Негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибелері
Көпшілік "Архимед мектебін" — "болашақ мектебі" дейді. Еліміздің өміріндегі сапалық өзгерістерге сай мектептің оку-тәрбие жұмысында түбегейлі бетбұрыс жасау идеясы. Әрбір жеке оқушының еркін дамуына азаматтық белсенді позицияның қалыптасуына мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясы. Педагогикалық процесті еріктілік, демократиялық принципке негіздеу идеясы.
Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі "қиын" балалар деп аталып жүрген 9-10 класс оқушылары. Алайда, педагогикалық коллектив өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын да "қиын" оқушы деп есептемейді.
200 астам жасөспірімнің барлығын да өздерінің бейімділігі мен ынта-ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің абырой әрекетіне жеткізу. Архимед мектебінің әлеуметтік міндеті — балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру. Олардың өмірдегі өз жолын табуға көмектесу. Бұл мектеп жартылай шаруашылық есепте жұмыс істейді. Оқушылар түске дейін қаланың жүзден астам өндіріс орындарында міндетті түрде 4 сағат еңбек етеді. Еңбегіне қарай тиесілі табыс табады, оның 50 сомын мектеп қорына өткізеді. Бұл қаржы олардың өздерінің бос уақыттары мен каникулдарын мәнді ұйымдастыру үшін жұмсалады. Оқуға деген ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін стипендия да төленеді. Оқушылар сағат 14-тен бастап сабақ оқуға отырады. Программаның ерекшелігі: жалпы
461
білім беретін пәндерден басқа әр оқушының қалауына сай бір-екі пәнді тереңдете оқып-үйрену үшін міндетті түрде, "таңдамалы курс" белгіленген. Бейнелеу өнері, кинотеатр, музыка және дін тарихы пәндері енгізілген. Биология курсы "экология негіздері" туралы қосымша сабақтармен толықтырылған.
Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен дене-шынықтыру сабағы аптасына бес рет (бір сабағы міндетті түрде бассейнде) өткізіледі. Сондай-ақ, ағылшын тілінде аптасына төрт сағат берілген. Компьютер класымен қатар, арнайы 12 курс: "Журналистика негіздері", "Социология және психология негіздері" т.б. бар. Міне, осының бәрі балалардың толыққанды орта білім алуына, өздігінен білім алуға деген құштарлығы мен дағдыларын қалытастыруға ықпал жасайды. Оқушылар отандық және дүниежүзілік мәдениет байлығымен танысады, адамгершілік және ерік-жігерлерін қоғамдық дәрежеде шыныктыра алады. Осылайша жұрт "Архимедтің мектебі" деп атап кеткен білім ұясында оның пікірлес әріптестерінің ортақ күш-жігерімен жаңаша педагогикалық шаралар жүзеге асуда.
Мектепте мектеп кеңесі құрылған. Мектептің мұғалімдерімен тең құқылы түрде оқушыларда мектеп кеңесінің (8 оқушы) мүшелері (қалған 8-і мұғалімдер) басқарады. Мектеп бітіруші түлек кәмелеттік аттестат, паспорт, екі жыл еңбек стажы бар еңбек кітапшасын, жұмысшы мамандығын алып шығады.
"Архимед мектебінің" тәжірибесі елімізде кеңінен таралған Еліміздің барлық жерінен "Архимед мектебінде" оқығысы келетінін білдіріп хат жазатын жасөспірімдер күнсайын көбейіп отыр. "Сіздің мектебіңізде оқығым келеді. Мені мектебіңізге алыңыз, өтінемін. Мен ешкімге де керек емеспін", — деген хаттарды тебіренбей оқу мүмкін емес.
"Архимед мектебінің" педагогикалық процесі толык демократиялық және ізгілік негізде құрылған. Мектеп оқушыға кең еркіндік береді. Тек бір ғана нәрсені — заманыңа сай саналы да әрі дені сау, еркін, парасатты азамат болып өсуді талап етеді.
Мектеп оқушылары өз мектебін мақтан етіп, пікірлерін білдіреді. Оқушы Дина Бектасова:
- Мектепті бітіргенде "аңғал сарыауыз балапан" емес, өмірдің сынына, күресіне дайын азамат больш шығатынымызға күмәнім жоқ.
462
Мектеп кеңесінің мүшесі, 9 класс оқушысы Асфендияр Құрбанов:
Біз өз мектебімізге өзіміз қожамыз. Сондықтан өзімізді ересек жігіт пен кыз сезінбесек болмайды.
9 класс оқушысы Данияр Орынбеков:
- мектепті жақсы бітірсек кез-келген жоғары оку орнына қиналмай түсерімізге сөз жок. Себебі, - мұндағы оқудың сапасы өте жоғары.
Міне, А. М. Ысқақов өз пәнімен қатар педагогтік мамандығына шынайы сүйіспеншілігі әке тәрбиесінен дарыған, шәкірт жүрегіне жол таба білген, үнемі даму, ілгері басу, ізденуді өмір өзегі еткен, әрі іскер, әрі білікті, жігерлі, жаңашыл ұстаз. Оқушылар мен педагогтердің ынтымақтастығы жарасым тапқан коллективтің ұйымдастырушысы — атаулы мектеп директоры.
Сонымен, Архимед мектебі — елімізде жүріп жатқан революциялық жанару процесінің, ұлы өзгерістердің халық ағарту саласындағы жарқын көрінісі.
Кубраков Григорий -ұстаздық
қызметі мен еңбектері
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют санаториялық мектеп интернатының директоры, ССРО Халық мұғалімі.
Г.М. Кубраков ұзақ жылғы қызметінде ұлы педагог А. С. Макаренконың бай мұрасын бүгінгі мектеп жағдайында жүзеге асырьш, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуді сапалы биікке көтеруде тұлғаланып бүкіл Республикамызға және Одақ көлеміне танымал болған талапты да талантты ұстаз.
Г. М. Кубраков республикалық және орталық теледидар арқылы ұйымдастырылған арнайы хабарға қатысып, озат тәжірибесі туралы телекөрермендермен пікір алысып отырады.
Г. М. Кубраков тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастырып, мектептің рухани потенциалын арттыруда, жас ұрпақ бойында коммунистік сенім, еңбексүйгіштік дағдыларын қальштастыруда, ізгілік, қайырымдылық қасиеттерді тәрбиелеуде, өмірлік белсенді позициясы бар қоғамымыздың болашақ азаматтарын дайындауда өте құнды тәжірибе жинақтады. Кубраковтың қаламынан ғылыми педагогикалық негізде баяндалған көп жылғы ұстаздық еңбегінің бай тәжірибесі бірнеше
463
кітаптар болып жарық көрді. Мәселен, Г. М. Кубраков, "По пути Макаренко", Просвещение, Москва, 1987., Г. М. Кубраков, Д. X. Фарбер. "Школа труда и доверия", Журналист Д. X. Фарбермен сұхбаттасу. "Қазақстан", Алматы, 1989, және мерзімді басылымдағы мақалалар.
Айтқалиев Құсиын - тәлімі-тәрбие тәлімі
Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Алға орта мектебінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Құсиын Айтқалиев — лектор, насихатшы, ССРО Халық мұғалімі, атаулы мектептің жетекшісі.
Қ. Айткалиев ынтымақтастық пен оқу ісін демократияландыруға басты назар аударады. Оқушыларға тек программа көлемінде білім беру жеткіліксіз деп есептейді. Олардың мектеп бітіріп шыққанда болашаққа сеніммен қарайтын, кәсіби бағыты болуын көздейді.
Қ. Айтқалиев қазақ тілі мен әдебиетінен блок сабақтар өткізу тәжіри-бесімен танымал. Мәселен; 7-сыныптағы "Жай сөйлемге бөлінген жеті сағаттық материалды ірі блок негізінде бір сағатта өтуді жоспарлайды. Кесте, таблица, альбом, карточкалар көмегімен оқушылардың дербес жұмыстары, өздігінен мысалдар ойлау, жаттығуларды ретті пайдалану арқылы оқушыларды сөз өнерінің қыры мен сырына терең үңілтіп, қазақ тілінің беделін көтеру мақсатын жүзеге асырып келеді. Қ. Айтқалиевтың озат тәжірибесі жинақталып, мұғалімдер қауымына мақала, баяндамалар түрінде ұсынылып отырады". Ол туралы еңбектер:
Қ. Жұмақанов. "Айтқалиев мектебі", "Қазақстан мектебі", №96, 1989. Е. Бекбенбетов. "Жеке ұстаздардың тәжірибе мектебі", "Қазақстан мектебі", №2, 1990 т.б. еңбектері жарияланып келеді.
Очкур Елена - табиғат танымының тәрбиешісі
Талғар қаласындағы (Алматы облысы) №3 орта мектепте көп жылдар бойы биология пәнінен сабақ береді. Одан 1988—89 оқу жылынан бастап Алматыда ашылған жоғары сынып оқушыларына арналған экспериментті мектепте (Архимед мектебі) ұстаздық еңбегін жалғастырып келеді. Арнаулы мектептің жетекшісі.
464
Е. А. Очкур мүғалім-методист Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық кызметкері, Республикалық мұғалімдер слетінің делегаты. Өзінің творчестволық жұмысы туралы әріптестері алдында үнемі пікірлесіп баяндама жасап келеді. Республикалық оқу-методикалық кабинет пен ССРО педагогика ғылымдары академиясының оқытудың мазмұны мен методикасы институтының Қазақ филиалына Е.А.Очкурдың жұмыс жүйесі жөніндегі материалдарды жинақтау және баспаға жариялау тапсырылды. Республикалық Орталық мұғалімдер білімін жетілдіру институты мен Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің оқу-методикалық Кеңесінің мүшесі.
Е. А. Очкур биология пәнін оқытудын, сапасын арттыруда әр сабақтың білімдік және тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады. Пәнге байланысты теориялық материалдарды өмірмен, практикалық жұмыстармен байланыстыра отырады. Шәкірттеріне ғылыми ізденіс жолдарын үйретуді, өмірге даярлауды негізгі мақсат етіп қояды. Осыған орай Елена Афанасьевна алдымен материалдық база жасауға мән береді. Талғар мектебінде биологиялық комплекс ұйымдастырылды. Оған кіретін объектілер: кабинет-лаборатория, оқу-тәрбие учаскесі, дендрология паркі, Алматы мемлекеттік қорығының ғылыми базасы, тірі жануарлар мүйісі. Техникалық құралдар; микроскоп, электрофон, телевизор, магнитофон, программалап оқытуға арналған аспап "Экзаменатор" т.б. оқытудың түрлі құралдары жинақталған. Оқушылардың байқаулар және тәжірибе жасауға, табиғи тірі объектілерді (өсімдіктер мен жануарлар) көрсетуге болатын жағдай туғызылған.
Е. А. Очкур оқу-тәрбие процесіне арналған өзіндік творчестволық жоспар жасайды. Панорамалық, интегралданған сабақ, лекция, семинар, сайыс сабақ, оқушылардың білімдеріне өздері бақылау жасау, өздері бағалау, дербес жұмыстардың түрлері жүйесін ұйымдастыру арқылы шәкірттерінің биология пәніне қызығушылығын арттырып келеді. Е. Афанасьеваның творчестволық еңбегінің ерекшелігі сабақтан тыс жұмыстарды түрлендіріп оған зерттеушілік сипат, практикалық бағыт және кәсіптік бағдар беруді көздеуі.
"Биотехника" атты факультативтік курсы ұйымдастырылды. Факультативке байланысты нан тағамдары комбинаты, Талғар қаласындағы жеміс-овощ базасы т.б. өндіріс орындарында жұмыс жүргізілді. "Жасыл желек патрульдерінің" жұмысы био-
465
логиялық кештер, оқулар, сайыстар, экспонаттар дайындау, құралдар жасау, тәжірибелер жүргізу т.б. жұмыстар жүйелі жүргізіледі. Нәтижесінде жылма-жыл жасөспірім биологтар көрмелеріне қатысып отырады және Бүкілодақтық халық шаруашылық жетістіктері көрмесінде экспонат иелері көрме медальдарымен наградталды. Шәкірттеріне биология пәніне байланысты арнаулы білім, іскерлік және дағдылар дарытуда және алуан түрлі қызықты, мазмұнды жұмыстар жүргізуде.
Очкур өзінің шығармашылық лабораториясы жөнінде методикалық бірлестіктерде, семинар, слет, конференцияларда, педагогикалық оқуларда үнемі пікірлесіп тәжірибе алмасып отырады. Сабаққа дайындау, оқу программасының методикалық аппаратын пайдалану, сабақтың басты мазмұнын ажырату, негізгі өзекті ұғымдардың басын ашу және шәкірттерді жалпы оқыту және арнаулы (биологиялық) білім дағдыларын қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізу, олардың дара қабілеті мен талап-тілегіне сүйене отырып, интеллектілік потенциалын дамыту проблемалары, педагогикалық процестің тиімділігін арттыру туралы баяндамалар жасап келеді.
