5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі
130
төменде көрсетілгендер сияқты басқа да параметрлердің
өзгеретіндігіне әкеледі:
- Оқушылардың жауаптарының ұзақтығы.
- Ерікті жауаптардың саны.
- Оқушылар сұрақтарының жиілігі.
- Қабілеттері төменірек оқушылар жауаптарының саны.
- «Оқушы-оқушы» әдісі бойынша өзара іс-қимыл.
- Пікірталас тудыратын жауаптардың жиілігі. Ойлануға
берілетін уақыттың ұлғаюы (әсіресе күрделі).
Сын тұрғысынан
ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және
пайымдау
нәтижесінде алынған ақпаратты
ұғыну, бағалау,
талдау және синтездеуде
қолданылатын әдіс болып та-
былады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі бо-
луы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені
елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау
және
іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізу-
ге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық
әрекеттерге бейімділік пен басқаларды сын тұрғысынан ой-
лауға баулуды білдіреді.
Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы басқаларды серік-
тестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қаты-
стыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар
жиі өткізіліп тұрады, мысалы: әріптестер арасындағы пікір-
таластар, желіде орналастырылған есептерді оқу, оқушы-
лардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау,
әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сы-
ныптардың сабақтарына қатысу.
Достарыңызбен бөлісу: