Педагогика


Абайдың ағартушылық көзқарастары мен



бет17/21
Дата22.03.2017
өлшемі12,35 Mb.
#12061
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Абайдың ағартушылық көзқарастары мен

тәрбие тағылымдары

Абай ақын - ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық Абай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетіңде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.

Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты терең ұғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, білім - міне, осылардың түйісіп келуі шарт.

Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі - адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз - Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек сүйгиштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. Еңбекті Абай, басқа да қазак, ағартушылары сияқты - байлықтың, молшылықтың көзі - деп санады. Жастарды еңбекке шақырды. Оған 1886 жылы жазған мына бір шумақ өлеңін келтіруге болады.

"Қартайдық, қайғы ойладың ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан,

Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман –

деп, өз кезіндегі еңбек етпейтін жастардың осындай жағымсыз мінездерін сынады. Енді бірде Абай:

330

"Осындай сидам жігіт елде мол-ақ,



Бәрі де шаруаға келеді олақ,

Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,

Бар өнері қу борбай сымпыс шолақ.

Абай даналығы еңбек ет - мал тап деген ақылға саяды. Тек еңбек,

еңбекқұмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты -еңбек қана биікке шығарады, психоло-гиясын өзгертеді - деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.

Еңбек Абайша айтсаң - өнер. Жастардың еңбек тәрбиесі, сонда ғана жүзеге асады, егер ол халықтың бүкіл көпшіліктің, түптеп келгенде, бүкіл қоғамның игілігіне айналғанда, оның молшылық қажетіне жараған жағдайда, білім алып, бақытты болған шағында. Ол еңбек тәрбиесі - басқа барлық тәрбиенің негізі. Басқалары ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, эстетикалық, экологиялық пен экономикалық еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі екеніне дәлелдеп берді.

Еңбек тәрбиесін, оқу мен білім алудың негізі - деп түсінген Абай жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін, бұлағын еңбектен іздеді. Ол еңбек пен қоғамдық еңбектіқ тұтастығын, бірлігін -парасаттылық пен инабаттылықтың, білімділіктің, тұлғалықтың, ісіне талғамын, үлгілері - өмірдің, тіршіліктің жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететінін аса көрегендікпен дәледдеді, оған өлең жолдарын, ғаклияларын арнады. Ең бастысы - еңбек пен адамгершілік санасын қалыптастырады, адамды, жастарды эстетикалық рухта тәрбиелеп, оларды әдемілікке, көрнектіліқке жеткізеді, оларды жарқын болашаққа шақырады, материалдық игілікке жол ашады. Ақын пікірінше еңбек - адамды жан-жақты дамыған, ғұламалыққа көтереді, баулиды, жетелейді. Абай арманы еңбекке, адамгершілікке, ақыл-ойға, парасаттылық пен инабаттылыққа негізделген, үлкен мәдениеттіліктің қайнар бұлағына айналған. Абай тағылымы - даналықтың, ғұламалықтың, қүдіреттіліктің, имандылықтың кәусар тамшысы, ағынды тасқыны, дария көлі, мұхиты.

Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім- түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-

331

тамыр әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы - ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді. Ал, қоғам өміріндегі көптеген адамгершілік, моральдық проблемалардың, мысалы, әділдік, бірлік, достық, білімділік, еңбек сүйгіштік, талаптылық, адалдық, солармен қатар озбырлыққа, жауыздыққа, екіжүзділікке төзбеушілік секілді сан түрлі мінез-құлық мәселелері қай заманда да мәнін жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт, жағдай өзгерді дегенмен, халықтың ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып, жаңаша сипат ала отырып, жалғастық тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай поэзиясы кейінгі дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір шындығын танып-білуге үлкен себін тигізе алатыны қақ. Олай болса, Абай творчествосын өз дәуірінің шеңберінде ғана қалатын, осы мағынада біз үшін тек тарихи маңызы бар, өткінші құбылыс деп санауға болмайды, ол - заман ауысып, уақыт озган сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра.



Тарихи принцип тәрбиелік тағылым Абай творчествосының сол дәуірдегі қоғамдық өмірден тамырластығын танып-білудің бірден-бір қажетті шарты екенін мойындай отырып, ақын шығармаларын бүгінгі оқырмандар әсересе, жасөспірімдер қалайда өздерінің өмірге көзқарасы, арман-мұраттарын жалғастыра, жанастыра қабылдайтынын жоққа шығара алмаймыз. Абай творчествосының өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірімен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міңдет атқарғанын, сөз өнерінде не жаңалык әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның кейінігі кезендерде, қазіргі заманда қоғамдық ой-сананың, мәдениеттің, оқудың өркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз. Сондай-ақ, ақын мұрасының өміршендігін, заман озған сайын маңызы, өсері қаншалықты күшейе түскенін зер салып байыптасақ, оның өз заманының озық тілек-максаттарына сәйкес тарихи өмірдің өзі туғызған бастапқы сипат-қасиеттерін айқынырақ тани аламыз. Оның ең басты бір қыры оқу-тәрбиелік маңызында.

Абай шығармаларында алдымен мейілінше мол, әр қырынан көрінетін, әрине, ақынның өз бейнесі, өз тұлғасы. Лирик ақын қоғам өмірінің шындығын өз көңіл-күйін білдіру

332

арқылы, өз сезім толғаныстары, ой-толғамдары арқылы танытады. Ақынның өз тұлға-бейнесі оны тебіренткен ой-сезімдерден, айтылып, баяндалып отырған өмірдегі алуан түрлі жағдайларға, коғамдык мәселелерге, әр түрлі адамдардың іс-әрекеттеріне оның қатынасынан, берген бағанасында айқындала түсіп жан-жақты толық көрінісін табады. Абай өзін ұстаз ретінде де көрсете алады.



Ақынның бейнесі дегеніміздің өзі де ылғи бір қалыпта, біркелкі сипатта көрінбейді, әр қырынан, әр жағынан ашылып отырады. Көптеген өлеңдерінде ақын өз көңіл күйін тікелей білдіріп, ойын тура айтады. Өлеңдері кейде, сұхбат, кейде сырласу, кейде насихат, кейде ойға шому, ой толғау, тәрбиелік түрінде әр алуан болып келсе, ақын бейнесі анық, айкын қалпында танылады.

Сонымен қатар Абайдың өлеңдерінде әртүрлі топтың өкілдері, әсіресе ұстаздар, жас адамдар унемі бой көрсетіп отырады. Мысалы:

Жақсыға айтсаң, жаны еріп,

Ұғар көңіл шын беріп.

Жамандар адал еңбек қыла алмай жүр.

Кейде топтап айту үшін біреу ("Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда"), ("Әркім жүр алар жердің ебін қамдап"), кейбірі ("Кейбірі пірге қол берген") деген сияқты сөздерді де қолданады. Тіпті, сөзін тындаушьшарға қаратып айтып, сен, сендер, өздерің деп отырып, көпшілікті мінезінде сипаттап кететіні де кездеседі. Мысалы:

Жұмыссыз сандал,

Еріксіз малды ал

Деген кім бар сендерге?

Абайдың қоғамдық мұрат нысанасы туралы айтқанда, ол адамгершілікті, әділдікті насихаттап, елді адал еңбек етуге шақырып, білім-ғылымды, өнерді халықтың қажетіне жаратуға алдымен мән бергенін естен шығармау қажет.

Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық принцип ретінде поэзиялық – тәрбиелік туындыларында да, қара сөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да қуғанға

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысы

Біте қалса қазаққа,

Алдың - жалын, артың - мұз,

Барар едің қай жаққа? –

дейді ақын "Әсемпаз болма әрнеге" деп басталатын өлеңінде. Сөйтіп,

ол әділеттік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді.

Ғылым-білімді, оқу-тәрбиені уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл-таразы, ("ақыл-мизан, өлшеу қыл"), дүниенің сырын танып білуде адамгершіліктің ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.

Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,

Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.

Абайдың бұл пікірі ғылым үйренугс ұмтылған жастарға айтқан сөздерінен де айқын танылды. Ақын жастардың басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқап өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап түра білуі қажеттігіне ерекше назар аударған.

Абай ақыл туралы айтқанда, ақылдылық, естілік деген ұғым мен ақылмен таныптүсіну қабілетін білдіретін ұғымды ажыратып, оларды екі нәрсе деп қарайды. "Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек" дегенге Абай ақылды осы соңғы мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келіп, ой мен сезімді бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай "суық ақыл" мен "ыстық жүрек" бір-бірін толықтырады деп санайды. Осы екеуіне қайрат жігер қосылса, адамның қасиеті кемеліне келеді деп есептейді.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Бұл ретте Абай ақыл-ой тәрбиесінің, адамгершіліктің мазмұнын жырлайды.

Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рөлінің ерекше зор екенін көрсетті. Абай әлемінің кең өріс алуы, оның поэзиясы мен әлеуметтік, оқу-тәрбиелік демек, ағартушылық көзқарасының әлеуметтік сипат алуында болды.

334
Абайдың ағартушылық ой-пікірлері
Абай — Семей өңіріндегі алғашқы мәдени-ағарту ошақтарының ұйымдастырылуына ұйытқы бола жүріп, сол кездегі білім беру жүйесінің көптеген мәселелерімен танысты, педагогиканың қыр-сырына қанықты. Әсіресе екі қоғамдық ұйымның жергілікті кітапханалар мен музейлерді жабдықтауға араластырылуы, соған сай көптеген ғылыми басылымдар мен құнды деректердің жинақталуы көп септігін тигізді.

Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абай-ағартушыға өте орынды айтылған. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, енеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағарту-шылық тұғырдары педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат — "Толық адам" етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.

Ұлы ұстаздың ағартушылық көзқарастарының алтын дінгегі - адам тәрбиесі, содан туындайтьш бүкіл халық тәрбиесі. Қазақ халқының болашағы оның өз бетінше ел болуына, саяси бостандығына қол жеткізуіне, экономикалық және мәдени кешеулеуден шығуына, қараңғылық пен кедейшіліктен құтылуына апаратын бірден-бір жол — бүкіл елдің сауатын ашу, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, өнер мен еңбекке баулу деп анық айтты. Ақыл-ойдың, сауаттылықтың дамуы үшін дүниеге шын көзбен қарап нақтылы сезінудің қажеттігін барынша қорғап бақты. Әрбір жас адам ақыл-ойдың, мидың, жүрек пен сезімнің күшін пайдаланып, өз елінің 'кетігін" бітейтін "кірпіш" болса деп армандайды.

Абай қоғамның тәрбиесі жеке адамнан басталатынын көрсетті. Өйткені "адам түзелмей заман түзелмейді" деп ашық айтып, тобырдың ішінде тұлға жүрмесе мәнінен айрылатынын мегзеп "не болады өңкей нөл" деп налыды.

Сонда адам мұраты мен халық мүддесін ұштастыратын тәрбиедегі басты нұсқа қандай десек, ұлы ақын ақыл сенбейтін іске сенбе, ондай іске кіріспе, әуелі білім, ғылым, өнер жолын таңдап алып "естілерден үлгі ал, еңбекпен ғана мал тап" деп жол сілтейді. Осындай адамдары бар елдің келбеті түзік болатыны хақ.

Ұлы ұстаз жан-жақты, кемел тәрбиелі адам ғана -'толық адам" санатына қосылады деп есептейді. Ал кемелдікке жетудің тура жолы — адам бойында имандылық қасиеттердің туын-

335

дауынан басталады. Тәрбиенің қалган түрлері — адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиесі, бәрі де осындай мұсылмандыққа ден қойған жастың бойына тез үйірімді деп пайымдайды. Ол өз заманындағы мектеп медресе-лердің қызметіне көңілі тоймайтындығын үнемі байқатып отырады. Әсіресе, дүмше молдалардың баданы бұрыс уағыздап, теріс жолға салатынын айта келе, ұстаздың тұлғасын ерекше жоғары қояды, оларға үлкен сеніммен қарайды.



Абайдың ұстаздық ойларының ішінде білімді өмір бойы игеру, оны кітаптан іздеу, өз бетінше оқу, естіп білгенді есте сақтау мәселелері айқын көрініс дамытқан. Өз басындағы тәжірибесі болар. Абай әр шәкірттің өзін өзі ғылым мен білімге жетелейтін жолдарын көбірек сөз етеді.

Нәресте дүниеге келгенде-ақ оның бойында екі құмарлықтың - "тән және жан құмарлығының" бірге болатыны, соның соңғысын - "білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" деп бөледі. Дәл осының өзі ойшылдың педагогикалық көргендігіне айқын мысал. Білімді игерудің негізігі үш сатысы - кез келген жаңалықты білудің естуден басталатыны оны түсіну үшін әр шәкірт өзі не оқып, не көру қажет екендігін, ал содан соң барып қажетті жерді пайдалануды үйрететінін айқындап беріп тұр. Әрі бұл оқудың сапасын анықтайтын білім, білік дағдымен де сәйкес келеді.

Жалпы, ағартушы ретінде Абай білім алу жолын нобайлап айтпайды, оның қалай оқу керек, ал меңгерген білімді қалай өмірде қолданып, жүзеге асыруға болатындығы жөнінде ойлары осы заманғы педагогика тұрғысынан өте орынды, әрі байыпты. Білім шәкіртке сөз арқылы беріледі әрі ақын ретінде Абай көбіне сөз қүдіретіне жүгінеді. Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез - дей келе ұлы ақын білімнің нұрлы сырын көруге "Жүрегі-айна, көңілі-ояу", көкірегінде көзі бар, ынталы, сөзді баяу тыңдайтын шәкіртті іздейді. Ол бұрыннан да ізденгіш, "өз өнері таяу тұрған", сөзді тез ұғатын болса тіпті ғанибет. Абайдың айтуынша, адамның білімге құштарлығы оны тәрбиелі етеді.

Ақын ел қамы үшін емес, өз қамы үшін, елді бірлестіру үшін емес, араздастыру үшін оқитын, онына "я тілмаш, я адвокат болу" ғана жүрген жастарды сынап, ғалым болу үшін ғана емес, сол алған білімін туған халқының мәдениетін, экономикасын, сана-сезімін көтеру үшін жұмсауға шақырады. Ойшыл ақын ғылымды үйренушілерді екі топқа бөледі. Бірі - білімді ақиқатты тану, азамат болу үшін үйренушілер де, екіншісі - бақастық, яғни біреуден озу, артық болу мақсатын көздеушілер. Ақын

336

ғылым жолын қалаған жастарға ғылымды жеке басының камы, бақастық үшін емес, халқына адал қызмет ететін жан-жақты жетілген, білімді — "толық адам" болып шығу үшін үйренуге акыл айтып: "үйреніп жеткенше осы да болады ғой деп тоқтамай, үйрене беру керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін койса, оны құдай ұрды, ғибадат болмайды» деп, оларға тынбай талаптануға, үздіксі з ізденуге кеңес береді. Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді. Ол оқу-ағарту саласындағы таптық, ұлттық және мүліктік шектеулерге қарсы шығып, оқытудың ана тілінде жүргізілуіне баса назар аударды. Ол жеке адамның қалыптасуына оқу-ағарту ісін ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесімен тығыз сабақтастыра. Ақын түсінігінде адамгершілік тәрбиені құрайтын қасиеттер: адам баласын сүю, адамдардың бір-біріне адал, мейірімді және бірлік, ынтымақта болуы. Ол адамгершілікке баулуда жастардың сол замандағы мінез-құлық ақымақтарык өз бойларынан өздетін, олардан арылуга, озін-озі тәрбиелеуге өсиет етті. Жасөспірімдердің мінез-құлық, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген Абай:



Тез үйреніп, тез жойма, жас уақытта көңіл гүл деп, жас баланы тәрбиелеуді өте ерте қолға алып, олардың дақ түспеген санасына ізгі қасиеттерді еге білу қажеттігін ескертеді. Ол өзі өмір сүрген әлеуметтік ортада орын алған бес түрлі зиянды мінез-құлықтан адам боламын деген әрбір жасөспірімнің сақтану керектігін ашық айтады.

Адам өзіне-өзі сыншы болу керек: "Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір өзіннең есеп ал", - деген Абай тұжырымы жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, олардың бойында өзіне деген берік сенімін қалыптастырады.

Ойшыл ақын адамдар арасындағы адалдық пен сезім тазалығына негізделген шынайы достық пен жолдастықты жоғары бағалады. Достық бағзы заманнан бері адамзатпен бірге жасалып келе жатқан жасампаз ұғымдардың қатарына жатады. Ол туралы әр ұрпақ заман шындығы мен талабына орай ой қорытты. Абай Диуанидың достықтың табиғаты мен негізгі өлшемі жайлы айтқан пайымдауларын жүйелі тұжырымдармен байытып, достықтың мәнін кең тұрғыдан терең түсіндіріп берді.

Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым, етек басты көп

337

көрдім елден бірақ - деп, өзі ескерткендей, заманында достық пен қастықты, әділдік пеи қиянатты басынан мол кешіріп, өмір талқысы ой салған Абай өзі қастерлеп, ардақтаған достық пен жолдастықты келер ұрпақка өсиет етіп жеткізуді азаматтық борышым деп білді. Ақын әділетсіздік жайлаған феодалдық қоғамдағы достықтың өлшемі — малы үшін, күні үшін жағым-пазданып, екіжүзділік жасау деп түсінетін жалған достықты жеріне жеткізе сынайды.



"Жаман тату қазады өзіңе ор.

Оған сенсең бір күні боларсың қор" — деп жалған достықтың бет пердесін әшкерелеп, жастарды жағымсыз жалған қылықтан сақтандырады. Ақын нағыз адал, шынайы достықтың күдіретті күшіне терең таддау жасайды. Ол-құрбы-құрдас, дос-жолдас болып жүріп, көзі жоқ жерде жолдасын жамандап, келеке ететін екіжүзді залымдарды сынға алып, оларға адал достық пен шынайы жолдастықты қарама-қарсы қояды. Ойшыл ақын жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде гуманизм, отаншылдық және интернационализм принциптеріне достықты, әділеттілік пен мейірімділікті негізгі қазық етіп алады. Абайдың ұлттар достығы, интернационалдық тәрбие жайлы ойлары өз халқына деген сүйіспеншилік сезімінен туындады. Көршілес халықтардың озық дәстүрлеріне, жетістіктеріне үңіле қарап, соларды үлгі-өнеге тұтты. Озық ойлы ақыл-ой иелерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, жақсы тәлім-тәрбие үлгілерін батыл насихаттады. Жастарды адамгершілік рухында тәрбиелеп, оларға ғылым мен білімге бастар жолды көрсете отырып, ақын бұл мәселелердің шешімі еңбекте деп білді. Ол еңбектің адам мен қоғам өмірінде алатын қызметіне зор мән берді. Абай шығармалары олардың әр түрлі кәсіпті еркін меңгеруіне ықпал етіп, еңбекті тиімді ұйымдастыру жолдарына баулыды.

Абай жастарды еңбекке баулуда күнделікті отбасы тәрбиесіне, ата-ананың жауапкершілігіне ерекше мән берді. Баланың болашағына жауапкершілік алдымен әкеге жуктелетінін ескеріп, әкенің ақылы мен ықпалы болмай адал еңбекке, мағыналы өмірге дұрыс баулу, жас жеткіншектің бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мүмкін еместігін атап көрсетті. Сондықтан баланы ұлағатты азамат - "толық адам" етіп тәрбиелеу үшін ата-аналарының өздерінің сан дәрежеге сай, үлгілі, өнегелі болуын талап етті. Ойшыл ақын әкенің ізгі қасиеттері — оның адамгершілік, еңбексүйгіштігі отбасы, жарына

338


сүйіспеншілік сезімі үй-ішін нұрландырын тұрса, ері ақылды, әйелі мінезді боп, тату болса, үстіндегі үй жұмаққа "айналып, бала жақсы мінезге, асыл қасиетке тәрбиелене алатынын атап өтті. Керісінше, ақын өз отбасынан суыньш, ел кезіп, қыдырымпаздыққа салынған, өз үйінің шырқын бұзған, бала тәрбиесіне мән бермейтін әкелерді сынға алады. Абай бала келешегіне қамқоршы ұстазы - әке деп білумен қатар ұрпақ тәрбиелеудегі ананың орнын да ерекше бағалады. Өз анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің құшағында больш, қос мейірім бұлағынан сусындап өсуі оның ана қасиетін биік тұғырдан тануына игі әсер етті. Аналық мейірім арқылы берілетін нәзік те пәк адамгершілік асыл қасиетті ерекше қастерлеуі. Ананы өз баласының алғашқы ең аяулы тәрбиешісі деп білді. Қыз баланың тәрбиесіндегі ана тәлімінің ыкпалына Абай педагогикалық тұрғыдан жан-жақты талдау жасап, өрелі тұжырымдар айтты. Ол қыз балаларды жұбайылық өмірге балғын шақта, жинақы болып жүріп, тұрмыс құрған соң берекесі кетіп, салақ әйел атануы, әсіресе қарекетсіз өскен бай қыздарының жастайынан еңбекке етене баулынбағанынан деп білді. Сондықтан аналарға қыз бала тәрбиесіңде ұлттық дәстүрді басшылыққа алуды ұсынады. Халық тәрбиесінде абзал аналар есейе бастаған қыз балаларына іс тіктіріп, үй шаруасына үйреткен. Осындай аналарды Абай қатты қүрметтеп, қалындық іздеген жігіттерге тәрбиелі ананың қызына көз салуды ескертті. Бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін жинақтаған қыз балаларды болашақ көтерілер шаңырақтың берік қазығы деп есептеді. Болашақ отау құру мәселесінде қыз балалардың ақылды, білімді болуына ерекше мән берді. Ол өзінің қызы Күлбаданның сауатты болуын қолдады. Ең болмағанда хат танып, оқу-жазуды игеру керектігін ескертті, маңайындағы адамдардың қыз балаларының сауатын аштырып, өлең-жыр көшіртіп, ән мен музыкаға баулыды. Ол тұрмыс құрар жастарға қалыңдықты көркі мен сымбатына ғана қарап бағаламай, оның адамгершілік қасиетіне, ішкі жан-дүниесіне, ақыл-парасатына, көргендігі мен тәрбиелігіне көңіл бөлу керектігін ерекше атап көрсетті. Абай болашақ отау құрушы жастарға жұбайлық өмірдің елеулі қиындықтары да болатынын, ол қиындықты жеңуге алдын-ала әзірлеу керектігін ескертті. Некелескен жастардың бір-бірімен, отбасының басқа мүшелерімен, жора-жолдас, туған-туысқандарымен сыпайы қарым-қатынаста болуы олардың елге қүрметті, саналы азамат дәрежесіне жетуі өздерінің мінез-құлқы

339


мен іс-әрекетіне байланысты екенін ашып көрсетті. Ақын некелік өмірдің табиғи тірегі мен құқықтық негізі - жастардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі деп білді. Абайдың түсінігінде тең құқылық - махаббат бостандыгы, сол бостандықтың жүзеге асуы - олар некелесуі деп қарады. Сондықтан ол өзінің көптеген өлеңдерінде осы тұжырымын жария етті. Абайды зерттеуші ғалымдар ұлы ақынды халық ұстазы деп біледі. Ақынның шығармашылық қызметі — халықтың рухани қазынасы. Ұстаздың ойшыл ақынның пікірінше жастарды ізгілікке, адамгершілікке үйретушілік. Абай халықтың болашағы жастарды адамгершіліктің игі қасиеттеріне тәрбиелеуші үлкендерден үстаздық піеберлікке лайық қабілет болуын талап етеді.

Адамның бойында жақсы қасиеттер нышандарын тудыратын, оны ұстартып жетілдіретін білім - ұстаздың ұлагатты сөзі. Сондықтан Абай айтқандай, ұстаз парасатының өзі білімдікке саяды. Ал ол сөз мәдениетімен өлшеуге тиіс. Абай отыз сегізінші сөзінде адамның адамдығы, ақылы мен ғылымы (алғаш білімі) туа бітетін денсаулығына, психологиялық жан дүниесінің дұрыстығына тәуелсіз деп барып, қалғандары жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан деп жалғастырады. Бұдан адамның тәрбиесіне, алар біліміне отбасының да, өскен ортасының да, мектептің де бірдей жауапты екені, бірлесіп қызмет атқаратындығы көрініп тұр. Олардың үшеуіне де баланы оқуга баулуды" педагогикалық жолын былайша ұсынады:

"Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша". Мұндағы "зорлықпенен", "алдау-менен" деген сөздердің мағынасын тікелей түсінудің қажеті жоқ Абай балаларды оқу-білімге ынталандыруды ң тәсілдерін мегзейді. Ақыры: "... бала ғылым-білімді махабатпен көксерлік болса, соңда оның аты адам болады", - деп түйіндейді.
Абай шығармаларының жастарды

тәрбиелеудегі рөлі
Абай Құнанбаев жастардың жалынды ақылшысы болды. Оның шығармаларының барлығы дерлік ғибратты тәрбиелік сипатта келіп отырады. Абайдың пікірлерінің көпшілігінен-ақ жастарды тәрбиелеу, оқыту жөнінде айтылған методикалық және дидактикалық қағидаларды табуға болады. Мұның үстіне Абай соның бәрін терең психологиялық дәлелдермен баяндайды.

340


Абай Қүнанбаев адам жанының нәзік сыршысы, терең білгірі болды. Өзінің көптеген өлендері мен ғакдияларында ұлы сөз ұстазы адамдардың психологиялық көңіл-күйінің ерекшеліктерін айрықша шеберлікпен аша білуі әлде қалай емес.

Өз шығармаларының көпшілігінде Абайдың қазақ халқының ортасында орын тепкен надандық пен мешеулікке қарсы күрескенін жоғарыда айттық. Ол өз шығармаларында халық ішіндегі қарны тоқтарға, қайғысы жоқтарға, рухани азықты ұмытқандарга, еңбексіз мал тауып, біреудің есесінен байғысы келетіндерге, тоғышарлық өмірдің, думан-тойдың қызығына белшесінен батқандарға, жағымпаздықпен, жаламен ұлықтардан мақтау алғысы келетін шен-шекпен құмарларға қарсы күреске аттанды.

Адал еңбектен бойын аулақ салып, өтірік-өсекпен, аста-төкпен өмір сүрген адамдарда ақын қатты түйреп отырды; ауылдан-ауьшға қыдырып, думан мен сөз қуып жүретін еңбексіз жандарды, ақыл мен адамшылықтан безгендерді, өзі білмей, білгеннің тілін алмай өткен керенау-кербездерді, сырты бүтін болғанмен іші түтін халыққа қас адамдарды, мақтан үшін, мансап үшін, ұлық болғысы келетіндерді ақын өлтіре шенейді.

Наданға арзан, ақылды құлаққа ілмек.

Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек, - дейді Абай.

Ұлы ағартушы өз айналасында болып жатқан барлық әділетсіздікті, өтірік пен алдауды, жаулықты, надандылық пен қараңғылықты көрді, мұның бәрі қазақ халқын орға жығады, жас ұрпақтардың тәрбиесіне теріс ықпал тигізеді деп білді, ал ұлы ағартушының бар үміті — жастар еді, сондықтан ол халықты, әсіресе жастарды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу жолында күресіп, бар дауыспен қараңғылыққа, ескілікке қарсы майданға шықты. Адамгершілік деген ұгым оның әрбір шығармасынан дерлік айқын және күшті түрде қөрініп отырады. Ол адамгершіліктің жаулары — дәулеттілерді ұлы тілмен түйреп, келеке етеді, ал жастарды өздерін жоғары адамгершілік қасиеттерғс тәрбиелеуге шақырады, ал адамгершілік қасиеттер дегеніміз білім алумен, өнімді адал еңбек етумен ғана пайда болады.

Әр алуан айла- шарықпен әуес болып, еңбекке қырсыз қарап жүрген жастарды көріп, ол бұлардың келешегінен қауіптенеді ("Өкінішті көп өмір кеткен өтіп" деген өлеңінен қараңыз), сенімі жоқ, серменде, жалқаулыққа, өтірік пен мақтанға берілген, адамдық қасиеттерден ат-тонын ала қашқан бозбалаларды қатты шенейді

341


Надандарды Абай терең ойы жок, қайраты жоқ, басқаның ақылымен, айтуымен күн көрген, терін сатпай телміріп көзін сатқап, қамсыз, бейшара таяз ойлы адамдар ретінде сипаттайды. "Қайнайды қаның, ашиды жаның, мінездерін көргенде" деп олар үшін өкініш білдіреді. Осы бір арсыз надандар, дейді ол, білім бергісі келген, мінездерін түзегісі келген ақылдан теріс айналады, ондай ақылды салқын тыңдайды. Басында миы жоқ, өзінде ой жоқ адам адамшылық ақылды арзан санайды. Өтірік-өсек тарату, тіреуді аяқтан шалып жығу - бұлардың кәсібі осындай дейді Абай.

Ол жастарға пайдалы кәсіппен шұғылдануға кеңес береді, мұндай кәсіптің материалдық жағынан да, рухани жағынан да адамға беретін игілігі көп деп біледі. Қастаншыл, жікшіл болма, бос белбеу іссіздіктен, қамсыздықтан бойыңды қашыр, ерінбей еңбек істе- міне ұлы ағартушының айтқандары осындай. Осы жөніндегі ойын ол "Сегіз аяқ" деген өлеңінде былай баяндайды:

... Еңбек қылсаң ерінбей,

Тояды қарның тіленбей

Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде.

Адал бол, бай тап,

Адам бол, мал тап,

Қуансаң, қуан сол кезде...

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын,

Таласып босқа,

Жау болып досқа,

Қор болып, құрып барасың;

Өтірік шағым болды ғой,

Өкінер уақытың болды ғой...

абайша айтқанда да, еңбек сүйгіштік — адамгершілік қасиет, сол себепті адам болғысы келген жанның бәрі де адал еңбек істеулері керек. Тек еңбек қана адамды адам етеді, материаддық молшылық жасайды, рухани қайрат береді.

Абай былай дейді: "Егер еңбек етпесең - онда сен телмірумен өтесің, қарыныңды да, көңілінді де жүбата алмайсың. Тек еңбек қана саған абырой мен құрмет әпереді. Еңбекте кірлі жұмыс жоқ, несімен болса да бой тартпа.

342

Тәускелсіз, талапсыз мал табылмас,



Еңбек қылмас еріншек адам болмас.

Есек көтін жусаң да мал тауып кел,

Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас.

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас.

Сұм пәнсің үйір болса тез тыйылмас.

Зиян шекпей қалмассың ондай істен,

Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.

Асаған, ұрттағанға өз жұбанар,

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы сықылды тез суалар.

Әралуан қолөнершілік, егіншілік пен оку, білім алу — осының бәрін Абай нағыз пайдалы еңбек деп санайды. Осылармен шұғылдануға жастарды шакырады да.

Жас адамдардың бастапқыда әлі таза тұрған, ешнәрсемен кірлемеген жаны әрнеге сенгіш болатынын айта келіп, Абай оларды надандықтың, азғындық пен кеселдің дертті ыкпалдарынан сақтап қалуға тырысады.

"Жас өспірім замаңдас қапа қылды" (1894) деген өлеңінде ақын жастардың бір бөлігінде сабыр, ар жоқ, аял жоқ, өнерлі іске икем жоқ деп мазаланады. "Жамандық, жақсылықпен оған бір бәс" — дейді ол. Олардың пайдалы еңбекке қабілетсіз, білімге ынтасыз екенін, еңбек емес, еппен тұрғысы келетінін айтады. Өзінің көптеген шығармаларында, әсіресе сүйікті ұлы Абдрахманның, інісі Оспанның өлімдеріне байланысты жазған өлеңдерінде, "Жігітгер, ойын арзан, күлкі қымбат", "Интернатта", "Сегіз аяқ", "Көзінен басқа ойы жоқ", "Жастықтың оты жалындап","Жас өспірім замандас қапа қылды", "Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап", '"Ұяламын дегені коңіл үшін" деген өлеңдерінде және басқаларында, ғаклия сөздерінде Абай патриотизмнің, ерліктің, табандылык пен қайсарлықтың, адамгершіліктің, адалдық пен шыншылдықтың, кішіпейілдіктің, еңбек сүйгіштіктің, білімге құмарлықтың, ақыл-парасаттың уағыздаушысы болып көзге түседі.

Туған еліне қызмет етуді Абай өз өмірінің басты мағынасы деп білді; туған елі мен халқының ұлы мұраты үшін ол "махаббат ғадауатпен майдандасқан" зор күреске аттанды.

Адамгершілік тәрбие бойына сіңген адамды Абай батыл, ер көзге айтудан қорықпайтын, алдына койған биік мұратына қалай да жетпей тынбайтын талапты, күресшең адам болары

343


тиіс деп түсінді "Енді тасыған күші бар адам ғана, албыртқан коңілі басылмаған жастар ғана бағады" дейді Абай. Ол қорқақты шенейді, олар әдетте жалқау, дәрменсіз болады дейді. Қорқақтық - қайратсыздық белгісі. Батыл, ер болу үшін, дейді ол, күшті қайрат пен берік мінез керек.

Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да, қуғанға.

Әділет шапқан кімде бар,

Сол жарасар туғанга

Ерліктен бәрі — тапқырлық та, батылдық та, сабыр да шығады дейді Абай.

Сабырлы, табанды болу — ер, мақсатшыл адамның сапасы. Абай қазақ жастарын қиын кезенде, ғылымжолында кездескен алғашқы сәтсіздік үстінде күдер үзбе, талаптың сұңқарын мініп. тас қияға өрле, мұратыңа жетпей тыңба деп баулиды

Батылдық пен ерлік қандай жағдайда болса да адамның сабырын сақтайды, кездейсоқ кеселге адамды қапылыста қүл етіп тастамай, қайта жағдайдың өзін өзгертіп жіберуге мүмкіндік береді. Ондай адам тағдырға табынбай, қайткенде дегеніне жетеді. Бұл үшін адамда қайрат күші басым болуы қажет, - дейді ақын.

Сонымен қоса, Абай барша ұғымның шын мәнін ашып беретін бірден-бір өлшем-еңбекке көзқарас деп санайды. 6 — шы сөзінен мына бір үзіндіні келтірейінші: "Қазақ айтады: "Бірлік болмай тірлік болмайды", - деп. Сондағы айтып отырғаны қай бірлік? ... Қазақ ойлайды: ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не зиян? Жоқ, бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік емес... Бірлік малға сатылса антұрғандық... Ағайын алмай бірлік қылсын... сонда әркім несібесін құдайдан тілейді. Не шаруа іздейді... Әйтпесе, әуелі біріне-бірі пәле іздейді... мұның қай жерінен бірлік шықты?

"Ырыс алды - тірлік"дейміз. Қай тірлік?... Жаны кеудеден шықпағандық па? Ондай тірлік итте де бар... Ол айтылған тірлік бұл емес. Көкірегің, көзіміз тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың''.

"Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп" деген жолдардан халықтар достығы ақын үшін қатар өмір сүрудің жалаң дипломатиясы ғана емес, тіршіліктің негізгі мағынасын айқындайтын ұлы мұрат екені көрінеді. Ақын көзқарасын қазіргі тілге

344


салсақ, өзге елдермен достык, қарым-қатынаста, ынтымақтастықта болу саясаты біздің ел больш қатарга қосылуымыздың алғы шарттарының бірі. Өзге өскен ел не істесе соны істе, ғылымын, мәдениетін меңгер дейді Абай. Ол үшін өзгелермен мәдени, экономикалық, саяси араластық керек, оны бүгінгіше айтсақ, интеграция.

Ал "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" - деген сөздері шын мәнінде ұлт болып ұюымыздың негізгі шарттары. Оз халқымыздың мүддесі үшін күресте достык, татулық, бірлік керек пе? Керек. Ендеше, Абай сөздерің тереңірек ұғынып, онымен өзгелерді ұялтуға емес, өзімізді өзіміз ұялтуға тырысайық. Абай өлеңдеріндегі тағы бір негізгі елеулі әлеуметтік мәселелердің бірі - қазақ әйелдерінің жайы, казақ жастарының махаббат, еркіндік мәселесі.

Махаббат, әйел теңдігі мәселесі Абай өлендерінде кең қамтылып, жалпы адамгершілік идеясымен қабысып келеді. Абай бұл мәселелерді көтеруде де өзінің жаңашыл, еркін ойлы ақын екенін көрсетті. Ол қазақ кыздарының теңсіздікте езіліп, сүйгеніне қосыла алмай келген ауыр халін көрді. Өзі бүған, наразылық білдіріп, аянышты сезімге тола өлеңдерін шығарды. Қазақтың ескі салты бойынша әйелдерді сүймеген адамына зорлап қосты. Абай бұл жағдайға реніш білдіріп, бас бостандығы үшін күрескен жастарды жақтарды. Ол өзінің "Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында" деген өлеңінде осы ескі салт бойынша жас өмірін қор еткен қазақ қызының трагедиясын суреттейді.

Абай үйлену, ерлі-зайыпты болу ісіне немқұрайлы қарауға, мал беріп алғанның бәрі жар болып, дос өмір сүре алады мыс деген ескі түсініктерге қарсы шығады.

Абай достық пен махаббатқа бөленген тең, тату-тәтті, ерлі-зайыпты өмірді мақұлдап, жүрек епке де, малға да, күшке де көнбейді, күні өткен кәрі мен уылжьш тұрған жаскелісті өмір сүре алмайды деп, қалың мал салтына батыр наразылық білдіреді. Абай өзінің шығармаларында әйелді біреуге ана, біреуге қарындас, қыз; біреудің қорғаны, ақылшысы, жанашыр қымбаты, сүйген жары деп дұрыс түсіндіреді. Ақын адамды қорлауға, бірін ер, бірін әйел деп бөліп кемітуге қарсы. Дүниенің қызығы, өмірдегі жан тыным табар жұбаныш достык өмірде деп білген Абай:

Жүрегі жұмсақ білген құл,

Шын дос таппай тыншымас.

Пайда мақтан — бәрі түл

Доссыз ауыз тұщымас, - дейді.

345


Абайдың достық туралы пікірлері оның адамгершілік гуманизм идеяларымен тығыз байланысты. Абай адамның бәрі бірдей, оның туысы, өлімі - бәрі бір. Олардың айырмасы ақылында, мінезінде деп бағалайды; басқа дәулет дәрежемен оздым деу бос кеуде керушілік, орынсыз және надандық деп біледі.

Адам өмірінде достықтың зор маңызы бар. Ақын Абай талас-тартыс, ру аралық қақтығыс қазақ халқын тозғындатады деп білді. Еркіндік пен шындыққа қазақ халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғандай достықпен ғана жете алады деді ол.

Ол жастарға әділ достықты, қалтқысыз, бүкпесіз достыкты тіледі. Достық - өзара сыйластық, өзара сенім, өзара берілгендік, адалдық деп білді.

Бірақ досты таңдай білу керек дейді Абай, дос дегенің қас болып шығып, өмірлік өкінішке қалып жүрме. Кейбір достар -уақытша дос, ондайлар бүгін дос, өйткені сен жақсы жайдасың; ертең дос емес, өйткені сен-тығырықта, сәтсіздік үстінде тұрсың; мұндайлардың достығы — сатымсақ достық. Жаман дос -көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басынды бұлт алса, іздеп таба алмайсың, сондықтан жылмандыққа сеніп, қапы қалма, бір күндікті дос деп білме. "Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас; қайғысыздан сақ бол, қайғылыга жақ бол" дейді Абай өзінің мақал болын кеткен атақты 38-ші сөзінде.

Жаман дос сенің сеніміңці пайдаланып, өзіңе ор қазады, отқа итермелейді. Тек ары бар, ұяты бар жанға ғана сену керек. Баянсыз дос жөнінде ақын былай деген:

Кей құрбы бүгін тату, ертең бату,

Тілеуі, жақындығы бәрі сату.

Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ.

Қажымас, қайта айнымас, қайран тату.

Ақыннын өз басы өмірінде дұшпанның айла-амалын көіі кездестірді,

халық сүйген ақынды халықтың дұшпандары — дәулет иелері көре алмады, оны мерт етуді талай ойлады, сондықтан Абай пасық жандар туралы өлеңдерінде ерекше күймен айтады.

Ақын балалар достығының ерекшеліктері туралы да айтқан. Ол былай деген: балаларда нағыз достык, болмайды, олардың достасуы да, бұзылысуы да оңай. Сондықтан, көбінесе болатынындай, балалардың ұрыс-қағысына араласу, есесі кеткеніне болысу дұрыс емес. Балалар ауыр ой мен қайғыдан аулақ, олар кіммен болса да достаса кетеді. Балалықта қиял жақын болып

346

көрінеді, қуаныш та, қызық та, құмарлық ташектен тыс мол болады. Жалпы адамды ізгілікке тәрбиелеудің ерекше белгілерінің бірі кішіпейілдік деп білді Абай.



Мақтаншақтық - адамның жауы, ол теріс жолға салады. Мақташнақтық - надандық белгісі. Кішіпейіл болу керек, шеңберден шықпау қажет, артық айтып, семіз шық; азға қанағат қыл — міне Абай кеңесі осындай.

Абай өз шығармаларында бір адамға қажет болатын жақсы қасиеттерді тізіп береді. Ол қасиеттер — адалдық, ақылды іс, батылдық, орынды өжетік, білмекке құмарлық, ғылымға құнықтық; қайрат-жігердің жастық дәрежеде болуы, ақыл-ойдың егделігі, пікір-ой мен дүние танудын, өрістілігі. "Досқа — жылы көктемдей, жауға-суық аяздай болу" - міне Абай ұраны осындай.

Ақын жастарды тәрбиелеуде әдебиеттің, ең алдымен поэзияның көрнекті орын алатынын да айтты. Бірақ поэзияның тәрбиелік маңызы болу үшін оның тек көркем жазылуы жеткіліксіз, ол сонымен қатар әр адамға түсінікті де болып, тілге жеңіл, жүрекке тиіп келуі керек.

Ұлы ақын Абай қараңғылық жайлаган сахарада түнерген түндегі жанған оттай жарқырап, жол көрсетті. Ол нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол осы мақсатқа жетудің шынайы жолын көрсетіп берді. Сондай-ақ ол мұрат пен шындықтың катынасы туралы ой тербеді. Ойшыл өмірінде мұрат пен шындық әрқашан дәл келе бермейтінін жақсы түсінді. Осыған қарамай ол нағыз адам ұғымынан тым алшақ эмприкалық өмір сүруші шынайы адамды сын тезіне салды. Нағыз адамды, білімділік, ақылдылық, біліктілік, ғылым сүйгіштік қасиеттер анықтаса, шынайы адам сүйкімсіз, ойлаудан, ғылымнан жырақ. Егер мұраттағы адам иманды, қарызы мен парызын түсінетін болса, шынайы адам келеңсіз қасиеттен арылмаған. Егер нағыз адам белсенді қызмет еңбегіне арқа сүйей алса, ал шынайы адам жалқау, іссіз, жатыпішер. Міне, сондықтан Абай шынайы өмір сүруші адамды, замандастарын жан-жақты әшкерелеуді, сынауды адамзаттық парыз санады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет