Оқушылардың ұлттық тәрбиесін қамтуда
Абай шығармаларының маңыздылығы
Қазақ халқының өте әрідегі ата-балаларының өмір сүрген кезінен бастау алып күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе
347
жатқан рухани мұраның бірі — халықтық педагогика. Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа қалдыру. Ғасырлар бойы қальштасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәмілдер ие болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда - әсемдік (эстетикалық) тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер — халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика — тәлім-тәрбиелік, ой-пікірдің ілгі бастауы, халықтың рухани мұрасы.
Халықтық педагогикамен қатар "этнопедагогика" дейтін атау да жиі қолданылады. Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжерибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. Ол халыктық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын өткел іспеттес ғылым. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні — адамгершілік, имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатьш қоғамдық орындары (ясли, балалар бақшасы, т.б.) болмаса да өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де, жапан дүзде жолсыз жерлермен жүлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есту, көру сезімдері шынығын, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан, бала 5-6 жасынан-ақ ат құлағында ойнай бастайды. Оқусыз-ақ бір есіткенін қалтықсыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді, жыр-дастандарды жаттап алады. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөйлеу қорын байытып, мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра беретін. Халықтық
348
шығармалар ішіндегі әржақты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы үйқас — бәрі-бәрі балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін шыңдап отырған.
Қазақ отбасында тәрбие ісі негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген, әке-шеше баласына "әдепті бол" дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулыған. Төртіншіден, адал, шыншыл болуға үйреткен. Бесіншіден, ұстаз бен көпті көрген қарияны тыңдап, "ақпа кұлақ болмай, құйма құлақ бол" дегенді бойларына біртіндеп сіңіре берген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлап қүрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті азамат бол, әсіресе қаріп-қасерлердің табиғи кемдігін бетіне баспа деп үйреткен. Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнерінді соған жұмса дегенді ерінбей-жалықпай айтып қана қоймай, жеке өнегелер арқылы көрсетіп отырған.
Міне, осындай тәрбие көріп, анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің тәлімін тыңдап, халық өмірімен жастайынан етене танысқан Абай - өз халқының мүддесін, салт-санасын, дәстүрін бойына сіңіріп, халық мұрасының озығы мен тозығын айыра отырып, өзі өмір сүрген күннің талал-тілегімен байланыстыра пайдалана білді.
Абай Құнанбаев — жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен бірге ұлы ойшыл екені бәрімізге мәлім. Ол қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени артта қалушылығы — оның феодалдық-патриархалдық қатынасынан, рулық талас-тартыстары етек алған көшпелі тұрмысынан туындап отырған бытыраңқылығының салдары екендігін жақсы білді. "Күнде ұрлық, күнде төбелеспен күн кешкен" алты бақан алауыз елінің "жақсыларына" налыған Абай "малыңды жауға, басынды дауға" салып, өмірінді қор қылмай татулас, бірлесіп ел боп "Егіннің ебін, сауданың тегін" үйрен, "жан аямай кәсіп қыл" деп өсиет айтты. Ол қазақ ауылындағы тап тартысын көре білді, бірақ сол таптық қанаудан қүтылудың жолы оқу, ағарту деп қарады.
Сезімтал ақын, сергек ойшыл ғүлама дала тіршілігін өзге ғұмыр тіршілігімен салыстыра зерттеп барып түсінгісі келді. Бала кезінен таныс араб, парсы тіліндегі кітаптарды қайта ақтарып,
349
Шығыс поэзиясына, тарихына, философиясына сын көзқараспен қарап, жаңаша баға берді. Әсіресе Табари, Рабғузи, Рашид-әд-Дин, Бабыр, Абылғазы еңбектеріне ерекше зейіл қойды. Шығыстық логика мен мұсылман правосын үңіле зерделейді. Өз тұсындағы Кіндік Азия мен Күнгей Азияның мәдени-рухани өмірінен мейлінше хабардар болып отырды.
Абай зердесі тек сыртқы дүниеге ғана назар аударып қоймай, ұлттық болмысты пайымдайтын төл мұраларға да көңіл бөлді. Қорқыт, Асан Қайгы, Доспамбет, Шалкиіз, Шөже, Марғасқа, Жиембет ақындар жырларындағы уайым мен жігер, Төле, Қазыбек, Әйтеке өсиеттеріндегі өміршілдік Абай дүниетанымының ең терең және етене қабаттары еді.
Оған тұрандық ғұламалар Қожа Ахмет Иассауи, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағүн, Махмүт Қашқари, т.б. еңбектерін қоссаңыз қазақ ақынының көп қабатты, көп атырапты дүниетанымына еріксіз қайран қалар едіңіз.
Екі алып құрлықты алтын кісідей айқара құшақтатып жатқан ежелгі сахарада қалыптасатын ғұламалық ойсаналық қаншалықты терең, қаншалықты кең қарымды, белгілі бір мәдениет, мектеп, ағым ауқымына тұтқындалмайтыңдай қаншалықты бастан әрі азам болатынына көзіңіз жетеді.
Абайдың көзшалысы қандай ұланғайыр кең болса, таңдаған, қызыққан, жиренген, құмартқан, алған әсерлері сондай үланасыр, байқаған-түйген парасат-пайымы соншама терең еді.
Бірақ оның мұншалық күрделі рухани әлеміне ерекше бір сындарлылық бітіріп тұрған әсер мен ой, сезім мен зерде, әуен мен бейне ара-жігін ажыратпай құшақ қауышып жататын шынайы адамилық, шынайы адамзаттық кемелділік. Неге де болса, даму тұрғысынан қараған диалектикалық серпін. Тоқмейіл тоғышарлыққа бой бергісі келмейтін шыншылдық пен уайьш.
Абай өзінің шығармаларында қазақтың ежелгі салт-сана, тәлім-тәрбие дәстүрлері туралы мол пікір қорытындылар келтіреді. Олардың оң-теріс, озық-тозық қырларын сарапка салып, күні өткен кертартпа жақтарынан аулақ болып, келешекті, жемісті тұстарын дамыта, жетілдіре түсуді қуаттайды. Бүл айтылған оның халықтық педагогика жөніндегі көзқарастарына да толық сай келеді.
Абай халықтың, мінез-құлығын, оның моральдық-психологиялық әуелетін бейнелейтін абстракциялық белгі көрсеткіштер ретінде қызықты мақал-мәтелдерінің мәнсапасына,
350
нәлсапасына үлкен мән берген. Бұл талғам оның көптеген педагогикалық сипаттағы қарасөздері мен өлеңдерінде кездесетін мақал сөздер жөніндегі пайымдауларынан анық байқалады. Мәселен, өзінің 29-шы қарасөзінде ол казақтың тәлім-тәрбиелік мәні бар бірсыпыра мақал-мәтелдеріне талдау жасайды, теріс жағынан әшкерелей, дұрысы қалай болуы туралы өз төрелігін келтірді. Ол сөзін былай бастайды: "Қазақтың мақалдарының көбінің іске татарлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамгершілікке жарамайтұғыны да бар".
Әуелі "Жарлы болсаң, арлы болма'* дейді. Ардан кеткен соң тірі болып жүргені құрысын. Егер онысы жалға жүргенінде жаныңды қинап еңбекпен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманын, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі. Көріп отырғанымыздай, данышпан халық тәлімгері, ұстазы Абай кертартпа, жөнсіз мақал қорытындыларына, қарама-қарсы адал еңбекті, жерге-терге сүйеніп, "Жан аямай көсіп қалуды" балама ретінде ұсынып отыр. Сөздің жалғасында ол даңғойлықты, мақтаншақты, мінез-құлықтағы бейшаралық пен опасыздықты, мейірімсіздікті уағыздайтын бірсыпыра мақалдарды әшкерелеп "Атың шықпаса, жер өрте", "Алтын көрсе, періште жолдан шығады", т.б. қазақтың осындай білместіктен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек дейді. Мұндай сұрыптау, Абайдың 5-ші, 6-ші ғақлияларында кездеседі.
Абайдың қарасөздері мен өлендерінде халықтың діни тәрбие туралы салиқалы ойлар мен ескертпелер айтылады. Қазақ қауымында имандылық пен адамгершілік тәлімдер тығыз байланыста қатар жүруін қуаттайды. Ол, қазақ мұсылманшылығында орын алған шалалықты, екі жүзділікті де доп басьш көрсетіп, шын имандылық жолын нұсқай, бұл дүниеге де, ахиретке де адал болуға баулуды мұрат етіп қояды. Күнделікті күнкөріс, байлық-мансапты күйттеп, діни-сенімге, құдай жолын адал ұстауға немқұрайлы қараушыларға қарсы болады, мұндай жағдайды халық тәрбиесіндегі кешірімсіз күнә санайды.
Бірақ Абай халық жыраулары мен өнерпаздары шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік мән-мазмұнды жоғары бағалағаны мәлім. Алайда, оларда кездесіп қалатын боссөздікті, мақтан бөспелікгі, қошаметтілік пен дүниеқоңыздықты әшкерелеп отырған.
Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ
351
халқының ауыр тұрмысын және бай-шонжарлардың надандығын мінеп-шенейді, қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты.
Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана түр деп жар салады. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін терең түсінген ол: "Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет... өнер де ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылыми өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі..." - деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.
Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. "Әке оны берем, міне мұны берем деп, бастан таланды алдағанына мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің? "Боқта!" деп біреуді боқтатып, "кәпір қияңқы, осыған тимеңдерші" деп, оны масаттандырып тентектікке үйретіп қойып, "қу, сұм бол" деп, "пәленшенің баласы сенің сыртыңан сатып кетеді" деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қыласың" - деп, теріс тәрбие беретін ата-аналарды қатты сынға алады. "Ақыл ардың сақтаушысы" деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріктеген.
Абай "сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді" дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты т.б. жаман мінез деп есептейді.
Абай: "Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық" - дей келе адамды тәрбиелеудегі қоғамдык ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. "Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі виноват" – дейді демек адам сана-сезімді тәрбиелеп
352
жетілдіруге қоғамдық ортаның рөлін материалистік көзқараспен түсіндіреді. Адамның жақсы, жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақсүйек тұқымынан шыкқандар ақылды, алғыр болады дейтін буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің калыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің 37-ші сөзінде: "Мен, егер заң куаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім" - дейді.
Ұлы педагог-ғұлама қазақи тәлім-тәрбиелік үрдіс, жол-жосық, дәстүрлер мен мақал-мәтелдерді сынап, сырлап сұрыптар дамыта келе, өзінің жан-жақты ғылыми педагогикалық жүйесін де ұтымды пайдаланғаны байқалады. Абай қазақтардың адам болғандағы ұят, ұяпылық туралы түйгендерін талдап, толықтырып, діни адамгершілік тәрбие құралы деңгейіне дейін котереді. Абай өзінің "Қалыңелім, қазағым, қайран жұртым" атты олеңінде:
Қалың елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ ұрған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз үйқың бұзылды, түнде үйқың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын? –
деп, халықтың кемшіліктерін әжуа етеді.
Ұлы акын Абайдың педагогикалық көзкарасындағы басты нысана "Атаның баласы болма, адамның баласы бол жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқына тисін" деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүние жүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант т.б., орыстың ойшыл педагогтары: Л.Н. Толстойдың, К.Д. Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлерімен терен қабысып жатыр.
Абай ұрығын сепкен оқу, өнер-білім, адамгершілік әдеп, мораль мәселелері қазақ халқының рухани азығына айналып отыр.
353
Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні
Қазақтың ескіден келе жатқан ауыз әдебиетін алсақ, үлкен бір саласы болып саналатын түр — ақыл, нақыл сөздер деуге болады. Күні бүгінге шейін бұл екеуі қосылып, бірнеше рет қазақ тілінде кітап етіліп шығарылды. Халық әдебиетіндегі аз сөзбен көп мағына беретін қыска-қысқа тең мағыналы сөздерді— нақыл сөз, не мақал-мәтел деп атап, жинап бастырумен ғана қанағаттанып келінді.
Мұның екеуі де, негізінде, аты белгісіз халық даналарының өмірді бақылай келіп айтқан үлкен ой, терең пікірлердің жиынтығы, тәжірибе жемісі. Нақыл сөздерді де түгелцей халық туғызды десек қате болар еді. Өйткені, халық дегеңде біз еңбекші халықты үғамыз. Әрині, нақыл сөздерге үстелі таптық идеясын үндейтіндері де толып жатыр. Сондықтан да біз "негізінде" деп әдейі ескеріп отырмыз.
Күні бүгінге дейін "мақал-мәтел", "нақыл сөз" делініп келген, не олай деп айтылынбаса да, сол тектес сөздерді мағынасына, құрылысына қарап: ақыл сөздер (дидактикалық сөздер), нақыл сөздер (афоризм) деп екіге бөлуге керек тәрізді. Мақал-мәтелдер өздерінің мазмұнына қарай, кейбіреу ақыл сөздер тобына, кейбіреулері нақыл сөздер тобына жатуға тиісті.
Ақыл сөздер — халықтың кейінгілерге қалдырган өсиет-ақылы, өмір-тіршіліктеріне жетекші басшылық. Сондықтан, оның мағынасы ашық, ұғуға жеңіл, көпшіліктің бәріне түсінікті, аз сөзге көп мағына сыйғызып, көркемдеп айтылған үлгі-насихат.
Нақыл сөздер дегеніміз - үлкен ой, терең пікірге құрылған өмір туралы айтылған ел санасының қорытындысы. Ащы мен тұщы, алыс пен жуық, жақсы мен жаман — осылар сықылды өмірдің әртүрлі жақтарынай елегінен өткізіп, олар жөніндегі халықтың шығарған үзділі - кесілді өкімі: өмірдегі әр алуан құбылыс, іс әрекеттерді өзінше, әбден бақылап, сынай келе, "қатесіз", өмірде тап солай болатындығына көздері жетіп, өмір шындығына айтқандары дәл келетін етіп кейінгі ұрпаққа қалдырған халық даналығының сәулесі, ой түйіні.
Қазақ халқы өмірдің әр түрлі жақтарын қамтыған ақыл сөздер мен накыл сөздерге бай.
Ақыл, нақыл сөздердің не әдемі, не терең мағыналы түрлері Абайдың шығармаларында да көп. Абайдың ақыл мен нақылдары – ақын шығарма-шылығының елеулі саласы, өлеңдерімен мазмұндас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалары.
354
Сонымен бірге, әдеби жаңа түр, алғаш көрінген проза, публицистика. Ақынның тереңнен толғаған озық ойларының шынайы туындысы. Өлендерін туғызған тарихи әлеуметтік жағдайлар қарасөздің тууына да себепкер. Ол — нақыл сөздерінде де, қарасөздерінде де өмір шындығын, халықтың арманын, болашақ қамын көздеген жазушы. Өзі айтқандай: "Қыранша қарап Қырымға, мұң мен зарды қолға алды, Кектеніп надан, зұлымға, шиыршық атты, толғанды".
Абай өз сөздерін халықтық терең идеяға құрып, оған көркем түр бере түзеп, тындаушыларын да түзеуге шақырады. Ол қандай шығарма жазбасын, бәрінде де тұр қуаламай, мазмұнға ерекше мән беруді мақсат түтты.
Абай барлық шығармаларында қайшылығы шиеленісіп жатқан қоғам құрылысын бейнелейді. Оның шығармаларындағы өзекті тақырыптың бірі - білімге шақыру. Осы жолда ағартушы қаламынан өнер-білімге қатысты мол нақыл сөз туған.
Ақынның бұл өнер-білімге қатысты нақыл сөздерін де үлкен философиялық түйіндеулер бар. Олардың оқушылар дүниетанымын, өміртануын қалыптастыруда қызметі мол.
Мысалы: "... Ғылым бағу жоқ, ғылым бағарға да, ғылым сөзін сөйлерге де адам жоқ; білгеніңді кімге үйретесің, білмегеніңді кімнен сұрарсың. Елсіз-күнсіз де кезмені жайып салып, қолыңа кез алып отырғаныңның не пайдасы бар?"-дейді Абай. Сонау дүниенің қараңғы тереңде күнделікті тіршілік қамы, жазғы мал өрісі — жайлау үшін, қысқы мал тебіні - қыстау -ықтасын үшін, осы екі қамға тоғысар ел талдау құралы - надан, содыр билік — мансап үшін алыс-жұлысты жүргені дау-шар, бодау-барымта, ұрлық-зорлық негізгі әрекет-кәсіп болған; ғылымнан да болашақ жайы туралы саналы ойдан махрүм жұрт та қалған жоқ. Қазақтың даласының соншалықты артта қалғандығы — надандығы, "надандық- ғылым-білімнің жоқтығы" - деп осы надандықпен күреске түсті. Мұны өзінің алдына үлкен бағдарлама, зор мақсат етіп қойды. "Мақсатым - тілге ұстартып өнер шашпақ, наданның көзін ойып, көңілін ашпақ", - деген нақыл сөзі осы жолда туған оның жастарға ең алдымен айтатын ақылы — талапты болу. Ол:
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге!!! —
дейді де, осы "талап қыл" деген сөзін, насихат сөздерінде кеңейтіп былай дейді: "Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі
355
білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар, оларды білмей, іздегенмен табылмас. Әуелі білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемеске керек. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға "мейірленіп, тезірек қолға түседі". Абайдың:
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз —
деген нақыл сөзі білім-өнердің кілті, өнер білім; мағыналы өмір деген пікірді айтады. Ақын қазақтың бұл күнге дейінгі ғылымсыз тіршілігін санатқа қоспай "Ғылымсыз дүние жоқ", - деген берік байлам жасайды.
Ақынның нақыл сөздері өнер-білімді күрделі мақсат үшін үйрену керектігін, жеке болымсыз себептер үшін үйрену ұзаққа бармайтынын аңғартып отырады: "Білім-ғылымды бір нәрсеге себеп қана үшін үйренсең, білімге деген көңілінің мейірімі, асырап алған шешенің мейірімі сияқты болады."
Еңбекке үндеу — ақынның ең сүйікті тақырыбы. Оның нақыл сөздері өз халкын болашақ жарқын тіршілікке бастайтын еңбек туралы насихатқа толы. Абай:
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.- дейді.
Еріксіздік — бойға қорлық қана емес, өміріңнің өзі де бір баянсыз,
берекесіз күйге келеді. Мұндай күйге түскен адам дүниеде жоқпен тең.
Абайдың адамгершілік тақырыбына айтылған нақыл сөздерінің жастардың рухани дүниесін тәрбиелеуде ерекше маңызы бар.
"Адамшылықтың алды — махаббат, әділет, сезім". Абайда бүл үшеуі бірлікте, олар жеке-жеке күйінде жарамсыз. "Әділет-ізгіліктің анасы", "Кімде әділет жоқ болса, оның ұяты да жоқ'". Ал ұят жоқ жерде, туыстық, бауырмалдыққа, махаббатқа орын жоқ. Себебі - ұят тоқтық барша адамгершілік қарыздарлык, нормаларына сенімді жоғалтады. "Кімнің ұяты жоқ болса, онын иманы жоқ".
Адамды ұят келтіретін барша жөнсіз істерден сырт ұстайтын, оған жібермейтін күш — адамның өз бойындағы ұстамдылық. Бұл болмаса, ақын қанша сезініп тұрғанмен, адам баласы ұят келтіретін қылықтан құр қалмайды. Әрине, ұятты сезінуге ақыл керек, егер ақылдың көзін қайратсыздық, әділетсіздік, жігерсіздік, байлаусыздық бүркесе, ақылды кісінің де адамшылдығы бұзылады.
356
Сол үшін де Абай: "Адам баласының көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат байлаулыктың жоқтығынан азады"-дейді.
Адамгершіліктің бір сипаты — достық. "Кімде достығың болса, достық достыққа шақырады", "Тіршілікте, өсіп-өну жолында адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды — дос көбейтпек." Ал бұл үшін адам баласының жүрегінде адамға деген ізгі тілек жатуы керек: "Жүрегі жұмсақ білген құл шын дос таппай тыншымас". Өмірде бірінші керек нәрсе осы болмақ.
Нақыл сөздер Абайдың қара әңгімелерінде де кездеседі. Ғылымдар академиясының Қазақ филиалы 1940 жылы бастырған II томында, "37-ші сөз" деген атпен басылған қара әңгімесінде 24 түрлі нақыл сөз бар.
Үлкен ойға орайлы сөз тауып, ақыл нақыл сөздерді мәдениетті биік сатыға көтерген қазақ тарихында бірінші ақын Абай болды. Оның даналығы үздік суретші таланттарының үстіне әрі өз елінің, әрі шығыстың, орыстың мәдениеттерімен қаруланған адам болуы, өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі ақыл, нақыл сөздерінің үлгілерін мазмұны жағынан да, түрі жағынан да философиялық ұғым дәрежесіне жеткізді.
Сонымен нақыл сөздер (афоризм) — бірінші кезекте дидактикалық поэзияның жемісі. Ал Абайдың шығармашылығындағы нақыл сөздер — таза ақыл, өсиет тілі алға шығып, ақылғөйлігі оның ерекшелігі ретінде көрінеді.
Абай қарасөздері хақында
Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге де оң бағыт берген биік тұлға.
Ақынныц гуманистік идеясы тек өлендерінде ғана емес, қарасөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан.
Абай қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған ақын шығармашылығындағы айтпақ ой, терең философиялық мұғалім өзі зерттеп, түсінгенде ғана осы бағытта баламен жүргізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ. Абайдың қарасездерін тақырып жағынан топтасақ, он-он бір тақырыпқа бөлінеді. 1-ші сөзінде Абай жазуға кіріскендегі мақсатын айтады. Осы қарасөзінде ақынның айтпақ ойының өміршендігі мен бүгінгі заманмен үндестігіне таң қаласыз: "... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен
357
қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де ақыры осыған бел байладым" - дейді. Абай тек осы қарасөзінде ғана емес, барлық қарасөзінде бейне бір оқушысымен әңгімелесіп отырғандай, ол өзіне-өзі сұрақ беріп, оған нақтылы жауап береді.
Бесінші сөзін еске түсірейік:
"Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойын шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз больш ағады. Қазақтар: "Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла көр!"-деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы — жас баладан гөрі өзі есті болып, ескермек нәрсеге жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: "Түстік өмірің болса, күндік мал жи", "Өзінде жоқ болса, әкең де жат", "Мал адамның бауыр еті, "Малдының беті — жарық, малсыздық - шарық", "Ер азығы мен бөрі азығы жолда", "Берген перде бұзар", -"Байдан үмітсіз - құдайдан үмітсіз", "Қарның ашса - қаралы үйге шап", "Қайраңы жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без" деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр.
Бұл мақалдардан не шықты? Мұғалім болды: қазақ тыныштық үшін, білім үшін, әділет үшін, әділет үшін қам жемейді екен, бермесе, оны менен жауласпақ екен, егер малды болса әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сүмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып, мал тапса, жазалы демесек керек екен".
Қазақтың мақалдарын сынай отыра Абай дүниеқоңыздық, ұятсыздық сиякты адамды аздыратын қылықтардан жиренуді мақсат етеді. Жақсы, жаманның арасын айырып, ақиқатын айтады немесе "7-ші", "31-ші" сөзінде Абай оқу, өнер-білім мәселесі төңірегінде келелі ой қозғайды.
Абайдың 6-шы, 8-ші, 9-шы, 10-шы, 14-ші, 23-ші, 26-шы, 29-піы, 33-ші, 39-шы, 40-шы, 41-ші, 42-ші және 43-ші сөз сияқты ғақлиялары тақырып жағынан бір-біріне жақын, бұларда Абай халық атынан ой толғайды
Абайдың қарасөздеріндегі басты тақырыптардың бірі -мораль, тәрбие мәселелері. Бұл тақырыпқа 12-ші, 20, 36-шы, 44-ші сөздер кіреді.
Ақын өлеңдерінде көтерілген адамгершілік, гуманистік мәселелер ғаклияларыңды де терең, дәлелді пікірлермен берілген.
358
Абайдың қарасөздері арқылы адамтану мәселесіне байланысты айтылған ой-пікірлерінің бірі — еңбек тақырыбы. Ақын: "Жаманшылыққа бір ілініп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қасиет қазақте кем болады", - дейді. Осы ойларда ұлы ғулама халқының етектен тартып отырған қылықтарын тайға таңба басқандай айта отырып, халқының бетін жақсылыққа, адал-дыққа бұрады.
"Не жаманшылық болса да бір етсе, қазак ол әдетінен еріксіз қорыққанда, я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен өздігінен тоқтаған адамды көрмессің" - деген үзінділерден адам мінез-құлығынан алуан үлгісін көреміз.
Адамның қайткенде білімді болатындығының жолын көрсетуге ақын "19-шы сөзін" арнаған. "Адам, - дейді ол, - ата — анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені-көргені көп болған адам білімді болады". Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естіліктің жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегендерінен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады".
Абай осы естіген, білген нәрселерді адам қайткенде есінде сақтап, қалай ұмытпай, оларды өзінің өмір серігі етудің әдістерін де көрсетті. Бұл мәселеге оның ''31-ші" сөзі арналған. Әңгіме қысқа, тұжырымды және оқушы жастар үшін өте маңызды, керекті.
"Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек. Екінші, сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратләну керек. Үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кеселдері кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер".
Абайдың бұл әңгімелерінің кім үшін болса да тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды.
Өзінің өлеңдеріндегі тәрізді қарасөздерінде де ұрлық, парақорлық, пәлеқорлық, мансапқорлық, т.б. елдің ел болуына зор бөгет екендігін айта келіп, "41-ші'" сөзінде Абай екі нәрсе ұсынады: біріншісі — "еңбек зор үкімет", екіншісі – қаржы. Үкіметтің күшімен қазақтың ұл, қыздарын еріксіз түрде мектеп-
359
ке беріп, оларды ғылымның әр саласынан мамандандырып, ой-санасын жаңаша тәрбиелеп, бұрынғылардан мүлде өзге психология, өзгеше наным-сенімдегі адамдар етіп шығарса, сонда ғана елдің түзелетінін айтады.
Бірақ жүрттың бәрін қорқытып, зорлау не үгіт арқылы түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан олардың бірқатарына ақшаның күші арқылы балаларын оқуға тартуға жағдай жасау керектігін айтқан мұның екеуі де мүмкін еместігін корген ол: "Енді не қылдық, не болдық?"- деп, тұйыққа тіреледі.
Әрине, тек қана ағартушылық жолмен барлық істі жөндеу мүмкін еместігі аян. Әйтсе де, Абайдың өмір сүргеп кезін, оның өскен ортасын, сол дәуірдегі қазақтың жағдайын еске алсақ. Абай ұсынған жолдарың үлкен прогрессивтік мәні барлығын мойындамасқа болмайды.
Абайдың қарасөздері — оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазьша дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделік сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымеп байланысты туған шығармалар. Қарасөздердің бағасы — Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді. Рас, біздің заманымыз үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы, барлық дерті және Абайдың сол ортада отырып, күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныс ойлары бәрі де ескергін. Біздің қоғам үшін Абай өмір кешкен тарихтық орта мен қоғамдық шындықтар мүлде алыста, артта қалған дүние. Осы тұрғыдан қарағанда қарасөздердің арманы мен мазмұны, мүраттары тек тарихтық жағынан бағалы деу керек.
Екінпіі — Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес. Бұл жағы айрықша таратып, талдауды қажет етпейтін түсінікті жайлар.
Ал, осы аталғандардан басқа Абайдың поэзиялық мұрасына қоса қарасөздері беретін әр заманға бағасы жойылмайтын бір үлкен қазына бар. Ол —Абайдың осы қарасөзді жазған тілі. Өлең сөзінде өзінің барлық шеберлігі, жаңалығы, көркемдікталанты бойынша қазақ тілінің сапасын әдебиет тілінің дәрежесіне көтерген ұлы тарихтың еңбегі қандай болса, қарасөздерінің тілімен де Абай осындай еңбекті біздің мәдениет тарихымызға мол сіңірді.
360
Абай шығармашылығындағы табиғат қорғау дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану.
Абайдың орыс поэзиясынан алған тағы бір үлгісі — табиғат лирикасы. Табиғат — адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Оны дүние жүзінің классик ақындарының бәрі де жырлаған дәуірі мен ортасына, өзінің жеке басының көңіл күйіне байланысты әр ақын оны өзінше жырлайды. Біреулер таза цейзажды суреттеп жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты, өз көңіл күйін суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған.
Абай сұлулықты тануды, поэзияны, көркем шығармашылықты, музыканы түсіндіруде жаңа сөз де айта алды. Ойшыл түсінігінде сұлулық ең алғаш - үйлесімділік, табигат үйлесімділігі, адам мен оның өмірінің үйлесімділігі. Табиғаттың әсем құбылысы туралы, сұлу ат хақында, ару қыз жөнінде қазақтар Абайға дейін де айтқан. Абайдың принципті жаңа танымының мәні сонда, ол табиғаттағы сұлулықты адамнан адамдар қатынасынан, уайым мен қуаныш сезімінен тыс қарастырмайды. Сұлулық, адам денесінің, жүзінің, пішінінің үйлесімділігі, имандылық сұлулығымен, адам іс-әрекетінің сұлулығымен бөлінбейтін бірлікте қарастырады. Ақынды жекелеген табиғат сұлулығы, адам денесінің сұлулығы қызықтырмайды, табиғат пен адамның, жан мен тәннің бірліге мен жарасымдылығы, синтезі қызықтырады. Сонымен бірге ойшыл жалпы сұлулық туралы сөз қозғамайды, сұлулықты ұлттык болмыс контексінде қарастырады. Қыздың аттың, бүркіт самғауының, жыл мезгілінің сұлулығы туралы айтқанда ақын бұл құбылыстарға қазақтың көзімен, оның дүние қабылдау сезімі тұрғысынан карайды.
Абайдың жыл мезгілдеріне арнаған ғажап өлеңдерінде табиғат құбылысын, табиғат факторы мен сапасының үйлесімділігін суреттеуді акын адам өмірінің табиғат құбылысынан алған адам әсерініц ішкі бірлігінде қарастырады. Нәтижесінде сұлулык дерексіз түсінік ретінде ұғынылмайды. Жанды өмір, табиғат үйлесімділігі, адам өмірі, адам мен табиғат үйлесімділігі есебінде ұгынылады.
Абайдың табиғатты суреттеп жазған бір топ өлендері тек түр жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да өзгеше. Ол өлеңцерінде ақын еліне, жеріне шексіз сүйсіне отырып, өмір шындығын кеңінен қамтып көрсетеді. Бұл өлендерінде қазақ табиғаты жалаң сипаталмайды, онда ел өмірі, жалшы
361
тұрмысы, бай серуені бірге қамтылады. "Желсіз түнде жарық ай", "Жаз ", т.б. өлендерінде жыл мезгілдерінің әрбір кезеңін қазақ ауылының өмір тіршілігіне қабыстыра суреттейді. Ақын табиғатқа жан бітіре, ерекше мейірлене жырлады. Табиғаттың көктемде оянуына, құлпыруына нағыз суреткерше қуана білген Абай көктем туралы өлеңдерінде жер-қалындық пен күн-күйеудің мифологиялық образдарын жасады:
Күн — күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне-біреуі қосылыспай,
Көнілі күн лебіне тойғаннан соң,
Жер толықсып түрленер тоты құстай.
Абайдың табиғат туралы өлеңдерін оқығанда, ол суреттеген жерде өзің
де жүргендей боласың. Шын суреткерлік шеберлікпен жасалған көктем мен жаз көріністері адам жанын тебірентеді. Оның тасыған өзені мен жасыл алқапты жағалай қонган қазақ ауылы көз алдыңнан кетпейді. Ал "Күз" өлеңін оқығаңда көңілің жадау тартып, жабырқайды. Айналаңды тұман басып, бойынды тітіркендіреді, көзіңе курап, солған сүреңсіз өмір елестейді. Қыс жайы одан да бетер өңсіз, жайсыз қытымыр. Оның келе жатқан ызғарының өзі үрейлі.
Абайдың табиғат лирикаларының ішіндегі ең тандаулыларының бірі — "Желсіз түнде жарық ай".
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп, -
деп басталатын өлеңі табиғаттың түнгі көрінісін, махаббат жарасқан екі жастың тулаған жүректері мен жылы қүшағын ұштастыра бейнелейді.
Абай табиғатты суреттеуде мәдениетті елдердің табиғатты жандандырьш суреттеудің үлгісін алды деуімізге Абайдың "Қыс" деген өлеңі толық дәлел бола алады:
Ақ киімді, денелі, ак сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,
Үсті — басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп әлек салды,
Ұшпадай бөркін киген оқшырайып,
Аязбенен қызарып ажарланды...
362
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды,
Бурадай бүрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды...
Қысты жиналды нәрсе етіп көрсетудің элементі Абайдан бұрын да
болды. "Қылышын сүйретіп қыс келді"-дейді қазақ. Қысты қаһарлы батыр, жауынгер бейнесінде ұғады. Бірақ, Абайға дейінгі әдебиеттің қай нұсқасын алсақ та, қысты ақ сақалды шал бейнесінде суреттеу болған емес. Қысты шал бейнесінде суреттеу орыс әдебиетіне тән нәрсе. Орыс ақындарының әр дәуірде көп суреттеген атышулы "Дед Морозы" Абайдың қысты суреттеуінде негізгі тұлга болып отыр. Бұл аударма емес, Абайдың өз өлеңі. Әйтсе де, қысты Дед Мороздың бейнесінде суреттеу қазаққа тән нәрсе емес, орыс әдебиетіне тән.
"Жазғытұры" өлеңінде де Абай бұл мезгілдің өзіне тән суреттерін жасайды. Мұнда табиғат әлеміне кірген жаңалықтың иесі — "ата-анадай елжіреген күннің көзі" көбірек айтылады. Ақын сезімі қыстай қысылып шыққан ел қуанышына ортақтасады.
Ақын қазақ даласындағы жазғытұры кездің барлық суретін толық берумен бірге, бұл кезді қазақ халқының еңбекке ұмтылатын, тіршілік үшін күрестің қайнар мезгілі деп таныды.
Абай табиғатты жырлауға кейін де оралып отырған бұл түрғыдағы сәтті ізденістерінің қатарына "Көлеңке басын ұзартып" атты өлеңі жатады. Бұл өленде ол табиғатты сырттай тамашалай, өлең кейшкерінің көңіл-күйімен, ішкі сезімімен табыстыра, ұштастыра суреттейді. Өлеңде кешкі табиғаттың сұрғылт суреті ақын көңілінің күңгірт бейнесімен шебер астау, қиылысу табады.
Көлеңке басын ұзартып,
Алыста көзден жасыра;
Күнді уақыт қызартьш,
Көк жиектен асыра;
Күңгірт көңілім сырласар,
Сұрғылт тартқан бейуаққа
Төмен қарап мұндасар
Ой жіберіп әр жаққа.
Бұл жолдар табиғаттан алған әсерді ақынның жүрек сыры жайлы ойлармен толықтырады. Оның күңгірт сезімі алабұртып, мұнға тартьш, оқырманды да ойландырады. Өз басының шарасыз
363
күйін, іске аспаған ойларын ол адаскан күшікке теңейді. (Адасқан күшік секілді ұлып жұртқа айткан ой) Айласыз, әлсіз күшіктің көшкен елдің жұртында қалып, ұлып-ұлып қайтқан бейнесін өз басының трагедиялық күйіне ұқсатады. Сөйтіп, жалғыздық тақырыбына үлкен әлеуметтік-философиялық мән-мағына береді
Адам мен табиғаттың бірлігі тақырыбын орыс поэзиясынан ала отырып, Абай қазақ өмірімен байланысты кең дамытты. Бұдан, "Ақын неғұрлым данышпан болса, соғүрлым табиғатпен терең аралысып, оны құшағына тұтас қамтьш алады. Сөйтіп, бізге табиғатты өмірмен барынша байланыстара кетеді" деген В. Белинский созінің шындығы көрінеді.
Адам-табигат - қоғам проблемасының көтерілуі. Абайдың табиғат арқылы саяси-әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді көтергенін, табиғатты жанды дүниенің өмір сүрер қайнар көзі, тіршіліктің анасы дәрежесінде көрсете білуіне көңіл бөлу керек.
Ақынның жылдың төрт мезгілін тұтастай жырлап, туған Отаны, даласының өлмес, өшпес бейнесін, бай да сұлу көрінісінің ғажап бейнесін, бай да сұлу көрінісінің ғажап бейнесін жанды дүниемен астастыра отырып жасағанына ерекше көңіл аударып, Абайдың данышпан суретші-ақын екендігіне тоқтау, лирикалық кейіпкердің әр түрлі сезіміне көңіл қою керек.
Бұл сезімдердің барлығы-елін, халқын сүйетіп ақынның сол халық қамы, ел тағдырын ойлағаннан туатынына ерекше назар аудару керек. Табиғат лирикаларында да ақын-әділет үшін күрескер, адамшылық туын биікке ұстаушы. Орыс әдебиетінің әсері, ақынның өзіне тән жаңалығы, жалпы әдебиетте табигат лирикасына қосқан үлесі.
Қазір санамызда "экология" деген түсінік бар. Қазақша айтқанда, қоршаған ортаның тазалығы. Су таза болсын! Жан-жануар мен өсімдікті қорламайық! Кейінгі ұрпаққа табиғатты таза жеткізейік! Міне осы табиғатты қорғау дәстүрі Абайдың көптеген шығармаларында насихатталады. Мұғалім оқу-тәрбие процесінде, табиғатты қорғау дәстүрін оқушыларға Абай өлеңдерін оқу арқылы түсіндіріп, оқушыларға эстетикалық, эколо-гиялық тәрбие беру керек екендігі айтпаса да түсінікті. Абайдың табиғат лирикасы - оқушыларды туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелейді.
Табигатқа немқұрайлы қарау, онымен санаспау — ана сүтін ақтамаған-мен пара-пар. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті
364
болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығар-мауымыз керек.
Абай "Адам мен Табиғат" деген мәңгілік тақырыпты асқан зор мәдениет тұрғысынан қарап шешеді. Абай өз өлеңдерінде табиғат пен адамды байланыстыра суреттейді. Міне, Абайдың өлеңдерін жас ұрпаққа танытуда ұстаздар, "Адам мен Табиғат бірлестігін биік шыңға ұрандай етіп көтеруі керек. Табиғатты Абайдай сүюге үйретіп, оны қорғауға шақыруға тиісті. Сонда ғана, қоршаған ортаны қорғап қала аламыз.
Абай адамгершілік тәрбиесі мен
парасаттылық туралы
Адамгершілік — бұл сөздің қорымыздағы сөлі ерекше, мәні мәңгілік айқын, салмағы пара-парсыз парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиетін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұгым ғана емес тіршіліктің мәніп, дүниенің тәнін төрт тағандап ұстап тұрған ұлы принцип. Адамгершілікке негізделген жерде ғана не нәрсеге де қүдірет тұратындығы мәлім. Осы ұлы күш — адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның да қордалы байлығы. Ал, оның белгілі бір адамдар бойындағы аздығынан айналасындағы адамдарға ғана емес, қоғамға да тиетін кесірі көл-көсір.
Демек, адамгершілік тәрбиесі дегеніміз — тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен, адамгершілік сананы қалыптастырудың этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Абай ақыл, адамгершілік, жоғары саналылық еңбектің еңбек тәрбиесіне негізделуін өзінің өлең-жырларының ғақлималарының арқауы етті. Мысалы, "Ақыл бітпесе дәулетке, дәулет бітпес келбетке жан-жақты болып жетілу тіреледі еңбекке" — деп жырлауы соның айғағы.
Осы жерде ерекше атап айтатын нәрсе, өмірдегі келеңсіз құбылыстарды анықтап, айғақтап беру арқылы жамандықтан сақтандырудағы әрі онымен күресуге үндеудегі педагогиканы" және әдебиеттің, ондағы тәрбиелі образдың рөлі айрықша. Бұл жалпы әдебиет атаулының адам тәрбиесіндегі және адамгершілік рухани байлықты молайтудағы ең негізгі эстетикалық, этикалық міндеттерімен тікелей байланысты. Демек, қоғамдағы орны бөлек орта, дүние — адамгершілік рухани байлықтың ортаймауына жауап беретін бірден-бір рухани ұлы күш тәрбие болып келген.
Адам бойындағы адамгершілік байлықтың — шын мәнін-
365
дегі ең үлкен қоғамдық рухани байлықтың азая бастауын ешбір табиғи қазына байлықтың молдығына алмастыруға болмайды. Бұл жердің үлкендігі халықтың рухани мәдениетінің үлкендігіне кепіл бола алмайтындығына немесе халықтың ұлылығы сананың аз-көптігімен өлшенбейтіндігіне ұқсас нәрсе.
"Абай творчествосындағы адамгершілік концепциясы ақын өміріндегі жақсылық пен жамандықты айыра білуге адамдықтың адал шарты ретінде мән бергенін байқауға болады. Ақын ұғымында жақсылықты тану — жаңалықты қолдау деген сөз, ал жақсылықты қолдай білмеген жамандықтың отына май қүюмен бірдей". Шындығында Абайдың бұл концепциясы кім-кімді де терең ойға қалдырады, әрі бүгінгі күні де терең мәні бар екендігіне мойынсұндыра түседі.
"Жақсының жақсылығын бетіне айт нұры тасысын, жаманның жамандығын бетіне айт, құты қашсын" деген халықтың қанатты нақылында терең ой бар.
Ұлы ағартушы ұстаз Абай өз айналасында болып жатқан барлық әділетсіздікті, өтірік пен алдауды, надандық пен қараңғылықты көрді. Мұның бәрі қазақ халкын орға жығады, жас ұрпақтардың тәрбиесіне теріс ықпал тигізеді деп бідді, ал ұлы ағартушының бар үміті жастар еді. Соңдықтан ол халықты, әсіресе жастарды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу жолында күресіп, бар дауыспен қараңғылыққа, ескілікке қасарыса қарсы шықты.
Адамгершілік деген ұғым мен оның адамгершілік тәрбиесі оның әрбір шығармасынан дерлік айқын және күшті түрде көрініп отырады. Ол адамгершіліктің жаулары — дәулеттілерді ұлы тілмен түйреп, келемеж етеді, ал жастарды өздерін жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге шақырады.
Өзінің көптеген шығармаларында әсіресе сүйікті ұлы Әбдірахман, інісі Оспанның өлімдеріне байланысты жазған өлеңдерінде, "Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат", "Интернатта оқып жүр", "Сегіз аяк", "Көзінен басқа ойы жоқ", "Жақсылықтың оты жалындап", "Жас өспірім замандас қапа қалды", "Ұяламын дегені көңілі үшін" деген өлеңцерінде және басқаларында, ғақлия сөздерінде Абай патриотизмнің, ерліктің, табандылық пен шындықтың, кішіпейілділіктің, еңбексүйгіштіктің, білімге құмарлықтың, ақыл-парасаттың уағыздаушысы болып көзге туседі.
Адамгершілік тәрбие бойына сіңген адамды Абай батыл, ер, көзге айтудан қорықпайтын, алдына қойған биік мұратына
366
қалайда жетпей тынбайтын талапты, күрестің адам боларға тиіс деп түсінеді.
"Елді тасыған күші бар адам ғана, албыртқан көңілі басылмаған жастар ғана бағады" дейді Абай. Ол қорқақты шенейді, олар әдетте жалқау, дәрменсіз болады дейді. Қорқақтық — қайратсыздық белгісі. Батыл ер болу үшін, дейді ол, күшті қайрат пен берік мінез керек.
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет шапағат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Ерлікпен бәрі - тапқырлық та, батылдық та, сабыр да шығады, дейді Абай.
Сабырлы, табанды болу — ер, мақсатшыл адамның сапасы. Абай қазақ жастарын қиын кезеңде, ғылым жолында кездескен алғашқы сәтсіздік үстінде күдер үзбе, талаптың сұңқарын мініп, тас қияға өрле, мұратыңа жетпей тынба деп баулиды.
Батылдық пен ерлік қандай жағдайда болса да адамның сабырын сақтайды, кездейсоқ кеселге адамды қапылыста құл етіп тастамай, қайта жағдайдың өзін өзгертіп жіберуге мүмкіндік береді. Ондай адам тағдырға табынбай, қайткенде дегеніне жетеді. Бұл үшін адал да қайрат күші басым болуы қажет, — дейді ақын.
Адамгершілік негізі - еңбек пен еңбек тәрбиесі
Абайша айтқанда еңбек сүйгіштік — адамгершілік қасиет, сол себепті адам болғысы келген жанның бәрі де адал еңбек істеулері керек. Тек еңбек қана адамды адам етеді, материалдық молшылық жасайды, рухани қайрат береді.
"Адалдыққа, адамгершілікке тырысушылық, — деп жазады Абай, — биік дәрежедегі сананы туғызады, сана адамның адамшылығын, ақыл-ойын және ғалымға деген қызығушылығын туғызады. Н.Г. Чернышевский "Ұлы адамның тарихи маңызы оның Отанға деген еңбегін, ал оның адамгершілік қасиеті -оның патриотизмнің күшімен өлшенеді" деп жазды.
Орыс демократтары өз Отанын ерекше қастерлеп, оның даңқын арттырып, қуаты өсе түсуі жолында жан аямай күресті. Мысалы, М. Е. Салтыков-Щедрин — Россиядағы тоғышарлықты қатты сынай отырьш "Мен Россияны жүрегім елжіреп, құшарлана сүйемін. Россиядан басқа жерде өмір сүре аламын деп
367
ойламаймын" деп жазды. Оз елін менсінбей оған жоғарыдан қарап, Батыс Еуропаға бас ұрып жүргендерді аяусыз шенеді.
Н. А. Некрасов мынандай жалынды жыр қалдырды:
"Ар — ұяттан қымбат жоқ адал жанға,
Отан үшін отқа түс, арды қолда.
Мақсат үшін, махаббат жалыны үшін,
Бар еңіреп өліп кет осы жолда".
("Ақын мен азамат")
Орыс классиктерінің Отан мен халыққа деген қалтқысыз сүйіспеншілігі сияқты, қазақ кемеңгері Абай да өз халқын шексіз сүйіп, ауыр заманның қара түнегінен сол халықтың шығу жолын іздеді.
Абай өз халқын қастерлеумен қанағаттанып қалмай басқа халықтарды да жоғары бағалай білді. Әсіресе, мәдениеті озық елдер туралы жылы пікірлер айтьш, ел ішіңдегі үстем тап өкіддері таратын жіберген теріс уағыздарға қарсы шықты.
М. Әуезов зерттеулерінде Абай діні - адамгершілік дініне айналады дейтін тезисінің мән мағынасы. Әсіресе, осы аталған ұғымдарды танып талдау үстінде айрықша сезіледі. М. Әуезов Абай шығармаларындағы діни наным мен адамгершілік ұғымының қатар келіп отыруының негізінде еңбек тәрбиесінің үстемдік құруына ерекше назар аударады.
Абайдағы діни ұғымдар ондағы екі үшты, қос қыртысты мағыналар-дың көп жағдайда адамгершілік негіздер мен ұштасып, ақынның тәлім-тәрбие, еңбекке үйрену, еңбектану, дүниетаным жайлы ойлары да қосарланып жататынын көре білді. Осы ерекшеліктің орын алу себебі: "ислам дінінің иманын, парыздарын, тарихындағы шартты жолдарын — баршасын да өзінің ұлы гуманистік тұрғысынан қарап, көп жерінде мүлде. Абайдың діні — өзінің заманы мен ортасына, бір жағынан сырттай баға бере отырса да, негізінде және де ақындық, адамгершіліктің діні болады", деп тіпті, заманы мен ортасына байланысты діни ұғымдарды адамгершілік мұрат-мақсаттарын насихаттау үстінде пайдаланып отырғанын аша көрсетті.
М. Әуезов атап көрсеткендей, түп иенің бойындағы асыл сипаттар Абай адам бойына дарытуға ұмтылғанда, солардың ең бастыларын ғана, яғни, реалды өмірмен әрбір адам еңбектану арқылы кәсіби жолмен табатын сипаттарға ғана ерекше көңіл бөлген.
Абай өз дүниетанымын біржолата аңғаратын адамның негізі мен адамшылығының негіздері жөніндегі сан жылғы ойларының түйкі нанымын молырақ таратуды мақсат еткенін:
368
"Ей жүрегімнің қуаты, перзенттерім!
Сіздерге адам ұғымының мінездері туралы біраз соз жазып, өсиет қалдырайын. Ыкыласпен оқып, ұғып алыңдар", деп оқырман өтініш етіп, әдейі ескеріунен де корініп түр. Өзі ұсынып отырған мол философиясы мен еңбек тағылымы ағартушылық мұраттарының басты-басты негіздерін уағыздауда кейбір діни ұғымдарды жамылғы ете отырып, сол заман тындаушысының ұғым дәрежесіне бас сала, шартты түрде баса да аща түсуді мақұл танқандай ыңғайын да танытады.
Абайдың заман талабы меп оқушы ұғымына орай қолданған тәсілі тыңдаушыларын адамшылық пен ғылым-білімді меңгеруге үндей білмегендігі. Осы ойын: "Дүниенің ғылымын білмсй қалмақтық — бір үлкен зарарлы надандық, ол құранда жазылған" — деп құрандағы дәлелдеп жастық ете сөйлеуімен де жеткізеді. Осы себепті Абай тыңдаушыларының ұғыім дәрежесімен есептесе отырып, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің негіздері жайлы түбірлі ойларын құранның беделімен болса да өткізуден тартынбаған. Адамгершілік қасиетін жоғары түрі ар, ұят, ождан сақтау жастарды кішіпейілділікке, адал, арлы азамат болуға тәрбиелеуде Абай өлеңдері мен өсиет маңызды орын алады. Еңбек, еңбек тәрбиесімен адамгершілікті біртұтас қарайды Абай.
Ағартушылық проблемалары және
ақыл-ой тәрбиесі
Абай творчествосынан ерекше орын алатын ендігі бір үлкен тақырып – оның ағартушылық идеясы. Абай өнер, білім, тәлім-тәрбие ерекше көңіл аударып, жанын сала үндеген ұлы ағартушы ақын. Еңбектің мәнін ашьш, еңбек тәрбиесінің маңызын котере білген ұстаз Абай.
Абай ойынша, адам қоғамның қажетті мүшесі, ол дүниенің кетігін қалауға жарарлық кірпіш сияқты. Озінің орнын тауып, өмірдің керегін асьш, елі үшін еңбек еткендей азамат болуға тиіс.
Ғылым, білім, еңбек тағылымы дәулеттің ең маңыздысы, асылы болды дсп Абай жастарды салғырсымай, ғылымды меңгеруге шақырады.
Орысша оқуды жактаған, еңбекті бетіне ұстаған Абай, білімді жастардың мақсаты айқын болу керек, ол халқы үшін еңбек етерлік азамат болсын деген талап қояды. Кейбір тілмаш, адвокат болып, шен, сыйлық альш, мал табуды арман етіп, елді бүлінген үстіне бүлдіріп жүргендерді сынайды.
369
"Я тілмаш, я адвокат болсам деген бәрінде ой", — деп жеке бас қамынан аспайтын, мұндай тар мақсаттың мұрат бола алмайтынын айтады, ол үшін оқитын жаста түбегейлі мақсат болуы керек деп ескертіп, жастардың алдына дана адамдарды Әл-Фарабиды және Баласағүни Жүсіпті, Махмұд Қашқариды, Қыдыргали Қосьшұлын, Салтыков-Щедрин мен Л. Толстойды үлгі етіп ұсынады. Соларды елі үшін еңбек етерлік ұлы адам болуды окушы жастар алдына биік мақсат, зор нысана етіп тартады.
"Еңбек етсең емерсің" деп даналық нақыл ұсынады. Ғылым жолы оңай жол емес, соқпақты шаткалды қиыи жол дей келіп, Абай соған қарамастан талмай еңбек етіп, зор ынтамен іздеген адам ғана ғылымды меңгере алатынып ескертеді. Ол өзінің өлеңдерінде жас кезінде коп оқи алмай, коп нәрсені ескерусіз өткізіп алғанын айтып өкінеді, жастарды уақытын бос откізбеуге шақырады. Өзінің "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" — деген өлеңінде Абай ең алдымен өзін жаңа үлгідегі ақын етуге жәрдемші болатын ғылымның жайын сөз етті. Жасында оқыған оқуын анық ғылым емес деп танымайды. Ендігі Абайды арман етіп, "мақұрым қалдым" деп көкірегін қарс айырғандай арман ететін мекені мәлім. Бұл орыс мәдениеті, соның ең жарық, жарқын идеясы үлкен өрісі, өнімді жолы. Бұл ресми Россияның қазақ жасына сол кезде аз-аздан бере бастаған шалағай шағын оқуы емес оның не берері мәлім. "Қызмет қыл, шен ал, дейтін ғана әрі тсріс, әрі шағын торбис екінші Россияігыд зор ағаріу-шылық жонс олсмдік қасиеті бар терең ғылымын жақтайды. Өзі үшін ғана емес орыс мектебіне берген баласы туралы да осылай ойлайды. Ең алдымен "білім ал" дегенде "орыс халқының шын зор өнерін үйрен" дейді. Сонымен танысып, өсіп бол да, "халыққа пайдалы басшы боп қызмет ет!" деген ұлы жол тартады. Қызмет кылып шен алуды енді Абай қасиет емес мін санайды. Колем аз ғана өлең болса да, "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" деп Абайдың бұл уақытқа шейін жазған өлеңдерінен мүлде бөлек. Енді өзі бірталай оқып осіп, бар өмірін қайта ойланып, қатты сынап, мінеп өткен ойшыл ақынды көреміз. Білген сайын жеткеніне місе қылмай, азсынып, зор ғылымға ұмтылғанын көреміз. Өзінің арманымен іздеп тапканын, болашақ буыннан шыққан қазақ жасына ағалық өсиетпен ұғындырылып келеді. Анық үлкен жолды іздеп табуда өзінің кешіккендік өкінішін айта отырып, ол жастарды ойландырмақ. Тура жолға ерте күннен, жас шағынан түссе екен деп баулымақ
370
болады. Бұл шығарма енді халықтық, адамгершілік, ағартушылық еңбек- құмарлық жөнінде үлкен қиялға қарай жол тартқан жаңа ақынның ашық бейнесін көрсете бастайды.
Азамат ақынның зор идеясын бастаған өлең сол "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" болса, енді осыған жалғас 1886 жылы туған толып жатқан тың өлеңді көреміз. Соның ішінде жас буынға арналған "Интернатта оқып жүр", "Ғылым таппай мақтанба'". "Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат" деген сияқты өлеңдер бар. Солардың ішінде жас буынға арналған "Интернатта оқып жүр" бұл өлеңде сыншылдық та көп, қоғам үшін қамқорлық озған ой да мол.
Абай интернатта оқып жүрген қазақ балаларына жүрегі елжіреп жас буындар, жас өркендер осылар деп қуантады. Міне, сұңғақ бойлы, сымбатты, бес саусақтай өрім, білімге құштар жас балалар иін тірен келе жатыр. Қазақ жастарын білімді меңгеруге шақыру өлеңінің өзі мазмұнды. Сонымен қатар ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына мұндай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе — Абайды бәрінен де көбірек толған-дырады. Абай қазақ жастарының ынталы оқып, білім шыңьша ұмтылуын армандады. Өмірде дұрыс жол таңдап алудың, адал және лайықты еңбек етудің маңызы бар екедін де атап көрсетті. Халық-ағарту тақырыбы Абай шығармашылығында бұрын-соңды болмаған, шын мәнінде орасан зор әлеуметтік мазмұнға ие болды. Халықты ағарту, білімді тарату ісін ол адамдарды қандай да болсын әлеуметтік кеселден азат етудің қуатты құралы деп түсінді. Абай ескілікке сену әдетінен, топастықтан бойы жоғары тұрган, білімді адамдарды аңсады. Ол надандыққа қандай ла болсын теріс, кертартпа ықпалға қарсы тұра алатын оқыган, біліммен қаруланган адамды құрметтеу керек деп санайды. Ең алдымен білімді, ғылымды, адамды мақтан тұтуға лайықты. Ол үшіи адам еңбек сүйгіштік, мақсатқа жету, кішіпейілділік, мейірімділік сынды өнегелі қасиеттерге ие болуға, өтірік айту. жалқаулық, мақтаншақтық сияқты дерттерден аулақ болуға тиіс.
Жастарға арналған өсиет өлеңінің ой жағынан көрнекті біреуі — тағы да осы жылы туған "Ғылым таппай мақтанба". Ел ішіңдегі жас желеңге Абайдың көп ой қорытып айтқан мағыналы және мәнді өлеңі осы деуге болады. Мұнда Абай адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы — ғылым дейді. Осы өлеңнің әр кезінде сол ғылымды Абай шақ, шағын дүние деп бағалайды.
371
Абай адамға керекті, керексіз нәрселерді санап берді. "Тілеген өмірің алдында, оған қайғы жесеңіз" деп жастарды келешекке сендіре сөйлейді. Одан кейін адам болам деп талаптанған жасқа ескерерлік, ең қажет "бес нәрсе" бар. Олар талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Ғылым тапқап жас болса, ірі адамгершілікке ие болсын, еңбекке үйренсіп, азамат деп айтарлық ар иесі болса, ол шын мағындағы қасиетке жетуге талпыну керек. Сондықтан ойы жетіп, адамдығы өскен жас, өзінің досы деп бес асылды таңдасын дейді. Гуманист Абай, ағартушы, әлеуметтік ағасы болган ақын сол бес нәрсені санағанда, ең алдымен талапты атайды. Еңбекті уағыздайды.
Содан соң еңбек, терең ой, қанағат, рақым деген сияқты адамгершілік-тің сипаттарын санайды. Надандыққа бой берме, шын сөзбенен өлсеңіз, дегенде жаңағы қаранғы топты өзі тәрбиелеп отырған жас буынды бөліп алмақ болады.
Оған қарама-қарсы қашық болар бес дүшпан бар; олар өсек, өттірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ — деп көрсетті.
Қызмет қылмай мал таппай,
Ғылым оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады, —
деген өлең шумағында ақын мақсатсыз құр селтең деп жүргендерді сынап өтеді.
Тағы да жас буынға осы жолда арналған сөздің бірі -"Жігіттер, ойын арзан" деген ұзақ өлеңі. Бірақ ішіне тіршілік шындығы, күндегі өмір куәліктері көп кірген ұзақ өлең болғанмен, бұл соңғы шығарма жастарға арналған жаңагы олеңнен идея жағынан төмендеп түседі. Онда қазақ жастарының саулығына, үй-іші тірлігіне, бір-бірімен кездескен мәжіліс еңбектеріне көіі көңіл бөле отырып, ақынның әсіресе көп мән беріп айтатын ойы — достық жайында.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
Жолдастық, сүхбаттастық — бір үлкен іс,
Оның қадірін жетесіз адам білмес.
Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ,
Кажымас, қайта айнымас қайран тату!
деген сияқты ойларды шешендік, ақылгөйлік түріңде әсіресе баса айту - бұл өлеңдегі Абайдың ағалық, ұстаздық ниеті. Бұндағы үгіттеп отырған оқушылары да аса жастар емес, жігіттікке, үй-іші тірлік кісілікке ілініп қалған өскелең жастар. Солардың арасында адамгершілік, адалдық, достық мінездерді жол етіп ұсынады.
372
Еңбек тағылымдары
Абай творчествосының келесі мәселелері — білімге, еңбекке әділеттікке шақыруы, надандыққа, артта қалу кесапатын айыптауы, алауыздық пен керіс- тартысты, өкімет билігін теріс пайдалануды әшкерлеуі – осының бәрі өлең-жырының өзегі болып айрықша ақынды қуатпен айтылады және осы идеялар ақын шығармашылығының ең басты мәселелеріне жалғасып, солармен тұтасып, халықтың тағдыры, бүгінгісі мен келешегі поэзияның өмірдегі алатын орны туралы ойлармен сабақтас өріледі. Өйткені Абай өлеңдерінің басты тақырьштары, идея нысанасы ұлы ағартушылық әлеуметтік прогресс үшін, халықты өнер-білімге жеткізу үшін күресу максатынан туады.
Табандылықпен, қажырлылықпен еңбек ететін қарапайым адамның адамгершілік қасиетін қастерлей отырып, жігерлілік, мақсатқа жету, әділеттілік сезімі, ой тереңдігі сияқты қасиеттерді даралап көрсете отырып, Абай өнбес іске, ойын-күлкіге мәз болып уақытты бос өткізушілікті жел сөзбен, өсек-аяңмен т.б әуре болын жүрген адамдарды сынады.
"Сегіз аяқта" Абай шығармашылығының көптеген шығармаларына тән аса маңызды ерекшеліктер өмірді көрегендікпен тани білуі, шындық пен әділетті сарыла іздеді, халықты "түзу жолға" — мәдени прогрестік даму жолына шығуға шақыру сияқты аса маңызды идеяларды таныды.
Абай балалардың ғылымға деген ынтасы мен талабын өсіру қажет, олай болмағанда білімге жетіліп те болмайды деп көрсетеді. Ол жастарға байлықты көксеме, арды көксе, көбірек білуге ұмтыл деп талап қояды.
Кітапта білім көіі, — дейді Абай, - оны оқьш үйрен, шен тағып, шекпен киіп, кеудеңді көтеруге құмар болма, жан отыңның жалынын сөндірме, ұлыққа жағамын ден төмен-шектеме, ғылымның жолы — қия жартас, бірақ адал еңбегіңмен өнер-білімге өрлей бер, адал бол, әділ бол, Абай нақылы осындай.
Қазақ халқының арасында оқу-ағарту ісінің дамуына үкіметтің мүдделі емес екендігін, екінші жағынан алғанда, оқуға кедей балаларының түсе алмайтынын көрген Абай: Балаларды оқыту шығынын халық өз мойнына алуға керек деген қорытындыға келеді. Мектепті жалпы білім беретін және тәрбие беретіп маңызын еске ала отырып Абай жасөспірім буынға мектептік білімді жүйелі түрде беру керектігін айтты. Адамның адам болып қалыптасуында тәрбие мен оқу-білімнің шешуші рөлі болатынын
373
ол жақсы түсінді. Ол былай деген болатын: "Егер мен әкім күші қолында болса адам мінезіі түзетуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім" — дейді.
Озінің пікірлерінде, практикалық қызметінде Абай нағыз педагог ретіндс көре түсті. Ол жастарды тәрбиелеу ісіне үлкен көңіл бөлді. Өз басы балаларын оқытуға үнемі назар аударды, оларды тексеріп, алған білімін сынап, көп уақытта олардың оқуына көмектесіп отырды.
Абай білімді саналылықпен игеруді талап етті. Ол дүрелік тәртіптің орнына ақылдан туған саналы тәртіпті ұсынды, балалардың сана-ынтасын дамытуға коңіл аударды.
Абай - ғылым және еңбек туралы
Ғылымға құмарлық, істі шөліркеп қолға алу өнер-білімді үйреніп қажетті шарты болып табылады. Білім ойдағыдай және берерліктей үшін Абай орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский сияқты, әуел бастан оларды ана тіліне, ақиқат ғылым, білімдерге үйретуді, ал содан кейін барып шет тілдерді, соның ішінде араб, парсы тілдерін оқьпуды ұсынды.
Ғылымды үйренуге алыс-беріс тұрғысынан қаруды Абай теріскен. Ол балаларға ең алдымен жалпы білім беруді ұсынды, демек, бұл — оның ақыл-ойын, дүниетануын және жалпы мәдениетін дамыту керек деген. Бірақ сонымен қатар ол табиғат сырларын тануға, табиғат күштерін адам еркіне бағындыруға бағытталған ғылымды үйренудің практика маңызын жоққа шығармайды. Бірақ ол ғылымды үйренудегі ұсақ кәсіпшілдік пен майдагерлікке қарсы тұрады.
Ғылымды үйрену материалдық дүниені дұрыс түсінуге көмектесу керек, ал адамды жетілдіре түсуге тиіс. Бірак, бар-жоғы осы ғана ғылымды үйренудегі негізгі мақсат — табиғат күштерін қоғам мүддесін бағындыру, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығы мен сауданың өркендеуге көмектесу, озат орыс мәдениетін меңгеру, міне, Абай ғылымды үйрену мақсатын осы тұрғыдан түсінеді.
Оқыған кезде білімнің тереңіне сүңгуге талаптан. Даушарда ғана күшімен жарқырау үшін оқыма. Даудан білім туатыны рас, бірақ оған салынып кетпе, оны өлшемімен қолдану керек, деді Абай, — нағыз ерлік тұрғыда туған айтыс қана шындыққа жеткізеді, бірақ ондай адам көп білімді керек етеді, онсыз айтыстан пайда жоқ.
Көптеген шығармаларында білімге жетілу туралы айта келіп, Абай
374
жастарды үстірттіктен ғылымға жеңіл-желпі, үстірт қараудан сақтандырады. Ғылым — биік мұрат, сүймеген берілмеген жанға ғылым қонбайды, оны тиянақты түрде сабырмен, салмақпен, табандылықпен үйрену керек. "Егер ақиқатты тапсаң, өлсен де одан айырылма", - деді Абай. Біздің білімдеріміздің көздері - материалдық дүниені бейнелейтін түйсікті қабылдау болып табылады. Бірак, адам сезімдік аңғаруларды тиісті електеп өткізу, сана арқылы ғана ақиқатты таниды. Ақиқатқа жету жолы ұзақта, қиыр да. Алдында белгілі айқын мақсат, сол максатқа жетер деген сенім мен құмарлық болғанда ғана, соған сәйкес білімнің болса ғана ақиқатқа анықтан тануға болады. Осындай жолмен табылған ақиқат деректі де, баянды да болады.
Абайдың өз басы жалынды гуманист болды. Ол өз халқы үшін өмірлік еңбек етті, қайткенде туған еліне пайда келтіруді көкседі. Адамдық оның барлық шығармаларына арқау болып отырды. Әрбір шығармасының алдына қойған мақсаты бар.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
Не туралы жазса да, ол әрқашап халыққа білім беруді, оны адамшылыққа тәрбиелеуді, оның материалдық ауқат-күйін жақсартуды мақсат етумен болды, ол қайда болсын, қашан болсын мешеу қалған туған елін алға бастыруды алдына қойды.
Жас адамдарды гуманизм сезімдеріне, адалдық пен шыншылдыққа, достық пен сүйіспешлілікке тәрбиелеу жөнінде ол ерінбей-талмай айтып отырды. Оның себебі: білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық больш, бір ғана білмектің өзін дәулет білсең және әрбір білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хусур хасил (тыныштық, рахатшылық) болды. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем деп үміттенген құмар, махаббат пайда қылды. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңіл жақсы ұғып, анық сөз, суретімен ішке жалғастырып алады.
Ғылым іздеудің жолы — жарыстың жолы деп ойлаған Абай, ғылымға жарысушыларға мынадай ақыл айтады: "Білмек үшін үйренбек керек, бақаска (жарыққа) бола үйренбе, азырақ бақас көңідді пысықтандырмақ үшін залалды емес, көбірек бақас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бақасшыл адам хақты (шындықты) шығармақ үшін ғана бақас калмайды, жеңбек үшің бақас қалады. Ондай бақас хүсідікті зорайтады, адамшылықты зорайтады, бәлкім азайтады".
375
Үлгісіз, жетектеушісіз, құрғақ талаппен адамның ғылымды меңгере алмайтынын Абай жақсы біледі. Сондықтан ол қазақтың окуға талабы бар жастарына:
«Ғылым болмай немене,
Балалықты жеңсеңіз,
Болмасаң да ұқсан бақ,
Бір ғылымды көрсеңіз.
"Ондай болмақ қайда" — деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз", — деген ақыл айтады.
Абай оқыту жүйесі әсерлі табысты, балалардың ақыл-ойларын
дамытатындай болу керск, - деп санайды.
Ақын түйсік пен сезімді аңғаруды, еске түсіруді, көңілге тоқуды ойлауды, ақылды немесе сапаны — осының бәрін адамның ақыл-ой құбылыстарына жатқызады. Адам сезімдеріне көңіл күйінің "жылылығын", қуатпен қайратты, құмарлық пен махаббатты және басқаларын қосады. Ақыры қайрат, жүректі бірдей ұстағанда ғана адамда ерік күші берік болатындығын, осылай етуге тырысу керектігін алға тартады. Қайрат пен ақыл-ой, сезім — бәрі бірлікте бола алмаған күнде, адам онда жүректің тілін алсын, яғни сезімнің айтқанын істесін, билік те, тізгін де соның қолында болсын. Ол ақылды дұрысымен бастайды, қайратты пайдалы іске жұмсайды, — міне Абай осылай толғайды.
Абайды бұл пікірлері орыстың ұлы педагог, әрі психолог К. Д. Ушинский көзқарастарына да жанасады. "Жапырағы қуырған ескі үмітпен" деген өлеңінде Абай, адам қажымай-талмай ойлауы керек, өйткені ой жұмысы үздіксіз қызмет өткен-де ғана бір ойдан екінші ой туып отырады деп айтады. Ойдың ерекшелігі сол — әрқашан дүниені тануға қарай талпынады.
Ақыл-ой дүниенің мәнін ашьш береді. Акыл-ойдың ерекше қасиеттерінің бірі - білімге талпыну. Өйткені білімсіз өмір — тұл, ол адамның өзіне емес, көптеген адамдарда білімге талпынудың жоқ екендігін назалап айта келіп, Абай мұндай адамдарда сана жоқ, олардың хайуаннан айырмасы аз, олардың көзі көргенмен, көңілі ұйқыда дегенді айтады. "Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды". Құр дүниені көреді, бірақ көргенінің дүние екенін сезбейді" — дейді Абай.
Тек терен ақыл мен күшті қайрат қана адамды әр алуан залалды іс сақтап қалады, кеселді іске көлденең тұра алады.
376
Адам әрқашан еңбек үстіндс болуы керек, кідіріп қалудан барьш, адам мерт болады. Ол өзінің акылына, алған дағдысына, өнері мен ойына өріс беріп, жетілдіріп, жол ашып отыруға тиіс. Егср бұл қасиеттер ұзак, уақыт бойына құрғак. күйдс, қозғалмай тұралап қалса, онда олар жөғалып кетуі ықтимал, жоғалғанда мен жоғалдым деп айтьш жоғалмай солай болғанын адамның өзі аңғармай қалуы мүмкін. "Жан куатымен адамның тапқан өнерлері де күндс асады. Көп заман тексермесең тауьш алған онеріңнің жоғалғандығын және өзіңнің де мсзгілден бір басқа адам болып кеткеніңді білмей қаласың, онан соң қайта кәсіп кылуға болмайды".
Адамның жүректен аяулы жері жоқ. Рақымдылық, адамгершілік, мейірбандық — жүрек қасиеті.
"Жүрек ізгілікке бастайды, зулымдықтан қашады: жақсылык біткен — кішіпейілділік, әділеттілік, ізгілік, сезгіштік, тағы тағылар соған тән. Тіл жүректің айтқанына қожа жалғап шықпайды. Ерлік те, батылдылық та жүрекке тән", —дейді Абай.
Қайратқа Абай мақсатқа жету, өнер-білімді меңгеру жолындағы адамның қажетті қасиеті деп қарайды. Ерік, қайрат-адамды қияға алып шығады, өткінші әуестік, жеңіл олжа сияқтыларға адамды ұрындырмайды, ерік, қайрат адамды өмірдің дұрыс жолына еңбск, өнер жолына бұрады.
Оқу процесінде ақыл-ойды дамытудың қажеттігін онсыз білім алуға болмайтынын да Абай көрсетіп өткен. Ойлау мен киялдаудың өсіп-дамуы айналадағы өмірдегі заттар мен құбылыстарды барлық зерттеліп отырған нәрселерді терең және жап-жақты білуге мүмкіндік береді. Ақылды адам заттардың да, құбылыстардың да тереңдеп ішіне кіріп алады, олар жөнінде дұрыс бағалау жасайды, дұрыс ой қорытындысына келеді.
Білім алу жолындағы кеселдердің бірі қамсыздық болып табылады, онымен аяусыз күресу керек. Азғындык пен қамсыздық – халықтың да, ақыл-ойдың да, ардың да жауы. Қамсыздық адамды мұқалтады, оны мақсатқа жету жолында кесе-көлденең жеңугс келгенде еңбек етеді. Қайраты күшті, мінезі берік адам ғана білім алу жолында зор табыстарға жете алады. Білім оңай колға түспейді, оған тиянақты еңбек иен зейін қою нәтижесінде ғана жетуге болады. Білімнің еңбегі үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру керек.. Бойында бар біліммен қолыңнан келетін іспен ғана қанағаттанып қоймау керек. Өз білімін толықтыруға талаптанбаушылық білімі молырақ өзгеден үйренгісі келіп,
377
мақтаншықтық пен жалқаулық жемісі. Уақыт зымырап өте шығады, өмірдс де, ғылымда да алға басып, қальш қоймау үшін адам өз білімін, үштап, өткірлеп, жетілдіріп отыруға тиіс. Білім баянды, орныкты болу үшін оны біліп қою ғана жеткіліксіз. Қажет жеріндс іске жаратады, кәдеге асыра білу қажет.
Ұлы ағартушы өз айналасында болып жатқан барлык әділетсіздік, өтірік пен алдауды, жаулықты надандық пен қараңғылықты көрді, міне, бәрі қазак халқын орға жығады, жас ұрпақтардың тәрбиесіне теріс ықпал тигізеді деп білді, ал ұлы ағартушылық бар үміті жастар сондықтан ол халықты, әсіресе жастарды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу жолында күресіп, бар дауыспен қараңғылыққа, ескілікке қарсы майданға шықты. Адамгершілік деген ұғым оның әрбір шығармасына дерлік айкын және күшті түрде көрініп отырады. Ол адамгершілік жаулары –дәулеттілерді ұлы тілмен түйреп, келеке етеді, ал жастар өздерін адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге шақырады, ал адамгершілік қасиеттер дегеніміз білім алумен, өнімді, адал еңбек етумен ғана пайда болады.
Әр алуан айла-шарықпен әуес болып, еңбекке қырсыз карап жүрген жастарды көріп, ол бұлардың келешегінен қауіптенеді. Сенімі жоқ серменде, жалқаулыққа, өтірік пен мақтанға берілген, адамдық қасиеттерден ат-тонын ала қашқан бозбалаларды қатты шенейді. Ал,
Осындай сидам жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Қу борбай, сидам етек, сымпыс шолақ, — дейді.
Надандарды Абай терецң ойы жоқ, қайраты жоқ, басқаның ақылымен,
айтуымен күн көрген, терін сатиай, тслміріп көзін сатқан, қамсыз бейшара таяз ойлы адамдар ретінде сипаттайды. "Қайнайды қаның, ашиды жаның мінездерін көргенде", деп олар үшін өкініш білдіреді. "Осы бір арсыз надандар дейді ол, білім бергісі келген мінездер түзегісі келген ақылдан теріс айналады, ондай ақылды теріс тыңдайды. Басында миы жоқ, өзінде ойы жоқ адам адамшылық ақылды арзан санайды. Өтірік-өсек тарату біреуді аяқтан шалып жығу — бұлардың кәсібі осы дейді Абай. Тәжірибе нсгізі — ғылым, даналық негіз — білім. Ал осы ғылымды меңгеру даналық ойға ие болу — оқу мен оқығанды көңілге терең тоқумен байланысты деп түсінген қазақ халқы: "Оқу шала естіні бүтін, бүтін естіні данышпан қылады".
"Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ", "Білімдіге дүние
378
жарық, білімсіздің күні кәріп", "Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы". Өмір тұтқасы оқуда, білімде деп тоншылады.
Бастанқыда бала оқу-білімге өз еркімен үйренгісі келетінін есте Абай оны әуелде кейбір түсіндірумен, баулумен үйрету керектігін айтады. Уақыт өте келе, баланың оқу білімге оқымысы артады, ғылым жолына түседі, сол кезде оның өзі де зсйін қойып оқи беретін болады. Бірақ, адам ғылым туралы құмарлықпен ойлана білгенде ғана, оны тереңдеп халықтың пайдасына жарата аларлық болғанда ғана нағыз адам болған.
Абайдың еңбек тәлімі
"Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың", — деді Абай. "Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қорықпақ керек. Ол: әуелі — надандық, екінші — еріншектік, үшіншісі — залымдық. Надандық - білім, ғылымның жоқтығы, білімсіздік — хайуандық болады. Еріншектік — дүниедегі күллі өнердің дұшпаны. Залымдық — адам бала-
сының дұшпаны".
Абайдың мақсаты — күн көрісте біреуді біреу жемеу керек екенін, кім өзінің адал еңбегімен күн көру екенін, еңбек иелеріне өнерлі, өнімді еңбек атқару қажет екенін жастарға түсіндіру болды. Абайдың өз заманындағы жастарды:
Заман ақыр жастары,
Қосылмас еш бастары.
Бірін-біріне қастықта
Қойнына тыққан тастары.
Саудасы — ар мен иманы,
Қайрат жок, бойын тыйгалы,
Еңбекпен етті ауыртпай,
Құр тілмен мал жиғаны, — деп сөгеді.
Бірақ, бұл кінәні Абайдың барлық казақ жасына артпайтынын
"Құйрығы шаян, беті адам пысықтардан түңілгенмен, "көкірегі сезімді, ойы орамды жастардан түңілмейтінін, оларды жерге кетіп, жалға жүріп, мал тауып келуге", "Қарауышың барында қайрат қылып", жастық жалынын адал еңбекке пайдалануға шақыратынын көреміз.
Абай көкірегі сезімді, ойы орамды жалынды жастарға 'Талайғы кәрі иненің қай тетігін табу туралы мынандай өсиет айтады:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
379
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Тетігін тап та бар калан!!!
Еңбек майданында адал жүріп, әсемпаз болмай, өнерпаз бол, сарайына өзінің білімі сиятын, тетігін тауып каланып, мақсатына жет дейді.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.
Абай өлендері еңбек сүйгіштікке тәрбиелейтін зор идеялы шығармалар. Абай дүниеде өмір сүруде, опы білу де, тану да — бәрі еңбекпен келетін нәрсе екенін түсінеді. Адам өмірі үшін де ол еңбектің шешуші рөл атқаратынын, еңбексіз адамды аздыратынын ескертеді.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын.
"Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас", ''Қардың суы секілді тез суалар" дей отырып, Абай халықты өнерге, білімге, техникаға жетілуге шақырады. Абайдың айтатын өсиеті: кісі еңбегін жемеу, кісі ақысын меншіктеніп байымау, өз күнін өз еңбегімен көру.
"Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тілепбей" - дейді ол.
Абайдың ұғымында шын жақсы адам, — шын мағынасындағы талапты, ізденгіш, тапқыш коғамга да, өзіне де пайдалы еңбек атқарғыш - еңбекші адам. Абай халықты осындай еңбек-қор адамдарды сыйлауға, сүюгс, достасуга шақырады. Мұндай сүю Абайдың сенуіне шын еңбек иесі адамнан ғана табылады.
Абай адамның адамгершілік қасиеттері ішінде еңбек сүигіштікті бірінші орынға қояды, мұны адамның тамаша қасиеті деп есептейді. 0л — жастар алдында айқын мақсат қоя білуі қажет, сол мақсатына жету үшін аянбай әрекет жасап, еңбек етіп отыруы тиіс дейді. "Жас өспірім замандас қапа қылды" деген өлеңінде:
"Еңбегі жоқ, еппенен мал табам деп,
Сендіре алмай, сене алмай сенделеді" – деп
Келешегін жөндеп ойламайтын келеңсіз жастардың іс әрекетіне көңіл толмайды. Абай айтып отырған осындай "ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруді" ойлайтын адамдардың әсіресе жастардың қазір де біздің арамыздан кездесіп қалатынына қынжылуға тура келеді
380
Даньшшан ақын халықтың еңбекке өгей болуы — өмірге огей болуы екі кісінің қолы еңбектеп кетсе, өзі кісіліктен кететінін, еңбексіздік, шектік, жалқаулық екенін айта келіп: "еріншектік — күллі дүниенің дүшпаны", "еңбек қылмас еріншек — адам болмас" деп қорытындылайды. Абай еңбектің көзі өнер екендігін, ал "өнер өзі де, өнерді үйренбек ихсан", деп еңбектің көзін тауып әрекеттенудің қажеттігін, тек осындай жағдайда ғана адамға лайықты жинақылық, ұқыптылық, ептілік сияқты касиеттердің қалыптасатындығын, еңбек берекесінің өзі де осы екендігін айтады.
Абайдың түсінігінше, еңбек — адамның ақыл-ойының терендігін, сезім дүниесінің сұлулығын, ерік-жігерінің тәртіптілігін реттестіретін, бойдагы қайғы-қасірет атаулыны жоятын теңдесі жоқ шипа. Абай адамға белгілі бір әрекетпен айналысқанда, көңіл хошы жоғары болатынын, яғни, адам еңбекпен ұдайы ляззат алып отыратындығын, дұрыс көрсете білді. Сон-дықтан да ол озінің бір сөзінде: "Әрбір орынды қарекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, уайым-қайғыны орынсыз күлкімен азайтпа, орынды қарекетпен азайт, уайым-кайғысыздығына уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды қарекет табу керек" дейді.
Абай отбасы және бала тәрбиесі туралы
Ұлы педагог А. С. Макаренко:"Адам мінезін қалыптастырып, тәрбиелеуде отбасы қоғамдық рөл атқарады" деген болатын. Халық өздерінің мақал-мәтелдерінде де "Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деп, адам келешегі отбасындағы тәрбиеге байланысты философиялық ұғымды білдіреді. Бала дүниеге келген күннен бастап оны оқытьш, тәрбиелеуде ананың рөлі айтарлықтай. А. М. Горький: "Дүниедегі жақсылық атаулы күннің нүрымен, ананың сүтімен адамның бойына сіңеді" — деп текке айтпаған.
Халыктық, педагогикалық дәстүрді зерттеуші ғалым: Г. Н. Волков: "Жас жеткіншекті тәрбиелеуде, әрине барлық адамдар бірдей қызмет етуі мүмкін емес. Отбасындағы бала тәрбиесінде бірінші орынды анасы мен әкесі, сонан соң әжесі мен атасы алады" - деп орынды сынап өткен.
Енді тәрбиедегі отбасының ролі туралы Абай былай деп көрсетті. Ол жастардың надандық пен топастық, азғындык пен бойкүйездіктің мерездері мен уландырмай сақтап қалуда ата-
381
ананың, отбасының, ерекше орын алатындығын айта келіп, өз баласын орынсыз ерке, қылжақпас етіп өсіретін адамдарға қатты паразылық білдіреді. Салғырт, бос буын, суайт, даңғой, дорекі, ұстамсыз, есерсоқ болуды осындай кесір тәрбиенің салдары дейді ол. Бұл жөнінде өзінің "оныпшы сөзінде": Баланың жақсысы — қызық, жаманы — күйік, өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, баланың күнәсінә тағы да ортақ боласың".
Әуелі балаңды өзің алдайсың: "Әне оны берем, міне, мұны берем" - деп. Басында балаңды алдағанына бір мәз боласың. Соңында балаң алдамшы болса, кімнен коресің?
Біздің арманда әлі күнге дейін Абай айтқан ақыл-кеңесті ескермейтін, не ескерсе де оған мән бермейтін ата-аналар кездесіп қалады. Мысалы, ондайлар балаларын жастайынан еңбек етуге, еңбекті ерте білуге баулудың орнына олардың құлағының құрыш етін илеп, босқа елпілдейді. Баласы бір нәрсе істегісі келіп талпынса-ақ болды, "Бұл сенің қолыңнан келмес, жаным, үлкейгенде істейсің ғой" деп жолын кес-кестейді. Әрине, мұндай пікірді дұрыс деуге болмайды. Олай болса, ұлы ақынның осы айтқанымызға орайлас келетін ақыл-кеңес, өсиеттерін унемі еске алып, жас буын тәрбиесінде оларды ретімен пайдаланып отырғанымыз абзал.
И.Г. Песталоции: "Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен бастау керек. Баланың дүниені түсінуі отбасында басталып, мектепте әрі жалғастырылуы шарт" — деген қағиданы ұсынады. Абай жастарды тәрбиелеудің әр алуан жолдары мен тәсілдерін ең алдымен үй ішінде, мектепке тәрбиелеудің жолдарын көрсетті. Балалардың дүниеге көзқарасы мен мінезінің қалыптасуына отбасының аса зор ықпалын еске ала отырып ол ата-аналарға ең алдымен өздерің дұрыс тәрбиелі болыңдар деп талап қояды. "Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ" отбасында, елде ортада жан сүйсінер жаңалық, жарқ еткен жақсылық бар дегенге кім сене қояр екен" - дей отырьш Абай, жастарды бірлікке, бауырмалдылыққа, достыққа тәрбиелеуге шақырады.
Еңбек пен еңбек тәрбиесі жастарды
достыққа тәрбиелеу туралы
Абай қазақ жастарына көреген және сақ бол, тасқын сезімге қүлшы болма, аяғыңды аттамас бұрын ойлап қарап, ақылға сал деп кеңес береді. Ақылыңа сабырың жолдас болсын дейді Абай. Қырағы болу керек, жауға тізгін беріп қойма, жауды аяған жаралы қалады дейді ақын.
382
"Досыңа достық қарыз іс.
Дұшпаныңа әділ бол!
Асығыс түбі өкініш,
Ойланып алмақ — сабыр сол".
Адам өмірінде достықтын маңызы бар. Ақын Абай талас-тартыс руаралық, қақтығыс қазақ халкын тозғындатады деп білді. Еркіндік пен шындыққа қазақ халқы бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарғандай достықпен ғана жете алады, — деді ол.
Ол жастарға әділ достықты, қалжыңсыз, бүкпесіз достықты тіледі. Достық — өзара сыйластық, өзара сенім, өзара берілгендік адалдық деп білді. Бірақ досты таңдай білу керек, дейді Абай, дос дегенім қас болып шығып, өмір бойы өкінішке қалып жүрме". Кейбір достар уакытша дос, ондайлар бүгін дос, себебі сен жақсы жағдайдасың, ертең дос емес, өйткені, сен тығырықта тұрсың, мұндайлар достығы — сатымсақ достық. "Жаман достан көлеңке басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың" (303). Сондықтан жамандыққа сеніп қапы қалма. "Досы жоқпен сырлас, досы көппен сырлассаң қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол" дейді Абай.
Жаман дос сенің сеніміңді пайдаланып, өзіңе ор қазады, отқа итермелейді. Тек ары бар, ұяты бар жанға сену керек. Абай балалар достығының ерекшеліктері туралы айтқан. Ол: балаларда нағыз достық болмайды, олардың достасуы да, бұзылуы да одай. Сондықтан көбінесе болатындай балалардың ұрыс-қағысына араласпау керек. Олар кіммен болса да достаса кетеді.
Ұлт мәдениетінің көркеюі — халықтар теңдігі мен достығы саясатының, олардың жігі ажырамас туыстығының нәтижесі екенін, бір халықтың мәдениеті, екінші бір халықтын, мәдениетін еңселеп басьш тастамайтынын, қайта онымен қоса қолтыктаса көркейіп, өнімді боліп түсетіндігін және өз тарапынан бойында бар барлық жақсылық атаулыны баурап мәдениетке бүкпесіз беріп отыратынын біздің өмірлік болмысымыз айдан анық дәлелдейді.
"Алысты болжаған терең ойдан, үлкен сарынның ақыны Абай алды-артын шолып, қазақ халқының жалғыз әдебиеті емес, бүкіл рухани мәдениетінің келешегіне жен сілтеп кетті".
Ұлтына ұлттық көзбен қарау бар. Ұлттық көзбен қарау — ұлтын сүю, бірақ оның жаманын сүю емес, жақсысын сүю. Дүние жүзіндегі барлық ұлттардыд мәдениет саласына өрлеуі бір деңгейде емес: біреуі жоғары, біреуі төмен. Қай елдің, қай заманда, мәдениеттің қандай сатысында тұрғанын біз тарихтан жақсы білеміз
383
Шын мағынасында ұлттық акын, жақсы көргенмен, дүниежүзінің мәдениет жарысында, өз ұлтының алдыңғы қатарда жүрмесе, әрине, оған риза бола алмайды. Сондықтан біз Абайды халықтык педагогиканы — ұлттық мәдениетті, тәрбиені жырлаған ұлттық ақын, қазақ халқының кошпелі тарихы неге өзгермей келді? Неге ол Еуропа мәдениетіне жете алады деген мәселені алға қойды. Халыққа түнектен, тұйықтан шығар жол, тұрмысын оңдар өнер іздеп. Абай шығысқа да, батысқа да көз жібереді. Ол: Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім, — дейді.
Көшпелі тұрмыста көпшілігі сауатсыз өмір кешкен қазақ халқы Еуропа мәдениетіне бастау үшін өзі еуропаша мәдениетті болу керек. Осы мәдениетті біраз меңгеріп, өзіне керегін одан алған Абай халықты сол мәдениетке жеткізуші құрал ғып көркем әдебиетті қөзғағысы келгенде, жаңа мәдениетке лайықты жаңа мазмұнды, жаңа түрлі әдебиет жасауға тырысады. Сондай-ақ, халықтық педагогиканың үлгілерің өз олеңінде желі ете білді.
"Абай әдебиетті идеялық, көркемдік жаңа биікке көтере отырып, оқушысына идеялық, эстетикалық және еңбек тәрбиесін беруді, басқаша айтсақ, әдебиеттің "өмір оқулығы" ретінде атқаратып қызметін арттырады бірінші мәселе етіп қояды. Оқушысын озық мәдениетке, өнер-білімге адал еңбекке шақырьш, оның бойында шынайы адамдық қасиеттерді тәрбиелеуге, жамандықтан қашьш, жақсылыққа ұмтылушылықты қалыптас-тыруға тек өрісі биік әдебиет пен халық педагогикасының тағылымы ғана ат салысатынын ақын терең түсініп, өзі өмір бойы сол жолда ізденеді.
Абай өзінің қарасөздерінде адамгершілік мәселелерінен: ол адамгершілік, әлеуметтік, ағартушылық ойларын айтуда, Абай педагогикалық жақсы әдісті қолданады. Оңайдан қиынға қарай, жакыннан жыраққа қарай қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Сатыльш отырьш үгіт-өсиет асырады, еңбекке үйретеді. Сонда да тыңдаушысы туралы Абайдың күдігі көп. Кейбір терең өсиет озғын ойлар бұның тыңдаушыларының санасына жетпеуге мүмкін. Сол себепті, өлең сөздерінде қызықтап, тереңдеп айтылған кейбір ағартушылық, адамгершілік үлкен ойларымен қоғамдык тартысына қайшылықтарын ашатын оның шыншыл және күшті азаматтық сыңдарын, мынау қарастырудерінде оңайлатып, азайтьш, қысқартып айтады тұжырым жасайды.
384
Абай тәлімі - еңбек пен саналылық туралы
Қарасөздердің ішінде, тағы бір қайталай түсетін тақырып — дін, адамгершілік, тәрбие жайларын қозгайды. Олар: он екінші, он үшінші, жиырма жетінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші және қырық бесінші қара сөздерінде. Осы сөздерінде діндік үгітін айта отырып, Абайдың өз оқушысына жеткізбегі — адамгершілік өсиеттер болады. Сол адамгер-шілік қасиетті, адам өзінің жаратылысымен қоса бағалап, түсініксіз деп ойлайды. Сондай түсінік адамды адамгершілік биік сатыға көтерді дейді. Осы кезде Абай өзінің дінін, түн таным жағынан да, адамгершілік қасиеттер турасынан да және адамгершілік тәрбие мақсатымен де анықтап, таныта түспек болады.
Адамгершілік философияның, педагогикалық мұраттары негізін діндегі негіздермен қабыстырып бермекші. Осындай дінмен байланысты діншіл ойларды айта келіп, Абай сөзіне негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой-толғау еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тәрбиелік терең ойларды қозғағанда, айтатын қорытынды түйіндерін осы арада тағы келіп табады. Сөйтіп, оның айқын діншілдік үгіт сияқты танып басталған сөз, ақынның өз үғымындағы үлкен моральдық философиялық тәрбиелік талаптарына келіп қосылады. Үлкен адамгершілік, ақтық, тазалық, азаматтық жөніндегі тәрбиелік ойлар айтады. Он бесінші сөзде мораль мәселесін мінез белгілеріне байланыстыра отырып, әрбір жақсы адам боламын деген кісіге өз-өзіне есеп беру қажет екенін айтады. Он жетінші сөзде, Абайдың өз тұсындағы және Абайдан бұрынғы моралист, педагог ойшылдардың, ұстаздардың коп айтқан пікіріне жана-сарын ой-толғау жүргізеді. Адам жан-жақты, асыл қасиетті болу үшін, оның бойындағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бірдей болып, терең табыссын деген талап қояды. Он сегізінші қара сөзінде және де қысқа қайырып, адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын: ақыл, ғылым, ар, мінез деген ой түйіндеді. Жиырма бесінші сөзінде "оқушы өзі үшін емес, халқы үшін еңбек ететін адам болсын" дейді. Адамгершілік жөніндегі тәрбиелік тақырыпты, Абай отыз екінші ғақлиясында және қырық төртінші ғақлиясында толық дәлелдеп өтеді. Ол: "Адам баласының ең жаманы талапсыз: талап қылушылар да неше түрлі болады, талаптың өзі де түрлі-түрлі болады" дейді. Қырық төртінші сөзінде, тәрбиелік ойдың тағы бір шартын адамның басындағы мінезділікпен байланысты талапқа әкеп саяды. Мінез осылайша топтап
385
тексеру ретінде, тақырьштың өзгешеліктерін еске альш отырып, біз Абай жазған карасөздердің барлығын шольш өттік. Қорыта келгенде Абайдың қарасөздері, оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындық пен қоғамдық құрылыспен, күнделік саналуын надандық, қаншалық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармаларды көрдік. Қарасөздердің бағасы, Абай романындағы жағдай тарихтың шындықты, өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді.
Екінші - Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алып, олардыц ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес. Бұл жағы айрықша таратып, талдауды қажет етпейтін түсінікті жайлар.
Біздің осы күнгі сөйлеп, жазып жүрген әдебиет тіліміздің тарихи жалғыз ғана Абайдан басталады деп кесіп айтпасақ та, сондай сапалы тілді қазақтың жазба әдебиетінде анық биік белге өрлетіп шығарған Абай екені даусыз. Сонымен:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сөзімді, тіл орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, —
дей отырып Абай өзінің өлеңдері, қара сөздері аркылы жастарды надандыққа, зорлық, жуандыққа, пәлеқорлық сияқты жаман жағдайларға қарсы күресуге шақырады.
Абайдың қай өлеңің, қай кезде жазған өлеңі болсын шешен тілді, көркем суретті, терең мағыналы келеді. Өленді ермек деп, думан, салдық құралы деп білмей өнер деп, халықты тәрбиелейтін құрал деп біледі. "Абайдың күші халықпен тығыз байланыстылығында. Сонымен қорыта келгенде Абайдың ұлттық мәдениетіміздің барлық санасына жасаған ықпалы орасан зор. Абай XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазак қоғамының мәдени-ағарту жолындағы дамуына да зор ықпал жасады. Абайдың шығармашылығы қазақ мәдениеті, оның ағарту ісімен жастар тәрбиесінің болашақтағы бүкіл даму барысына ықпал етті. Абайдың ақындық өнерін, ағартушылық қызметін, қазақ халқын басқа халықпен жақындастыру үшін аянбай күрескен зор тарихи мәні бар еңбегін мәдениетіміздің көптеген көрнекті қайраткерлері үлкен ілтипатпен, айрықша мақтаныш сезіммен атап айтып, айрықша бағалады". А. Фадеев Абайды қазақ халқының "орыстың патша өкіметін жек көрген, бірақ
386
орыс мәдениетін қастерлеген'' таңдаулы классик-ақын деп атады. Абайдың ағартушылық қызметінің, оның, алдынғы қатарлы орыс мәдениетінің табыстарын меңгеру кезінде жаңа заманның талаптарына сәйкес ұлттық мәдениет байытуға шақыруының Орта Азия халықтары, Шығыстың көптеген халықтары үшін орасан зор маңызы болды. Абайдың тамаша ақындық дәстүрлері қазір жаңа мазмұнға ие болып, жержүзі жазушыларының өнеге етіп, ілгері дамытуы арқылы толысып келеді. Абай қазақтың халықтық педагогикасының негізін салушы ұлы ұстаз.
Шәкерім Құдайбердіұлының тәліми көзқарастары
(1858-1931)
Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері көшпелі елдің бала тәрбиелеудегі тәжірибесін жинап-сақтап ғылыми педагогиканың бастау бұлағы болғаны дау тудырмайтын жәйт. Халықтық тәлім-тәрбиенің ғылыми педагогикадан айырмашылығы онын, тәжірбиелік бағытта екендігінде, сонда, халық тәрбиесі дегеніміз ең алдымен жанұядағы тәрбие тәжірибесі болғанына күмән жоқ.
Ақын ағартушы Шәкерімнің көз-қарастары қыр халқының жас ұрпақты өсіру мен оқытып тәрбиелеудегі талаптарына сүйеніп негізделген.
"Түрік, қазақ-қыргыз һәм хандар шежіресі" Шәкерім өзінің тұлға ретінде қалыптасуына демеуші болған үш кісінің есімін атаған. Солардың біріншісі - үлкен атасы Тобықты руының биі Қүнанбай қажы Өскенбайүлы.
Ерен әділдігімен ел ортасында құрметке бөленген Құнанбай қажының отбасы елге үлгі болып, бала тәрбиелеуде өз дәстүрлерімен ерекше көзге түсетін. Бұл ошақта Абай, Шәкерім, Ақылбай, Мағауия сияқты ақындар дүниеге келді. Шыққан тегіне, дәулет-байлығына мастанбай қажы әулеті балаларының әрбіреуі киіз үйді құру мен бұзу, бүркіт салу, аң аулау, құс ату, ет бұзу, темір-терсек соғу, арба мен сағат жөндеу, бұдан да басқа
387
тұрмыс жұмыстарын атқарған. Үлкен атасы немнре-шөбересінің ақыл-ойын, санасын, мінез-құлқын, қол өнерін халықтың әдет-ғұрпын сақтай тұрын ретімен дамыта білген.
Туған жұрттың өсіп-өнуін армандаған, келешек ұрпақты тәрбиелеу тәсілдерін іздеген, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қамқорлық жасауды көздеген Шәкәрім өзі шыққан отбасының, атасы Қүнанбайдың тәліми тәжірибесін үлгі тұтты.
Атасынан кейін ол ағасы Абайға соның жетелеуімен ержеткені үшін ризалық білдірген. Ұлтының мақтанышы болған ағалы-інілі тек қан жағынан туыс болып қоймай, олардың жан сырлары, рухани ізденістері ұштасын жатты. Әдебиетке біртабан жақын болған Шәкәрім жастайынан ақыл-кені болған халықтың ауыз әдебиеті шығармаларын: жырлар мен өлеңдерді, айтыс пен термені, қисса мен дастандарды көп білуге тырысты. Фольклор арқылы ақын туған даланың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, тарихтын жетік білді десек, дау тумас. Сынды көзбсн қарап қазақ елінің этнопедагогикалық талаптарын өз бойына сіңірді.
Халыктық тәлім-тәрбиеден ғылыми педагогикаға жол алғанының бір белгісі - 19 жасынан бастап Шәкеріминің шежіре жинауға кірісуі. Бұл еңбектің мақсаты тек қазақ рулары мен хандары, жүздері мен батырлары тарихын зерттеп игеру еместін. "Шежіреде" ақын-педагог тарихи оқиғаларға орай өз түсініктерін айқындап, қазақ жастарының тарихи санасын, өзіндік этникалық санасыи жетілдіру мақсатын көздегенді.
Фольклор арқылы ақын қыз бала мен ұл бала тәрбиелеудегі ата-ана рөлін, әке-шешеге деген балалардың сүйіспеншілігін, әйелге деген қамқорлықты, адам өмірінің құндылығы мен маңызын тапты. Ауыз әдебиеті қазақ халқының қоғамдық өмірін қалыптастырудағы, елді бірлікке, жұртшылықты адалдыққа, адамгершілікке баулудағы әсері туралы ол әңгіме етіп тұратын. Жастар өзінің туып-өскен жерлерінде осындай шығармалардың бар болғанын біліп, адамгерлгілікті жоғары дәріптеген туыстарынан тәлім алсын деп ойлаған.
Шәкерім нағыз таза ұлттық ортадан шығып, дана педагогикасы объектісі болып, ұлттық рухтағы тәлімді өз басынан өткізген кезі келгенде ұлттық пен жалпы адамдық педагогиканың субъектісі мен зерттеушісіне айналды.
"Неше тіл білсең - сонша рет адам боласың" дейді халык нақылы. Таза казақы ортадан шыққанына қарамай ақын араб, парсы, татар, шағатай, өзбек, орыс тілдерін еркін меңгерген.
388
Оның лингвистикалық талаптары дүние жүзіндегі елдердің ғұламаларымен таныстырып, солардың демократтық, гуманистік идеяларына сәйкес өзіндік көзқарастарын түйіндеуге мүмкіндік берді. Шәкәрім Шығыс және Батыс мәдениетін меңгеріп, жалпы адамдык кұндылықтарды, соның ішінде этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, моральдық концепцияларды философиялық лирикасында, ғылыми аңсарларында (трактат) шынықтырын
дамытқан.
Шәкәрімнің психологиялық тұжырымдамалары – оның көп жыл бойы Шығыс пен Батыс мәдениетін танып білуінің нәтижесі. Ақынның психологиялық көзқарастары философиялық лирикасында, "Үш анық" және "Мұсылмандық шарты" аңсарларында айқындалган. Психологияға деген кызығушылық оның 1919 ж. қазақ тілінде шыққан психология оқулығына пікір жазуға себеп болды. Ол "жансыры" деген терминді "психология" деп атаған. (Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шығармалары - Алматы, Ғылым, 1988, 340 бет).
Ең алдымен ақынды психологияның философиялық негіздері қызықтырған. Ол өзінің жан туралы түсініктерін философияның негізгі мәселесімен үштастырын қараған. Материя мен сананың қарым-катынасы туралы сұраққа идеализм тұрғысынан жауап бере тұра, бар болмыстың себенкері жаратушы - құдай деп, Шәкерім тек өзіне тән дәлелдерді келтіреді.
Өз заман сай ғылыми көзқарастарға ие болған ағартушы адамның психикалық қызметінің табиғатын ашқанда, таным процестерінің механизмін көрсеткенде діни түсініктерден аулақ болған. Осы орайда айтып кеткен жөн болар: Шәкерім орта ғасырлардағы ұлы қазақ ғүламасы, энциклопедист әл-Фараби және қазақ ойшылы Абай салған жолмен жүріп, солардың ой-пікірлерін дамытса, Шәкерімнің еңбектері Ж. Аймауытов пен М. Жұмабаевтың оқулықтарына жол сілтейді.
Психикалық қызметтің формалары туралы ойларында Шәкерім гилозоистармен панпсихистарға біртабан жақын. Оның ойынша, жан адамдарда да, жануарларда да, өсімдіктерде де бар, бірақ, өсімдік пен хайуанат әлемінде түйсік дәрежесі төмен болады. Шәкерімнің адам танымы мен жәндіктердін, психикасының сапалық айырмашылығы туралы жазған ойлары қазақ қоғамындағы гносеология дамуындағы жаңа сөз, ой-пікір, жаңа кезең және саты ретінде Қазақстанның ғылыми психологиясының негізін қалағаны анықтан анық.
389
Ойшыл-рационалистің ерекше назарын аударған мәселенің бірі - таным процестерінің табиғаты, түп-тамыры. "Біз әр нәрсені денедегі сезімімізбен білеміз. Мұқым барлықтың бәрі жаралыс жолмен еріксіз бар болып жатқанын көріп, біліп тұрамыз... Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы жаман, әр істі сол тексермек". (Шәкерім, Үш анық ).
Ақын-философ шығармаларында таным процестері материалистік диалектикадағыдай белгілі үш дәреже, сатыларға бөлінбеген.
Сонымен, Ш. Құдайбердіұлы халықтық тәлімді сынды електен өткізіп, дүниедегі сан түрлі педагогикалық тұжырымдарды жан-жақты қарастырып, этникалық және ғылыми педагогикалық ой-пікірлерді өзара байланыстырып туған қоғамының қазынасына айналдырды.
Шәкерімнің тарихи, ғылыми, философиялық, психологиялық, педагогикалық көзқарастары Қазақстан ғылымының негізін салған кәсіби педагогтар, психологтар, философтар мен тарихшылардың ойларының қайнар көзі болды.
Жамбылдың тәрбие тағылымы (1846-1945)
Жамбылдың тұңғыш кітабы 1944 жылы "Песни и поэмы" деген атпен орыс тілінде әуелі Алматыда, соңынан Мәскеуде шықты. Толық жинағы қазақ тілінде Сәбит Мұқановтың бас мақаласымен 1946 жылы шықты. Кітаптың беташарыңда бір-сыпыра фактілермен, қазақтың тоқсаннан асқан карт ақыны бас-аяғы бір-екі жылдың ішінде одақ көлеміне қалай әйгілі болғаны айтылғанды.
1936 жылы Мәскеуде қазақ өнері мен әдебиетінің он күндігі болғанда Жамбыл мен Сәкен Сейфуллин екеуі Еңбек Қызыл Ту орденін алды.
Жамбыл бүкіл Жетісу өңіріне аты шыққан дарқан ақын болды. Қазақтың қараңғылық халі қырық бөлініп қаналған мешеулік жағдайы, оның өрісін бұдан әрі жібермеді. Соның өзінде, ізсіз-ошарсыз өшіп қалмай, жер бетіне жарып шығып,
390
жұрт көзіне жоталы дарын иесі екетін таныта алуы, кейін осы қалын дәрежеде Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романына елеулі бір ақындық образына негіз салуы - Жамбылдың көптің бірі емес, ілеуде бір ұшырасатын ерен талант екенінің айғағы.
Баспа жүзінде қазақ оқушысы Жамбыл есімін ең алғаш 1923 жылы Шамғали Сарыбаевтың "Қазақтың революцияға дейінгі ақын-жыраулары" атты мақаласында таныды. Бұдан кейін Жамбыл есімі он екі жыл бойы баспа жүзінде көрінбей кетті.
Бірак, Жамбыл жырынан шылған емес, ешкім ерен көңіл бөлмесе де қарт ақын өз төңірегіне революция заманы, жаңалықтарына әрдайым үн қосып, халқының күрес жолын, бақыт жолын жырлап отырды. Алайда, сондағы жырларының көпшілігі ешкім жазып алмағандықтан ізсіз-түзсіз жоғалып кеткен. Тек 1927 жылы Жетісу жері Түркістаннан бөлініп Қазақстанға қосылғанда шығарған "Қазақстан тойына", 1927 жылғы жер бөліс науқанына арналған "Заман ағымы", 1928 "Өркенің өссін еңбекшім" деген бірен-саран жырлары ғана сақталған. Бұл осы екі-үш жырының өзін бүгін оқып таңдасақ қарт жырау сол жылдары қазақ жеріндегі жер бөлінісін, оның еңбекке байланыстылығын, барлық байлық жер қойнауында деп, егіншілікпен айналысқан бау-бақшамен гүлденген Жетісу жерін жырлайды, халықты қалың жұртшылықты сол жылдардағы еңбекшілердің бірігуін еңбек етуге шақырады.
Еңбекшілерге арналған бұл өлең жырының өзінде еңбекшілерді бірлесіп еңбек етуге, жастарды еңбекке, білімге, тәрбиеге нұсқаған қаншама өсиет өнеге жатыр. Сол жылдары одан кейініректе жазылған "Тарих тағылымы - тәрбие" атты өлеңінде мынадай жыр шумақтары тәрбиенің өмірдегі орнын, сол дәуірдегі және бүгінгі жастарымызды тәрбиенің, еңбектің қүдіретіне тағылым етуге шақырады.
Барлық адам өмірі,
Еңбектен келіп жаралған.
Тіршілік, тыныс, рахат,
Еңбекпен табылған,
немесе енді бір жерінде өлеңнің:
Қуаныш, шаттық қызығы,
Табиғат - байлық ризығы.
Жер, су, шалғын, бәйшешек
Еңбекпен өсіп танылған, - деп жырау бір ғана еңбектің, маңызы мен мазмұнын қаншама жырға қосады.
391
Осының өзі ақынның алғашқы жыр бастауы еңбск пен еңбек тәрбиесі туралы үлкен тағылым болса керек.
Отызыншы жылдардың соңы, кырқыншы жылдардың басындағы ақын өмірінің шырқау биігі деп аталатын кезеңі бастальш, жыр маржанын төгіп, халық даналығын, халықтың дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеп, өсиетті-ұлағатты жырларын жазып, жастарға батасын бергендей болады. Оған мынадай өлең шумақтарын келтіруге болады:
Жастарым жайнап жаңғырған,
Еңбекпенен танылған.
Көз жіберсек өткенге,
Еңбексіз қолың жеткен бе?
Теңсіздік басы байлылық,
Құр сенделдік, қаңғыдық.
Ерінбей адал еңбек ет,
Рахатын тан жаныңның.
Еліңнің аяулы ұлы бол,
Біл бабаңның қадірін, -
деп еңбектің мазмұнын аша отырып, еңбектің түбі еңбек және рахат деген ой түйеді ақын.
Жамбылдың өлең-жырларында патриоттық сезім, тәрбиенің күші бар, тәрбиенің күшіне сенген ақын, тәрбие тағылымын, үлгісін әрбір өлеңнің арқауы ете білді. Қарт жырау Жамбыл бұл жерде өлеңдерін педагог, мүғалім, оқушыларға тура арнап жазбағаны белгілі. Алайда, ол сол өзі өмір сүрген дәуірдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық күйін, жаңа мәдениетін, халықтың, бүкіл қоғамның тарихи дамуын, дәуірге, белгілі бір кезеңге байланысты оқу-ағарту процесінің қалыптасу үлгісін жырына қосты. Бүгінгі педагогикалық тұрғысынан қарап, ақын жырларын талдап, зерттесек, ол адамгершілік, ақыл-ой, дене тәрбиесін, патриоттық, идеялық-саяси тәрбиені, еңбек тәрбиесінің кұрамдас бөлігі ретінде қарап көп жырларында еңбекті, еңбек тәрбиесінен бастап тәрбиенің барлық түрін, еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Мұның ішінде тәрбиенің негізгі категориялары ақылдылық, даналық, адамгершілік, ұлағаттылық пен парасаттылық Жамбыл өлеңдерінің өзекті проблемалар ретінде қаралады, соны жырға қосады. Мұны мына шумақтардан айқын көре аламыз.
Еңбекпен туған елімнің
Ағызып білім бұлағын
392
Адамшылық, даналық
Туғызып ақыл "құрағын".
Өнерім өшпес өмірім
Даналығым, ақылым
Пайда тигіз халқыма
Лапылда, жырым лапылда!
Жастарым жайна, жалында
Еңбсктің тігіп ордасын,
Оқы-оқы, өнер қу қалма қапыда
Бүгінгі ұлы дүбірде,
Бұл да бір сын ақынға
Болашағым ұрпағым,
Лапылда, ошпей лапылда!
Ақын толғаулары оқу, өнер, білімге, келешекке меңзейді, жасөспірімді алдағы өнер асуына, болашаққа, сәулетті де салтанатты өмір сарайын соғуға шақырады.
Жамбыл 1930 жылдардың соңында жазған "Абай жастар жыршысы", "Абайды еске алу", "Абай ізімен" атты өлеңдерде Абайша толғанысқа, Абайша халқын сүюге, жастарды оқу, өнер, білімге шақырады, оларды баулиды, тәрбиелейді.
"Айтыстың арыстаны" аталган Жамбыл өткір, уытты жылдары мен қатар кең тынысты, ұзақ этикалық туындылар шығарады. Айтыстың әр шумағында тіпті әрбір жолында халқының, сол кезеңдегі еңбекші бұқараның мүддесін көздейді. Теңсіздікті, бостандықты, ерлікті, әйел теңдігін жырға қосады. Мұны Құлмамбет, Сарбас, Досмағамбет сықылды үстем тап дәстүрінен, алдымен өзінің ақындық шеберлігі биік тұрады. Мысалы:
Шат елдің шешенімін, даңғылымын,
Шыным сол, правом бұл, заңды мұңым,
Астанам, Алатаудан саңқылдасам,
Жетпей ме, жер жүзіне жаңғырығым.
Сондай-ақ, Жамбыл өзінің айтыстағы ақындық биігін тәрбие тағылымы ретінде жырлайды, оны жастарға өнеге ретінде қалдырады. Тағы да ақынның мына бір айтыс шумақтарын келтірелік:
Тегінде кәрі құлақпын, сұңғыламын,
Сондықтан сұлу сөзді жыр қыламын.
Соғайын сезімменен, "Сұлу Сарай".
Жастарым отарытын 'Тұрақ" болсын, -
деп ақын жастарға өлеңмен, айтыс өлеңімен тұрақ, мекен, бақыт іздейді. Жамбыл адам бойыңдағы адамгершілікті, ақылдылықты,
393
батылдықты жырлай отыра, келеңсіз құбылыстарды, әділетсіздік, орынсыз байлықты әшкерелейді, сьшап-шенейді. Құлмамбетпен айтысында:
Құлмамбет ақылдыкты айт, батылдықты айт,
Елімде орнан қалған татулықты айт,
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Айта алмасаң жайыңа, үйіңе кайт.
Жамбылдың қандай өлең-жырларында болмасын, айтыста, дастан, поэма, жеке өлеңдер жазудағы ақындық дәстүрінде болсын, әйел образы, әйел бейнесі, тәрбие тағылымы бұл тақырыпты жыраудағы ақындық межесі, оның поэзиясының шырқау биігі болып табылады. Мұның әр жолында бүкіл шумақта ақынның адамгершілік этно-эстетикалық ақылға құралған үн бар.
Даналық, парасатты - білімді адам,
Әлемге - ақыл асып құрған саян.
Ақтоқты, Сара, Күләш, Жібек, Баян,
Теңдік іздеп, әлемге болған аян.
Қазақ қызы әр кезде жыр мен дастан,
Салған емес, ешқашан алдына жан, -
деп қазақ қыздарының сонау теңсіз қоғамындағы тағдырын, олардың болмысын, адамгершілігін қандай қиын дәуірде болмасын жоғары ұстаған қазақ қыздары мен әйелдерінің мәртебесін Жамбыл өз жырында жоғары биікке көтере білді. Тарих тағылымын, тәрбиенің тіпті өзінің басындағы үлгісін, өткен өмірін, кейінгіге жас ұрпаққа Жамбыл үлгі етіп ұсынды. Оны былай жырлайды.
Таусылмастай тағылым күнім болсын,
Басында бақыт, өзіңе жырым қонсын.
Тәрбие даналығы басымдағы,
Ұрпаққа, болашаққа үлгі болсын, - дейді ақын.
Жамбылдың тәрбие тағылымдары, өлендерінің өміршеңдігі, өнерпаздың бейнесі жазған өлеңдерінің санымен ғана анықталып қоймайды, поэзиядағы әлі күнге дейін ешкім асып түсе алмаған сапасымен, әсіресе, өнерпаздық диапозонының кеңдігімен, тақырыптарының, қамтыған мәселелерінің әр алуандығымен, сол сияқты ақындық ерекшелігінің жан тебірентерлік күшімен, үлкен ұлағатты тәрбиелік тағылымымен анықталады. Мұны Жамбылдың соғыс аяқтальш, халықты еңбек жолына түскендегі мына бір өлеңінен көруге болады.
Шарықта, шаттан, шабыттан,
Жеңімпаз батыр халқымыз!
394
Жығылды туы дүшпанның
Біз жендік, Жеңіс - салтымыз
Құтты болсын жеңісің!
Жайраттың фашист жендетін
Жеңіп тұрып түстің сен
Жолына бейбіт еңбектің, - деп жырлағанды.
Жамбылдың Ұлы Отан соғысы зардабының әрбір ата-анаға
түскен қайғымен тұстас келгені белгілі. Бұл оның баласы Алғатайдың соғыста қаза табуы еді. Баласы Алғатайға арнаған жыры күні бүгінге дейін сақталып, тарих бетінен табылса, тағылым ретінде арнаулы орын алады. Онда ақын:
Алатауды айналсам,
Алғатай сені табам ба?
Қаратауды айналсам
Қалқатайды табам ба?
Сарыарқаны кезсем мен
Сарғайып босқа қалам ба?
Жасым жүзге келгенде
Мұндай суық хабарды
Естісем нетті - "өлгенде"
Мүң-зар қайғы-қасірет
Бермесін еш пендеге! - деп күңіренеді ақын, бұл от басы
тәрбиенің балаға деген әке ғұмырының, әке құшағының айқара ашылуын, арман еткен баласының жоқтауының зары-мұңы, жоқтауы-қайғылы жанның шеруі еді.
Жамбыл жаңалықтың жаршысы болған. Қарт жырау күнделікті айнала ортаны, көзімен көріп құлағымен естігенін өлең-жырларының арқауы ете білген. Соғыстың соңғы жылдарының бірінде Мұхтар Әуезов пен Ақжан Машанов Жамбылдың үйіне, көңілін сұрауға барады. Дәл сол кезде әл-Фараби кім дегең мәселе әдебиетшілер мен ғалымдардың, қазақ зиялыла-рының арасында үлкен әңгімеге айналып жүрген кез екен.
М. Әуезов - Жәке сіз әл-Фараби туралы қандай дерек естідіңіз, не білесіз дейді. Сырқаттанып жатқан Жамбыл басын көтеріп, неге білмеймін, білемін. Мен дастан жазып жатырмын - деп мына бір өлең шумағын айта жөнелді. Ол:
Әл-Фараби бабамның,
Даналығын тапқаным.
Жүсіптің (Баласағүн) "Құтты білігін"
Басыма оқып жастандым.
395
Абай бастаған жыр көшін,
Алға апарьш тастадым.
Қыдырғали (Жалайри) мен Хайдардың (Дулати)
Даналығын саралап,
Арқауы еттім дастанның
Ғүламалар ізімен,
Адаспай алға басқаным - деп әрі қарай шыдай алмай, қисайып жата кеткен. (Академик Мұқаметжан Қаратаев естелігінен). Міне, Жамбылдың ғұламалығы, оның тәрбиелік тағылымы көне заман деректерін кейінгі ұрпақка жеткізе білгендігі.
Педагогикалық, тұрғыдан алғанда Жамбыл жырлары, оның тәрбиелік тағылымдары XX ғасырдың басындағы, одан кейінгі кезеңдердегі халықтық педагогиканың негізін қалаудың айқын айғағы. Жамбылдың бүгін орнатып жатқан гуманистік және демократиялық қоғамда ұлт мәдени тілімізге, оның оқу-ағарту ісіне өзінің өлең жырлары арқылы қосқан үлесі, сіңірген еңбегі, тәрбие тағылымдары жастарымызды адамгершілік рухта тәрбиелеп еңбекке баулудың үлгісі болмақ.
396
Достарыңызбен бөлісу: |