Тақырыптар бойынша баяндама, реферат, сөзжұмбақтар, ребустар, слайд-презентациялар, эссе сияқты шығармашылық жұмыстар дайындауға болады.
Слайд-презентацияларға қойылатын талаптар:
Презентация – өзін көрсету, баяндама жасау, жобаны қорғау, т.б. дүниелерді аудитория алдында көрсету.
Презентация (ағылшын presentation – ұсыну) – туындыны салтанатты жағдайда көпшілік алдында ұсыну. Слайд әр түрлі презентацияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Слайд жасаудың құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық обьектілерді, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді іске қоса алатын күрделі обьект.
Стилі: безендірудің біркелкі стилін сақтау. Презентацияның өзінен алаңдататын стильден аулақ болу. Көмекші ақпараттар (басқарушы тетіктер) негізгі ақпараттан (мәтін, сурет) басым болмауы қажет.
Фоны: неғұрлым суық түсті таңдау қажет (мысалы, көк, жасыл). Ала-құла фон болмауы қажет.
Түстерді қолдану: бір слайдта үштен артық емес түстерді қолдану ұсынылады: біреуі фон үшін, біреуі тақырып үшін, біреуі мәтін үшін. Фоны мен мәтін үшін қарама-қарсы түстерді қолданыңыз.
Әріптер: тақырып әрпі – 24 –тен кем болмауы, ақпарат үшін – 18 кегльден кем болмауы керек. Әріптің бір типін қолдану;