Л. Н. Толстой революционер-педагог жазушы
(1828-1910)
Орыс жазушысы. Педагог, ағартушы. Жазушылықпен бірге педагогикалық мәселеге ерекше көңіл бөлген адам. 1859 жылы өз қаржысымен шаруа балалары үшін мектеп ашты. Ясная Полянадағы бұл мектепте арнаулы лабаротория, оқу-тәрбие жұмысының әдістемелігі негізіңде практикалық істер орындалды. 1862 жылы жергілікті шаруалар көмегімен Ясная Полянаға жақын жерлерде Крацивен бөлімшесінде (Тула губерниясы) ауылдық мектептер ашты. 1862 жылы "Ясная Поляна" атты педагогикалық журнал шығарып тұрды.
Н. К. Крупская Л. Толстойдың педагогикалық көзқарастары туралы былай деп жазды. "Толстой өз кезеңіндегі шаруа өмірін жазумен қатар соған лайықтап, әсірссе, ауыл балаларының жас ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық мәселелерді қамтитын оқулықтар жазды. Әсіресе, көзқарасының прогрессивтік жақтары жан-жақты бейнеленді".
Ол мұғалімдердің, тәжірибесін қорытып педагогикалық-әдістемелік құралдар жазудың жолдарын көрсетті. Ол мектептің басты мақсаты - олардың творчестволық күшін калыптастыратын, жан-жақты жетілген жаңа адамдар тәрбиелеу - деп көрсетті. Оның бұл пікірін А. С. Макаренко өзінің "Педагогикалық поэма" еңбегіне арқау етті. Ол баланы "Еркін тәрбиелеу" идеясын ұсынды. Оларға арнап қызық әңгімелер жазды. Ол сабақта, мектеп қабырғасында тек оқу өткізілсін, ал тәрбие кластап, мектептен тыс орындалсын деген тұжырым жасады. Оның бұл ұсынысы Кеңес дәуірінің мектептерінде де қолдау тапты. Толстой Германия, Бельгия, Франция, Италия елдерінде больш, олардағы оқу-ағарту ісінің пайдалы жақтарын Ресей мектептеріне енгізіп, олардың таптық, үстемдікке құрылған оқу-ағарту жүйесін сынға алды. Құрғақ жаттау, сылдыр сөз, көрнекіліксіз сабақтың пайда келтірмейтінін, олардың тұрлаусыздығын жоққа шығарды. Оның пікірінше бүкіл оқу-ағарту жүйесі халықтың өз қолында болсын, Сөйтіп, оқутеңдік
241
мүддені жүзеге асырсын, барлық бала мектепке түгел тартылсын - деген прогрессивтік идея ұсынды.
XIX гасырдың 70 жылдарында біраз үзілістен кейін оқу-ағартуға қайта оралып, "Әліппе", "Жаңа әліппе", "Оқу кітабын" жазды. Онда өзінің балаларға арналған үздік әңгімелерін жариялады. 1874 жылы "Халық ағарту туралы" мақала жазып, мұғалімдер жұртшылығы арасында оқу туралы үлкен айтыс туғызды. Мақсат Ресей мектептерінде шығармашылық ұйымдар арқылы мектеп жуйесін жетілдіру мәселелерін көтерді, техникалық, политехникалық мектептер ашу ісін қолға алу жолдарын белгілеуді ұйғарды. Сондай-ақ, ол оқудың маңызын ерекше бағалады. Бұл әсіресе, жаратылыстану пәндерінде табиғат ортасын орман-тоғайларда, тауларда, көрікті жерлерде болсын. Экскурсиялар ұйымдастырылсын, өлкетану музейлері жетілдірілсін деген қағидалар ұсынды. Мұның барлығын журнал беттерінде әдістемелік немесе әңгіме ретінде жазып отырды. Ол оқушылардың шығармашылық-жазушыға бейімділік қасиеттерін тіл, әдебиет, қогамдық пәндер арқылы жетілдіруді, толықтыруды, дамытуды жазып отырды. Отбасы тәрбиесін өзінің шығармасының арқауы етті, әсіресе бала еңбекке үйренсін, карапайым еңбек дағдылары отбасында қалыптасады - деген педагогакалық идеялар айтты. Ата-аналар, үлкендер тәжірибесін қорытып, оны өзінің еңбектерінде жазып, жұртшылыққа таратты.
Толстой оқу материалының баланың жас ерекшелігіне сай құрылуын, артық нәрсені айтып баланы шаршатпау, баланы тек сабаққа қызықтыру үшін, әрбір сабақта белгілі бір жаңалық болуын талап етеді.
Оқудын, омірге жақын болуын жақтап, Толстой балаларды байқағыштыққа үйретуді қажет деп есептеді. Демек, Ясная поляна мектебінде экскурсия және тәжірибе жасауды жиі колданды. Ол өзінің дидактикалық пікірлерінде оқулықтың материалдары қызғылықты, балалардың сезімінс әсер ете алатындай, еңбастысы баланы психологиялық сыртқы әсерді қолдай алатындай деңгейге жеткізу күйін талап етті. Оқулықтың балаға білім беріп қана қоймай, оларды тілін дамытушы құрал ретінде, оқулықтың жан-жақты жазылуын; тілін, оқуын, көркемдігін қалады.
242
V ТАРАУ. ОРЫС ЖӘНЕ КЕҢЕС ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский
(1824-1870)
К. Д. Ушинский есімі XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс ағарту-ісінің көрнекті қайраткерлерінің қатарынан бірінші орын алады. Ол Россиядагы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі. Оның "Балалар әлемі", "Ана тілі", "Педагогикалық антропология" атты еңбектері балалар мен мұғалімдер үшін таптырмайтын, қайталанбас, орыстың педагогикалық әдебиетінің алтын қорына қосылған туындылар. Сондай-ақ, педагогика ғылымы саласынан шетелге тұңғыш танылған еңбектер болды.
Ушинский педагогикалық жүйесінде оқудың принциптері мен мақсаттары, тәрбиенің мәні мен маңызы көрнекті орын алады. Ол қарапайым, заңдылық-парадоксті қамтитын тәрбие. Егер ол адамға бақыт сыйлағысы келсе, онда ол бақыт үшін тәрбиелемей, өмірге және еңбекке баулу керек. "Тәрбиені жетілдіре отырып, адамдардың дене, ақыл-ой, нравтық күшін белгілі деңгейден әрі жалғастырып, көтеріп тастауы мүмкін" — деп жазды. Қалай болса да, адамда және тәрбиенің жоғарғы мұраты, тағыда ерекше күш тауып, межелі максатқа жетуге жол табуы тиіс" — деп көрсетті.
К. Д. Ушинский мектептегі қоғамдық тәрбиенің орталығы, ол мұның ең маңызды тұлғасы мұғалім деп бағалайды. Білім берумен тәрбие ісі көптеген жағдайларға байланысты деген. Олар: мектептің өзінің ішкі жағдайы, мектепте қалыптасқан дәстүрлер мен тәртіптер, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен құралдары т.б. Ал, осылардың ішіндегі ең негізгісі — мұғалім, оқу мен тәрбие сол мүғалімнің сапалы сабағына байланысты болады деген. Осы жағдайды ескерте келе Ушинский былай деген: "Тәрбиеде барлығыда тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс... Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдіргенімен, тәрбие ісінде жеке тұлғаны, мұғалімді алмастыра алмақ емес, тәрбиешінің тәрбиеленуші әсерінсіз мінез-қүлыққа сінерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес".
243
Оқудың дидактикалық негіздері
Дидактика және әдістеме мәселелері К. Д. Ушинский еңбектерінде көркем орын алады. Бұл мәселелер оның "Адам тәрбиесі", "Н. И. Пироговтың шығармалары", "Ана тілін оқытуға басшылық", "швейцарияға педагогикалық саяхат" атты шығармаларында кең түрде баяндалды.
1. Ушинский оқудың тәрбиелік сипатта болу принципіне ерекше мән берді. Оқуды ол "Теорияның негізгі құралы" деп , бағалады. Сондықтан оқу тәрбиелік ерекшелікте болуға тиіс. Ушинский сабақта әрбір оқытушы балаға деректерді ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың ақыл-ойында, адамгершілігін; де дамытатындай етіп ұйымдастырылуды талап етті.
2. Ушинский оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі және жетекші принциптердің бірі деп бағалаған. Оқу ісінің сапалы құрылуы оқу процесін белсенді ететіндігінде, бүкіл оқу процесінде бала белсенділігін тудыратынына ол түсінді де сенді. Соңдықтан оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі бір-бірінен бөлінбейді, — деп есептеді.
3. Ушинский оқытудағы көрнекілік принципінің көптеген мәселелеріне жаңаша талдау жасаған, бұл принципті жаңа сатыға көтерген. Оқытудағы көрнекілік — Ушинскийдің дәлелдеуінше, оқуды жалпы ұғымдарға емес, нақты факторларға, нақты образдарға негіздеу. Көрнекілік әдісімен оқу — оқушыларды өз бетінше байқайға, үйретуге негізделеді.
К. Д. Ушинский көрнекілік мәселесіндегі оқытудың көрнекілігі мен жолдарын тұңғыш рет анықтады. Бастауыш мектептердегі көрнекіліктің әдістемесін жасады.
Ушинскийдің ескеруінше бала табиғаты үнемі көрнекілікті талап етіп отырады. Сондықтан, көрнекі құралмен оқытуды баланың ерте жасынан бастау керек — деген. Ушинский көрнекіліктің бастапқы оқуда көбінесе сөзбен байланысты болуын талап етті, себебі сол арқылы баланың ойлай білуді де, тілі де дамиды.
Ушинский оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі жолы сыныптағы сабақ жүйесі деп білді және осы жүйе үшін күресті. Ушинский еңбектерінде ретті, дұрыс ұйымдастырылған жақсы сабақтың негізгі белгілері анықталды. Олар: сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрышы тиянақты меңгерілген білімдерге іштей байланысты түрде жана ойларды, ұғымдар мен деректерді өндіру, білімдердің байланыстарын
244
ескеру, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін арттыру, өтіліп жатқан тақырыпты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т.б.
К. Д. Упіинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудын, басты шарты - әдістемелік шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеді. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін ұсынды: түсіндіріп оқыту, оқытушының әңгімесі, бақылай әңгімелесу, әр түрлі жаттығулар (ауызша, графикалық, жазбаша).
Әрбір сабақтың сапалы болуы — мұғалімнің бүкіл сынып бойынша жұмыс істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде деді - Ушинский. Бұл туралы ол былай деді — "Өз сабағына барлық окушыларды тарта білуі мүғалім ісінің көрнекілігі.
К. Д. Ушинский өзінің педагогика және философия саласындағы еңбектері арқылы, өзі кезегінде көрнекті ғалым деңгейіне көтерілді. Оған, оның "Камеральдың білім беру туралы", "Адам организмі — тәрбиенің тұлгасы", "Жан туралы және оның қазіргі жағдайы" т.б. еңбектері үлкен трактаттар қатарына қосылды.
Ол тәрбиенің белгілі мақсатқа негізделген процесс екені сөзінің "Ана тілі", "Балалар әлемі" атты кітабында дәлелдеп берді. Ең бастысы, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене, еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қальштастырудың құралы деген тұжырым жасады. Тәрбиенің мақсаткерлігін жүзеге асыруда педагогика ғылымының рөлін жоғары бағалады, ол бала туғанда белгілі бір оймен туады — оны тәрбие тек толықтырады және саналыққа баулиды деген сол кездегі теріс көзқарасқа соққы берді. К. Д. Ушинский: Тәрбие - деп жазды, адам деңгейін өсу қарқынын тездетеді — оны ақыл ой, адамгершілік, дене, еңбек тәрбиесі рухында жоғары сатыға көтеретінін педагогикалық тұрғыда дәлелдеді.
Педагогика ғылымының, оның негізгі саласы тәрбиенің басты мақсаты — адамды өмірге даярлау екенін педагогикалық деңгейде дәлелдеді. Тәрбие адамды бақытты жасаймын десе, ең алдымен соны еңбекке үйретуі тиіс — деген тұжырым жасады Ушинский. Ол үшін бала арқылы денесі жетілген, денсаулығы таза, адамгершілік рухы жоғары, эстетикалық талғамды болуын жақтады. Жеке тұлганың немесе бала басындағы бұл салалық белгі. Оны белгілі бір принципке үйретеді және оның негізінде халықтық принципы жатады деді — ол.
Тәрбиенің халықтық принципіне мынадай талаптар қойды. 1. Тәрбие халықтык негізде құрылуы тиіс. Бұл мектептің
245
ауқымды болуын, сөйтіп, ол қарапайым халықтың барлыгының мектеп ісіне қатысуьш қамтамасыз ете отырып, міндетті оқуды жүзеге асырып, жас өспірімдердің халықтық экономикалық, мәдени-ағартушылык, қоғамдық саяси көзқарасын қалыптастырып, оның халық мүддесін ойлауға жұмсайтындай дәрежеде болуыи ұйымдастыру.
2. Тәрбие жасөспірімді өмір шындығы баулып, олардың ақылын жетілдіріп, білімін халық мүддесіне пайдалану жетілдіріп, сақтап отыру.
3. Адамды және жасөспірімдерді қалыптастырудағы ана тілі рөлін жоғары ұстау. "Халықтың, ұлттың ана тілі - деп жазды Ушинский — ұлтты сыйлау, оның рухани байлығын көтеру, мәдениетін көтеру, оның ұлтгық дәстүрін сақтау, ойы мен қырының экологиялық күйін байыту, жері мен суын ауа райы мен айнала табиғатының байлығын сақтайтын, тарихи мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыратын, адамдардың өзара қарым-қатынасын қайталанбас құралы.
4. Тәрбиенің халықтығы, оның Отанын сүю, халқын қадірлеу, оның негізделе отырып бүкіл халык, қамын ойлайтын патриоттар, халықтың арасынан шыққан қажымас қайраткерлер өсіріп тәрбиелеу, білімділікке үйрету — оның негізгі мұрасы осы болуы тиіс — деді Ушинский.
Өзінің саяси-қоғамдық көзқарастары бойынша Ушинский демократ, ағартушы болды. Ол крепостнойлық правоны жоюды және патшалық үкімет билігін өзгертуді жақтады. Россияның бостандықта, молшылықта және жоғары мәдениетті ел болуын арман етті.
Сонымен қатар Ущинский халық тұрмысын жақсартудың негізгі жолы мен құралы білімді тарату, халық ағарту ісін кеңінен дамыту деп үғынған. Осындай халык, ағарту ісінің дамуын шаруалардың іс жүзінде азат етілуімен тығыз байланыстырады.
Ушинский өзінің философиялық дамуында идеализмнен материализмге қарай ойысып отырады, оның ойларында материализмнің элементтері қабаттасып келеді. Ушинскийдің көзқарастарындағы материалистік тенденция оның сыртқы дүние мен нерв жүйесін мойыңдауынан, материяның қозғалысы заңды деуінен айқын байқалады.
246
К.Д. Ушинскийдің педагогикалық
теориясы, тәрбиенің халықтық идеясы
К. Д. Ушинскийдің педагогикалық пікірінің ең негізгі мәні — әрбір елде халықтыд мақсат-мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтың идеясында еді.
Дүние жүзінің басты елдеріндегі мектептердің білім жүйесін зер сала зерттей отыра, Ушинский өзінің білім беру жүйелерінде кейбір жалпы ұқсастық жақтарының болғанымен, әр елдің білім жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері болатынын байқады, бұл ерекшеліктер сол ел халқының қалыптасқан тарихи өмірі мен тұрмысын, талаптары мен мұң-мұқтажына байланыстылығын көрсетті. Ушинский орыс халқына тән тарихи қалып-
тасқан мынандай ерекшеліктерді көрсетеді: ғасырлар бойына сиынып өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік, оның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында әрдайым күреске әзір болу, жоғары азаматтылығы мен гуманизм, мол творчестволық сезімділік.
Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді, халықтың өмірін жөндеуге, оның санасын дамытуға көмектеседі деп есептеді Ушинский. Ол: "Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс", — деді. Ушинский тәрбие саласындағы орыс халқының ғасырлар бойы қальштасқан бай тәжірибесін мойындамаушыларды, тәрбиедегі халық тілегін ескермеушілерді, орыс мектебіне орынсыз түрде шетелдердің педагогикалық теориялары мен тәрбиесін енгізушілерді аяусыз сынады.
Тәрбиедегі халықтық идея жемісті түрде жүзеге асуы үшін, Ушинский мынандлй негізгі жолдарды белгіледі:
1. Ағарту ісі мен тәрбиенің кең демократизм негізінде құрылуын көздеді. Тәрбие ісіне халықтың өзі қожа болып, мектептер бүкіл халықтың жастарын қамтуы тиіс деді. Бірақ Ушинский өмір сүрген қоғамдық құрылыс жағдайында бұл талап орындалмайтын еді, ол үшін помещиктік-буржуазиялық құрылысты революциялық жолмен қирату қажет еді, мұны ол өзінің көзқарасындағы қайшылықтарға байланысты түсіне алмады.
2. Халықтық идеяның басты бір сипаты — қоғамшылдық, соған байланысты тәрбие мен білім беру салалары, олардың төңірегі Қоғамдық атмосферада болуы тиіс, себебі халықтық идея мейлінше кең қоғамдық жолдар арқылы іске асады.
"Халықтың өзі және оның ұлы адамдары ғана болашаққа жол сілтейді, тәрбие осы жолмен ғана ілгерілейді", — деді.
247
Ушинский Ресейді басқа елдер мәдениетінен, прогрсешіл тәрбие мәселелерінен алшақтау талабын ұсынған жоқ. Ушинскийдің педагогикалық теориясындағы халықтык идея оның өз дәуірінде прогресшіл рөл атқарады. Бұл идея белгілі дәрежеде Россияның реакцияшыл топтарыныц халық ағарту мәселесіндегі халықтық талаптары мен мұктаждарын ескермеушілікке қарсы халық бұқарасының қарсылығын білдірді.
Еңбек және оның тәрбиелік мәні
К. Д. Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні" дегеп мақаласында еңбек тәрбиесін әдейі қарастырды, ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап көп материалдар жазды.
Ушинский: "Адам өзінің жеке басының еңбегінсіз бір адым да алға ілгерілей алмайды, бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес, ол адам қайта кері кетеді", — деді.
Ұлы педагогтың айтуынша, еңбек, біріншіден, адам өмірінің негізі, өмірдің құралы. Екіншіден, еңбек — адамгершілік, ақыл-ой тәрбиелерінің, адамның дене жағынан жетілуінің көзі. Сондықтан еңбек — тәрбиенің күшті құралы. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық талаптарының ең бастыларының бірі — еңбек сүйгіштікке, еңбек ете білуге және ынталы болуға тәрбиелеу. Ол кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді.
Әрбір баланы қоғамға пайда келтіретін, өзінің пайдалы еңбегінің жемісімен күн көретін азамат етіп тәрбиелеу үшін, Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істі болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды. "Тәрбие шәкірттің еңбекке деген сый-қүрметі мен сүйіспеншілігін ғана емес, сонымен қатар еңбек ету әдетін де оның бойына сіңіреді", — деді.
К. Д. Ушинский селолық мектептерде еңбек ауыл шаруашылығына тікелей байланысты болу керектігін талап етті. "Балалар жұмыс істейтін іргесінде бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніңдегі мектеп бала алмақ емес", — деп атап көрсетті.
Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да көңіл бөлді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол әрі өте пайдалы тынығу", — деп есептеді.
Халық мектебінің міндеттері және жалпы
білім беретін мектептердің оқу мазмұны
Ушинский халық мектебі мен оның міндеттері жөніндегі мәселені де халықтық идея негізінде қарастырды. Оның айтуынша. Адамды тәрбиелеуде қоғамдық тәрбие қажет, ал мұндай тәрбиені жүргізетін орын — мектеп. Ушинский ол кездегі помещиктік-дворяндық мектеп жүйесіне байланысты мектептің әлі халықтық сипат ала алмай отырғандығын көрсетті. Озінің "Жүйелі білім туралы сөз" деген мақаласында мектептің міндеті халықтың қоғамдық-экономикалық дамуына, халықтың өмірі мен тұрмысын жөндеуге тиіс деді. Шын мағынасындағы халық мектебін құру үшін елде жалпыға бірдей бастауыш білім енгізілуі тиіс. Тек қана балалар үшін ашылған мектептердің білім алу мен адамгершілікке тәрбиелеуді жүргізуі жеткіліксіз. Сондықтан халыққа білім берумен қатар адамгершілік әөрбиесін қоса жүргізетін жексенбілік мектептерді көбірек ашу керек деді.
Сонымен бірге Ушинский халық мектебінің тағдыры мен тізгіні халықтың өз қолына берілуін талап етті.
Халық мектебі білімінің міндеті "балалардың ақыл-ой қабілетін дамыту, айналасын қоршаған табиғат пен қоғамдық қатынастарға олардың табиғи түрде дұрыс көзкарастарын қалыптастыру, олардың өздігінше құратын өмір мен әрекетке қабілетін дұрыс өсіру", — дейді Ушинский.
XIX ғасырдың 60-жылдарында жалпы білім беретін мектептердің оқу мазмұны жөнінен формальдық және материалдық білім беру теорияларын жақтаушылардың арасында ұзаққа созылған айтыс жүріп жатқан еді. Ұлы педагог бұл айтыстан шет тұра алмайды. Бұл теориялардың екеуін де Ушинский бір жақты деп бағалады. Себебі - мектеп білімі арқылы баланың акыл-ой қабілетін, ойлауын, сөзін т.б. қаншалықты дамыту (формальдық білім теориясы) қажет болса, оны заманының жүйеге түскен білімдерін қаруландыру (материалдық білім беру) де соншалықты қажет еді. Білім берудегі бұл екі міндет бір-бірінсіз болуы мүмкін емес, сол сияқты біріне-бірін қарсы қою да теріс. Сондықтан білімнің осы екі бағыты бірігуі тиіс, яғни, оку баланы ақыл-ой және адамгершілік жақтарынан дамытатын бір процесс болғандықтан, оқу үстінде баланың тиісті білімдермен ақылын да байыту, сол сияқты формальды әрекеттері, дағдылары және қабілеттерін де дамыту ісі жүргізілуі тиіс деген Ушинский.
249
Сөйтіп, дидактиканың негізгі проблемасы — формальдық және материалдық білім мәселесін дұрыс қойып, ғылыми түрде шешті.
Ушинский білімнің осы екі бағытын қамтитын пәндерді де анықтайды. Оның ойынша, мектепте табиғат және қоғам жөніңде білімдер оқытылуы тиіс, олар: ана тілі, тарих, география, математика, жаратылыс, шет тілдер, өзінін халықтық идеясына сәйкес бұл пәндердің негізгісі — ана тілі деді.
Ана тілі баланы тек жазуға және окытуға ғана үйретіп қоймай, айналасын қоршаған дүниені білуге, оқиға мен құбылыстардың ішкі сырына түсінуге көмектеседі. Сондықтан да Ушинский: "Ана тілі бүкіл ақыл-ой дамының негізгі және бүкіл білімдердің қазынасы", — деген. Осы себептен де бүкіл тәрбие мен оқу процесін ана тіліне байланыстыра құрған жөн. Ана тілін оқытуда негізгі назар картиналар бойынша әңгімелесуге және көркем әнгіме жүргізуге бөлінуі тиіс.
Оқу мазмұнын шешуде Ушинский жаратылыстануға зор мән берді. "Балалармен не істеу қажет" деген мақаласында ол жаратылыстанудың зор білімдік және тәрбиелік маңызын көрсетті. Жаратылыстанумен байланысты географияның, отан тарихының да үлкен мәнін ашты.
Ушинский оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі және жетекші принциптердің бірі деп бағалаған. Оқу ісінің сапалы құрылуы оқу, процесін белсенді ететіндігіне, бүкіл оқу процесінде бала белсенділігін тудыратындығына ол тусінді де сенді. Сондықтан оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі бір-бірінен бөлінбейді деп есептеді.
"Баланы белгілі нәрсені, пәнді түсіндіру дәрежесіне көтере алмаған адам сол пәнді баланың өте төмен түсінігінің дәрежесіне дейін жеңілдеткісі келеді, бұл педагогикалық жол емес", — деді Ушинский.
К. Д. Ушинский оқытудағы көрнекілік принципінің көптеген мәселелеріне жаңаша талдау жасаған, бұл принципті жаңа сатыға көтерген. Оқудағы көрнекілік — Ушинскийдің дәлелдеуінше, оқуды жалпы ұғымдарға емес, нақты фактілерге, нақты образдарға негіздеу. Көрнекілік әдісімен оқу — оқушыларды өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді.
Ушинский көрнекілік әдіске психологаялық анализ жасай келе, көрнекілік тек көру сезіміне ғана байланысты деген бір жақты пікірді сынады.
250
Себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз неғұрлым көбірек қатынасса, зат, я құбылыс жөніндегі қабылданған ұғым, түсінік есімізде соғүрлым берік, тиянақты орнығады да, кейін олар оңай еске түседі. Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазу т. б. сезім мүшелеріміз белсенді қатысуы тиіс, "...егерде педагог баланың есінде бірдемені берік қалдыруды көздейтін болса, ол көз, кұлақ, дауыс, бұлшык ет сияқты сезім органдарын, тіпті мүмкін болса, иіс және дәм сезімдерінде есте сақтап калу актісіне көбірек катыстыруға тырысуы керек"'— деген Ушинский.
К. Д. Ушинскийдің көрнекілік мәселесіндегі ең құнды көз-қарасы — ол оқытудың көрнекілігі мен жоддарын тұңғыш рет анықтады, бастауыш мектептердегі көрнекіліктің әдістемесін жасады. Ушинскийдін ескертуінше, бала табиғаты үнемі көрнекілікті талап етіп отырады, сондықтан көрнекі құралмен оқытуды баланың ерте жасынан бастау керек деген. Ушинский көрнекіліктің бастапқы оқуда көбінесе сөзбен байланысты болуын талап етті, себебі сол арқылы баланың ойлай білуі де, тілі де дамиды. Бұл жөнінде ол: "Бастапқы оқуда түр, түс, дауыстарды сөзбен қамтып, оны балалардың көбінің түсінігіне жететін етіп, біз өзіміздің оқытуымызды да балаларға жеткізе ете отыра, өзіміз де балалар ойлауының сырына енеміз", — деген. Оқытудың көрнекілігінің Ушинский мынадай құралдарын ұсынды: нақты заттың өзі, заттың, нәрсенің, оқиғаның үлгісі болатын моделі, суреттер, т. б. көрнекі құралдар.
Ушинский шығармаларында жоғарыдағылардан басқа оқытудың жүйелілігі мен сатылылығы, білім мен дағдылардың тиянақтылығы сияқты дидактикалық принциптер қамтылды.
Оқытуды ұйымдастыру және оның методикасы
К. Д. Ушинский оқыту жұмысын үйымдастырудың негізгі жолы кластағы сабақ жүйесі деп білді және осы жүйе үшін күресті. Ушинский шығармаларында ретті, дұрыс үйымдастырылатын жақсы сабақтың негізгі белгілері анықталды. Олар: сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрынғы тиянақты меңгерілген білімдерге іштей байланысты түрде жаңа ойларды, ұғымдар мен деректерді ендіріп отыру, білімдердің байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін арттыру, өтіліп жатқан сабақты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т.б.
251
К. Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты — методикалық шеберлікте, ал методикалық шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеген. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін жоғары бағалаған: түсіндіріп оқыту, оқытушының әңгімесі, бақылай әңгімелесу, әр түрлі жаттығулар (ауызша, графикалық, жазбаша).
Әрбір сабақтың сапалы болуы — мүғалімнің бүкіл сынып бойынша жұмыс істей білуіңде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде деді Ушинский. Бұл жөнінде ол: "Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі мұғалім ісінің көрсеткіші" — деді.
Ушинскийдің айтуынша әрбір сабақтың басы өткенде меңгерілген білімді анықтау, оны жүйеге келтіру болуга тиіс. Әрбір берілетін білім мен дағдыларды оқушылар класта өтіліп жатқан сабақ үстінде меңгеріп алатындай болсын. Үйге берілетін тапсырмаларды ретсіз үйіп-төгіп, ауырлата беруге болмайды.
К. Д. Ушинский сабақ жүргізудің. кейбір мәселелері жөнінен: сабақты жоспарлау, оның құралдарын әзірлеу, дидактикалық мәселелерді іріктеудегі талаптарды сабақта қолдану, кластағы тәртіп пен гигиеналық режимді сақтау жөніне нақты нұсқаулар береді.
Мектептегі тәртіп
Ушинский мектептегі тәртіп мәселесін онда атқарылатын тәрбиелік міндеттермен тығыз байланыста қарастырады.
Ол оқытушының жазылуына, ызбарына негізделген өз дәуіріндегі мектеп тәртібін сынай келе, оқытушының ылғи қорқыныш, үрей туғыза беруі класты екі жүзділікке жетелейді, шәкірттерді теріс мінезге тәрбиелейді деп есептеді. Сондықтан Ушинский балалардың саналы тәртібін, белсенді әрекетін тәрбиелеуді талап етеді. Педагогикалық ықпал етудің маңызды құралдары: саналылыққа негізделе жүргізілетінін түсіндіру және сендіру. Бұл әдістерді тиімді қолдану үшін Ушинский мұғалім мен оқушының арасындағы түсінісу және сыйласу қарым-қатынасын мақұлдайды.
Тәртіптілік мектепте жалпы сөз болмай, бала үшін үйреншікті қажеттілікке, оған қойылатын заңдылыққа айналуы тиіс, бұған жету үшін сабақтың өзін тәртіптілікке шақыратын құралға айналдыру қажет, әрбір сабақ бүкіл сынып оқушыларын тәртіпке жұмылдыратын орынға айналуы тиіс. Құр сенделіс, уақытты босқа өткізу ұнамсыз мінез-қүлықтарды тудыратын әдеттер.
252
Ушинскийдің құнды өсиеттерінің бірі — мектептің өзінде саналы тәртіптілікті дәріптейтіндей жағдай болуға тиіс. Мұндай жағдай жөнінде ол былай деген: "Мектепте анда-санда көңіл көтеретін әзілі бар, бірак істің бәрін әзіл-күлкіге апарып соқтырмайтын салмақтылық--- үлгілі тәртіп және ең бастысы үнемі іспен шұғылдандырушылық үстемдік етуі керек".
Мұғалім туралы
К. Д. Ушинский мектепті қоғамдық төрбиенің орталығы, ал мұның ең маңызды тұлғасы мүғалім деп бағалайды. Білім беру мен тәрбие ісі көптеген жағдайларға байланысты деген. Олар: мектептің өзінің ішкі жағдайы, мектепте қалыптасқан дәстүрлер мен тәртіптер, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдары. Ал, осылардың ішіндегі ең негізгісі — мұғалім, оқу мен тәрбие сол мұғалімнің сапалы сабағына байланысты. Осы жағдайды ескере келе, Ушинский былай деген: "Тәрбиеде барлығыда тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс... Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдіргенмен, тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлықка сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес".
Ушинскийдің мұғалімдер алдына қойған бір талабы — балаларды жан-жақты зерттеп білу болды. "Кімде-кім оқытамын десе, дейді - Ушинский, - ол окушы талабына, оның ішкі сырына көз салуы керек".
Ушинскийдің үйретуінде, мүғалім өзінің мамандығына сәйкес келуі және арнаулы педагогикалық білімді болғаны жөн, бірақ білімді болу әлі жеткіліксіз, оның қалыптасқан табанды нанымдары болуға тиіс. Білімі, нанымы мен дағдылары мамандығына қарай сәйкес болуы үшін, мүғалімнің теориялық және практикалық білімдері жеткілікті дәрежеде болуы қажет, "мұғалімнің өзі үшін нені окыту керектігін білу ғана жеткіліксіз екендігіне, ол қалай оқытуды теориялық жағынан ғана білім қоймай, практикалык жағынан білу керектігіне күмәндануға боларма екен", - дейді.
Ушинский мұғалімдерді халық мұғалімі деп атады, сондықтан оның халық өмірінің мәселелеріне адал қарап, бұл өмірге белсене араласуын талап етті. "Класта өз ісін істеп, мектеп табалдырығынан шығысымен қоғамға, әдебиетке араласпайтын оқутушы өз ісіне салқын қарауы мүмкін", - деп жазды ол.
253
Ушинскийдің мүғалімдср алдына қойған маңызды бір талабы — олардың үнемі қаламдастарының, алдыңғы қатарлы оқытушылардың тәрбие тәжірибесінен туатын идеяларды қабылдап, өз ісіне пайдаланьш отыруы.
Ушинский Ресейде мұғалімдер даярлау ісімен де жігерлі түрде шұғылданады. Ол халық мүғалімдерін даярлау үшіп мүғалімдер семинария-ларын ұйымдастыру, орта мектеп мұгалімдерін әзірлеу үшін университеттер жанынан педагогикалық факультеттер ұйымдастыру жоспарын ұсынды.
К. Д. Ушинскийдің педагогикалық ілімінің маңызы
К. К. Ушинскийдің бүкіл өмірі мен қызметі өз еліне және өз халқына жан-төнімен шын беріле қызмет етудің тамаша үлгісі бодды.
Орыс мұғалімдерінің ұстазы К. Д. Ушинский өзінің педагогикалық жүйесін өз кезіндегі ең озық ғылым дәрежесіне көтерді.
Ушинский өз шығармаларында педагогиканың, әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екендігін, тәрбие мақсаты мен тәрбиелеудің халықтығы туралы идеяны және жеке адамды тәрбиелеу теориясын, дидактиканы, мұғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педагогиканың күрделі де түбірлі мәселелерін ғылыми негізде шешті, өзініц прогресшіл педагогикалық жүйесін құрды.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Ресейде Ушинскийдің теориясы мен жүйесін қоддаушы, ұлы педагогтың жолын ұстаған педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. (Н. Ф. Бунаков, В. П. Вахтеров, В. И. Водовозов, Д. Д. Семенов, Д. И. Тихомиров, И. Н. Ульянов).
К. Д. Ушинский жазған "Балалар әлемі" мен "Ана тілі" оқулықтары 60 жыл бойына Ресейдегі ең құнды, кеңінен тараған оқулықтар болды.
К. Д. Ушинскийдің педагогикалық теориясы мен жүйесі сол кездегі Ре-сейдің қол астына қараған, өзге халықтардың прогресшіл педагогтары Гогебашвилиге (Грузия), Агаян мен Тер-Гевондянға (Армения), Эфендиевке (Азербайжан), Алтынсаринге (Қазақстан) т. б. зор әсер етті.
Ұлы педагогтың дидактикалық пікірлері біздің заманымызда да өзінің құнды мәнін сақтауда.
254
Н. К. Крупскаяның педагогикалық теориясы
(1870-1939)
Кеңестік орыс педагогы, оқу-ағарту жүйесінің негізін салушылардың бірі. Халық ағарту туралы алғашқы декретті жасаған — педагог. Педагогиканың басты проблемасы — тәрбиенің негіздерін және политехникалық оқуды, білім мазмұнын, жас ерекшелік педагогикасын, ұжымда тәрбиелеу мәселелерін т.б. тұңғыш рет шешкен Н. К. Крупская болды.
Педагогика тарихында түңғыш рет бірыңғай мектеп жүйесін ұсына отырып, педагогика тек тәрбие мәселелерін шешпей, оның мазмұнын талдап ғана қоймай, оның түбегейлі проблемалары халықтың оқу-ағарту ісін ғылыми негізде жүргізудің жолдарын көрсетіп берді. Жас ұрпақты жоғары адамгершілік рухта тәрбиелеу мәселелерін шешу жолдарын ұсынды. Үлкендер тәрбиесін насихаттау, тәрбиенің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы тарихи дамудың негізі — деген қағиданы көтерді, оны тәрбиенің арқауы етті.
Крупская — оқытудың мазмұны мен әдісі туралы
Н. К. Крупская мектеп оқуының мазмұнын анықтай келе еңбекшілердің өмірлік тілек-талаптарынан тыс мектептің тұра алмайтындығын ескертті. Крупскаяның дәлелдеуінше білім беру мазмұны жасөспірімдерді күнделікті өмірге қажетті практикалық әрекетке даярлауды көздеуі тиіс.
Крупская мұғалімдердің Бүкіл одақтық бірінші съезінде сөйлеген сөзінде мектеп беретін білім шаруашылықтың талаптарымен байланысты болу міндетін көрсетті. Оқыту мазмұны мектептен кейінгі өмірге жол сілтеуі тиіс екендігін, оқушыға белгілі бір мамандықты таңдауға көмектесу қажеттігін атап айтты. Н. К. Крупская оқу процесіндегі теорияның практикамен тығыз байланыстылығы оқушылардың оқу материалын терең және тиянақты түрде меңгеруінің де ең тиімді жолы — деген тұжырымынын, маңызы ерекше.
Оқу пәндері арасындағы тығыз байланыстылықты қызу қуаттай отырып, оны материалистік көзқарасты қалыптастырудың қажетті жолдарының бірі деп санаған да Н. К. Крупская болды.
Н. К. Крупская жеке пәндердің арасындағы тығыз байланыстылық политехникалық білім берудегі маңызын ашты. Ол
255
жаратылыс тану сабақтары материалистік көзқарасты калыптастырып, еңбек тәрбиесіи беруде үлкен рол атқарса, әдебист сабақтарының патриотизм, гуманизм сезімдерін тәрбиелеуде зор мән барын атап көрсетті. Н. К. Крупская оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыстарын ұйымдасты-руды, практикалық жұмыстар жүргізуді, өндіріске, табиғатқа, мұражайларға экскурсиялар ұйымдастыруды айырықша атап көрсетті. Н. К. Крупская үйге тапсырма беру мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Сыныпқа жалпы берілетін тапсырмамен қатар балаларға жеке-жеке тапсырма берудін, қажеттілігін айтты. Қандай жағдайда болмасын тапсырманың шамадан тыс болмауын талап етті. Мұғалім шеберлігін талап етті, оз пәнін жете меңгерген мұғалім ғана сапалы білім береді — деді. Оқытылатын материалды, негізгі мәселені ашып көрсету, оның өмірдегі мәнін айқындау, оқушыларды сабақ үстінде ойлануға, балалардың сезіміне әсер ету мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Сондыктан, мүғалім өз білімін толықтырумен қатар, шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті. Крупская мұғалімнің жұмысын жоғары бағалай келіп, ауыл-село мұғалімдерінің еңбегін ерекше құрметтеді.
Ол мектептермен қатар, халықтың мәдени дәрежесі мен саяси санасын арттыратын әр түрлі ағарту мекемелері кең түрде ұйымдастырылуы керек. Көпшілікке арналған кітапханалар, оқу үйлері, клубтар, халық үйлері кең түрде ашылуы керек, - деп көрсетті".
Н. К. Крупская хат таныту ісін барынша кең түрде қолға алумен қатар, мәдениетті дамытуға, атап айтқанда, радио мен киноға ерекше мән берді.
"Қазір радио мәдениетті таратуда күшті құрал, жергілікті радио орындары ұлт тілдерінде де жұмыс істейтін болуы керек. Мысалы, Астрахань маңында аз ұлттар көп, оларды да қамтуға болатындығына қарамастан, Астрахань радио хабары қаланы ғана ескереді. Тындау мүмкіндігі болса да жақын жерде аз ұлттар тұратын жергілікті станциялардың ұлт тілінде музыка хабарын берумен қатар, әңгімелер ұйымдастыруының маңызы өте зор. Радионы қазіргісінен де пәрменді, толығынан пайдалану керек" - деп жазды.
Н. К. Крупская кеңес педагогикасының негізгі теориялық проблемаларын дамытуға ат салысумен қатар, комсомол ұйымының жұмысына, мектепке дейінгі тәрбиеге, әйелдер
256
арасында жұмыс жүргізуге көп көңіл бөлді. Н. К. Крупскаяның көптеген еңбектері сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарына арналған. Н. К. Крупская өзінің "Ұлттық оқулық" деген еңбегінде қазіргі уақытта СССР-да мектеп жұмысының сапасын, әсіресе мектептің тәрбиелік ролін көтеру меселесі ерекше койылып отыр, балалармен дұрыс қарым-қатынас жасағанда ғана, оларды дұрыс ұйымдастыра алғанда ғана, біз шын мәнісінде мектептің тәрбиелік мәнін күшейте аламыз деп жазды.
Аз ұлттар мектептерінде, әсіресе, дінге қарсы тәрбие жүргізудің ерекше қиын екендігін ескере келіп, өзінің "Ұлттар арасындағы мәдениет мәселелері" деген мақаласында дінге қарсы үгіт жүргізуге үстірт қарамай, оның пайдалы жағын алуды, ол елдің бұрынғы өмірін, тұрмысын, шаруашылығының барлық жағдайын ерекше ескеру керек, әсіресе халықтың тұрмыс жағдайын ескерген жөн, ескілік көбінесе тұрмыста ұзақ сақталады деп көрсетті.
Интернационалдық тәрбиені де дұрыс ұйымдастыру үшін халықтың жергілікті жағдайын білу өте қажет екенін Н. К. Крупская ерекше атап көрсетті. Әр ұлт еңбекшілерінің ортақ мүдделерін, ұқсас тілектерін таба білу керек. Ұлттардың өзара түсінісуін және өзара жақын, тату болуын ескерту керек, ұлт ала ауыздығына барынша жол бермеу керек деп оған ерекше назар аударуды талап етті. Н. К. Крупская "Бастауыш мектептегі интернационалдық тәрбие" деген еңбегінде мектепте интернационалдық тәрбие жүргізудің нақтылы жолдарын көрсетті. Ол бір ұлт балаларының басқа ұлт балаларының өмірі туралы көбірек білуін, әсіресе олардың ұнамды ерекшеліктерін ескеруді талап етті. Ол үшін көркем әдебиетті кең пайдалануды, әр ұлт балаларының кездесулерін (бірігіп жұмыс істеу, дем алу, ойын т. б.) үнемі ұйымдастырып отыруды жақтады.
А. С. Макаренконың педагогикалық ойлары
мен тәлімі (1888-1939)
Аса көрнекті совет педагогы А. С. Макаренко 1888 жылы 1 мартта Харьков губерниясындағы Белополье қаласында темір жол жұмысшысының семьясында туған.
Қалалық училищені, онан кейін оқьпушылар даярлайтын курстарды бітіргеннен кейін, А. С. Макаренко Крюководағы екі класты темір жол училищесіне оқытушы болып тағайындалған.
256
257
Макаренконың педагогикалық қызметі 1905 жылы, бүкіл Ресейге бірінші орыс революциясының толқыны кеңінен жайылған кезеңде басталды, сондықтан оның көзкарасы да революцияшыл пролетариаттың кушті күрес идеялары негізінде қалыптасқан. Жас, қажырлы оқытушы осы кезде темір жол училищесінде жұмысшылардан ата-аналар комитетін құрып, сол арқылы реакцияшыл бағыттағы мектеп бастығына қарсы күрес жүргізген, оқушылармен адамгершілік қатынас орнатуды жақтаған. Бұл кезде жас оқытушы 17 жаста ғана болатын, бірақ ол өзінің алғашқы қадамынан бастап-ақ болашақ жаңашыл педагогқа тән қасиеттерді байқатты.
Темір жол училищесінде оқытушылық қызметі кезінде Макаренко өзінің білім дәрежесін көтеру жолында көп жұмыс істеген, әсіресе ол кейіннен өзіне зор әсер еткен орыстың ұлы жазушысы А. М. Горький шығармаларын терең оқыған.
А. С. Макаренко өзінің естеліктерінде: "Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлік ұстазым болды", - дейді.
1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко Полтаваның оқытушылар институтында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады. 1917 жылдың сентябрінен бастап Крюковадағы жоғары бастауыш класс мұғалімдері училищесінде инспектор қызметін атқарады.
Октябрь революциясынан кейін Макаренко біраз уақыт темір жол училищесінде оқытушы болады. 1920 жылдан бастап, Макаренко Полтавадан 6 километр жердегі заң бұзушы жас балалар колониясын ұйымдастырған. Осы колонияны Макаренко 8 жыл басқарады. Бұл жылдар оның адамды тәрбиелеудің жаңа, нағыз кеңестік әдістерімен қажырлы еңбек ету, іздену және күрес жылдары болды. Міне, осыдан бастап Макаренконың педагогикалық қызметінің шарықтау кезеңі басталады, ол тек тәжірибеде ғана емес, педагогикалық теорияда да, тамаша табысқа ие болып, іс жүзінде кеңес педагогикасының бірнеше принципиальды мәселелерін шешті.
Кейіннен А. М. Горький атымен аталған осы колонияда Макаренко бүкіл тәрбие процесін, оқуды ауыл шаруашылық еңбегімен байланыстыруға негіздей отыра құрған. Өзінің тәрбие жүйесін құру жолындағы күресін, сол колонияның әр қилы өмірін А. С. Макаренко терең мағыналы және әсерлі көркем шығармасы "Үстаздық дастанында" баяндайды.
1928-1935 жылдарда Макаренко Харьковтағы
258
Ф. Э. Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқарған. Горький атындағы колонияда мол тәжірибемен қаруланған Макаренко мұнда жұмысқа бұрынғыдан да табанды түрде және зор сеніммен, жаңашыл педагог ретінде кіріскен. Коммунаның тәрбие жұмысы оқуды өндірістік еңбекпен байланыстыруға негізделген, еңбек әуелі оқу шеберханаларында және өндірістің цехтарында, сонан кейін техникамен жабдықталған зауыттарда ұйымдастырылған.
Дзержинский атындағы коммунаның өмірін Макаренко өзінің "Мұнара үстіндегі тулар" деген повесінде баяндаған. Бұл шығармада педагогикалық көзқарастың ерекшеліктері және ілгері дамуы айқын байқалады. Оның үстіне бұл "Ұстаздық дастанның" дәстүрлі жалғасы тәрізді еңбек болатын.
Макаренконың тікелей өзі құрып, өзі басқарған бұл екі оқу-тәрбие орнынан үш мыңға жуық бұрынғы панасыздар мен заң бұзушылар жаңа совет азаматы болып қайта тәрбиеленген еді, олар өздерінің көзқарасы және қоғамға сіңірген еңбектеріне қарағанда, Отанына шын берілген, отандық борышын түсіне білетін жігерлі, табанды, тәртіпті, әр түрлі мамандықтарға ие болған еңбек сүйгіш адамдар болып қалыптасты.
А. М. Горький талантты жаңашыл педагогтың бұл зор еңбегін бағалай келе, Макаренкоға жолдаған хатында былай дейді: "Маңызы орасан зор және мейлінше ойдағыдай болып шыққан сіздің педагогикалық эксперимент-теріңіздің меніңше жер жүзілік маңызы бар".
Ұлы жазушының бұл өте жоғары да орынды берілген бағасы болатын.
А. Семенович өз өмірінің соңғы жылдарында әдебиет және қоғамдық-педагогикалық жұмыстармен айналысады, әсіресе, ол семьядағы тәрбие мәселелеріне көңіл бөлген.
"Ата-аналар үшін кітап" және "Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар" деген шығармаларында Макаренко баланы отбасында тәрбиелеу жөніндегі негізгі мәселелерді зерттеген.
1939 жылы 1 февральда Совет үкіметі А. Семеновичтің балаларға коммунистік тәрбие беру саласындағы сіңірген ерекше еңбектері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.
1939 жылы 1 апрельде тамаша ізгі адам, педагогика ғылымының қайраткері және талантты жазушы А. С. Макаренко кенеттен қайтыс болды.
259
А. С. Макаренко өзінің артына өлмейтін бай педагогикалық мұра қалдырды, оның жүзеге жуық жазылған педагогикалық шығармалары бар.
Тәрбие мәселесі туралы
Макаренко балалар коллективімен тәрбис жұмысын жүргізудің ғылыми негізгі теориясы мен методикасын құрды. Оның педагогикалық көзқарастары, тамаша нәтиже берген педагогикалық тәжірибелері ұзақ уақыт теориялық жағынан қорытудың негізінде қалыптасты.
Макаренко теориясының негізі маркстік-лениндік ілім болды, ал оның методикасы да марксизм-ленинизмнің ғылыми әдістеріне негізделіп дамыды. Тәрбие процесінің заңдылықтарын анықтауда Макаренко қоғамдық дамудың заңдары жөніңдегі жаңа, коммунистік адамгершілік туралы, адамның қоғамдық табиғаты жөніндегі марксизм-ленинизм ілімін басшылықка алып отырды.
Тәрбие жөніндегі марксизм-ленинизм идеяларына сүйене отырып, Макаренко буржуазиялық педагогиканы, әсіресе идеологияны, негізінен сынға алды.
16 жыл ішінде үш мыңға жуық жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесі Макаренкоға Коммунистік партия мен Кеңес үкіметі құрған тәрбие жүйесінің күшті әсерін жоғары бағалауға негіз болды, ол тәрбиенің күшіне мықты сенген оптимист еді.
Біздің елімізде адамның жетіліп, қалыптасуына кедергі болатындай ешбір жағдайдың болмайтындығын дәлелдеді. Сондықтан да Горький атындағы колониядағы өз жұмысының алғашқы кундерінде көпшілігі бұрын қылмысты болған панасыздар тобымеи бетпе-бет кездесу кезінде Макаренко табансыздық, тұрақсыздық жолына түспеді. Ол балалардың -тумысынан қылмысты, немесе бұзылған мінез-құлықты болып өмірге келмейтінін терең түсіне білді.
Ал, оның кейінгі жұмысындағы тәжірибелері қылмыс -жолына түскен жастарды қайта тәрбиелеуге болатындығы жөніндегі өзінің оптимистік көзқарастарын толық дәлелдеді.
Макаренко педагогикалық жұмыстың жемісті болуының ең кажетті шарттарының бірі - тәрбиенің міндет-мақсаттарынын анық, айқын түрде белгіленуі деп есептеген. Ол кеңес педагогикасы ілгеріге көз жібере отыра, совет адамына керекті сапаларды алдын-ала жобалай білуі тиіс деген талап қойды.
260
А. С. Макаренко біздің тәрбиеміздің міндеттері қоғамдық өмірден, коммунистік партияның программасынан және оның социалистік құрылыстағы саясатынан туатындығын көрсетті.
"Тәрбие жұмысының мақсаты қайдан тууға тиіс? Әрине, ол біздің революцияның мақсаттары мен міндеттерінен туып отырады", - деген Макаренко.
Макаренконың ойынша, педагогика бұл мәселені саяси мақсаттарға сәйкес, яғни, жаңа адам, коммунистік қоғамның адамы қандай болатындығына байланысты шешуі тиіс деген. Макаренко тәрбиенің міндет-мақсатын адамды қалыптастырудың кең программасы ретінде қараған, бұл программа Макаренкоға кеңес жастарында тәрбиеленетін жоғары сапаларды анығырақ түсінуге мүмкіндік берді.
Макаренко кеңестік тәрбие арқылы жаңа адамды, социалистік дәуірдің азаматын өсіруді, коммуиистік идеяларға берілген адамды қалыптастыруды мақсат еткен.
Тәрбиенің алдына Макаренко коллектившіл, алғыр, және ер адамдарды, жан-жақты білім алған және еңбек сүйгіш, халқының алдындағы өз борыштарын сезіне білетін жастарды тәрбиелеу міндетін ұсынды.
"Коммунизм үшін күрес үстінде, - дейді А. Семенович, -біз қазірдің өзінде өздерімізде коммунистік қоғам мүшелерінің сапаларын тәрбиелеуіміз керек".
Макаренко тәрбиенің мұндай міндет-максаттарына жетудің тым қиын және күрделі іс екендігін, бірақ біздің кенестік шындықтың жағдайында оған толық жетуге мүмкіндік барын ескертті. Өзінің "Мұнара үстіндегі тулар" деген кітабында оптимистік тұрғыдан: "Жаңа адамды тәрбиелеу - бақытты іс және оған педагогиканың шамасы да жетеді", - деген.
Тәрбиенің негізгі принциптері
Тәрбиенің міндет-мақсаттарына байланысты Макаренко кеңестік тәрбие жүйесінің мынадай негізгі принциптерін анықтаған: тәрбиеленушіге талап қоюды оны құрметтеу және оған сенім білдірумен байланыстыру, коллектив ішінде, коллектив арқылы және еңбекте тәрбиелеу.
Макаренко адамға зор талап қоюды құрметтеп сыйлаумен байланыстырып отыруды - кеңестік тәрбие жүйесінің жетекші әдісі деп санады. Тәрбиеленушілерге сүйіспеншілік білдіруді оған талап қоюмен байланыстырып отырса, балалардағы жақсы
261
саналарды байқап, көруге, сол сапаларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деді.
А. С. Макаренконың творчествосында кеңес адамы үшін намыс сезімі, оған сүйіспеншілік білдіру, адам баласын сыйлау, адамның жоғары санасына сенім білдіру мәселелері кең орын алған. Антон Семенович сонымен бірге кеңес педагогикасының маңызды заңы – тәрбиеленушілерге айқын, анық, табанды талаптар қойып отыру. Адамға неғұрлым көбірек талап қойылса, ол адамгершілік жағынан көркейе беруге тиіс, сондықтан талап шалағай болмай, белгілі мақсатқа жеткенше қойылуы тиіс деген.
А. С. Макаренконың барлық тәжірибесі оның осы өзі ұсынған негізгі принципі - адамды қүрметтеп, сыйлауды оған талап қоюмен байланыстыру принципін жемісті түрде іс жүзіне асырудың толық сипаты болды.
"Қашан болсын адамның жақсы жақтарын жобалау керек, педагог осылай естуге міндетті", - деп өсиет айтқан оптимист Макаренко, жоғарыдағы балаға қатаң талап пен сүйіспеншілік білдіру жөніндегі принципіне байланысты, тәрбиедегі "болашак жолдар" деген принципті ұсынады.
Макаренконың ескертуінше адамды тәрбиелеу - бұл жастарымызда өздерінің болашақтары - ертеңгі қуаныштары көрінерліктей болашақ жолдар, бағыттар тәрбиелеу, оларға сол ертеңгі қуаныштарының жолдарын көрсету.
"Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты-шулы қозғаушысы - ертеңгі қуаныш", - деген А. С. Макаренко.
Антон Семенович тәрбие жұмысын жүргізуде балалар коллективінің ертеңгі күні бүгінгісінен өзінің мәні және шеңбері жағынан жоғары және кең тұратындай болып құрылуын талап еткен.
Өзінің тәжірибелік тәрбие жұмыстарында бірімен-бірі байланысты түрде құрылатын үш түрлі (жақын, орташа және қашық) болашақ жолдарды пайдаланған.
Макаренко бастапқы жакын болашаққа балалардың цирк, басқа ойын-сауық орындарына баруға рұқсат алуын, орташа болашаққа жастардың коллективтік оқиғаларға араласуын, кашык болашаққа мерекелік демонстрацияларға, бүкіл халықтық мейрамдар мен науқандарға қатынасу т. б. қосқан.
Мектеп бітіргенен кейін іске асуға тиісті балалардың бүкіл ел өміріне араласуға ұмтылушылығын тәрбиелеуді А. Семенович болашақтық жолдардың ең жоғарғы басқышы деп бағалаған.
262
Ол болашақ жолдардың балалар коллективінің тек қана қуанышы мен жақсылықты сезінуінен құрыла бермейтіндігін ескертгі, коллектив мүшелері болашаққа жетуде өздерінің алдында кездесетін қиыншылықтарды меңгеріп, жеңе білуге тәрбиеленуі тиіс деді.
Марксизм бізді - адамның жеке басын қоғамнан тыс, ұжымнан тыс алып қарауга болмайды деп үйретеді деген Макаренко. Сондықтан ұжым ішінде, ұжым үшін, ұжым арқылы тәрбиелеу Макаренконың тәрбие жүйесінің негізгі және орталық идеясы болды. Өзінің шығармаларында ұжым ішінде тәрбиелеу мәселесін кеңестік тәрбие жүйесінің негізгілерінің бірі ретінде, ол ұжым тәрбиенің ең бастысы, тәрбиенің бірден-бір негізгі құралы деп бағалаған.
Макаренконың көрсетуінше, ұжым - адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылардың тобы. Сондықтан оның ойынша, нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын, кеңестік құрылыс жағдайында олар кеңес қоғамының бір бөлшегі болып есептеледі. Осыған байланысты социалистік қоғамның бір бастапқы ұясы болып саналатын оқушылар ұжымы да басқа ұжымдармен байланысты болуы тиіс, "оның алдында да қоғам мен ел алдында қойылған міндеттер тұрады. Макаренко жалпы, ірі, тұтас ұжымдар оның бөлімдері болып есептелетін бастауыш ұжымдардан тұратындығын көрсетті. Жеке бала бастауыш ұжымның мүшесі, сынып оқушысы бола отыра, ол ірі ұжым өмірімен, бүкіл мектеп мақсатымен бірге өмір сүруі тиіс деген.
А. Семенович мектеп ұжымының маңызын барынша жоғары бағалай білген, оның рөлін көтере білген, бұл жөнінен ол: "Тәрбиенің, барлық процесі... сонда ұйымдасқан, ұйымшыл, тату бірден-бір ұжым - мектеп болуы керек...", - деді.
Макаренко ұжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтады, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, ұжымның барлық мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, әрқайсысының бұл міндеттерін ұқыпты орындауы; қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны ұжым мүшелерінің сөзсіз орындауы; өз мүшелері ушін ұжымның жеке адамдарының бүкіл ұжым алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім; өзара бағына білу.
Макаренко өзінің өте мол тәжірибесіне сүйене отырьш,
263
ұжымның өмір сүруінің өте маңызды заңы бар екендігін анықтаған, ол - ұжымның қозғалысы, өсуі, ілгері дамуы. Оның ойынша, мұндай заңсыз ұжымды біздің қоғамымыздың кішкене бөлшегі деп есептеуге болмайды деген, ал ұжым өміріндегі осындай дамуды қамтамасыз етудің негізгі бір шарты - сол ұжымның әрбір мүшесінің санасына сіңген, айқын түрде анықталған болашағы болуға тиіс; белгілі мақсатқа жеткеннен кейін, келесі мақсат қойылуы қажет, міне осындай қозғалыс, дамуы ұжымға өзінің ертеңгі қуанышын керуге, оған әуестене ілгері ұмтылуға комектеседі деп үйреткен.
Макаренко өзінің Горький атындағы колониядағы және Дзержинский атындағы коммунадағы жүргізген тәжірибе жұмыстарында бұл әдісті табанды түрде пайдаланған, сол арқылы колонистер мен коммуналарды еш уақытта бір орнында тоқтамауға, үнемі ілгері, алға ұмтылуға, үнемі алдарына мақсаттар койын, оған қайткен жағдайда да жететіндеріне көз жеткізіп, оларды ерекше тапқырлықпен тәрбиелеп отырған.
Макаренко тәрбие процесінде тәртіп бұзушы тәрбиеленушілерге қарсы кең түрде балалар коллективінің осы мәселеге байланысты "параллельді әрекет ету" әдісін шебер қолданған. Бұл әдіс бойьшша тәртіп бұзған кінәлі оқушыларға әр уақытта тікелей педагогтың араласуы міндетті емес. Мұндай жағдайда педагог балалар ұжымының көңілін сол болған оқитаға аудара білуі тиіс және әр жеке оқушыға ұжым ықпал ете білерліктей дәрежеге жеткізілуі керек. Сонда ғана ұжымның әрбір мүшесі бүкіл ұжым үшін және бүкіл ұжым өзінің жеке мүшелері үшін жауап бере алады.
Макаренко ұжымды тәрбиелеуде сол ұжымнан шыққан ең алдыңғы топ - мықты активтің рөліне үлкен мән берген, активті ол педагогтардың ең жақын тірегі ретінде қараған. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммунадағы ұжымның мұндай активі комсомол ұйымы болған, Антон Семенович активті өзі жетілдіріп, шынықтырып отырған.
Макаренко педагогтар ұжымының оқушылар ұжымын құруда шешуші рөл атқаратындығын атап көрсетті, ол: "Педагогтардың нағыз жауапты тәрбиеші болуы үшін бір-ақ жол бар, ол жол - педагогтарды ұжым етіп ұйымдастыру..." - деген.
264
Еңбек тәрбиесі
А. С. Макаренко біздің мемлекет еңбекшілер мемлекеті, бізде "Кім де кім еңбек етпесе, ол ішіп-жемейді" деген принцип іске асып жатқанда, еңбек тәрбиесі жалпы тәрбие процесінің ең қажетті факторына айналуға тиіс деп есептеген. Макаренконың үйренуінше, адам еңбек үстінде тек жұмысқа даярланьш қана қоймай, басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренеді, еңбекке бірлесе күш жұмсау, ұжымда еңбек ете білу, адамдардың бір-біріне еңбектің көмегі және олардың бір-бірімен еңбек ету жөнінен байланысты болу сезімін тудырады.
Атақты педагог еңбектің ең зор пайдасы - адамның психикалық, рухани дамуына әсер етуінде деп түсінді. "Еңбектен туатын бұл рухани даму тапсыз қоғамның азаматын айыратын адам өзгешелігін құруға тиісті", - деді ол. Еңбек тәрбиесінің міндеттері: балаларды еңбекті өзінің азаматтық борышым деп сүйе білуге үйрету, қоғамдық-өнімді еңбекке қатынасуға даярлау. Бұл тәрбиенің негізгі жолы - балалардың өздерін тікелей еңбекке араластыру. Макаренко ұсынған балаларға қатысты еңбектің негізгі түрлері: өзін-өзі күту, семьядағы үй жұмысы, оқу тапсырмаларын орындау, мектеп және балалар мен жастар ұйымдастыратын қоғамдық пайдалы жұмыс, ауыл шаруашылығындағы, шеберханаларындағы, фабрикалар мен зауыттардағы өндірістік еңбек.
Макаренко балалар еңбегін ұйымдастыру үстінде мынадай негізгі ережелерді сақтауды талап еткен: баланың күшіне сай еңбек тапсыру, еңбектің бір түрінде баланы көп ұстамай, оның өсіп дамуына сәйкес жаңа, бұрынғыдан күрделі жұмыстар жүктеу, тапсырылған жұмысты бақылау, оның ұқыпты орындалуын талап ету, балалардың ауыр, ыңғайсыз жағдайларда атқарган еңбегін мақтап отыру т. б.
Горький атындағы колонияда және Дзержинский атындағы коммунада тәрбиеленушілер ауыл шаруашылық жұмысын атқарған, жатақханаларын мәдени жағдайда ұстаған, мастерскойларда, фотоаппарат жасайтын заводта істеген, жергілікті шаруалардың егіс шаруашылығына көмектескен.
Макаренко тәрбиенің бұл түріне баланың әр нәрсе атқаруға икемделе бастаған шағынан-ақ баулуды талап еткен.
265
Саналы тәртіп
Атақты педагогтің қалдырған мұраларында қоғамдық өмірдегі совет адамдарының саналы тәртіптілігіне ерекше көңіл бөлінген. Тәртіп - күрес пен еңбектің жемісті болуының ең қажетті шарттарының бірі ретінде қаралған.
Біздегі тәртіпті адам деп Макаренконың сөзімен: "...қашан болсын, қандай жағдайда болсын, мінез-құлықтың қоғамға ең пайдалы дұрыс жолын таңдап ала білетін және қандай қиыншылық, жарамсыз жағдайлар кездессе де ол мінезін өзгертпеуге шыдамы жететін адамды ғана айтамыз".
Макаренконың айтуынша мұндай тәртіпті балаларды тәрбиешілерге бағынуды насихаттаумен ұғындырып тәрбиелеуге болмайды, ол тәрбиелік әсердің барлық жиынтығымен тәрбиеленеді (кең саяси тәрбие, жалпы білім, кітап, газет, еңбек, қоғам жұмысы, ойын, демалыс ұйымдастыру т. б.)
Макаренко тәртіпті тәрбиелеуде оның құралы болып есептелетін режимге ерекше мән берген, режим ұжымның міндетті түрде орындайтын заңы деп санаған.
Балаларға қолданылатын жазалауды Макаренко тәртіпті орнатудағы қажетті шара екендігін көрсете отыра, ұрып-соғып жазалаудың қай түріне болса да табанды түрде қарсы шыққан. Өз тәжірибесінде тәртіп бұзушылардың мінезін үнемі тәрбиеленушілер жиналыстарында талқылауға ұсынып отырған, бірақ ол кінәлілердін мінезін қарауға жолдастарының әділ болуын, әділ жаза қолдануын талап еткен.
Макаренко тәрбиеленушілердің тәртіптілігі мен өндірістегі табыстары үшін сыйлықтар беруді және бұйрық бойынша алғыс айтуды ұсынып отырған. Тәртіпті ұжымда алғыс алу ең жоғары награда больш ссептелген.
А. Семенович тәртіпті тәрбиелеудегі ересектердің жағымды үлесіне зор мән берген.
Макаренко саналы тәртіп мәселесіне тығыз байланысты түрде балалардың борыш, ар-намыс сезімдерін тәрбиелеуді терең зерттеген. Ұжымның әрбір мүшесі бастауыш ұжымынан бастап социалистік Отанының онан талап ететін борышына түсініп, сезіне білуі керек деді. "Біздің өз азаматымыздан талап ететініміз, ол өз өмірінің әр минуты сайын әрқашан борышын орындауға дайын болуы керек, бұл жөнінде біреудің бұйыруын немесе жарлық етуін күтпейтін болсын, ол инициативалы және творчестволық жігер-қайратты болсын", - деген Макаренко.
266
Сонымен бірге коллективтің әрбір мүшесінін, ар-намыс сезімі болуы тиіс, өз коллективі мен Отанын мақтан еге білуі қажет.
Отбасы тәрбиесі
А. С. Макаренконың семья тәрбиесі теориясына қосқан үлесі мол, оның осы мәселе жөніндегі "Ана-аналар кітабы" және "Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары" балаларды семьяда тәрбиелеу жөніндегі өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып есептелінеді. Бұл еңбектер ата-аналар арасында жүргізілетін педагогикалық үгіт жұмысынан бастап, оны өрістетуге және бүкіл тәрбие жұмысының құлаш жаюында ерекше рөл атқарады. "Семья - өте үлкен және аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар басқарады, бұл үшін қоғам алдында, өз бақыгы және балалары алдында жауап береді", -деді Макаренко.
Макаренконың пікірінше, семья тәрбиесіне керекті басты жағдайлар: семьядағы еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы, дұрыс ұүрылған режим, ата-аналар мен семьяның басқа мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілік және сыйластық, ата-аналар мен ересек семья мүшелерінің шын беделінің болуы. Ал, шын беделге негіз болатын жағдайлар: семьядағы ересектердің өздерінің азаматтық міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарауы, балаларға дұрыс, ретімен сүйіспеншілік білдіруі және сыйластық, ата-аналар мен ересек семья мүшелерінің шын беделінің болуы. Ал, шын беделге негіз болатын жағдайлар: семьядағы ересектердің өздерінің азаматтық міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарауы, балаларға дұрыс, ретімен сүйіспеншілік білдіруі және талап қоя алуы. Макаренко семьядағы тәрбие жұмысының шын мәні балалармен сөз, үгіт жүзінде қатынас жасауда емес, семья мен балалар өмірін дұрыс ұйымдастыруда.
А. С. Макаренконың педагогикалық идеялары мен балаларға еңбек тәрбиесін беру жөніндегі тамаша тәжірибесін біздің халқымыз жоғары бағалайды. Себебі, социалистік педагогиканың үздік шыққан жаңашыл қайраткері А. С. Макаренконың педагогикалық жүйесі ғылыми негізді, бай мазмұнды. Оның еңбектерінде жаңа адамгершілік қатынастардың, адамға деген жаңа сенімнің, талап қоюға негізделген қатаң тәртіптің, ұжымның ұлы күші айқын көрсетілген.
Макаренконың педагогикалық теориясы - кеңес педагогикасының өткен кезендегі тарихи мұрасы ғана емес, ол қазіргі кеңес
267
мектебі мен басқа тәрбие орындарының жұмысына творчестволық тұрғыдан пайдаланылатын бағалы педагогикалық ескерткіш.
Макаренконың құнды педагогикалық ұсыныстарын жалпы білім мектебінде пайдаланумен бірге, кеңінен өріс алып дамыған басқа тәрбие орындарында (интернаттар, балалар үйлері, еңбек резервтері училищелері т. б.), әсіресе социалистік тәрбие орнының жаңа типі - мектеп-интернаттарда ұкыпты түрде қолданылуда.
Макаренко "Педагогикалық поэма", "Мұнара үстіндегі ту", "Ата-аналар кітабы" т. б. еңбектердің авторы. Тәрбие теориясын ұжымдарда және ұжым арқылы жасап, іске асырды. Ол балалар ұжымын, педагогикалық басқарудың принциптерін ұсынды. Еңбек тәрбиесінің әдістемелігін жасау баланы отбасында тәрбиелеу және саналы тәртіп қалыптастыру проблемаларын зерттеді.
"Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары", балаларды отбасында тәрбиелеу жөніндегі өте маңызды ғылыми және көркем әдебиет болып есептеледі. Бұл еңбектер ата-аналар арасында жүргізілетін педагогикалық үгіт жұмысынан бастап, оны өрістетуге және бүкіл тәрбие жұмысының құлаш жаюында ерекше рөл атқарады. Отбасы үлкен, аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты, ата-аналар басқарады, бұл үшін адам қоғам алдында, өз бақыты және балалары алдында жауап береді", - деді Макаренко. Ол жеке тұлғаны дамыту, оның қоғамдық рөлі туралы көптеген жұмыс істеген педагог.
Оның айгуынша "Жеке тұлғаны дамытудың жолдары -ұжымшылдық, еңбек сүйгіштік, жоғары адамгершілік, биік саналылықты, осыларды тұтас, жиынтық негізінде жүргізу" -деді А. С. Макаренко.
В. А. Сухомлинский мен В. Ф. Шаталовтың
өмірі мен қызметі
В. А. Сухомлинский "Жастарды адамгершілікке" тәрбиелеудің проблемаларын" зерттеді. Сухомлинский еңбектері басты да күрделі міндеттерді шешу - барлық жастарға орта білім беруге арналған. Педагогиканың мұндай күрделі де маңызды міндеттері - комплексті түрде, мектеп практикасы арқылы, мектептің қазіргі жағдайына байланысты шешіліп, нәтижесі тез арада тарап кетті. Ол халықтық педагогиканың үлгісіне сүйенеді. Ол халықты нағыз тірі құрал ретінде педагогикалық даналықтың көзіне айналдара отырып зерттеді.
Білім беру мен оқыту органикалық талдаудың көзі,
268
дамыған сезім мен ақылдың бірлігі, халық пен адамның үзіліссіз білім алуының қалыптасқан сұранысы. Сухомлинский өзінің көптеген еңбектерінде ең маңызды ой-пікірі – педагогтың мынадай екі мәселені шешуіне арналады. Біріншіден, оқушыларға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру. Екіншіден, оқушыларды ұдайы, барлық омір бойы өз білімін толықтырып отыруға әсіресе, адамзат мәдениетінің қазынасын тиімді пайдалануға үйрету. Оның айтуынша, білім беру творчестволық процесс - адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы өмірлік толастамайтын ағынды, тасқынды процесс. Оқыту, білім беру, тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып, кезекпе-кезек жалғасып отыратын тарихи процесс. Сухомлинский: "Адам білім арқылы жұмыс істеуге үйренуі -адамгершіліктің ең жогарғы мұраты" - деп тұжырымдады.
Қазіргі Россияда кесіптік даярлыққа асқан қызығушылықпен талаптар қойылуда. Жаңа типті оқу орындары ашылып, оған жаңа оқу-құралдары жасалуда, гимназиялар, колледждер, лицейлер, жоғары кәсіптік училищелер, жекелей кәсіптік авторлық мектептер ашылып өз концепциясын жасау үстінде. Инженерлік - педагогикалық инстиуттар, индустриальдық-педагогикалық теникумдар, педагогикалық колледждер көптеп ашылуда. Кәсіптік білім беру ұдайы дамуда. Бұл басқа ғылымдар мен ұдайы байланыста дамып, білім берудің комплексті жүйесін іске асыруда, жаңа теория мен концепция жасауда, мұның барлығы практикада сыналу үстінде.
Достарыңызбен бөлісу: |