Педагогика


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттары



бет13/123
Дата08.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#118912
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   123
Байланысты:
УМКД педагогика 2018

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттары
1) Нәтиже бағдары мен құзырлылық тәсілге (жол) бағдарланған білім беру құндылықтары.
2) Білім беруді бағдарландыру – оқытуды саралау және даралау құралы.
3) Білім мазмұнының гимназиялық және лицейлік компоненттер.
4) Қашықтықтан оқыту технологиясы.
5) Оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңашылдық, инновациялық модельдері.
6) Қоғамдық белсенді мектеп, серіктестік тетігі ретінде.
7) Ауыл мектептерінде білім беру сапасының тетігі мен білім берудің инновациялық үлгісі.
8) Әдістемелік жұмысты жаңа әдіснамалық негізде дамыту.
Мектеп қоғамның жағдайы мен даму тенденциясының көрсеткіші болып табылады. Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңарулар білім беру жүйесіне де өзгерістер әкелді.
Соңғы 10-15 жыл ішінде мектептегі оқу жүктемесінің көбеюі оқушылардың денсаулығына зиянын тигізуде. Кейбір пәндер бойынша оқытылатын материалдың көлемін сақтай отырып, оқытуға бөлінген сағат санының қысқаруы үйге берілетін тапсырмалардың көлемінің көбеюіне, сөйтіп балалардың шамадан тыс шаршауына әкеледі. Оқу жоспарын орындауға көңіл бөлген мұғалімдердің оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеруіне мүмкіндіктері болмады.
Міндетті 11 жылдық, толық 12 жылдық орта білім беру арқылы отандық білім берудің сапасын арттыруды, бәсекелестікке қабілеттілікті қамтамасыз етеді.
Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының жалпы орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді.
Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты.
Еуропа кеңесінің (1992 ж.) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда. Олардың ішінде дамыған елдерден: АҚШ, Жапония, Германия, Франция және тағы басқалар. ТМД елдерінен 12 жылдық оқыту мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері таңдады.
Қазақстанның 12 жылдық білім беруге көшуі білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді.
12 жылдық білім берудің басты мақсаты:
Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет