VII ТАРАУ. XX ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ
ШИРЕГІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ОЙ-ПІКІРЛЕР
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі
(1873-1937)
Ахмет Байтұрсынов - қазақ мәдениетінің тарихында үлкен, бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Оның тарихи тағылымы мол, тәрбие туралы өзіне тән регрессивтік ой-пікірі бар ұлы - ғалым. Қазақ философиясының (тіл білімі және әдебиет тану) негізін салушы педагог-ағартушы, мәдениет және қоғам қайраткері.
А.Байтұрсынов - алғашқы қазақ тілінің авторы (1912). Сол кездің өзінде ол жүзеге асырған қазақ жазуы("Жаңа емле ережесі" айнала ортадан тиісті бағасын алды. Оған прогрессивтік зиялы қауым ерекше назар аударады. Ал, 1924 жылы, ол жаңа қазақ графикасы ретінде қабылданып, оған ғалымның қүрметіне - Байтұрсынов аты берілді. Ол өз заманында барлық түркі тілдес халықтардың ең жақсы үлгісі ретінде қабылданды. Сондай-ақ, біздің шетелдік отандастар күні бүгінге дейін Байтұрсынов графикасын пайда-ланады. Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектері қазіргі кездің өзінде үлкен беделмен қолданылады.Оның қазақтың тіл білімі және қазақ тілін оқыту әдісі өзінің сапалылығымен және ана тіліміздің ерекшелігін жинақтайтын оқулық негізі ретінде үлкен табыспен мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылып, қолданылмалы қазақ тілінің қолтума оқулығына айналып отыр.
Ол өмірінің алғашқы жылдарын бала оқытудан бастайды. Ол жөнінде былай деп жырлайды.
Адамдық диқаншысы - қырға шықтым,
Көлі жоқ, көғалы жоқ - құрға шықтым.
Тұқымын, адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге бұл халықтың - деп бейқам жатқан халқын
сауаттандырып, өнер - білімге, мөдениетке жетектеді.
397
Бұл тұста 1890 жылдар үстінде Ахмет Байтұрсынов тәрізді оқыған, білім алған, мектеп бітірген, орысша сауат ашқан өзге де казақ азаматтарының алғаш көріне бастаған кезі еді. 1896 жылы Байтұрсынов Омбыда жұмыс істеп отырып Ақмола, Семей оқу жүйесін басқарады. Сол жылдары ол Қазақ даласында бала оқыту жайы, оны қатты толғандырады. Осы кезеңде қазақтарды оқыту Ахметтің ой - түюінеше өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың халық алдындағы парызы - деп түсінеді. Байтұрсынов-тың осындай мақсаттарды көздеп, саяси-көзқарастарын шыңдай түсуі Қарқаралыда өмір сүрген 1896-1907 жылдар кезеңімен байланысты. Осы жылдары оның айналасына қазақ зиялылары топтала бастайды.
Байтұрсынов 1907-1917 жылдары арасында Орынборға жер аударылып сонда тұрған жылдарыңда ғылым, білімге бұрынғыдан да терең үңіліп, қазақ балаларын оқытудың әдістерін, қазақ тілі мен әдебиеті, өнері, тарихы, мәдениеті туралы өрен ойлар айтып, бастауыш мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын жаза бастайды. Халық мұраларын, ауыз әдебиетін - эпос, ертегі, жұмбақтар жинап бастыру ісімен айналысады, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ елінің жоғын жоқтап, санасына сәуле құюға байланысты жасап жүрген еңбектері елге тарай бастайды. 1913-18 жылдар арасында бейресми газет "Қазақ" газетінің редакторы болып жұмыс істеген жылдарында - халықты оқуға, білімге, өнерге, бостандыққа, теңдікке шақырған ойларын газет бетіне ашық жариялады.
Қазақтарды надандық шырмауынан шығарудың бірден-бір жолы ғылым-білімге ұмтылу, оқу-ағарту жұмысымен айналысу деп түсінген Байтұрсынов бұл пікірін "Қазақ" газетін жариялауға ұдайы ұмталыс жасаған. 1911 жылы Орынборда басылған "Маса" атты жинағы, халықты өз тағдыры үшін күреске шақырып, жұртшылықты шырт ұйқысынан оятқан дабылды еңбек-топтама туынды болған. Ахмет қалғыған халқын ең болмаса маса болып шағып оятайын, ойландырайын - деген мақсат көздейді.
Сары маса болып ызындаған өзі екенін, Ахмет Байтұрсынов, 1909 жылы Петербургте басылған "Қырық мысал" атты еңбегінде "Малшы мен Мысал" туындысында жасырмай ашық айтады. Онда мынадай шумақ-өлеңцер болған:
Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды пәле дедік аңдып жатқан,
398
Пәленің түрін көрген мен Сары маса,
Халықты оянсын деп сөзбен шақкан.
"Айқап жұрналы" мен "Қазақ" газеті бетінде көптен көтеріп
жүрген, елдің санасын көтеруден бұрын, сауат ашар "Әліп-би" тіл құралын жазу үшін графика және қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жасаумен Байтұрсынов 20 жылдар еркін айналысады. Ол әуелі баста араб графикасына бейіл береді. Дәл осындай құралдың ересектер үшін де аса қажет екенін ескеріп "Әліпбиді" жазады, бұл оқулық 1924 жылы Орынборда, 1926 жылы Семейде басылып шыққан. Ал, "Тіл құралы" 1914 жылдан бастап жария-лана бастайды.
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық, ғалымдық, қайраткерлік, ақындық қасиеттерін сараласаңыз - өзінен бұрынғы үш ғүламаның Абайдың ақындығын, Ыбырайдың ағартушылығын, Шоқанның ғалымдығын, оны бар өзі таңдан алғандай. Байтұрсыновтың бойынан осы үш касиет бірдей табылған. Өлеңнін, ақындық шеберлігін Ахмет Абайша түрлеп, адам бойындағы надандықты шеңейді, саналыққа ел болып бірігуге шақырады.
Бұл неткен жұрт ұйқышыл,
Болсын кедей, болсын бай,
Жатыр бейқам жым-жырт жай- десе, енді бірде
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,
Адалдық, алтыбақан, дертпен кірдік,
Жан-жақты жаратқанға күзеттіріп,
Жақынмен ырылдасып, иттей үрдік, - ден сол кездегі шындықты жырлайды.
Абайдың бірден-бір өлеңің өткен уақыттың жайын ғана жырлайтын, кезендік дүние деп қарай алмайтынымыз сияқты, Байтұрсынов туындыларының да шеңбері ауқымы уақытнен шектеліп қалған емес.
Байтұрсынов өмір шындығын, тәрбие тағалымын мынадай етіп келтіреді:
Тықылдап, құр пысықтап сөйлейтін көп,
Екіндеп ұшқыр атта қарқындаған.
Бос белбеу, босаң туған бозбала көп.
Киіздей шала басып қарпылмаған, - деп сол екі шумақ өлеңде
бүгінгі біздерге, жастарымызға арналып айтьш тұрғандай емес пе? Ахмет Байтұрсынов еңбек тәрбиесін жырлаған, еңбек тағылымының туын көтерген дана - адам.
399
Ахмет Байтұрсынов еңбексіз, арзан істерді надандықты, мешеулікті, білімсіздікті өткір сынға алған.
"...Жаны ашып, жаһан үшіи кайғырма?
Жаны мол, жақыны мол, малдың құлы.. десе, ол
"Жұртыма" деген өлеңінде -
Келгенде өзді-өзіңе мықтысындар,
Қайтейін өзге десе көнгішсіңдер,
Сықылды сынық бұтақ төмендесең,
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді.
Ахмет үлкен аудармашы. Ол Крыловты аударған. "Арыстан, киік һәм түлкі" деген мысал өлеңін былай тұжырымдайды. "Кісіге таза жолдас табу қиын,
Көбіне-ақ дос етеді мал мен бүйым,
Досыңнан, дүшпаныңнан бірдей сақтан,
Басыңда Сірә "Ахмет болса миың" - деп, өзіне арнаған. Енді бірде:
Ойлама шын достарым мол екен - деп,
Сөзіне ере берме жол екен - деп.
Досыңды қиын іске қайрап тұрған,
Білгейсің шын дұшпаның сол екен - деп, немесе ол "Жұртыма",
"Қара бұлтта" деген өлеңдерінде қансып жатқан далаға жаудың орнына, қарабұлттың жауыны теңізге жауын орынды сынайды. Жаңбырсыз "Даланы" бейқам жатқан қазақ дейді. Ахмет өлеңі, аудармасы болсын, бәрін қазақ өміріне әкеліп тірейді. Оянар ма екен, сабақ алар ма екен, серпілер ме екен деумен болады
Қазақ АССР-і құрылғанан кейін А. Байтұрсынов 2 жыл бойы республиканың Халық ағарту комиссары Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің, Қазақ Орталық Атқару Комитетінің газетінің мушесі болып жұмыс істеді одан соң Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің газеті Ақ жолда, Халык ағарту комиссариаты жанындағы Қазақстан академиялық орталығында еңбек етті.
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми-творчестволық мұрасын негізінен үш үлкен салаға бөліп қарауға болады. Олар: автордың ағартушы, ғалым, тілтану әдебиеттанудың алғашқы іргесін қалаушы ретіндегі еңбегі ақындық және аудармашылық творчествосы. Ахмет Байтұрсынов өзінің саналы өмірін казақ қоғамында білім-ғылымнын жоғары бағаланып, ағартушылық бағыт әбден қальштасқан кезде бастады. Ол ауыл мектептерінде, семинария-
400
ларда халыққа білім беру, оны жетілдіру саласында көп ізденді, көптеген мақалалар, еңбектер жазды. "Әліп-би", "Тіл құралы", "Әдебиет танытқыш" атты кітаптар, қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқытудың методикасы туралы коптеген мақалалар жазуы 1926 жылы Бакуда болған тюркологтардың Бүкілодақтық 1 съезіне қатысуы (Қазақстаннан Ахмет Байтұрсынов, Елдес Омаров, Азиз Байсейтов, Біләл Сүлеев, Нәзір Төреқүлов делегат болып қатысқан. Ахмет осы съезд президиумына және бірнеше комиссия құрамына сайланған), Қазақстаның оқу-ағарту комиссариатындағы жұмысы - осының бәрі оның қоғамдык, мәдени, ағартушылық, ғалымдық қызметінің комақтылығын аңғартады.
Белгілі совет тюркологы академик А.Н. Кононовтың А.Байтүрсыновты көрнекті тюркологтардың қатарында еске алып, оның қазак алфавитін жүйелеу оқу құралдарын жасау фонетика мен грамматика саласындағы қазақ мәдениеті мен әдебиеті туралы зерттеулерінің маңызы туралы жазуы да тектен-тек емес.
Әдебиеттану ісіне Ахмет Байтұрсыновтың қосқан үлесі аса мол. Қазақ тілі мен көркем сөзі, сана-салты дүние танымы Ахмет Байтұрсыновты семинарияда оқып жүрген кезінен бастап қатты қызықтырғанға ұқсайды, өйткені ол Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын семинарияны бітірген 1895 жылдың өзінде тургайская газетаның 39-санында Казахские приметы и пословицы деген мақала жариялаған: Бұл оның баспа бетін көрген алғашқы еңбегі. Оның үстіне мақаланың осы газет бетіне басылуының өзі көңіл аударарлық нәрсе.
Саналы өмірін қоғамдық ағартушылық қызметке іштей бастаған дайындалып бастаған Ахмет Байтұрсыновтың халықтық көркем мұраның мән-маңызына, эстетикалық қадір-қасиеттеріне бойлап, оны жинап-бастыруға ұмтылысын байқату. Ол өзі де шығармалар жазып, басқа халықтар қазынасының үлгілерін туған халқына жеткізу мақсатында аудармалар жасады. Көп ұзамай Қырық мысал", "Маса" жарияланды. Осы жылдары Ахмет Байтүрсынов әдебиет тарихын зерттеумен шүғылданды. Оның Қазақ газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан Қазақтың бас ақыны деген көлемді мақаласы әдебиеттану саласындағы алғашқы зерттеуі еді. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені өмірбаяны шығармаларының мазмұн тереңдігі мең ақындық шеберлігі поэтикасы орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Осы мақалада Абайдың өлең-
401
дерінің тексі келтіріліп, ақынның поэзияға деген көзқарасы эстетикасы поэзияның адам өміріндегі рөлі байсалды талданған. Мақалада айтылған пікір-тұжырымдардың негізделген концепцияны бірсыпырасы кейін ғылым тарапынан қолдау тауып, бұл жүйедегі зерттеулерде дәлелденіліп, орнығып, жалғасымын тапты.
Кейінгі қоғамдық және басшылық қызметтер атқарғап кездерінде де Ахмет ғылым саласындағы жұмыстарын тоқтатпаған ол 1923 жылы Москвада қазақтың эпостық жыры Ер Сайынды алғы сөзбен ғылыми түсініктемелермен бастырып шығарған.
Ахмет Байтұрсынов бастырған Ер Сайын негізінен ел қорғаушы батырлардың жорықтарын ерлігін баяндайтын белгілі эпостық жыр нұсқасы. Ел арасында көбіне ауызша айтылып, сақталып келген көлемді, шамасы 3000 тармақ, тілі шұрайлы осы жырды 1870 жылы В. Радлов Солтүстік түрік тектес халықтардың ауыз әдебиет үлгілері жинағына енгізгені белгілі. Орын-бор архив комиссиясының ғылыми еңбектерінде бұл жыр Бозманай деген атпен басылған 1922 жылы Ташкентте жарық көрген ал Ахмет Байтұрсынов Ер Сайын жырын Москвада бастырып, астана басылымы арқылы еліміздің басқа да халықтарының назарына ұсынды. Ер Сайын жырының баспа бетін көрген және Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы нұсқаларын салыстыра зерттеу негізінде Ахмет Байтұрсынов нұсқасының идеялық-көркемдік деңгейін, мән-мазмұнын анықтау да алдағы күндердің міндеті болмақ.
1926 жылы осы баспа арқылы Ахмет "жоқтау" деп аталатын жинақ жарияланған. Қайғылы уақиғаларға байланысты шыққан жоқтау жырлар қазақ халқының бай ауыз әдебиетінде молынан сақталғанмен, оларды арнайы жүйелеп сұрыптап, оның қоғамдық мәнін айқындау бұрын қолға алынбаған іс еді. Ахмет жинағы осыған бастама болды. Бұл жинаққа енген 23 жоқтауда халық басынан кешкен маңызды уақиғалар, елдің ер жүрек батырлары, көпшілік үміт артқан адамдарды, басшылары туралы айтылған. Олардың ішінде қаз дауысты Қазыбекті жоқтау, Абылай хан дүниеден өткенде айтылған жоқтау басқа да құнды туындылар бар. Мұның бәрі А. Байтұр-сыновтың халықтық көркем сөз қорын жинаушы, зерттеуші, бастаушы ретіндегі зор еңбегін байқатады.
Қазақ филологиясының әдебиеттану саласында А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" (1926) атты кітабының ерекше маңызы бар. Бұл әдебиеттің тарихы мен теориясы туралы қазақ
402
тіліндегі тұңғыш көлемді де салмақты еңбек. Ол бірнеше жылдар бойы оқу құралы ретінде пайдаланылған. "Әдебиет танытқыш" деген атының өзі әйгілеп тұрғандай, кітап әдебиет әлемін көркем сөз табиғатын сырын, мазмұнын ерекшеліктерін, жанрларын, дүниетаным мен қоғамдағы ролін қыруар мысалдармен дәлелдеп, байсалды, ғылыми түрде түсіндіруге арналған алғашқы тәжірибе, тұңғыш зерттеу болуымен құнды.
Қазіргі филология деңгейінен қарағанда кездесетін көптеген олқылықтары мен дәлсіздіктеріне, кейбір қателіктеріне қарамастан кітаптың жазылу принциптері, пікір-тұжырымдары, материалдарды классификация-лауы, терминдері көңіл аударлық.
"Әдебиет танытқышта" ең алдымен сөз өнерінің табиғаты, өнердің басқа түрлерінен-архитектура, скулыптура, живопись, музыка, т. б. өзгешелігі, айырмашылығы, артықшылығы сөз етіледі. Өнер түрлерін талдай келіп А.Байтұрсынов: "Өнердің ең алды сөз өнері" деп саналады. Өнер алды - қызыл тіл деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадырынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді-деп жазады. Сөзбен сымбаттаудың я кескіндеудің үлгісін көрсету үшін автор Абай өлеңдерінен мысалдар келтіреді. "Әдебиет танытқышта" ауыз әдебиетінің ең шүрайлы, ең бейнелі, мазмұны мен көркемдігі бай үлгілерін пайдаланған. А.Байтұрсынов ауыз әдебиеті материалдарын іріктеп, сұрыптап ғылыми-теориялық кітапқа пайдалануда белгілі бір жүйе принцип ұстағаны байқалады. Ағартушы, өзі айтқанындай, адамдық насихатшысы ретінде қазақ халқының көркем ойлау жүйесіндегі рухани қадір-қасиеттерге, жақсылық пен жамандық тартыстарына ерлік пен батырлық істерге, бірлік пен ынтымақ, сұлулық сырларын бейнелеген үлгілерге көбірек көңіл бөлген.
Коркем сөздің әр компоненттерін сөз еткенде "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Ер Сайын", "Алпамыс" жырларынан даналық, шешендік, тапқырлық сөздер қазынасынан, айтыстардан, ертегілерден ойын дәл жеткізу үшін мысалдар, деректер келтіреді.
Қазақ жырауларының мұрасын А. Байтүрсыновтың еркін де терең білетіні осы еңбегінде айқын көрінеді. Қазак, сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы жыраулар
403
шығармалары біраз уақыт еленбей, ескерілмей келгені мәлім. Ал, А. Байтұрсыновтың ізденіс назарында солардың бірсыпырасы болған. Оның еңбегінде Асан Қайғы, Нысанбай жырау Бүдабай ақын, Науырызбай би Құбыла ақын, Жарылғасын ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досқожа, Орынбай, Шернияз т.б. ақын-жыраулар шығармаларынан үзінділер бар. Әдебиет танытқышта аты аталып, шығармалырынан үзінді келтірілген кейбір жырау-ақындар әдебиеттануда әлі беймәлім, демек ондай есімдерді іздестіру керек. А. Байтұрсыновтың ең биік үлгі ететіні - Абай Қүнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Сүлтанмахмұт Торайғыров туындылары.Шоқан Уәлиханов пікірлері де жоғары бағаланып, орынды пайдаланылады, ол Шоқан туралы Потанин, Ядринцевтің естелік жазбаларына сүйенеді. Жыр-поэма мысалдары ретінде зерттеуші Абайдың "Ескендірін", Мұхамеджан Сералиннің "Топ жарғанын", Шәкерімнің "Жолсыз жазасын", "Қалқаман-Мамырын", Мағжанның "Батыр Баянын", Қорқытың "Орман патшасын" атайды.
А. Байтұрсынов өз кезіндегі әдебиет өкілдерінің шығармаларына көңіл аударып, мысалдар келтіреді, кейбір шығармаларының аз да болса жанрлық сипаттарын анықтап өз пікірлерін айтқан. Мысалы, А. Байтұрсынов: Мұхтардың "Оқыған азамат", Смағұлдың "Қалайша кооперация ашылды" деген әңгімелері ұсақ әңгімеден гөрі ұзақ әңгіме түріне жақын болады. Нағыз ұсақ әңгіме болатындар: Смағұлдың "Автономиясы", Міржақыптың "Қызыл қашары", Бейімбеттің "Айт күні" сияқты әңгімелер -деп жазды.
Әдебиет танытқыш еңбегінде А.Байтұрсынов ауыз және жазба әдебиеттің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық, әсемдік әуенін талдауға бейімділік танытады. Ол жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы да ой-түйіндер айтуға тырысқан. Бұл ретте одан сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады. Қазак әдебиетінің даму жолдарын сөз ете отырып, зерттеуші Еуропа жұртының сындар әдебиетін еске алады да, оның бай төжіррибесін меңгеруге бет алушылық қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімдікке жалғасқанын айтады. Әдебиеттер тоғысуы мәселелерін қозғайды.
Сөйтіп, А.Байтұрсынов зерттеуші ретінде қазақ әдебиетінің дамуы процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар
404
әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады, өнерпаз елдер әдебиетіне тән көркем сөз түрлерінің қазак, әдебиетінде де бар екенін, кейбірі сол кезде жоқ болса, туа бастағанын, келешекте дамитынын айтады.
А.Байтұрсынов - қазақ музыкасы мен ән күй өнеріне де терең, ой жіберген ғалым. А. В. Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әрі әнші болған. Қазақ халқының 1000 әні атты еңбегінде А.В. Затаевич былай деп жазады: А.Байтұрсынов өз халқының әндерін жақсы біледі және оларды тамаша орындайды, ол - жақсы домбырашы. Қазак, халқының тарихын, этнографиясын, тұрмысы мен әдет-ғұрыптарын терең білетіндіктен, А. Байтұрсынов Торғай, Ақтөбе, Бөкей ордасы, Қарқаралы өлкесінің әндерін жазғанда маған көп жәрдемдесті тамаша екі күйді, тіпті өзі орындады.
Қазақ халқының мәдениеті, оның тарихы, қалпы, келешегі туралы толғаныстар А.Байтұрсынов еңбектерінде көп ұшырайды. Бірсыпыра жыл қатар өмір сүріп қызмет еткен жазушы М.О. Әуезов бір мақаласында А. Байтұрсынов 1923 жылы Мәдениет тарихы атгы кітаптың қолжазбасын тәмәмдағаны туралы да хабарлаған. Бірақ ол қолжазбаның тағдыры әлі күнге белгісіз.
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен қызметінің тағы бір салмақты саласы - оның ақындық, аудармашылық еңбегі. Ол бала кезінен қазақ ішінде көркем сөз құдіреті жоғары саналатынын көріп, естіп, сезініп ойланып өскенге ұқсайды. Санала өмірге аяқ басқан кезде халық поэзиясы мен Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларын, орыс әдебиетін оқиды. Мұның бәрі қоғамдық ой-пікірде тынымсыз ізденген, өмірге құштар жас Ахмет үшін текке кетуі мүмкін емес еді. Сондықтан ол айналаны тану, білу, сезіну қалпын поэзия тілімен, өлеңмен жеткізуге деп қояды. Өлеңді өзінің ағартушылық идеясына пайдалануды көздейді. Ахмет:
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке үнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдап,
Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар.
Солардан аз да болса белгі қалар, - дейді.
405
Ақыннын, өлеңдер топтамасы Маса деген атаен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен түсті өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Үйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызындаса
Осы жолдардан ызыңдап ұшқан мынау біздің маса-сергектікті қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.
Масаның негізгі идеялық қазығы-жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын өлеңдері жалпы, сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес. Ақын өз өлеңдерінде көбіне Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырып дамытқан өрісті ойды, калып алған дәстүрлерді, гуманистік әуендерді, демократтық бағыттарды жана жағдайда өзінше жалғастырушы ретінде көрі-неді. Оның өлеңдерінің тақырьш қойылысының, өрнектелуінен, ой жүйелеу мәнерлерінен Абай, Ыбырай үлгілеріне жақындық, үйлесімдік, үндестік байқалады. Солар сияқты А.Байтұрсынов та айнала қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. "Қазақ салты", "Қазак, қалпы", "Досыма хат", "Жиған-терген", "Тілек батам", "Жауға түскен жан сөзі", "Бақ", сияқты өлендердің мазмұны осыны танытады.
Алдыңғы ағалар суреттеп кеткен қазақ қоғамының жалпы қалпыңда дәл сол кезде айтарлықтай өзгерістер жоқты. Ахмет коғамның сол бір келеңсіз көріністеріне салқын қарай алмайды. Ол жан ауыртьш, жүрек сыздатар қасірет сөзін айтъш хатқа жазады.
Қазақ қалпы, Досыма хат өлеңдерінде қазақ елінің қалпы. Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, теңізде жүрміз қалқып көшпесі жоқ, Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз, алалық алты бақан дертпен кірдік, - Ақшаға абыройын, арын сатып,
406
азған жұрт адамшылық қалмай сыны Жаны мал, жақыны мал, малдың құлы деген сипаттармен нақтылана түседі.
А.Байтұрсыновтың "Жиған-терген" Абайдың "Сегіз аяғы" үлгісімен, әсерімен жазылған шығарма. Осы өлеңде қазақ қоғамының бірсыпыра кокейтесті мәселелерді көтерілген. Елді, ел намысын ойлайтындар аздығы, бірліктің жоқтығы, ел басшыларының зорлықшылығы, т.б. жайлар туралы ой-тұжырым айтылған. Қоғам қалпы туралы ойланған акын:
Әр жолды ойлап
Ойыма бойлап,
Ұқтым тайыз, теренді.
Сайраған тілмен,
Зорлаған үнмен,
Құлағы жоқ кереңді-
Ұқтыра алмай сөз әуре,
Тек тұра алмай біз әуре, - дейді де, сөз ұғар коңіл көзі сергек
қауым алдына нелер келеңсіз көріністер сырын ашады. Ұлы ұстазы Абайша ол салынып дауға сатыльш жауға аянған болыстықты, аңқау адамдарды алдап, мал жинап, кәсіп етіп жүрген арамза моллаларды, халық бойындағы енжарлық бейқамдық мінездерді сынға алады.
Үйқышыл жүртты, түксиген мұртты,
Обыр обып, сорьш тұр -
Түн етіп күнін оятқызбай қорып тұр-ақын ойынша мұндай
озбырлық, үстемдік ету үшін жүргізіліп отырған саясат-ың нәтижесі. Соның бәрін көріп толғанған ақын:
Ұлғайып қайғы,
Уытын жайды.
Айтпасыма болмады,
Қабағын түйіп,
Қаһарьш жиып
Көкті бұлт торлады.
Жаңбыр жаумай, жауса қар,
Жұрт жұтайтын түрі бар –
деген ойлы тұжырым жасайды.
А. Байтұрсынов қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздіктің, таптық шиеленіс-қақтығыстардың себеп-салдарына терең бойлай алмаса да, еңбекші халыққа, олардың ауыр халіне көңіл бөліп, аяушылық сезім білдіреді, ауыр халге, төзіп, көніп, үндемей жүре бермей, адамдық қасиетті қорғауды қалайды. Бұл
407
оның демократтық, гуманистік көзқарастарға бейімдігін аңғартады. Адамдық диқаншысы деген өлеңінде ол өмір бойы бейнетке, қорлыққа үндемей шыдап, жасып, жаншылып кеткен адамдарды көріп, жаны ашиды, олар сергектеу болса, адамдыққа ұмтылса, үндемей жүре бермесе, алданғандарға алланбаса, таяққа еті үйреніп жүнжіп кетпес еді деп ойлайды, олардың намысына тиерлік ащы сөздер айтады.
Елдің ауыр халын аз да болса жеңілдету жолдары туралы ойланғанда Ахмет бұрын қалыптасьш дамыған ағартушылықтын, мақсат-мұраты арнасыңда ой өрбітеді, ұйқыдан ояньш, білім-ғылымға ұмтылу қажеттігін, оянған ерге еру керектігін еске салады. Оның:
Оянған ерге
Ұмтылған жерде
Еруші азда, серік кем
Қас білген досты
Дос білген қасты
Мұндай елді көріп пе ең
Қыс ішінде бірір қаз
Келгенменен қайда жаз, -
деген өлең жолдары ел ішіндегі азын-аулақ зиялы азаматтар сөзіне құлақ қоюдың аздығына күйінуден туған. Ақын өлендерінің шығарылған жылдары нақты қойылмауы, әрине оның творчестволық ой жүйесінің эволюциясын анықтауды қиындатады. Дегенмен, "Маса" өлеңдер жинағы 1911 жылы басылғанына сүйеніп сонда жарияланған туындылар содан бұрынғы жылдары жазылғанын жазылғанын, А.Байтұрсыновтың ел күйін өзгертудің ағартушылық жолдан баска бір арнасын іздеп, сезіне бастағанын байқаймыз. Ол ізденіс 1905-1907 жылдар уақиғаларына, революциялық дүмпулерге, сол дүмпулердің қазақ жерлерін де шарпуына байланысты қалыптаса бастаған деуге болады. Мысалы, "Бақ" деген өлеңінде ақын.
Бұлттар басып жасырған,
Жана түсіп басылған,
Таң шапағы сөніп тұр;
Жаңаланған өмірден
Жаңа шығып көрінген
Гүл қамауда семіп тұр, -
дейді. Мұндағы жана түсіп басылған, таң шапағы, жаңа шығып көрінген, гүл қамауда семіп түр - деген көркемдік компоненттер, символдық бейнелер замана бағытына жаңа ғасыр көгіндегі
408
көрініс-құбылыстар әкелген бағыт-бағдар әсерлерінен туғаны байқалады. Ағартушылық баққа жетудің қиындығын ол тез түсінеді. Алайда, ақын түңілген емес, ізденудсн үміттенуден, ұмтылудан жалықпайды:
Үміт сүйрер жыраққа,
Жетесің деп мұратқа,
Талықсам да ізденіп
Қашан көңіл жасарар
Арка басың босанар
Рахатты жаз келіп
Қашан жанып шам-шырақ,
Сәуле беріп жарқырап,
Болар жарық төрт тарап
Қашан маған іздеген
Күліп жылы жүзбенен
Болар серік бақ қарап-
деп армандайды ол. Бұл тамаша өрнектер тек бір ақынның жан-күйі ғана емес, Октябрь алдындағы қазақ қоғамының ізденістерінің, белгісі, алда жанар шамшырақты армандап күту, аңсау әрі сену сарыны. Мұның негізінде қазақ қоғамының тынымсыз рухани ізденістері, мүддесі, кейінгі революциялық толқындарға, өзгерістерге жылдам ілесуіне себеп болған таза оптимизмі жатар.
"Маса" жинағының көркемдік арсеналында талай эпитеттер, теңеулер, шендестірулер, инверсиялар, мақал-мәтелдер бар. Мысалы, теңсіздік, озбырлық, әділетсіздік, әрекетсіздік, надандық жайғасқан жайды ақын, көбіне түн түнерген төбемізден бұлт арылмай, қасірет, өртке душар болып, не қалды тәнімізде шарпылмаған, алалық алты бақан дертпен кірдік деп бейнеледі. Айтайын деген ойын ақын көркемдеп жеткізуге бейнелі сөз табуға шебер. "Достыма хат" өлеңі түгелімен осындай бейнелі сөздерден теңеумен шендестіруден, антитеза мен синекдохадан тұрады:
Қырағы қия жазбас сұнқарым-ай!
Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына, іңкәрім-ай!
Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,
Түнерген төбемізден бұлт арылмай.
Көк атты, көн терілі, көніп қалған,
Сықса да шыдай беру-жұрт жарылмай.
409
Бұл жолдарда казақтың көркемдік ой жүйесінде қалыптасқан өрнектер өзіндік ізденістерімен астаса қиюласқан. Айталық, "қырағы қия жазбас сұнқарым-ай, қажымас қашық жолға тұлпарым-ай" деген метафоралық өрнектер бұрыннан көркемдік арсеналда бар болса "өлігін өлексенің өрге сүйреп, шығармақ қыр басына іңкәрім-ай" ақын өзі тапқан көркемдік тіркес айтылмыш ойды үдете үстемелей жеткізу қызметін атқарып тұр. Бұл синекдоха сұнқарға тұлпарға балап отырған тамаша ер тұлгасының қадір-қасиеттерінің ықпалы күштілігін елін өрге сүйреп, қыр басына, биікке шығару жүгі ауырлығын, салмақтылығын айту үшін қолданылған.
Кім біліп, ер еңбегін сезіп жатыр,
Кім шыдап, жолдастыққа төзіп жатыр.
Сасық ми салқын жүрек санасыздар,
Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр -
дегендегі кім шыдап, жоддастыққа төзіп жатыр деуде автордың көркемдік ой жүйесінің өзгешеліктерінің бір қыры. Әдетте жолдастық сөзі жиі қолданылғанмен, оның адам қарым-қатынасындағы терең мағынасы-мәні ауыр сыннан өту, шыдау, төзу арқылы шындалатыны, нағыз жолдастық әр адамның қолынан келе бермейтіні, биік рухани өріске, асыл арманға байланыстылығы ашыла түскен:
Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.
Бос белбеу, босаң туға бозбала көп
Киіздей, шала басып, қарпылмаған...
"Сасық ми, салқын жүрек, санасыздар, алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр" - ащы сөздер, көңілінде сәл саңылау бар адамды айналаға, өзіне сын көзбен қарауға намыс туралы ойлануына елең еткізбей қалмайтын салмақты тіркестер.
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы-көп ғасырғы қазақ поэзиясының дәстүрлерін, демократтық-ағартушылық әдебиет үлгілерін жаңа тарихи жағдайда дамытып, жалғастырған идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Оларды қайта бастыру туған әдебиетіміздің жалпы адамзаттық, гуманистік, демократтық, тәрбиелік сипаттарын айқындап аша түсетін мұра болмақ.
Ахмет Байтұрсынов қалдырған бай мұраның тағы бір саласы оның көркем аударма дамуына үлесі. Қазақ әдебиетіндегі көркем аударма тарихы бай екендігі мәлім. Ахмет Байтұрсынов
410
аудармамен шұғылданған тұста, яғни XX ғасырдың бас кезінде аудармада, әсіресе орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару ісіне едәуір тәжірибе жинақталған еді. Сонау Абай мен Ыбырай тәжірбиелерінен басталған бұл игі дәстүр Ақылбай мен Мағауия Құнанбаевтар, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхамеджан Сералин, Бекет Өтетілеуов, Ғүмар Қарашев аудармаларымен, газет-журналдардағы тәжрімаларымен толыға түскен. Енді бір топ ақын-жазушылар Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов көркем аударма ауқымын кеңейтіп, Шығыс пен Батыс елдері әдебиеттері үлгілерін, орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға қызмет етті.
Ахмет Байтұрсынов алғаш рет аударма жинақ бастыру ісін бастаушы болды. Ол орыстың классик жазушысы И. А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, "Қырық мысал" деген атпен Петербургте 1909 жылы жеке кітап етіп бастырды. Бұл И.А. Крылов шығармаларының қазақ тілінде, тіпті Орта Азияда десе де артық емес, түңғыш жеке кітап болып бастырылуы.
И. А .Крылов мысалдарының СССР халықтар тіліне аударылуының өзіндік тарихы жазылар болса, оның өшпес туындыларының біразын ең алғаш өз тіддерінде сөйлеткен халықтардың алдыңғы қатарында қазақ халқы, оның ардагері ұлдары Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев түрары хақ. Олардан кейінгі бір топ қазақ ақын-жазушылары да Крылов туындыларын қазақ тіліне аударумен шүғылданды. Солардың бірі - Ахмет Байтұрсынов.
Ахмет Байтұрсынов "Қырық мысал" жинағына жазған "Замандастарыма" деген кіріспесінде аударманың мән-мақсаты дәуір дүбіріне ілесу ниеті, қиындық жағдайларда орындағаны туралы айтады:
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа-сабыр,
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым!
Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,
Күй қайда үздік шығар топты жарып.
Ат тұрмас аяғында желі болса,
Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.
Бар болса сондай жүйрік қызар деймін,
Естілсе құлағына дүбір барып
Әйтпесе арық шауып оңдырар ма,
Жүргенде қамыт басып, қажып-талып.
411
"Қырық мысал" жинағында қырык, бір мысалдық да аудармасы бар. И. А.Крыловтан "қырық мысал" және орыс әдебиетінде мысал жанрын қалыптастырушылардың (А. С. Сумароков, В. И. Майковпен бірге) бірі И. И. Хемницердін, "Ат пен есек" шығармасы қазақшаға аударылған. Онда көтерілетін мәселелердің, айтылатын ойлардың салмақтылығына, қазақ оқушыларына жақын да түсінікті болуына қазақ ақыны қатты көңіл бөлген. Сондықтан ол төл шығармадай оқылады.
Ахмет Байтұрсынов бұлардан басқа А. С. Пушкиннің "Балықшы мен балық", "Алтын әтеш", "Данышпан Аликтің ажалы" атты шығармаларын Надсоннын, бір өлеңін қазақшаға аударған. Оның Крылов, Пушкин, Лермонтов сияқты классик ақындар творчествосымен қатар, орыстың белгілі лирик ақыны С. Я. Надсон (1862-1887) шығармаларына көңіл аударуы да тегін емес болса керек. Кезінде Надсон өлеңдерін ШІәкерім де аударған. Қазақ ақындары Надсонның Петербургта әр кезде жарық көрген шығармаларымен (2 томдық жинағы тек 1917 жылы шықты) таныс болғанда, оларға орыс ақынының туындылары қатты ұнаған сияқты. Көп жағдайда олар өз ой-толқындарымен, ізденістерімен, көңіл-күй сезім дүниелерімен үйлесімдік, сәйкестік, ұқсастық тапқан деуге болады. Надсонның таланттылығы, сүйкімді бейнесі, аянышты өмірі, небәрі 25 жыл ғана ғүмырында соншалықты маңызды да қомақты мұра қалдыруы, онда адам өмірінің сан алуан күй-сырлары шеберлікпен шертілуі, қоғамға өзіндік қатынасының айқындығы философиялық ой-толғаныстары, кадір-қасиеттері зерделі жастарды қызықтырғанға еліктіргенге ұқсайды. Бұл да ол кезде бір топ қазақ ақындары томаға түйықтықтан аулақ болып, көршілес елдерде не игі жақсылық болса соған көңіл аударьш, оларды өз халқының қажетіне жарату үшін рухани ізденістерде болғанын байқатады. Ахмет Байтұрсынов-тың саналы өмірінде араласқан, қызметтес, пікірлес, бағыттас болған адамдары көп. Оларды анықтап нақты деректер негізінде зерттеу қажет шығар. Солардың ішінде А.Е. Алекторов, Г. Н. Потанин, т. б. орыс зиялылары бар.
1896 жылы Омбыда, Ақмола, Семей мектептерін басқарып тұрған Алекторовпен хабарласып, Омбыға барған — деп жазды Мұхтар Әуезов. Омбыға барып Алекторовпен көрісуі, Ахаңнын, кейінгі істері мен тіршілігіне әсер етуі де мүмкін . А. Байтұрсынов Г. Н. Потаниннің туғанына 80 жыл толуына арнап өлең шығарғанда халық қазынасын жинау, зерттеу ісінің пайдалылығын атап өткен.
412
А. Байтұрсыновтың қоғамдық-ғылыми творчестволық мұрасы кезінде қазақтың көптеген зиялылары назарында болған. Ол туралы С. Сейфуллин, С. Садуақасов, Ғ. Тоғжанов, М. Әуезов. М.Дулатов, Е. Омаров, С. Мүқанов, А. Крымский, М.Батталов, М. Сильченко, Б. Кенжебаев, тағы басқалар жылы лебіздер айтқан.
А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы алғашқы басылған мақалалардың бірі оның РКП (б)-ның Орынборлық комитетіне мүшелікке алу туралы өтінішіне (Известия, 1920 жылы 16 апрель) байланысты 1920 жылы 4 октябрьде Орынборда Қазақ өлкесі Советтерінің Құрылтай съезінде Қазақ АССР-і құрылып Орынбор 1920-1922 жылдары оның астанасы болганы, қазақ интеллигенциясының едәуір бөлегі сонда шоғырланғаны белгілі. Олар Орынборда сол кезде ұйымдастырылған Қырғыз (Қазақ) өлкесін зерттеу қоғамының жұмысына да белсене қатысқан. Ахмет Байтұрсынов осы қоғамның, құрметті мүшесі әрі басқарушысы болған. Осы қоғамның мүшелері қатарында одан басқа М. Жолдыбаев, М. Дулатов, А. Затаевич, В. Баталов, М.Павлович, Қ.Қаратаев, Н. Құлжанова, С. Сейфуллин, Е. Омаров, т. б. жүмыс істеген. Осы коғам бірнеше жыл бойы Орынборда "Труды общества изучения киргизского края" деген жинақты орыс тілінде шығарып тұрған. Бұл басылымда қазақ елінің экономикалық, саяси, рухани, мәдени және әдеби өмірін жан-жақты қамтитын мақалалар көп.Оларды жинақтап жүйелеу, зерттеу де қажет. Онда Ахмет Байтұрсыновтың 50 жасқа толуына арналған мақалалар жарияланған. Оның бірі М. Дулатовтың "Ахмет Байтұрсынович Байтұрсынов" (Биографический очерк), екіншісі Е. Омаровтың "Ученая деятельность А.Б. Байтүрсынова" мақаласы. Мақалаларда өмірбаяндық деректер, ғылыми, әдеби пікір-тұжырымдар бар. Атап айтқанда, оларда Ахмет творчествосы-ақын, аудармашы, журналист, кітап бастырушы, тілші, әдебиетші есебінде зор бағаға ие болған.
А.Байтұрсыновтың 50 жасқа толуына С. Сейфуллин де, М. Әуезов те мақала арнағаны жоғарыда айтылды. Оларда А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметіне жан-жақты баға берілді.
"Ахмет Байтұрсынов ашқан қазақ мектебі, оның түрлеген ана тілі, оның әдебиеттегі салған орны - "Қырық мысал", "Маса", «Қазақ» гезетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына-істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты. Сондықтан 50 жылдық тойын істеп отырған қуанышты
413
күнде Ахаңа біздің айтатын сөзіміз. Ахаң еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Аханды өзінің басшысы деп санайды. Қаламынан тамған бал ем болудан айнымайды. Әлде болса, өмірінің ұзақ болып, еңбегінің өнімді болуын тілеуден қазақ баласы қайтпайды", - деп жазды М. Әуезов.
А. Байтұрсынов туралы Смағұл Садуақасов, Ғаббас Тоғжанов мақалалар жариялады. А. Байтұрсыновтың 1929-1934 жылдары жер аударылғаны жоғарыда айтылды. Сол бір қиын кездердің өзінде ол туралы лебіздер айтқан адамның бірі жазушы және ғалым Сәбит Мұқанов еді. Ол 1932 жылы шыққан XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті деген көлемді еңбегінде бірсыпыра ірі тұлғалар қатарында А. Байтұрсыновты атады. Оның еңбектеріне талдау жасады. М. Баталов пен М. Сильченко "Очерки по казахскому фольклору и казахской литературе" деп аталып, 1933 жылы шыққан кітәпшасының көптеген бетін А. Байтұрсыновқа арнады. Бұл екі еңбектің де А. Байтұрсыновтың қоғамдық, ғалымдық, әдебиешілік қызметінің негізгі бағыты мен көркемдік құндылығын мойындамай өте алмағаны байқалады. Соңғы кітапта: Байтұрсынов - Орынбордағы қырғыз мұғалімдер семинариясында білім алған педагог. Қоғамдық- революциялық қызметін ол 1905 жылдан, қазақтың ұлтшылдық буржуазиялық-демократиялық интеллигенциясы революциялық үйірмелерде, әсіресе реакция жылдары астыртын жұмыс жүргізген кезде бастады. Байтұрсынов 1913 жылы Қазақ газетін бастырды, оның негізгі бағыты - қазақ халқының қоғамдық-мәдени оянуына ықпал ету болды. Газет 1918 жылға дейін шығып тұрды, жас ақын-жасушыларды біріктірді. Байтұрсыновтың сүйікті жанры - мысал. Грек мысалшысы Эзоп, француздық Лафонтен, орыс Крыловтың өткен замандардың қалдықтары мен керітарпалықтарын, өз табы ішіндегі басқа да топтардың, кемшіліктерін сынау үшін мысалды құрал еткені сияқты, Байтұрсынов та бүйі, маса, тағы сол сияқты бейнелерде орыс патшасы чиновниктерінің зорлықтарына және феодализімнің қалдықтарына өз табы тұрғысынан қарсы шығады.
Байтұрсынов XX ғасырдың алғашқы жартысындағы оқу-ағарту ісінің төлбасы.
414
Мағжан Жұмабаев - ағартушы педагог
(1893-1938)
Мағжан Жұмабасв қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, ақынның енді өз атымен аталатын ауданда, аймақтағы мыңнан астам шағын айдынның бірі — Сасықкөл жағасында 1893 жылы маусымның 25-сі күні туді. Бұл өлке бұрын Ақмола облысы, Петропавл уезі, Сарыайғыр болысы, кейіндер Полуденовский болысы, бертін Бейкетқор, тағы бірде Булаев ауданы деп аталған.
Мағжан - текті атадан. Әкесі Бөкен дәулетті, болыс болған кісі. Оның әкесі Жүмабай сауда - саттықпен айналысып, байыған. Меккеге барып қажы атанған ел сөзін ұстаған беделді адам болған. Көп немерелерінің ішінен Мағжанды бөліп атап: Менің атымды осы балам шығарады, - деп отырады екен, жарықтық. Жүмабай 1899 жылы көз жұмады. Бұл кезде Мағжан алты жасар жеткіншек.
Бұдан әрі Мағжан оқуды жалғаса береді. 1902 жылдан 1906 жылға дейін төрт жыл шамалас А. Аканов деген мұғалімнен оқиды. Сәбеннің, С. Мұқановтың айтуында, Ақия мұғалім жас Мағжанға арабша тілді
білдіреді. Жадит жолымен жазылған тәпсірмен таныстырады. 1906-1910 жылдары Мағжан Қызылжарда Қ. Панамарұлы деген жадит молдасының медресесінде мұсылмандық білімін шындай түседі. 1911, 1912 жылдары Уфа қаласындағы атақты медресе Ғалияда оқиды.
Жас кезінде қай адам өз жанынан өлең шығаруға құмартпайды. Желбастыққа салынбаса да, жел сөзбен әуестенушілік жағынан Мағжан құрбы-құрдастарынан қалыспағанға ұқсайды. Дегенмен, өлең-жыр есігінің босағасын шындап аттап тәуекел етуі - 1910 жыл. Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында үш жыл шамасында мұғалімдік құрып, сол жақтан атақты "Оян қазақ! атты өлеңдер жинағын бастыруға дайындап ала келген М. Дулатовпен танысуы, жас ұстазынан орыс тіліне жаттығып, ұлы орыс классикасымен ауыздануы, Абай өлеңдері уызынан
415
қанып ішуі, Омбыда "Бірлік" атты жастар қоғамы құрылып, сол қоғамның "Балапан" атты қолжазба журналына редактор боп сайлануы, Уфадағы әдеби орта, медресе Ғалияда сабақ беретін татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен жиі ұшырасуы жаңадан бас ұйымдаса бастаған әдеби ортаның жалындап тұрған жас талапқа жәрдемдесуі — осының бәрі темір қанат балапан таланттың қауырсыны тез жебеленіп, "Шолпан" атты (1912) тырнақалды жинағының басылып шығуына себептесті.
"Шолпан" жинағы М. Жұмабаевтың ақындығының жас шағына, бірінші, бастапқы кезеңіне (1910-1912) нүкте қойып қана қоймайды. Бұл әдебиетіміздің Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев, А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтын, жарқын есімдерімен тығыз байланысты ағартушылық кезеңінің сонғы бекеті де болатын. Бұдан кейін оқу-білімге шақырған өлендер болса, жаңалығы там-түм, ілгердегі ағартушылық реализмнің сөзін қайталап күйіс қайырудан әрі аспайтын.
Жас Мағжан Абайға еліктеді, өзі Алтын Хакім атаған ақынмен бір тақырыпта өлең жарыстырьш та көрді. ("Жазғытүры", "Күз"). Сонымен бірге бүл кездегі қоғамдық ойдың ұлттық сипаты, орыс империализмінің отаршылдық езгісіне қарсы күрес әсіресе қазақ поэзиясы мен публицистикасында айқын, ашық, басым сипат ала бастағаны мәлім. Осы ағымның ен көрнекті, жаңа өрнекті бастаушыларының бірі М. Жұмабаев болды. Алғашқы жинағының өзі ұлтшылдық сыпат (ұлтжанды, ұлттық деген мағынада) алса, мүның өзі тек кітап сөзіне еліктеуден тумаған. Мағжанның бірден ұлт ақыны қалыптасуына өмірдің өзі мәжбүр етті.
1913 жылы Мағжан өмірі мен шығармаларының жаңа, кезеңі басталады. Мағжан мұсылманша алынуға тиісті білімге жетіккенін сезініп келесі белеске көтерілуді ойлайды. Орыс әдебиеті мен мәдениетінен нәр алып, осының негізінде Батыс, әлем әдебиетімен кеңірек танысуға бел байлайды. Бірсьшыра даярлықтан соң 1914 жылы Омбы мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1917 жылы тәмәмдайды. Тәмәмдау, жалпы семинариядағы оқу Мағжанға оңайға түскен жоқ. Сәбеңнін жазуларынан, Зылиха апаймен кездескенімнен білгенім - әкесі Бекен ақсақалдың Мағжанды Омбыға оқуға жібермей, молда еткісі келгендігі. Тілімді алмадың деп, адуынды әке баласын соқыр тиынсыз қалдырады. "Жан сөзі" өлеңінде Мағжанның: "Ата-анаңнан без! Дедің, безбедім бе, қаңғырып талай жалғыз
416
кезбедім бе", - дейтіні сондықтан. Семинарияда үздік оқығанға бір меценат бай 500 рубль стипендия тағайындаған екен. Үздік оқитын Мағжан сол стипендияны талшық етеді.
Сол кездегі қазақтың оқыған жастары Ресейда оның шет аймақтарына дейін жеткен төңкеріс дауылдарының бәрін олар заттық таңындай қарсы алды. Мағжан "Ұлтым", "Алашым" деп ұран көтерген қозғалыстардың бәрінің жуан ортасында жүрді.
1917 жылғы Ақпан төңкеріснен соң Мағжан Ақмола қыргыз (қазақ.-Авт.) облыстық комитетінің құрамында халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметін аткарады. Осы комитеттің жұмсауымен Торғай облыстық қазақ съезіне қатысады. М. Дулатовтың басшылығымен өткен Омбыдағы қазақ съезінің жұмысына араласады. Сол 1917 жылдың желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық съезде М. Жүмабаев Алашорда үкіметі жанынан құрылған "Ағарту" коллегиясының мүшесі болып сайланған болатын. Коллегия құрамында Омаров, Шонантармен, бірге ел арасында алашты көгерптек қамында білек сыбанып жұмыс істеген. Жалпықазақтық съезінен кейін енді уездерде құрылтай өткізілуге тиісті болды. Мағжан Алашорда үкіметінің тапсырмасы бойынша Көкшетау қазақтарының съезін ұйымдастырып, өткізеді.
Жалпықазақтық съезда Мағжан ақын Петерборда өтпек құрылтай жиналысында Қазақстаннан баратын депуттатар тізіміне ілікті. Сол тізімдегі депутаттар бас қосқанда Алаш партиясы бағдарламасын қабылдап, бұл партияның құрылғанын жариялауға басшы органдарын сайлауға тиісті болатын. Амал қанша, бұл шара іске аспай қалды.
Келесі, 1918 жылы Мағжан Омбы мұғалімдер институтына оқуға түседі. Алайда Үш жүз партиясының көкауыз белсенділерінің әлегінен тұтқындалып, 1918 жылдың ақпанына мамыр айына дейін көзі жылтырап Омбы түрмесінде отырады: "Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер, істей берсін қолдарынан келгенін"! дейтін "Сағындым" өлеңі сол қамауда жатқанында жазылған.
1918 жылы маусым айында Омбыда Кеңес өкіметі құлап, оның орнына Колчак келгенде Мағжан абақтыдан шығып, біраз уақытын ауылында өткізеді. Сол жылғы күзде Петропавл уезінде ашылған педагогикалық екі жылдық курстың меңгерушісі болады. 1920 жылы Сібір ревкомы Омбы Қазақ Республика-
417
сындағы өзгерістерді халық арасында насихаттау жұмысымен шұғылданатын комиссия құрып, оның құрамына Мағжан да енеді. Бұл кездерде атағы елге кең жайылған ақын "Бостандық туы" газетінің редакторы қызметіне тағайындалады. Бұл газет Омбыдан Петропавл қаласына көшірілгенде де - редактор болды. 1922 жылдың аяқ шенінде екінші әйелі Зылихамен тұрмыс құрады. 1923 жылы Ташкент қаласына қызметке ауысады. С. Қожановтың көмегімен Қазинпростың оқытушысы болып істейді. Сонымен бірге ғылыми комиссияның мүшесі болады. Мұнда шығатын "Шолпан" журналына, т. б. баспа орындарына белсене қатысады.
Екінші кезең Мағжан творчествосындағы айрықша бір жемісті, өнімді жылдар болды. Бұл жылдары екі өлеңдер жинағы жарық көрді. Біріншісі - ақын Б. Күлеевтің "Бастырушыдан" атты алғы сөзімен 1922 жылы Қазан қаласындағы Татарстан матбағасы жарияланды. Екіншісі - арасына жыл салып, 1923 жылы Ташкент шаһарыида "Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері" деген атпен басылып шықты. Бұл жинақтан тыс "Шолпан" журналында қазақ әдебиетінің асыл қазыналары - "Батыр Баян" атты поэмасы және "Шолпанның күнәсі" деген ұзақ әңгімесі дүниеге келді. Орынбор мен Ташкент баспаханаларында "Педагогика" атты 1922, 1923 оқулығы басылып шықты.
Жиырмасыншы жылдардың екіншісі жартысында өрістеген мәдени революция нәтижесінде елде жаппай сауатсыздықты жою науқаны басталды. Мағжан сол науқанға белсене қатысты. "Сауатты бол!" оқулығын жазды. Оқулықтың жұртқа ұнағаны сонша, қатарынан төрт рет басылды. "Сауатты болдың!" соңғы төртінші түзетіліп басылуы Мәскеу қаласында қазақ елінде бұған дейін құлақ естіп, көз көрмеген таралыммен - 50 мың данамен басылып шықты. (Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасы. -М., 1929 жыл). Түзетіліп басылды дейтіні-оқулықтың соңғы нұсқасына Қазақстанда енгізіле бастаған латын әліппесі берілді.
Пегас атты шабыт тұлпарьш ерттеп мініп, тізгінін берік ұстаған ақын бұл жылдары әсіресе поэтикалық шабысын барынша үдетті.
Басты тақырыбы - ұлттық тақырып жан-жақта өрістетіліп, қүлашын жаза түсті ("Жаралы жан", "Қазақ тілі", М. Дулатов патша тұтқынына түскенде жазылған өлеңдер шоғыры: "Жауға түскен жанға", "Тұтқын", "Ұлт мүддесін ту етіп ұстаган" тағы
418
бір тарау өлеңдері "Өткен күн", "Айға тілегім", "Мен жастарға сенемін" деп аталады.
- Поэма жанрына қол артты. Ұлт-азаттық тақырыбын осы үлкен жанрда көбірек өрістетті ("Қоркыт", ''Ертегі", "Оқжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", жоғарыда аталған "Батыр Баян" поэмалары).
- Махаббат лирикасының, сүиіспеншілік жырларының асып төгілуі де осы екінші кезең үлесінде. Тырнақалды жинағында қапы соққан олкылықты (ғашықтық тақырыпта "Шолпап" жинағынан "Сүйгенім" өлеңін ғана кезіктіреміз) ақын артығымен толтырады. Тұрлаулы істің сапалы аткарыла- тыны сондай, Мағжанның Мағжан атын шығарған осы өлеңдері деген де сөз бар. Жұмабаев өлеңдері оның есімін атау ауыр кінә саналатын уақытта да ел аузында жүрді. Соның ең бір үздіктері - Гүлсім Камаловаға арналған ғашыктық өлеңдер. Ол 1921 жылы ақын басынан өткен бір биік мәнді махаббат хикаясы еді.
Осының алдында екі жыл бұрын ақынның құдай қосқан жары Зейнеп баладан қайтыс болған. Азамат соғысы кезінде туғандықтан, есімін Граждан деп атаған тұңғыштары шешесінің өлімінен соң көп ұзамай, бір жасында ажал кармағына ілікті. Баланың кабір тасына өлеңі осы кезде туған. Тағдырға тәбділ жоқ. Өмір заңы солай. Тірі тірлігін істемек. Уақыттың шаңы астында көміліп қалатын дүние көп. Қайғыны да ұмыттыратын
сол уақыт. Жаңа ой, жаңа тілек билеп сілкінгенде, жан шіркін түлеп сала береді ғой. Мағжан мен татар әйелі Гүлсім арасында ғашықтық оты сол бір кездерде тұтанады. Әттеген-ай, Гүлсімнің басы бос еместі. Акыры тағдырлары екеуін айырып тынады. Міне, осы махаббат хикаясы әдебиетіміздің көркіне көрік қосатын ғаламат сұлу жырлар туғызды. ("Гүлсім ханымға","Гүлсімге", "Сүй, жан сәулем", "Г..ге", "Айрылғанда", "Болса гүлсіз", "Тірілдім").
Осы қатарда аталатын екінші кезең олжасына альбом ескерткіші түрінде, жастардың сүйіспенішлігіне арналған өзге де лирикасы қосылмақ ("Сен сұлу", "Көңілде қалдырмас", «Сүйгенім анық", "Жәмила, Махаббатне", "3-ға, Сүйгеніме", "Жас сұлуға", "Біраз Фетше", "N-ға" "К-ға", "Хор сипатты қарындас", тт).
Мағжанның қазақ поэзиясында ашқан жаңа беттерінен және де айрықша атайтынымыз - ақынның Батыс, күллі әлем поэзиясындағы ауыз түшитын жаңалықтарға ден қоюы. Осыған байлаңысты символистік ізденістері (От, Пайғамбар, Күншығыс,
419
Мені де, өлім, әлдиле, Бостандық, Жаралы жан, Берниязға, т. т.) Символизм - романтизмнің бір бұтағы болғанда, осы тарапты өлең үлгілері ақын творчествосын қазақ поэзиясының және бір жемісті ағашы етіп бөлекшелеп тұратынын айту керек. Бұлар -Жазғы жолда Қысқажолда, Жиілеңді қара орман, Қараңғылық қоюланып келеді дейтін, т. б. өлеңдер. Символистік туындыларынан "Шолпы" өлеңі реализм рендес.
- Тақырыптық жағынан Мағжанның әдебиетімізге, қала берді әлем поэзиясына енгізген жаңалығы - экология тақырыбы. Бұны өмір жыры етіп алғаш жырлағандардың бірі осы өзіміздің қазақ ақыны ("Жазды күні қалада", "Айда атыңды", "Сәрсембай", "Шойын жол") - Мағжанның поэзиялық бағынан философиялық лириканың шоң шынарын да кезіктіреміз. Ақын біткен болмаса, да, даналары өз тағдырын алдын ала сезініп, өлең жолдарына түсірегіні әдебиет тарихында айтылып, жазылып жатады. Мағжанның өз аяулы тағдырының қандай трагедиямен аяқталатынын күні бұрын болжап білгендей 1920 жылы жазған. "Жан сөзі" өлеңі атына қарағанда, осы сай-сүйегін сырқыратады. "Ой" деген өлеңі атына қарағанда, осы психологаялық құбылыстың сырын ашатын толғаныс сияқты. Шын мәнісінде өлең ойдың сезімге әсерін суреттеген. Ойы улағанда ақын шетсіз, түпсіз тұнғиыққа батады, көзіне жас оралады, жүрегі көмір болады. Сондай тебіреніп күңіренген кенеулі ой толқындары "Ауру", "Жүлдыздарға", "Сағат", "Шылым", "Александр Блок", т.б. бір-қатар өлеңдеріне тән. 1905 жылғы орыс революциясы Ресейде таптық күрес саяси қозғалыстың күшейе түскенін айғақтады. Патшалық үкімет Ресейдің шет аймақтарындағы соның ішінде Қазақстандағы демократиялық қозғалысқа, әсіресе, азаттық аңсау идеясының өріс алуына жол бермеуге тырысты. 1905 жылдың өзінде-ақ қазақтың ұлттық интеллигенциясының -өкілдері ұйымдасқан саяси-әлеуметтік күшке айналып, халық мүддесіне бірден-бір сәйкес деп саналған тілек-талаптарды патша үкіметінің алдына ашық қоюға шейін барған.
1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, олардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылар көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдікпен жол-жоба көрсеткені үшін алды. Абақтыға жабылып арты айдалып, қалғандары сенімсіз болып қалды, - деп жазды Міржақьш Дулатов кейінірек Қазақ газетінде (1913, 28).
420
Дулатов Міржақып - ағартушы, ақын, сыншы
1885 жылы 25-қарашада Торғай уезіндегі Майқара болысының 3-інші ауылында туған. 1935-жылы 5-қазанда айдауда, лагерьде жүрген кезінде ауырып қайтыс болады. Әкесі Дулат қарапайым іскер, қол шебері етікші болған.
Міржақьш 8 жасқа толған кезінен бастап екі жылдай ауыл молдасынан сабақ алады. Одан соң ауылдағы орыс мектебінде, ал 1897 жылы Торғайдағы орыс-казақ мектебінде оқиды 1904 жылы ол Омбы қаласында жасырын ұйымға қатысады, қазак. интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсыновпен жакындасады. 1905 жылғы орыс рево-люциясы кезінде Қарқаралыда ереуілшілердің арасында болады.
1907 жылдан бастап оның бірлі-жарым, өлең, мақаласы да жариялана бастайды.
М. Дулатов бірден-ақ қазақ халқының арман мүддесін терең түсіне білетін қазақ қоғамында жаңадан өріс алып келе жатқан демократияшыл идеялардың жаршысы екенін айқын танытты.
Міржақыптың Серке газетінің (Ульфат газетіне қосымша) 1907 жылы 2 нөмірінде басылған Біздің мақсатымыз атты мақаласы кешірім жасауға болмайтын саяси үгіт деп саналып, бұл газет конфискеленсін деген шешім қабыдданады. Оның осы мақаладағы пікірлері Оян қазақ! Кітабында әсіресе айқын, әсерлі айтылады.
Оян, қазақ! 1909 жылы тұңғыш рет жарық көріп, кітап 1911 жылы екінші рет жарияланады. Осы жылы патша үкіметінің бақылау орны Оян, Қазақ! Елді бұзатын дүрліктіретін, революцияға үндейтін кітап деп тауып М. Дулатовты қамауға алады, кітапты таратуға, оқуға үзілді-кесілді тыйым салынсын деген сот шешімін шама данасын таптырып, жиғызып, жойып жіберуді қатты қадағалайды.
Оян, қазақ! Кітабын оқығанда Міржақыптың халықтың мұң-мұқтажын өз мұңындай көретіні әр сөзінен айқын сезіліп тұрады. Ақын өзінің халық алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Ол өз замандастарына, көзі ашық зиялыларға тарих, Қоғам қандай міндет жүктеп отырғанын анық аңғартады, халықты ескіліктеи, мешеуліктсн, зорлық-зомбылықтан, қанау-езушіліктен құтқаратын күшті құрал оқу білім, өнер, ғылым, адал, еңбек, әділдік, адамгершілік үшін күресу екенін ұга білді.
М. Дулатов патша үкіметінің қазақ даласын билеу ісін жүргізудегі саясатының кемшіліктерін, кертартпа сипатын айқын
421
аңғарды. 1916 жылғы оқиғаны, 1917жылғы ақпан көтерілісі мен Қазан тоңкерісі азамат соғысы кезіндегі саяси-әлеуметтік жағдайды көзімен көріп, дұрыс бағалай алды. Осындай үлкен тарихи окиғалар болып жатқан кезендерде алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларының қоғам қайраткерлерінің күресі елдің азаттығын сақтап қалуга бағытталды. Сол дәуірдегі тарихтың уақыттың өзі қазақ қоғамының алдына тартқан, күн тәртібіне қойған ең маңызды түбегейлі мәселе қандай еді десек халық мүддесін көздегеп озат ойлы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси күрестегі алдына қойған негізгі мақсаты елдің азаттығы қорғап қалу, сол үшін ұлттық мемлекет құру болатын дер едік. Ел берекелі, беделді болу үшін, халықтың ұлттық мәдениетін өркендету үшін алдымен азаттық, бостандық керек, ерікті ел болу керек екенін олар жақсы түсінді. Қазақ еліне автономия беру мәселесін ашық қойған Әлихан Бөкейханов, 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін бұл үміттің ақталмайтынын байқап, ұлттық партия құру ісіне кіріседі. "Біз Алаш ұранды жұрт жиналып, ұлт автономиясын тікпек болдық", — дейді Әлихан Бөкейханов, бірак ол ниет қолдау таппады дей келіп: "Мен сонан соң қазақ Алаш партиясын ашуға кірістім", — дейді ("Мен қадет партиясынан неге шықтым?" деген мақаласында. "Қазақ", 1917. № 256). Міне, сойтіп қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері "Алаш" партиясын құрып, "Алашорда" үкіметін орнатқан кезде М. Дулатов алаш туын көтерген Ә. Бокейханов пен А. Байтұрсыновтардың қатарында болды.
Ақынның "Алашқа" атты өлеңі "реквием" (қазалы жыр) деп аталғанымен. оны тек өткен заманды аңсау сарынына құрылған демесек керек. Қазақтың бұрынғы өздері ақ киізге көтерін сайлайтын хандары, әділ билері, ел намысын қорғай алатын батырлары болған кең сахарада малын бағып, еркін кошіп-қонып жүрген дәуірі артта қалды дей отырып, Міржақып ол заман өкінгенмен енді кайтіп келмейді, сондықтан уақыттың, қоғамдық жағдайдың өзгергенін түсініп, соған сәйкес әрекет қылып, қазақ көшін оңға бастайтын адамдар қажетдеген ойын аңдатады. Бүгінгі өзінің бас пайдасын ғана ойлаған малқұмар парақор басшыларға еріп, алданудан сақтандырады. Ежелгі кошпелі дәуірдегі өмір-тұрмыстың жақсы, жарасымды жақтары, өз артықшылығы аз емес екені ақынның басқа өлендерінде де шебер бейнеленің көрсетілген. Бұған мысал ретінде "Қазақ халқының бұрынғы дәстүрлі" өлеңіндегі мына суреттемені еске алалық:
422
Кетуші ед көшбасшылар ілгері озып,
Жарасып өз формынша саясаты.
Жарысып бозбалалар жүруші еді,
Жаратқан үкі тағып жүйрік аты.
Жайлауға шыға айғыр суытушы еді,
Ыстықтың қалмайды деп зарараты.
Тізіліп көл жағалай қонушы еді,
Жарасып ақ үйлердің қияфаты.
Көкорай шалғындарға бие байлап.
Байлыктың көрінуші еді ғаләмәті.
Жан-жануар рахатпен бір жасаушы еді,
Кіргендей бөлмесіне жер жәннәті.
Ішкен мас, жеген тоқ боп жүруші еді,
Түзіліп, бозбаламен саяхаты.
Алайда ақын бұрынғыны бірыңғай мадақтаудан аулақ. "Қазақтың бұрынғы һәм бүгінгі халі" атты өлеңінде ол ерте замандарда да әділеттілік болмаған дел ашық айтады:
Ел шауып, кісі өлтірсе батыр деген,
Батырлар факирлердің хақын жегед.
Біз мұндай бұл уақытта болар ма едік,
Істесе халық пайдасын ғиқылменен.
Ел ішінде алалық, барымта, ұрлық бұрыннан да бар екенін жоққа
шығармай, ал бүл күнде ел билеушілер "шен алып дәрежеге жеткендей боп" өз пайдасы үшін халықты сатудан тайынбайды деп патша әкімдеріне жалыньш күн көруге ұмтылатындарды қатты шенейді. "Сайлаушылар хақында" атты өлеңінде:
Шыққалы волост сайлау қырық жыл өтті,
Ол сайлау байқасаңыз, түпке жетті.
Бай болып, мырза атанып мал біткендер,
Таласып болыстыққа ақша төкті.
Болыс болар мал шашып, шығынданып,
Сайлау өтер осылай тынымданып.
Әбден болып алған соң расходын,
Бітіреді халықтан жылында алып.
Ақын патша үкіметінің қазақтарды да малға жайлы, шұрайлы жерлерден ысыруға бағытталған саясатын әшкерелейді.
Мың жеті жүз отыз бір сәнасында,
Біз кірдік Россияның фанасына.
423
Жылында мың жеті жүз алпыс сегіз
Қазыналық деді жердің һәммәсін да.
Айырылсаң қалған жерден осы күнгі,
Топыраққа малды, қазақ, бағасың да, —
дейді ол "Қазақ жерлері" өлеңінде. Қазақ даласына енгізілген ел билеу жүйесінің халық мүддесін жақтауға лайықталмай, жергілікті әкімдерді әлсіретіп, патша үкіметінің басқару орындарындағы ұлықтардың өкім жүргізуіне қолайлы етіп жасалғанын Міржақып толық түсінген.
Мұнымен мал шашылып, ар кетеді,
Күшті әлсіреп, нашардан хал кетеді.
Өтірікті расқа шығарам деп,
Жалған іске ант беріп жан кетеді, —
деп, қазақ даласын бөлшектеп, ұсақ-ұсақ болыстарға бөлу, сөйтіп, әлсіз, ұлыққа бағынышты ел басқарушыларды көбейту ел ішінде араздықты қоздыруға себеп болып отырғанын аңғартады.
Бұдан бұрьш да, бүгінгі заманда да халықтың аяғына оралғы болып, оны алға бастырмай отырған бірліктің, бірауыздылықтың жоқтығы деген түйінді ойын ақын мейлінше ашынып айтқан:
Бірлік жоқ, алтыауызды халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
Енді елді теңдікке жеткізетін өнер, ғылым дей отырып, оны халықтың
керегіне жұмсау, игілігіне асыру қажет екеніне зор мән береді:
Ғылымның болсадағы үшан-теңіз,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей, — дейді.
Халықтың тағдырын ойлап, толғанып, елдің бірлігін, бір-ауыздылығын
арттыру, заманның ыңғайына қарай қам жасау, қарекет қылу, талаптану, адал қызмет қылу, жастарға білім беру, ғылым үйрету, мұсылманшылық жолын үстау, орыс тілін, өнерін білу секілді аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын өлеңдерінен азамат ақын, жалынды публицист, батыл күрескер, қажырлы қоғам қайраткерлерінің тұлғасын көз алдымызға анық елестете аламыз. Сонда оқырманды елітіп қызықтыратын, баурап әкететін не десек, ол алдымен автордың шыншылдыгы, адалдығы, әр сөзін ерекше ынта, ықыласпен, қатты құлшыныспен айтатыны дейміз. Ақын біреулердің кемшілігін тауып сынағандай, кейде ұстаған жерінен айырылмай, қадалып, қатты айтқандай болса да, сырт көзбен көргендей, сырттан айтқандай болмай, қатар, бірге отырып сөйлескендей. Ашыңғаны да, ақыл
424
бергені де артық көрінбейді. Бірге ойласып, бірге мұңдасып, сырласқандай сезіледі. Сондықтан ақынның назғып, сипай айткан сынын да, ашынып ащы мысқал-кекесінмен түйреп щенеген сөздерін де орынды демеске амал қалмайды. Ол бірде:
Атаңа дәулет бітсе, бұлғақтадың,
Қисапсыз сөздер сөйлеп ыржақтадың.
Мәз болып "мырза" деген қошеметке,
Буынып мықыныңнан ырғақтадың.
Бояумен сырладыңыз сыртыңызды,
Керіліп сыйпадыңыз мұртыңызды.
Қарасам ішіңізді ашып, дәнеме жоқ,
Не дейін, надан демей, жұрт бәріңді, -
десе, тағы бірде:
Жұмыс көп біздің жұртқа ұнамаған,
Нашар жоқ қорлық көріп жыламаған.
Шортандай шабақ жұтқан жалмауыздар,
Тексеріп өз ғайыбын сынамаған.
Аяғын пайдалы іске бір баспаған,
Ұмтылған өлімтікке бір аш таған.
Түйені түгіменен жұтса-дағы,
Харамнан нәфсі тиып, бір қашпаған, -
дейді. Яғни, бір орайда әзіл-қалжыңы аралас сын айтқандай болса, енді бір орайда озбыр, опасыз адамдардың мінез-құлқын бадырайтып, көзге шұқығандай батырып айтады.
Қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, жағымсыз істерді сынап, әшкерелеп, әйгілеуге назар аудара отырып, ақын адалдық, әділдік, кішіпейілділік, адамгершілік қасиеттерді уағыздауды ешбір есінен шығармайды.
Шікірейіп, я жігіттер, кетпелік,
Инсаплыққа ерсі жұмыс етпелік.
Қарастырып халық пайдасын жабылып,
Көмек беріп мұқтаждарға көптелік.
Пайдасы жоқ исрафтан бой тартып,
Керексізге бекер малды төкпелік.
Кәдәри хал біреу шықса талапкер,
Рәд қылып хәсәфлікпен сөкпелік.
Әр іске өнер, хәйлә керек болса,
Тіл алсаң омыраулап салма күшке.
425
Бұл сөзім ілтифатсыз босқа қалып,
Түбінде қалып жүрме өкінішке.
Бұл сөздерінен де ақынның "жігіттер" деп жастарға әсіресе назарын аударғандай болған тұстарында оларды іш тартқандай, ашылып, шынайы адал көңілмен ақтарыла сөйлейтінің жақсы аңғарамыз.
1913 жылы Міржақыптың "Азамат", 1915 жылы "Терме" атты өлең жинақтары жарық көрді. "Азамат" жинағындағы:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі.
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш, —
деген сөздер азамат ақынның алдына қойған қоғамдық мақсатын қалай түсінетінін айқындай түседі, оның аяған бетінен, күрес-керлік жолынан таймай, қажымай, талмай туған халқы үшін еңбек етуге белін буғанын аңдатады. Ақын өлеңдерінің басты сарындары надандық пен топастықты, әділетсіздікті сынап, әшкерелеу, халықты мәдениетке, өнер-білімге, прогреске шакырьш, адамгершілік азаматтық идеяларды уағыздау болып келеді. Міржақыптың азаматтық, әлеуметтік лирика тақырыбы, идеясы тұрғысынан да, құрылыс-қалпы, айтылу ерекшелігі, жанрлық өзгешелігі жағынан да, түрлі-түрлі. Бірде қазақ; халқының тағдырын, күн көрісі, келешегі туралы толғаныстар болып келсе, бірде жастарды өнер-білімге, талапты, адал, өнегелі болуға шақыратын насихат өлендер, бірде өмірдегі нақтылы, күнделікті жай-жағдайға, көпшілікке тікелей қатысты мәселелерді тілге тиек етіп, адамгершілік мәселелерді сөз кылатын әнгіме-сұхбат түріндегі өлеңдер, кейде патша үкіметінің озбырлығын, жұрт билеушілердің әділетсіздігін әшкерелейтін өткір сықақ өлеңдер түрленіп келе береді. Тағы бір назар аударарлық бір нәрсе — қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғайтын туындылары ақынның өз сөзімен ішкі жан дүниесін танытатын көңіл-күйі лирикасы сипатын алатын тұстары да аз емес.
"Сырым", "Мұң", "Қиял", "Көңіліме", "Арманым", "Қажыған көңіл " секілді өлендерді осы топқа жатқызуга болады. Соңғысында ақын:
Желігуден жел көңілім басылмай,
Білім артып, жемісі жұртқа шашылмай.
Ерте менен кеш тақылдатып қақсам да,
Әуре қылды бақ есігі ашылмай, —
426
деп тебірене толғанады. Осындай өлеңдер ақынның жан сезімін танытатыны талассыз. Алайда Міржақыптың көңіл-күйі лирикасында ақыл-парасаттылық күштірек екені, сезімшілдіктен де ойшылдықтың басым келетіні байқалады. Оның ақындық бітім-тұлғасын тұжырымды түрде сипаттан беруді мақсат етсек, Міржақыптың өмір құбылыстарын, адам мінезін, іс-әрекеттерін бейнелеу шеберлігі ойнақшыған отты сезімге бой алдырудан гөрі салқын қанды ойлағыштық қабілеттің айрықша қуаттылығына негізделеді дер едік. Сонымен бірге Міржақыптың
поэзия тілімен нақтылы өмір көріністерін көз айқын елестетерлік етіп мүсіндеп бейнелейтін суреткерлік шеберлігі де назар аударарлық. Мысалы, "Наурыз" ("Жаңа жыл") атты өлеңінде ол көктемде бой жазып жадыраған ауылдың көшпелі тұрмысын анық, айқын, жанды суреттемелер арқылы көкейге қонымды етіп көрсетеді.
Жайпаған терең сайлар,
Ойнаған құлын, тайлар.
Ел қонын көл жағалай
Өріске малын айдар.
Гүл өсіп гүл-гүл жайнар,
Бұтақта бұлбұл сайрар.
Тіріліп құрт-құмырсқа,
Жер жүзі быж-быж қайнар.
Сұлу жүр сылаңдаған,
Күлімдеп қылаңдаған.
Ерініп бір басуға
Жас талдай бұрандаған, —
деген өлең жолдарынан-ақ ақынның нақтылы, айқын детальдар, қимыл-әрекеттер арқылы тұтас өмір құбылыстарын нанымды, әсерлі бейнелейтіні аңғарылады. Осындай суреткерлікті, нақты өмір құбылыстарын бейнелеп көрсетуге шеберлікті "Жұт" деген өлеңінен де анық байқауға болады.
Қырылды қосты жылқы сорға түсіп,
Омбы кар, терең сай мен орға түсіп.
Хал кетксн қайыруға жылқышылар5
Жанымен қош айтысты олар да үсіп.
Үстінде ұзын жолдың қалашылар
Күн бар ма кедей сордың бағы ашылар.
Тоқтаусыз күні-түні соққан боран,
Біразын қалған басып, қазасы бар.
427
Балалар боқша арқалап, барын киген,
Сабаққа бармақшы боп шыққан үйден.
Жеткенше аяқ-қолын домбықтырып,
Бетінен тызылдатып аяз сүйген.
Суатқа мал суара барған малай,
Келеді құлақ-мұрнын ол да уқалай.
Кенеттен бір мезгілде боран соғып,
Лағып құба жонға кеткен талай.
Мұндай суреттемелерде ақынның әр түрлі жай-жағдайларды баяндай айтуға ұсталығы да анық бой көрсетеді десек те, сипаттап бейнелеу жағы алдымен назар аударады. Өлеңнің алғашқы жарымында жүртты осылай бейнелеген ақын, енді сол мәселе төңірегінде пікір айтуға ойысып, мал бағуды ғана күн-көріс ететін көшпелі тұрмыстың қиыншылығы туралы ой толғайды. Міржақыптың сұлулықты сұқтана қастерлейтін "Сұлу қызға" атты арнау түріндегі өлеңі, ғашық жанға қимастық сезімге толы "Айырылу" атты өлеңі сыршыл лириканың әдемі үлгісі дерлік болса, "Таза бұлақ" деген өлеңі романс деп аталса да, мысал өлең түріне жақын келеді.
Түгелдей алғанда Міржақып поэзиясында маңызды қоғамдық, саяси мәселелерді қозғайтын азаматтық, әлеуметтік лирикаға жататын өлеңдер басым екенін байқаймыз. Қазақ поэзиясының бұл саласын дамытып өркендетуде ақынның сіңірген еңбегі орасан зор. Ол әлеуметтік лириканы қазақ қоғамының өмір шындығын, қайшылықтарын терең, жан-жақты ашып көрсететін тың тақырып, сарындарымен толықтырып, идеялық мазмұнын байытты. Сонымен бірге бұл өлеңдердің көркемдік қасиет-сипаты, ой-сезімді тартымды, әсерлі айтып жеткізу әдіс-тәсілдері де қазақтың жазба поэзиясына көп жаңалык екелді дей аламыз. Ақын әр сөзін қарапайым оқушылардың, қалың қауымның ұғымына жақындатып, түсінікті етіп айтуға ұмтылған десек те, оның өлеңдерінен өзіндік дара дүниетанымы, әр нәрсені өзінше танып, сезінуі, ойының өткірлігі, өтімділігі, сезімінің нәзік, әсерлілігі айқын танылып отырады. Ал, мұндай аса маңызды, күрделі ой-пікірлерді, әр килы толғаныстарды, ой-сезім иірімдерін мейілінше қарапайым тілмен, айқын жеткізе білу үлкен ақындық шеберліктен туатынын дәлелдеп жату қажет бола қоймас. Міржақып айтатын ойын анық, тура жеткізуді көз-дейтіндіктен де болар, қажет деген жерінде нақтылы ұғымды
428
дәл беретін, сол кезде кітаби тілде кездесетін араб, парсы сөздерін де қолданудан бас тартпайды. Тіпті кейде өлеңдерінде де әр түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғағанда солай етеді. Және осындайда әдемі, сұлу сөздерге де көп әуестенбейтіні аңғарылады.
Міржақыптың ақындық шеберлігінің бір қыры деп өлең өрнегін түрлендіріп келтіретінін айтуға бодады. Бұл орайда оның өлшемдерін, ұйқас түрлерін қолдануына қатысты бір-екі ерекшелікке ғана тоқталамыз. Ақынның қазақ поэзиясында әбден орныққан он бір буынды өлең өлшемін қолданатыны және оның негізгі, соңғы бунағы төрт буынды түрімен қатар, соңғы бунағы үш буынды келетін екінші түрін де жиі қолданатыны назар аударады. Және осы өлшемнің қай түрін алса да, өлең шумақтарын бастан-аяқ үнемі бірыңғай ұйқастыруға зер салады.
Мысалы, "Сағыну" атгы елеңін:
Айт шыныңды көңілім, қайда барасың?
Қаңғырудан қандай пайда табасың?
Тоқталатын келген жоқ па мезгілің?
Дамыл таппай күні-түні шабасың, —
деп бастап, келесі шумақтардың бәрін де соған үндес егіп біркелкі ұйқастырады (мазасын-назасын, жарасын-даласын, тағы-тағылар). Ал, "Насихат ғүмумия" атты өлеңінде әрбір жеті не сегіз шумақтар тобы осылай бірыңғай ұйқастырылған.
Ал жеті-сегіз буынды өлшеммен жазылғаң "Қайда едің?" деген өлеңін алсақ, бастапқы шумағы:
Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде,
Жол таба алмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер,
Сұраймын, сонда қайда едің? —
деп басталады да, келесі шумақтардың соңында осы "қайда едің?" деген неше дүркін қайталанады. Мұның өзі айтатын ойдың желісін үзбей, бір арнада дамытып, барған сайын ширықтырып ширата түскендей әсер береді.
1910 жылы "Бақытсыз Жамал" атты романы басылып шығады. Бұл шығарма жазушының өз шығармашылығында ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінде елеулі орын алған көркемдік туынды болды. Өйткені ол аса зор әлеуметтік маңызы бар мәселе қозғаған, қазақ әйелінің ауыр жағдайын шынайы бейнелеген, Қазақ әдебиетіндеғі роман деп аталған тұңғыш прозалық шығарма болатын. Қазақ әйелінің тағдырын толғайтын алғашқы
429
прозалық туындылар саналатын Т. Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С. Көбеевтің "Қалың мал", С. Торайғыровтың "Қамар сұлу" атты романдары бір-біріне ілесе жазылып, 1912—1914 жылдарда жарық көргенін еске алсақ, "Бақытсыз Жамал" осы үлксн арна-ағынға жол ашқан бастау екені айқын болды. "Бақытсыз Жамал" көп ұзамай орыс тілінде де жарық көрді. Мұның өзі сол кездің өзінде-ақ М. Дулатовты орыс әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің танып-білуіне, жоғары бағалауына мүмкіндік берді. Міржақып әйел теңдігі мәселесін поэзиялық шығармаларында да арнайы тақырып етіп, қыздарды малға сатуды, жесір әйелді еркінен айыратын әмеңгерлікті өткір сынның нысанасына алып, махаббат сезімін, адамгершілікті қастерлеуді уағыздаған. Сүйгеніне қосыла алмай, еріксіз мал берген адамға қосақталған бакытсыз Жамалдың трагедиялық өмірі - жүздеген, мыңдаған қазақ қыздарының, әйелдерінің басындағы жағдай болатып. Сондықтан әйелдің бас бостандығы, еркіндігі, өз сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы қазақ оміріндегі ең бір түйінің шешуші қажет мәселе болды. Міржақьш әйелдің арын аяққа басатын сскі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Жамал бейнесін суреттеудегі жаңалығы да осы түпкі идеясына, озат ой-пікіріне негізделген. Қаншама әйел ескіліктің шырмауынан шыға алмай, қайғы жұтып, көнбестікпен өмірін өткізген болса, Жамал ғашық жарына қосыла алмай басқа біреумен тұрмыс құруға бар жанымен қарсы болады. Ғашық жігіті өмірден қыршын кеткенде ауыр кайғы үстінде шарасыздықпен әкесінің ырқына көнсе де, қорлауға шыдамайды. Келін болып түскен жерінен қашып кетпекші болып, қайғылы қазаға ұшырайды. А. Н. Островскийдің әйгілі "Найзағай" пьссасындағы Катерина туралы Н. А. Добролюбов караңғы түнекте жарқырап көрінген нұр сәуледей болған десе, Жамалдың қорлыққа көнбей карсылық білдірген табандылығы, өжеттігі де еркіндікке ұмтылып, арманына жетуді аңсаған талай қазақ қыздарының жүреігіне сәуле беріп, кысылып-қиналғанда ширықтырып, қайраттанған болар.
Міржақып ақындық, жазушылық еңбегін журналистік қызметімен ұштастыра білді. 1911 жылы "Айқап" журналында, 1913—1918 жылдарда "Қазақ" газетінде қызмет етті. Ол "Қазақ" газетін шығаруға бас редактор Ахмет Байтұрсыновпен бірге аянбай ат салысып, осы газеттің жарық көрген алғашқы күндерінен бастап оның бетінде әдебиет пен мәдениетке, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелеріне арналған мақалалар жариялап
430
отырды. Сөйтіп, ол талантты публицист, әр түрлі әлеуметтік, мәдениеттік мәселелерді толғайтын мақалалардың, очерк, фельетондардың авторы ретінде жұртшылыққа кеңінен танылады. Солардың ішінде әдебиет мәселелерін сөз ететін мақалалар аз емес екенін еске сала отырып, 1914 жылы "Қазақ" газетінде жарияланған. "Абай" деген мақаласын бөліп айтуға болады. Мақала "Абай секілді атымен қазақ халқы мақтанарлық ақынымызды арамыздан жоғалтқанымызға 10 жыл толуын еске түсіріп" атап өту үшін жазылғанын автор өзі де айтқан. Міржақып Абайды "қараңғы заманда шыққан басшымыз" деп атап, оның қазақ әдебиетін, ой-санасын дамытуға қосқан үлесін аса жоғары бағалап, артына қалдырған мұрасының қадірі барған сайын арта береді деген терең пікір айтады:
"Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақьшдармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар. "Бірінші ақынымыз" деп қабіріне халқы жиі-жиі зиарат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар".
Бұл сөздердің қандай көргендікпен айтылғанын бүгін әділ қазы — уақыттың өзі дәлелдеп көрсетіп отыр деуге толық хақымыз бар.
Әдебиет пен мәдениет жайын баяндағанда Міржақып Ш. Уәлиханов пен А. Байтұрсыновтың және шығыстанушы Г. Потанин мен атақты татар ақыны Ғ.Тоқайдың еңбегін ауыз толтырып айтады. Оның Шоқанның өмір жолын жақсы білгенін, ғылыми зерттеу еңбектерінің мәнін терең түсінгенін кейбір оғаш, орынсыз айтылған пікірлердің теріс екенін аннымды көрсет-кенінен анық байқаймыз. "...Шоқан үкімет қолында құр жансыз құрал болмай, таза пікірлі, ақ жүрек ұлтын сүюші жігіт болғандығы — орыс әскерінде патшаға ант берген офицер бола тұрып, мұсылмандарға, орыс әскері қылған залымдыққа шыдамай қарсы келіп, Черняевтан айырылған-дығы зор дәлел олса керек. Шоқанның бар талабы ғылымға ұмтылу, қазақ халқына пайда келтіру, қазақ халқының тұрмысын, рәсімін, тарихын анықтау жолында болған", - дейді Міржақып.
Ахмет Байтұрсынов туралы айтқанда Міржақып оның ақындық өнеріне тұжырымды сипаттама береді, өлеңдерінің қасиеті шыншылдық пен сыршылдық екеніне, әдеби
431
еңбектерінде патша үкіметінің саясатын әшкерелегеніне назар аударады. "Қазақ" газетін шығарудағы, қазақ тілін зерттеудегі, оны оқыту ісін жүйеге келтірудегі Байтұрсыновтың шексіз зор еңбегін де айрықша атап өтеді.
Сонымен қатар Міржақыптың Қожа Ахмет Яссауи есіміне байланысты тарихи деректерді, Абылай хан туралы тарихи мағлұматтармен қатар, халықтың аңыздарын, ақын, жыршылардың айтқанын да жақсы білетіні сүйсінерлік. Міржақыптың Қожа Ахмет Яссауи мешітінің тозып, бұзылмай сақталуын, "мәңгіге қалуын" қажет деп санағаны, осы мәселеге арнайы тоқталып өткені де біліктіліктің, парасаттылықтың белгісі.
Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орны жайында сөз қозғағанда, Міржақып оның өз басын қастерлей отырып, Кенесары мен Абылай ханды қазақ үшін күш-өнерлерін жұмсаған деп атап өтеді. Абылайдың кейінгі ұрпақтары елдің ойлаған жерінен шыққан жоқ дегенді де аңғартады, "бұларға қазақ жұртының өкпелейтіні де осы күнгі тар заманда білім, дәрежелері бола тұрып, баяғы аталары өрге сүйреген жұртына басшылық қыльш, тек пайда тигізудің ғана қажетгілігін, ол басты меже етіп ұстады.
Міржақыптың қазақ білімпаздарына қоса, түркі тілдес халықтардың, шығыс елдері ғүламаларының, орыс, европа шығыстанушыларының еңбектерін еркін меңгергені оның қазақ пен қырғыздың шыққан тегі туралы жазган тарихи шолуы секілді жазбаларынан анық байқалады.
1925 жылы Міржақып "Еңбекші қазақ" газетінде Анненковты, Колчакты әшкерелеп мақала жазды. Ол орыс классиктерінің шығармаларынан басқа саяси әдебиетті аударумен де шұғылданады. "Балқия" атты пьеса жазды. Педагөгтік қызмет істей жүріп, оқулық жазуға да күш жұмсады ("Есеп құралы", "Қирағат кітабы").
М. Дулатовтың әдеби шығармалары ерте кезде-ақ сыншы, зерттеуші-лердің назарына ілікті.
1914 жылы Мәскеуде жарық көрген "Шығыс жинағы" атты кітапта қазақ ақын-жазушыларынан Абаймен қатар Міржақыптың шығармалары (өмірбаянымен бірге) берілген. Бұдан кейінгі жылдарда да ақынның шығармашылығы туралы жағымды пікірлер айтылды. Арада ұзақ жылдар өткеннен кейін туған халқының аяулы азаматы, аса дарынды ақыны, қайсар күрескері, көрнекті қоғам қайраткері М. Дулатов тарихтан мызғымас берік орын алды.
432
Міржақып өз әдеби шығармаларында коғам өмірінің сапалуын маңызды мәселелерін Абай дәстүрлерін жалғастыра отырып, жаңа заманның тілек-талабына сәйкес батыл қоя білді. Ол Абайға, әсіресе, сөз өнерін халықтың санасын оятудың, қоғам көшін алға бастаудың бірден бір күшті құралы деп санаған ағартушылық өнегесі жағынан үндес. Әрине, бұл жағынан алғанда Міржақып жалғыз емес. Оған ниеттестігімен де, ақындық тұлғасындағы ортақ сипаты молдығы жағынан да айрықша жақын А.Байтұрсыновты атаумен ғана шектелсек, осы екеуінің Абаймен үндестігі бір арнаға келіп құйылатынын байқар едік. Байтұрсынов та, Дулатов та өз шығармаларының ең басты идеялық нысанасы халықты ояту, өнер-ғылымға, адал еңбек етуге, прогресс жолымен алға басуға шақыру деп түсінді. М. Дулатов оқу-ағарту саласында ұшан теңіз мұра қалдырған ағартушы ұстаз-жазушы.
Жусіпбек Аймауытов — жантанушы (1889-1931)
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Қызылту болысының Бірінші ауылында өмірге келген. Жастайынан білімге құштар болып, алдымен ауылдағы молдадан, кейін Баянда, содан соң қалада дәріс алған. 1914 жылы Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясына түседі де, оны 1919 жылы бітіріп шығады. Сауатты жас азамат сол XX ғасырдың бас кезіндегі үлкен-үлкен саяси-экономикалық өзгерістер мен төнкерістерді тек газет бетінен оқып қоймай, оларға тікелей қатысады. Халықтық өркендеуін жеделдетуге қатысқысы келді, өзі байқаған дағдарыстардан шығу жолдарын да іздеді. Елеулі екі үлкен романы — "Қартқожақ" пен ''Ақбілегі" оған куә бола алады. Күрескер жазушы, ақын, драматург Жүсіпбекті біз қазақ философиялық ойын дамытуға тікелей қатысқан адам деп бағалай аламыз. Оның шығармашылық мұрасы - философиялық толғауы терең рухани
433
қазынамыз: қазақ болмысы, ұлтаралық қатынастар, дала шаруасының санасы, әйел теңдігі, адамгершілік нормалары, таптық қоғам өмірі, өтпелі кезеңдегі билік нысаны сияқты курделі теориялық мәселелер көркем әдебиет құралы мен тілі арқылы сөз болды, өзіндік шешім тапты, Ал "Психология" аталатын оқулығы осы күнге шейін маңызын жойған жоқ.
Абайдан сусындаған, оның жан-жақты да күрделі дүние танымын өз заманында өте жақсы түсінген, ұлы абайтанушы М. Әуезовпен көп меселелерді түсінуде терезесі тең Жүсіпбек өзінің шығармашылығы мен қоғамдық қызметін, Абай өсиетін жүзеге асыруға қолынан келген бар мүмкіншіліктерін өмірінің ең соңғы күндеріне дейін аянбай қолданды.
Абайды өзінің бас ұстазы санаған Жүсіпбек ұлы ақын тағылымының қазақ елінің ертеңі үшін әлі де берері көп екенін жақсы түсінген. Абайдың шығармалары мен асыл сөздерінен алған сабағын былай түсіндіреді: "Ақынды дана, рахымды әділ, шынға сусаған, қыңырды жөнге, қисықты тезге салмақ болған, бұзықтықпен алысып өткен Абай еді. Қазақтың әдебиетіне жан берген: сөздің сырын сырлап, ішін түрлеген, өлеңінен өрнек шығарған, ақындық,сыншылдық бірдей дарыған Абай еді. "Өнер тап, оқы, харакет қыл, тәрбие ал, ынсапты адам бол", - деп қақсап өткен Абай еді. "Халықты" қамын же, адам баласын бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет", - деген Абай болатын. Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз. Ақыл білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда, Абай - қазақтан шыққан философ данышпан".
Абайды философ деп, хакім деп енді-енді ғана танып, біліп жатқанда, бұдан 75 жыл бұрын Абайдың кім екенін тап басып тұрып бірінші болып айтуы — Жүсіпбек Аймауытовтың да ойлау дәрежесінің жоғарылығын, көзқарасының жан-жақтылығын, білімінің тереңдігін анық білдіріп тұр.
Абайдың этикалық өсиеттері "адам бол" деген гуманистік идея еді. "Адам болам десеңіз: бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол", - деп, оның үлгісін берген Абай өз шығармаларында адам болудың біртұтас кодексін жасады. Олардың негізгілері: ақылды дұрыс пайдалану, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, білім алу, дүние тану, әр нәрсенің өлшемін білу, өз арының алдында жауап беру, күрес, әділ, сыншыл болу, жамандықтан бойын аулақ ұстау және тағы басқалары. Ал Жүсіпбек бар болмысымен осы көзқарастарды түгелімен қабылдап, өзінің өмірлік өсиетіне айналдырды.
434
Ғылымсыз білім сыңаржақ: ғылым білімді ұлғайтады; ғылымсыз білім тым құрғақ, білімді орнына жұмсау керек. Білімді орнына жұмсайтын не? Ол — тәрбие. "Сонымен, білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты екен. Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың игілігіне де, сорына да онды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды... "Міне, осындай-осындай ізгі ойларға жетелейді. Жүсекеңнің кезінде "Тәрбиеге жетекші "(Орынбор, 1926ж.) "Психология" (Ташкент, 1927 ж), "Жан жүиесі және өнер таңдау" (-М., 1929 ж.), "Сабактың комплекстік жүйесінің әдістері" (Қызыл Орда, 1926 ж.) секілді оқулықтар жазуы тегін емес. Педагогикалық көзқарастары адамға, оны тәрбиелеу мүмкіндігіне деген сенімінен басталады. Өзінің "Тәрбие" деген мақалаларында Жүсіпбек, адамның хайуаннан айырмашылығы жайында әңгіме қозгай отырып, адам бойындағы ұнамсыз мінез-қылық-тарының барльгғы тәрбиенің кемдігінен деп қорытынды жасайды. Оның айтуынша, адам табиғаттың емес, тәрбиенің құлы болуы керек. Адам өміріндегі тәрбиенің рөлін зор бағалаған ол тарихтағы ірі құбылыстардың бәрін тәрбиемен байланыстыра отырып, былай деп жазды: "Алғашқы екі ғасырдай афиняндар мәдениетті, ғылымды күшті жұрт болған, неге? Данышпан Солонның жасаған ережесімен тәрбиеленгендіктен. Рим халқын атақты, күшті қылған кім? Аристотельдің тәрбиесі.
Тәрбиешіге қоғамда өте үлкен маңыз берген жазушы оны дәрігермен ғана салыстырады, тіпті, одан да жоғары қояды: "Адамдық көзбен тереңнен тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады", - дейді. Тәрбие мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеру кажеттігін жете түсініп: "Тәрбиешіге Отанның келешек өмірін тапсыруға болады, себебі, тәрбие нәтижесінде ақылды адам көбейсе - Отанның күзетшісі, қорғаны", - деп атап өтеді.
Болашақ ұрпақты озық жетістіктерге тәрбиелеу, оларға ілім беру процесін сол халықтың мінез-құлқымен тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын еске ала отырып жүргізудің қажеттігіне Жүсіпбек аса зор көңіл бөледі.
Абайдың көрнекті шәкірттерінің бірі болған Жүсіпбек өзінің туған халқын қатты суйсе, дәл солай оның кемшіліктерін
435
де көрсетіп, қатаң сынға алып отырады. Мысалы, "Қазақтың өзгеше мінездері" деген мақаласында өз халқьның бұрынғы уақыттарда "ұйымшыл, әлі жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы әрі бітімді, қайратты, сауықшыл, досымен достасып, жауымен жауласуға табанды" болғанын айта отырьш, отаршылдық езгінің әсерінен осы мінездер өзгеріп, "ұрлық, зорлық, өтірік, өсек, алдау, қулық, айдату, байлату, кісі өлтіру, өтірік мақтану, ынсап-сыздық, тұрақсыздық, жалқаулық сияқты жағымсыз қылықтар" көбейгеніне кынжылады, сөйтіп, "ұсақтап келіп жаужүрек батырларымыздың батырлығы ауыл үйдің малын ұрлауда. Бұрынгы билердің жұрнағы кішкене дөңгелек жер болып қалды", - дейді Ал енді осы жағымсыз қылықтардан құтылудың ең басты құралы, Жүсіпбек түсінігі бойынша, тәрбие, оқу, білім. Жүсіпбек ағаның біздің ұрпақтарға қалдырған бай мұраларымен танысқанда бірден көзге түсетін ерекшелік — автордың адам психологиясын жете, әрі терең білуі. Ендеше, оның "Психология" кітабының арқалаған жүгі ауыр. Осы пәннен қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық та сол.
Жүсіпбек Аймауытовтың психологияны зерттеп, көтерген мәселелері — одан басқа қазақ топырағында ешкім де көтермеген мәселе. Осы мәселелердің баяндалуынан қазақтың психолог мамандары қазірдің өзінде айтарлықтай ақау таппайды.
Бұл бағыттағы еңбегін тереңдете түскен "Жан жүйесі және өнер тандау" деген кітабы оның осы салада ізденістерінің қорытындысы іспетті. Соңғы кездерде ғана Қазақстан қоғамдық ғылымында орын ала бастаған социологаялық зерттеулер, анкета жүргізу сияқты әдістерді Жүсіпбек сол кездің өзінде-ақ өте шебер қолданған. Ал сарапкер тапқан сарабдал ойлардың бір парасы төмендегідей: "Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады. Басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зеректік болуға, біреу мал бағуға, біреу әскерлікке, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу саудаға... ыңғайланып жаралады... Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай, өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек... қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адам сирек болады. Бас мақсатын біржола ұмытып, әлеумет қызметіне түгел берілетін адам болуы мүмкін емес! Ондай адам кемде-кем. Біреу әлеумет үшін еңбегін көп жұмсайды. Біреу бойын тежеп, бас мақсатын көбірек сағалайды. Айырма жалғыз осында... Қайткенде әрі жеке адамның, әрі
436
әлеуметтің пайдасы бірден табылады? Қай уақытта әлеумет тілегі мен жеке адам тілегі тоғысады? Әр адам табиғатына біткен қабілетіне, зеректігіне қарай оз орнында қызмет етсе, сонда табылады".
Қазіргі қоғам қажеттіліктерін алып қарасақ та, азды-көпті киыншылықтарға шыдамай, ғылымнан, білім беру жүйесінен, денсаулық сақтаудан саудаға кетіп жатқан мамандарды кездестіруге болады. Жүсіпбектің бұл ойлары осы өзіміз өмір сүріп отырған қоғам мәселелеріне де жақын екенін көреміз.
Барлық шығармашылығын жұмыр басты пенделердің жан дүниесін зерттеуге арнаған Жүсіпбек өз кезеңіндегі қоғамдық кажеттіліктерді шешуге келгенде, әр дәуірде өмір сүрген адамдар дүниетанымының әртүрлі екендігіне тоқтала келіп, оған мынандай түсініктеме береді: "Бұрынғы оқығандардың алған тәрбиесі, көрген-баққаны, көсеген мақсаты, еткен қызметі қандай, қай заман еді? Олардың тәрбиесі надан, соқыр қазақтың ортасы еді. Көргені Николайдың төрелері еді. Еткені тақтан, қорыққаннан, не пайда табу үшін жасаған қызмет еді. Олардың басынан кешіргені қараңғы тар замандар еді. Бұлай болса, бәріне бірдей "ақжүрек болмадың деп, әділ қызмет қылмадың деп кінә қоюға да болмайды". Бұл тұжырымнан "әркім де өз уақытының перзенті" деген көне қағида көлденең дейді. "Жауқазын ерте көктеп шыққанменен, олдағы қалыбынан аса алмайды" деген Абайлық пәлсапамен астасып жатыр. Өйткені, адамзат баласы қоғамның шылауында өседі емес пе...
Адамның рухына еркіндік беру керек. Егер рухы еркін болса, жан дүниесі бай болса, адам құлдық психологиядан тез арылып кетуге мүмкіндік алады деп сенеді Аймауытов. Сондықтан да ол халқының өте бай әдеби, мәдени мұраларын зерттеу барысында да жан аямай еңбек етті. Адамгершілікті қалыптастырып, дүниетанымды кеңейтуде өәебиет пен өнердің алатын орны туралы былай дейді: "Баяғыдан қазақ кең далада құр қойын құттап, айран ұрттап жатқан жоқ екен, надан болса да, қиял, сезім байлығы бар екен. Жүрегінің терең сырын, жанының алуан-алуан нәзік толғауын ән-күй деген айнасына түсіре білген екен. Енді ол айнаны өнерлі жұрттар көрді... Адамшылықты, өнерді сүиген таза жүректе біреуді олай, біреуді былай ұстайтын тар мінез болмайды... Қазақ күнелту жағының мәдениетінен мешеу Қалса да, ақыл, қиял, сезім жағына, білім тілімен айтқанда, рух мәдениетіне кенде емес екендігі мынау мың әннен танылып
437
отыр. Қазақстан жерінің астында асыл қазына, кең байлығы мол деп аңыз қылысады. Сондай мол қазына қазак елінің ішінде де жатыр. Ол не десеңіз - әдебиет, ән, күй. Күн көру тәсілін сырттан жұқтырып үйрене беруге болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды. Алса да, халықтың көкейіне көпке дейіп қонбайды. Ендеше, өзіміздің бар дәулетті жарыққа шығарып, іске жаратуға талпыну керек".
Қүдды бір қазіргі нарықтық экономикалық қатынастар негізінде қоғам құрып жатқан Қазақстан жағдайында тап бүгін айтылған сөз сияқты! Экономикадағы уақытша қиындықтарды пайдаланып, еркін Қазақстанның егемендігіне қайтадан қол салынып жатар. Біз соңғы кездерде қайта күшейген қарқынмен көтерілген орыс тіліне де мемлекеттік тіл статусын беру, орыс азаматтарына екі елдің азаматтығын беру сияқты талаптарды еске алып отырмыз. Бұл талаптарды қолдайтындардың бәрі бірдей орыс азаматтары емес.
Қалада өскен қазақ баласының кеңес өкіметі кезіндегі солақай саясат әсерінен өз ана тілін білмей, тек қана "орысша сайрауы", егемендігіміздің егегінен тартъш отырған неше түрлі нигалистік немесе ел ертеңіне сенбейтін саткыңдық көріністері "рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беру" нәтижесі екені ақиқат.
Ж. Аймауытовтың гуманистік тұрғыдағы ағартушылық көзқарастары қоғамдағы әйел мәселесін де жан-жақты зерттей қарастыруынан анық байқалады. Себебі, ойларын ол былай түйіндеген еді: "Баланы бұзуға, түзеуге себеп болмайтын бір шарт — жас күнінде көрген өнеге, ол өнеге әке-шешенің тәрбиесі болуы керек. Ата-ананың берген тәрбиесі — баланың мінезіне салған ірге. Жасынан сіңген мінезді есейгенде жоғалту, басқа бір күшпен болмаса, болмайды. "Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді" деген сөз ата-ананың тәрбиесінің күштілігін көрсетеді. Бірақ бұл мақал тәрбие мен мінезді түзегуге болмайды деген емес. Балаға қайырымдылықты, қатігездікті, кішіпейілділікті, астамшылықты, әділеттілікті, әдепсіздікті, шыдамсыз-дықты, күйгелектікті, шыншылдықты, өтірікшілікті беретін кім? Ол әрине, ата-ананың тәрбиесі".
"Ақбілек" романында бұл тақырыпты өзінше ашуға, тырысты. Бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар болмыс-бітімімен, өзіндік табиғи тіршілігімен, яғни, пендешілік қателіктерімен қаз-қалпында бейнелейді. Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына
438
үнсіз кондіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды Жүсіпбек психологиялық тұргыдан тереңталдап, шебер береді. Романдағы барлық оқиға Ақбілектің айналасында өтеді және оның ойы аркылы өрбиді.
Жүсіпбек Аймауытов қазақ қоғамының даму, өзгеру диалектикасын өте жақсы түсінген. Идеология қалыбы қанша қатты қысса да, оған бой бермей, ғылымда, әсіресе, қоғамдық ғылымда, объективтілік керек екендігін мойындаған. Өз замандасы М. Жұмабаевтың өлендерін "ұлтшылдыққа" теліген шақта араша түсіп, былай деді: "Мағжанның туып-өскен, тәрбие алған әлеуметі — қазақ. Мағжан тұсындағы казақтың әлеумет құрылысы қандай еді? Ата-анаға, ру-руға бөлініп, руды ақсақал, би, болыс, тілмаш билеген, орысша айтсақ, "патриархат" құрылыс еді...
Жан-жағынан жау қысып, өз ішінен алауыздық шығып, қазақ берекеден айрылып, орысқа қарады. Орысқа бағынғанмен де, қазақтың бұрыңғы әлеуметтік қалпы өзгере қойған жоқ, әлі хандардың, билердің, аталы ауылдың тұқымы билейтін болды".
Сол кездегі қазақ қоғамының ерекшелігін түсіндіре келіп, Мағжанның тап туралы, тап күресінің болашағы мен ерекшеліктері туралы не себепті өлеңдер мен мақалалар жазбайтындығы жөнінде былай дейді: "Әлеумет құрушысы өзгерген жоқ: қазақтың кәсібі, шаруа түрі мал бағу болса, әлі де мал бағуда келе жатыр. Кәсібі мал баққан, әлеуметі ру басыға бағынған жұртта тап жігі — байлар, кедейлер деген нәрсе анық болмайды. Міне, Мағжанның туып-өскен ортасы, ұяда көргені осы". Сондықтан да, идеологтар жасанды түрде тапқа бөлінгенмен, Мағжан өмірді, шындықты жырлаған, көргенін, білгенін жырлаған ақын болған соң, өзі түсіне бермейтін тақырыптарды қозғамағанын алғаш айтқан Жүсіпбек Аймауытов еді.
Қазіргі кезде тәуелсіз мемлекетке айналған елімізде нарықтық экономикалық қатынастар қалыптасты, осыған орай біз де көптеген нәрселерді жаңа ғана біліп, жалтақтамай, ешкімнен қорықпай айта бастадық. Жүсіпбек сияқты еліміздің білімді, әрі өнерлі, әрі мөдениетті азаматтары қазақ халқына Ресей патшалығының көрсеткен зорлық-зомбылығын, одан кейін кеңес өкіметі жасаған асыра сілтеулерді сол кездің өзінде-ақ ашық айтқанды. Бұған бір ғана дәлел ретінде Аймауытовтың мына сөзіне ден қойып көрейікші: "Патшаның отаршылдық, озбырлық саясаты кімнің болса да арқасына аяздай батты. Қазақтың жерін тілгілеп, келімсек мұжықтарға әпере бастады, тілін бұзуға, дінін
439
бұзуға ауылнай, школ, миссионерлер тартты, әдет-ғұрпын, салт-санасын өзгертіп, орысқа бас июге жаңа закон, мировой судья, крестьянский начальниктер шығарды. Қазақты ішінен тоздыруға сайлау (игтат) деген шырға тастап, өзді-өзін жұлыстырды, қырыстырды".
Ресейдің отарлау саясаты тек қана жерді алып коймай, халықтың бірлігіне ауыз сала бастап еді. Оны жақсы түсінген Жүсіпбек былай дейді: "Полиция, стражник, урядник, казак-орыстардың қамшысы қазақ жерін жайлады. Қазақтың бұрынғы елдігі, берекесі кетті. Партияға кіруге, азуга, тозуға айналды... Қазақтың басына туған осындай қара күндерді кезі қарақты азамат көрмеске, сезбеске, қайғырмасқа болмады; көрді, қынжылды, жаңға батқан соң ашынды, ұлт сезімі ояна бастады. 1905 жылғы өзгерістен былай қазақтың қамын ойлаймын деген азаматтар ұлт мұңын сөйлеп, ұлт мәселесін қолға ала бастады".
XX ғасырдың басында пайда бола бастаған ұлттық бостандық идеясы, тәуелсіздік идеясы, отаршылдыққа қарсы күрес идеясы, міне, осылай, Жүсіпбек Аймауытовтың көрсеткеніндей дүниеге келді және одан әрі қарай өтс қиын да күрделі жағдайларда дамып, жетіле бастады. Сол кездегі талпынып-талаптанып өсіп келе жатқан жас қазақ интеллигенциясының сана-сезімі мен әлеуметтік-саяси көзқарастарының сана-сезімі мен әлеуметтік-саяси көзқарастарының қалыптасуына әсерін тигізген ықпалдарды ол былай бейнелейді: "Бір жағынан, үй-іші — әкеге, әлеумет — ру басыға бағынған, тапқа, жікке бөлінбеген, қазақ ішінде туып-өскен болса, екінші — татар медресесінде оқып, түрікшілік, исламшылдық рухында тәрбиеленсе, үшінші — патша саясаты шымбайға батып, отаршылдық зардабы қазақтың ұлтжандылық сезімін оятқан дәуірдің ұлы болса, төртінші - орыс зиялыларының қаймағы бұқарашыл, халықшыл болып жатқанын сезіп білсе, бесінші — Батыстың, қала берсе орыс ақындарының санашылдық (идеализм), дарашылдык мектебінен сабақ алса... Сөз жоқ, ұлтшыл, түрікшіл, санашыл, дарашыл ақын болып шығуы керек".
Жазушының замандастарына берген бұл анықтамасы өте нақты, ақиқатқа жақын. Себебі, оның өзінде де осы аталған көптеген қасиеттер бар, ол да — сол қоғамның, сол ортаның, сол заманның жемісі.
1905 жылнан кейін қоғамдық ой-сана ояна бастауын қазақ қауымында ұлт-азатгық идеясы пайда болуының алғашқы түсы
440
десек, Жүсіпбек мұның екінші кезеңін былай көрсетеді: "1916-шы жыл — қазақтың басына қара күн туған тарихи ауыртпалық жыл еді. Патша үкіметінің 25-ші июньде шығарған жарлығы бойынша қазақ сықылды бүратана халықтар соғыс майданындағы қара жұмысқа айдалды. Қазақ шаңырағы теңселді, қазақ даласы қан жылап күңіренді". Ал үшінші кезеңі турасында: "1917-ші жылғы февраль төңкерісі қазақ азаматтарының ұлт сезімінің көтерілуіне зор себеп болды. Ауылда сөйленіп жүрген ұлт камы, ұлт мұңы іс жүзінде жарыққа шығатындай көрінеді, қазақ азаматы мәре-сәре болды. Төңкерістің болғанына, бостандық туғанына қарық болып кенелді. Әлеумет жұмысына араласа бастады". Бұдан қайраткерлердің қазақтың ұлттық бостандығы идеясына бірқалыпты, тоқтап қалған нәрсе ретінде емес, өзгеріп, жетіліп, дамып отыратын құбылыс түрінде қарайтынын аңғарамыз. Аймауытов жалпы адамзаттық құндылықтарды таптық мүддеден жоғары қойды және өз көзқарастары үшін соңғы күндеріне дейін батыл күресті.
Ж. Аймауытовтың бұл айтқандары оның М. Әуезовпен бірігіп "Екеу" деген бүркеншік атпен жазған әдеби сын мақалаларында да өз жалғасын өз жалғасын тапты:
"Әдебиет тек сол уақытга жан-жақты дамып-жетіледі, егер де ақын-жазушылар өздерінің ойлары мен көзқарастарын еркін ортаға салуға мүмкіндік алса, жалпы мәдениет дамып-жетілсе, халықтың сана-сезімі басқа жоғары сатыға көтерілсе және ұлттың дамып-жетілуіне шовинистік көзқарастар мүмкіндік берсе, күш көрсету, күш арқылы мәселелерді шешуін қойса ғана жүзеге асуы мүмкін. Ал ұлтшылдықты жоюдың негізі езілген халықтардың экономикалық, саяси, құқылық, мәдени еркіндіктері теңейгенде ғана жүзеге асырылуы мүмкін".
Сол кездердегі ақындық жырлар мен фольклорды талдай отырып, сынның қандай сипатта болуының қажет екенін көрсетеді: "Сын, ең әуелі, талдап отырған шығармаға объективті баға беру керек, егер кемшілік болса, оны түзету жолдары мен әдістерін көрсету керек, сонымен қатар түзетуге көмек беру керек, сынағанда сынға жазушыны алмай, жазылған еңбекті алып, достық ниетпен көмекке дайын екендігін сыншы міндетті түрде біддіруі керек", — деген талап-тілек бүгін де өз маңызын жойған жоқ.
"Октябрь қазақ ауылын айналып өтті" деген голощекиндік өзгерісті сынға ала огырып, "Екеу" терең әлеуметгік-саяси қоры-
441
тындылар жасайды: "Қазақ ауылы үшін Октябрь революциясы үлкен кездейсоқтық, Октябрьге дейін олардың арасында коммунистер болған жоқ, халық саясаттан, саяси күрестен өте алыс болды, революцияға дейін ақын-жазушылар, зиялышылар, "таптық" мүддеден гөрі, "жалпыхалықтык" мүддеге әлдеқайда жақын болды, ягни ұлтгық-дсмократиялык бағытта болды, сондықтан да Голощекиндікі аспаннан алынған ой-қиял ғана еді".
Бұл көзқарастарда терең әлеуметтік-философиялық қорытындылар жатыр. Кеңес мемлекетінің кезінде, қанша ойланбай, жеңілдетіп айтамыз десек те, қазақ даласында көшпенді өмір ерекшелігінің әсерінен қалыптасқан қоғамдық қатьшастарда капиталистік өмір салтына сай дамып келе жатқан Ресей мемлекетімен ешқандай да ұқсастық жоқ екендігі бас ауыртьш дәлелдеуді қажет етпейтін еді. Сондықтан, қай қоғамды алып қарасақ та, оның ішкі объективті даму заңдылықтарымен санаспай, бір ұлттың немесе бір мемлекеттің, бір партияның ғана мүддесін қорғайтын қорытындылар жасап, оған барлық қоғамдық даму мен қалыптасуды бағындыруға тырысу ешқандай да жеміс әкелмейтінін Ж. Аймауытов пен М. Әуезов халқына да, ел басшыларына да жеткізе білді. Ж. Аймауытов - аз ғана шығармашылық өмірінде көптеген мұра қалдырған ойшыл, оның көзқарастарының негізгі тақырыбы — халықтың азаттығы идеясы. Ол феодалдық-патриархалдық салтты, қалың бұқараның қараңғылығын, мешеулігін сынап, оларды оқу, білім, өнер жолына үгіттейді. Бас көтерер адамдарды ел қорғаны болуға шақырады. Қоғамда болып жатқан өзгерістердің бәрі революция нәтижесі екенін мойындайды.
Ж. Аймауытовтың көзқарастарында адамдарды ұлтына бөлмей, жалпы адамгершілік құндылықтар тұрғысынан қарайтындығын көреміз. Қоғамдағы жүріп жатқан процестерді және оның болашағын жете түсінген ойшылдың көзқарастарын қарап, талдап отырғанда, біз нағыз халқын сүйген, сол халқы үшін жанын аямаған патриот ақын екенін көреміз.
Ж. Аймауытовтың өмірі 1931 жылы, 42 жасында, нағыз творчестволық толысқан кезінде қыршьшынан қиылды... Сөйтіп, шығармашылық өмірі өте ерте үзіліп, бергенінен берері көп жазушының, ғалымның, философтың ой-өрісі, мүмкіндіктері кеңінен ашылмай, шегіне жетіп шарықтай алмай қалды. Соның өзінде жан-жақты, бай мұра қалдырып үлгергені таңқаларлық жай. Заманынын сан қилы іркілісі мен сілкінісі, тар жол, тайғақ
442
кешулері "адам ойын серпілтіп, лездетіп жетілдіріп, тездетіп алға жетелеп отыра ма деп еріксіз ойлайсың... Оның сол кездегі жеткен биігіне (жазушылығы болсын, ғалымдығы болсын, теориялық ойының жетілу дәрежесі болсын) қазак зиялылары көп кейін жетті деуге болады, ал оның жан-жақты дарындылығын айтсақ, оған тең адам казақ ортасында кемде-кем деп айтута болады". — Атақты жазушы Ғ. Мүсіреповтың ол туралы және бір сөзі көп нәрсені аңғартар деп ойлаймын: "Өз басым казақта мұндай білімді, жан-жақты дарынды жанды әлі кездестіргенім жоқ. Мен білетін Жүсіпбек — тамаша жазушы, тұңғыш роман жазған, драматург, ақын, аудармашы, режиссер, әнші, музыкант, ғалым, көркем сынның негізін салған дарын. Оның драматургиялық шығармалары да шымыр,.. коркемдік шоқтығы биік болып келеді..."
Бұган Жүсіпбектің ойшылдығын, философиялық ойының даму сатысы биіктігін, оның терең методологиялық және методикалық ойға негізделген ұстаздық кызметін қоссак, Ғабекеңнің "мұңдай жанды әлі кездестіргенім жоқ" деуінде улкен шындык жатханын аңгарамыз. Жүсіпбек психолог, педагог ретінде үлкен тұлға.
443
VIII ТАРАУ. XX - ҒАСЫРДЫҢ
Достарыңызбен бөлісу: |