Сонымен Е. А. Очкур өзінің тәрбие білім алып жүрген шәкірттерінің "Нағыз осы заманғы мұғалім" деген бүкпесіз, әділ де, шынайы сезіміне бөленген жаңашыл ұстаз. Ол білім беруді тәрбиелеу ісімен, осы заманғы қоғам өмірімен, оның экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және рухани міндеттерімен байланыстыра жүргізуді шәкірттеріне, Жер-анаға, ауылша-руашылық еңбегіне, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін дарытуды, жалпы азаматтық парасатты қасиет сапарларды бала кезден қалыптастыруды мәртебелі мақсат деп есептейді.
Бітібаева Қанипа - ұлттық тіліміздің тәлімгері
Өскемен қаласы, Жамбыл атындағы мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ССРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. ССРО және Қазақ ССР халық ағарту ісінің озаты, мұғалім-методист, Н. К. Крупская атындағы медальдің иегері.
Қ. Бітібайқызы әдебиетті өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы деп біледі. Ол өзінің әр сабағын кішігірім өнер туындысы дәрежесіне көтеруді мұрат еткен ұстаз. Қанипа өткір ойы, батыл пікірі, оқу-тәрбие процесін жетілдіруде тың
466
серпіні бар, творчестволық лабораториясы қалыптасқан өте іскер жаңашыл мұғалім. Бітібаева әр-сабағын оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін, таным белсенділігін дамыту негізінде өткізеді. Бітібаева оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігін, творчествосын дамытуды әрбір баланың пікіріне жауапкершілікпен қарауды оқу-тәрбие процесінің негізіне алады. Оқушылары ассистент, лаборант-оқушы, дублер-мұғалім рөлін атқарады. Олар кабинет жабдықтауға, көрнекілік жасауға, техникалық оқу құралдарды көрсетуде, жұптық, топтық жұмыстар кезінде зерттеу әдісіне негізделген тапсырмаларды орындауға, үй тапсырмаларын тексеру, бағалауда, семинар, конференция, практикум. сынақ сабақтарда, реферат қорғау, пікір корғау сабақтарында да, сабақ ішіндегі микросабақтарды өткізуге де көмектеседі.
Қ. Бітібаева — "қазіргі кезде мұғалімді творчество адамы ретінде бағалап отырғанда мүғалімге барлық еркіндік, ізденіске жол ашылып тұрғанда енді тағы жоғарғы жаққа алақан жайып, дайын дүние күтіп тұруымыз дұрыс па? Жоқ, дүниені өзіміз жасайық. Қайта дайын оқулықты жаттатқызудан, оқу программасына қатып қалған зандай жалтақтай қараудан білімділік те, тәрбиелік те құны жоқ кейбір диафильм, таблицаларға табынудан қол үзіп өз еңбегімізге жол ашайық", — деп әр мұғалімнің еңбегінде өз қолтаңбасы болуға шақырады. Талапкер ұстаздардың еңбегіне ғылыми-педагогикалық талдау жасау арқылы озат тәжірибені көпшіліктің игілігіне ұсыну қажет. Бірақ "Жаңашылдық" кезекті науканға айналмауын ескертеді. Бітібаева окыту процесінде баланың рухани жан дүниесін, ой еңбегінің күрделі процесінің заңдылыктарын, жеке адамның қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуші ұстаз.
Қанипа өзінің мол жұмыс тәжірибесін шәкірттерге қазақ тілі мен әдебиетінен білім, тәрбие беруден түйген пікірлерін, қазіргі мектеп программалары жөніндегі ой-толғаныстарын ортаға салып, республикалық және орталық басылымдарда мақалалар жариялап отырады. Мәселен: Қ. Бітібаеваның "Құттықтаймыз" (Қазақстан мектебі, №1, 1990), "Жаңашыл ең-бекке ұмтылайық" (Қазақстан мектебі, №12, 1989), "Оқушылар творчест-восын дамыту" (Қазақстан мектебі, № 10, 1989), "Я сделала свою карьеру" (Беседу вел Л. Красновский, "Народное образование", №5, 1990 стр. 32-38) т.б. мақалалары оқушы қауымға кеңінен таныс.
467
Сонымен республикамыздың мектептерінде бүгінгі күн талабына сай мол тәжірибе жинақтаған, методикалық шеберліктерін үнемі жетілдіріп, өздерінің күнделікті еңбектерімен, шәкірттеріп де, әріптестерін де дән риза етіп жатқан ұстаздарымыз халық мақтанышы.
Өзінің жаратылысынан педагогтік еңбек - нағыз шығармашылық еңбек, ғылыми-зерттеу жұмысына бейім, етене жақын. Сондықтан мамандығым - мақтанышым деп санайтын ұстаздар ондаған жылдар ішіндегі еңбектерінде құнды тәжірибе жинақтағандарына карамастан, әр күнгі 45 минутта өткізілетін сабақтарына, сыныптан тыс жұмыстарына да жан-жақты дайындалады. Олар бүгінгі сабақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын, өздігінен жұмыс жасауға, ізденуге жетелейтіи, білімге ынтасын арттырып, ой еңбегінің мәдениетіне үйренетін, жеке пәндерге құштарлығын туғызатын түрлі әдіс, тәсілдермен өткізілетін сабақ болуын методикалық, педагогикалық зандылық деп есептейді.
Ленин орденді ардагер ұстаз Әлия Дүйсенова: "Педагогтік шеберлік — дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі әрбір мұғалімнің өзіне тән мінезі, ерекшелігі, ашуы, ақылы, қабілеті бар. Сондықтан да әр мүғалімнің әдісі әр түрлі, бірдей болуы мүмкін де емес.
... Бала жаны жасандылықты жаратпайды. Мұғалімнің шеберлігі жайында жазылған дайын рецепт жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты", - деп мұғалімнің өздігінен ізденіп еңбектенуі қажеттігін ескертеді.
Педагогика саласында да жалпы өнер, ғылым, әдебиет әлеміндегідей тұйықталып, аяқталып қалған тақырып, мәселе болмайды. Педагогиканың қарастыратын мәселесі айнала қайнаған өмірдің өзегінен күнбе-күн өрбіп, дамып отыратын педагогикалық процестің жанды құбылыстарының салалары.
Сонымен мұғалім - өзінің барлық болмысымен, мамандығына деген ыстық ықыласымен, ұстаздық еңбегіне жан кештілігімен, балаға деген шынайы махаббатымен көрінетін ең үлгілі, өнегелі адам. Мұғалім — әрбір қоғамының тұтас ауқымына айналған қайта құру, революциялық жаңару процесінде оң өзгерістер, жаңаша ойлау, шығармашылық іс-қимыл арқылы танылатын басты тұлға. Міне, Қ. Бітібаева осындай үлгілі ұстаз, танымал тұлға, қажырлы, қайтпас педагог.
468
ПЫСЫҚТАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУҒА
АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
1. Аристотельдің тәрбие-тәлімінің негізін салудағы ой-пікірінің маңызы мен мәні.
2. Демократтің отбасы тәрбиесі туралы ойлары.
3. Сократтың білімділік, мейірімділік, парасатты туралы тағылымының тәрбиелік маңызы.
4. Платонның тәрбиенің халықтығы туралы ойлар.
5. Әл-Фарабидың оқу-ағарту және тәрбие туралы ой-пікірлері және оның тарихи маңызы.
6. Фарабидың еңбек тәрбиесі туралы тағылымдарын талдаңыз.
7. Фарабидың ғылымды жіктеудегі ерекшеліктерін талдап беріңіз.
8. Махмұд Қашқари еңбектерінің тарихи маңызы және оның бүгінгі ғылымдағы орны.
9. Қашқаридың "Диуани лұғат ат-Түрк" атты еңбегінің тәрбиелік тағылымдары қандай?
10. Баласағұн Жүсіптің отбасы тәрбиесі туралы ойлары.
11. Баласағұнның "Құтты білік" дастанының тәрбиелік мазмұны мен мәнін талдаңыз, оны қалай түсінесіз?
12. Мұхаммед Хайдар Дулатидың "Тарихи Рашиди" атты еңбегінің тарихи және тәрбиелік мәні туралы.
13. Дулатидың еңбек тәрбиесі туралы ойларының тәрбиелік маңызы қандай?
14. Қ. Қ. Жалайырдың "Жылнамалар жинағы" мен "Жами-ат-Таурих" еңбегінің тарихи маңызы және тәрбиелік тағылым туралы.
15. Ибн-Синаның еңбек тәрбиесі туралы ой-пікірлері және дәрігерлік қызметінің тарихи да тәрбиелік маңызы қандай?
16. Фирдоуси мен Низамидың адамзат тіршілігі, өмір мен қоғам, отбасы даналықтарын талдап, жастар тәрбиесі туралы тағылымдарының тарихи да тәрбиелік маңызы туралы түсінік берініз.
17. Омар Хайямның төрт тағанының (рубайлары) тарихи маңызы мен тәрбиелік мәні туралы түсінік беріңіз.
18. Омар Хайямның математика мен астрономия ғылымының негізін салуды және ол жасаған тұңғыш календардың тәуліктік дәлдігі туралы.
19. Ә. Науаидың ағартушылық ой-пікірлері және жас-өспірімдерге арналған ақындық шеберлігінің мәні неде?
20. Мақтымқұлының Орта Азия оқу-ағарту ісі туралы ой-пікірлері және М. Әуезовтың оған берген бағасы.
469
21. О. Б. Тілеуқабылұлының тәрбиелік ой-пікірлері.
22. М. Н. Әт-тусидің тәрбие тағылымдары туралы ойлаңыз.
23. Қ. А. Яссауидің елеуметтік және ағартушылық ой-пікірлері.
24. Әбу-Райхан Әл-Бирунидің тарихи тағылымдары және ғылымды жіктеуі туралы еңбектері.
25. Я. А. Каменскийдің педагогикасының негізін салушы ретіндегі еңбектерінің маңызы қандай?
26. Я. А. Каменскийдің педагогикалық теорияның тарихи және әлеуметтік маңызын ашьш беріңіз.
27. Я.А. Каменскийдің " Ұлы дидактика" аттты еңбегінің мектепті дамыту жолындағы мәні қандай?
28. Д. Локк пен К. А. Гельвецийдің тәрбие мен оқыту туралы ой-пікірлері.
29. Ж.Ж. Руссоның баланың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру туралы ойлары мен еңбегінің әлеуметтік-педагогикалық маңызы.
30. Г. Пестолоцийдің тәрбие туралы ой-пікірлерінің педагогикалық маңызы.
31. А. Дистервегтің "Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылыққа" және "Тәрбие және оқыту жөніндегі Рейн беттері" атты журналдың педагогикалық маңызын ашып беріңіз.
32. Россия мен Қазақстан мәдени байланыстарының пайда болуы мен қапыптасуының тарихи маңызы.
33. Қазақ жеріндегі тұңғыш мектептерді атаңыз.
34. XIX ғасырдың 60 жылдарындағы педагогика мен оқу-ағарту ісінің жайы туралы түсінік беріңіз.
35. XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы құрылған приход училищелерін, гимназиялар мен университет туралы талдап беріңіз.
36. Революцияшыл демократтар В. Г. Белинский мен А. И. Герценнің педагогикалық ой-пікірлері.
37. М. И. Пироговтың педагогикалық көзқарастарын талдап беріңіз.
38. Н. П. Чернышевский тәрбиенің рөлі және адамгершілік туралы ой-пік.ірлері.
39. Н. А. Добролюбовтың ақыл-ой тәрбиесі мен оқыту әдістері туралы тағылымын талдаңыз?
40. К. Д. Ушинскийдің дидактикалық принциптерді ашуы және дәлелдеуі.
41. К. Д. Ушинскийдің еңбек тәрбиесі туралы ойлары.
42. К. Д. Ушинский халық мектебін құру туралы.
43. К. Д. Ушинскийдің "Ана тілі", "Балалар әлемі", "Педагогика және антрология" атты еңбектерін талдаңыз.
470
44. Н. К. Крупскаяның педагогикалық теориясы.
45. А. С. Макаренконың "Педагогикалык поэма" және "Мұнара үстіндегі ту" еңбектерінің әлеуметтік мәні.
46. А. С. Макаренко тәрбиенің негізгі принциптері туралы.
47. Ш. Уәлиханов қазақтың тұңғыш ғалымы және ағартушысы.
48. Ы. Алтынсарин – Қазақ педагогикасының негізін қалаушы.
49. Абайдың тәлім-тәрбиелік, педагогикалық ойлары мен тағылымдары.
50. Абай өлеңдерінің тәрбиелік және еңбекке тәрбиелеу туралы әлеуметтік маңызы.
51. Абай ғақлиялары мен даналық ойларының тарихи-әлеуметтік және педагогикалық негізі.
52. Абай адамгершілік, ақыл-ой, тәрбиесі туралы
53. Абай парасаттылық, инабаттылық және тұр-тұлға мәдениеті туралы.
54. Шәкерім Құдайбердіұлының тәліми көзқарасы.
55. Жамбылдың тәрбие тағылымы туралы.
56. Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі.
57. Мағжан Жұмабаевтың "Педагогика" оқулығындағы тәрбие мәселелері.
58. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық-ағартушылық ой-пікірлері.
59. Жүсіпбек Аймауытов жантанушы-психолог ағартушы ақын ретіндегі тәрбиелік тағылымын талдаңыз.
