3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі 78
қарекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді.
Сабақ – осы іс-әрекетті жүзеге асырудың негізгі форма-
сы. Ол оқытудың үш бірлік –
білім беру – тәрбие – даму
– қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушы-
лардың табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағыт-
талғандығымен де көрінеді. Осы мақсатты жүзеге асыру
үшін сабақты берудің негізгі формаларының бірі – топтық
жұмыс. Топтық жұмыстың үдерісі:
- оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген
мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланысты-
рады;
- оқу тапсырмаларын орындау үшін механикалық есте
сақтау және қайталау арқылы емес, сонымен қатар өздері
де белсенді араласып, ақпаратты өңдейді және ортақ қоры-
тындыға келеді;
- оқушылар басқа оқушылардың көзқарасымен танысады;
- оқушылар әңгімелесу, әлеуметтену жағдайында жетіледі,
өз ойларын ортаға салып, тапсырманың мәнін ұғады;
- ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және
эмоционалдық тұрғыдан дамиды, түрлі көзқарастарды
тыңдап, өздері де идеяларын ұсынады, қорғайды.