былайша аталды:
- пәндік дидактика, педагогиканы оқыту мен дәріс берудің
жалпы заңдылықтарын қолданудың ерекшеліктерін зерт-
тейді;
- әдістемелік жүйе, педагогиканы оқытудағы нормативтік
талаптардан көрінетін, әдістемелік элементтердің жиын-
тығын анықтайды ;
- жеке немесе пәндік әдістеме, оқу-тәрбие мекемелерінің
барлық түрлерінде оқытылатын оқу пәндерін оқытудың
заңдылықтарын зерттейді.
Келтірілген анықтамалардан көптеген зерттеушілер
әдістеменің нысаны ретінде оқыту үдерісін ерекшелегенін,
ал пәні ретінде оқыту үдерісінің заңдылықтарын алғанын
көреміз. Олар «Кімді оқыту?», «Не үшін оқыту?», «Не нәрсе-
ге оқыту?», «Қалай оқыту?» деген міндеттерді шешуге қан-
шалықты сәйкес болып келеді деген сұрақтар туады. Олай
емес екені түсінікті.
Оқыту әдістемесінің нысаны пәндік білім берумен, тәрби-
елеумен және оқытумен анықталады. Білім беру, тәрбиелеу
және дамыту оқыту үдерісі кезінде жүзеге асатыны белгілі,
егер оқытудың қызмет түрлері көбейсе, сонда ғана пән-
ді оқыту үдерісін әдістеменің нысаны деп санауға болады.
Оқытудың негізгі қызметтері білім беру, тәрбиелеу, дамыту-
дан тұрады, сонымен қатар олар ұйымдастырушылық, пси-
хологиялық, интеграциялды-дифференциалды, құрылым-
дық, түзетуші, фасилитациялық, рефлексивті және т.б.
қызметтермен толықтырылуы тиіс.