ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқыту түрі: күндізгі, сырттай
Көкшетау, 2018
Әдістемелік нұсқаулар педагогика пәнінің оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және СОӨЖ сабақтарға арналған талаптарын орындауға қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.
Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының отырысында қарастырылған
«28 » 08 2018 ж. хаттама №1
Кафедра меңгерушісі Навий Л.
Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
« 29 » 08 2018 ж. хаттама №1
ОӘК төрағасы Құрманова А.Қ.
Кіріспе
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – кредиттік жүйедегі оқытудың бір формасы. Ол дәрісханада өтеді. СОӨЖ екі функцияны атқарады:
Кеңес беру функциясы:
Оқу жұмыс жоспарына енетін пән бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындауға педагогикалық мақсатта көмек көрсету. Оқу материалын меңгеруде студентке жұмыс әдістерін таңдауға көмектеседі. Оқу материалын бекіту тапсырмаларын орындау мүмкіндігі бар.
Оқу материалын тереңірек түсінуге ықпал етеді. Талап бойынша, студенттер алдын-ала дайындалатын нақты тақырыппен өтеді.
Студенттің өзін қызықтыратын ғылыми жұмыспен терең айналысуына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |