Педагогика


Дәріс №15-16 Тәрбиенің құралдары мен формалары



бет37/123
Дата08.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#118912
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   123
Байланысты:
УМКД педагогика 2018
УМКД педагогика 2018 , 16-18 Рк2, 1. Бас с?йек ми нервтерін тексеру ?дістері 2, 4 Жазықтықтар, sor-2-9-2-chetvert
Дәріс №15-16 Тәрбиенің құралдары мен формалары


Жоспар

  1. Тәрбиенің құралдары мен формалары туралы түсінік

  2. Оқушылармен тәрбиелік жұмыс формаларының негізгі топтары

  3. Тәрбие құралдары

  4. Тәрбие құралдарын, формаларын және әдістерін анықтаудағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі



Мақсаты: Тәрбиенің формалары мен құралдары туралы түсінік беру, тәрбиелік жұмыс формаларына сипаттама беру.


Негізгі ұғымдар: педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері, құралдар, формалар, әдістер.
Тәрбие құрал – жабдықтары – бұл әлеуметтік тәжірибенің педагогикалық тәуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тәрбиелік ықпал жасаушы әрқандай заттың бәрі тәрбие құрал – жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сәт көріністері және т.б. – тәрбиелік ықпалға ие. Тәрбие құрал – жабдықтары тәрбиеленушіге өздігінен әсер етеді, сонымен бірге оларды тәрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.
Тәрбие құрал – жабдықтары қандай да тәрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тәрбие әдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тәрбииеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды – техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психология-лық көңіл – күй шуағын береді, іс - әрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рәмізін айқындай түседі, т.с.с.
Құрал – жабдықтар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, инабаттылық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт.
Педагог даралығына негізделген әдістермен құрал – жабдықтар бірлігі тәрбиелік іс - әрекеттер формасына арқау болады.
«Форма» терминінің мәні: 1) тәрбие процесінің сырттай көрінісі; 2) тәрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; 3) тәрбиеленушілер-дің ұжымдық және жеке – дара іс - әрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі. Сонымен, форма – бұл тәрбиелік істер процесіндегі тәрбиеленушінің тәрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.
Тәрбиелік жұмыстар өз кезегінде төменгі аталған тәрбиелік қызметтерді орындайды:
- ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тәрбиелік жұмысқа қатысушы-лардың өзара ықпалды әрекеттерінің қисынын бейнелейді;
- реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде әлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;
- ақпараттық: тәрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймастан, олардың өзіндік тәжірибелеріне арқа сүйеп, бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады.
Тәрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір форманың басқаларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға тәуелді:
- уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут); ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта);
- тәрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер;
- педагогтың ықпал жасау тәсілі: тікелей, жанама;
- нәтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мәнді өнім;
- қатысушылар саны: жеке – дара (тәрбиеші – тәрбиеленуші), топтық (тәрбиеші – оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тәрбиеші – бірнеше топ) формалары.
Қатысушылар санымен ажыралған тәрбиелік жұмыстардың кейбір формаларының ерекшеліктерін қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет