77
көне гректерден келе жатқан ғаламның онтологиялық-гнеосеологиялық нұсқасы-эстетиканың қағидаларын басшылыққа ала отырып, қалыптасқан әлемде өмір сүрді.
Дүға оқып сақта деп хан жалынды,
Қолын жайьш, жаратқанға табынды...
Кем-кетікке мал таратты, сүйер деп,
Үміттеніп шарапаты тиер деп.
Күміс егер сақтай алса, Күні үшін-
Кім болса да шашар еді күмісін,
Пара беріп қалса адамдар ажалдан,
Ел жуаны өлмес еді, жарандар.
«Бұл сопылық ағымда, әрбір діни конфессияда кездесетін сыртқы салтанатты шеруге, сыртқы салтанатқа тіксіне қараушылықпен, яғни "құдай адамның жүрегінде болу керек" деген ұғыммен үндесіп жатыр. Дінге маманданудың мағынасыздығы жайлы пікірлердің тууы да бекер емес, өйткені, қарапайым халықты алдап, құдайды тілге тиек етіп мал табу дұрыс емес. Жетісу аймағының қоғамдық ойларын терең зертеген В. В. Бартольд "Жүрегін тілшілдік" (пұтқа табынушылыққа) пікірлеріне бұрып ортақ құдайға деген сүйіспеншілікпен қанағаттану керек" деп жазды. Дін қызметкерінің құдайға деген сүйіспеншілікті байлық көзіне айналдыруы басқа діндерге талқыға түсіп, теріске шығарылды.
Философиялық және көркем ойлауды көркемдік әдістермен жеткізу Баласағүн шығармашылығына үлкен ықпал жасады. Жалпыға маңыздылығымен және шындықка негізделген ғылыми еңбегінің айқындылығымен, суреткерлік шабытпен ішкі арпалысын бір бойына сыйғыза білген терең ой, қуатты қисынмен құнды пікір түйіндеген. Ең бастысы - өмірге асқақ тұрғыдан қарап, оның терең құпияларына үңіле білуі керек, яғни мұның мәні бостандыққа ұмтылыс болмақ. Егер ғылыми пайым жасау қажеттіліктен туындаса, ал көркем шығармашылық шабыт-құдіретін айқын танытады, бар мүмкіндіктердің ішінен таңдауға еріктілікті білдіреді. Күнтуды Одғүрмышты өз халқының мүддесіне қызмет жасауға, тақуалық жолдан шығуға шақырады. Өйткені:
Жараспайды кезбе өмір сүргенің,
Тек ораза, намаз ұстап жүргенің...
Құлшылық қып өз жаныңды бағыпсың,
Өзін-өзі күйттеген жан бақытсыз.
78
Бірақ тақуа өз дегенінен қайтпайды, байлық пен жалған күштің баянсыздығын түсіне отырып, бұл дүниенің әміршісіне кызмет жасағысы келмейді.
Бұл жерде өз деңгейінде тарихта әр кезеңде өзінше қайталанатын тоталитаризм мен демократия күштері әміршілдік пен өзін-өзі жетілдіру қарама-қарсы келеді. "Сенің менен асқап қүдіретің қайсы, маған жан мәңгілігін, мәңгі жастық, берік денсаулық бере аласың ба?" - дейді Одғүрмыш. Тақуаның ұлы шындығы адамдардың бұл тіршілікте құдайды ұмытуға, байлыққа ұмтылуға, өзін-өзі тартыс-таласқа, күпірлік әрекеттерге бүтіндей арнауына қарсы шығып, дүниедегі рухани байлықтарды байьштай қарап, өзінді олардың ішіндегі жаныңа жақынына арнауга уағыздайды.
Ұлы суреткерлер мен парасат иелері осы жолда өсіп қалыптасады. Ниеттеріндегі тазалық, сұлулық, олардың еркіндігі мен адалдығы, қайырымдылық - бұл жандардың туа біткен қасиеттері. Бұл қасиеттер өзара тығыз бірлікте, шебер үйлесімді, бірінсіз бірі жоқ, өйтсе де, үштіктің ішіндегі бастысы - әсемдік пен сұлулық әлемінің аспанында шарықтаған көңіл -шығармашылық құтты ақ-адал және мейірбан болуы шарт. Бұдан туындары - этика этосқа айналып шығармашылықтағы терең адамгершілік мәселесіне тоғысады.
Билік, адамгершілік асыл қасиеттер жерге деген сүйіспеншіліктен, оның сұлу табиғатына сүйсінуден басталады. Туған жердің табиғаты айқын ақын жүрегінен төгіледі:
Қалампырды саба желі таратты,
Күн жүпары кеуледі әлем алапты,
Қаз,үйрек, кіл аққулар қалықтады,
Қиқулап биік-төмен шарықтады,
Қайсысы үшып, қайсібірі қонады,
Бірі ойнаса, бірі суға қонады.
Көкшіл тырна көк төрінен үңіліп,
Сұңқылдайды түйелердей түңіліп,
Серігін іздеп үн шығарып сері күс,
Аңсағанын шақырғандай гөзал қыз.
Қасы қара, қандай қызыл тамағы,
Кеклік сайрап, күліп-күліп алады
Қара шымшық шықылықтап баурайды,
Үні ерке қыз үнінен аумайды.
Шешектерге төгер бұлбұл мың үнін,
79
Оқығандай сыбыр-жыбыр күні-түн.
Гүлзарда мың қүйқылжиды сандуғаш
Күні-түні сайраса үні талдырмас.
Елік-жайран гүл үстінде ойнайлы,
Асқар-киік жұптаса өрін тоймайды,
Қабақ туйіп, аспан жасьш селдетті,
Гүл жүз ашып, күлімдетті жер-көкті.
Өз-өзіне қарай жаһан бұл шақта,
Қуанып, сүйіп толды ғажап нұр-бақа.
Елік Күнтудыға тақуа мұраттарының ықпалы, әзірші Оғдүрмыштан оның философиясының мұрасы, бастау көзі, ойлау жүйесінің зандылықтары жайлы сұрап білгісі келеді. Алайда, бұл сұрақтар толық жауабын ешқашан да ала алмайды., өйткені, әркімде шығармашылықтың қайталанбас тың жолдары бар, әр суреткер дара, ол жалпыға бірдей мәнді, сара жолды, таптаурын сүрлеуді таңдамайды. Суреткер жүрегімен жазады, әркімнің жүрегі қара аша алмайды, оның еркіп самғар көңіл сұңқарын қолбалаға айналдыра алмайды. Тақуа үшін ең бастысы - өктемдік жүргізбеу, ал, бұдан шығары тіршілікке ауадай қажет, өте аз нәрсеге қанағаттану дейді ол. Яғни, бұдан Баласағүн этикасындағы басты ұғым - қанағат қағидасы шығады.
Баласағұн шығармашылығына тән бір ерекшелік -ақиқатты адамның қайырымдылық мұратынан іздеуі. Бірақ, қайырымдылықтың өз төркіні болса керек қой, адам ар-үяты арқылы өзінің кім екенін танытады. Ақиқат пен қайырымдылық өздерін сұлулықтан табады. Өз кезегінде сұлулық ақиқатты ашады, қайырымдылық оны жебейді, деп санады Баласағүн. Оның табиғи зандылық пен тағдыр жазмышын ұйымдастыруға тырысқаны амалсыздан оларды қарама-қарсы қояды. Бұл әлі күнге ешкімнің қолынан келмеген іс еді. Ол табиғилық мәні тағдыр мұраты деп білді. Осыны тұлға ретінде көрсетіп, одан әрі жалғастыру - тарихи тағдырдың уақыт ұзақтығына, хроникаға ұласады. Әйтсе де, себептілік қағидасы саласындағы ғұлама тың жаңа ойлар айтты.
"Құтты біліктегі" дуниетаным мен
педагогикалық тәлім-тәрбие
Баласағүн ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның бірлігі жайлы постулатқа негіздеді. Белгілі төрт қүдірет - от, су, ауа, жер жайлы антикалық мұратқа
80
сүйене отырып, ойшыл әлем осы үш тағанның араласуынан жаралды, ал өмір солардың озара қатыстылығының әрекеттесуі деп түсінді. Бұл ғаламдық үйлесімге ұласатын табиғатты белгілі бір ортақ заңдылықтың барлығын жорамалдады. Коперникке дейін букіл әлем ұстаңған пе-рипаттетикалық физика ғаламда нүктелер бар деп жорамалдады. Әр текті және аназотрапты кеңістікте әрбір дене өз тіршілік орнын иеленеді деп түсінді. Егер бұл кеңістіктен шашау шықса, табиғи жолмен қайтып орнына келуге тиіс.
Ғалам құрылымының орталығы - жер, одан әрі жеті планетаның жұлдыздары орналасқан белдеуі бар. Жер сиякты олар да қимылсыз."Құтты білікте" Сакантір (Сатурн), Оңай (Юншер), Құрұд (Марс), Иашик (Күн), Сәбіт (Венера), Арзу (Меркурий), Иалчик (Ай) сияқты жеті жұлдызының атауы берілген. Ай шарасы әлемді жер мен көкке бөледі, барлығы да үйлссімді, бағыныңқылы субординацияда тіршілік құрады. Бұл Ай астындағы әлемге адамзат қоғамы да кіреді. Бұл қоғам да қатаң иерархия қағидасына құрылды. Космологиядағы төрттаған Баласағұнның әлеуметтік философиясына ауысады. Бірақ олар әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде аталды және "Құтты біліктің" торт кейіпкерінің бойына жинақталды. Егер бүгінде экология мәселесіңде табиғат, қоғам және адам қарастырылса, ойшылдың Ғалам. Қогам және Адам мәселелерін зерделеуі адам өмірі мен табиғат заңдарының ортақтығы жайлы, олардың қатар өмір сүруге; мүдделілігі жайлы еріксіз ой туғызады. Сондай-ақ, ғалам құрылымындағы жеті жұлдыз адамның жеті мүшесіне көшті. "Тән (самость) егер жеті мүшеге (органның барлығы да) өз ұнасымын тапқапын көреді".
Ұлы ғалам мен микроғаламның тұтастығы, парапарлығы Баласағүн гносеологиясының өне бойынан өз көрінісін тапты. Сан символикасы ортағасырлық танымныд әлемді де адамды да тануында ерекше мәнге ие болды. Жеті жұлдыз, жеті мүше, оған қоса "геометриялық әдістің жеті арқаулық көкті қиып өтуі", кейіннен қоғам өмірінің математикалық әдіспен зерделенуі Спинозаның атақты "Этикасында" қайталанады. Онда да аксио-ма, постулат, теорема, схолиялары бар зерттеуінід геометриялық сипаты берілген. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына сенген Баласағұн белгілі дәрежеде рационалист болды. Ғулама әлемдік уйлесімділік негізінде әділетті адамзат әулетін құруды армандады. Сондықтан да ол ғылым мен білімге зор
81
мән берді. Мұны кейіпкерінің бәрі Өгдүлмыш арқылы ақылды пернелейді.
Кісі мәңгі болмас, мәңгі ат ары,
Мәңгі қалар оның жақсы атағы.
Өзің мәңгі емес, атың мәңгілік,
Атың мәңгі болса, затың мәңгілік.
Баласағүн теориясында туа біткен мұратқа (білімге) көп көңіл бөлінеді. Күнтуды Өгдүлмыштен әдейілеп бөлектеп:
Дана болып туа ма адам анадан,
Шыға ма әлде көпті көрген санадан.
Ақыл-есті болып бірден туа ма,
Әлде кейін білім жолын қуа ма?
Өгдүлмыш бұған былай деп жауап береді:
Анадан шарана білімсіз болып туады,
Білім оқып, үйреніп дана жолын қуады.
Тек ақыл-ес табиғаттан бұйырар,
Ақыл -еске білім өнер құйылар,
Адам естен басқаны білімімен алады,
Білім, оқу-тоқуды еңбегімен табады.
Көптеген ғасырдан соң Кант ақыл-есті (ум) пайымдау қабілеті ретінде қарастырып, оның сырттан танылатынын және оның жоқтығы топастык екендігін айтады. Баласағүн қоғамдық сананы басты нысана етіп алып, арнайы айналыспағанымен, көптеген сұрақтарды назардан тыс қалдырмай, көңіл тұщырлық жауап береді.
Философия әміршіге "бақыт дегеніміз не" екенін білуді өтінеді. Ойшылдың демократияға халық билігі ретінде қарауына көңіл аударсақ, оның халық күш иесі, көпшілік ұғымын береді деген қағидамен келіспегенін көреміз. Баласағүн қоғамдық сатының төменгі буынында орналасқан көпшілік қоғамдық жүйенің көлеңкелі жағын көрмейтіндіктен де оныкі (тобырдыкі) әрқашан жөн емес, олар үшін қашанда әмірші "жаман"- деген ойды нақтылайды.
Баласағүн улкен демократ ретінде танылды және халық билігінің күрделі диалектикасына негізделген ойларын әміршіге бағыштауы ол үшін үлкен мәнге ие болды. Әркімнің көкейіне қонатын мұрат - демократиялы, ал жекеленген адамдар ұстанған мұрат - демократиялық емес, "Әділдік - құт, құт құрығы - кішілік. Әділдіктің заты - тұнған кісілік". Ол бұл жерде ең басты нәрсе ретінде адамгершілікті тереңдеп іздейді. М.К. Мамардашвили: "Адамдардың өзін-өзі жоғалтуы - адамдығын жоғалтудан басталады"- дейді. Осыны Баласағүн ойымен салыстырып көрейік:
Тұрайын да дүниені шарлайын,
Опалы жан кезіге ме барлайын.
Кісі сирек, жеткізе ме тілегім,
Бәрін таптым тек кісілік таппадым,
Кездессе егер жүзін көру баққаным.
Қоғамдық құрылымның парасаттылығын бостандық, тәуелсіздік анықтайды. әрбір адамның өз пікірін, еркін білдіретін мүмкіндігі болуы керек, осыдан келіп, буырқана сыртқа шықкан шығармашылық, яғни жеке адамның бостандығы шығады,-дейді. Баласағүн әлеуметтік философиясында парасаттылықтың негіздемелік жағын да, бостандық мәселесінің іс жүзіндегі қырларын да өзара тығыз байланыста қарастырады. Танымда теориялық парасат-білік, іс жүзіндегі парасат - үш күш бар деп санады. Осыған орай Канттың "Жалаң зердеге сыны" және "Практикалық зердеге сыны" ойға еріксіз оралады.
Баласағүн тұжырымдамасында зердеге айқын анықтама берілген. "Қүтты білікте" ол алдымен теориялық зерде-даналық ой толғап, даналык табиғаты, оның ерекшелігі, туа біткен мұраттар мен білім, білім алудағы субъектінің орны, күрделі таным құбылысында парасат пен таным шегінен шықпай ақиқатқа ұмтылу т.б. мәселелерді қарастырады. Философ өз туындысын Шығыс перепатизмінің арнасында, сопылық ағымның қуатты ықпалымен, сонымеы қатар бүкіл табиғатқа парасат тән деп ұғынған пантеизм әсерімен дүниеге келтірді. Оған мына жолдар нақты дәлел: "Туғанда ақыл-есі болса адамның, сияр соған бар ғылымы ғаламның, күпде естіп-қарап, зерттеп бағады, зерттеген соң зердеге сап алады"
Бұл мәсслелерді ойшыл онтологиялық тұрғыдан шешті. Ойлау қызметі, дене мүшесі ми әрекстінің нәтижесі деп түсінді. Сана айрықша жоғары дең- гейде ұйымдасқан теорияның қасиеті деп санаған ол диалектикалық материализмнен алысқа ұзап кете қойған жоқ. Баласағұн адамға тән, ал жануарларда ол жоқ қасиет деп білді. Егер сөзім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. Объективті зерде букіл дүние болмысына таралған дүниені парасатты мұраттар шарлап жүр, ол әрбір нәрсенің бойынан табылады. Білім сырттан алынады, себебі онда құдай даналығы орнаған. Яғни, көзге анық көрінбейтін
83
мәнділіктер бүкіл дүниені баураған, бұл болмыстың құдайға тән екендігінің онтологиялық дәлелі болып табылады. Сондықтан да дүниені тануға болады, өйткені құдай болмыстың жалпыға ортақ бастауын білдіреді. Ойлау иесі және материалды субстанциялар бір-біріне сәйкес, сондықтан олар құдайдың қүдіреттілігіне дәлел болады. Мұны ойшылдың артта қалушылығы, оның дуализмі деп санауға болмайды, ойткені бұдан көп кейін И. Ньютон мен Р. Декарт осыған ұқсас ой айтты. Құдай ұғымы оларда бастапқы қозғалысқа келтіруші, үйлесімділік нақты және логикалық байланыстардың қисынды сәйкестігін реттейтін абсолют ретінде көрінеді. Үшбұрыштың тік бұрышына қалған екі бұрышының қосындысы тең екендігін дәлелдей отырып Декарт: "Мен егер құдай бар екендігін білмесем, мұның ақиқаттығына күмәнданған болар едім" деп ашық айтты.
Парасат күшін сөз еткен ойшыл жеті қат аспан сырын тану мен жерде өскен бақбақтың сырын тану да қажет деген пікірде, сондықтан да адамның көз алдындағы нәрсенің бәрін тануы мүмкін. Жалпыға ортақ парасаттан танымның нәтижесі ретінде білімге кешуді Баласағүн адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп білді. Білім шыңына мейлінше өрмелеген адам соған сай әлеуметтік сатыда да жоғары орынға жетуге мүмкіндік алады.
Педагог ғалым ретінде Баласағүн білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты, іс-әрекеттің нәтижесінде қол жететінін айтады. Білімге молынан сусындаған адам көп нәрседен үміттене алады, өйткені білім-даналық, денсаулық, жан толысуы, бақыт көзі- ашықтық. Ол білімнің көп мәнділігі білімдар жанға таным мен тәжірибелердің жаңа көкжиектерін ашады, жаңа белестерге нұсқайды деп білді.
Ақыл кімде болса - болса болар асыл ол,
Білім кімде болса - бек хам басын ол.
Жаңа білімді игеру даналық шыңына сатылай көтерілу болып табылады, оның бір нәтижесі адамгершілік қасиеттің жетілуіне жеткізеді. Ерекше айтарымыз, таным таза гнесеологиялық мақсаттарды ғана белгілеп, іштей түйықталмайды, қоғамды сауықтыру үшін аса маңызды міндеттерді атқарады.
Таным жүйесіндегі ең бастысы - жан парасатқа ие бола отырып нақты істерге айналдырады, маңыздылығы мен ішкі мүмкіндіктерін ашады. Жан мен тән ойлаушы және материалды субстанцияға тән құбылыс ретінде бірге туады. Алайда, дене
84
өткішні және өледі, ал жанның маңыздылығы өлшеусіз, соның арқасында таным жетістіктері сақталды және де ол адамзат рухани мәдениет қазынасында мәңгіге қалады. Метемпсихоза жанның ауысып қонуы (аруак. қонуы) болмайды десек те шапағатты, білікті адамдардың жаны өлмейді, мәңгі жасайды. Білім түпсіз-шексіз теңіз, әйтсе де адамдар бұл теңізді коптен зерттеуде, сондықтан да бұрынғы ғылыми жетістіктерден серпін алып, ілгерілеуте, түңғиықтарға бойлауға болады.
Танымның ерекше құдіреті ұлы және микроғаламның бірізділігі мен дүние болмысының терең құрылымның және адамның танымдық жүйесінің изоморфизмімен байланысты. Жалпы Шығыс философиясының озегінде мейлінше әралуап, қытай, үнді сондай- ақ, араб-мұсылмандық философия-сына да тәп құбылыстар мен процестердің бастау көздерінің бірлігі идеясы жатыр. Бұл технологиялық жұптастық, біріншіден, этикалық ғылыми-танымдық көзқарасты басқалардан жоғары қоюға мүмкіндік бермейді, ал, бұған, керісінше, тарихи-мәдени танымды барлық жаңалықтардан жоғары қояды. Таным барысында адам тынбастан еңбектенеді. Білімге қанығады. Сондықтан, ол білім жолына жас кезден бастап түсуі керск -деп педагогикалық ой түйеді - Баласағүн.
Білімді түпсіз тереңге теңей отырып ойшыл мынадай ой түйеді: "кісі көңілі түпсіз терең, ойласаң, білім-інжу, түбінде анық қойма сан. Кісі інжуді шығармаса теңізден ол не тас, не інжу болсын, пайдасы не тегінде". Бәйітті әрі қарай оқиық:
Білім білсең күнің нүрлы етеді,
Қанша кішік болсақ да ұлы етеді.
Баласағұн ойының әлеуметтік-мәдени бағытын былай түсінуге болады, ол ғылыми ойдың жемісін үнемі өміргс енгізуге, жүзеге асыруға тырысады.
Ілім білген дана атанар ақыры,
Білім елге пайда берер ашығы.
білімсіздік жайлы
Қорлығынан надан таяз бегінің,
Азап шегіп бағы таяр елінің.- деген тағылымы үлкен педагогикалық тұжырым.
Ойшылдың шығыстық бағыт-бағдарының артықшылығы о баста ғылым мен тәжірибені қолданыстық байланыс пайымдады. Білім жауыздыққа, бұзықтыққа, рухани кемтарлық пен
85
зұлымдыққа қарсы күресу үшін қажет. Бұл ойшылдың этикалық тұжырымдамасының аса терең екенін көрсетеді. Философтың таптық көзқарасты мойындамауы қоғам біртұтас, оның мүшелерінің тіршілік орны белгіленген қисынды құрылым деген ұғым тудырады. Бұл әлеуметтік жүйе оның болшектерінің ажырамастығын, этностардың сақталуы мен этносаралық қатынастарды, мемлекеттің және оның барлық қоғамдық құрылымдарының тұтастығын сақтауын көздейді. Ойшыл қоғамды таптық тұрғыдан жіктеудің апаттық сипатын біртұтас халықтық негізді күйретіп, оны ымыраға келмейтін бөліктерге бөлетін, мемлекетті ыдырататынын ертеден түсінді. Сондықтан да ол қоғамды жанды денеге теңеді, олар кейбір жағдайларда қайшылық болғанымен үнемі өкімет адамдарының бақылауымен әрекет етіп отырады. Қарама-қайшылықтың (дихотомиясында) шешімінде олардың күресі емес, бірлігі салтанат құруға тиіс - деп көрсетті.
Тек қана білім адамға өзінін, тарихи нышанын түйсінуге, әлеуметтік иерархияда өз орнын табуға, мейірбандыққа жетуге, өзіне сын көзімен қарауға мүмкіндік береді. Оны мына бәйіт жолдары дәлелдей түседі:
Кісіден кісі айырмасы - парқы көп,
Айтсам; білім - бұл парықтың нарқы деп.
Білімнің адам өміріндегі үлкен мәнге ие болатыны сонша, хат танудың өзі денсаулықтың белгісі болып табылады. Бұл тұрғыда Баласағүн ең алғашқы ағартушылардың бірі ретінде ауызға алынады. Ол сауаттылықты дәріптеп оны халықтың мәдени деңгейін котеретін бірден-бір құралы деп білді. Бүгінгі күнге мәнін жоймаған мына бәйітті оқиық:
Білімді - аз, білімсіздер қаптаған,
Ақылсыз көп - ақылдыны таптаған.
Ұлы педагог білікті, парасатты адамдарды қоғам өз дәрежесінде бағаламайтынын, бұл дүниеде ашкөз надандардың ұтатынын, олар пайда күнемдік пен парасатқа, білімге, адам тағдырына, адамзаттық мұраттарға көз жұма қарайтынын айтады. Өз дәуірінде бұл жағдайды түзеу үшін өмірдің бар салаларына білім нұрын сеуіп, қараңғы халықтың көзін ашып, оларды бұл дүниелік күйкі әрекеттерден серпілту керек. Дана педагог білім - өмір нәрі, парасат-ғаламат сарайы екендігін, оған ұмтылғандар мақұрым қалмайтынын адамдар білмейді деді Баласағүн. Әлеуметтік сатының әрбір деңгейінде адамдар білімдар болуы керек. Танымның шегі жоқ, парасат ғылым мен адамзаттың терең
86
болмысына бойлай алады. Ойшылға парасаттың орасан зор қуатына терең сену тән болды.
Таным жолы рақымшылдыққа жеткізеді. Рақым әміршіге, данаға және әкімге бүкіл өмір жолында ілесіп, ізгілік, адамсүйгіштік ретінде көрініс береді. Будда, Махатма Ганди, Л.Н. Толстой, А. Швейцар сияқты ұлы тұлғалар ізгілік пен мейірбандылықты адам болмысының онтологиялық негізі деп білді. Даму жолының Баласағүн құрған торабы. Сократтан шыққан мына сөзбен үндес жатыр. "Қүдай адамға көптеген талант берді, бір ғана сыйдан жақсылық пен жамандықты айыра білу қабілетінен құр қалдырды". Әрқашан мәңгі жасайтын таным қайырымдылық мұратына жетелейді.
Диалектика философияның пәні ретінде алынатынына әбден дағдыланған біздер жақсылық пен жамандықты қарама-қарсы қойып, оларды, объективті бар нәрсе жамандықты да еріксіз салыстырып үйренгенбіз. Баласағұн болса жамандықдың онтологиялық болмысын мойындауға ымырасыз қарсы болды. Оның қисыны бойынша, әлемнің өзі - қайырымдылық. Қаранғылык –жарықтың болмауын басады, ал адам шыр етіп дүниеге келгенде қайырымды да, зұлым да емес бір жан ғой, ол бірақ негізінде қайырымды болуға тиіс. Ғұлама зұлымдықты білімсіздіктің белгісі, ызаны адамның бұл өмірден жақсылық күтпей, қарама-қарсы топтар мен таптарға бөлінген күрес майданындағы қорғаныс құралы деп білді. Қайырымдылық мәңді, ал зұлымдық уақытша, өйткені ол бір сәт парасаттылықтың болуынан пайда болады.
Қайырымдылық сүйіспеншіліктен басталады. Махаббат сұлулықпен ұштаса жүреді. Махаббат өмірдің кемелденуіне бастайды, ол алға дамудың қуатты күші. Жұптас серігін таңдау әрқашан ұнату сезіміне, яғни, махаббатқа байланысты. Сүйген адам мейірбан, ал сүймеген немесе сүйікті болмаған адам томаға-түйық және лас оларға бейім. Тек, өмірде бар заңдылықтың негізінде жүзеге асады. Ең бастысы, Баласағүнның тарихи тағылымы - білім оку тәрбиенің педагогиканың негізі және философиялық арқауы.
Ибн Сина ойшыл гұлама (980-1037)
Онын, "жеке адам" тағылымдары адамның бойына адамгершілік, еңбек тәрбиелік қасиеттері оны ұлағатты ғалым, ұстаз тәрбиеші қатарына қосады. Дәлірек, айтсақ, мемлекеттік қор жалпы халық игілігіне айналсын, соларға жұмсалсын"- деген пікір мемлекеттік, жалпы халықка бірдей білім берілсін, бірдей
87
тең оқысын деген пікірлермен үштасты. Бұл да оның ағартушылық көз қарасын дәлелдейді.
Адалдық, ақылдылық,адамшылық,
Қайырымдық, мейірімді, жанашырлық.
Тәрбие, оқу, сапа-білімдарлық,
Үшеуі ұлағатқа жол ашарлық.
Міне, Ибн-Сина бір адамның бойынан осыншама қасиеттің табылуын еңбек, оқу тәрбиеден іздейді. Нақыл, ұстаздық, ұлағаттық өсиеттері осы жоғарыдағы даналықтан туындатады.
Ибн-Сина Фарабиді ұстаз тұтқан. Фарабиді еске алу шағын және ұстаздық пен тәлімгерлік туралы, ол былай деген: "Тәлімгер табигатына өзімшілдік, қара басының қамын ойлау жат. Нағыз төлімгер өзіне даңқ, атақ іздемейді, керісінше, өз шәкірттерінің болашақта ұлы еңбекқор, ойшыл, ғалым болғанын жан-жақты тәнімен қалап, сол үшін бар өмірін сарп етуге даяр тұрады. Толімге жұтандық адамзат баласына жат, "білім тіршілік- өмір бұлағы" - деген екен. Еңбек туралы айта келіп, ол енбек- адамзат тіршілігінің; әрбір жеке адамының, жеке тұлғаның рахаты, көретін қызығы, тыныс тіршілік қоры- деген. Міне, көріп отырғанымыздай сан ғасыр өтсе де Ибн-Сина айтқан тәлімгерлік, ғүламалық өзіндік ілімі мен үлгілі ойы бүгінгі, бұдан кейінгі болашақ ұрпаққа берілген ақ бата, таптырмас тәлімгерлік тағылым. Ол айтқан тәлімгерлер - бүгінгі оқытушы, мүғалім, тәрбиешілер. Ендеше, осылардың тәрбиелік, еңбектік, ұстаздық жолының жемісін, кең даңғылының арнасын ашып көрсеткен Орта Азияның дана ғалымы Ибн-Сина.
Ақыл-ойдың қүдіретті күшіне кәміл сенген ғалым. Бұлардың екеуі де еңбектің, еңбек тәрбиесінің, жалпы тәрбие тағылымының нәтижесі, жемісі - деп қарастырады.
Еңбегі бардың өнбегі бар қағида, тағылым еңбек үлгісін Ибн-Сина қалдырған тағылым көрінеді. Ұлы Абайдың да тәрбие мен еңбек тағылымдарының Ибн-Синамен сабақтас жерінің бар екенін аңғаруға болады. Мысалы, Абай өмір сүрген тұста қазақ елінің өндіргіш күштері тым мешеу еді. Қазақтың ол кездегі кәсібі мал бағу ғана болды. Сол кезде малы аз кедей мен малы жоқ жалшыда көп болатын. Олардың бәріне бірдей еңбек кәсібі жетіспейтін. Бұлардың жалақысы тапқан тағамынан артылмайтын. Бұлардың өте ауыр халін Абай "Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай"- деп басталатын өлеңінде реалистік тұрғыда сипаттайды. Ауылда атқаратын еңбек жоқ кедейлер мен жалшыларға Абай "Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, малың болса сыйламай тұра алмас ел"- деп ақыл береді. Абайдың
88
еңбектің маңызы мен мәнін көрсетуде Әл-Фарабиден кейінгі ғүлама ғалым Ибн-Синаға ниеттестіктен ұстаз тұтқандықтан туған өлеңдер екен. Ибн-Синада жалшылық пен кедейлік Орта Азияны мекендейтін барлық мұсылман еліне тән құбылыс деп одан құтылудың бірден-бірі дұрыс жол еңбек етуде деп білді.
Ибн-Сина адамдар арасында абсолюттік тендік еш уақытта болмақ емес. Олар тек белгілі бір заң, тәртіп алдында ғана тең праволы болуы мүмкін - деді. Бұл өз кезеңі үшін таптырмас ой. Ибн-Сина ұлы ойшыл. Мәселен, ол сол кездегі кейбір қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың жұмысқа жарамайтын жарымжан адамдарды, қайыршыларды жойып жіберу керек деген адамзатқа қарсы ниеттеріне батыл қарсы шыққан. Егер коғамдағы жүмысқа жарамды барлық адам түгеліме н пайдалы еңбек етсе, әлгі айтылған адамдарды асырау мемлекет үшін аса қиынға түспейтінін Ибн-Сина анық айтқан. Ғалымның ойынша дұрыс ұйымдастырылған және әділетті құрылған қоғамда (мемлекетте) пайдалы еңбекпен шұғылданбаған немесе өзінің орнын таппаған бірде бір адам болмауға тиіс. Ол қоғамның барлық мүшесінің белгілі бір кәсіппен шұғылдануын талап еткен. Ал заң шығарушы органдардын, пайдалы еңбекпен, қызметпен шұғылданбаған адамдарды, жатып ішер арам тамақтарды қатты жазалауды қатты талап еткен. Оның ойынша мемлекетке "жалпы" адамзатқа арналған арнаулы қаржы қор болуға тиіс. Бұл қаржы халық арасынан жиналатын алым салықтан, мемлекеттік меншіктердің, мекемелерден түсетін өнімнің жиналуы керек. Бұл қаржылар жұмысқа жарамайтын мүгедектерге, қарттарға, ауруларға жәрдем ретінде берілсе, ел қорғаушы, тәртіп сатаушы жауынгерлерге жалақы ретінде төленуге тиіс. Бұл сөзбен айтқанда мемлекеттік қор "жалпы халық игілігіне" жұмсалуға тиіс
Еңбек пен әділеттіліктің жалынды жаршысы болған Ибн Сина өз заманында осындай батыл да, дұрыс пікірлер айтқан. Тіпті ол әділетсіз үкіметке қарсы халық үкіметінің болуын қажет және заңды деп тапқан. Орта ғасырлардың ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Сина табиғат пен қоғам құбылыс-тарының өз замандастарына белгісіз көптеген құпияларын ашты, адамның ақыл ойы фанатизм мен жоққа сенушіліктен құтқаруға тырысты, табиғатты таньш оны адамзатқа қызмет еттіруге үмтылды. Соның үшін де адамзат қоғамы - Орта Азияның асқан ғалымы, ұлы ойшыл, тамаша табиғат танушысы Ибн-Синаның есімін ғасырлар бойы құрметтеп келеді.
89
Ибн Сина еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы
(980-1037)
Ибн Сина - ұлы гуманист. Ол еңбекке, еңбек етуге, сңбек тәрбиесіне гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарайды. Ол - өзінің практикалық ісіне ақылдылық пен ұстаздық тұрғысынан қарап, сол тұрғыда еңбек туралы былай деп тұжырым жасайды: "Егер қоғамдағы жүмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға болады. Ол тек еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді" - деген. Мұны өзінің рубайларында атап көрсетіп кеткен. Ол өзі өмір сүрген кезең үшін - қоғамдық пайдалы еңбек пен еңбек адамдарының өзара қайырымдылығы мен мейірімділігін ұдайы үштастырып отыратын еңбектің тәсілі мен бөлінісі болуын уағыздады. Ол туралы еңбек заңын ұйымдастырылған және әділетті құрылған қоғамда (мемлекетте) пайдалы еңбекпен шүғылданбаған немесе өзінің орнын таппаған бірде-бір адам болмауға тиіс. Ол қоғамның барлық мүшесін ің белгілі бір кәсіппен шүғылдануын талап еткен. Осы ретте ол к,оғамдық және ортақ пайдалы еңбек, қоғам үшін де жеке адам үшін де пайдалы деген ой түйеді.
Ибн-Синаның мемлекетке, "жалпы" адамзатқа "арналған" жеке адамдар санасын, білімін, оқып үйрену, тәрбие алу үшін арнаулы қаржы (қор) бөлуге тиіс деген тұжырым жасаған. Бұл қаржы халық арасынан жиналатын алым-салықтан, ме?длекетгік меншіктерден, мекемелерден түсетін өніммен жиналуъі керек, - дел сол орта ғасырлық дөуірге дейін үлкен ұстаз екенін көрсете білді. "Ортада" жиналған қаржылар жұмысқа жарамайтын мүгедектерге, қарттарға, ауруларға жердем ретінде берілсе, ел қорғаушы, тәртіп сақтаушы, жауынгерлерге жастарды "тәрбиелеуші" ұстаздарға, үйретуші адамдарға жалақы ретінде төленуі тиіс - деген Ибн Синаның бұл ойы, оның үлкен экономист екенін дәлелдейді. Адамдардың денсаулығы - айнала ортаға, экологияға байланысты да оның айтқандарының зор тарихи маңызы еңбек бөлінісін жолға қою - деп қинала жазған екен. Ибн-Синаның даналығы: 'Табиғат жер бетіндегі бақыттың, байлықтың көзі. Бұл көзді реттеу, иемдену үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім мен таза еңбек қажет деді. Біз X ғасыр алдында өмір сүрген Ибн - Сина еңбек пен еңбектің маңызын, білімін, тәрбиелік тағылымын ерен биікке көтергенін көреміз. Еңбек пен әділеттіліктің жалынды жаршысы болған Ибн Сина
90
өз заманында осындай батыл да, дұрыс пікірлер айтқан. Тіпті ол әділетсіз үкіметке қарсы халық өкімстінің болуын қажет жәнс заңды деп тапқан.
Орта ғасырлардың ұлы ғалымы Әбу Әли Ибн Сина табиғат пен қоғам құбылыстарының өз замандастарына белгісіз көптеген кұпияларын ашты, адамның ақыл ойы фанатизм мен жоққа сенушіліктен құтқаруға тырысты, табиғатты танып- оны адамзатқа қызмет еттіруге ұмтылды. Соның үшін де адамзат қоғамы Орта Азияның асқан ғалымы, ұлы ойшыл, тамаша табиғат танушысы Ибн-Синаның есімің ғасырлар бойы құрметтеп келеді.
Әбу-Райхан әл Бирунидің тарихи-тәлімдік
пікірлері ( 973-1048)
Астроном, математик, географ, геолог, философ, филолог, тарихшы және этнограф, дәрігер жөне ақын Әбу-Райхаи Мухаммед ибн Ахмет әл-Бируни 973 ж. 4 қазанда ежелгі Хорезмніц астанасы болған Қият қаласының іргесіндегі ауылдардың бірінде туған. Қазір Қияттың орнында Бируни қаласы бар, ол Қарақалпақ автономиялы республикасына қарайтын ауданның орталығы. Бируни түралы әңгімелер мен аңыздар жыл өткеніне карамастан, осы төңіректегі ауылдарда осы күнге дейін сақталған. Ол аңыздардың бірінде "Бируни" деген сөз "қала маңындағы жатақ" деген мағынаны беретіні айтылған. Демек, Бируни жатактардан шыққан.
Қият кейбір тарихи деректерде Хорезм қаласы деп те айталады, Бір кезде Қият Хорезм мемлекетінің астанасы ірі мәдениет орталығы да болған, онда өз замаиына сай мектептер мен кітапхана жұмыс істеген. Хорезмдіктер қыпшактармен, Еділ булгарларымен, Сібір, Қытай, Үндістан елдерімен қарым-қатынастар жасап тұрған. Ғылыми еңбектеріне қарағанда Бирунидің да ежелгі қазақ жерін жақсы білгендігі көрінеді. Ол өзінің "Ел қоныстанған жерлердің шекараларын белгілеу және олардын, арақашықтықтарын анықтау" деген кітабында Арал, Каспий теңіздерін, Сырдария өзенін, Отырар, Сауран қалаларын тағы басқа жерлерді айтады. "Бируни" ғалымның ел ішіне таралған лақап аты. Ежелгі хорезм тілінде "бирун"- "қала сыртындағы ауыл", "жатақ" деген сөз. Осы арқылы ғалым өзінің елеусіз жерден, қарапайым халық ішінен шыққанын көрсеткен. Ғалымның әкесі- Ахмед, өз аты- Мүхаммед, Әбу-Райхан-
91
қосалқы аты. Арабша "Әбу" - "әкесі" деген сөз. Сонда, "Әбу-Райхан"- Райханның әкесі дегенді білдіреді. Демек, Бирунидің райхан деген баласы болған. Бируни ата-анадан жастай жетім қалып, балалық шағын жоқшылықта өткізген. Жасынан ақылды және дарынды болып өскен. Бируни ауыл арасындағы хат білетіндерден оқып, сауатын ашады да, өз бетімсн Хорезмидің, Фарабидің, Жауһаридің, Қараджидің, Ферганидің, тағы басқа білімпаздардың кітаптарын оқиды. Ол керуеншілерге "бақыршы бала болып", Орта Азия мен Солтүстік Иранның әр түрлі қалаларына барады. Осылайша жүріп білімін көтереді. Окып, көңіліне тоқығаны көп Бируни жиырма жасында көрнекті ғалым болып қалыптасады. Өз бетімен ғылыми кітаптар жаза бастайды. Дін мәселелері жөнінде ол қарматтар жағыида болады. Қарматтар, - сырттай ислам дінінің ережелерін қабылдап, іс жүзінде оған қарсы шыққан адамдар, бұлардың көпшілігі шаруалар мен құлдар еді.
Ішінара болса да "дінсіздерді" қолдағандығы сезіліп қалғандықтан Бируни Хорезмде тұра алмайды. Ол 995 жьшы өз елінен кетуге мәжбүр болып, өмірінің ұзақ жылдарын шетте өткізді.
Туған жерінен қуылған ғалым Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағы қалаларға келеді. Кәбус ибн Уәшімгір деген әкімнің қол астында қызмет істейді. Осында жүргенде, 1000 жылы, 27 жасыңда "Өткен буындардың ескерткіштері" атты өшпес еңбегін жазды.
Бируни Кәбус сарайында да көп паналай алмайды, одан кетіп Рай қаласында тұрады. 1010 жылы Хорезм мемлекетінің жаңа астанасы Үргенішке келеді. Мұнда оны Хорезмнің әкімі ибн Мамун қызметке алады
Мамун Үргенішке белгілі ғалымдарды жинаған болатын. Бұл өз заманының академиясы сияқты еді. Ғалымдарға басшылық ету Бируниге тапсырылды. Ол Мамунның сарапшыларының бірі болады. Мұнда Әбу Әли ибн Сина, Әбусахиль, Мөссих, Әбулхасанибн Әлхуммар, ибн Мүскәуайх және Бирунидің жоғарыда айтылған ұстазы Әбунасыр ибн Ирак қызмет істейді. Алайда Бируни Үргеніште жемісті еңбек ете алмайды, онда ғылыммен шүғылдануға мүмкіндік болмайды Оған көбінесе саясат мәселелерімен айналысуға тура келеді. Бұл бүкіл Хорезм мемлекетіне Ғазна сұлтаны тарапынан соғыс қаупі тенген кез болатын. Бируни саяси-дипло-матиялық іске: белсене қатысады, нәтижесіиде Ғазна шапқыншылығын он жыддай кейінге қалдырады.
92
Бирунидің өміріне тікелей қатынасы болғандықтан, ғазнауилардың шапқыншылығына тоқталып отейік. Ауғанстанда Кәбіл мен Қандағар қалаларының орталығында Ғазна деген өзен бар. Осы өзеннің жағасында X ғасырда қала салынып, Ғазна қаласы деп аталған. Ауғаныстан мен Иранды билеген түркі сұлтандары оны өздерінің астанасы еткен, "Ғазна мемлекеті" деп атаған. Ғазна мемлекетін біріктірген Орта Азиядан шыққан түркі Алып-Тегін деген адам. Ол Хорасан әкімінің құлы болаган, кейін ерлігімен көзге түсіп, сипасалар - нөкер басы қызметіне жоғарылатылады. 961 жылы әкім Әбділ-Мәлік өлгеннен кейін өкімет билігі Алып-Тегіннің қолына көшеді. Ол 964 жылы Ғазнаны басып алып, Иранды Ауғанстанға қосып, өзін Ғазнаның сүлтаны деп жариялайды. Алып-Тегіннен кейін оның саясатын Сәбік-Тегін (977-997) жүргізеді. Сәбік-Тегін Орта Азияның оңтүстік бөлігін басып алады. Ғазнаның күшейген заманы— Сәбік-Тегіннің баласы - Махмұд Сұлтанның (998-1030) түсы. Хорезмге қауіп төндірген де осы Махмүд Сұлтан болатын.
Махмұд дінді нығайтуды сылтау етіп, көрші елдерге коптеген қанды жорықтар жасайды, бұл жорықтарды "ғазауат" - '"дін үшін соғыс" деп жариялайды. Орта Азияға бес-алты рет келіп, қияттықтар мен көшпелі қыпшақтарды шауьш кетеді, ал іргесіндегі Үндістанның оңтүстік-батысына талай рет ойран салады.
Ғазнауилардың жорықтары көптеген халықтардың тарихында өзінің катты іздерін қалдырған, әр түрлі ертегілер мен аңыздар түдырған. Соның бірі — қазақтың "Қобыланды батыр" атты батырлық жыры. Онда жырланатын "Сырлы қазан"— осы ғазна қаласы. Махмүд Хорезмді соғыссыз алуды көздейді. Осы мақсатпен ол 1007 Мамунның ағасы Әлиге қарындасын береді 1015 жылы Мамунның өзіне қызын береді. Алайда, Мамун Хорезмнің тәуелсіздігін көздейді. Оған Бирунидің айтарлықтай ықпалы болады. Осы кезде таққа таласқан шонжарлар Мамунды өлтіреді. "Күйеу баламды өлтірді" деген сылтаумен Махмүд бүкіл Хорезмді астанкестен етеді. Бірақ көзі тірісінде Мамун өз сарайындағы ғалымдарға: "Махмүд сендерді Ғазнаға жібер деп жатыр. Менде оның жарлығын өзгертерлік дәрмен қалмады. Өз қолыммен сендерді ұстап бергім келмейді. Сондықтан Ғазнаға баруды қаламайтындарын "өз жолдарынды табындар" дейді. Ибн Сина, Мәссих, тағы басқалар Хорезмнен қашып, ел кезіп кетеді. Махмүд кейін Ибн Синаны 15 жыл іздетеді, бірақ қолына түсіре алмайды. Хорезмнен кетпеген
93
Бируни, әл-Хуммар, ибн Ирак қолға түседі. Бүларды Махмүдтың жендеттері түтқындап, Ғазнаға айдап әкетеді. Бирунидің қалған омірі негізінен осы Ғазнада өтеді. Ғазнага түтқындан әкелгенімен Бируниді өлтіруге немесе құлдыққа сатқызуға Махмүдтың батылы бармайды, тек алты ай түрмеде отырғызып шығарады. Ғалымды қолдаушылар көп болады. Екінші жағынан Махмүд Бируниді өз мақсатына пайдалануды көздейді.
Үндістаннан Кавказға, Арал теңізінен Үнді Мүхитына дейінгі жерлерді қанға бояған сұлтан өзінің зұлымдықтарын дәріптейтін, оны келешек ұрпақтарға "үлгі" етіп тарихта қалдыратын кітаптар жаздыруды ойлайды. Ал Махмүдтын сарайындағы ақын Унсури мен тарихшы Утбидтің жазғандары қанағаттандырмайды. Бұл үшін Махмүд данышпан ақын Әбілқасым Фердоусиді шақыртып альш, "патшаға лайықты" кітап жазуды тапсырады. Дүние жүзіне әйгілі "Шаһнама" дастаны осылай туады. Бірақ онда ертедегі батырлардың ерліктері, ескілікті аңыздар, достық пен махаббат, әділдік пен адамгершіліқ жырланады. Махмүдты мадақтайтын бір ауыз да өлең сөз болмайды.
Парсыша "щаһ"-"патша", "намә"-"кітап". Шығарманың аты "патшалар кітабы" болады. Онда ежелгі иран мен Туранның көптеген патшалары мен батырлары айтылады. Көлем жағынан алғанда Фердоусидің дастанын "кітаптар патшасы" деуге болады, ол 135 мың жолдық бәйіт өлеңнен құралған. Фердоусиге дейін мұндай үлкен дастан жазған ақын тарихта болған емес. Ақын өшпес кітабьш 30 жыл жазып, Махмұдқа ұсынған.
"Шахнамәға" көңілі толмаған сүлтан, авторды мазақ етіп, болмашы "сыйлық" жіберді, бірақ ақын "сыйлықтан" бас тартты. Оған ашуланған Махмүд ақынды асау пілге текпілетіп өлтірмек болған. Фердоуси қартайған шағында бірнеше жыл қашьш жүріп, өз ауылында өлген. Көпшіліктің зиратына көмуге рұқсат етілмегендіктен, оның денесі өз бақшасында жерленген. Махмұдтың үмітін Бируни де ақтамайды, ол да сұлтанды мақтайтын кітап жазбайды. Мүмкіндігі болған кезде ғылыммен шұғылдана береді. Тұрмысы нашарлап, мұқтаждық құрсауына тускен ғалымды дүниеге қызықтырып өзіне жақындатып алмақшы болған Махмүд Бируни үшін пілге артып, алтын мен күмістен сыйлық жібереді. Бірақ Бируни сыйлықты алмайды. Ол былай деп жазады: "Күмістің кететінін, ғылымның қалатынын жұрттың бәрі біледі. Мен ақыл парасатынан тая алмайтын,
94
аз күндік, алдамыш жылтыр тасқа даңғыл жолынан аумайтын мәнгілік білімімді ешқашан да сата алмаймын".
Бируниді айтқанына көндіріп, айдағанына жүргізе алмаған сұлтан қатты ызаланады. Ақыры бір күні оны биік үйдің төбесінен лақтырып өлтіруге әмір етеді. Бірақ үй төбесінен қүлағанда Бируни тірі қалады да тек қана шынашағының буыны шығып кетеді, өйткені жақсы ниеттегі, тілеулес адамдар оның түсетін жеріне дереу жас шөп, мақта, көрпе-жастық үйіп тастайды. Уәзірлер сұлтанға: "Ажалы жоқ екен, Бируни тірі қалды, бірақ мертікті" деп барады. Осыдан кейін "тағдыр", "ажал" дегендерге қатты сенетін Махмұдтың амалы таусылады.
Бируни ғазиауилардың қолында 30 жыл болады. Ол еліне барса, қалған халықты ұйымдастырып, бүлік шығарады деген қауіппен Хорезмге қайтарылмайды, жер аударылған адам есебінде ұсталады. Сұлтаннан рұхсат алып, бес алты жыл Үндістанда тұрады. Ғазнаның тыңшылары оны әрдайым бақылап, андып жүреді. Академик В.В. Бартольдтің келтірген бір дерегіне қарағанда, Махмүд өзінің туған баласы Йасғүттты да тыңшыларға аңдытъш қойған. Масғүт анда-санда Бирунимен әңгімелесіп, оның әр түрлі мәселелер женіндегі пікірлерін біліп отырады екен.
Айдауда болса да Бирунидің Ғазнада және Үндістанда тұрған жылдары жемісті болады. Ол осы кезде көптеген ғылыми еңбектер жазады. Ғалым елуге келгенде Үндістанның ғылымы және әдеби тілі болған санскрит тілін (оған дейін парсы, араб, еврей, грек тілдерін білген) үйреніп, жақсы меңгереді. Үнді ғалымдары Бируниге зор құрмет көрсетіп, құшақ жая қарсы алады. Бұған, бір жағынан, Бирунидің жеке басының адамгершілігі себеп болса, екінші жағынан Ғазнаның тұтқыны екендігі себеп болады. Махмүд үнділерді жыл сайын шауып, олардың титығына жеткен болатын, сондықтан сүлтан қаһарына ұшырағандар үнділердің мұндасы болып есептелетін.
Үндістан - ежелгі мәдениетті ел. Ежелгі Үндістанның Ариабхатта, Варахамихира, Павлис, Брамагупта және тағы басқа да ғалымдары математика мен астрономия ғылымдарында өшпес із қалдырған. Бируни Үнді ғылымының үздік табыстарын меңгереді, халқының тарихын, әдет-ғүрыптарын, календарын зерттейді. Мұның нәтижесінде "Үндістан" атты әйгілі кітап жазады. Орта Азияның, араб елдерінің, Европаның ғалымдары үнді мәдениетінің табыстары мен Бируни еңбектері арқылы
95
танысады. Екінші жағынан Бируни үнді ғалымдарын грек пен араб ғылымымен таныстырады. Евклидтің "негіздерін", Потоломейдің, 'Альмагесін" және өзінің астрология жөпіндегі кітабын санскрит тіліне аударады. 1030 жылы Махмүд өледі. Ол өз орнын туған баласы Масғүтқа қалдырмайды, Масғүт кейін тақты тартып алады. Масғүт түсында Бирунидің тұрмысы едәуір жақсарып, еңсесі көтеріледі. Ол 1034 жылы Хорезмдегі еліне келіп қайтады. Масғүттың көрсеткен қамқорлығына жауап ретінде ғалым "Масғүт таблицалары" атты көлемді еңбек жазады. Алайда Масғүт он-ақ жыл сүлтан болады, оны 1041 жылы өзінің інісі өлтіреді. Осы қарбалас кезінде Түркменстаңды мекендеген шапқыншылар — селжүк түріктері Ғазна әскерлерін талқандап, Үндістаннан Орта Шығысқа дейінгі елдерді басьш алады. Селжүктердің ұлан-байтақ мемлекеті құрылады. Ғазна мемлекеті 1044 жылдан бастап Азияның саяси картасынан сызылып қалады. Ғазна қаласы тұрған Сүлеймен тауларының бөктерлері селжүктерге бағынатын ұсақ елді мекенге айналады. 1048 жылы 13 декабрьде, Масғуттың баласы Маудуттың сарайында, данышпан ғалым және ойшыл Әбу Райхан әл-Бируни дүние салады. Оның сүйегі сол Ғазна қаласында жерленеді.
Мұхаммед Насыреддин Әт-Туси ғылым-тәлім
туралы (1201-1274)
Әбунасыр Фараби, Ибн Сина, Омар Хайям сияқты аты шығыс пен Батысқа түгел мәшһүр болған, Орта Азия топырағынан шыққан ұлы ғалымдардың бірі — Мұхаммед Насыреддин Әт-Туси. Ол 1201 жылы 18 февральда (11 жүмада, хиджраныд 597 жылы) туған. Туси деген ныспысына қарағанда Тус қаласында туып, жастық шағын сонда өткізген деуге негіз болады. Әт-Тусидің толық аты жөні - Әбу Жафар Мүхаммед ибн Хасен Насыреддин әт-Туси. Насыреддиннің әкесі жайлы мардымды дерек жоқтың қасы, ол алғашқы кезде баласын өзі оқытқан. Кейіннен Насыреддин Тус қаласындағы Ибн Синаның, Омар Хайямның жолын қуған ірі ғұламалардан тәрбие алады. Насыреддиннің жан-жақты білімпаздығы, оның жас кезінде қалай болғанда да түбегейлі терең білім алғандығын сипаттайды. Насыреддиннің ғалым ретінде атағы жастай шыққан. Біраз еңбектер жазғаннан кейін ол аббасидтер халифатының орталығы Бағдатқа келеді. Бірақ халиф жас оқымыстының еңбектерін менсінбейді, бағалай алмайды
96
Отыздар шамасында ол Кухистандағы исмайлидтердің көсемі Насыреддин Мүхташамның талабы бойыпша Насыреддин осында "Насыр моралі'* ("Ахлаки Насири") деген өзінід атақты еңбегін жазып бітіреді. Сонан соң көп кешікпей-ақ ассиндер мемлекетінің орталығы — Аламуш қамалына апарылады.
"Ассасиндер мемлекеті – басында арабтарға және сәл-жүктерге (түріктерге) қарсы ұйымдасқан астыртын діни ұйым болатын. Мұны Иран мен Азербайжан феодалдары ұйымдастырған еді. Бұлар мұсылман дінінің жолынан ауытқушы топ - исмаилидтер қозғалысын жақтады, кейін оларды өздеріне қосып алды. Ассасиндер мемлекетінің таулы аудандарында бірнеше мықты қамалдары мен көптеген әскерлері болды. Олар өздеріне ұнамаған топтарды, адамдарды террор жолымен жоқ қылып отырады. Ассиндер кейіннен Бағдат халифатымен астыртын ынтымақта болды. Жергілікті халық ассиндерден өте қатты зорлық-зомбылық көреді.
Міне, Насыреддин осы ассасиндердің қол астында 20 жылдан артық жұмыс істейді. Бұл кезең оның өміріндегі ең бір қисыл-таяң ауыр кезең болды. 1242 жылы ол Ибн Синаның "Ишрат" деген кітабына түсініктеме жазып бітіреді. Осы еңбегінде ғалым өзінің аянышты ауыр халі түралы баяндайды.
Алайда, Насыреддин ассасиндер тарапынан болған осындай ауыр жағдайларға шыдай жүріп құнды-қүнды ғылыми еңбектер жазып қалдырады. Ол Ибн Синаның "Ишаратына" түсініктемеден баска, "Алмагесті баяндау", "Евклидті баяндау", деген математикалық кітаптар жазады. Кейінірек "Евклидгі баяндауды" басқа бір вариантын жазыл шығады. 1253 жылы монғолдар Таяу және Орта Шығыс елдеріне жорыққа шығады. Бұл жорықты аты - шулы Хүлағу хан басқарады. Хүлағу ханның жорықтарының нәтижесінде ассасиндер талқандалып, Бағдат халифатының күлі көкке ұшады. Шежіреші Рашид — ад-диннің мәліметі бойынша "Фазлуллах Рашид — ад-дин", "Жамихат-таварих", 3-том, Хүлағу ханның Аламуш қамалын басып алуына Насыреддиннің ассасиндерге қарсы ұйымдастырған астыртын жұмысының көп көмегі тиеді. Ол ассасиндерге наразы басқа ғалымдар мен жай адамдарды топтастырып, Хүлағу ханның жағына шығады. Осыдан кейін Насыреддин Хүлағудың ең жақын адамдарының бірі болады. Мұнда Хүлағу екінші жағынан Насыреддинің ғалым ретінде асқан беделін еске алған болу керек. Оның үстіне Насыреддин Бағдатқа шабуылға шығу,
97
шықпау мәселесін талқылауда Хүлағуға Бағдатты алу жөнінде үзілді-кесілді кеңес береді. Осы шабуылдың сәтті шығуы Насыреддиннің монғол ханының көз алдындағы беделін одан сайын арттыра түседі. Насыреддин осылайша Хүлағулдың ең басты кеңесшісі болады.
Бұл тұстағы Насыреддиннің ғылым тарихы үшін игілікті бір ісі — оның Хүлагуды обсерватория салдыруға көндіруі болып табылады. Рашид-ад-диннің деректері бойьшша, Хулағу өзі ғалым болмаса да жалпы ғылым жолындағы әрекеттерді реті келгенде қолдап қаржат беріп отырған. Оның ісіне ағасы Мөңке хан монғол хандарының ішіндегі ең білімдісі болған. Ол тіпті Евклидтің кейбірі теоремаларын білген және соғыс мақсатында қытай инженерлері мен ғалымдарының өнеріне сүйенген. Рашид-ад-дин обсерватория салу ісінде осы Моңке ханның көп көмегі болды деп жазады.
Алайда обсерваторияны салуда шешуші рөлді Насыреддин атқарды. Мәселен, ол Хүлағуға обсерваторияны салу үпіін керек қаржының көлемін айтқанда Хүлағу шошып кетті, мұнша қаржы бөлерлік астрономияның не пайдасы бар еді деп сұрапты. Сонда Насыреддин жұлдыздар туралы ғылымның пайдасын мынандай нақты мысалмен дәлелдепті. Ол Хүлағуға: сіз түн ішінде таудың басынан бір қаңылтыр шылапшын тастаңыз, бірақ мұны жалпы жұрт білмесін депті. Хан ғалымның бұл айтқанын орындапты. Түн ішінде шықкан оқыс даңғүр-дүңгір дыбыстан әскерлер қорқып, үлкен дүрлігіс болады. Сонда Насыреддин Хүлағуга: міне, тақсыр біз бұл оқиғаның себебін білеміз, сондықтан да коркып тұрғанымыз жоқ, ал басқа жұрт, себебін білмегендіктен үрейленіп жатыр. Ғылымның, оның ішінде астрономияның да пайдасы осындай деуге болады дейді. Жауапқа дән риза болған хан табанда обсерватория құрылысына 2000 динар бөліпті.
Насыреддин өзінің математикалық, астрономиялық және басқа да ғылыми еңбектерінің басым көпшілігін осы Марагада жазған. Оның қазіргі бізге белгілі жүзге тарта шығармаларының қолжазбалары (көбінесе араб тілінде, кейбіреуі парсы тілінде жазылған) дүние жүзінің түрлі кітапха-наларында сақтаулы, оларды біртіндеп Европа тілдерінде аударып бастыру, ғылыми талдаулар жасау жұмыстары қазіргі кезде кеңінен жүріп жатыр. Насыреддин сол тұстағы барлық ірі ғалымдар сияқты емшілік өнермен де шұғылданған. Ол рубаяттар жазумен де шұғылданған. Насыредднн 1274 жылы Бағдатта қайтыс болады.
98
Достарыңызбен бөлісу: |