|
|
бет | 104/123 | Дата | 08.02.2022 | өлшемі | 1,65 Mb. | | #118912 |
| Байланысты: УМКД педагогика 2018 Құқықтық тәрбие – қоғамдағы нормалар мен заңдарды құрметту дағдыларын қалыптастыру.
Құзыр (компетенция) – қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау.
Қызығу – пәнді немесе құбылысты меңгеруге байланысты адамдардың белсенді танымдық бағыттылығы.
Лицей - 2-ші не 3-ші сатыдағы оқушыларды қамтиды, әрі жоғарғы сатыдан бастап кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асырады.
Лабораториялық жұмыстар - арнайы құралдарды пайдаланып, мұғалімнің басшылығымен оқушылардың құбылыстарды, заттарды зерттеуі.
Лабораториялық эксперимент – арнаулы жағдайда, оқушылардың белгілі бір тобымен өтеді.
Мадақтау - оқушының жақсы іс-әрекетін ынталандыру әдісі.
Макрофактор – жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін бүкіл әлем, космос.
Мақсат - субьект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі.
Мангейм жүйесі – оқушыларды қабілетіне қарай саралап оқыту.
Мәдениет – латын тілінен аударғанда өңдеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Мәдениет дегеніміз материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|