60. Міржақып Дулатовтың өнер-білім, шығармашылығы, тәрбие туралы ой-пікірлері.
61. Қазақстан педагогтарының тәрбие, оқу-білім туралы ойлары мен пікірлері және оның педагогикалық маңызы.
62. Жаңашыл педагогтардың жасұрпақтың жанашыры ретіндегі ой-пікірлері.
63. Ш.А. Амоношвилидің педагогикалық жүйесі және оның маңызы.
64. Құмаш Нұрғалиұлының негізгі ой-пікірлері мен педагогикалық тағылымдары.
65. Рафиқа Нұртазинаның ұстаздық қызметі мен педагогикалық тәжірибесі.
66. Қанипа Бітібаеваның әдістемелік және жаңашылдық қызметі
туралы.
471
Пайдаланған әдебиеттер
1. Абай Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. -Алматы, 1961.
2. Ы. Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары. -Алматы,1968. Акишев К.А. Древняя культура саков и усуней долины р. Или.
3. М. Әуезов. Абай Құнанбаевтың өмірі мен творчествосы, қызметі. -Алматы, 1953.
4. М. Әуезов. Әр жылғы ойлар. -Алматы, 1956.
5. Ж. Әбиев. Жеке адамды жан-жақты жетілдіру. Социалистік тәрбиенің басты міндеті. -Алматы, 1991.
6. Ж. Әбиев. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. -Алматы, 1997.
7. Ж. Ә. Әбиев. С. Б. Бабаев. А. М. Құдиярова. Педагогика. -Алматы, 2004.
8. Әбенбаев С., Құдиярова А. М., Әбиев Ж. Ә. Педагогика.
- Алматы, 2003.
9. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. -Алматы, 2004.
10. Қ. Бержанов. С. Мусин. Педагогика тарихы. -Алматы, 1984.
11. Қ. Бейсембиев. Мировозрение Абая Кунанбаева. -Алматы, 1969.
12. Қ. Бейсембиев. Қазақ ағартушыларының әлеуметтік-саяси философиялық көзқарастар туралы. -Алматы, 1958.
13. Ч. Валиханов. Собр. Соч. В 5 т.т. т.л, -Алматы, 1971.
14. Ә. Дербісәлин. Ы. Алтынсариннің жазушылық қызметі туралы, -Алматы, 1958.
15. Ә. Дербісәлин Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы. -Алматы, 1968.
16. Г. Елеусізов. Экономические взгляды Чокана Валиханова.
- М. 1960.
17. Н. Габдуллип. Абай тағылымы. -Алматы, 1986.
18. Қ. Жанпейісова. Формирование основ политической культуры старшеклассников в целестном педпроцессе. -Алматы, 1993
19. Қ. Жарықбаев. Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы - Алматы, 1965.
20. Қ. Жарыкбаев. Жүсіпбек Аймауытовтың психологиялық ой-пікірлері. -Алматы, 1998.
21. Қ. Жарықбаев. Әл-Фараби. -Алматы, 1977.
22. Қ. Жарықбаев. Қазақтың тәлім-тәрбиелік ой-пікір антологиясы. -Алматы, 1998.
472
23. Г. Е. Журановский. Очерки по истории античной педагогики. -М., 1961.
24. Г. Е. Журановский. Демокрит. - М. 1960.
25. Г. Е. Журановский. Очерки по истории античной педагогики. 2 изд. - М. 1963.
26. А. Жиреншин. Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары. -Алматы, 1959.
27. Б. Кітапбаев. Қайран Қүмаш, қайсар Қүмаш. -Алматы, 1995.
28. М. Р. Жахид. Некоторые вопросы теории государств в возрениях Абу Насыр Аль-Фараби. - Душанбе, 1963.
29. С. 3. Зиманов и А. А. Акишева Политические взгляды Ч. Валиханова, -Алматы, 1965.
30. Т. Ильина. Педагогика. - М. 1984.
31. М. Әлімбаев. Құмашқа хат. //Жұлдыз. -Алматы, 1985.
32. М. Қаратаев. Великий национальный поэт в книге Казахская литература. - М., 1960.
33. М. Қаратаев. Эпостан эпопеяға дейін. -Алматы, 1973.
34. М. Қаратаев. Асу алда. -Алматы, 1976.
35. М. Қаратаев. Свет русской культуры. -Алматы, 1979.
36. С. Қалиев. Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұрасы. -Алматы, 1991.
37. С. Қалиев. Қазақ халқының салт-дәстүрі, -Алматы, 1991.
38. С. Қалиев. ХҮ— XIX ғ.ғ. Қазақ ақын-жазушылардың педагогикалық ой-пікірлері. А. –Алматы, 1990.
39. Л. Керімов. Праволық тәрбие жүйесі. –Алматы, 1990.
40. А. А. Красновский. Педагогические идеи Н. И. Пирогова. - М., 1949.
41. А. Көбесов. Әл-Фараби –Алматы, 1971.
42. Б. А. Қожабеков. Қазакия. -Алматы, 1998.
43. Б. А. Қожабеков. Бабырнама. -Алматы, 1999.
44. Б. А. Қожабеков. Тарихи таным. -Алматы, 1999.
45. Қазақстан тарихы -Алматы, I том. 1996.
46. Ж. Коянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. -Астана, 1999.
47. Қазақ Совет Энциклопедиясы. -Алматы 1—12том. (1968-1978).
48. Н. А. Константинов, Е. Н. Медынский, М. Шабаева. Ф-история педагогики - М., 1982.
49. Н. Ильминский. Воспоминания соб. Ы. Алтынсарина, Казань, 1891.
50. Н. К. Крупская. Педагогикалық шығармалар. -Алматы, 1957.
51. Н. А. Константинов. Жизнь и пед. деятельность Н. К. Крупская. - М-Л., 1958.
473
51. Д.О.Лордикиланидзе. Педагогические учения К. Д. Ушинского. - М., 1954.
52. Д. О. Лордикиланидзе. Классик русской педагогики К. Д. Ушинский. -М., 1954.
53. Ә. X. Марғұлан. Шоқан және Манас. -Алматы, 1971.
54. Ә. X. Марғүлан. Очерк жизни и деятельности Ч. Валиханова, -Алматы, 1998.
55. С. М. Мұқанов. Жарқын жұлдыздар. -Алматы, 1990.
56. С. М. Мұқанов. Аққан жұлдыздар. -Алматы, 1990.
57. А. Машанов. Әл-Фараби. -Алматы, 1970.
58. А. Машанов. Әл-Фараби және Абай. -Алматы, 1984.
59. А. С. Макаренко. Ұстаздық дастан. –Алматы, 1989.
60. А. С. Макаренко. Ата-аналар кітабы. -Алматы, 1987
61. А. С. Макаренко. Сочинение Т. 1-72 изд. Мем. 1968.
62. Макаренко А.С. Мұнара үстіндегі ту. -Алматы, 1978.
63. Е. Н. Медынский. Великий русский педагог К. Д. Ушинский. - М., 1990.
64. Н. Марков. Значение Сократа как философ- педагога "ЖМНП", 1871.
65. Қ. Нұрғалиұлы. Нұрғалиевтердің педагогикалық әулеті. /Халық мұғалімі. -Алматы, 2005.
66. В. А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. -Алматы, 1961.
67. В. А. Сухомлинский. Дума о человека. - М., 1963.
68. В. А. Сухомлинский. Нравственный идеал молодого поколения - М., 1961.
69. В. А. Сухомлинский. Воспитание личности в Советской школе - М., 1965.
70. В. Я. Струминский. Основы и система дидактики К. Д. Ушинского - М., 1957
71. Т. С. Сабиров. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. - Алматы, 1999.
72. Т. С. Сабиров. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. - Алматы, 1978.
73. Ә.І. Сембаев. Қазақ совет мектебінің тарихы. -Алматы, 1971.
74. Т. Тажибаев. Ә. I. Философские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева. - Алматы, 1957.
75. Т. Тажибаев. Просвещение и школы Казахстана во второй половине 19 в. - Алматы, 1962.
76. Шәкәрім Қүдайбердиев. Шығармалары. -Алматы, 1988.
77. Төлеубекова Р. Адамгершілік тәрбиесі туралы. -Алматы, 1994.
474
Ж. Ә. Әбиев
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ
(Қазақ тілінде)
Редакторы Г. Турлина
Техникалық редакторы А. Бекқожанова
Теруге 11.08.2005 ж. жіберілді.
Басуға 23. 03. 2006 ж. қол қойылды.
Пішімі 64x84/16. Офсеттік қағаз.
Шартты баспа табағы 30,0.
Есептік баспа табагы 19,2.
Таралымы 2000 дана.
"Дарын" баспаханасы.
480096, Алматы қаласы. Муратбаев к-сі, 23 үй.
Тел. 33-41-69, 33-41-66.
Достарыңызбен бөлісу: |