге көмектесті. Ол педагогикалық жұмыспен ерекше қызыға айналысты, үздіксіз іздеу үстінде әрбір мектеп педагогикалық зертхана болуы керек деген талап қоя білді. Осындай зертхана 1861-62 жылдары Толстойдың ашқан Ясная Полянадағы мектебі осындай зертхана, экспериментальдық мектеп бола білді. Бұл мектепте сабақ мұғалімдердің оқушылармен еркін әңгімесі түрінде ұйымдстырды. Оқу, жазу, таза жазу, грамматика, құдай заңы, орыс тарихынан әңгімелер, арифметика, табиғаттанудан және жағырафиядан қарапайым түсініктер, сурет әне ән салу пәндері оқытылды.

Белгілі бір белгіленген оқу жоспары, бағдарламасы және сабақ кестесі болмады. Оқушыларға үйге тапсырма берілмеді. Толстойдың айтуынша, балалардың сабаққа қызыққаны соншама, кешке дейін үйлеріне кетпей тыңдаушы еді дейді. Ясная Поляна мектебінде қандай ма болмасын жазалау және мадақтау әдістері болмады. Толстойдың Ясная Поляна мектебі, сөзсіз, құнды педагогикалық тәжірибе болып табылады. Бірақ соншама тамаша тәжірибе аяқсыз қалды. Ясная Поляна мектебінің негізгі кемшіліктері: біржүйелі білімді бағаламау, оқу жоспары мен бағдарламасының және сабақ кестесінің болмауы, балаларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа және тәртіпке үйрететін мектеп ережесінің болмауы.



§4. Л.Н.Толстой дидактиканың мәселелері
“Еркін тәрбие” теориясымен Толстой өзінің жаңа дидактикалық қағидаларын тығыз байланыста дамытты. Мектеп пен мұғалімнің борышы-оқытуды оқушылар толық үлгеретіндей етіп, ұйымдастыруға қол жеткізу керек. Оқушыларға берілетін материал түсінікті және қызықты болу керекетігін ерекше атап өтті.

Бастауыш мектептің оқулықтарында отан өмірінен жеңіл естерінде қалатын жаңа балаларға күшті әсер ететін материалдарды беру қажет.

Толстой өзінің оқулықтарына қойылатын дидактикалық көзқарастары мен талаптарынасәйкес 1872 ж.жарық көрген “Әліппесін” құрастыруды содан кейін екі рет қайта өңделіп басылды. 1875 жылы “Жаңа әліппе” деген атпен қайта басылды. Ол сонымен қатар төрт “Оқу кітабын” құрастырды. “Әліппе” де және “Оқу кітаптары” да әрқайсысы 30-дан астам қайта басылып шықты, миллиондаған таралыммен Ушинскийдің “Ана тілімен” қатар бастауыш мектептердегі ең кеңінен таралған оқу кітаптары болды.

Бұл оқулықтардың жарыққа шығысымен, педагогикалық басылым бұл оқу кітаптарын жоғары бағалады. Толстойдың оқулықтары үшін жазған әңгімелері мазмұны жағынан бай және жан-жақты, олар балалар әдебиетіне қосылған құнды үлес болып табылады. Бұл балалар әңгімелерінің негізгі кемшілігін кейбір әңгімелерінде Толстойдың діни көзқарастары орын алды. Толстой оқу кітаптарының тіліне ерекше мән берді.

Толстой білімнің әртүрлі салаларынан білімдік материалдардан басқа оқу кітаптарына әртүрлі жұмбақтар мен мысалдар енгізудің қажеттілігін ол ескеріп отырды. Жұмбақтар мен мысалдар балалардың ойын дамытуда және жағымды қасиеттерді тәрбиелеуде құнды құрал болып табылады.

Л.Н.Толстой халық мұғалімінің негізгі сапаларына педагогикалық еңбекке және балаларға сүйіспеншілік, сонмен қатар педагогикалық өнер немесе “талантты” жатқызды.

Л.Н.Толстой мұғалім туралы былай деді: “Егер мұғалім жеке басында өз ісіне сүйіспеншілікті және оқушыларына сүйіспеншілікті ұштастыра білсе, ол нағыз мұғалім”. Л.Н.Толстой мұғалімнің шығармашылық қабілеттігіне, оның педагогикалық шеберлігіне педагогикалық ізденістеріне ерекше мән берген болатынды.

Толстойдың жан-жақты педагогикалық қызметінде орыс, педагогикалық ой-пікірін және Ресейдің төңкеріске дейінгі мектебін байытқан көптеген жағымды жақтары мен құнды тұстары мол болды. Оның педагогикалық ілімінің жағымды жақтарына балаға деген сүйіспеншілік, баланың жеке басына құрметпен қарау, балалардың шығармашылығын ояту және дамыту ептілігі, әрбір жеке оқушының ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдау жатады.

Толстойдың әруақытта да педагогикалық ізденістерін, педагогикалық қызметпен ерекше айналысуы, шығармашылыққа үндеуі, оның мұғалім және оқу құралдарының авторы ретіндегі орасан зор шеберлігін атап өту қажет.

Л.Н.Толстой орыс педагогикасының тарихына аса көрнекті педагог-ойшыл және жаңашыл ретінде енді.




ҮШІНШІ БӨЛІМ

КЕҢЕСТІК ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ
XIII тарау. 1917-1941 жж. КЕҢЕС МЕКТЕБІ МЕН

ПЕДАГОГИКАСЫ
§1. Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдары

§2. Мектептегі білім беру жүйесінің дамуы

§3. Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру

§4. Мектеп туралы қаулылар

§5. Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы

§1. Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдары
   Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты.

   Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский (1875-1933) жұртшылыққа мұғалімлерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттан берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру.

   Халық ағарту ісін басқарудың ескі жүйесін тарату басталады. 1918 жылдың 18 маусымында Халық Комиссарлар Кеңесі "Ресей Социалистік Кеңес Республикасында халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы ереже” қабылданды, ереже бойынша республикада халыққа білім беруді жалпы басқару халық ағарту Мемлекеттік комиссиясына жүктеледі, ал жергілікті жерлерде губерниялық, уездік және болыстық халыққа білім беру бөлімдеріне. Халыққа білім беру бөлімдерінің жанынан білім беру кеңестері ұйымдастырылды, еңбекшілердің әртүрлі ұйымдарының өкілдерінен, мұғалімдерден, оқушылардан тұратын кеңесші органдар болып табылады.

   1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. Барлық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарын Халық ағарту комиссариатының қарамағына жинақтау мектеп реформасының бірлігін қамтамасыз етеді. 1918 жылы 20 қаңтарда Халық комиссарлары кеңесінің "Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы” декрет қабылданды. Онда шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлуді жариялады. Бұл декретте ар-намыс еркіндігі жарияланды, белгілі бір дінге қатысына байланысты кез-келген шектеушілік пен жеңілдіктер алынып тасталды; әрбір адамның кез-келген дінді ұстауға немесе ешқандай ұстамауға еркі бар екендігі атап көрсетілді. Декрет барлық мемлекеттік және қоғамдық, сонымен қатар жекеменшік оқу орындарында діни қағидаларды оқытуға тиым салынды. І Бүкілресейлік халықағарту съезінде (25 тамыз – 4 қыркүйек 1918 жыл) екі сатылы бірыңғай мектептің жүйесі мақұлданды: І сатысы - 5 жыл және ІІ сатысы – 4 жыл; бұл екі сатысы бірігіп, тоғыз жылдық жалпы білім беретін орта мектепті құрады. Кеңес үкіметінің жоғарыда көрсетілген декреттері мен шаралары контрреволюциялық элементтер – буржуазиялар, помещиктер және буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді.

   Мұғалімдер қауымы революцияға әртүрлі көзқараспен қарады. Көптеген мұғалімдер, көбіне орта мектептің мұғалімдері революциялық өзгерістерге дұшпандықпен қарады. Олар Кеңес үкіметіне қарсы шықты, Бүкілресейлік мұғалімдер одағының (БМО) Контрреволюциялық қызметін қолдады. Бірақ мұғалімдердің көп бөлігі, әсіресе, халық мектептерінің мұғалімдері революцияны ерекше көңілмен қарсы алды.

   Контрреволюциялық Бүкілресейлік мұғалімдер одағына қарсы интернационалшыл-мұғалімдердің І Бүкілресейлік съезі ұйымдасты. Съезге қатынасушылар Ағарту ісі мемлекеттік комиссиясының жұмысын талқылады, олар халыққа қарсы, Бүкілресейлік мұғалімдер одағының контрреволюциялық қызметін қатты сынға алып, мұғалімдерді Бүкілресейлік мұғалімдер одағынан шығып, интернационалист-мұғалімдердің одағына кіру туралы үндеу тастады.

   1918 жылдың бойына Ағарту ісі туралы мемлекеттік комиссияда А.В.Луначарскийдің, П.Н.Лепешинскийдің, Н.К.Крупскаяның жетекшілігімен "Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” және "Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелері” жасауда қызу жұмыс жүргізілді. 1918 жылдың тамыз айында "Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер”жобасы Ағарту ісі Бүкілресейлік съезінде хабарланып, бірауыздан оны мақұлдады.

   "Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” педагогика-жұртшылықтың арасында "Бірыңғай еңбек мектебі туралы” атымен белгілі. Ол кеңес педагогикасының жаңа саяси-идеялық және ғылыми-педагогикалық қағидаларын жариялады. Мектептің саясатқа қарсы идеясын насихаттаған буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогикаға қарама-қарсы "Бірыңғай еңбек мектебі туралы Деклорация” мектептің саясатпен байланысын кеңес педагогикасының негізгі қағидасы ретінде атап көрсетті. Бірақ "Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер” және "Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” уақытпен байланысты кейбір кемшіліктеріне қарамастан (емтихан және үй тапсырмасын алып тастау, ақыл-ой білімінің есесінен, еңбек тәрбиесімен ерекше әуестену және т.б) мектепті революциялық қайта құруда бұл еңбектердің мәні орасан зор болды.

 
§2. Мектептегі білім беру жүйесінің дамуы
   1918 жылы қабылданған мектеп жүйесі азамат соғысы жылдары және шетел интервенция жылдарының өзінде кейбір өзгерістерге ұшырады. Жұмысшы факультеттері, жұмысшы – жеткіншектер үшін мектеп-клубтар жеткіншектер үшін екі жылдық мектептер және басқалары ұйымдасты.

   1920 жылы құрылған Кәсіптік білім берудің бас комитеті жалпы білім беру үшін жас нормасы 16-дан 15 дейін азайтуды талап етті. Бас комитет кәсіптік білім беру жүйесіне белгілі өзгерістер енгізді: төменгі  кәсіптік мектептер – техникумдар – бірыңғай еңбек мектебінің базасында халыққа білім берудің кеңесінде мектеп жүйесін қайта құру туралы мәселе қаралды. Ол кеңес екі сатылы тоғыз жылдықтың орнына негізгі мектептің түрі ретінде екі сатылы жетіжылдық мектепті қажетті деп тауып, ұсынған болатын-ды.

   Жастарға кәсіптік білім берудің негізгі техникумды (индустриялдық, ауылшаруашылық, экономикалы, педагогикалық және т.б.) оқыту мерзімі 4 жылдық, кеңес ұсынған еді. Кеңес халықағарту комиссариатына маман жұмысшы кадрларын даярлау үшін фабрика-зауыт мектептерінің жүйесін жаасу қажеттігін атап көрсетті. Кеңесте мектеп жүйесінің өзекті негіздері туралы мәселе бойынша қызу күрес, тартыс болды, оның ішінде жалпы білім беретін орта мектеп мәселесі туралы. Осының нәтижесінде 1922 жылы 1918 жылы қабылданған жүйемен салыстырғанда одан гөрі икемірек жүйе қалыптасты; бастауыш мектеп (4 жылдық); негізгі жетіжылдық жалпы білім беретін мектеп және жалпы білім беретін мектептің жоғары сатысы, барлығы 9-10 жыл оқыту мерзімі. Бұл жүйенің жағымды жағы әрбір канцентр белгілі бір саты ретінде жалпы білім беретін мектеп баспалдағымен жоғары көтеріліп отырды және сонымен бірге одан әрі кәсіптік-техникалық білім беру үшін негіз болды. І сатыдағы мектеп төменгі кәсіптік білім беру мектептері үшін негіз болды: кәсіптік мектептер, фабрика-зауыт мектептері, оқу-өндірістік шеберханалар және т.б.; жетіжылдық мектеп – ортақ кәсіптік-техникалық оқу орындары үшін – индустриялық, ауылшаруашылық, педагогикалық және басқа техникумдар; тоғызжылдық – онжылдық мектеп жоғары оқу орындары үшін негіз болды.

1923-1924 оқу жылынан бастап, ауылдық жерлерде І саты мектептерінің негізінде шаруа жастар мектептері (ШЖМ) ашып бастады, оқу мерзімі 3 жылдық. Бұл мектептердің негізгі мақсаты – ауыл жастарынан мәдени жериелері мен жақсы белсенділерді тәрбиелеу. 1925 жылы алғашқы фабрика-зауыт жетіжылдықтары (ФЗЖ) ашылды, ол кеңінен тарай бастады. 1930-1934 жылдары олар негізгі жалпы білім беретін мектептер болды. Бұл кезеңде жұмысшы-шаруа жастарын жоғары оқу орындарына түсуге даярлауда ерекше роль атқарған жұмысшы факультеттерінің саны біршама арта түсті. 1921 жылы ашылған фабрика-зауыт оқушыларының мектептері (ФЗУ) тез қарқынмен дами бастады. Олардың негізгі мақсаты – жастардың арасынан өндіріс пен көлік қатынасы саласында маман жұмысшыларды даярлау.

   1921-1922 жылдардағы еліміздің қиын экономикалық жағдайы мектептердің жағдайына орасан зор әсер етті. Кеңес үкіметі халыққа білім беру ісінің мұқтаждарына қажетті қаржыны қысқартуға мәжбүр болды. Өндіріс пен ауылшаруашылығын қалпына келтіру үшін үлкен қаражат қажет болды.

   Халық ағарту ісінің мұқтажына бөлінетін қаржыны амалсыз орталық бюджеттен қысқарту және мектептерді жергілікті жердің қаражатына көшіру біршама мектептердің жүйесін қысқартуға алып келді.

   1923 жылдан бастап, халыққа білім беру ісінің бюджеті нығая бастады және мұғалімдердің материалдық жағдайы артты, ең алдымен ауыл мұғалімдерінің. Жалпы білім беретін мектептердің жүйесі бірте-бірте өсе бастады, оны мына кестеден көруге болады: 

   20-жылдардың аяғында мектептер жүйесі мен оқушылар саны 1944 жылмен салыстырғанда біршама артты. Сонымен айта кетуіміз қажет, тек ғана бастауыш мектептердің жүйесі өсіп отырған жоқ, сонымен қатар жетіжылдық және орта мектептердің саны да артты. 1922 жылдан 1926 жылға дейін жетіжылдық мектептердегі оқушылардың саны 3 есе артты. Оқушылардың әлеуметтік құрамында үлкен өзгерістер болды. Кеңес мектебінің оқушыларының негізгі құрамы еңбекшілер балаларынан тұрды, жұмысшы-шаруа балаларының саны артты.

   Мектептердің материалдық-техникалық базасы біршама жақсарды. Оқулықтар, оқу және көрнекті құралдар алуға, мектеп үйлерін жөндеуге және мектеп үйлерін салуға қаражат бөлінді. Кеңес үкіметі ауыл үшін жазу құралдарын, оқулықтарды, оқу құралдарды және көрнекті құралдарды тегін алуға қаражат бөлді.

 
§3. Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру


   1930 жылы сәуір айында өткен халық ағарту ісі бойынша ІІ Бүкілодақтық партия кеңесі дамудың қазіргі сатысында жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру проблемасы негізгі проблема екендігін атап өтті. Кеңес жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім берудің кең ауқымды бағдарламасын белгіледі.

   1930-1931 оқу жылынан бастап, бастауыш білім алмаған 8-10 жастағы балалар мен 11-15 жастағы жеткіншектерді жалпыға бірдей міндетті оқытумен қамту жоспарланды. Партия 1930 жылы 25 шілдеде "Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы” қаулы қабылдады. Онда 1930-31 оқу жылынан бастап, барлық жерлерде жалпыға бірдей басмтауыш білім беруді енгізуді міндеттеді. 1930 жылдың 14 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі "Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы” қаулы қабылдады. Қаулының алдыңғы үш бабында былай делінген:

   1. 1930-1931 жылы Кеңес Одағының барлық жерінде балаларға жаппай бастауыш білім беруді енгізу жүктеледі. 8-9-10 жастағы ер балалар мен қыз балалар 4 жылдық бастауыш мектеп көлемінде білім алуға тиісті болды. Осы қаулыға сәйкес 1930 жылдың күзінде жоғарыда көрсетілген жастағылардың бірінші бастауыш мектеп (4 сынып) көлемінде білім алуы міндетті деп белгіленді. 930-1931 жылдан бастап, мектепте оқып жүрген балалардың бірінші басқыш мектеп (4 сынып) көлемінде білім алуы міндетті деп белгіленді.

   2. 1930-1931 оқу жылынан бастап, 11-15 жастағы ер және қыз балаларды жаппай оқыту белгіленді.

   3. 1930-1931 оқу жылынан бастап, өнеркәсіпті қалаларда, фабрика-зауыт аудандарында және жұмысшы поселкелерінде жетіжылдық мектеп көлемінде білім беру жүйесі енгізілді. Қаулы бойынша балаларды міндетті түрде оқыту олардың ата-аналарына жүктелді.

   Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру үшін елімізде қызу жұмыс жүргізілді. Бұл жаппай бастауыш білім берудің қалалық, аудандық және ауылдық комитеттері құрылды. Республикаларда бұл жұмысты республикалық комитет басқарды.

   1930-1934 жылдары жаппай білім беру бастауыш мектеп көлемінде, өндірістік қалаларда, фабрика, зауыт аудандарында және жұмысшы поселкелерінде жетіжылдық мектеп көлемінде жүргізілді. 1930-1931 оқу жылынан бсатап, жалпы білім беретін мектептерде оқитын балалардың саны жыл сайын 3-4 миллионға көбейіп отырды. Егер олардың саны 1929-1931жылдары 13,5 миллион болса, 1939 жылдың аяғында 32 миллионға жетті. Ұлттық республикаларда жаппай білім беру ерекше тез қарқынмен дамып отырды. Ү-ҮІІІ және ҮІІІ-Х сыныптарда оқитын балалардың саны өте тез өсті. Ү-ҮІІІ сыныптарда 1929-1930 жылы 1,6 миллион бала оқыса, ал 1938-1939 оқу жылы 8,8 миллион бала оқыды. Ауыл мектептерін Ү-ҮІІ сыныптарында оқитын балалардың саны аталған мерзімде он есе көбейді.

   Мектептерді педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық институттардың, техникумдардың және педагогикалық курстардың желісі артты. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің материалдық жағдайы жақсарды.

   30-жылдары жетіжылдық және орта мектептердің желісінің тез қарқынмен өсуімен ондағы оқушылардың санының артуымен сипатталады, негізінен жоғары және орта сыныптардың (Ү-Х) есебінен. Жетіжылдық мектептердің саны 1927-28 оқу жылы 6554 тен 1937-38 оқу жылы 34199-ға жетті. Орта мектептердің саны соған сәйкес 1775-тен 9909-ға өсті. Оқушылардың жалпы саны 11466 мыңнан 1927-1928 оқу жылында 29562 мыңға дейін 1937-1938 оқу жылында өсті.

 
§4. Мектеп туралы қаулылар


   30-жылдардың бас кезінде орта және жоғары мектеп туралы партия мен үкіметтің бірнеше қаулы-қадарлары қабылданды. Бұл қаулылар орта және жоғары мектептің дамуы мен оның оқу-тәрбие жұмысын қайта құрудың және педагогика ғылымының теориялық жетістіктерін айқындап берді. Сонымен қатар біз бұл партия мен үкіметтің қаулыларына баға бергенде, кезінде елеуші кемшіліктер жібергендіктен атап өткен жөн.

   1931 жылы 5 қыркүекте "Бастауыш және орта мектеп туралы” қаулы шыққаннан кейн мектеп оқушыларының жалпы даярлығына мән беру ерекше артты. Бірақ 4 наурыз 1937 жылы Халық ағарту комиссариатының қаулысымен еңбек сабағы оқу жоспарынан алынып тасталды.

   20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың бас кезінде көпшілік политехникалық мектеп туралы, мектептің өмірімен байланысы кең өріс алған қозғалыс Халық ағарту комиссариатының саясаты мен мектеп тәжірибесінде кеннеттен негізсіз өзгерістерге әеп соқтырды. Мектеп пен педагогикалық оқу орындарына өздеріне тән емес міндеттер жүктелді: базалық мекемелердің өндірістік жоспарын орындауға қатысу, өндірісте тәртіп нығайту үшін күрес, мәдени-ағарту жұмыстарының белгілі көлемін орындау. "Проект әдісі” педагогикалық институттарда, техникумдарда әмбебеп әдіс ретінде міндетті енгізілді. Қалыптасқан жағдай  "Бастауыш және орта мектеп туралы” (1931 жылы, 5 қыркүектегі) қаулының кезекті "бұрмалаушылықты” болдырмауда мәні орасан зор болды. Сонымен қатар қаулыда еңбекке оқыту және тәрбиелеу идеясына елеулі соққы беріліп, нұсқан келтірді. Екінші жағынан, қаулыда политехникалық білім беруді іске асыруда теория мен практиканың бірлігі мәселесіне ерекше мән берілді және бүкіл оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі оқу мен тәрбие мақсаттарына бағындырылуға тиіс екендігі атап көрсетілді.

   "Бастауыш және орта мектептің оқу бағдарламалары мен режимі туралы” (1932 жылы, 25 тамыздағы) қаулыда мектепте оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ деп атап көрсетілді. Ол оқушылардың бригадалық жұмысын және басқа да оқу жұмысының ұжымдық түрлерін қамтыды. Бірақ осы қаулыда мақұлданған оқу бағдарламаларының қағидалары шығармашылық жұмысты қатаң көрсетілген шектеушілік пен көптеген орындауға тиісті талаптардың жағдайында тежеп отырды.

   "Бастауыш және орта мектеп туралы” қаулыда педагогикалық жоғары оқу орындарында мектеп пен мұғалімге әдістемелік көмек беру жөнінде елеулі жұмыс жүргізуді талап етті.

   1934 жылы 15 мамыр айындағы Халық Комиссарлар Кеңесінің "Мектептерде азаматтық тарихты оқыту туралы” және "Бастауыш орта мектепте жағырафияны оқыту туралы” (1935 ж) қаулыларына сәйкес кейбір педагогикалық институттарда тарих және жағырафия факультеттері ашылды.

   1930 жылдары жалпыға бірдей бастауыш білім енгізіле бастағанда, мектеп жүйесі мен оқушылар саны тез қарқынмен өсе бастады, осыған орай мектептерді маман педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету проблемасы ерекше күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі болды.

   Партия 1936 жылғы 4 маусымдағы "Халық ағарту комиссариаты жүйесіндегі педагогикалық бұрмалаушылықтар туралы” қаулысында педагогикалық ілім жалпы алғанда ғылым жат ілім деп танылды. Бұл қаулыда өрескел жіберілген кемшіліктердің біріне педалогияны буржуазиялық ғылым деп біржақты сынауын жатқызуға болады.

   Педалогтарға тағылған ең негізгі кінә -  олардың оқушылар арасында зерттеу және тесті жүргізуін "партия тарапынан бұрын сыналған” жалған буржуазиялық әдіс деп бағаланды. Оқушылардың ақыл-ой дамуы мен дарындылығын зерттеу үшін қолданылған бұл әдістерді "оқушылардың қажетсіз, кеңес мектебінің міндеттеріне қайшы келетін буржуазиялық, таптық педалогиялық ілімді кеңсе мектебі жағдайына сын көзбен қарамай енгізу” деп өрескел бұрамаланған еді. Осы қаулының негізінде көптеген педалогиялық оқу орындары жабылып қалды.

   Қазіргі жағдайда сол кездегі педалогтардың балалардың ақыл-ой әрекетінің дамуы мен қабілеттілігін зерттеу үшін қолданылған диагностикалық зерттеу әдістерін де бүгінгі мектеп тәжірибесінде балалардың қабілетін дамытуда кеңінен қолданылуда. Бұл қаулы 20-жылдардың бас кезінде мектеп өміріне кеңінен енгізіле бастаған әртүрлі оқу пәндерін, оқытудың белсенді әдістерін, оның ішінде ынтымақтастық педагогика идеясын қолдану бағытында дамуын 30-жылдары буржуазиялық педалогия деп бағалаған болатын-ды.

   30-жылдардағы педалогиялық бұрмалаушылықтар туралы қаулыда негізінен шәкірттердің қабілетін дамытуға тиым салды. 70 жылдан астам уақыт кеңес мектебінде білім беруде формализм мықтап орын тапты. Қаулының кемшілігі барлық шәкірттерге бірдей білімнің деңгейін ұсына отырып, қабілеттіліктерін дамытуға мүмкіншілігі болмады.

   20-жылдардың бас кезінде халық ағарту саласында кең өріс алған барлық, демократиялық қағидалар, мейлі ол аяғына дейін ойластырылмаған, кейбір кемшіліктері болғанымен, 30-жылдары Сталиннің жеке басына табынудың қалыптасуы жағдайында және әкімшілік бәрін жоққа шығарды.

   Біз бүгін 30-жылдарда қабылданған партия мен үкіметтің мектеп туралы қаулыларын бағалағанда; 20-жылдардағы мектепке тән жаңашылдық ізденістерді бірден-бір жоққа шығарған құжат ретінде қарауымыз керек.

   30-жылдардағы жоғары мектеп пен орта мектептің жалпы білім берудің қажетті деңгейін қамтамасыз ете алмады, политехникалық білімді ғылым негіздерін терең меңгеруден бөліп қарастырды, оқушыларды жоғары оқу орындары мен техникумдарға түсуге даярлау міндеттерін жеткіліксіз шешкен болатын-ды.

   Бұл кемшіліктерге қарамастан, 30-жылдардың бас кезіндегі орта және жоғары мектеп туралы қаулыларының Қазақстанда мектеп жүйесі мен педагогикалық кадрларды даярлауда ерекше роль атқарды.

 
§5. Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы


Жаңа кеңестік педагогиканың негізін қалаған халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері – Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, М.Н.Покровский және басқалары болды.

   Кеңес педагогикасында алғашқы жылдары тәжірибенің жалпы мақсаты тұжырымдалды. Бұқара халықтың қызығуы мен дүниеге келген жаңа қоғамның қажеттілігін бейнелей келіп, кеңестік педагогика буржуазиялық педагогикалық теорияның дарашылдық, ұлтшылдық, бисаяси және басқа да қағидаларына адамзаттық алдыңғы қатарлы ойының ұлы идеяларын қарсы қойды: гуманизм, ұжымшылдық, интернационализм, демократизм, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың қажетті алғышарттары және шарты ретінде оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру. Бұл идеялар белгілі "Бірыңғай еңбек мектебінің мектебі туралы ережелері” мен "Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” тарихи мәні бар мемлекеттік құжаттарында айқын көрініс тапты. Бұл құжаттарда тәрбие мен білім берудегі гуманизм және демократизм, мектептегі өзін-өзі басқарудың және шәкірттер мен мұғалімдердің өзара жаңабілім қарым-қатынасының идеялары бекітіліп және педагогикалық тұрғыдан негізделді.

 Тәрбие және білім беру мәселелері қызу талқыланды, әсіресе, 20-жылдардың бас кезінде жаңа экономикалық саясатқа көшу аяқталуға жақындаған кезде күшейе түсті. Бұл күрес төмендегідей негізгі педагогикалық мәселелердің төңірегенде болды: тәрбие үрдісінің мәні, оның ненгізгі бағыттығы, кеңес мектебінің мақсаттарымен міндеттері қандай.

Тәрбиенің мәнін жаңаша тұжырымдау "Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” атты диклорацияға анық та айқын көрініс тапты. Диклорация революцияға дейінгі мектептерге тән тәрбиенің милитаристік және ұлтшылдық бағыттарын қатты сынға алды.

Ұлтшылдық – шовенистік тәрбиеге кеңестік педагогика патриоттық және интернационалистік тәрбиені қарсы қойды.

Кеңестік педагогика өнерді баланың танымдық қабілеттіктерін дамытудың рухани бейнесін қалыптастырудың, жоғары идеялы мен дүниеге эстетикалық қатынастар ең күшті құралы ретінде жоғары бағалады.

20-жылдары педагогикадан алғашқы кеңестік басшылық пайда болды. Кеңес педагогикасын дамытуда Павел Петрович Блонский (1884-1941) ерекше роль атқарды. Ал "Педагогика” (1922) және "Педагогика негіздері” (1925) оқулықтарын жазды. Осы жылдары А.П.Пинкевичтің "Педагогика” оқулығы жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары ескі педагогикалық мұраны қайта қарауға және тәрбие және білім беру мәселелерін жаңаша шешуге талпынды. Сонымен қатар олар аяғына дейін өздерінің кейбір ескі теориялық көзқарастарының шектелушілігін жеңе алады. Бұл ең алдымен тәрбие мәселесін анықтауға қатысты. Тәрбие балаға мақсатты, ұйымдасқан, ұзақ мерзімге әсер ету деп дұрыс түсіндірді, бірақ авторлар тәрбие үрдісінің тәрбиеші мен тәрбиеленушінің белсенді қарым-қатынасы үрдісі ретінде тәрбие үрдісінің екі жақтылық сипатын аталмады.

П.П.Блонский мен А.П.Пинкевичтің еңбектері кейбір кемшіліктеріне қарамастан, педагогиканың дамуына бір қадам алға басқандық болып табылады. А.П.Пинкевич "Еркін тәрбие теориясының” кейбір қағидаларын сынға алғандығын атап айту қажет.

1927-1930 жылдарда кеңестік педагогикада жан-жақты пікір талас өткізілді. Пікір талас кезінде көптеген өзекті мәселелер талқыланды: педагогиканың әсер ету саласы, тәрбиенің қоғамдық өмірдің басқа да құбылыстарымен байланысы, бала дамуында ұйымдасқан жеке стихиялық әсердің ролі. Кейбір педагогтар ұйымдасқан мектеп тәрбиесі үрдісін адамды әлеуметтік қалыптастырудың барлық үрдісімен бірдей қарастырды, ұйымдасқан тәрбие үрдісінің ролін кішірейту есебінен ортаның ролін асыра бағалады. Педагогика пәнінің басқа да дұрыс емес анықтамасы берілді.

Педагогикалық пікір талас дидактика мәселелерін жедел талдауға көмектесті. 1927 жылдың өзінде белгілі болды, мектептерде енгізілген Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің (ГЗС) кешенді бағдарламалары өзінің ғылыми негіздерін көрсетті.

Кеңестік дидактиканың негіздерін талдауда Н.К.Крупскаяның еңбегі ерекше. Ол тек ғана педагогиканың бұл саласында жалпы мәселелерін қарастырып қойған жоқ, сонымен қатар жеке әдістеменің мәселелерін, әрбір оқу пәнінің білімдік және тәрбиелік мәнін қарастырды. Ол жаратылыстануды оқытуға ерекше мән берді, ғылыми-жаратылыстану пәндері оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыруда ерекше роль атқаратындығын атап өтті.

Оқыту әдістері мәселесіне тоқтала келіп, жеке әдістемелер сабақта оқушылардың белсендігін және дербестігін қамтамасыз етуді Крупская талап етті, оларды ұжымда ұйымдасқан түрде әрекет етуге, дәйектер мен құбылыстарға ізденіс тұрғысынан қарауды қалыптастыруға үйретті. Крупская мектептің міндеті тек ғана оқушыларды біліммен қаруландыру ғана емес, сонымен қатар олардың бақылағандығын, таным қабілеттіліктерін және белсенділігін дамыту, өз бетімен жұмыстың дағдысын, ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру екендігін атап көрсетті.

   20-жылдары өзінің жан-жақты педагогикалық және ғылыми қызметімен белгілі болған кеңес педагогикасының көрнекті өкілі Станислав Теофилович Шацкий (1878-1934). Ол халықағарту ісінің бірінші тәжірибе станциясын ұйымдастырды. Тәжірибе станциясы жас кеңес педагогикасының негізгі практикалық және теорияылқ міндеттерді шеше білді. Шацкий еңбек тәрбиесіне, оқытуды еңбекпен, қоғамдық пайдалы еңбекпен ұштастыруға ерекше мән берді.

   Еңбек мектебі құрылысының алғашқы онжылдығында кеңес дидактикасы бұл бағытта елеулі табыстарға жетті. Сонымен қатар шетел теорияларына сын көзбен қарамау, сынып-сабақ жүйесін жоққа шығару, ауызша оқыту әдістерін менсінбеу, оқыту мен тәрбиеде мұғалімнің ролін төмендету аңғарылды.

   Кеңестік педагогиканың алдына бірінші күндерден бастап, балалар ұжымын ұйымдастырмайынша, тәрбие міндеттерін жемісті шешу мүмкін еместігі белгілі болды.

   Кеңестік педагогиканың 30-жылдарда барлық салаларда ғылыми-зерттеу жұмысының дамуымен сипатталады. Педагогика ғылымының қайраткерлері меткептердің озат тәжірибесін зерттеу және жинақтаумен айналысты. Кеңестік педагогика ғылымының өсу көрсеткіші педагогикадан жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығару болып табылады.



   1932 жылы техникумдар үшін "Педагогика” оқулығы (редакциясын басқарған А.Африканов пен П.Груздев); 1934 жылы М.М.Пистрактың "Педагогикасы” педагогикалычқ институттарға арналған; П.Н.Шимбаровтың педагогикалық училищелерге арналған "Педагогика” оқулығы; 1939 жылы И.А.Каировтың редакциясына бару



XIV тарау. А.С.МАКАРЕНКОНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ЖҮЙЕСІ (1888-1939)
§1. А.С.Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі

§2. А.С.Макаренко тәрбие мәселесі туралы

§3. А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімі

§4. Ұжымның даму кезеңдері

§5. А.С.Макаренко еңбектеріндегі психология мәселелері

§6. Жанұя тәрбиесі туралы



§7. А.С.Макаренко және қазіргі заман

§1. А.С.Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі

Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында дүниеге келді.

Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж.Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады.

1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады. А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды.

А.С.Макаренкоға А.М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: “Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлі ұстазым болды”, - деп жазды.

1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады.

1920 жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды. Жұмысты өте қиын жағдайда бастауға тура келді. Жаңа ашылған мекемеге жартылай қираған бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің колониясының ғимраты берілген болатын-ды.

Олармен 8 жыл жұмыс істеді. Макаренко осындай жастардан өз отанына шын берілген, тәртіпті, еңбек сүйгіш және жұмыс істей білетін нағыз азаматтарды тәрбиелей білді.

Бұл жылдар қиын да, ауыр еңбек пен күрестің жаңа, қазіргі адамды тәрбиелеудің кеңестік әдістері үшін ол Макаренкоға тек ғана тәжірибеде ғана емес, сонымен қатар педагогикалық теорияда да тамаша жеңіс әперген жылдар болды.

1925 жылдан бастап, колония өзінің идеялық жетекшісі А.М.Горькиймен біржүйелі байланыс жасай білді. Ол колония туралы Италиядан былай деп жазды: “Бұл шынында қайта тәрбиелеудің жүйесі және осындай ол бола алады және әруақытта болуға тиісті және қазіргі күндері ерекше”.

А.С.Макаренко 3-4 жылдың ішінде үлгілі тәрбие мекемесін А.М.Горький атындағы еңбек колониясын ұйымдастыра білді. А.М.Горький 1928 жылы колонияға қатысып, ол туралы: “Сіз ұлы істерді бастадыңыз, өз жемісін беруге тиісті. Сіз тамаша адамсыз, Ресей Сіз сияқты адамдарға зәру”, -деп жазды.

А.С.Макаренко оның педагогикалық қызметін сол кезде халық ағарту комиссариатында жұмыс істейтін педагог-бюрократтар мен педалогтардың тарапынан қарсылықты кездестірді. Ол 1928 жылы Горький атындағы колонияны тастауға мәжбүр болды.

Одан кейін бірнеше жыл бойы ол бар күш-жігерін Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқаруға арнады, онда ол тәрбие әдістерін жетілдіре түсуді одан әрі жалғастырды.

Дзержинский атындағы коммунада еңбек тәрбиесінің жаңа әдістері қолданылды. Ал Джержинский атындағы комунада фотоаппараттардың фабрика-зауыт өндірісі (ФЭД маркасы) және электросверл өндірісі жұмыс істеді. Бұл өндірістің екеуі де елімізде алғаш рет іске асты. Үлкен экономикалық мәнімен қатар, өндірістің бұл түрлері педагогикалық тұрғыдан өте қажет болды.

Коммунаның тәрбиеленушілері өндірісте күніне 4 сағаттан жұмыс істеді, коммунада жұмыс істейтін орта мектепте оқыды.

1935 жылы А.С.Макаренко коммунадағы жұмысын тастап, Украинаның еңбек колониялары оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол адам кейін Москваға келіп, А.М.Горькийдің кеңесімен әдеби қызметпен, А.М.Горький атындағы колонияның және Джержинский атындағы коммунаның қызметін педагогикалық жинақтаумен айналысты.

1933-35 жылдарда “Педагогикалық дастан” жарық көрді, 1937 ж.жанұя тәрбиесінің мәселелерін ашып көрсететін “Ата-аналар кітабы” жарияланды (І том). Автордың алғашқы ойы жанұя тәрбиесі туралы 4 томдық кітап жазу жоспарланған болатынды.

1938 ж.ең ірі “Мұнара үстінде тулар” атты көркем-педагогикалық шығармасы жарық көрді.

А.С.Макаренконың “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар” атты еңбектері жанұя тәрбиесінің өзекті мәселелерін зерттеуге арналды. А.С.Макаренконың балаларды тәрбиелеудегі сіңірген еңбегін жоғары бағалай келіп, оны Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. 1939 жылы 1 сәуірде аса дарынды педагог, педагогика ғылымының көрнекті қайраткері, педагог А.С.Макаренко кенеттен дүние салды. Ол өзінен кейінгі ұрпаққа өшпейтін бай педагогикалық мұра қалдырды, оған дәлел: оның әртүрлі педагогикалық еңбектері мен жүргізген педагогикалық экперименттері.



§2. А.С.Макаренко тәрбие мәселесі туралы
А.С.Макаренко педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та және айқын елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес.

Оның айтуынша, қабілетсіз немесе “бұзылған” бала “сәтсіз педагогтардың” ойлап тапқандары, барлық “бұзылғандық, тәртіпсіздік және балалардың қылмескерлігі туа біткен және түзетуге болмайтын сапалар емес”.

Макаренко бүгінгі “бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады”,-деп есептеды. Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы бақытты балалық шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау керек.

А.С.Макаренко буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогиканы қатты сынға алды. Буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогика құрғақ жаттауға және баланың жеке басын басып-жанщуға, соқыр бағынуға негізделген авторитарлық педагогикадан “еркін тәрбие” анархистік теориясына негізделді.

Макаренко жұмыс бастаған жылдары Горький атындағы колонияда көптеген педагогтар “еркін тәрбие” теориясының рухында тәрбиеленген болатын-ды. Ұсақ буржуазиялық “еркін тәрбие” теориясын жақтау балаларда эгоизмді, тәртіпсіздікті және басқа жағымсыз қылықтарды тәрбиелейді.

Адамды неғұрлым құрметтеген сайын, соғұрлым талап қоя білу керек. Макаренко адамның шығармашылық күштеріне, оның үлкен мүмкіншіліктеріне терең сене білді. Макаренконың гуманизмі оптимизммен тығыз ұштасады, әрбір тәрбиеленушінің жағымды жақтарын көре білді.

Макаренко педагогикалық теория тәрбиенің практикалық тәжірибесін жинақтауға құрылуын талап етті. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммуна мектептерінде бағдарламалық материалды орналастырудың кешенді жүйесі қолданылмады. Макаренко оқу пәндерін біржүйелі оқытудың жақтаушысы болды, ол оқыту үрдісін кез-келген бұрмалаушылыққа “Дальтон-жоспарға”, “жобалау әдісіне” қарсы болды.

Ол еңбек тәрбиесі үрдісіндегі бұрмалаушылыққа қарсы болды.

Еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән бере отырып, Макаренко оқушылардың бұлшық ет энергиясының тәрбие жұмысымен байланыссыз өнімсіз шығынына қарсы болды. Макаренко кейбір педагогтардың сол кездегі америка прагматистік педагогикасымен алынған “Еңбек – бүкіл мектеп жұмысының орталығы” деп аталатын дұрыс емес ұранға қарсы болды. Бұл ұран бойынша, мектеп өмірінде еңбек дағдыларына ерекше мән берілді, біржүйелі жалпы білім алуға зиян келтірді.

§3. А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімі
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – Макаренконың жүйесінде ең негізгі орталық идея, оның бүкіл педагогикалық қызметі мен барлық педагогикалық қағидаларының өзекті мәселесі болып табылады.

“Біздің тәрбиенің міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу болып табылады”,-деп жазды А.С.Макаренко өзінің “Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары” атты мақаласында.

Макаренконың айтуынша, ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы.

Макаренконың түсіндіруінше, әрбір жеке тұлғаға әсер ету үшін ұжымға әсер ете отырып, оның әрбір мүшесі болып табылатын жеке тұлғаға әсер етуге болады. Бұл қағиданы “параллельді әсер ету қағидалары” деп атады. Бұл қағида ұжымның талаптары іске асады. “Параллельді әсер ету қағидасы”, бірақ дара әсер ету қағидасын қолдануды, педагогтың жекеленген тәрбиеленушіге тікелей, жанама әсер етуді жоққа шығармайды.

Ұжымның негізгі заңдарының бірі “ұжымның қозғалыс заңы” деп атады Макаренко. Егер ұжым алдына қойған мақсатты орындаса, бірақ ол болашаққа жаңа мақсаттар қоймайтын болса, онда ұжым мүшелерін жігерлендіретін ұмтылыс болмайды, қол жеткен табыстарға тоқмейілсу басталады, ондай ұжымның болашағы болмайды. Ондай жағдайда ұжымның дамуы тоқталады. Ұжым әруақытта да қызу өмір сүруі, белгілі мақсатқа ұмтылып отыруы қажет.

Осыған сәйкес Макаренко алғаш рет “Болашақ жолдар жүйесі” қағидасы педагогикаға ұсынып, жан-жақты талдады.

“Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты-шулы қозғаушысы, ертеңгі қуаныш”,-деп жазды Макаренко.

Балалар ұжымының дамуы, Макаренко бойынша, әруақытта да жүріп отыруға тиісті, дамуды педагогикалық ұжым бағыттап отырады, ал оның алға қозғалысының өте тиімді жолдарын шығармашылықпен іздестіреді.

Ұжымның өмір сүруінің ең негізгі заңын Макаренко ұжымның қозғалысы, өсуі және дамуы деп атады. Оның пікірінше, онсыз біздің қоғамның өміршең бөлігі ретінде ұжымды елестету мүмкін емес. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммунадағы өзінің педагогикалық тәжірибесінде осы ережені қатаң сақтады, колонистер мен коммунарлардың ұмтылысын және ешуақытта тоқтап қалуға болмайтынын, әруақытта алға жүріп отыру ептілігін орынды тәрбиелеу, алға мақсат қоя білу қабілеттілігі және сол орындай білу.

Макаренко балалар ұжымы өмірінде берік ұйымдасқан активке ерекше мән берді, оны педагогтың ең жақын тірегі деп қарады. Ол колония тәрбиеленушілердің ішінен актив ядросының бөлінуіне қуанды, оның толығуына қуанды, оны тәрбиелеу туралы қамқорлық жасады.

Колонистер өздерін тең құқылы колонияның иегерлері ретінде сезінді. Олар колониядағы дербестіктен және белсенділіктен қуаныш сезіміне бөленді, екінші жағынан, тапсырылған іске деген міндеттілік және жауапкершілік сезімін кешірді.

Балалар ұжымын құруды, оны тәрбиелеуде Макаренко жетекші рольді педагогтар ұжымына арнады. Педагогтар ұжымынсыз ол балалар ұжымын тәрбиелеу және әрбір жекеленген баладан ұжымшылдықты тәрбиелеу мүмкін емес деп есептеді.

Макаренконың педагогикалық жүйесінде тәрбиенің қажеті факторы еңбек болып табылады. Тәрбие жұмысында еңбек негізгі элементтердің бірі болуы қажет. Макаренконың басқарған мекемелерніде тәрбиеленушілердің еңбек іс-әрекеті үлкен орын алды, ол әруақытта да дамып және жетілдіріп отырылды.

Горький атындағы колонияда ауылшаруашылығы еңбегінің ең қарапайым түрлерінен бастап, негізінен өз ұжымының негізгі қажеттілігі үшін Макаренко одан кейін тәрбиеленушілердің өкілді еңбегін ұйымдастыруға көшті. Өзінің жоғары түрін бұл еңбек іс-әрекеті Дзержинский атындағы коммунада қол жеткізді, онда тәрбиеленушілер орта мектепте оқыды және жоғары мамандықты еңбекті талап ететін күрделі техникамен өндірісте жұмыс істеді.

Макаренко еңбек тәрбиесі туралы мәселелер бойынша құнды ұсыныстар береді. Балалардың еңбек әрекеті үрдісінде жұмысты бағдарлау, жоспарлау ептілігін дамыту, уақытқа, өндіріс құралдарына, материалдарға ұқыпты қарау, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізу.

Коммуна жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен ұштастырудың нәтижелі тәжірибесін А.С.Макаренко жалпы білім беретін мектептерде қолдануды қиялдады.


§4. Ұжымның даму кезеңдері
Ұжым болу үшін топ сапалы өзгерістердің әртүрлі жолдарынан өтуі қажет. Бұл жолды А.С.Макаренко бірнеше кезеңдерге бөледі.

Бірінші кезең – ұжымның қалыптасуы (алғашқы ұйымдасудың сатысы). Бұл кезеңде ұжым ең алдымен педагогтың тәрбиелік ықпалдарының мақсаты ретінде қызмет атқарады, ұйымдасқан топты ұжымға айналдыру, демек, әлеуметтік-психологиялық қоғамдастық, онда оқушылардың қарым-қатынасы олардың бірлескен қызметінің мазмұнымен, оның мақсаттарымен, міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады.

Ұжымды ұйымдастырушы – педагог, одан барлық талаптар тарайды. Бірінші саты сол уақытта аяқталған деп есептеледі, егер ұжымда актив қалыптасып, жұмыс істесе, тәрбиеленушілер жалпы мақсаттың, жалпы іс-әрекеттің және жалпы ұйымдастырудың негізінде топтасқан.

Екінші кезеңде активтің ықпалы күшейеді. Актив педагогтың талаптарын тек ғана қолдап қоймайды, сонымен қатар өзі ұжым мүшелеріне талап қояды. Екінші кезеңге тән ерекшелік ұжымның құрылымының тұрақтауы. Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе ретінде жұмыс жасайды, онда өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі реттеудің механизмдері әрекет ете бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі мінез-құлық нормаларын талап етуге қабілетті, соған байланысты талаптарының көлемі бірте-бірте ұлғаяды. Сонымен, ұжымның дамуының екінші кезеңінде жеке тұлғаның белгілі сапаларын мақсатты тәрбиелеудің құралы ретінде жұмыс істеді.

Бұл кезеңде педагогтың негізгі мақсаты ұжымның мүмкіншіліктерін ұжымның алдындағы міндеттерді шешу үшін барынша пайдалану. Практикалық тұрғыдан ұжым тәрбие субъектісі ретінде өз дамуының белгілі деңгейіне жетеді.

Бұл кезеңде ұжымның дамуы қарама-қайшылықтарды жеңумен байланысты: ұжым мен жеке оқушылардың арасында; ұжымның алдағы талаптарының дамуы; жалпы және дара перспективалардың ара-қатынасы; Сондықтан да ұжымның дамуында серпіліс, тоқтау, кері кету болуы мүмкін.

Үшінші және одан кейінгі кезеңдер ұжымның көркерімен, шарықтауымен сипатталады. Бұл кезеңдерде одан бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда айрықша сапаларымен ерекшеленеді. Бұл кезеңнің даму деңгейін көрсету үшін ұжым мүшелерінің бір-біріне қойылатын талаптарының деңгейі мен сипатын көрсетсек те жеткілікті. Егер ұжым дамудың осы сатысына жеткен болса, онда ол тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастырады. Сондықтан да кейбір педагогтар төртінші және одан кейінгі кезеңдерді қарастырады. Бұл кезеңде әрбір мектеп оқушысы өзіне-өзі белгілі талаптарды қоя алады, адамгершілік нормаларды орындау оның қажеттілігі болып табылады, тәрбие үрдісі өзін-өзі тәрбиелеу үрдісіне ауысады.

§5. А.С.Макаренко еңбектеріндегі психология мәселелері
А.С.Макаренко тамаша психолог ретінде бала психологиясын, оның жан дүниесін жақсы түсіне білді. Ол педагогикалық психологияның, оның ішінде тәрбие психологиясы мен ұстаз психологиясының мәселелерін жан-жақты талдады. Әсіресе, оның ерекше мән берген мәселелері балалардың борыш және намыс, ерік-қайрат, мінез-құлық және саналы тәртіпті тәрбиелеу мәселелері.

Макаренко “Балаларды тәрбиелеу туралы лекцияларында” былай деп жазды: “Біз әрбір азаматтан өмірінің әрбір минуты сайын ешқандай да ескерту мен бұйрықты күтпестен өзінің борышын орындауға дайын болуын талап етеміз, ол ынталықты және шығармашылық ерікті меңгеру тиіс”. Әрбір ұжымның мүшесі ұжым алдындағы ұжымнан бастап, социалистік Отанымен аяқтап, сезіне білуге міндетті. Әрбір ұжымның мүшесі намыс сезімін меңгере білуі қажет, әруақытта да өз ұжымымен, өз Отанымен мақтана білуі керек.

А.С.Макаренко Горький атындағы колония, Дзержинский атындағы коммуна ұжымдарында намыс, мақтаныш сезімдерін қалыптастыруды әрбір ұжымның мүшесі жақсы түсіне білді. Коммунарлар өз ұжымының намысы үшін, ары үшін аянбай еңбек етті. Олар әруақытта да өз ұжымын мақтан етіп отырды.

Макаренконың түсінігінде тәртіп – бұл тек ғана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу, белсенділік, жауапкершілік тәртібі.

Макаренко тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез-құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырды. Тәртіп ұымшыл ұжымда дамиды және бекиді. Макаренко былай деді. “Тәртіп – бұл ұжымның бет-әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі”.

А.С.Макаренко баланың жандүниесінің, әрбір жекеленген адамның психологиясын білу бұл әдіс әрбір нақты жағдайда ыңғайлы пайдалануға көмектеседі.

Макаренко тәртіпті тәрбиенің нәтижесі ретінде қарастыра отырып, Макаренко “тәртіп” және “режим” ұғымдарының құралы болып табылады деген болатынды. Макаренко баланың айқайына, ашуланшақтығына, өрескел қылықтарына қарсы болды. Педагогтар жиі айтатын: “Бала қатты айқаулауға тиіс, осыдан оның табиғаты аңғарылады деді”. Макаренко оған қарсы болды, балалар өзін-өзі ұстай білу керек, режим ойластырылған, тұрақты болуы керек, бәрі қатаң сақтауға тиіс.

Макаренко “еркін тәрбие” теориясының ықпалдығы педагогтардың балаларды жазалау мәселесінде айтқан “жазалау құлды тәрбиелейді” деген қағидасын қатты сынай отырып, Макаренко жазалауды қолдана отырып, құлды да немесе қорқақты да, еркін, адамгершілік қасиеті күшті тұлғаны да тәрбиелеуге болады. Барлық істің мәні, қандай жазалау және қалай қолданылды. Ол дене жағынан жазалауға болмайды деп жазды, ал дене жазалауынан басқа жазалаудың түрлері Макаренконың талап етуі бойынша ойластырылған болуы керек, асығыстық, жүйесіздік болмау керек, әр шәкіртке дара сипатта қолданылуы қажет, жаза жасаған қылығына сай болуы және жиі берілмеуі қажет, өзінің жасаған қылығын түсінетіндей, соған сезінуі керек, ұжым қолданылған жазаның әділдігін мойындауы қажет.



§6. Жанұя тәрбиесі туралы
А.С.Макаренко жанұя тәрбиесінің мәселелеріне ерекше мән берді. Ол ең бірінші болып, кеңес педагогтерінің ішінен бұл өте маңызды мәселені талдаумен айналысты.

Қазіргі кезде зерттеу жұмыстары мен бақылаулар көрсеткендей, тәрбиенің басты негізі 5 жасқа дейін қаланады – бұл барлық тәрбие үрдісінің 90%, ал содан әрі адам тәрбиесі жалғасады, адамды өңдеу жалғасады, сіз жалпы алғанда жемісін бастайсыз, ал сіз бағып отырған гүлдер 5 жасқа дейін болған, - деген Макаренконың қорытындыларын дәлелдейді (шығ.,4т.,460 бет).

Көптеген жанұяларының өзінің тәрбие қызметін жеткіліксіз орындайтындығын ескере келіп, ол “Ата-аналар кітабы” атты көлемді еңбек жазуды қолға алды. Бұл еңбегінде жанұя тәбиесін жан-жақты ашып көрсету мақсатын қойды, ол тек ғана кітаптың бірінші бөлімін жазуға үлгерді. Онда жанұяны тәрбие ұжымының құрылымы және жанұя тәрбиесінің жалпы шарттары ретінде қарастырды.

Макаренконың жанұя тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары” балаларды жанұяда тәрбиелеу туралы өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып табылады.

Жанұядағы тәрбие мәселелері – педагогиканың ең қиын да және ең жеткіліксіз талданған мәселелердің бірі.

Белгілі дарынды педагог, әрі көрнекті жазушы А.С.Макаренко 1937 жылы жарыққа шыққан “Ата-аналар кітабы” атты көлемді еңбек жазуды қолға алды. Бұл еңбегінде жанұя тәрбиесін жан-жақты ашып көрсету мақсатын қойды, ол тек ғана кітаптың бірінші бөлімін жазуға үлгерді. Онда жанұяны тәрбие ұжымының құрылымы және жанұя тәрбиесінің жалпы шарттары ретінде қарастырды.

Макаренконың жанұя тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары” балаларды жанұяда тәрбиелеу туралы өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып табылады.

Жанұядағы тәрбие мәселелері – педагогиканың ең қиын да және ең жеткіліксіз талданған мәселелердің бірі.

Белгілі дарынды педагог, әрі көрнекті жазушы А.С.Макаренко 1937 жылы жарыққа шыққан “Ата-аналар кітабын” жұртшылық қызыға, зор қуаныш сезімімен қабылдады.

Автор өзінің жаңа еңбегін бастай отырып, сыпайылықпен өзіне-өзі: “Мүмкін, бұл кітап тым асыра сілтеушілік болар?” – деп сұрақ қойып, өз міндетінің мейлінше қиын екендігін түсінді. “Жанұя - өте үлкен әне аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар алдында, өз бақыты және балалары алдында жауап береді”, - деді А.С.Макаренко. кітабында” екі ата-ананы салыстыра отырып, “жалғыз бала”, “көп балалы” жанұя проблемаларын көтеріп, нақты мысалдар келтіре отырып, қорытынды жасайды.

Бірінші кейіпкері Петр Александрович Кетов – ол күшті, ақылды, адам психологиясын жақсы біледі. Ол жалғыз баласын тәрбиелеуге көп уақытын жұмсайды. Оның ойынша көп жанұя орташа адамды тәрбиелейді. “Жалғыз бала” дарынды, ақылды болып шығады, бірақ теріс тәрбие оны өзімшілдікке әкеп соқтырады.

Ол кейіпкерге қарама-қарсы Степан Денисович Веткиннің көп балалы, бақытты жанұясы мүлде қарама-қарсы. Ол жанұя мүшелерінің өзара көмегіне, сүйіспеншілігіне, үлкен балалар кішілеріне қамқор болуға негізделген. Бұл мысалдардан екі жанұяның екі түрлі тәрбиесінің қорытындысын көруге болады. Жыныстық тәрбие мәселелері де Макаренконың назарынан тыс қалған жоқ.



§7. А.С.Макаренко және қазіргі заман
Аса көрнекті кеңес педагогикасының көрнекті өкілі жаңашыл-педагог, тамаша жазушы А.С.Макаренконың педагогикалық мұрасының мәні бүгін де өзекті, бүгін де өміршең екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Несімен ерекше көптеген адамдар мен біздің шетелдегі достарымыздың жүрегін А.С.Макаренко баурап алды?

Макаренконың педагогикалық жүйесі ғылыми және революциялық мазмұнгмен толыққан. Оның жүйесінде көптеген педагогикалық мәселелер жаңаша ашып көрсетілді: бірыңғай балалар ұжымы – тәрбие субъектісі, тәртіп – адамгершілік категориясы, жазалау – адамды құрметтеудің ерекше көрінісі, қаталдық – ең үлкен, ізгілік және т.б.

Жаңашыл – педагог, көркем сөздің шебері Макаренко жаңа адамдық қатынастардың сұлулығын, талап қою мен қатаң тәртіптің сұлулығын, ұжымның ұлы қуатын түсіне білуге көмектеседі. Сондықтанда А.С.Макаренконың жүйесінің байлығы өміршеңдігі және сарқылмайтындығы, сондықтан да ол өзекті болып табылады.

“Біздің өміріміз жаппай жаңалық – деп жазды Антон Семенович, - Бұл өмірдк балаға да: бірлік, құрылыс, күрес, жеңістер, - барлығы жаңаша бай, жаңаша көңілді және жаңаша қиын” “(Шығ., 4т., 1957, 482-бет)

Макаренконың педагогикалық жүйесі қазіргі мектептеріміз бен арнаулы мектеп-интернаттарында, балалар үйлерінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.

Кезінде А.М.Горький 1933 жылы хатында А.С.Макаренконың ұжым туралы іліміне жоғары баға берген болатын-ды:

“Маңызы орасан зор және мейлінше ойдағыдай болып шыққан Сіздің педагогикалық эксперименттеріңіздің, меніңше, дүниежүзілік маңызы бар”. Кеңестік педагогиканың көрнекті өкілі А.С.Макаренко ұжым теориясын талдады. Оның қаламынан көптеген педагогикалық және көркем шығармалар туған болатын-ды, онда ұжымдық тәрбиенің әдістемесі жан-жақты талданылды.

А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімінде ұжымды кезең-кезеңмен қалыптастырудың жан-жақты технологиясы жасалды. Ол ұжымның өмір заңын айқындады, ұжымның даму қағидаларын анықтады, ұжымның даму кезеңдерін бөліп көрсетті.

Қазір А.С.Макаренко атындағы Украинада медаль тағайындалып, 1965 жылдан бері ең озат мұғалімдер марапатталады.

А.С.Макаренконың педагогикалық және әдеби мұрасынан бұрынғы кеңестер одағында 40 тан астам кандидаттық диссертациялар қорғалды, көптеген монографиялық еңбектер жазылды. Әсіресе, оның педагогикалық мұрасын жан-жақты зерттеуде шәкірттері ерекше роль атқарды. Атап айтқанда, Н.Э.Фере, В.Н.Терский, С.А.Калабалин, В.И.Клюшник, Ройтенберг және т.б. Қазіргі мектептерде, мектеп-интернаттарда және басқа да оқу-тәрбие мекемелерінде оның идеяларын басшылыққа алып отырады.

Оның “Педагогикалық дастаны” көптеген шет тілдерге аударылды.

Көп жылдар А.С.Макаренконың беделі берік болды. Бірақ соңғы жылдары жағдай өзгерді. Тәрбиені демократияландыру және ізгіліктендіру үрдістері педагогтарды бұрынғы құндылықтарды қайта бағалауға, қайта пайымдауға итермеледі. А.С.Макаренконың тәрбие жүйесіне сындар айтылып, баламалы көзқарастар пайда болды.



Шет елдерде жарық көрген педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында көрнекті кеңес педагогы А.С.Макаренко, оның ішінде балалар коллективі бағытталған көзқарастар кең өріс алды.


XV тарау. 1917-1941 жж. КЕҢЕС МЕКТЕБІ МЕН

ПЕДАГОГИКАСЫ
§1. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы (1918-1970)

В.А.Сухомлинскийдің шығармашылығы әрбір жыл өткен сайын біздің елімізде, сол сияқты шетелде ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың тарапынан бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл кездейсоқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек ғана байытып қойған жоқ, теорияға, сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және отандық педагогикалық ой-пікірдің дамуына белгілі реваолюциялық кезең болды.

В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі туралы бүгін де біршама әдебиет баршылық, әдебиеттердің үлкен бөлігі В.А.Сухомлинскийдің ғұмырнамалық деректерін және педагогикалық көзқарасын талдауға арналған.

Сырт қарағанда, В.А.Сухомлинскийдің өмірі көптеген оның құрдастары мен замандастарының өмірбаянының айырмашылығы өте аз сияқты көрінеді.

Василий Александрович 1918 ж.28 қыркүйекте Васильевка селосында Херсон жерінде (қазіргі Кировоград облысы). Осында оның балалық және жастық шағы өтті.

В.А.Сухамлинский, В.Г.Короленко атындағы Полтава педагогикалық институтында оқыды. В.А.Сухомлинский педагогика ғылымының негіздерінен білім алғаны балалармен жұмыс істеу ептілігіне, қарым-қатынас мәдениетіне, ғылыми ізденіске ұмтылуды қалыптастырғаны үшін Полтава педагогикалық институтына қарыздар. Бұл институттың қабырғасында оның есімі мәңгі қалды.

1982 жылы В.Г.Короленко атындағы Полтава педагогикалық инстиутының ғимаратында Василий Александровичтің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында мемориалдық тақта орнатылды.

1938 жылы институтты бітіргеннен кейін, В.А.Сухомлинский өзінің туған жеріне оралады, Онуфриев орта мектебінде украин тілі мен әдебиетінен мұғалім болып қызмет атқарады.

1941 жылы өз еркімен майданға аттанады. 1942 жылы қаңтар айында Москва ерлікпен қорғау кезінде Сухомлинский ауыр жарақаттанады. Уралда әскери госпитальде ұзақ емделгеннен кейін, сол кезде неміс басқыншыларынан азат етілген туған жеріне қайтадан оралды.

1948 жылы В.А.Сухомлинский Павлыш орта мектебінің директоры болып тағайындалды және үзбестен оны өмірінің соңына дейін, 22 жыл бойы басқарады. Соғыстан кейінгі тұрмыстың барлық қиындығын басынан кешуге тура келді. Соғыстан қираған Украина селоларында алғашқы соғыстан кейінгі жылдарда өмір сүрген қиын болғандығын жақсы біледі, соғыс қаншама балаларды анасынан, әкесінен және ең жақын бауырларынан айырды. Мектепке тек ғана қарапайым мұғалім ғана емес, балалардың жаралы жан дүниесін арашалай білетін, соғыстың құрбаны болған ата-аналарының орнын толтыратын ұстаздар қажет болды. Осындай мұғалім өз шәкірттері үшін әкесі және тәлімгері, әр күн және әр сағат сайын өз жүрегінің жылуын арнаған  В.А.Сухомлинский болды.

Педагогке философ сияқты, оның танымдық қағидалары, педагогикалық сенімдерін қалыптастыру үшін ондаған жылдарды қажет етеді. В.А.Сухомлинскийдің көптеген жылдары осыған кетті.

В.А.Сухомлинскийдің рухани күш-жігері мен талантының шарықтаған кезінде 1970 жылы 2 сентябрьде дүниеден озды. 1942 жылы Москва маңында алған ауыр жарақаты із-түссіз кеткен жоқ, кейін ол біліне бастады.

Өзінің педагогикалық еңбегі үшін ол екі рет Ленин орденімен марапатталды. 1957 жылдан В.А.Сухомлинский РСФСР Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, 1958 жылдан УССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. 1968 жылы оған үкіметтің ең жоғарғы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сол жылы СССР Педагогикалық ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесіне сайланды.

В.А.Сухомлинский – 41 монографиялар мен жекеленген кітаптардың, 600 астам ғылыи мақалалардың, 1200 әңгімелер мен ертегілердің авторы. Оның еңбектерінің жалпы таралымы біздің елімізде және шет елдерде әртүрлі тілдерде 4 миллионға тарта данаға жетті.

1970 жылдың сәуір айында ол еңбектерінің жиынтығы бойынша докторлық диссертацияны қорғау үшін “Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері” тақырыбында баяндамасын аяқтады.

В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған “Балаға жүрек жылуы”, “Азаматтық қалыптасуы”, “Коллективтің құдыретті күші”, “Павлыш орта мектебі”, “Мұғалімдерге жүз кеңес”, “Мектептің жас мұғалімімен әңгіме” т.б. кітаптарын ерекше атауға болады.

А.С.Макаренконың идеясының белсенді ізбасары және жалғастырушы В.А.Сухомлинский ұжыммен және жеке оқушымен жұмыс істеу әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. В.А.Сухомлинский дәстүрлердің, фольклордың, табиғаттың және т.б. тәрбиелік ықпалы мәселелерін терең және жан-жақты талдады.

Оның қызметінде әрбір педагогтың өзінің кәсіби қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесі басты орынды алды. Өзінің “Мектептің жас директорымен әңгіме” еңбегіне былай деп жазды: “Егер педагогикалық еңбек мұғалімі қуаныш әкелсін десеңіз, егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар жалықтыратын, бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа айналмасын десеңіз, әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына жетелеңіз”.

Бүкіл әлемге ерекше танымал болған В.А.Сухомлинскийдің “Балаға жүрек жылуы” еңбегінде ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін тек ғана терең білгенде ғана мүмкін екендігін анық та және айқын көрсетіп берді.

В.А.Сухомлинскийдің көзқарасының қалыптасуына Я.Корчактың әсері ерекше болды. Белгілі поляк педагогының тамаша еңбектерімен, атап айтқанда “Баланы қалай сүюге болады” (1920), “Қашан мен қайтадан кішкентай боламын” (1926) В.А.Сухомлинский соғысқа дейін таныс болған еді. Я.Корчак гитлер конц-лагерлерінің бірінде 1942 жылы тамыз айының бас жерінде. Жетімдер үйінің тәрбиеленушілерімен бірге қайтыс болды. Өзінің өмірін сақтауға болар еді, оған бірнеше рет қашуға ұсынған болатын-ды. Бірақ ол өзіне шексіз сенген адамдарды сатып кете алмады. Көргендердің айтуына қарағанда, достарының геттоны тастап кету және өзін аман сақтау туралы ұсынысына, өз ісіне берілгендігімен жауап берді. Я.Корчак газ толтырылған камерада өлім азабының соңғы минуттарының алдында қолынан ұстап, балалары мен бірге болды. Бүкіл өз өміріне терең адамгершілік мән бете отырып, өз борышын балаларының алдында аяғына дейін орындады.

Адамгершіліктің ең жоғарғы өлшеулі болып табылатын Я.Корчактың ерлігін В.А.Сухомлинский соғыстан кейін білді. “Януш Корчактың өлімі – деп жазды “Балаға жүрек жылуы ”кітабында, - оның ерлігі ерекше адамгершілік күш пен тазалықтың мен үшін жігерлендіретін шабыт болып табылады”.

Балаларды мадақтау және жазалау идеясы тәрбие құралы ретінде кездейсоқ пайда болған жоқ. Оның көп жүйелерде қызығушылық танытты.

В.А.Сухомлинский – гуманистік дәстүрлердің лайықты ізбасары болып табылады. Павлыш мектебінде жазалаусыз тәрбие бүкіл педагогикалық ұжымның педагогикалық қағидасы болып табылады. “Он жыл мен, - деп жазды В.А.Сухомлинский,- өзімнің тәрбиеленушілерімді жазалаусыз тәрбиеледім және олар белгілі адамдар болып шықты”. 

В.А.Сухомлинский баға туралы жазалау құралы ретінде айта келіп, оны тек ғана жоғары сыныптарда қанағаттанғысыз баға қою баланың жүрегін жаралайды, психологиясына әсер етеді, өзіне деген енімі жоғалады. Сухомлинскийдің айтуынша, барлық балалар І сыныпқа бір ғана мақсатпен жақсы оқу үшін келеді.

Тек ғана баланың оқудағы 7 жетістігі, оның әрбір күн сайын алға басқан қадамы оған күш-жігер береді. В.А.Сухомлинский төрт жыл бастауыш сыныпта оқығанда бірде-бір қанағаттанғысыз баға қоймапты. Бірде бір бала екімен жазаланбапты.



Баға В.А.Сухомлинскийше, жазалау емес, жалқаулығы үшін жазалау емес, әруақытта да оптимистік түрде еңбегі үшін марапат деп түсінді.


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет