Педагогика тарихы



бет6/6
Дата23.05.2018
өлшемі6,47 Mb.
#40654
1   2   3   4   5   6

Ағартушылық еңбегі


Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.

Мал, дәулеттің байлығы –

Бір жұтасаң, жоқ болар.

Оқымыстың байлығы–

Күннен күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар.

Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.

Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып, жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

...Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізде жүзді балықтай,

Дүниені кезді жалықпай.

Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.

Біз надан боп өсірдік,

Иектегі сақалды.

"Өнер – жігіт көркі" деп,

Ескермедік мақалды.

Біз болмасақ, сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды! – деп, жеткіншек ұрпаққа сенім артады.

Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті. Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.

Таулардан өзен ағып сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең, ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар ,

Өзеннен рақат тауып, басылады.

Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің "өзеннен рақат тауып" жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады. "Жаз" өлеңінде көктемгі табиғаттың келісті суреттері бар. "Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп", "Аспаннан рақымменен күн төнгенде", "Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі", "Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып", т.б. суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін, суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып шығып, жазда тынысының кеңуі, қуаныш-шаттығы көңілді әсерге бөлейді.

Бір малы шаруаның екеу болып,

Қыстаудан ауыл көшер алуан-алуан.

Күлісіп, құшақтасар, әзіл етер,

Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған.

Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда,

Қуанып ықыласпен келген жылға...



Алыстан мұнарланған сағымдары

Шақырып, тұрар күліп: "Кел, – деп, – мұнда..." Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай әлемдік поэзияның биік деңгейіне жеткізді: Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа", – дейді. "Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. "Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады", – дейді ол. "Әке мен бала" әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады. "Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: "Анау тағаны, балам, ала жүр", – деп. Бала әкесіне: "Сынып қалған ескі тағаны не қылайын", – деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: "Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың", — деді. Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл – жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген. "Бай баласы мен жарлы баласы" атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді. Жазушының шығармаға жасы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен – тұрмыстың ауыртпалығын көре жүріп, ысылған еңбек адамы. Ауылдары көшіп кетіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауылдың калай қарай көшкенін аңғаруына, түнде далада түнегенде ит-құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығы себеп болады. Ал бай баласы Асан – өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздады. "Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. "Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен кисық біткен"? – деп сұрады баласы. "Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш – бағусыз өз қалпымен ескен", – деді атасы. "Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой", – деді баласы. "Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің", – деді. Ыбырай "Бақша ағаштары" атты әңгімесінде осылай деп жазды. Яғни тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын көрсеткен. Соның бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді. "Талапты ерге нұр жауар" деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастық шақ – жігер-қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден керегіңді ал. "Талаптың пайдасы" деген әңгімесінде Ыбырай сол идеяны көтереді. I Петр патша шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, арт жақта бір баланың сурет салып тұрғанын көріп, қасына келіп, не салып жатқанын сұрағанда бала: "Сіздің суретіңізді салып жатырмын!" – дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенің аңғарып, сурет салатын оқуға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады. азушының бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу. Мейірімділік баланың отбасына деген махаббатынан басталады. Әркім алдымен өз ата-анасын, туғандарын жақсы көреді, сыйлайды. Ыбырай ата-ана мен бала арасындағы осындай жылы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. "Мейірімді бала" әңгімесінде 13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағанын жазады. Қыз: "Тақсыр, жұмыс істеп, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз", – дейді. Жазушы "Аурудан аяған күштірек” деген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт деген бала, ауруы қанша батса да, анасын қиналтпау үшін қабақ шытпағандығы айтылады. "Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып, жыламасын деп жатырмын", – дейді ол. Алғашқы әңгімедегі қыз да, соңғы әңгімедегі Сейіт те шын мәніндегі мейірімді қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде жалпы адамды сүйетін жақсы сезімдер жатыр.


§3. Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904)





Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.

Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады.

Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.

Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.

Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,-деді.

Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.

Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,-дейді Абай. Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу- жан құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды.

Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда болады, адамды қоршаған ортаның – табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.

Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп, рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Ондағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:

Пайда ойлама, ар ойла

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта

Ерінбей оқып көруге, - деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды.

Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін пайдаланып, парақорлықпен алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланған Абай:

Ойында жоқ олардың

Салтыков пен Толстой

Я тілмаш, я адвокат.

Болсам деген бәрінде ой,- деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі-өнеге етіп, «білімдіден шыққан сөз талаптыға кез болса екен», -дейді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімже деп ұққан Абай:

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған мақсат емес,

Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.

Ел болу үшін қала салып, отырықшылықта болу керек, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін, терең түсінген ол: «Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет… өнер де, ғылымда орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті оны білгенге дүние арзанға түседі»1,-деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.

«Ақыл – ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы –

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап,

Бұларды керек қылмас ешкім қалап…

Терей ой, терең ғылым іздемейді

Өтірік пен өсекті жүндей сабап, - деп кейбір жастардың іс-әрекетін қатты сынға алады. Абай қазақ қоғамындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге байланысты ойларын бірнеше өлеңдерінде («Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» т.б.) айқын білдіреді. Ол халықтың артта қалушылығын, надандығын мінеп, әдебиет пен ағарту халыққа қызмет етуі, жалқаулыққа, ымырашылдыққа қарсы күрес жүргізуі қажет екендігін көрсетеді, прогресшіл орыс мәдениетіне жақындай түсуді уағыздайды. Мұндай күрделі міндеттерді шешудің жолдарын іздестіре келе, Абай өзінің «Қырқыншы сөзінде» жалпыға бірдей білім беру талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп есептейді.

Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап, халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды.

Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты. 1886 жылғы бір өлеңінде ақын:

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан.

Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман,- деп өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездері н қатаң сынға алды. Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілдерді, адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді. Ондайлар туралы:

Осындай сыйдаң жігіт елде мол-ақ,

Бәрі де шаруаға келеді олақ.

Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,

Бар өнері – қу борбай – сымпыс шолақ-деп, күйзеле жазады ұлы ақын.

Гуманист – ақын Абайдың ХІХ ғ.орта шенінде халқымыздың бойындағы жағымсыз қасиеттерді қатты сынға ала отырып, айтқан ойларының, көтерген өзекті мәселелерінің бүгін де маңызды, күн тәртібінен түспей отырғандығын атап өткіміз келеді. Абайдың айтқан ойлары бүгінгі Мақатаев сияқты ақындарымыздың ойларымен үндесіп жатыр.

Табиғатты айтсын мейлі, махабатты айтсын, адамның ары мен арманын айтсын, жан түршіген міні мен арамза мінез-қылығын айтсын, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали ағынан жарылып айтады, әрбір өлең жолынан ақынның жүрек лүпілін естіп, жан айнасын көреміз, адам бойында әлі де арылып болмаған сұмдық пен сараңдылықтан жериміз, жамандықтан түршіге түңілеміз. Сондықтан да ол:

Мамсапқорлардың қасынан

Шықпайтындарға ашынам !

Жалданып өскен жасынан

Жағымпаздарға ашынам !

Өзіңе ғана бас ұрам,

Сенесің бе, Отан осыған !?

Алаяқтарға ашынам !

Ашынам-дағы тасынам

Құнымды несін жасырам, - деп адам бойындағы жағымсыз мінез құлықты ашына сынға алды. Мұқағали айтқандай, осы жағымсыз қылықтар да бүгін де арамызда бой көрсетіп қалады.

Сол кезде Абайдың көтерген мәселелері бүгін де маңызды, өзектілігін ерекше айта кеткен жөн.

Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді. Абай өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік-тәлімдік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары болып келеді.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқты-барды, ертегіні термек үшін»,
- деп ақынның өзі айтқандай оның өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық мәні мейлінше терең. Ең алдымен ол өз халқына өлеңдері, қара сөздері арқылы ұдайы ой салды, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырды, мәдениетті болуға, прогреске шақырды.

Абай өзінің өлеңдерінің бәрінде:

«Қалың елім қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,

Жақсы мен жаманды айырмадың

Бірі қан, бірі май боп енді еккі ұртың» – деген сөздері дәлел бола алады. Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай бос даурығуға, бекер сал шашуға, өтірік, өсек айтуға, жалқаулыққа қарсы шықты. «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - дей келіп, Абай «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз», - деген өсиет айтты.

Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. «Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!» деген сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын», - деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді.

Ол А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовты ұстаз тұтты, олардың өлеңдерін, И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Мәселен, «Татьянаның хатын», «Онегиннің хатын» аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды.

1840 жылы М.Ю.Лермонтов Гетенің «Жолаушының түнгі әні» деген өлеңін «Горные вершины спят во тьме ночной» деген атпен аударған болатын. Гетенің бұл өлеңі көптеген ақындарға, композиторларға әсер етті. Ол Абайдың да жүрегіне ұялады. «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер маужырап» деп аударды. Сонымен қатар, Абай шығыс мәдениетінен де нәр алды. Фирдоуси, Науан, Низами, Хафиз, Сағди шығармаларына еліктеді.

1995 жылы бүкіл еліміз Абайдың 150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО шешімі бойынша әлем болып тойлады. Ұлтымыздың рухани мақтанышы, ұлы гуманист, ақын-ағартушы Абайдың ғылыми-педагогикалық мұрасының зерттелу жайы туралы және Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында алатын орны туралы айтқанымызда ұлы ғұлама ойшылдың педагогикалық мұрасын алғашқы зерттеушілер, педагогика тарихы саласындағы көрнекті қазақстандық ғалымдар, педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Бержанов, Ә.У.Сембаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев және т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн.

Ұлы гуманист-ақынның педагогикалық, тағылымдық мұраларының мәні мен маңызы бүгінгі таңда да өміршең, өзекті екендігін дәлелдейді.

ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалыстың туын Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтар жалғастырды.





§4. Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары

(1858-1931 жж.)


Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) ақынжазушы,  философ, тарихшы,  композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді  Құнанбайдың  Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды.

Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды. Шәкәрім Құдайбердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және әдеби өміріне белсене атсалысқан, ағартушылық-демократиялық, гуманистік идеяларды насихаттаған, Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді ілгері жалғастырушылардың бірі болды. Шәкәрім жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты талдай отырып, оның педагогикалық көзқарасын, ағартушылық қызметін, ақынның даралық ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін саралай келе ғылыми жүйеге келтіріп зерттеу және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану, мектеп мұғалімдеріне бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар беру қажеттілігі туындайды. Шәкәрімнің ағартушылық-педагогикалық көзқарасы туралы айтқанда, оның өлеңдері мен поэмаларын, ғылыми еңбектері мен аудармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелеріне талдау жасалады. Адам санасына сіңіп, бойына тазалық пен инабаттылық дарытатын көркем шығармалардың тәрбиелік мәні зор. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, егемен ел болған заманда туған халқымен қайта қауышқан алыптарымыздың бірі Шәкәрімнің шығармаларын оқыту, оқытып қана қоймай, терең сырлы құпиясын  ашып, оның адамдық, азаматтық құқық жайында жазған өлеңдеріне талдау жасау мектеп мұғалімдеріне зор міндет жүктейді. Жас ұрпақты адамгершілік биік мұраттарға, адалдық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтыққа үндейтін Шәкәрім шығармалары бүгінгі күні жоғары және орта оқу орындарында оқытыла бастады. Шәкәрімнің «Кісіге адамшылық неге керек?» өлеңінде адамдық пен айуандық бір-бірімен бетпе-бет келіп, адамдық қасиеттің орны белгіленеді.

Кісіге адамшылық неге керек,

Адамдық өзге айуаннан артық демек.

Ит талаған төбеттей қалай дейсің,

Аямай әлі келгенді жұлып жеген жемек, - деп оқырманға ой тастайды, пікір сұрайды.

Мейірім жақсы, зұлымдық жаман дейсің,

Қасқырлыққа қайтасың құр дөңгелеп,

Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам,

Өсіп, өніп құлаған бір бәйтерек, - деп өзі өлеңінде адамды адам ететін, адалдық пен азаматтыққа жеткізетін амалды, түрлі жолдарды іздестіреді. Адамның түзу жолда жүруіне, ар тазалығы мен жан тазалығына ақылдың ұнемі көшбастаушысы болып отыруын қалайды. 

Білімділер сөз жазып зарлағанда,

Ой кезіп, жердің жүщін шарлағанда,

Алдаусыз адам өмірін түзетерлік,

Әділет, ынсап, мейірім бар ма адамда, - деп толғанып, өз заманының, қоғамын сынап, адам бойындағы жағымсыз мінез-құлықтарға жиіркене қарайды, басқаларды да жиіркендіреді.Ұлы ақынның бұл өлеңдері жақсылық, әділдік, азаматтық сезім, ар-ұят өзін-өзі бағалау, қамқорлық, қарапайымдылық, кішіпейілділік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Шәкәрім Құдайбердиевтің азаматтық рухты жоғары көтеретін, эстетикалық сезімге баулитын өлеңдерінің бірі – «Насихат». Бұл өлеңнің идеясы тұнып тұрған өсиет, ақыл мен нақыл. Ақын жастарға өнер, ғылымға жету жолардарын көрсетіп, оқуға шақырды.

Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл сезімді әбден ұқ,

Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер.

Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт,

Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер, - деген жолдарында ғылым мен білім, адамдық пен азаматтыққа жеткізетін бірден-бір құрал екенін айтып, шәкірттік пен ұстаздық арасын айшықтап көрсетеді. Шәкәрімнің оқу-білімге, өнерге, еңбекке, биік гуманизм, адамгершілік идеясына көзқарасы үнемі Абаймен үндес келіп отырады.

Қай ғылымды білсеңіз де қазір оны елге жәй,

Құры ішінде кеткенше пайдалансын өзгелер,- деп ғылым мен білімнің көпке ортақ байлық екенін түсіндірді.

«Піскен мен шикі» мысал өлеңі ақынның замандасы, педагог-жазушы Ыбырай Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесімен төркіндес, тәрбиелік мән-мағынасы ұқсас. Шәкәрім поэзиясының биік тұғыры – гуманизм, туған халқына деген махаббат, жан мен тән тазалығы екенін айтып, ұрпақ санасына сіңіру – көкірегі ояу, сезімі сергек, зерделі жастық парызы. Шәкәрім еңбек тәрбиесіне ерекше мән бере келіп, өз шығармаларында еңбекті адам бойындағы қасиеттердің ең керектісі деп түсінеді. Еңбектің тек жеке адам өмірінде ғана емес, бүкіл адамзат дамуындағы тарихи маңызына көз жеткізе білді.Жалпы, адам өмірін осылайша жас ерекшеліктеріне қарай кезең-кезеңге бөліп сипаттау қазақ поэзиясында ертеден келе жатқан дәстүр.

Жастық қызығын дәріптеген ақын адам өмірінің осы екі кезеңін шендестірумен шектелмейді, бертін келе ұлғайған жастың өзіндік мәні бар екенін насихат қылды.

Әрине, балаң білсе қадіріңді,

Орындап екі айтқызбай әміріңді.

Жасыңнан жаның сырлас жарың болса,

Қыл өткізбей білетін тамырыңды, - деп, адамның егде тартқан тұсында баланың, жардың қызметіне ерекше мән береді, оның тәлімдік-тәрбиелік тұстарына ерекше көңіл бөледі.Сонымен бірге Шәкірім мақал-мәтел, жұмбақтарды, шешендік сөздерді өз шығармаларына арқау етіп, оның тәлімдік-тәрбиелік танымдық мәнділігін жоғары бағалаған. Мақал-мәтелдерді ғасырлар бойы халық өткен ұзақ өмірдің шежіресі деуге болады. Мұның шежірелік құндылығы мен көркемдік даналығын шебер астастырып, көздің қарашығындай сақтап, алмастай асыл аз сөзбен түйіндеуінде.Сонымен қатар, Шәкәрім мақал-мәтелдерді пайдаланып қана қоймай, кезінде өзі жинап , баспаға әзірлеген, кейін баласы Ахаттың көшірмелерінде қалған оның сондай жүз отыз жеті мақал-мәтелі бар. Бұлар Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қолжазбалар қорында сақталған. Шәкәрім шешендік сөздерге де ерекше мән берген. Қазақ халқының, кейбір мақал-мәтелдері мен шешендік сөздерін жинап, газет-журналдар беттерінде бастырады және шежіре жинайды.Шәкәрімнің құнды еңбектерінің бірі 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты шығармасы жарық көрді. Оның «Қалқаман - Мамыр» ме н «Еңлік-Кебек» поэмалары жеке кітап болып баспадан шыққан болатынды. Ол шетел, орыс және шығыс классиктері Бичер-Стоу Гариет, Л.Н.Толстой әңгімелері шығыстың классиктері Хафиз және Физули шығармаларын қазақ тіліне еркін аударған. Ақын шығармаларының толық жинағы 1988 ж. «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрді. Шәкәрімнің педагогикалық-ағартушылық және психологиялық көзқарастары туралы айтқанда, ұлы ғұламаның ағартушылық-психологиялық мұрасын зерделеуде белгілі педагогика және психология ғылымдарының тарихын зерттеуші көрнекті ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев пен С.Қалиевтің Шәкәрім Құдайбердиев туралы зерттеу еңбектерін ерекше атауға болады .Шәкәрім жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты талдай отырып, оның педагогикалық көзқарасын, ағартушылық қызметін, ақынның даралық ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін саралай келе, ғылыми жүйеге келтіріп зерттеу және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану, мектеп мұғалімдеріне бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар беру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындайды.
Схема

Ш.Құдайбердиевтың педагогикалық көзқарастарының түп-тамырлары

Қазақ елінің халық педагогикасы



Жанұядағы тәлім-тәлім тәрбие әдістері. Абай сабақтары.



Ақынның педагогикалық көзқарастарының түп-тамырлары

Шығыс классиктерінің ағартушы-педагогика-лық еңбектері



Европа мәдениеті, ғы-лым, әдебиет қайрат-керлерінің гуманистік ой-пікірлері


Шәкәрім Ұлы Абайдың жақын туысы, немере інісі. Ақынның мектепті де Абайдан өткен. Сол себепті ақынның шығармашылық жолында Абай есімі кеңінен орын алады.Ғұламаның жеке басына тән ерекше қасиетін көрсететін терең философиялық еңбегі – «Үш анық». Ойшыл ақынның бұл еңбегі мектепте «Адам мен қоғам» пәнінен «ХІХ ғ.бас кезіндегі қазақ ойшылдары» деген тарауды өткенде Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегі оқытылады. Шәкәрімге дейін қазақ халқында белгілі философиялық дәстүр, данышпандылыққа баулу мектебі болмағанын, алғаш осындай мектептің есігін ашқан, арнаулы дүниетанымдылық еңбек қалдырған Шәкәрім екенін білемін.

§5. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)

Ахмет Байтұрсынов - Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). 1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды. 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді. 1918-19 жж. Алашорда қатарында болады. 1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады. 1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер. 1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды. 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған. Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті: ...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды... халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. Мұхтар Әуезов депті: Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала - бұлт, шындық - күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты. Шығармалары Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған. Байтұрсынұлының екінші кітабы - «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді. Әдебиеттану Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Москвада шығарды. Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі - «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі. Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары - шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі - мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері - пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады. Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады. Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар. Аудармалары Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы - көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды. Түркітану Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады. Байтұрсынұлы қазақ тіл білімін 20 ғ-дың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды

Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы. Ол бiрнеше оқулықтардың авторы: (“Әлiпби”, “Тiл құралы”, “Баяншы”, “Әдебиет танытқыш” т.б.) Ол И.А.Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн аударып, 1909 ж. Петербургте “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығарды.

А.Байтұрсынов М.Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж.ж. Орынборда “Қазақ” газетiн шығарды. Онда мектеп, оқу-ағарту iсi, отырықшылық, сауда, ел билеу iсi, Мемлекетiк Думаға қатынас мәселелерiн сөз еттi. Алдыңғы қатарлы елдердi үлгi еттi. Надандықтан құтылудың жолы оқу-ағарту iсi деп қарады. Мектептерге бiлiмдi мұғалiм кадрларын даярлауды көтердi. Қазақ алфавитiн жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады.

Оқыту әдiстерiн жетiлдiрудi, оқытудың әдiс-тәсiлдерiн жаңартуды көредi. “Оқыту жайында” атты мақаласында “Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тiреледi. Бiрi ақшаға, бiрi құралға, бiрi мұғалiмге. Осы үш тiреуi бiрдей тең болса, оқу қисаймайды, ауытқымайды, түзу жүредi… дейдi.

Оқу iсiн жолға қою үшiн ғылыми жүйелiлiк жасалған оқу бағдарламасы болуы керек. Сол бағдарламаға негiздей жазылған оқулық болуы тиiс. Оқулықтағы бiлiмдi оқушы бойына дарыта бiлетiн әдiскер мұғалiм керек дегендердi көтередi. Сондай-ақ А.Байтұрсынов бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады деп қарады. Бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндердi: оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, тарихы, есеп, шаруа-кәсiп, қолөнерi, жағрафия, жаратылыс деп саралап көрсетiп бердi. Байтұрсынлв осы пәндердiң оқулықтарын шығаруды қолға алды. Өзi бастауыш мектепке арнап “әлiппе” кiтабын жазды. Сондай-ақ оның “Тiл жұмсар” деген атпен екi бөлiмдi грамматикасы кiтабы (1925) шықты. Ал М.Дулатов бастауыш мектепке арнап “есеп” кiтабы мен қирағат ( ана тiлi оқу) кiтабын жазды.
Схема

А.Байтұрсынов мектебінің құрылымы

Жылдық бастауыш мектеп



Бастауыш мектептің алғашқы сатысы 3 жылдық ауыл мектебі



Бастауыш мектептің кейінгі сатысы 2 жылдық болыс мектебі



Ана тілі

Грамматика

Оқытылған пәндер




Әдебиет

Ұлттық тарих




Жағрафия

Жаратылыстану

А.Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 ж. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланға “Қай әдiс жақсы?” деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л.Н.Толстойдың “Үйрету әдiстерi туралы” деген еңбегiне талдау жасай отырып, “әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес… Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың белгiсi – бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi – түрлi әдiстi болу” деп ойын тұжырымдайды.

Ол сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз – әрiптердiң суретiн салу, ал оқу дегенiмiз – суретi салынған әрiптердiң дыбысын дұрыс айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы – қәрiптi көрсету керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу, жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу болады деп балаларды оқуға, жазуға үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. 1920 ж. Қазанда “Баяншы” деген атпен тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды.



А.Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық жағымен бiрге тәлiмгерлiк қызметiне де баса көңiл бөлдi. Әрбiр оқылатын тақырыптардың бiлiм бере отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап еттi.

Схема

А.Байтұрсынов бойынша оқу жұмысының тіреулері


Оқудың үшінші жағының тіреуі – мұғалім. Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді. Мұғалім нашар болса, сайлы мектепте оты-рып сабақ бере алмайды.




Әуелгі тіреу – ақша, ол жұрттан шықпақ. Әр баланың басын қосып құраса, бәрі жұрт баласы болатындығын, ол жұрт баласын оқыту жұрт міндеті екендігін айыратын ес қазаққа әлі кірген жоқ.

Оқу жұмысына қажет нәрселер




Екінші тірек-оқуға керек құралдар. Ол құралдың ішінде ең қымбаты – оқу кітаптары. Оқу құралдары сайлы болмаса, оның ішінде оқу кітаптары оңды болмаса, оқу да оңды болмайды. Шеберге аспап серік, мұғалімге құрал серік. Аспапсыз шеберлер еш нәрсе істей алмайды, құралсыз мұғалімдер бала оқыта алмайды.



Схема

А.Байтұрсынов бойынша оқу жұмысының тіреулері

Бастауыш мектеп




«Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білімдер де сондай керек».

«Бастауыш мектептен оқы-ғандар ... ең әуелі қазақша толық хат білетін дәрежеде болуын көздеу керек, екінші, бастауыш мектептен үйрен-ген білім жағын көздеу керек»

«... бастауыш мектеп, әуелі, миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек»



§6. Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары (1875-1921 жж.)
Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары.


(1875-1921 жж.)
Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда қоғамдық-саяси, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ХХ ғ.бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі, ағартушы, педагог Ғұмар Қараш болды. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде мақалалар жарыө көріп, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, сол кезеңнің көкейтесті мәселелерін көтерген еңбектері коммунистік идеологияның тікелей әсерімен тең басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты. Халық тарихы мен оның рухани мұрасына балта шапқан коммунистік партияның идеологтары Ғ.Қараштың есімін жазуға да, айтуға да тыйым салды.

Тарихи ақиқаттың орнауы нәтижесінде Ғ.Қараштың құнды мұралары ортамызға қайтып оралды. Ғ.Қараш туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөз беттерінде, мұрағат қазыналарында жиі-жиі кездеседі. Оның есімі ХХ ғасырдың бас кезеңінде татар, башқұрт, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген газет, журналдар мен кітаптардың беттерінен түскен емес, оның өз заманында Ресейдің бүкіл түркі тілдес халықтарын аузына қаратқандығын мақтан тұтуға болады.

Отарлық саясаттың тікелей салдарынан, жаппай орыстандыру әрекетінен жапа шеккен, халқын ұлттық бірлік пен ынтымақтастыққа шақырып, қазақ еліне даналы ақыл бергендердің бірі – осы Құмар Қараш болды. Оның алаш партиясын жақтап, құрамына белсенді мүше болуы, көрнекті қайраткер есімін тарих бетінен мүлде сызып тастады.

Ғ.Қарашты бұрынғы одақ жұртшылығына таныстыруда белгілі ғалым, академик С.З.Зиманов пен зерттеуші-ғалым, М.Ш.Ысмағұлов көп үлес қосты. Сонымен қатар Ғ.Қарашты ақындық қырынан зерттеп, кандидаттық диссертациясына арқау еткен филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әнесұлы Тәжірмұратов болды.

Халқымыздың осынау абзал перзентінің шығармашылығын насихаттауға жазушы, ғалым М.Мағауин біршама еңбек сіңірді. Ол 1978 жылы цензорлық бақылауға  қарамастан, Ғұмар Қараштың  бірнеше өлеңдерін Ленинград қаласында басылып шыққан «Қазақстан ақындары» жинағына енгізді.

Ғұмар Қараш 1875 жылы Бөкей Ордасындағы Қырқұдық деген жерде (қазіргі Орал облысы, Казталов ауданы) сіңірі шыққан кедей шаруаның әулетінде дүниеге келген. Әкеден жеті жасында жетім қалады.

Жастайынан өз халқының фольклорлық бай қазынасына құштар болған ол небір жыр, криссаларды ой-санасына сіңіріп өседі. Сол заманның талабына сай орта дәрежелі діни білім алады. Жалпақдаладағы Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алып, сол басқарған медресені бітіреді. Осы ғылымды жетік меңгергені соншама, иман, ал одан кейін ахун дәрежесіне ие болады. Өзі басшылық еткен мешітте медресе ашып, қазақ балаларының сауаи алуына біршама ат салысады.

1902-1910 жылдар аралығында медреседе оқитын шәкірттерін жаңа Жадит тәсілімен оқуды қолға алып, біршама жетістіктерге жеткен. Оқушыларды тез арада сауатын ашып, арабша, қазақша, татарша және орысша жазылған басылымдарды оқуға мүмкіндік алған. Мұндай батыл реформалық іс-әрекет дүмше малдар мен шынжыр балаң, шұбар төс үстем тап өкілдеріне ұнамай «ислам дінін бұзып, қазақ балаларын орыс қылды» деген айып тағылды. Бірақ, көкірегі ояу азаматтың мақсат-мүддесі жергілікті зиялы қауымнан қолдау тауып жәдидше оқытуын әрі қарай жалғастырды. Ғұмар жастайынан-ақ өлеңдер шығарып, ел аузындағы әдеби мұраларды жалғастырды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласына тарайтын – арабша, түрікше, татарша, қазақша басылымдарды оқып, заман дәуір жайын оңға бастайды, ол әдеби, тарихи пәлсапалық кітаптарды іздеп жүріп оқыды. Сөйтіп, ислам діні қағидаларын жетік білген Ғұмардың енді дүниелік ғылымдардан да хабары болады.

1907 жылдардан бастап, қазақ, татар тілдерінде шығатын газет-журналдарда мақалалары мен өлеңдерін жариялады. Ол елдің өміріне араласып, халық мұратын көздейтін істерге белсене араласады. Ғұмар Қараштың саяси көзқарасының қалыптасуына 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы өлшеусіз әсер етеді. Ол татар тілінде шығып тұрған «Ульфат», «Шура» сияқты мерзімді баспасөздерде бірнеше мақалалар жариялап, онда қазақ қоғамының көкейтесті мәселелерін шешудің жолдарын қарастырды.

Ғұмар білім алған аясы медресесінен бастап, өмірін ғылым жолында өткерді: арабша, парсыша, түрікше, орысша тілдерді білді, бай кітапханасы болған.

Ғ.Қараштың өзінің тіркеу парағында «қазақша жоғары білімі, ал орысша тек ғана сауатты боллды», - деп өз қолымен жазған. Бұған қарағанда Ғ.Қараш ауыл медресесімен шектелмей, жоғары мектепте тиянақты білім алған.

Халыққа қызмет етуді өмірінің мақсат-мұраты санаған азамат ақын 1918 жылы елге нақты қызмет ету, әлеуметтік-ағартушылық өмірге белсене араласу жолына ойысады. Сөйтіп,  туған елі Жәнібекке келеді. Ортадағы педагогикалық техникумда сабақ береді.

1918 жылы 24 қыркүйекте болған Бөкей губерниясы мұғалімдерінің съезіне және 1918-1920 жылдарда өткен сол губернияның кеңестерінің І, ІІ, ІІІ, ІҮ съезіне делегат болып қатысады. Ғұмар Қараштың 1920 жылы 21 маусымда ІІ Бөкей губерниялық партия конференциясында пленум мүшесі болып сайлануы, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып бекітілуі – ағартушы қайраткерге халықтың үлкен сенім артқандығын көрсетеді.

Ғұмар Қараш жәдид оқуды ол күнде медреседе деп аталатын өз мектебіне енгізіп, пән сабақтарын жүргізіп, әсіресе, орыс тілі, табиғат, жаратылыстану пәндеріне өте-мөте көңіл бөледі екен.

Ғұмар Қараш оқу үрдісінде хат таныту әдістерін үйретіп, қараны дұрыс таныту жолын, онымен қатар мағынасына түсініп, мәнерлеп оқуға өлеңді сөздерді әнге салып оқып, әнге үйретеді, соған жаттықтыруды тапсырып отырған. Пән сабақтары ішінде жаратылыстану, табиғат, жағырафия сабақтарының оқыту әдістеріне тоқталып, оларды түсіндіріп оқытуға тырысатын.

Ғұмар Қараштың ағартушылық, жасампаздық қызметінің алғашқы кезеңінен бастап, оның дүниетанымында зор төңкеріс жасаған адам Жәңгір хан немересі, қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы көрнекті тұлғаларының бірі – Шәңгерей Бөкеев. Нұғыман Манайұлы «Ғұмардың оянуына бірінші себеп 1905 жылғы төңкеріс, Ресей мұсылман оқығандары арасындағы жәдидшілік қозғалыс болған болса, екінші жағынан оның оянуына қамшы болып тікелей жетекші болған Шәңгерей»,1 - дейді.

Нұғыман Манайұлы осы пікірмен Ғұмардың ағартушы, ұстаз, қаламгер азамат ретінде қалыптасуында шешуші роль атқарған басты-басты үш себепті де қамтып өткен. Рас, «Ғұмардың саяси бетіне, пікіріне үлкен өзгеріс кіргізген 1905 жылғы төңкеріс», - екендігін айтады.

Алайда бұл қозғалыстың Ғұмар тектес жаңашылдар үшін саяси мәнінен гөрі ағарту, рухани саладағы реформаларға мүмкіндік әперген маңызы басым еді.

1917 жыл көптеген зиялылар сияқты Ғұмар өмірінде де ең күрделі, ең маңызды, ең қайшылықты кезең болды. «Ғұмарды екінші көруім 1917 жылы Бөкейліктің орталығы Ордада» - деп еске алады 20-жылдардың қоғам және мемлекет қайраткері, кейін әділет министрі Шафқат Бекмұхамедов. Сол жылы май айында Бөкей қазақтарының жалпы съезі болды. Съезде оншақты Бөкейліктердің иман-молдалары болып, съезд президиумына Ғұмардың үстінен арыз түсірді.

            Арызда отыз шақты кісі қол қойған. Олар ірі байлар, иман-молдалар, өтініштері – Омарды съезден қуу, (Мен съездің президиумында едім). Олардың айтатыны: Ғұмар қазақшылықтан, мұсылманшылдықтан шыққан адам, ол орысқа сатылған, дінді сатқан «кәпір» ол орыс  миссионерлерінің агенті, сондықтан оны бұл съездің маңайына да жуытпау керек, абақты салу керек, - депті. Әрине съез Ғұмарды имандарға бермеді, арыздарын қостамайды, Ғұмарды көтеріп, оны Мәскеуде өтетін Ресей мұсылмандарының жалпы съезіне өкіл етіп жіберді. Ғұмар съезде иман-молдалардың реакцияшыл қара күш екенін, ғылым, мәдениет жолына олардың бөгет болып отырғанын, көпшілікті оқыту, жастарға өнер-білім керек екені туралы сөйледі.

            Уфа кезеңі Ғұмар өміріндегі азаматтық ағартушылық-шығармашылық жалынға толы, көтерілу, серпілу жылдары болды. «Қазақ», «Сарыарқа», «Ұран» газеттерін, өлең, мақалаларын жазып тұрды. Уфадағы діни басқарманың бай кітапханасында отырып, «Педагогика», «Қара» және «Қан мен жан» дейтін үш еңбек дайындайды.

            1918 жылғы 2-қыркүйекте Бөкей губерниясының мұғалімдер съезі ашылды. Съездің жұмысына Ғұмар Қараш та белсене араласты. Съезде ұлттық мектептер, мектептен тыс мекемелер жөнінде мәселелер талқыланды. Ауылдарда жаңадан 90 мектеп ашу белгіленді. 1919 жылы қаңтардың 3-нен 17-сіне дейінгі аралықта Бөкей облысы мұғалімдерінің екінші съезінде Ғұмар Қараш 11 мәжілісті Ғұмар басқарып отырды. Съезд ағарту саласында бағдарламалық, ұйымдық мәні бар бірсыпыра шешім қабылдады.  Мұғалімдер съезінің қаулысы бойынша мектептер ашу туралы 4 кісіден тұратын комиссияның құрамына Ғұмар Қараш, Нұғыман Манаев, Ғабдолғазиз Мусағалиев, Шәкгерей Бөкеев сайланды.

            Халыққа қызмет етіп, әлеуметтік өмірге белсене араласып, ағартушылық, ұстаздық жолына бет бұрады. 1919 жылы «Мұғалім» атты тәлім-тәрбие ғылыми пән журналының редакциялық алқасын басқарған. Бұл тұңғыш қазақ кеңес педагогикалық журналы еді.

            Ғ.Қараштың «Педагогика» атты еңбегі Уфа қаласында жазып, кейін алғашқы «Мұғалім» журналының бірнеше санында жарияланған.

            Ғ.Қараш «Мұғалім» мұқабасына эпиграф түрінде:

            Тіл көңілдің ақылшысы,

            Ілім – жарық, жанға ұя.

            Білім – бақтың басқышы,

            Қараңғыда жол қия,

- деген шумағын шығарған.



Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы

Нәзипа Құлжанова (1887-1934)



Нәзипа Құлжанова - Алаш қозғалысы кезінде қайраткерлігімен көзге түскен қазақ қыздарының бірі, Құлжан немересі 1887 жылы Торғай қаласында туған. Аумалы төкпелі заманда ел қамы үшін күрескен қайраткерлердің бірі. Қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Сағызбайқызы 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын, 1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін бітіреді. Оқып жүрген кезінен бастап өзін ұлтүшін күресуге даярлаған. Оқуын аяқтаған соң, 1905 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаз болған. Ұстаздық жұмысты атқара жүріп, этнография тақырыбын зерттеп, мақалалар жазып, талантын танытқан ол 1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, «Азамат серіктестігі» ұйымдарына мүше болады. 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырады. 1915 жылы 13 ақпанда Пертроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кеш ұйымдастырады. «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде әйел мәселелеріне байланысты мақалалар жазады.

1917 жылы Семей облысы қазақ сиезінің төралқа құрамына енеді. 1920 жылы Қырғыз (қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару, баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссияның құрамында жұмыс істеген. Осы жұмыста жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі комитеттің құрамына енеді. Н.Құлжанова - қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналистердің бірі. 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакция алқасының мұшесі, 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан», 1925-1929 жылы «Әйел теңдігі» журналдарында жауапты қызметтер атқарады. «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында оқу-ағарту мәселелері туралы мақалалар жариялаған.

Ұзақ жыл окытушы болып жұмыс істеген Нәзипа қазақ мектептері үшін оқулықтар жазған. 1923 жылы Орынборда «Мектептен бұрынғы тәрбие», 1927 жылы Қызылордада «Ана мен бала тәрбиесі» атты әдістемелік кітаптары басылып шығады. Н.Құлжанова әнші болмаса да, қазақ әндерін нақышына келтіре орындайтын өнері болған. Ең маңыздысы - ол кісінің әншілігі емес, қазақ әндерінің нотаға түсуіне көмек көрсетуі. Ол кісі Затаевичке «Ғайни-ау, сәулем», «Қадыр зары» әндерін жаздырған. 1934 жылы қайтыс болған.

Ол қазақ әйелдерi арасынан тұңғыш әлеуметтiк iске белсене араласқан әрi мұғалiм, әрi педагог-ғалым, әрi журналист болды. Ол 1902 ж. Қостанайдағы қыздар гимназиясын оқып бiтiрiп, Торғайдағы қыздар училищесiнде, кейiн (1904-1919 ж.ж.) Семейдегi мұғалiмдер семинариясында мұғалiмдiк қызмет атқарды.

Н.Құлжанова 1924 ж. “Мектепке дейiнгi балаларды тәрбиелеу” атты еңбегiн жазып, Орынбордан бастырып шығарды. Кейiн “Әйел теңдiгi” журналында қазақ балабақшаларындағы озат тәжiрибелер жайында бiрнеше мақалалар жазады.

1924 жылы “Ана мен бала” атты еңбегiн жазып шығарады. Бұл еңбекке алғы сөзi атақты – турколог ғалым, қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазды.

Автор мектепке дейiнгi тәрбиенiң мазмұнын, мақсатын баяндай келiп, баланың қимыл-қозғалысына, сезiм мүшелерiне, сөйлеу, ойлау ерiк-жiгерiн жетiлдiру жолдарына тоқталады. Бала ойынының мәнi мен маңызына тоқталады. Жас баланың өсiп-жетiлуiне, дүние-танымына табиғаттың әсерiнiң ерекшелiгiне тоқтала келiп, “суға түсiп, жүгiрiп, құспен бiрге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шiркей, құрт-құмырсқамен бiрге көкорай шалғын, тоғай арасын сайрандап жүрiп, көңiлi де, жан-тәнi де бiрдей тегiс өсiп, өркендемек” – дейдi. Автор баланың елiктегiштiк, айналаны танып-бiлуге деген құмарлық қасиетiн жетiлдiре тәрбиелеуге баса көңiл бөлудi қуаттайды.
Алғаш мектепте тәрбиенің негізін салушы
Құлжанова Назипа Сағызбайқызы ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, әрі – журналист-публицист.

Н. Сағызбайқызы 1888 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданында қазіргі «Торғай» кеншары жерінде дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында, еңбекші бұқараның ортасында өткен. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушысы Ы. Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып еңбек еткен. Одан кейін Орынбор қаласындағы Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1905-1920 жылдары сол Семей Мұғалімдер семинариясында мұғалімдік қызметте болған.


      Назипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жайлы «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабын жазған. Бұл Қазақстан оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазылған алғашқы авторлық туынды.

Аталмыш кітапқа алғысөз жазған қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау керек».     Автордың бұл еңбегі мынадай тараудардан тұрады:

1. «Күллі жер жүзінде»

2. «Мектеп жасына толмаған бала»

3. «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?»

4. «Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі»

5. «Бала бақшасы деген не?»     

Сол кездің өзінде шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеу жүргізілгендігін осы кітаптың мазмұнынан айқын көруімізге болады. Мысалға, «Күллі жер жүзінде» атты алғашқы тарауында дүние жүзін мекен еткен Автор дамыған елдердегі бала бақшалардың мән-жағдайын көрсетіп баяндай келе, қазақ тұрмысында бала бақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына зор сеніммен қарайды.     


     Сонымен қатар, Италия балабақшаларының балаларға арналған құрал-жабдықтармен талапқа сай қамтамасыз етілгендіктерін, Швицарияның Цюрих қаласындағы тастан жасалған мектептің бір жағында мектепке жасы толмаған балалардың үйі бар екендігін және оның балалардың жас шамасына сай құралдармен жабдықталғандықтарын бейнелейді.

Шотландиядағы Эдинбург қаласындағы балалар бақшасын өз алдына ерекше етіп көрсеткен. Ол жерде күнделікті, таңертең ашық далада балалар бастары қосылғанда, кешкісін үйлеріне қайтарда бір-біріне «Амандық өлеңдерін» айтады дейді.     

Н. Құлжанова Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірлігін де әңгімелейді.      
     Автор бұл еңбегінде ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымшылдыққа баулу, балалардың ойына, жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық жұмысты бағындыру, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау, өлең айту, сурет салу тағы басқа өнерлерін дамыту мәселелеріне көңіл бөледі. Болашақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандайды.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде оның жас ерекшеліктеріне назар аудару қажеттігін нақты мысалдармен түсіндірген. Ол баланың қалыппен дамуы үшін оған айтылатын сөз де, көрсетілетін қимыл да, үйретілетін тағылым да шамадан тыс көп болмау керек және тым ауыр болмауы ескерілуі шарт дейді. Мөлшерден артық тапсырмалар баланың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкіндігін және баланың дамуы үнемі дәрігер мен педагогтың бақылауында болуы қажет дейді. Сол кездің өзінде оқымысты ғалымдардың үш жасар баланы зерттеу объектісі етіп алғандығын мысал етеді. Үш жастағы баланың даму ерекшелігін, білімге, зерттеуге, құпия ашуға құмарлығын мәлімдейді. Назипа Құлжанова баланың бойындағы білуге, тануға, ұғынуға, көруге, байқауға, өзінше қайталауға әуестігін тыйып тастамау керектігін, оларды бағыттап, алдында тұрған сауалдарды бірігіп шешуге ұмтылу қажеттігін, бала мүмкіндігіне қарай тұқым қуалаған мінездің әртүрлі құбылуын дәлелдеп көрсеткен. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баруға дайындауды, оларға «Мен» түсінігін қалыптастыруды және де жас шамаларына байланысты даму деңгей ерекшеліктерін ғылыми түрде негіздеген. Сонымен қатар, балаларды мектепке толыққанды дайындау мәселелері бойынша қойылған сауалдарды жауапсыз қалдырмаған, ғылыми тұрғыда негіздеп берген.


      Н. Құлжанова мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп былай деген: «Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген-білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді».

Н.С. Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір ірі көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылған.


       Нәзипа Сегізбайқызы дәрігерлік арнайы білімі жоқ болса да көптеген әдебиеттерді ақтара келе, бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестерді рет-ретімен оқушысына, қалың көпшілікке ұсынып, қазақ тарихында есімін қалдырған еліміздің көрнекті ұстазы.

7. Жүсiпбек Аймауытов (1889-1931)

Жүсіпбек Аймауытов (18891931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастапБаянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

19111914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.

1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны1918 жылы аяқтап шығады.

Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.

Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).

Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).

Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.

Қарқаралыда мектеп мұғалімі (19221924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.[1]

1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі
Жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж.Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

Ж.Аймауытов Павлодардағы орыс-қазақ мектебiн, онан кейiн Семейдегi мұғалiмдер семинариясын (1918) бiтiрген. 1924 ж. Баянауылда бала оқытады. 1920 жылы РК(б)К қатарына кiредi. Қазақстан Советтерiнiң сьезiне делегат болып сайланады. ҚАССР Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесi, “Қазақ тiлi”, “Ақ жол” газеттерiнiң қызметкерi, мектеп мұғалiмi, 1926-29 жылдары Шымкенттегi педтехникумның директоры болып iстейдi. 1931 жылы ұлтшыл деп айыпталып, жазықсыз өлiм жазасына кесiледi.


Схема

Ж.Аймауытов бойынша тәрбиенің мақсаты мен түрлері


Эстетикалық тәрбие



Дене, жан, рух тәрбиесі, ақылын, жігерін, мінезін




Тәрбиенің негізгі мақсаты мінезді түзеу, адамшылдыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу




Адамгершілік сапа, патриотизм, ұлттық намыс т.б.




Өзін-өзі және қоршаған әлемдә тану. Ақыл-ой тәрбиесі



Еңбек тәрбиесі

Схема

Ж.Аймауытов бойынша бастауыш мектепте оқытылуға тиіс пәндер

Табиғаттану

Жаратылыстану




Бастауыш мектепте оқытылуға тиіс пәндер:








Ана тілі

Біздің Отан



Тарих

Жағрафия

1918 ж. “Абай” журналының бас редакторы бола отырып, тәрбиемен байланысты бiрнеше ғылыми мақалалар жариялады. Солардың iшiнде 1922 ж. жеке кiтап болып шыққан “Тәрбие жетекшiсi” атты еңбегiн ерекше атап өтуге тура келедi. Ол еңбегiнде Ж Аймауытов “Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы – тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан… Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен” – дейдi.

Автор бала тәрбиесiндегi отбасының рөлiне зор мән бере келiп, “Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт – жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты “ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi” деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады.

Ж.Аймауытов өнегелi үйелменнен де бұзақы мiнездi баланың шығуы немесе тәрбиесi нашар отбасынан да тәрбиелi, өнегелi баланың өсуi мүмкiн дей келедi де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға елiктеуден болатынын дәлелдейдi.

Тәлiмгер-ғалым бала тәрбиесiнде туған елдiң әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрiнiң белгiлi мөлшерде әсер ететiнiн ғылыми тұрғыда дәлелдей түскен.

Ол “ойын-сауық, өлең-жырды естiп өскен елдiң баласы өнерге бейiм болады, дiндар елдiң баласы дiншiл келедi. Жастайынан кемдiк, жоқшылық, қағажу көрiп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады” – деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигiзетiн ықпалына тоқталады.

Оның жазбаларынан Л.Н.Толстойдың “Тәрбие дегенiмiз бiр адамның екiншi бiр адамға жасайтын ықпалы” немесе А.С.Макаренконың “Адамдарды қоршаған орта тәрбиелейдi. Адамның тұтыну заттары, табиғи құбылыс т.б. бәрi тәрбиеге белгiлi әсерiн тигiзедi. Соның iшiндегi ең әсерлiсi – адамдардың қарым-қатынасы, әсiресе ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы ерекше” деген секiлдi таныс пiкiрлер жиi ұшырасады.

Ж.Аймауытовтың пiкiрiнше мұғалiмнiң айналысатыны – үнемi қозғалып, өзгерiп, өсетiн, өркендейтiн тiрi адам болғандықтан, бiркелкi әдiстен табан аумай шектелiп қалуға болмайды… Сабақ үйреншiктi жай шеберлiк емес, ол үнемi жаңаны табатын өнер… Дидактика мұғалiмге жиi жөн-жоба көрсетiп жетекшiлiк етедi… Сыннан өткен тиiмдi деген жолдарды ғана нұсқайды”– деп, оқыту, бiлiм берудiң әдiстердiң догма емес, iзденуден туатын iс-әрекет екенiн дұрыс атап өткен.

Ж.Аймауытов бiлiм негiзi ана тiлi арқылы меңгерiлетiнiн айта келiп, “Ана тiлiн жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндердi түсiну мүмкiн емес. Ана тiлi – халық болып жаралғаннан бергi жан дүниесiнiң айнасы, өсiп-өнiп, түрлене беретiн, мәңгi құламайтын бәйтерегi” – деп, оның қоғамдық рөлiн, оны жан-жақты және терең меңгеру қажеттiлiгiн баса көрсетедi.

Автор, адамның жан қуатын тәрбиелеп жетiлдiрудегi тарих пәнiнiң алар орнын айта келiп “Тарихты оқыту арқылы шәкiрттерге қазiргi өмiр мен өткен заманның байланыс заңдылықтарын ажырата бiлерлiк сана туғызамыз” – дейдi.

Автор мектепте “қандай тарихтың түрiн оқытуды алғаш қолға алу керек?” дегендi де сөз етедi.

“…Алдымен балалардың өздерiне күнделiктi өмiрден жақсы таныс өз жұртының тұрмыс-салты, тыныс-тiршiлiгiне байланысты тарихты оқытудан бастағанды жөн… басқа жұрттың тарихқа керек жерлерiн ғана алу керек” – деп тұжырымдайды.

Ж.Аймауытов осы еңбегiнде туған өлкенiң жағрафиясын оның тарихымен байланыстыра қарастыруды ұсынады. Автор ерте замандағы “половец”, “кеченет” тәрiздi көшпелi жұрттың шаруашылығын қазақ халқының ертедегi тарихымен байланыстыра жүргiзудi қуаттайды.

Көшпелi жұрттың өткендегi салт-санасы, әдет-ғұрпы, шаруашылық кәсiбi және мәдени өмiрiнен хабардар ету үшiн 4-сыныпта әдебиеттi, тарихты және жағрафияны бiрiктiрiп, яғни интеграциялап “Бiздiң Отан” деген атпен оқытуды қажет деген пiкiр ұсынды.

Ж.Аймауытов адам баласының мәдениет тарихынан өнердiң көрнектi орын алып келгенiне, өнерсiз қоғамның дамуы, рухани мәдениеттiң молаюы мүмкiн еместiгiне тоқталып, ұлт мектептерiнде әуелi кескiн (сурет) пен әуез (ән-күй) пәнiн үйретудiң керектiгiн, әрбiр баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабiлетiн тәрбиелеуде бұл пәндердiң маңызын баса айтты.

Ж.Аймауытов 1929 ж. “Комплекстi оқыту жолдары” деген еңбегiнде баланың бiлiмге деген ынта-ықыласын, зейiн-зердесiн арттыру үшiн мұғалiмдерден төмендегi шарттарды орындауды талап еттi. Олар: жаңа берiлетiн бiлiмдi баланың бұрын меңгерген бiлiмiне негiздеу, оқушылардың жаңа бiлiмдi меңгеруiне бағыттайтын проблемалық сұрақтар қоя отырып, олардың назарын меңгерiлетiн жаңа бiлiмге бағыттау, басы артық, қажетсiз мағлұматтарды айтудан сақтану, салыстыру, теңеу, ұқсату, сияқты тәсiлдердi қолдану арқылы балалардың бiлiмге деген қызығушылығын артыру. Тәсiлдердi үнемi жаңартып жандандырып отыру, көрнекiлiктi пайдалану т.б. дидактикалық әдiс-тәсiлдердi сөз етедi.

Сондай-ақ ол “Психология” (1926), “Жан жүйесi және өнер таңдау”(1926) деген оқулықтарын жазып, психология, педагогика, әдәстеме ғылымдарын ұщтастыра оқытуға терең мән бередi.



8. Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы –19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткеріақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.
Өмірбаяны

АтасыЖұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есіміГүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерінФирдоусиСағди,ХафизОмар ҺайямНизамиНауаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқыпАтақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға деген өлең жазды.1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушыБ.Майлинмен танысады.

Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.

Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан,А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.

1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.

1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, БатысЕуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.

1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.

Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды.

Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың“Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды.

Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды. Жұмабайұлы1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.

1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутыркатүрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.

Петропавл қаласыннда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады.1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Мағжан Жұмабаев лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс, батыс ғалымдарын айтып отыр – С.Қ.) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi (интернацианалдық терминдер – С.Қ.) болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым”.

Шынында да ол кезде қазақша педагогикалық терминдар жоқтың қасы едi. М.Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген.


Схема

М.Жұмабаев бойынша дене тәрбиесінің түрлері


Дене тәрбиесі




Ақыл тәрбиесі



Сұлулық тәрбиесі



Құлық тәрбиесі

Схема

М.Жұмабаев бойынша ана тілін үйретудің бағыттары

Оқу, жазуға үйрету

Жазбаша сөзді өркендету




Бағыттары:



Емлеге дағдыландыру

Ұғып оқуға дағдыландыру


Баланың ұғымына лайық ауызша һәм жазбаша әдебиет түрлерімен танысу

Оқу құралының бiрiншi бөлiмiнде педагогиканың жалпы мәселесiне арналған. Оның пiкiрiнше тәрбие саласы төртке бөлiнедi. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi. Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды (1930) онша актуальды мәселе болмаса керек.

Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…” Баланы келешек заманына лайық қылып шығару” – деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi. Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-бағдары да құптарлық. “Ұлт тәрбиесi – деп жазды ол, – баяғыдан берi сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесiмен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi”.

Мағжан сонымен бiрге ұлт тәрбиесiне сын көзiмен қарап, тозығынан озығын айыра бiлуге шақырады. “Киiз үйдiң зиянды жағы болғаны сияқты, – деп жазды ол, – пайдалы жағы да бар. Әңгiме сол киiз үйдiң iшiнде баланы ұстай бiлуде. Шын таза ауа сол киiз үйде болмағанда қайда болады? Ал балаға таза ауа аса қажет… Малмен бiрге жүрiп, бiрге өскен қазақ баласын аса нәзiк қылып, үлбiретiп тәрбие қылмағаны дұрыс болмас… Қазақ баласының тәрбиесi қазақ тұрмысына қабысуы мақұл” дегендi айтады.

Яғни баланы жастайынан шыңдау, өмiрге үйрету қажет дегендi айтады.

Автор “Қазақ бесiгi – аса ұқыптылықпен жасалған нәрсе. Жөргегi, тартпалары, астындағы тесiгi, шүмегi, түбегiмен баланың таза, жинақы жатуына көп себепшi” дей келе, қазақ бесiгiнiң құрылымын жетiлдiрудi (қол, аяқ бауларды жалпақ жасамау және қатты тартып байламау) ұсынады.

Мағжанның “Педагогикасы” он төрт тараудан тұрады. Соның он тарауы ұлттық психологияны сөз етедi. Ол жан көрiнiстерiн ол “бiлу, яки ақыл, сезiм яки көңiл, һәм қайрат деп үшке бөлiп қарастырады. Олардың өзара табиғи үйлесiмiн Абай тұжырымымен байланыстырып, Абайдың “Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста, сонда адам боласың елден ерек” – деуi ақыл (ми) мен ерiк, жiгердi байланыстыру деп қарайды.

Ол сыртқы сезiмдердi: көру, есту, иiскеу, тату, сипау (ет сезiмi) деп беске бөлiп қарастырып, олардың атқаратын қызметiне, ерекшелiктерiне сипаттама бередi. Оларды дұрыс жетiлдiрудiң жолдарын көрсетедi.

Бұларды жетiлдiруде ұлттық дәстүрге сүйене отырып жүргiзудi, мәселен құлынның кiсiнеуiн, қойдың маңырауын, түйенiң боздауын ажырата бiлу арқылы тәрбиелеудi ұсынады. М.Жұмабаев: “Адамның әдемiлiктi сүю сезiмiн тереңдететiн де осы есту сезiмi”, – дей келiп өз пiкiрiн гректiң Орфейi, қазақтың Қорқыт күйлерi туралы ойларымен тиянақтайды.

М.Жұмабаев адам өмiрiндегi қиялдың (фантазияның) рөлiне тоқтала келiп “Қиялы дамымаған адам мылқау адам… Қиял адам ойын дамытады… Ол үшiн балаларға жастайынан қиял-ғажайып ертегiлер айтқызып үйрету керек” дейдi.

Мағжан ой-қиялдың өрiстеудегi тiлдiң рөлiне тоқтала келе “Бiр ұлттың тiлiнде сол ұлттың жерi, тарихы, тұрмысы, мiнезi көрiнiп тұрады… Ұлттың тiлiнiң кеми бастауы – ұлттың құри бастауы… дегендi айтады.

Қорыта келе айтарымыз, Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы мен байланыстыра қарастырады. Сөйтiп, ол қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда қарастырып, тұңғыш этнопедагогика ғылымының теориясын жасаушы болды.


5. Мiржақып Дулатов (1885-1935)

Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері
Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipriҚостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасапетікмәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатаразамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушыЫбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқандаТорғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.

Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.



«Алаш» партиясының басшылары, сол жағында Ахмет Байтұрсынұлы, ортасында Әлихан Бөкейхан, оң жағында Міржақып Дулатұлы, 1917 жылғы сурет

Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.

Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.

Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.

Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.

1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады.1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.

1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
1897 ж. Торғайдағы орыс-қазақ мектебiне түсiп, оны 1902 ж. бiтiрiп шығып 6-7 жыл ауылда мұғалiм болған Мiржақып кейiн Омбы, Қарқаралы қалаларына барады. 1909 ж. Уфада “Оян, қазақ” атты еңбегiн, кейiн “Бақытсыз Жамал” романын бастырып шығарады. “Айқап” журналына әртүрлi тақырыпта мақалалар жазып тұрады. 1913-1917 ж.ж Орынборда А.Байтұрсыновпен бiрге “Қазақ” газетiн шығарады.

Қазан төңкерiсiне дейiн, сондай-ақ Кеңестiк үкiмет жылдарында Алаш үкiметi мен партиясының белсендi қайраткерi болғаны үшiн бiрнеше рет 1922-26 ж.ж. Орынбордағы қазақ ағарту институтында оқытушы болады. 1922 ж. екi бөлiмнен тұратын бастауыш сыныпқа арналған “Есеп құралы”, 1924 жылы “Қирағат” атты оқулығын басып шығарды.

Ұлы педагог Ы.Алтынсариннiң оқу-ағарту мәселесiне байланысты идеяларын әрмен қарай жалғастырып, ол да А.Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие iстерiн ғылыми тұрғыда қарастырды. Оқытудың жаңа әдiс-тәсiлдерiн марапаттап, шәкiрттердiң жаңа бағдарлама бойынша бiлiм алуына, сабақтың ғылыми дидактикалық негiзде жүргiзiлуiне зер салды. Мәселен “Қирағат” атты кiтабының алғы сөзiнде “балаларды – дейдi ол – оқыту өз алдына бiр ғылым. Ғылыми педагогикада… мектеп программасында бiрiншi орыналатын нәрсе қирағат, баяндап оқыту… Қирағаттың мақсатын түсiнбеген мұғалiм үмiт еткен пайданы бере алмайды… Баланы оқыған нәрсесiн бiр-бiрiне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққанын жадында рет-ретiмен һәм толық мағынасымен сақтауға әрекеттендiру керек”. Ал орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский айтқандай, оқу-тәрбие процесiне (жазу, сызу, есептеу, оқу т.б.) шәкiрттердiң сезiм мүшелерiн (көз, құлақ, қол т.б.) тұтастай қатыстырып отыру қажеттiлiгiн мұғалiмдердiң есiне салады. Ғалым оқыту процесiндегi тәрбиенiң ролiне зор көңiл бөле келiп, “Туысынан қанша зеректiк болса да, ғылымымыз тәрбиесiз кемелiне жетпейдi. Кiмде-кiм өзiнiң табиғатында не нәрсеге шеберлiгi барлығын сезiнiп, өз жолына түссе ғана, көзге көрiнедi”…. деп мамандық таңдаудың адам қабiлетiн ескере асырылуын қалайды.

М.Дулатов өзiнiң “есеп құралы” кiтабын бiрiншiден, қазақ өмiрiмен байланыстырса, екiншiден тұңғыш рет елуге тарта материалдық терминдердi тiлiмiзге енгiзудi, үшiншiден оқулықтағы материалдардың бiлiмдiк және тәлiмдiк жағынан бiрдей қарастырылуына зер салды. Сөйтiп, М.Дулатов математикалық оқудың негiзiн салды.



Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары.

(1893-1920 жж)

Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ халқының сүйікті перзенті, асқан дарынды ақыны, ағартушы, педагогі.

Аз жасаса да соңына аса бай, мейлінше қызықты әдеби мұра қалдырған классик ақын, ұлағатты ұстаз, педагог. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен шығармашылыққа арнаған.

Ақын еңбектерінде өзі өмір сүрген дәуірдің өзекті мәселелерін, яғни, оқу-ағарту жайын сөз ете отырып, заман сырын, замандас келбетін көркем кескіндей білген. С.Торайғыров - нағыз ағартушы, педагогқа тән еңбектерінің азабын тартқан жазушы. Ол шындықтың жолымен жүрді.

Ақын өмірінде көпшілікке белгісіз ақтаңдақтар бар, оның өмірінің кейбір кезеңдері туралы білетініміз де аз. С.Торайғыровтың ө мірі мен шығармашылығы егжей-тегжейлі зертеліп, туған әдебиет тарихынан олар орны сараланғанмен, оның ағартушылық қызметі саласында сіңірген еңбегі әлі де болса, өнер қазынасын мұра тұтқан ұрпақтар мойнына жұктелетінпарыз. С.Торайғыровтың педагогика саласына қосқан үлесіне бүгінгі күн биігінен жаңа көзқараспен келуіміз керек, оның шығармаларын талдау арқылы қараңғы қазақ халқын өнер-білімге, мәдениетке шақырып, көзін ашу мақсатында сіңірген еңбегі, бала оқытып, ұстаздық ету жолындағы ақынның шеберлігінің поэтикалық қуатын көрсету қажет.

Сұлтанмахмұт Торайғыров Ресей тарихының, соның ішіншде қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде – тарихи дамулар, күрес – көтерілістер, қиян-кескі соғыстар, ұлы революциялар дәуірінде жасады. Осының бәрі ақынның көз алдында болды; күнделікті қызметіне, шығармаларының тақырыптық мазмұны мен жанр түріне, көзқарасына зор әсер етті, із-таңбасын салды.

Шындықтың аулын іздеп түстім жолға,

Разымын не көрсем де осы жолда.

Шаршармын, адасармын, шалдығамын,

Бірақ бір табармын деп көңілім сонда, - деп бастады. Өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, өзіне, өз халқына өнер, білім, еркіндік, бақыт іздейді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 28 қазанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Оның туған әкесі кедей шаруа, момын, қазақша хат тани білетін адам болды. Болашақ ақынға бар болғаны бір жас толғанда, анасы қайтыс болды. Ол балалық шағынан аштық пен жалаңаштықты, қиындықты көріп өсті.

Сұлтанмахмұт алты жасар күнінде, әкесінен оқып, хат таниды. Осыдан соң 1902-1907 жылдары ауыл молдасына оқуға береді. Ол молдаға оқып жүрген кезінен бастап, сонан көріп, он үш жасында өлең жаза бастайды. Оның тұңғыш жазған өлеңі «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады.

Ол 1908-1910 жж. Баянауыл қаласында ашылған діни медреседе оқиды. 1912 жылы Сұлтанмахмұт Троицк қаласына келіп, мұсылман діни мектебіне оқуға түседі. Онда барып оқуға түскен кезде Сұлтанмахмұт іздегенім табылды, енді дегеніме жетем деген ойға келеді. «Шәкір ойы» деген өлеңінде:

Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға мен кіремін, - дейді ақын Сұлтанмахмұт Троицк қаласында мұсылман мектебінде оқып жүріп, өз бетімен діни емес ғылымдардың негізін оқып ұйренеді, орыс тілін терең меңгереді, ол Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты оқиды. Оның ой-өрісі артады, дүниеге көзқарасы қалыптаса бастайды.

Ол 1913 жылы денсаулығының нашарлауына байланысты ол қаланы тастап, ауылға баруға мәжбүр болады, ауылда ұстаздық қызметпен айналысып, аз уақыт бала оқытады. Біраз уақыт өткеннен кейін Троицк қаласына оралып, сол кездегі алдыңғы қатарлы прогрессивтік бағыттағы, өзінің терең ойымен, демократиялық бағытының анықтылығымен ерекшеленетін «Айқап» журналының хатшылығы қызметіне орналасады. «Айқапта» (1953-1914 жж) жұмыс істеген кезеңі оның қайраткерлерінің, дүние танымының қалыптасу және шығармашылығының жемісті жылдары болды. Сұлтанмахмұттың ағартушылық-демократиялық көзқарасының қалыптасуына бұл кезеңнің мәні айырықша болды.

1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұт өзінің туған елі Баянауылға қайтады. Кейін Тарбағатайда ұстаздық етеді, бұл 1914 жылдың күзі мен 1915 жылдың жазы болатынды, содан кейін Қатонқарағай, Зайсан жағында бала оқытып, ұстаздықпен айналысады.

Сұлтанмахмұт қиян кескі күрес – көтерілістер, сұрапыл соғыстар, ұлы революциялар дәуірінде жасады. Өз заманының азамат ақыны, күресшіл ақыны болды. Бұл жағынан ол ұл Абайдың жолын дамытушы болды.

Абай мен Сұлтанмахмұт арасындағы шығармашылық байланыс жөнінде әңгіме қозғағанда ескеруді керексінетін бір жай бар. Ең алдымен біз Сұлтанмахмұтты ағартушы, педагог ретінде оқыту мәселесі елеулі роль атқарады. Ұлы Абай бала оқытып, оқытушы болмаса да, оның шығармаларының өзінде оқу, ғылым-білімге үндеген мазмұн кеңінен байқалады. Ол да Сұлтанмахмұт секілді өнер-білім қуып, қарңғы қазақты да соған жетелеген, мәдениетке шақырған.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Сұлтанмахмұттың шығармашылығындағы ерекше зерттеуді қажет ететін мәселе оның педагогикаға, тәлім-тәрбиеге және халық ағарту ісіне қатысты ой-пікірлері. Ол тұрмыстың барлық тауқыметі мен зұлматын сейілтетін тек оқу-ағарту, ақыл-ой, ғылым мен өнер деп есептеген.

Сұлтанмахмұт – ұлы Абайдың және Ыбырайдың ағартушылық идеяларын дамытқан ақын. Абай мен Ыбырай өзінің туған халқын қараңғылықтан, надандықтан құтқару үшін, оқуға, білімге шақырған еді, туған халқын жарық күнге шығаруға талпынды. Жастарды өнер-білім жолына түсуге үндеді.

Сұлтанмахмұт тәрбиенің күшіне сенді. Дұрыс тәрбие арқылы адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді. Ақын адамның әділ, адал болуы тәрбиеге байланысты деп қарап, «Сүйекке біткен мінез, сүйекпен кетеді» дейтін көзқарасқа қарсы тұрып, өмірді өзгертуші адам, адал мінезін қалыптастырушы ұлы күш, саналы тәрбие дейді. Бұл көзқарасты Абайдың «Заң қуаты қолымда болса, адам мінезін өзгертуге болмайды деген адамның тілін кескен болар едім» деген қағидасымен ұштасып жатқанын аңғару қиын емес.

Ұстаздық етуден жалықпаған ұлы ағартушы «Оқу» (1911 ж) деген жаңа өлеңнің бірінде:

Надандықтан екенін білмейміз бе,

Көрінгенге болғаның семіз жемдік,

Ел болуға алдымен білім тірек,

Бір сөзді, бір ауызды, намыс керек, - деп білім алуға шақырады.

Алдымен ақынның өмірі өте қысқа болғанымен, оның артына қалдырған мұрасы, халқына істеген игілік істері, қазақ педагогикасына сіңірген еңбегі өте орасан дерлік. Бала оқытуда өзіндік жинақтаған тәжірибесін педагогика саласына енгізген бірден-бір жаңалығы деп айтуға мүмкіндік береді. Ол білім берудің жөні осы екен деп дүмше молдаларша оқушыларды жинап алып, қалай болса солай білім беруді қолдамай, ең алдымен балалардың жас ерекшеліктерін ексере отырып, жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп, дидактиканың жеңілден ауырға қарай қағидасының негізін ұсынып отырғандығын көруге болады.

Сұлтанмахмұт өлеңдерінің тәрбиелік, тағылымдық мәні ерекше.

Ұлтының, жұртының трагедиялық халі қаламгерді қатты тебірентеді, тығырлыққа тіреліп қалмай лирикалық кейіпкерінің жігерін жанып, алау сезімге бөлейді.

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып кұн болам!

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда кім болам?!

Жарық дүниеге 27 жыл ғана қонақ болып, мәңгілік өмірін рухани мұраларымен жалғаған С.Торайғыров шығармашылығы өз кезеңінің шындық шежіресі ғана емес, бүгіннен болашаққа ұласқан қысқа ғұмырының ұзақ та мағыналы жолы, өнер сапарының өнегелі құбылысы деуге әбден болады.



Меңдешев Сейтқали

(1882-1937 )


Меңдешев Сейтқали - партия және мемлекет қайраткері. 1882 жылы Орал облысының Новая Казанка селосында дүниеге келген.
Қазан мүғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін (1903) 13 жыл бойында Бөкей даласындағы ауылдарда мұғалім болып қызмет жасады. Осы жерде ол революциялық-насихаттық жұмысқа қосылып, саяси әдебиеттерді таратумен айналысты, кұпия жиылыстар мен шерулерді ұйымдастыруға қатысты. Мендешев Бөкей ордасында халық мұғалімдерінің қоғамын ұйымдастырды, онда олар алдарына тек кана кәсіби емес, сонымен бірге саяси міндеттер де қойды. Сондай-ақ, Сейтқали мұғалімдік қызметтің неғұрлым озық ойлы жағын біріктіретін Астрахан өзара көмек қоғамының мүшесі болды.

1916    жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін ол тұтқынға алынды және


Астрахан түрмесіне қамалды. 1917 жылғы Ақпан революциясы жылдары ол Новая Казанка селосындағы Ревком ұйымына қатысты.

1917    жылдың қазанында Мендешев большевик С.Генераловпен бірге Бөкей ордасында  ашық революциялық үгіт жүргізеді. Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының құлауы мен тарауына жағдай туғызады. 1918 жылы Бөкей съезінде губатқар-комитетінің мүшесі болып сайланады, ал 1919 жылы оның төрағасы болады.

С.Мендешев үшін оның өмірінде 1919 жыл айрықша айтарлықтай болды. Ол алғашқы қазақ атты әскері полкін құруға және облыста бірінші комсомол ұйымын құруға қатысады, «Мүғалім» журналының жұмысын дұрыстайды, бірінші Кеңес Конституциясын қазақ тіліне аударуды ұйымдастырады.

1919 жылғы шілдеден ол - РСФСР Кеңхалкомы жанындағы ВРК-нің Қырғыз (Кязақ) өлкесін баскару ісінің мүшесі мен оның төрағасының орынбасары. 1920 жылы 25 тамызда РКП (б) OK Мендешевті РКП (б) Қырғыз облбюросының құрамына енгізеді. 1920 жылы Мендешев ОАК-нің бірінші төрағасы болады. Ол қалыңмал, күн төлеуді жою, көп әйел алушылықты тыю жөніндегі декреттерді дайындауға күш-жігер жұмсады.

С.Мендешев, С.Сейфуллин және Ә.Жанкелдин 1921 жылы Мәскеуде өткен РКП (б) OK Бірінші мәжілісіне ұлттық республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерімен бірге барды. Мәжілісте Шығыс халықтарының коммунистік ұйымдарының Орталық бюросы түркі халыктары арасындағы үгіт пен насихат Орталық бюросына айналдырылды. Оның құрамына Казақстаннан Мендешев сайланды. Сейтқали Мендешев жаңа салықтық саясаттың негізін жасауда үлкен рөл атқарды. 1924 жылы Мендешев республика үкіметінің құрамына жұмысшы қазақтарды тарту жөніндегі ұсыныстарды жасау үшін құрылған арнайы комиссияның жұмысына белсене қатысты.

1926 жылдан 1930 жылға дейінгі аралықта Мендешев Мәскеуге шакырылып алынды және РСФСР (ЭКОСО) экономикалық мәжілісінің мүшесі болып тағайындалды 1930-1937 жылдары ол Қазақ Республикасы оку ісі халкомы, ғылым жөніндегі комитеттің қорықтар мен ескерткіштерді қорғау жөніндегі Кеңхалкомы басқармасының бастығы Қазақстандағы аштықпен күресу жөніндегі Төтенше комиссияны баскарады. Орта Азия республикаларының ұлттық-мемлекеттік бөлінісі жөніндегі комиссияның жұмысына қатысты. 1928 жылдан 1929 жылға дейін ұлттық республикалардағы жерді пайдалану жөніндегі мәселелерді шешу жөніндегі КСРО OAK комиссиясының жөне конституциялық комиссияның мүшесі болды. КСРО OAK Чувашия Кеңестерінде сайлау өткізу жөніндегі уәкілі. БОАК жөне КСРО OAK мүшесі, Республика OAK мүшесі. 1924-1925 жылдары КСРО  OAK Президиумының мүшесі. Коминтерннің бесінші конгресінің делегаты.



С. Меңдешев елеулі әдеби мұра қалдырды. Оның жарық көрген мақалалары мен баяндамаларының тізімі 40-тан асады.

Халел Досмұхамедов

(1883-1937)

Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.

1883 ж. сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген.

Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.

Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен. Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.


1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереевтермен бірге сайланды. 1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды.  1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды.  1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.
Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедов бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті.
Ол «Табиғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі» (қазақша орысша жаратылыстану сөздігі), «Оқушылардың денсаулығын сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер», «Сүйектілер туралы» т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.
Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі — сингармонизм заңын зерттеді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы» сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай — Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды.
Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған.
1924 жылы Ресей Ғылым Академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланады, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты.
Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды.
Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады.
1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді.
Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды
Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген.
Халел Досмұхамедов, Алашорда үкіметінің Орал облысынан сайланған белді мүшесі, Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, жан-жақты білімпаз-ғалым, мамандығы жағынан әскери дәрігер. 1883 жылдың 24 сәуірінде бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, №4 ауылында дүниеге келген. Алғашында Ойыл болыстық қазақ мектебінде оқып, 1895 жылы тамыз айында Орал әскери жолды училищенің дайындау бөліміне түсіп, училищені 1903 жылы кілең 5-ке бітіріп, сол жылы Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медицина академиясын 1909 жылғы 17 қарашада үздік емші-дәрігер атағымен бітіріп шығады. Бір қызығы, академияда оқып жүрген кезінде, сол кездегі қалыптасқан тәртіп бойынша, академия бастығының 1908 жылғы 10 желтоқсандағы рұқсатымен Тоқтыбаев Сағира Жұмағашқызына үйленеді. Академияда оқып жүргенде-ақ ол баспасөз беттерінен империяда болып жатқан әр түрлі саяси толқулардың мән-жайын түсіндіріп, оның шет ай­мақтағы қазақ даласын қамту мүмкіндігін ашып айтып, оған алдын ала дайын отыруын ескертеді. 1905 жылы Теке (Орал) қаласында бес болыстан жиылған сиезге қазақ оқығандары Ресей кадет партиясының үлгісімен саяси ұйым құруға әре­кеттенеді. Олардың арасында студент Халел де бар болатын.
Академияны бітірген соң міндетті медициналық қызметін не әскери, не теңіз салаларында өтеуге тиіс болғандықтан, әр түрлі әскери бөлімшелер­де әскери дәрігер қызметін атқарады. Оба індетіне қарсы күресті. 1913 жылы міндетті әскери қызметінен босап, Темір уезіне бөлімшелік дәрігер болады. Сол кезеңдерде «Қазақ» газетінде жұқпалы аурулардан қорғану, әр түрлі жалған емшілерге емделмеу сияқты пайдалы кеңестер ұсынады. Кітапша да шығарады.
Ақпан төңкерісінен соң ұлтжанды азамат ретінде Халел де туған халқы­ның болашағы үшін саяси күреске араласады. Орал облыстық қазақ сиездеріне қатысып, әр түрлі заң жобаларын дайындап ұсынады.
1917 жылы мамыр айында өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысады. 1917 жылы шілдеде өткен жалпы қазақ сиезінде Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылады. Сол жылғы желтоқсанда өткен жалпы қазақтың сиезінде Алашорда үкіметінің мүшелігіне Орал облысы атынан сайланады. 1918 жылғы наурыз айында Жанша Досмұхамедовпен бірге Кеңес үкіме­тінің басшысы В.И.Ленин және И.В.Сталинмен кезігіп, келіссөз жүргізіп, олардың алдына біршама талаптар қойып, біраз ақшалай жәрдем алуға қол жеткізеді.
1918 жылдың мамыр айында Жанша екеуі Оралда сиез ашып, онда «Ойыл уалаятының уақытша үкіметін» жариялайды. Әскер жасақтайды. Кіші әскери мамандықтарын даярлайтын оқу орнын ұйымдастырады. Қа­зақ жасақшыларына қару-жарақ алуға, банк ашуға, баспахана ұйымдас­тырып, газет шығаруға көп еңбек сіңіреді. 1918 жылы қыркүйек айында Уфа қаласында өткен алаш басшыларының жиналысында «Жер шалғайлығы мен жол қатынастарының нашарлығынан бүкіл елді бір орталықтан басқару қиындығын» ескеріп, «Ойыл уалаяты» ресми түрде мойында­лады. Оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат беріледі де батыстағы бірнеше уез жерін басқару құқын Азамат соғысы жылдарында Батыс алашорда бөлімшесінің әскери жасақтары әр түрлі ұрыс қимыл­дарға қатысады. Кеңес өкіметі орнаған соң басқа да алаш қайраткерлері сияқты ол да ел басқарудан оқшауландырылады.
1920 жылы Ташкентке, Түркістан өлкесіне келіп әр түрлі ғылыми, оқу-ағарту салаларында жемісті еңбек етеді. Педагогикалық білім тарату, оқу­лықтар жазып шығарумен айналысады. Жаңа терминдер қалыптастыруға ат салысады. «Табиғат тану», «Жануарлар», «Сүйектілер туралы», «Оқушылардың денсаулығын сақтау» және тағы басқа оқулықтар жазады. Халелдің ауыз әдебиетін жинастырып, баспа бетіне шығарудағы еңбегі зор. Махам бет, Мұрат ақынның жырларын, Шернияз бен Ығылманның толғауларын жинастыруда өшпес еңбек етті. «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы», тарихи шежірелер туралы ғылыми зерттеу жұмыстары да өлшеусіз. Ташкенде «Сана» атты ғылыми-көпшілік, әдеби журналын шығарып тұрды. 
1928 жылы ашылған қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Абай атын­дағы пед. унив) құруға белсене араласты. Университеттің профессоры атағын алды. 1930 жылы ұсталып, Воронежге жер аударылады. Онда дәрігерлік қызметте болып, 1935 жылы мерзімі бітсе де, сонда қалады. 1938 жылы қайтара ұсталынады да, 1939 жылғы үкіммен ату жазасына кесіледі. Сол жылғы 19 тамызда түрме ауруханасында аурудан қайтыс болады.
Халел – студент күннен-ақ ұлтшыл, жинаған білім қазынасын халыққа таратуды өзіне борыш санаған һәм сол пікірін іспен көрсете бастаған қазақтың үмітті ұлы еді. Досмұхамедұлы Халел – аумалы төкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, өмір мен өлімнің бел ортасында жүрсе де азаматтық тұлғасына дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі, мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. Халқының жан саулығы мен тән саулығының шипагері бола білген Халел арнайы шақырумен Орынбор қаласында өткен Жалпы қазақ қырғыз съезіне қатысады. Осында қазақ қырғыз өлкелік автономиясы жарияланады, Алашорда өкіметі құрылады. Ол соған мүше болып сайланады. 
Жеке адамға табыну дәуіріндегі алғашқы қуғын сүргін зұлматына алдымен халқымыздың маңдай алды аяулы азаматтары ұшырағаны белгілі. Солардың бірі болып, КазПи де проректор болып жүрген Халел тұтқындалып, Воронежге жер аударылды. Сонда жүргенде қайта тұтқындалып, әуелі Мәскеу, содан соң Алматы түрмесінде отырды. 1937 жылы әскери трибуналдың үкімімен атылды. Халқыма қызмет етуден артық бақыт жоқ деп, бар мағыналы өмірін осы жолға арнаған аяулы азамат осылайша зұлымдықтың құрбаны болды. Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды. Бір дерек:

Алғашқыда біз де Маратты көптің бірі деп ойлағанбыз. Әдеттегідей адам сөйлескенше деген, танысып барып білістік. Жүрегі жұртым деп жылап тұрған, қарапайым, намысқой, ұлты үшін басын тігуге бар. Қазір елуді еңсерген, қара еті еңбекпен піскен қайыстай қараторы жігіт ағасы.


– Өкініштісі сол, – деді ол, – біздің әулет өмірдің рахатын сезінбей өтті. Халел атам ұлты үшін  жаралған жан еді. Сол кезгі билік қуғындаумен болды. Ақыры түбіне жетті. Ал, ұрпақтары ше? Дені дұрыс қызмет бермей, төрт құбылаға тентіретіп жіберді. Соңына шам алып түскендер бір жерде тұрақтанып тұруға мүмкіндік бермеді. Оның ауыртпалығы мен ащы сабағын немересі мен де сезіндім. Алматы медицина институтының үшінші курсынан оқуды тастауға тура келді. Себеп – анамның 70 сом зейнетақысына қарап, күн көру мүмкін емес еді. Әкем ерте қайтыс болды. Тірі адам тіршілік етеді, амалсыз басымды бейнетке салдым..

Мараттың әңгімесіне қарағанда, көп мәселе көлеңкелі сияқты. Оны ашып айтатын уақыт туды. Біз бұған бармас бұрын, Халел Досмұхамедов кім болды, оны не үшін жазықты етті, енді соны сабақтайық. Халел Досмұхамедов 1883 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған құмында туған, Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1894 жылы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады. Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен. Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті “Фикр” (Пікір), “Уральский листок” газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды. 1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б.Қаратаев, М.Бақыткереевтермен бірге сайланды. 1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды. 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды. 1913-18 жылдары “Қазақ” газетінде “Тамыр дәрі хақында”, “Сары кезік — сүзек”, “Жұқпалы ауру хақында” сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. “Как бороться с чумой среди киргизского народа” (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан  төң­керісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге “Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері” атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. 1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер – халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді. 

1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым – “Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін” жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған “Алашорданың батыс бөлімшесі” деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, “Еркін қазақ” газетін шығаруға көп еңбек сіңірді. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жаны­нан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. “Табиғаттану”, “Жануарлар”, “Адамның тін тірлігі”, “Оқушылардың саулығын сақтау”, “Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер”, т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды. 


Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі – сингармонизм заңын зерттеді, “Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы”, “Шернияз шешен”, “Алаш не сөз”, “Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана”, “Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі”, “Диуани лұғат ат-түрік”, “Кенесарының соңғы күндері”, “Қазақ әдебиетінің тарихы” сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. “Мұрат ақын сөзі”, “Исатай — Махамбет”, “Аламан” жинақтарын шығарды. 1924 жылы Ресей ҒА-ның Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланды, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі АлМУ) ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, Қазақ мемлекеттік университетінің  әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды. 
Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады. 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып Мәскеуге, кейін Алматыға әкелінді. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді. Ал, 1958 жылы 11 ақпанда ақталды. Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген.

Жалпы, Халелден Рабиға, Әділхан, Сәуле, Қарашаш, Төле деген бес ұл-қыз тарайды. Мұның бәрі де жоғары білім алып, елге елеулі еңбек сіңірген. Бір қызығы әулеттен 13 ұрпақ ата жолын жалғап, дәрігер мамандығын иеленіпті. Бұл туралы толықтай айту бір мақалаға сыймайды. Сондықтан Қызылордаға қатысты жағын ғана қарастыруды ұйғардық. Досмұхамедовтер отбасына келген нәубет бала-шағасын тарыдай шашып жіберді дедік. Әділхан Сыр елін сағалады. Алдымен Шиелі аудандық ауруханасында, сосын республикалық алапес ауруын емдеу мекемесінде дәрігер болды.

О баста Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы дайындық курсын үздік бітірген жылы әкесін “халық жауы” ретінде Воронежге жер аударғанда, оның кесірі баласына да тиді. Әрі қарай оқудың сәтін салмады.
– Адам деген ең төзімді тіршілік иесі ғой. Қанша қиыншылық қыспақтаса да тауқыметке төтеп бере алған. Алдамшы өмірде де айтарлықтай асу бар, оған жеткен де кем болмасы анық. Әкем Әділхан Ұлы Отан соғысынан ауыр жараланып, І топтағы мүгедек болып келді. Бірақ бейнеттен қашпады. Өзін еңбегімен дәлелдеді. Апайым Қарашаш пен ағам Төле екі көзден қалса да ғылымға, өмірге ұмтылысын тоқтатқан жоқ. Ақыры ғылыми еңбегін зерттеп, қорғады. Міне, біздің әулет қандай нәубет төнсе де мұқалмай, мүмкіндігін мағлұм етті. Қазір атамнан тараған ұл-қыздың біреуі де қалмады. Немереден жалғыз мен тірімін.

Әкем Қызылордаға келгенде ешкімге тіс жарып айтпаса керек. Өйткені, “халық жауының” баласы деген жаман аттан әбден шаршаған секілді. Ол 1968 жылға дейін еңбек етіп, зейнетке шықты. Осы жерде бір айтарым, әкем кезінде мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевпен Алматыда, №14 мектепте, сосын ҚазМУ-дің дайындық бөлімінде бірге оқыған. Қарашаш апайым Қарғалы демалыс үйінде ОК-ның іс басқарушысымен кездесіп, оған әкем жайлы айтқан екен. Содан көп ұзамай Орталық комитеттен шақырту алды. Қонаев қабылдап, Алматыдан үй берді. Екеуі ұзақ сөйлескен сияқты. Димаш аға әкемнің басындағы жағдаймен таныс болатын. Іштегі қатып қалған шерін досына ақтарған ғой деп ойлаймын. Екі күн өтпей әкем ауруханаға түсті де, араға бірнеше уақыт салып өмірден өтті. Кейін білгенім, Қонаев әкемнің жиені Халел Досмұхамедов қорының президенті Динаны әлеуметтік қамсыздандыру министрі етіп тағайындаған еді. Соған айтқан екен, ағаң өте үздік оқыды, бірақ арманына жете алмай кетті деп. Шынында, жер аударылып Воронежге барды, Астраханьда мединститутта оқыды, оны Алматыда әрең аяқтады. Әйтеуір сол кезгі саясат оқытпауға да, қызметке орналаспауға да әрекет етіп тырысты.


Мен Қызылордадағы №3 мектепті бітіргенмін. Алматыда, Астраханьда жұмыс жасадым. Қазір “Қыран-СТС” еншілес ЖШС-да директордың орынбасарымын. Атам атыраулық болса, әкем мен маған Сыр елі туған жеріміз. Жұбайым Ғалия екеуміздің Гүлназ, Әсел есімді екі қызымыз бар. Үлкеніміз ҚазҰУ биотехнология факультетіне грантпен оқуға түсті. Кішіміз “Парасат” мектебінде оқушы. 1994 жылы Атырау мемлекеттік университетіне Халел Досмұхамедовтің есімі беріліп, үлкен шара жасалды. Соған ұрпағын шақырып, құрмет көрсетті. Мені үлкен ілтипатпен төрге оздырып, кіші басымды көкке көтерді. Содан он жыл өткенде университетте әлгіндей шара тағы ұйымдастырылды. Бірақ бұл жолы басқа немере пайда болды. Соған әлі таңмын, ол кім деп. Себебі, менен басқа тірі немере қалмады ғой. Бәлкім, ұлы адамға ұрпақ болғысы келетіндер көп шығар, солардың бірі болар дедім. Оқу орнының басшыларына хат жазғым да келді. Ойлана-ойлана мынадай пікірге тоқталдым: расында, немере екенімді бәрі біледі. Одан артық не керек.
Қазір Халел Досмұхамедов атындағы қор жұмысын қайта жаңғыртсам деймін. Оған жергілікті билік иелері қолдау білдіріп жатса тіпті жақсы. Қазақ үшін жанын пида еткен марқасқаны тірілту әрбір азаматқа парыз екені айқын. Сондықтан қор жұмысы Қызылордада қанат жайды деген қандай абырой болса, сол жолда мен дайынмын, – деді Марат.

Иә, күнделікті күйбеңмен ескере бермейтін осындай жандар арамызда жүр. Біреуге алақан жаятындай адам емес, кәдімгі тектінің тұяғы десек жарасады. Оның Қызылорда үшін жасаймын деген жобалары өте көп. Жақсы тірлікті мақсаттаған Мараттан осындай әңгіме естідік. Бір қынжылатынымыз, айналамызда жүрген адамдарды әлі дұрыс танымайтынымыз екен. Барды бағалай алсақ, әлі кеш  емес.




МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ..................................................................................................3


ПЕДАГОГИКА – ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ ҒЫЛЫМ
§ 1. Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым ................................................4

§ 2. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы ..............................................5


БІРІНШІ БӨЛІМ

ШЕТЕЛ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
I тарау. ТӘРБИЕНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
§1. Тәрбиенің пайда болуы…………………………………………………7

§2. Тəрбие əдістері


II тарау. КӨНЕ ДҮНИЕДЕГІ МЕКТЕП

ЖӘНЕ ТӘРБИЕ
§ 1. Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы тәрбие және оқыту .10

§ 2. Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі ..................................................15

§ 3. Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы ...........18

§ 4. Сократтың педагогикалық теориясы ..................................................19

§ 5. Платонның педагогикалық теориясы ..................................................21

§ 6. Аристотельдің педагогикалық теориясы ............................................23

§ 7. Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы ........25

§ 8. Квинтилианның педагогикалық көзқарасы ........................................26


III тарау. ЯН АМОС КОМЕНСКИЙДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ТЕОРИЯСЫ

(1592-1670)
§1. Ян Амос Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері .................27

§2. Я.А.Коменскийдің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы……...30

§3. Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы………………………………….32

§4. Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны……………..33

§5. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы………………………………..36

§6. Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы……………………………..40

§7. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы…………….43

IV тарау. ЖАН-ЖАК РУССОНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ТЕОРИЯСЫ (1712-1778)
§1. Жан-Жак Руссоның қысқаша ғұмырнамалық деректері……………45

§2. Тәрбиенің мақсаты мен сипаты…………………………………….47

§3. Руссоның педагогикалық көзқарасы…………………………………49
V тарау. ИОГАНН ГЕНРИХ ПЕСТАЛОЦЦИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ (1746-1827)
§1. И.Г.Песталоццидің педагогикалық қызметі………………………….50

§2. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері туралы…………………………...52

§3. Дидактика мәселелері туралы. Элементарлық білім беру теориясы…54

§4. Песталоццидің педагогикалық теориясының маңызы……………...…57



VI тарау. АДОЛЬФ ДИСТЕРВЕГТІҢ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ТЕОРИЯСЫ (1790-1866)
§1. Дистервегтің педагогикалық қызметі мен ғұмырнамалық деректері…………………………………………………………………………….58

§2. Дистервегтің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары…………..60

§3. Дистервег еңбектеріндегі дидактика мәселелері………………………62

§4. Дистервегтің педагогикалық жүйесінің маңызы………………………64


ЕКІНШІ БӨЛІМ

РЕСЕЙ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
VII тарау. XVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙДЕГІ МЕКТЕП

ПЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР
§1. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогикалық ой-пікір……………………………………………………….65

§2. М.В.Ломоносов пен А.Н.Радищевтің педагогикалық ой-пікірлері………………………………………………………………………...67

§3. М.В.Ломоносовтың Ресейде ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуындағы ролі (1711-1765)………………………………………………...67

§4. Москва университеті және оның мектеп пен педагогикалық ой-пікірдің дамуына ықпалы……………………………………………………………….

§5. А.Н.Радищевтің педагогикалық көзқарастары (1749-1802)…………….70
VIII тарау. В.Г.БЕЛИНСКИЙ МЕН А.И.ГЕРЦЕННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
§1. В.Г.Белинскийдің педагогикалық көзқарастары (1811-1848)…………72

§2. А.И.Герценнің педагогикалық көзқарастары (1812-1870)…………….76


IX тарау. Н.И.ПИРОГОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ҚЫЗМЕТІ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ (1810-1881)

§1. Пирогов ұсынған мектеп жүйесінің жобасы……………………………79

§2. Негізгі дидактикалық қағидаларды Пирогов оқытудың мәнділігі, белсенділігі және көрнекілігі.

§3.Пирогов ұсынған мектеп жүйесінің жобасы……………………………80


X тарау. Н.Г.ЧЕРНЫШЕВСКИЙ МЕН Н.А.ДОБРОЛЮБОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
§1. Н.Г.Чернышевскийдің педагогикалық көзқарастары (1828 – 1889)……………………………………………………………………………82

§2. Тәрбие мен білім берудің мазмұны және әдістері………………………85

§3. Н.А.Добролюбовтың педагогикалық көзқарастары (1836-1861)………87

§4. Оқушылардың тәртібі туралы. …………………………………………...89


XIтарау. К.Д.УШИНСКИЙ – ОРЫСТЫҢ ҰЛЫ КЛАССИК-ПЕДАГОГЫ (1824-1870)
§1. К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі…………………91

§2. Тәрбиенің халықтық идеясы туралы……………………………………93

§3. Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері………………..95

§4. Оқытудың дидактикалық негіздері…………………………………….96

§5. Мұғалімнің жеке басының үлгісі………………………………………99

§6. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы және оның басқа халықтардың алдыңғы қатарлы педагогтарына әсері…………………….100


XII тарау. Л.Н.ТОЛСТОЙДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ҚЫЗМЕТІ МЕН КӨЗҚАРАСЫ (1828-1910)

§1. Лев Николаевич Толстойдың қысқаша ғұмырнамалық деректері…………………………………………………………………………103

§2. Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарасы…………...104

§3. Л.Н.Толстойдың педагогикалық көзқарасы………………………….105

§4. Л.Н.Толстой дидактиканың мәселелері……………………………….106

ҮШІНШІ БӨЛІМ

КЕҢЕСТІК ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ
XIII тарау. 1917-1941 жж. КЕҢЕС МЕКТЕБІ МЕН

ПЕДАГОГИКАСЫ
§1. Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдары…………………………………………………………………………108

§2. Мектептегі білім беру жүйесінің дамуы……………………………...110

§3. Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру……………………………………………………………………………….112

§4. Мектеп туралы қаулылар………………………………………………113

§5. Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы……………………115

XIV тарау. А.С.МАКАРЕНКОНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ЖҮЙЕСІ (1888-1939)
§1. А.С.Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі……………….118

§2. А.С.Макаренко тәрбие мәселесі туралы……………………………….121

§3. А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімі………………………………..122

§4. Ұжымның даму кезеңдері………………………………………………123

§5. А.С.Макаренко еңбектеріндегі психология мәселелері……………...124

§6. Жанұя тәрбиесі туралы………………………………………………...126

§7. А.С.Макаренко және қазіргі заман……………………………………127
XV тарау. 1917-1941 жж. КЕҢЕС МЕКТЕБІ МЕН

ПЕДАГОГИКАСЫ
§1. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы (1918-1970)………………………………………………………………………………128
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ


XIV тарау. ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР (VI-XVII ғғ.)


§1. Қазақ даласының ғұламаларының педагогикалық идеялары……

Қорқыт Ата (VIII ғ.)………………………………………………………133

Қорқыт ата тағылымын әр жолы тұнған имандылық………………….134

§2. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)……………………………………….138

§3. Жүсіп Баласағұни (1020) Құтты білік дастаны……………………….146

§4. Махмұт Қашқари (1029—1101)………………………………………..149

§5. Қожа Ахмет Ясауи (шамамен 1093, кейбір деректерде 1103 ж.-1166 ж.)

«Диуани Хикмет» Қожа Ахмет Ясауи ілімі................................................152

§6. Ахмед Иүгінеки (12 ғ. соңы – 13 ғ. басы)..............................................160

Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі және ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастары..................................................................................................161


XV тарау. XVIII ғ.- XIX ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДА МЕКТЕП ПЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР


§1. Махамбет Өтемісұлының тәлім-тәрбиелік идеялары (1804-1846)

§2. Махамбет шығармалары

XVI тарау. XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ МЕКТЕП ПЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРДІҢ ДАМУЫ


§1. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865)

Кадет корпусы

Шоқан Уәлиханов шығармалары

Психологияда қалдырған ізі

§2. Ыбырай Алтынсарин (1841—1889)


§3. Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904)

§4. Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары (1858-1931 жж.)


§5. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)

§6. Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары (1875-1921 жж.)


§7. Меңдешев Сейтқали (1882-1937 ) .............................................


§8. Халел Досмұхамедов (1883-1937)

§9. Мiржақып Дулатов (1885-1935)

§10. Нәзипа Құлжанова (1887-1934)

Алғаш мектепте тәрбиенің негізін салушы


§11. Жүсiпбек Аймауытов (1889-1931)

§12. Мағжан Жұмабаев (1893-1938)


§13. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары (1893-1920 жж)



Педагогика

«Білім» тобы

Мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Тұран» баспаханасында басылды.

Басуға 12.04.2016 ж қол қойылды. Пішімі 60 х 84/17

Офсеттік басылыс. Көлемі 14,8 баспа табақ.



Таралымы 700 дана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет