Педагогика



бет76/123
Дата08.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#118912
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   123
Байланысты:
УМКД педагогика 2018

Бақылау функциясы:

  • Студенттердің білімін күнделікті тексеру. Осы сабақта студент бағдарлама бойынша бақылау жұмыстарын, СӨЖ тапсырмаларын тапсырады.

  • Неғұрлым жоғары балл алу үшін нақты мүмкіндік туады.

Кейбір студенттер, әсіресе 1-курстағылар өздігінен білім алуға әлі дайын болмайды. Біреулері көмек сұрамайды, екіншілері өздерінің оқудағы кемшілігінің себебін білмейді, үшіншілері өздерінің жұмыстағы кемшіліктерін көрмейді. Тек оқытушының басшылығымен, оқытушымен бірлесіп қана туындаған қиындықтан шығатын жолды табуға болады.
СОӨЖ сабақ кестесіндегі уақытқа сәйкес, көрсетілген дәрісханада өтеді. Алайда ол өздігінен жақсы жұмыс істей алатын студенттер үшін міндетті емес. Сондықтан оқытушының міндеті студенттердің оқудағы жетістігінің мониторингін жүргізіп, олардың бәрі де оқу курсын толық игеріп, емтиханды табысты тапсыруын қадағалау. Сол үшін де СОӨЖ жүргізіледі.
СОӨЖ жүргізудің формалары әр түрлі. Сұрақ-жауап формасы: бір немесе бірнеше студенттер сұрақ қойып, оқытушы оларға жауап береді. Немесе қойылған сұраққа байланысты оқытушының студенттермен әңгімелесуі түрінде өтеді. Алайда студенттердің оқуын тексеруге бағытталған оқытудың белсенді әдістері - СОӨЖ өткізудің негізгі формасы болып табылады. СОӨЖ әрбір сабағы жоспарланып, сабақтың әр элементі алдын-ала ойластырылғаны жөн.
СОӨЖ әр сабағына қажетті көрнекі құралдар дайындалады (кейстер, рольдік ойындар, тестілер, кроссвордтар, т.б.). Олар кезінде лекцияда көрсетуге мүмкін болмаған материалдар және кейбір сұрақтарды кеңітіп тереңдетеді, ұсынылған жағдаяттарды талдауға, қойылған міндеттерді шешуге, шешім қабылдауға көмектеседі.
Оқытушыда СОӨЖ тиімді өткізуге қажетті әдістемелік материалдар, әдебиеттер жеткілікті болуы керек.
Студенттің өзіндік жұмысы – оқу, зерттеуші және өзіндік білім алу сипатындағы әртүрлі тапсырмаларды орындау, кәсбіи білім жүйесін меңгеру құралы, танымдық және кәсіби іс-әрекет тәсілі, телекоммуникация құралдарын қолдану арқылы, кәсбіи шеберлік пен шығармашылық іс-әрекет дағдылары мен біліктерін қалыптастыру құралы, дәріс және мәтіндік материалмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру құралы.
Студенттің өзіндік жұмысының көлемі, соның ішінде ЖММБС сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын меңгеру бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының көлемі, студенттің оқу мерзімінің 50 %-дық көлемін құрайды. Оқу семестрі барысында студенттің өзіндік жұмысына жүйелі түрде бағыт беріледі, түзетіледі және оқытушының тарапынан тексеріліп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет