Педагогика тарихы



бет1/6
Дата23.05.2018
өлшемі6,47 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Д.Ж. Кішібаева А.Қ. Рысбекова

ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ

Оқу құралы



Түркістан -2016

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды.

Пікір жазғандар:

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, п.ғ.д., Мусабекова Г.Т.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің доценті, п.ғ.к., Аңламасова Г.
ӘӨЖ 37.0

ББК 74.03К97

ISBN 978-9965-867-92-7

«Педагогика тарихы» ЖОО-ның студенттеріне арналған Түркістан, 2013 237 -бет

Ұсынылып отырған оқу құралында «Педагогика» тарихының типтік оқу бағдарламасы және университеттің жұмыс оқу жоспары негізінде дайындалған.

ӘӨЖ 37.0


ББК 74.03К97

ISBN 978-9965-867-92-7



Кіріспе
«Педагогика тарихы» курсы - білім беру практикасын, педагогикалық білімдердің тарихи дамуын, педагогикалық ғылымдардың қазіргі заманғы проблемаларын ұштастыра отырып кәсіби бағыттағы ЖОО-ғы педагогикалық мамандықтарға арналған.

«Педагогика тарихы» курсы тарихи – педагогикалық процесті тарихи -мәдени процестің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Сондықтан да, бұл курстың мазмұнымен тарихи процестерді бүгінгі білім мен тәрбие мәселелерімен байланыстырыла қарастырылады. Пәннің негізгі ерекшелігінің бірі - аталған оқу орындарында оқу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білімді меңгерту мен іскерліктерді қалыптастыру болып табылады.



Пәннің мақсаты - студенттерге педагогика ғылымы тарихындағы озық ой-пікірлерді тәжірибелерді т.б. жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге қолдануды меңгерту. Оқушыларға ұлттық ерекшеліктерге сай білім мен тәрбие беру практикасын меңгертуге дағдыландыру.

Пәнді оқыту барысында мынадай міндеттерді көздейді:

- Педагогика ғылымының қалыптасу тарихымен болашақ мамандарды қаруландырып, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

- Шет елдегі және еліміздегі мектептің дамуы мен тәрбиесі туралы педагогикалық ой-пікірлер жүйесін қалыптастыру.

Бұл оқу құралы студенттердің теориялық білімдерін тереңдетуге, озат педагогикалық тәжірибелерді оқып үйренуге, өздерінің білімдерін кеңінен толықтыруға көмек көрсете алады.


ПЕДАГОГИКА – ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ ҒЫЛЫМ
§ 1. Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым

§ 2. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы


§ 1. Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым
Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым «педагогика» деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» - жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі - бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді, ал «педагог» сөзі - бала жетектеуші мəнін білдіреді.

Бірте-бірте басты міндеті ғылыми білімдерді топтастыру жəне жүйеге келтіру болған тəрбие жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тəрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.

Тəрбие процесін ұдайы жетілдіріп отыру қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделенеді. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан білімгерлерді оқыту, тəрбиелеу жəне оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.

Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мəңгі проблемалар құрсауында келеді. Баланы адам аралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тəрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі жəне жауапты болып көрінген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тəуелді болып тұр.

Сондықтан да, педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап беруі қажет.

Сонымен, педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында, дəстүрлерінде, халықтық педагогикада жəне жүйелестіруде. Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.




§ 2. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тəрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ бірінші қадамдарымен байланыстырады.

Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.

Қайта өрлеу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл педагог-гуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм Роттердамский (1466-1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық Франсуа Рабле (1483-1553) жəне Мишель Монтень (1553-1592) өздерінің педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды.

Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана XVII ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі, бұл екі ғылымның да шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.

Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амстердамда жарық көрген «Ұлы дидактика» атты еңбегі алғашқы ғылыми-педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін жоймаған. Я.А.Коменский ұсынған табиғи сəйкестік принципі мен сынып-сабақтық жүйесі осы біздің заманымыздың талаптарына да сəйкес келіп тұр.

Дана халқымыздың тəлім-тəрбиелік қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз А.Құнанбаев, Ы.Алтынсариндер: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі həм сондай болмақшы… Əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелсе, оқумен түзеледі» – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.

К.Д.Ушинский бүкіл педагогиканы қайта қарастырып, жаңа ғылыми деректер негізінде білім беру жүйесін толығымен түбегейлі қайта құруды талап етті.

Социалистік дəуір педагогикасын Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектері танымал еткен. А.Сухомлинский (1918-1970) өз зерттеулерін жастарды тəрбиелеудің моральдық проблемаларымен байланыстырады. Оның дидактикалық кеңестері мен нақты да дəл бақылаулары қазіргі педагогикалық ой дамуы жəне қоғамды қайта түзу дəуіріндегі мектеп тағдыры жөніндегі ұсыныстары өз маңызын əлі де сақтауда, сонымен бірге білім сапасын жаңаша түсінуде үлкен жəрдемін тигізіп отыр.

Халыққа білім беру аймағында өткен ғасырдың 40-60 жылдары белсенді еңбек еткен педагог-ғалымдардыңың бірі М.А.Данилов (1899-1973). Ол бастауыш мектеп тұжырымдамасын жасап шықты. “Бастауыш білім беру міндеттері мен ерекшеліктері”, “Адамның ақыл-парасат жəне моральдық дамуында бастауыш мектептің рөлі” кітабын жазып, мұғалімдерге арналған көптеген жетекші әдістемелік еңбектер жариялады. Олар осы күнге дейін мұғалім қауымының таптырмас құралдарына айналып отыр.

80-жылдардың ақырында бұрынғы Кеңес республикаларында мектепті жаңалау мен қайта құру қозғалысысы өріс алды. Шығармашыл мұғалімдер көптеп таныла бастады. Олардың арасында Ш.А.Амонашвили, Л.С.Соловейчик, В.Ф.Шаталов, Н.П.Гузик, Н.Н.Палтышев, В.А.Караковский жəне басқалар болды.

Бүгінгі кезеңдегі педагогика өзінің диалектикалық, өзгермелі ғылым сипаттарына сай болуымен қарқынды дамуда. Соңғы он жылдықтарда педагогиканың бірнеше салалары келелі табыстарға қол жеткізді. Ғылыми-өндірістік комплекстер, авторлық мектептер, эксперименталды оқу-өзгерістер көптеп пайда болуда.

Сонымен, тәрбие адамзат өркениетінің тереңдегі тарихи сатыларынан бастау алады. Тəрбие, оқу, білім берудің тиімді теориялары мен əдістемелері пайда болғанша педагогика дамудың ұзақ та қайшылықты жолын басып өтті.





БІРІНШІ БӨЛІМ

ШЕТЕЛ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
I тарау. ТӘРБИЕНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
§1. Тәрбиенің пайда болуы

§2. Тəрбие əдістері


Тәрбие – бұл қоғамдық өмірдің құбылысы. Ол адамның және адамзат қоғамының дүниеге келгенінен бастап пайда болды. Бала тәрбиесі адамзат қоғамының дамуымен байланысты жалпы мәңгілік ұғым болып табылады. Тәрбие қоғам қажеттілігіне байланысты. Ол ұрпақтар арасында сабақтастық байланысты қамтамасыз етеді. Аға ұрпақ әр уақытта өз білімі мен тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беріп отырады.

Тапсыз қоғамда ру, отбасы болмағанда адамдардың негізгі айналысатын кәсіптерінің түрі - балық аулау, аңшылық болды. Балалар ерлермен бірге аңшылық және балық аулаумен ерте айналысты, ал қыз балалар аналарына үй жұмыстарына, тамақ дайындауға көмектесті. Адамдардың еңбек қажеттіліктерінің негізінде тәрбие еңбек үрдісімен байланысты өрбіді.

Адамзат қоғамы дамуының алғашқы сатвсында тәрбиенің мақсаты еңбекке араласқан балаларға үлкендер қарапайым еңбек құралдарын қалай дайындау керектігін үйретеді және түсіндіреді. Еңбек түрлерінің қиындау деңгейіне қарай адамдар мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан кезде ру пайда болды, тәрбиенің рөлі арта түсті және оның түрлері өзгерді. Еңбек үрдісінің өзінде оқта-текте айтылатын нұсқаулардан балаларды бірте-бірте еңбекке даярлауға, оларды еңбектен бос уақыттарында әртүрлі дағдылар мен ептіліктерге оқытуға көшу іске асырылады. Сонымен қатар балаларды рудың дәстүрлерімен, діни түсініктерінің ережелерімен таныстырды.

Алғашқы қауымдық құрылыста отбасы болмаған кезде, балалар руға ортақ болды. Балаларды тәрбиелеу мәселесімен ру мүшелерінің ерекше тәжірибелі, құрметті адамдары, ақсақалдар айналысты. Кейіннен моногамдық отбасы пайда болғанда, балаларды тәрбиелеу мәселесімен өзі айналысты. Бірақ оның тәрбиесінің нәтижелерін ру, тайпаның ақсақалдары бақылап отырды. Бұл кезде тәрбие тапсыз сипатта болғандығы өзінен-өзі түсінікті. Барлық бала бірдей дәрежеде кеңінен қамтылды.

Қоғамның дамуының алғашқы сатысында, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың өмір жағдайлары өте ауыр болды, сондықтан да олар өмір сүру үшін бәрі бірге, тек ұжымдық қатынас түрінде еңбек ету қажет болды. Әлеуметтік теңсіздік, тап деген болмады, адамдар ортақ үйлерде тұрды және бала тәрбиелеу ісі де барлық руларға ортақ болды. Тапсыз қоғамда барлық бала бірдей өздеріне лайықты іс-әрекетке ерте қарастырылды. Жас кезінен бастап олар қоректік азықты өндіруге қатысты – жеуне болатын өсімдіктерді, жемістерді жинады. Жас шамасына қарай олардың үлкендермен бірлескен еңбекке қатысу дәрежесі өсіп отырды. Үлкендермен бірге және олардың басшылығымен балалар мен жеткіншектер өмірге қажетті еңбек ептіліктері мен дағдыларын меңгерді. Қыз балалар мен ер балалардың тәрбиесінде кейбір ерекшеліктер болды. Жоғарыда айтылғандай, балалар ерлермен бірге аңшылықпен және балық аулаумен басқа да кәсіппен айналысты, оларды күресе білуге, садақ ата білуге, атқа мінуге үйретті; қыз балалар үй шаруасына, әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге, ыдыс-аяқ жасауға қарастырылды. Барлық баланы жануарларды күтуге, егіншілікпен айналысуға үйретті,қолөнердің дамуымен оларды қолөнерге баулыды.

Жеке меншіктің, құлиеленушіліктің және моногамдық отбасының пайда болуымен алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы басталды. Жеке неке пайда болды. Отбасы ең негізгі қоғамдық құбылыстардың бірі болды, өз бетімен шаруашылық жүргізді, сонымен қатар бала тәрбиесімен айналыса бастады.



Кесте 1.

Алғашқы қауымдағы тәрбие


Қоғамның даму сатылары


Тәрбие сипаты


Қызмет түрлері, мазмұны

Руға дейінгі қауым

Жалпыға бірдей, ұжымдық



Еңбек: жеуге келетін өсімдіктерді жинау, балық аулау, аң аулау, ошақты ұстау, араласу, салт-дәстүрлерді үйрету, инициациялар (сынақтар)

Рулық қауым

Ұжымдық-топтық, ұйымдасқан



Жұмыс түрлерін ер балалар мен қыз балалар арасыда бөлу, еңбек прцесінде оқыту, жануарларды ұстау, жер өңдеу, қолөнер-шілік, алғашқы жазуға үйрету, үлгі бойынша оқыту, діни табыну ережелерімен танысу, тәрбиені қызметтің ерекше түрі ретінде қарастыру, алғашқы «жастар үйлері»

Алғашқы қоғамның ыдырау кезеңі

Ұйымдасқан, жеке-топтық



Ой жұмысы мен қара жұмысты бөлу. Отбасылық тәрбие еңбекке баулу, тәртіптің нормалары мен ережелерін, діни рәсімдерді меңгеру, әскери тәрбие. «Жастар үйлерінде» оқу мен жазуды (пикторграфия) үйрету

Отбасы тәрбиесі тәрбиенің бұқаралық түріне айналды. Пайда болған үстем таптар (көсемдер, ақсақалдар) ақыл-ой білімін дене еңбегінен бөлуге ұмтылды. Алғашқы білімнің негіздерін (жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын ала түсіндіру, адамдарды емдеу тәсілдері және т.б) үстем таптар өздерінің қолдарына жинақтап, оларға өз үстемдігін жүргізді. Ой еңбегі мен дене еңбегінің арасында айырмашылықтар байқала бастады. Осы білімнің алғашқы түсініктерін оқыту үшін арнаулы мекемелер (мектептер) ұйымдаса бастады. Бұл үстем таптардың билігін арттыра түсті. Дене еңбегімен негізінен бұқара халықтың балалары айналысты. Ондай отбасыларда балалар еңбекке ерте үйретілді, ата-аналар өз тәжірибесін беріп отырды. Мектептерде жүргізілетін ұйымдасқан тәрбие бірте-бірте үстем тап өкілдерінің ісі бола бастады.

Тәрбиенің пайда болуы туралы мәселені буржуазиялық ғалымдар әртүрлі түсіндіріп келеді. Оны түсіндіруде буржуазиялық ғалымдардың арасында әртүрлі көзқарастары саралағанда кейбірінде, алғашқы адамдардың экономикалық өмірі ен еңбек әрекеттерінде және қоғамдың дамудың ең алғашқы даму сатысында бала тәрбиесінің өзегінде өмір сүрген тығыз байланысты жоққа шығару көзқарасы тән. Буржуазиялық ғалымдардың тәрбиенің пайда болуы туралы кейбір тұжырымдары адамның дамуы туралы тұрпайы эолюциялық түсініктердің ықпалымен қалыптасқан, ол негізінен тәрбиенің әлеуметтік мәнін жоққа шығаруға, оның үрдісін биологияландыруға алып келеді.

Жануарлар дүниесіндегі жинақталған барлық материалдарға негіздей отырып, аға ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қоршаған ортаға бейімделу дағдысын беру « қамқорлығын» осы тұжырымдамалрдың Ш.Летурно, А.Эспинас сияқты жақтаушылары жануарлардың инстинктивті іс-әрекетін алғашқы адамдардың тәрбиелік тәжірибесімен бірдей деп қарастырады және тәрбиенің негізіне адамдардың тұқым жалғастыру инстинктивтік ұмтылыстары жатады, табиғи сұрыптау заңдылығы әрекет етеді деген теріс қорытынды жасайды. Тәрбиенің пайда болуының негізгі шарты алғашқы қоғамдағы адамдардың еңбек іс-әрекеті және қалыптасқан қоғамдық қатыныстар болып табылады.



Тәрбиенің пайда болуы жөнінде әлемдік ғылымда бірнеше тұжырымдама ұсынылады.


II тарау. КӨНЕ ДҮНИЕДЕГІ МЕКТЕП

ЖӘНЕ ТӘРБИЕ
§ 1. Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы тәрбие және оқыту.

§ 2. Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.

§ 3. Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы.

§ 4. Сократтың педагогикалық теориясы.

§ 5. Платонның педагогикалық теориясы.

§ 6. Аристотельдің педагогикалық теориясы.

§ 7. Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы.

§ 8. Квинтилианның педагогикалық көзқарасы


§ 1. Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы тәрбие және оқыту
Одан әрі тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа қоғамдық формация – құлдық қоғаммен ауысты. Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.

Ертедегі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді.Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап өкілдерінің қолында жинақталған.

Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларын оқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.
2-кесте

Ежелгі Қытайдағы тәрбие және оқыту


Тәрбиенің сипаты

Мектептің типтері

Тәрбие және оқудың мазмұны

ДІНИ

Идеал: жан-жақты дамыған адам



Төменгі мектептер

Мораль, жазу, есептеу, музыка, садақ ату, атқа міну

Жоғарғы мектептер

Күрделі иероглифтік тәсілмен оқу және жазу, есептеу, кейінірек діни сипаттағы философия және мораль, астрономия

Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді.

Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.з.дейінгі 3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы көзге сараң, тағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды.

3-кесте__Ежелгі_Египеттегі_тәрбие_және_оқыту'>3-кесте

Ежелгі Египеттегі тәрбие және оқыту


Тәрбиенің сипаты

Мектептің типтері

Тәрбие және оқудың мазмұны

ДІНИ


Идеал: көп сөйлемейтін, қиыншылыққа төзімді адам


Отбасылық тәрбие

Оқу, жазу, қолөнершілік білімдерді беру

Тұйық (аулаішілік)

Оқу, жазу (700-ден астам иероглиф), діни мәтіндер құрастыру, астрономия, геометрия, медицина

Жазғыштар мектебі

Жеңілдетілген иератикалық тәсілмен жазуды оқыту, сауасақ санау, діни мәтіндерді көшіріп жазу

Қызметкерлер мектебі

Мемлекетті, шаруашылықты басқару ғылымдары

Дәрігерлер мектебі

Ауруларды диагностикалау және емдеу

Патша мектептері

Басқа халықтардың тілін оқыту, көне діни мәтіндерді аудару

Ертедегі Египетте жанұя тәрбиесі мен оқыту әйелдер мен ерлердің өзара қарым-қатынасының сипатын бейнелейді. Бұл қарым-қатынас тепе-теңдік негізінде құрылды. Сондықтан да ер балалар мен қыз балаларға оқытуға бірдей көңіл бөлінді.

Ертедегі Египетте қолданылған әдістер мен тәсілдер тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен идеялына сәйкес келеді. Оқушыға ең алдымен тыңдай білуге үйретті. “Тыңдай білу – адамның ең негізгі қасиеті” қанатты сөзі кеңінен қолданылды. Мұғалім күнделікті өз шәкіртіне мынадай сөздерді жиі қолданды: “зейінді бол және менің сөзімді тыңда, менің саған айтқан сөзімнің ешқайсысын да ұмытпа”.

Египеттіктер дене жағынан жазалауға ерекше мән берді. Дене жағынан жазалау табиғи және қажетті деп есептеді. Көп ғасырлар бойы Египетте әкенің, тәлімгердің ерекше беделін қастерледі. “Әруақытта да әкенің және ата-бабаңның адалымен жүр” деген дәстүрмен тұқым арқылы мамандықты беру дәстүрі тығыз байланысты.



Ертедегі Индия тарихы екі дәуірге бөлінеді: дравид-арийлік және будда дәуірі. Индия жарты аралының б.з.б. 2-мың жылдықтың бірінші жартысына дейін жергілікті халықтың давид тайпаларының өркениеті екі өзеннің арасындағы алғашқы мемлекеттердің мәдени деңгейіне сәйкес келеді. Тәрбие мен оқыту жанұялық-тектілік сипатта болды, жанұяның ролі ерекше болды.

Ертедегі Индиядағы тәрбие мен оқытудың дамуына касталық құрылыс өзіндік із қалдырды. Тәрбие мен оқытудың генезисінің екінші негізгі жағдайларының біріне діни идеологияның (буддизмнің) әсері болды. Әрбір адам өзінің адамгершілік, ақыл-ой және дене сапаларын дамыту қажет болды. Идеялық тәрбие беруге тек ғана жоғарғы касталардың мүмкіндігі болды. Тәрбиенің мақсаты - ақыл-ой дамуы, рухани тәрбие, дене жағынан жетілу, табиғатқа, сұлулыққа сүйіспеншілік, өзін-өзі меңгеру және ұстамдылық.


Схема 1.

Ежелгі Индиядағы жетекші касталық топтардың сипаттамалары


Төменгі каста

Касталар

Жоғарғы касталар







Брахмандар




Шудралар

Кшатрилер




Вайшьи



Бағынушылық

Күш және ерлік

Интеллектуалдық қасиет




Еңбексүйгіштік, төзімділік

Ертедегі Индияда ерекше қасеитті және сонымен бірге оқу кітабі болып табылатын “Бхагавадгита” (б.э.д. 1-мыңжылдықта) ерекше атауға болады, шәкірттерді тәрбиелеу және оқыту мазмұны мен жолдарының үлгілері ұсынылды. Басқа да алғашқы адамзат өркениеттері сияқты ертедегі Қытайдың бай және өзіндік педагогикалық дәстүрінің негізіне түбірімен алғашқы қауымдық құрылысқа кететін жанұялық-қоғамдық тәрбие тәжірибесі жатады.


Схема 2.

Ежелгі Индиядағы тәрбиенің мақсаты


Өзін-өзі ұстау, ұстамдылық




Сұлулыққа деген сүйіспеншілік

Табиғатты

сүю





Мінсіз адам



Ойлау қабілетін дамыту

Денені

жетілдіру





Рухани даму




Ойлардың анықтығы

Шынығу



Өз қабілетімен танып білу мүмкіндігі




Өз денесін игеру

Түзу тәртіп




Ортақ игілікке

жәрдемдесу





3-кесте

Ежелгі Индиядағы тәрбие және оқыту


Тәрбиенің сипаты

Мектептің типтері

Тәрбие және оқудың мазмұны

ДІНИ, КАСТАЛЫҚ

Мақсаты:

Идеалды адам



Қауымдық

(8-жылдық)



Оқу, жазу, дін, түсінгенін айтып беру

Храмдардың жанын-дағы жоғарылатылған

(12 жылдық)



Поэзия, әдебиет, грамматика, философия, математика, астрономия және тәртәп ережелері

Отбасылық мектептер

Оқуды үйрету кезінде алфавиттік-дыбыстық, сөздік-дыбыстық әдіс

Әрбір жанұядағы өмір ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен түсініктердің белгісімен іске асты. Барлық жанұя мүшелері белгілі ережелерді және шектеушіліктерді сақтау қажет болды, мәселен, жаман сөздер айтуға, үлкендерге және басқа да туысқандарға зиянды қылықтарға тиым салу.

Қытайда ғасырлар бойы педагогикалық идеал қалыптасты, ол көп білетін, “өзінің жандүниесінде бейбітшілік пен үйлесілімділікті қалыптастыратын адамды тәрбиелеу” мақсатын қойды. Тәрбиелік қатынастардың негізіне жастардың үлкендерді сыйлай білуін жатқызды. Ертедегі кітаптар бойынша, бірінші мектептер Қытайда б.э.д. 3-мыңжылдықта пайда болды. Олар сян және су сюй деп аталды. Оқытудың негізгі мақсаты пероглифті жазуды меңгеру болды. Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына 6 өнердің түрі кіреді: мораль, жазу, санау, саз, садақ ату, атқа міне білу. Қытай – ертедегі өркениеттің негізін қалаған мемлекеттің бірі ретінде тәрбие мен білім беруді теориялық тұрғыдан пайымдауға алғашқы қадамдар жасалды. Ертедегі Қытайда педагогикалық ой-пікірдің дамуына Конфуций және оның ізбасарлары ерекше ықпал етті.
Схема 3.

Конфуцийдің ілімі бойынша тәрбиенің мақсаты


Адамдарға деген сүйіспеншілік

Ішкі

мәдениет


Әділеттілік




Ең жақсы адам, жан-жақты дамыған адам




Тұрақтылық

Шынайылық



Үлкендерге құрмет ф

Қадірлілік




Мораль






Гумандылық

Адамгершілік




Асылдық






Адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру

ь

Конфуций (551-479жж. б.э.д.) өзінің мектебін құрды, онда 3 мыңға тарта шәкірт даярлады. Конфуций ертедегі Қытайда тәрбиелеу және оқыту тәрбиесін жинақтады және өзінің тамаша ойлары мен идеяларын ұсынды. Конфуцийдің айтуынша, идеялдық тәрбиеленген адам адамгершілігі жоғары, шындыққа ұмтылу, әділдік, рухани мәдениеті бай адам болу керектігін ерекше жоғары бағалады.

Каталог: www files2017
www files2017 -> Процестер
www files2017 -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
www files2017 -> Валеология академиясының академигі, м.ғ. д., профессор Л. З. Тель
www files2017 -> А. ясави ministry of education and science of the republic of kazakhstan
www files2017 -> Әдістемелік конференция материалдары түркістан, 20 ақпан 2017
www files2017 -> Шымкент медицина институты
www files2017 -> Валеология академиясының академигі, м.ғ. д., профессор Л. З. Тель
www files2017 -> Конференцияның материалдары
www files2017 -> ббк 63 Д87 редакциялық алқА


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет