Педагогика тарихы


§5. Қожа Ахмет Ясауи (шамамен 1093, кейбір деректерде 1103 ж.-1166 ж.)



бет4/6
Дата23.05.2018
өлшемі6,47 Mb.
#40654
1   2   3   4   5   6

§5. Қожа Ахмет Ясауи (шамамен 1093, кейбір деректерде 1103 ж.-1166 ж.)



Қожа Ахмет Ясауи



Қызметі:

Ақын, пәлсапашы

Туған күні:

шамамен 1093, кейбір деректерде 1103 жылы

Туған жері:

Оңтүстік Қазақстан облысы,Сайрам ауданы

Қайтыс болған күні:

1166 жылы

Қайтыс болған жері:

Оңтүстік Қазақстан облысы,Түркістан

Әкесі:

Ибраһим

Анасы:

Қарашаш








Қожа Ахмет Ясауи–1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн,  Ясы, Сауран, Сығанақ,  Шаш,  Сүткент,  Жент,  Кудур,  Отлук, 

Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Ясауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Ясауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Ясауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Ясауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Ясауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Ясауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертедіhttps://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D0%B6%D0%B0_%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D1%82_%D0%AF%D1%81%D0%B0%D1%83%D0%B8 - cite_note-1:

...Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,

Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Ясауи.

….Ясы оның арасы, жатыр гауһар парасы,

Машайықтар сарасы - шейхым Ахмед Ясауи. Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кездеОрталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяндайды:

...Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне

Он сегізде Шілтеменеи шарап іштім,

Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар құштым,

Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне.


«Диуани Хикмет»
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.


Қожа Ахмет Ясауи сағанасы
Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына 14 ғ. аяғында атақты Ақсақ Теміркүмбезді сағана орнаттырады.Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Ясауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Ясауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Ясауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам “жаратылған – мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір – жол” болу екендігін ұғынады.[2]

Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылың білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік –адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Ясауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ”. Бұл сопылық мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу – Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ болғыл әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де “топырақ” дейді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рақметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.



Қожа Ахмет Ясауи ілімі
Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашық (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.

Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ. Сопылық). Қожа Ахмет Ясауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фәни...” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Ясауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Ясауи әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Ясауи ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке” жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа Ахмет Ясауи ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – “еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар– нәпсі,  мансап,  байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу.

Қожа Ахмет Ясауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Иә, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Ясауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Ясауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Ясауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Ясауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстындар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Ясауи дың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады.

Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әміре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны байқалды. 12 ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.



§6. Ахмед Иүгінеки (12 ғ. соңы – 13 ғ. басы)

Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдың соңы – 13 ғасырдың басы) – ортасырлық ақын, хакім, ойшыл. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан өңіріндегі Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туған. Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай «Әдиб Ахмет» деген құрметті атқа ие болған. ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында ол қысқаша тақырып-тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін жәдігерлердің басы біріктіріліп, «Һибат ул-хақаиқ» («Ақиқат сыйы») деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда «Ақиқат сыйы» - Әбу Наср әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Ж.Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауи мұраларымен іштей астасып, 9-13 ғасырлар аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды. Ахмед Иүгінекидің «Ақиқат сыйының» түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Оның мұрасының 14-15 ғасырларда жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. оның ішінде ең ескісі ? 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі ? 508 жол. Бұл мұра қазір Ыстамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы. Екінші нұсқа да аталған кітапханада. Оны 1480 жылы Ыстамбұлда Шайхзада Абд әр-Раззақ ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұрады. Ал «Ақиқат сыйының» үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдың соңында немесе 15 ғасырдың басында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Ыстамбұлдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы тұр. Сол сияқты «Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі» деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етілген, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұрасы туралы дерек бар. «Ақиқат сыйының» бірнеше нұсқасын тауып, зертеп, жариялауда ? Н.Әсім, Р.Арат (Түркия), В.Радлов (Ресей), Ж.Дени (Франция), Х.Сүйіншәлиев, Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов, М.Томанов, Б.Сағындықов (Қазақстан), т.б. шығыстанушы ғалымдардың еңбегі зор. Аталған еңбектің 14 ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма-жол және өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді. Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. «Барлық нәрсе бір Алланың еркінде» екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: «Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ қылып, екінші бар етерсің» немесе «Өліні тірі, тіріні өлі етеді». Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар, пайдалы нәрсе ? тірі, ал пайдасыздық ? бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені «Білімдінің өлуі» мүмкін, бірақ «аты өлмейді». Ахмед Иүгінеки үшін білім ? көп білу емес, таным, ақиқатты білу. Ахмед Иүгінеки гуманизмі діни-этикалық қағидалармен қабысып жатады: «Біреу зәбір-жапа жасаса, қарымына рахат көрсет. Өйткені қанды қанмен қанша жусаң да тазармайды. Адамгершіліктің басы - осы». Яғни зұлымдық зұлымдықты тудырады деген қағиданы хадистерінің қазығы ете отырып, кешірімді болғанды хош көреді: «Бір айыпқа бола бас кесуші дүниеде тірі адамсыз қалады» дейді. Бірақ дүние мен адамдардың кемелсіздігіне орай айтылған «Мың досың болсын мейлі, біреуі де адал емес», «Дүние бір қолмен бал, бір қолмен у ұстатады» немесе «Шырақ, сырың өзіңде сақталып тұрмаса, досыңда сақтала ма?» деген сөздерінен үмітсіздік сарындар да аңғарылады. Ахмед Иүгінекидің нақыл сөздері түркі жұртында бүгінге дейін мақал-мәтел түрінде сақталып, айтылып келеді. Дереккөздері: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 1 том «Тарихи тұлғалар» кітабы

Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі және ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастары
Адамзат тарихындағы прогресс ғылымның дамуымен өлшенетіні белгілі. Ғылымның дамуындағы негізгі сипаттамалар мен заңдылықтар әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылып, ғылымның мақсаты, алынған нәтижелерінің маңыздылығы анықталады. Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге бағынышты. Дарындылар шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер шыңының әрбір тарихи прогресінің өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта барлық құнды және маңызды, адамзаттың ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Олардың идеялары, өнер туындылары, азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғаларықалыптастырған шығармашылық еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ал, ғылым – жаңа идеяларды алға жылжытушы ғалымдар қызметінің нәтижесі болып табылады. Олардың мақсаты біреу ғана, ол – ғылыми жаңалық ашу. Олар қоғамға қажетті ерекше өнім, яғни, жаңа ғылыми білімдер қалыптастырады. Саяси ғылымдар мен саяси білім беру жүйесінде саяси ілімдер тарихы жеке ғылым және оқу пәні болып табылады. Берілген саясаттанулық дисциплина шеңберінде осы ғылымның пәні ерекше түрде зерттеледі. Саясат туралы тереңдетілген білімді берудегі тарихи процесінің логикалы-түсініктік көзқарастары көрініс табады. Саясат пен билік, мемлекет пен саяси жүйе, саяси теориялардың тарихы туралы теориялық білімнің пайда болуы мен дамуының тарихы қамтылады. Сондықтан саяси ілімдер тарихының пәнінен тыс түрлі ойшылдар мен саяси қайраткерлердің пікірлері мен ұстанымдары жеке теориялар деңгейінде дами түседі. Саяси ілімдердің өткені мен қазіргісін саясаттанулық талдаудың жалпы жиынтығында ол ерекше орынға ие. Саяси ойдың қазіргі ілімдері мен теорияларының дамуына ортағасырлық Шығыс ойшылдарының еңбектері айтарлықтай ықпал етті. әл-Кинди, әл-Бируни, әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ибн Сина, О. Хайям, Низами, Ә. Науаи сынды осы кезеңнің көрнекті өкілдерінің саяси көзқарастары саяси ілімдер тарихында кеңінен қолданылады. Ендеше, осы мақаламызда Ахмед Йүгінеки (кей әдебиеттерде Жүйнеки деп аталады) жазған «Ақиқат сыйы» еңбегінің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына өз әсерін тигізетіндігі және шығармадағы әлеуметтік-саяси көзқарастар туралы жазылады. Аталмыш шығарма өлең түрінде жазылған дастан және оның негізгі мазмұны тәлім-тәрбие беретін дидактикалық ойларға құрылған философиялық толғау болып табылады және имандылық пен адамгершілік туралы ойларға тола танымдық және насихаттық сипаттарға ие. Сөз басында айтарымыз, А. Йүгінеки билік үшін күрескен, халықты басқаруға ұмтылған, оларға үстемдік жүргізгісі келген саясаткер емес. Ол өз дәуірінің ғылыми мәдениетіне тән ойы бар жоғарғы дәрежедегі интеллектуал ойшыл. Өз ортасының білімпазы есебінде ол «Әдиб Ахмед» деген атақты да иеленеді. Бұл арабшадан аударғанда «тәрбиелі, оқымысты, жазушы, әдебиетші» деген мағынаны береді. Сонымен қатар, ол Йүгінекидің лақап аты ретінде де қолданылған. Түркістан шаҺарының күнбатыс бүйірінде көне Йүгінек (Югнек) қыстағында туып өскен, өзінің «Ақиқат сыйы» («Хибатул-хакоик») дастанымен даңқы жайылған Ахмед Йүгінеки (Югнеки) ертедегі түркі поэзиясының көрнекті өкілі сипатында әлемдік әдебиет жұртшылығына көптен таныс. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде түркі, орыс, өзбек ғалымдары арнаулы зерттеулер жазған. Ахмед Йүгінеки есімі энциклопедиялар мен әдебиет тарихы кітаптарында да тұрақты аталады. Зерттеушілер Ахмед Йүгінекидің туған, өлген жылдарын дәл басып айта алмайды. Ақын жөнінде мағлұмат тым аз сақталған. А. Йүгінекидің өмір кешкен заманын ХІІ ғасырдың ақыры мен ХІІІ ғасырдың басы деген тұжырым шындыққа жақын болса керек. Ғасырлар тереңінен еміс-еміс жеткен деректер Ахмедтің көзі көрмейтін зағип болғанын, өзінің зерек, зерделілігінің арқасында ғана ізденіп, білім жиғанын, түркі тілдерін, араб тілін меңгергенін, өз кезінің ең білімдар адамдарының бірі болғанын мәлімдейді. Ал ақынның көлемі бес жүз жолдан артық «Ақиқат сыйы» дастанының көшірме нұсқалары Стамбұл, Анкара, Самарқан кітапханаларында сақталған. Ақын шығармасындағы алғашқы сөзін мейірімді, рахымды Аллаға шексіз мадақ айтумен бастап, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерін пайдаланады. Сондықтан, Ахмед Йүгінекидің әлеуметтік көзқарастарындағы ең басты және негізгі орын әлемді жаратушы Алла тағалаға арналады. Ол адамзаттың ақиқатқа жету жолында осы қоғамды жаратушы Алла деп тануын және барлық әлеуметтік болмыстың базалық негізі ретінде есептейді. Бұл ерекшелік Ахмед Йүгінеки заманында өмір сүрген ойшылдар М.Қашғари, Ж.Баласағұн, Ахмед Ясауи еңбектерінде Дидактикалық сипаттағы өлеңнің бірінші бөлігі білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы ақыл сөздерден басталады. Екінші бөлімде тілдің маңызы, сөйлеу мәдениетін дамыту жөнінде кеңестер берсе, үшінші бөлімде дүниенің бір қалыпта тұрмай, өзгеріп тұратындығы сөз болады. Дастан жомарттықты, қарапайымдылықты, сыпайылықты, өршілдікті дәріптеп, менмендік пен надандықты, сараңдық пен дөрекілікті айыптайды. Автор сол замандағы адамдардың осы іспеттес ұнамды, ұнамсыз моральдық-этикалық ерекшеліктерін атап қана қоймай, сонымен бірге мінез-құлықтың жақсы қасиеттерін қалайша тәрбиелеу, сондай-ақ оның теріс қасиеттерін жою жөнінде бірсыпыра пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді («Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», «Айтар лебізіңді алдымен ойлап ал», т.т.). Осындай ұлағатты лебіздер бейнелі салыстырулар мен теңеулерге, нақылдар мен мақалдар-мәтелдерге толы. «Білімдінің сөзі үгіт, насихат, үгіт-өнеге», - дейді бір сөзінде білімдар ақын. Бақыт жолы білім арқылы білінетіні, білімді азамат қоғам үшін бағалы, ал білімсіз наданның құны жоқ екендігі туралы баян етеді. Демек, білімді салғыртсынбай үйрену арқылы қоғам өмірінің алға жылжитындығына көзімізді жеткізеді. Азаматтарға сөзбен ықпал ету тек білімдінің қолынан келетіндігін түсінеміз. Жалпы қоғамның даму сатыларына, әсіресе, біздің өткен тарихымыздағы қоғам мүшелері үшін данышпандардың сөздері жоғары дәрежеде өз әсерін тигізді. Өлең, толғауларда елдің қорғаныс қабілетін нығайту, ел іргесін берік ағайындар ұжымымен күшті болуы насихатталды. Өмір туралы, атамекен, туған елдің әлеуметтік және қоғамдық жағдайы жырланып, жағымды, жағымсыз тұстары, қатерлері мен мүмкіндіктері суреттелген керемет туындылары бүгінгі күнге дейін жеткендігі көңілімізді қуантады. «Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», - деген пікірлері сол кезеңдегі басшыларға айтылған кеңесі секілді. Осыдан «Ақиқат сыйында» айтылатын лидерлік феноменіне қызығушылығымыз туындайды. Әлеуметтік процестегі басшы, лидердің орны мен рөлі, тарихтағы объективті және субъективті факторлар диалектикасы мен қоғамдық өмір диалектикасын айқындау шығарманы оқу барысынан кейін орын алады. Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі. Жалпы қазіргі әлемдегі қоғамдық дамудың маңызды мәселесі ретінде саяси лидерлікті түсіну болып табылады. Саясат өзіндік қажеттіліктері мен мүдделері, идеалдары, білімдері, тәжірибесі, құндылықтары, эмоциялары мен мәдениеті бар субъектілер мен объектілерден құралады. Сонымен бірге, лидерліктің саяси салада саяси басқару негізінде түсінілетіні белгілі. Саяси лидерліктің мәселесі нақты саяси шарттар мен бостандықтар қалыптасқанда ғана айқындала түседі. Қазіргі оқырман А. Йүгінекидің осы көзқарасы арқылы сол кезеңдегі басшылар үшін қажет ұстаным екенін айқындап, оның қазіргі күндегі негізгі биліктік ұғымдарға жат еместігін ұғынамыз. Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтар А. Йүгінеки пікірінше жайсаңдылық пен құрмет етушіліктен ажырамайды. Ал оның ажырамас негізгі алғышарттары ретінде қазіргі қоғам саяси плюрализм, көппартиялық, партия ішілік және партияның сыртқы қызметін таниды. Еңбектегі «... дүниенің зұлымдық пен жамандыққа толуы, құлшылықтың риякерлікке айналуы, мұсылмандардың көр еліктеушілікке (тақлит) салынуы, мешіттердің қаңырап қалуы, шарапханалардың толып-тасуы, ғалымдардың амал-істен, захидтердің күнәдан, даналардың (арифтердің) «ракс пен самадан» (зікір салудан) қолы тимеу, жамандық-індеттің жайылуы» сияқты наразылықтары мен жан айқайы сол дәуірдің саяси-әлеуметтік тұрақсыздығынан көрініс береді. Қазіргі қоғамда ынтымақтастықты қалыптастырудың негізгі факторы ретінде саяси тұрақтылықты атай аламыз. Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси институттардың маңызды қызметі болып табылады. Осы мақсаттарды орындауда билік орындары түрлі саяси механизмдерді қолданады. Тұрақтылық түсінігін саяси жүйеде қолдану барысында ол ішкі және сыртқы өзгерістер шарттарында өз құрылымын сақтап, тиімді қызмет пен дамуға жол ашатын ұғымды білдіреді. Теорияға сәйкес, тұрақты саяси құрылым қоғамның көп бөлігі сол жүйені қолдауда жоғары деңгей танытумен қатар, билік пен халық арасындағы қатынастардың келісімдік түрде жүргізілуін айшықтайды. Қоғамдық өзгерістер мен тұрақтылықтың арақатынасы мәселесі саяси ғылымдардағы өзектілердің бірі болып саналады. Саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету реформаларды бұқараның толық қолдауы арқылы орын алады. Кез келген жүйенің абсолютті түрде тұрақтылығы ғылыми және тәжірибелік тұрғыда дәйектелмегендіктен, ол мүмкін емес. Сондықтан оны құрайтын элементтерінің толық қозғалысына кедергі келтірумен бірге, сыртқы ықпалдардан ажырайды. Дегенмен, қазіргі саяси ғылымдарда тұрақтылықтың жоғары дәрежедегі жүйелері де айқындалған. Ақынның жоғарыда айтылған ойлары арқылы біз бүгінгі қоғам үшін ең негізгі қажеттілік саяси тұрақтылық екенін түсінеміз. Шығармаға қатысты адамзаттың материалды және рухани саласындағы эталондық құндылықтар жүйесіндегі жетістік жиынтығындағы мәдениетін де атап өте аламыз. Мәдениет жетістіктеріне жету жолында бұл шығармада көптеген ой-пікірлер айтылған. Сондықтан ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастарында сол кезеңнің саяси мәдениетіндегі олқылықтар туралы айтылып, оң нәтижелерге ұмтылуды қоғам мүшелеріне жүктейді. Ақын мәдениеттің жалпы органикалық бөлігін құрайтын түсініктерді қалыптастыруға тырысады. Сонымен бірге, «Ахмедтің дүниеге көзқарасының бұқарашылық сипаты мына тұжырымдардан жақсы байқалады: «әкімдердің игі жұмсақ, ақ көңіл екен деп сеніп қалуға болмайды, олардан әрдайым сақтанып жүру керек, өйткені олардың қолында шексіз күшті билік бар: кейде тіпті қалжыңқойдың зілсіз, бейкүнә қалжыңының өзі оның басын жұтар болар, пайдасыз дау-шар мен қалжыңнан аулақ бол». Жүйнекидің этикалық-педагогикалық ой-толғамдары кейде нақты әлеуметтік жағдайлардан тыс пайымдалғанмен, бұларда адамгершілік ізгі мұраттардың, жалпы адамзаттың мінез-құлық нормалары мен қағидалардың гуманистік көріністері айқын аңғарылады». Ата-бабаларымыздың өміртанымы мен өсиетін меңгеру, тілін түсіну тез арада тындыра салатын шаруа емес. Ол тыңғылықты іздену мен қажырлы еңбекті талап етеді.Бұл шығарманың бүгінгі жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеудегі маңызы зор деп атап өте аламыз. Өйткені, бүгінгі Қазақстанның даму шарттарында отансүйгіштікке тәрбиелеу маңызды шаруа болып табылмақ. Сондықтан «Ақиқат сыйы» еңбегінің Қазақстандағы патриотизмді тәрбиелеу мен қалыптастыруда құнды еңбек екенін атап өтуіміз қажет. Осыған байланысты қазіргі Қазақстандағы қоғамды біріктірудегі негізгі фактор және тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттілікті бекітуде патриотизмнің орны зор. Сондықтан бүгінгі күндегі патриоттық тәрбие қазақстандық азаматтардың саяси санасындағы ең негізгі мәселе болып табылмақ. Патриотизм (гректің πατριώτης – отандас, жерлес, πατρίς - отан) түсінігінің негізгі мәні әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайтын саяси принцип және әлеуметтік сезім. Патриотизм Отанының жетістіктері мен мәдениетінің ерекшеліктерін мақтан тұтып, оның құндылықтарын сақтаумен сипатталады. Оның тарихи қайнар көзі тіл мен дәстүрде бекітілген құндылықтарда жатыр. Ұлт пен ұлттық мемлекетті құру шарттарында патриотизм мемлекет дамуының жалпыұлттық сәттерін танытатын қоғамдық сананың бір бөлігі болып табылмақ. Өзінің тарихи даму ерекшеліктеріне қарай патриотизм бірнеше формаларда көрініс табады: полистік патриотизм – антикалық қала-мемлекеттерде орын алды; империялық патриотизм – империя және оның ұкіметіне лоялдылықты көрсететін сезімдік белгі; этникалық патриотизм (ұлтшылдық) – өз халқына деген сезім; мемлекеттік патриотизм – мемлекетке деген махаббат сезімі; ура-патриотизм – мемлекет пен оның халықтарына бағытталған сезім. Жалпы бұл түсініктің өзі әр түрлі анықтамалар арқылы өз дәуіріне сай түсініліп отырған. Антикалық дәуірде patria термині («Отан») тек туған қала-мемлекетке байланысты қолданыста болды. Рим империясындағы патриотизм жергілікті «полистік» патриотизм мен империялық патриотизммен шектелді. Полистік патриотизм түрлі жергілікті діни өкілдерден қолдау тапты. Орта ғасырларда бұл термин азаматтар ұжымына лоялдылықты білдірді. Американдық және француздық буржуазиялық революциялар дәуірінде бұл ұғым «ұлтшылдықпен» байланысты болды. Осы себептерге байланысты Франция мен Америкада бұл түсінік «революционер» ұғымымен синонимдес болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет