Ж. ӘБИЕВ
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ
Алматы
2006 ж.
ББК 74.00я7
Ә14
Әбиев Ж.
Педагогика тарихы: Оқу құралы.
- Алматы: Дарын, - 2006. - 480 бет.
Жалпы редакциясын басқарған: п.ғ.к., профессор А. М.Құдиярова.
Пікір жазғандар: п.ғ.докторы, профессор Т.С. Сабыров.
п.ғ.к., профессор С. Ш. Әбенбаев.
ISBN 9965-9731-9-9
Бұл оқу құралы педагогика тарихының сан ғасырлық тағылымы мен тәлімін, Сақ заманынан қазіргі кезеңге дейінгі тарихи дамуын қамтиды. Демек, еңбектің еңбасты ерекшелігі, адамзат қоғамы дамуының алғашқы күнінен бастап, оқу, тәрбие, білім берудің теориялық және ғылыми тұрғыда қалыптасуы мен жетілуін, оқиғалар мен нақты педагогикалық дүние танымдық жағдайларды қайта карастырып, оны тарихи деңгейде бағалап, салт-дәстүр, тұрмыс, мәдениет, оқу-ағарту мәселелеріне мән бере отырып тұжырымдалды. Ең маңыздысы, қазақ жерінде ашылған тұңғыш мектептер беріле отырьш, ол қазақ ағартушыларының және XX ғасырдың соңғы ширегіндегі жаңашыл педагогтардың педагогикаға енгізген жаңалықтарымен толықтырылды. Кітап жогарғы оқу орындарының студенттерімен оқытушыларына, сондай-ақ пед. колеждерге, педагог ғалымдармен ізденушілер және зерттеушілерге, қалын, көпшілік
қауымға арналған.
ББК 74.00я7
Ә 4303000000
00(05)-06
ISBN 9965-9731-9-9
©Әбиев Ж., 2006.
©ӘГИ “Дарын", 2006.
©ЖШС "Шұғыла", 2006.
Мазмұны
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. Сақтар мәдениеті мен тәрбие тәлімі
1. Сақтардың сан ғасырлық, салт-дәстүрімен тарихи ерекшеліктері
2. Сақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен мәдениеті
3. Сақтардан сақталған мұралардың ұлттық-тарихи танымдылығы
4. Сақтардың әшекейлілік пен шеберлікке үйрету әдіс-тәсілдері
5. Сақ қоғамының тәлім-тәрбиелік құндылықтары
6. Сақтар өнері және салт-тұрмысы
7. Діни нанымдары мен гұрыптары
8. Бейнелеу өнеріне үйретудің тәрбиелік мәні
9. Анахарсис сақ әлемінің әйгілі ойшылы
II ТАРАУ. Көне грек ойшылдарының тәлім-тәрбиелік
ой-пікірлері
1. Аристотельдің ақиқаттылық тәлімі
2. Демокрит - дамудағы тәрбиенің рөлі туралы
3. Платонның оқу-тәрбие тәлімі
4. Сократтың танымдық-сананы көтеру туралы ойлары
III ТАРАУ. Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-
пікірлері пайда болуы мен қалыптасуы
1. Әл-Фараби дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы
2. Әл-Фараби еңбек тәрбиесі туралы
3. Махмұд Қашқари ілімінің тарихи маңызы
4. Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" дастанының тәрбиелік маңызы
мен мәні
5. "Құтты білік" дастанындағы философиялық және ағартушылық
ойлар
6. "Қүтты біліктегі" дүниетаным мен педагогикалық тәлім-тәрбие
7. Ибн-Сина ойшыл ғүлама
8. Ибн Сина еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы
9. Әбу-Райхан әл Бирунидің тарихи-тәлімлік пікірлері
10. Мұхаммед Насыреддин Әт-Туси ғылым-тәлім туралы
11.Фирдауси Әбілқасымның - әлемдік тәлімі
12. Низами Гәнжауи тағылымы – тәрбие тәлімі
13. Қожа Ахмет Иассауидің әлеуметтік және ағартушылық ой-
пікірлері
14. Мұхаммед Хайдар Дулатидың тарихи тәлімдік тағалымдары
15. Қадырғали Жалайридің еңбек пен тәрбие тағылымдары
16. Әлішер Науаидың тәрбие тағылымдары
17. Омар Хайямның ағартушылық ой-пікірлері
18. Мақтымқұлының тәрбие тағылымдары
19. Отебойдақ Тілеуқабылұлының отбасы және еңбек тәрбиесі туралы ой-пікірлері
IҮ ТАРАУ. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Революциялар кезеңіндегі буржуазиялық-
демократиялық педагогиканың дамуы
1. Я.А. Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы
2. Джон Локктың педагогикалық көзқарастары
3. Жан - Жак Руссоның педагогикалық теориясы
4. Тәрбиенің мақсаты мен сипаты
5. Руссоның педагогикалық көзқарасының маңызы
6. И.Г. Песталоццидің педагогикалық қызметі мен теориясы
7. Иоганн Гербарттың педагогикалық теориясы
8. К.А.Гельвецийдің педагогикалық ой-пікірлері
9. Адольф Дистервегтің тәрбие туралы ойлары
10. Россия мен Қазақстан мәдени-ағарту байланысының тууы мен
пайда болуы
11. ХІХ-ғасырдың алғашқы жартысындағы педагогика
және оның қазақ оқу-ағаргуына әсері
12. Революцияшыл демократтар В. Г. Белинский мен
А. И. Герценнің педагогикалық теориясы
13. Тәрбиенің халықтығы және оның мақсаты
14. XIX ғасырдың 40-60 - жылдарындағы коғамдық педагогикалық
қозғалыс
15. Н. Г. Чернышевский
16. Н. А. Добролюбов - сыншы, публицист - педагог
17. Н. И. Пироговтың ағартушы-демократ ретіндегі ойлары
18. Л. Н. Толстой революционер-педагог жазушы
V ТАРАУ. Орыс және Кеңес педагогтарының
көзкарастары
1. Ұлы орыс педагоғы К.Д.Ушинский
2. Н.К. Крупскаяның педагогикалық теориясы
3. А. С. Макаренко педагогикалық ойлары мен тәлімі
4. В. А. Сухомлинский мен В. Ф. Шаталовтың өмірі мен кызметі
5. ХІХ-ғасырдың екінші XX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ
оқу-ағарту ісінің одан әрі дамуы
VІ ТАРАУ. Қазақ ағартушыларының ой-пікірлерінің
қалыптасуы және дамуы
1. Шоқан Уәлиханов - ғалым, ағартушы
2. Ыбырай Алтынсарин қазақтың тұңғыш педагогі, ұстазы
3. Абайдың ағартушылық көзқарастары мен тәрбие тағылымдары
4. Абайдың ағартушылық ой-пікірлері
5. Абай шығармаларының жастарды тәрбиелеудегі рөлі
6. Оқушылардың ұлттық тәрбиесін қамтуда Абай шығармаларының
маңыздылығы
7. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні
8. Абай қарасөздері хақында
9. Абай адамгершілік тәрбиесі мен парасаттылық туралы
10. Ағартушылық проблемалары және ақыл-ой тәрбиесі
11. Еңбек тағылымдары
12. Абай – ғылым және еңбек туралы
13. Абайдың еңбек тәлімі
14. Абай отбасы және бала тәрбиесі туралы
15. Еңбек пен еңбек тәрбиесі жастарды достыққа тәрбиелеу туралы
16. Абай тәлімі - еңбек пен саналылық туралы
17. Шәкәрім Құдайбердіұлының тәліми көзқарастары
18. Жамбылдың тәрбие тағылымы
VIІ ТАРАУ. ХХ-ғасырдың алғашқы ширегіндегі
педагогикалық ой пікірлер
1. Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі
2. Мағжан Жұмабаев - ағартушы педагог
3. Дулатов Міржақып - ағартушы, ақын, сыншы
4. Жүсіпбек Аймауытов -жантанушы
VII ТАРАУ. XX - ғасырдың 40-жылдар үстінде Қазақстан педагогикасының дамуына үлес косқан
педагогтар, ғалымдар
1. Тәжібаев Төлеген - қазақтың тұңғыш психолог ғалымы, академик
2. Сембаев Ібнияүлы - қазақ мектебінің тарихын тұңғыш зерттеген
ғалым
3. Раиса Григорьевна Лемберг - Қазақстан педагогикасын дамытуға үлес
қосқан ғалым
4. Қартбай Бержанов - "Педагогика тарихы" оқулығын қазақ тілінде
тұңғыш жазған ғалым
5. Г.А.Уманов - Қазақстан педагогикасын дамытушы ғалым
6. Жарықбаев Құбығұл – Қазақстанның көрнекті психологы
VIII ТАРАУ. Жаңашыл педагогтар жас өспірімдердің жанашырлары
1. Жаңашылдар тәжірибелерінің педагогикалық негізгі ой-пікірлері
2. Жаңашыл педагогтар және олардың идеялары мен тәжірибелері
3. Нұрғалиев Құмаш. - өмірбаяны және ұстаздық қызметі
4. Р.Б. Нұрғазинаның негізгі идеялары мен педагогикалық
тәжірибелері
5. Архимед Ысқақов - өмірбаяны және ұстаздық қызметі
6. Кубраков Григорий - ұстаздық қызметі мен еңбектері
7. Айткалиев Құсиын - тәлімі - тәрбие тәлімі
8. Очкур Елена - табиғат танымының тәрбиешісі
9. Бітібаева Қанипа – ұлттық тіліміздің тәлімгері
10. Пысықтау және бақылауға арналған сұрақтар
11. Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік альш дүниежүзілік қоғамдастық танып егемепді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді щешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономика-сына көшу, құқықтық мемлекет құру және азаматтық қорғау талаптарын қамтамассыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды да күрделі мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда. Осы тұрғыдан алып қарасақ, еліміздің оқу-ағарту, білім беру ісінің тарихында хронологиясы жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да жаңа дәуір басталды. Демек оқу-ағарту мен білім берудің тарихи бетін ашып беретін, оның теориясын жасайтын пән педагогика тарихы. Дәлірек айтсақ, педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің (орындардың) және педагогикалық теориялардың, содан туындайтын оқу-ағарту ісінің дамуын зерттейтін ғылым.
Педагогика тарихынан туындайтын тәрбие - белгілері тарихи жағдайларда ғана көрініп және жойылып отыратын басқа қоғамдық құбылыстарға қарағанда ол демек, тәрбие мәңгі бақи категория қатарына жататындығы ғылымда әбден анықталып отыр. Сонау орта ғасырларда адамзат ілімінің молаюын, ақыл-парасатының жетілуін, оқу-ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын анықтауда, орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі-тәрбие, оның теориясын жасаушылардың толбасы - Әбунасыр Әль-Фараби болды. Фараби ғылымды жіктеуде педагогиканы (ол кезде оку-тәрбие, білім ұғымдары ғана бар болатын) азаматтық ғылымға жатқызды. Фарабидің оқу-тәрбие, білімнің теориясының негізін салғанын "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары" атты еңбегінде айқындала түскенін, ағылшын социалист утописі Томос Мордың (1478-1535) өз тәжірибесінде қалай пайдаланғанынан анық көреміз.
Тәрбие тарихынан белгілі болғанындай, Ибн Сина адамның жан-жақты дамуын және жетілуін тәрбие, оқу, еңбектің жемісі деп қарастырды. Жүсіп Баласағүн XI ғасырда Фараби ілімін жалғастыра отырьш, өзінің "Қүтты білік" дастанында отбасы тәрбиесінің негізін салды. Ғұламалар Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарихи Рашидиде", Қадырғали Қосымұлы Жалаири "Жылнамалар" атты еңбегінде, Орта Азия Дулати "Тарихи Рашидиде" Қадырғали Қосымұлы Жалаири "Жылнамалар" атты еңбегінде, Орта Азия ғүламалары Әлішер Науаи, Омар Хайям. Мақтымқұлы бір ғана еңбек тәрбиссінің маңызы мен мәні, оның адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесімен негізделгенін өз еңбектерінде атап көрсетті. Тәрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан, XII ғасырдың басына дейін педагогика философияның бір бөлігі ретінде қарастырылып келді. Шынында да, қазірдің өзінде философтардың қай-қайсысы болмасын тәрбие мәселесінен айналып өтпейді. Осының өзі педагогикалық проблеманың қоғам мен ғылым үшін аса маңызды екенінің кепілі.
Педагогика тарихы зерттегеніндей, педагогиканың өзі ғылым ретінде философиямен бірдей деңгейде дасып келеді. Ағылшын жаратылыс танушысы және философ Фрэнсис Бэкон (1501-1626) 1623 жылы өзінің "Ғылымның қадір-қасиеті және жетілуі" трактатын жазды. Бұл еңбегінде ол ғылымдарды жіктей отырып, педагогиканы ғылыми білімдердің дербес саласы ретінде қарастырды. Сол кездің өзінде-ақ педагогиканың өзінің статусы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінде беки түсті. Оның "Ұлы дидактика","Аналар мектебі" педагогиканың теориялық мәселелерін толықтыра отырып, әсіресе отбасы тәрбиесі мәселелерін биікке көтерді, оның басты мәселелерін шешіп берді.
Коменский ілімін жалғастырушылар педагогика тарихында құнды еңбектерімен көрінген ғылыми-педагогика өкілдері келіп шықты. Олар Англияда Джон Локк, Францияда Жан Жак Руссо, Швейцарияда И. Г. Песталоций, Германияда Иоганн Гербарт және Адольф Дистервег болды.
Джон Локк "Тәрбие жөніндегі ойлар" атты еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне мән беріп, адамгершілік тәрбиесін қуаттады. Жан-Жак Руссо баланың туа пайда болған қасиеттері, оның дамуын өзінің "Эмиль" романының арқауы етті. Ол тәрбиенің ғүмырлығын уағыздады.
И.Г. Песталоций өзінің "Лингард пен Гертруда" шығармасында адамгершілік тәрбиесінің тұла бойлық негізін салды. Бастауыш оқудың маңызы мен мәнін, оның бала тәрбиесіндегі басты рөлін тұңғыш дәлелдеген педагог болды. Педагогиқалық теорияны дамытып, оны әрі қарай өрістетуде
И. Гербарттың еңбегі ерекше.
4
Ол алғашқылардың бірі болып оқыту мен тәрбиенің психологиялық негіздерін ашып берді. Неміс педагогі А. Дистерверг тұңғыш мектеп ашқан ұстаз, тәжірибелі педагог болды.
Педагогика тарихында ХІІ-ХХ-ғасыр аралығында оқу-тәрбие мәселелерінің өрбуі мен шешілуі ұлы өзгерістер әкелді. Педагогикалық теорияны дамытушы педагогтар қатары әр елде өсті. Әсіресе, Ресей озық педагогикалық ойдың отанына айналды. Олар К. Д. Ушинский, Н. И. Пирогов, В. И. Водовозов, Л. Н. Толстой, 60-жылдары орыстың революцио-нер педагогтары Н. Г. Чернышевский, В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.А. Добролюбов сынды педагогтар педагогиканың демократиялық бағытта дамуына және халық ағарту проблемаларының түпкілікті қайта құрылуы және шешілуі халық революциясына тәуелді екенін дәлелдеді.
Халқымыздың ардақты ұлдары, өз елін прогресс жолымен алға қарай бастаған Шоқан, Абай, Ыбырайлар да сол дәуірдің -қазақ даласына одақтас елдердің озық мәдениеті мен ізгі әсерін жая бастаған дәуірдің жаршысы болды. XIX ғасырдағы Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірлердің даму тарихы, негізінен алғанда осы есімдермен байланысты.
Демек, Қазақстандағы педагогикалық ой-пікір XIX ғасырдың екінші жартысындағы, түптеп алғанда қазақ халқының ұлы ағартушыларының әлеуметтік-саяси, философиялық және этикалық көзқарастарымен қоян-қолтық, өзекті байланыста дамып жатты.
1899 жылы жазылған "Әйел-жұмысшы" атты алғашқы еңбегімен Ресейдегі жұмысшы әйелдердің тұрмысын, өмірін ашық көрсеткен, көрнекті педагог Н.К. Крупская бала тәрбиесіне сол кездің өзінде жаңаша қарады.
1917 жылы жазылған "Халық ағарту ісі және демократия" атты еңбегінде, ол Қазан төңкерісінің алғашқы жылдарындағы оқу-ағарту ісінің алғашқы бастамалары, әсіресе жасөспірімдерді техникалық прогресске үйрету мақсатында мектептерге "Политехникалық оқуды" енгізу және мектептерде біріңғай сабақ жүйесін енгізу мен күн ережесін бекіту бағдарламаларын жасап ұсынды. Кеңес деуіріндегі оқу-ағартудың жайын және оның алдағы бесжылдықтар тұсындағы атқарылатын істерін Н. К. Крупская 1925 жылы өткен Ресей мүғалімдерінің Бүкіл Одақтық съезінде жан-жақты баяндап берді.
5
Осы кезеңдерді көрнекті педагог А. С. Макаренко өзінің "Ұстаздық дастан", "Мұнара үстіндегі ту" атты еңбектерінде калониядағы жұмыстың қорытындыларын және педагогика тарихында бірінші рет "Қиын бала тәрбиесі" атты ұғым мен тәрбиенің жаңа сипаттағы мазмұнды да құнды түрін енгізді. Соңдай-ақ, Макаренко бала тәрбиесінің, әсіресе оларды еңбекке тәрбиелеудің жаңа бағдарламасын жасап ұсынды. Осы кезеңдегі корнекті педагог В. В. Луначарский мен А. С. Щацкий еңбектерінің өзіндік тарихи маңызы бар. Олар мектепті басқару мен оқу тәрбие ісін ұйымдастыру туралы жаңа бағдарлама жасады.
1910-1930 жылдар арасында Қазақстан педагогтары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов елеулі педагогикалық еңбектерімен көзге түсті. А. Байтүрсынов қазақ тіл білімінің негізінде, мектепке арнап қазақ тілі оқулықтарын жазды. "Айқап", "Дала уәлейті" газеттеріне сол кезеңдердегі оқу-тәрбие ісінің келелі мақсаттары мен міндеттері туралы мақалалар жариялады. М. Жұмабаев 1922 жылы "Педагогика" атты қазақ тіліндегі тұңғыш оқулығымен, баланы бесіктен бастап тәрбиелеу жөнінде келелі ұсыныстар енгізіп, әдістемелі құралдар жазудың үлгісін көрсетті. Сондай-ақ, ол жазушы ретінде мектептің ұйымдастыру ісін, мектептің алғашқы қадамдарын шығармашылығына пайдаланды. Ж. Аймауытов "Жантану", "Педагогика" оқулықтары арқылы психология мен педагогикалық пәнаралық байланыстың негізін салды. Сондай-ақ, ол баланың психологиялық ерекше-ліктеріне талдау жасады. 1930 жылдардың басында Қазақстан мектептері жаңа жүйелі оқуға - бастауыш, орта және орталау мектептерде білім алуға көшті. Республикада жоғарғы педагогикалық оқу орындары құрылды. Осы кезеңде С. Аспандияров, X. Досмұханбетов, С. Әлжанов, Б. Қожахметов, Т. Тәжібаев сынды көрнекті педагогтар оқу-ағарту ісін ұйымдастыруда елеулі еңбек етті. Мұндай ұйымдастыру мектептерде оқудың сапасын, тәрбиенің тиімлілігін арттыру шаралары жолға қойылды. 40 жылдардың үстінде Қазақстан педагогтарының жаңа тобы өсіп қалыптасты.
Бұл оқулықтың басты бір ерекшелігі бұрын педагогикалық оқулықтарда жоқ, орта ғасыр ғүламалары Әл-Фараби, Дулати, Жалаири,Баласағүн, Әл-бируни, Әт-туси, Науаи, Мақтымқұлы т.б. ғүламалардың осы оқулыққа енгізілуі деп білеміз. Содай-ақ, қазақтың қарт жырауы, қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаев бұрын тек әдебиет
6
оқулықтарында ғана кездессе, енді, міне оның педагогикалық оқулықтарға тән - тәрбие тағылымдарын, оқуға байланыстіы озық ойларын қамтитын өлеңдерін енгізуді тағы да бір жетістік - деп есептейміз. Педагогика тарихында бұрын көмескіленіп келген А.Байтұрсынов, М. Жүмабасв, Ж. Аймауытовтың педагогикалық оқулықтарын көрсете отырып, олардың тәлім-тәрбиелік және шығармашылық ерекшеліктерін талдап жазып отырмыз. Сондай-ақ, оқулықтан XX ғасырдың соңғы ширегіндегі жаңашыл педагоггардың педагогикаға қосқан үлестері мен үлгілі іс-тәжірибелері орын алды.
Бұл кітаптың ең басты ерекшелігі бұрын ешбір педагогикалық оқулықта жарияланбаған "Сақтар мәдениеті мен тәрбие төлімі" атты тақырыпта соны деректермен сақ ғүламасы Анахарсис туралы материал беріліп отыр.
Оқулық педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен оқу-тәрбие ісімен айналысатын қалың көпшілікпен мұғалімдер және студенттерге арналып жазылды. Сондай-ақ, оқулық педагогика тарихын зерттеп жүрген аспиранттар мен ғылыми кауымға қолтума еңбек болады деген үлкен сенімдеміз.
7
I ТАРАУ. САҚТАР ТАҒЫЛЫМЫ
МЕН ТӘРБИЕ ТӘЛІМІ
Сақтардың сан ғасырлық салт-дәстурімен
тарихи ерекшеліктері
Сақтар. Б.з.б. 1 - мың жылдықта Орта Азия мен "Казақстан, Шығыс
Түркістан" жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Бұларды грек тарихшысы Страбон "Азиялық скифтер" - деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осындай пікірде болған. Алайда ол сақтарды бүкіл Шығыс халқының тегі болуы керек -деген ой тұжырымына келді. Ол тағы да зерттей түсу, ол тарихи тағылымының болашақтың ісі болсын деген қағида айтты. Оның жазуынша
скифтерді парсылар "саға" ("сақа" "Сақ" аты осыдап шыққан) дейді. Ахамендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақ үш топқа бөлінеді. Бұлар орта Азияның оңтүстігінде, Арал теңізінің тоңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақ одақтарына Яксарт, Массагеттер, Исседон, Дайлар, Астақ, Қамақ сияқты коптеген көне тайпалар бірікті. Бұлар Кавказ тауын "Қаз" тауы деп атаған.
Қытайдың және басқа да елдердің тарихшылары үйсіндерді қазақтың негізгі тегі екендігін растайды. Әйтсе де үйсіндер Іле өзені бойын көне заманнан мекендеп келген халық емсс, олардың бағзыдағы мекені Дунь-хуаң мен Цилянь-Шань тауының аралығында болатын. Кейін тек б.з.д. 160 жылдардың айналасында ғана олар сол өлкеден үдере көшіп, Іле бойына келген. Үйсіндердің алдында бұл олкені сақтар мен йуузейлер мекендейтін. Сондықтан "Ханнама Батыс өңірі баянында" үйсіндердің бұл қонысы бұрын сақтардыкі болатын, йуузейлер Сақ қағанын бұл арадан ығыстырып шыққасын ол оңтүстікке Шуан-Дуға асып кетті де, бұл жерде йуузейлер қалды. Кейін үйсін кунбиінен жеңілгесін йуузейлер Викторияға кетті де бұл жер үйсіндердің қол астында қалды. Әйтсе де үйсіндердің ішінде Сақ йуузейлерден қалған тұқым да бар" делінген. Бұдан біз үйсіндер Іле бойында елдік құрған замандарда олардың арасында сақтардан кіріккен тектің де недәуір болғанын байкаймыз. Бүгінде Қазақтың арғын, қыпшақ тайпаларының құрамында "жерсақ", "бессақ", "борсақ", "қарсақ" деген рулар бар. Осындағы "Сақ" жалғауы қытай тарихындағы "сайжоң" - "сақ" деген
атаумен төркіндес келеді. Бұл сақтардың айна қатесіз қазақ ұлтының түп-түқияны екендігін дәлелдейді.
8
Сол себепті кей ғалымдар "қазақ" этнонимі Каспий теңізі өңірінде жасаған "каспийлер" мен Іледария бойында омір сүрген сақтардың - осы екі халық атаның геоэтникалық тұрғыдан бірі-іуінен келіп шыққан деп есептейді. Бұл да сақтардың қазакдыц этникалық тегімен бұрыннан қатысты екендігін зердеге салады. Б. з.д. III ғасырдан б.з. V ғасырына дейінгі үйсіндердің археологиялық мүлделеріне, әсіресе, олардың антропологиялық белгілеріне талдау жасаған кезде олардың бассүйегі домалақ, маңдайы шыгыңқы, көз аясы терең, мұрны сүйір, атжақтылау екені байқалган. Бұл сақтарға тән типке жақындайды. Ендеше сол дәуірде сақтар мен үйсіндер белгілі бір деңгейде этникалык, тоғысуды бастап кешірген. Алдынғы жақта баяндалған Шыңжанның Қүтыби ауданындағы Қаңжия-Шымыңзы (Қызыл Қысаң) деген жерден жыныстық тәу етуге қатысты жартас суреттерінің табылуы ежелгі сақтардың аптропологиялық бейнесін анықтауға көп септік етті. Ондағылар тегіс ат жақты, қою қасты, дөңгелек көз, қыр мұрынды, оймақ ерін болып келеді. Бұл - ерте заманда Тянь-Шань (Еренқабырғаны) мекендеген сақ қауымының бізге дейін сақталып келген негізгі келбеті.
Парсы жұртының байырғы сына жазуымен жазылған тас ескерткіш-терінде ертеде Қара теңіз бен Индұқұш, Тянь-Шань тауларының арасындағы ұлан байтақ даланы мекен еткен сақ қауымын үш үлкен топқа бөледі. Біріншісі: Хаумаварга сақтары, яғни "хаумауар" дейтін ағаш жапырағына тәу ететін сақтар. Бұлар Ферғана ойпаты мен Памир үстіртін мекендеген. Екіншісі,Тиграхауда сақтары, яғни шошақ бөрікті сақтар. Бұлар
Қырғызстан мен Қазақстаннның далалық аймақтарын – Памир үстірті мен Алтай жотасынан тура солтүстікке Тянь-Шань, Алтай- таулары Ташкент, Талас, Шу, Іле және Балқаш көлінің шығыс жағын қамтыған аумақты қонысты мекендеді. Үшіншісі, Тьяй-парадария сақтары, яғни теңіздің ар жағындағы сақтар, бұлар Әмударияның терістігін, Арал теңізінің шығыс жағын, Соғдиянаны (Мәуреннахрды, яғни, Әму-Сыр дарияларының арасын)
мекендеген. Ежелгі парсы жұрты Иран үстіртінің солтүстігін мекендеген ғажайып қауымдарының бәрін "сақтар" деп атаған. Сондықтан тарих атасы Геродот "Парсылар - мұқым скифтердің бәрін сақтар деп атайды"- дейді. Ал Геродотқа келсек, ол кеңбайтақ Еуразия даласының Карпаттан Қара теңізге,
9
одан Каспиймен Орта Азияға дейінгі бөлігінде өмір сүрген кошпелілерді түгелдей "скифтер" деп атаған. Бірақ осы скиф жүрты да бірнеше түрге болінеді. Мысалы: Геродот Дон өзенінен шығысқа қарай мекендеген скифтерді сарматтар (сарматайлар) деп атады. Ол "Сарматтардың тілі скифтердің тілімен бірдей" дейді. Бұдан Сарматтардың да Скиф халқының бір бөлігі екенін байқауға болады. Ол тағы Каспий теңізінен Сырдарияға дейінгі жердегі көшпенділерді массагеттер деп келіп, "массагеттер скифтердің соғысқа шебер, батыр халық екен. Олар сонау күн түбіндегі Алексес өзенінің (Сырдарияның) бойында тұрып, есседондармен тіресетін көрінеді, біреулер оларды да скифтердің бір тобы деседі" дейді. Іс жүзінде парсылардың Бихистон мәңгі тасына жазылған жазудағы Сақтар мемлекеті де "теңіздің ар жағында, ондағылар да бастарына шошақ төбелі бөрік киеді". Сондықтан Ксннофанның оларды "массагет сақтары" деуінде де негіз бар.
Жоғарыдағыларға қарап, біз қытай жазбаларындағы "сайжоң" (SaiZhong) деген атаудағы "сай" иероглифі ертедегі "сақ" сөзінің қытайша дыбыстық баламасы болу керек деген ойға қаламыз. Бұл көне парсы жазуындағы "сақ", "сақа" деген дыбыстық буындарға жақын келеді. Қытайдың тарихи құжаттарында "сай" (Sаі) иероглифіне әр түрлі сілтеме жасалады. Мысалы, "За-а-хан-жиң" деген кітапта "Ши-жия" деп "Жыңфа-нянъ-шу-жиң" ("дұрыс оқу тәпсірі") деген кітапта "шыжия" ден; "коңшуэ уаң жиң" ("Тауыс патшаның баяны") деген кітапта "шоу-жия" деп көрсетілген. Осындағы "шижия", "шы-жия", "шуо-жия' дегендердің бәрі "сақа"немесе "сақ" сөзінің қытай иероглифіндегі дыбыстық өзгеріске үшыраған түрі.
Кейбіреулер әуелі "сайжоң" мен "шижоң" сөздерін салыстырып, ұқсас мағына іздейді. Мысалы, Таң патшалығы дәуіріндегі Шао Яньши "Ханнама. Чжан Цянь жайлы баяндардағы" "сайжоң" сөзіне сілтеме жасай отырып "сай" дыбысы өзгеріске ұшыраған, ол Батыс өңіріндегі бір елдің аты, яғни, ол бүдда тәпсірлеріне (номдарында-ауд.) айтылатын "шижондар", "сай", "ші", тегі бір, жақын сөз дейді ғалым. Шүй Соң "Ханнама. Батыс өңір баянына түсініктер" атты еңбегінде де осы пікірді ұстанады. Ол іс жүзінде мұндай пікір еш дәйексіз дер едім "Сай", "ші" дыбыстары бір-біріне жақын деген күннің өзінде, "шіжоң" деп тарихта бұдда дініне сенген халықтар жатпылама айтылады, "сайжоң" деген сөз ұлт атауы ретіндегі "сақ" деген бұдданы ұстанғандарды меңзейтін ұғым болып табылады.
10
Достарыңызбен бөлісу: |