II ТАРАУ. КӨНЕ ГРЕК ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ
ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ОЙ-ПІКІРЛЕРІ
Аристотельдің ақиқаттылық тәлімі
Б.З.Б. 384-322 жылдар шамасында өмір сүрген. Ежелгі грек философы және ғалымы. Көптеген ғылымдардың, соның ішінде логика ғылымының негізін қалаушы.
Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылым жетістіктерін қорытып жүйеге келтіріп, әртүрлі ғылым саласынан көптеген еңбектер жазьш қаддырған. Аристотель еңбектері ұшан-теңіз. Кейбір деректерде төрт жүз, кейбіреуінде мыңға жеткен. Аристотельдің философиялық көзқарасы "Метафизика", "Жан туралы", категориялар және "Аналитика" деген шығармаларында жан-жақты баяндалған. Оның пікірінше этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Платонның адамды сезімнен тыс о дүниеге тәуелді деп санауына қарсы шықты. Адамға белсенділіктің тән екенін атап көрсетті. Аристотель өз ішінде адамгершілік пен этиканы адамдардын маңызды сипаттамасы деп таныды. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасы тәрбиесінің өзара байланысты болуын жақтады. Адамның туғаннан даму және өсу мүмкіндігі болады, ол даму тәрбие арқылы жүзеге асады - деген тоқтам айтты. Мектепке дейінгі тәрбиеде де ол құнды маңызды пікірлер айтты.
Аристотель әдебиетті, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы, геометрияны, музыканы оқыту қажеттілігін тұңғыш дәлелдеп берген ғалым. Моральдық тәрбиенің тағылымын дәлелдеп берді. Әсіресе ол дене тәрбиесіне маңыз бере отырып, сурет салу, жазу-сызу, музыканы балаға жасынан үйретудің рөлін ерекше бағалаған еді. Ол баланың жас ерекшелігін тұңғыш айтқан ғүлама. Дене тәрбиесі баланың күшіне әсер етуін талап етті.
Аристотель 20 жасында Платон академиясында философиялық білім алғандықтан, көптеген еңбектерін философиялық концепция жасауға арнады. Әсіресе өзінің ұстазы Платонның дуализмін өзгертуге тырысты. Ол Платонның әлемдік құбылыстардың бірлігі, тұтастығы туралы іліміне өзгерістер енгізді. Оның ойынша, әлем бір тұтас зат туралы алганда, ол да зат туралы ойлаумен бірлікте, тұтасқан өмір сүреді деген тұжырым жасады.
38
Ол озінің философиялық концепциясы негізгі тәрбиенің теориясын жасады. Ол "Еркін тәрбие" идеясын ұсынды. Ол психологияда дәлелдеген "жанның үш түрі» негізінде, тәрбиенің үш түрін - дене, мінез, ақыл-ой тәрбиесін дәлелдеді, оның ғылыми негізін салды. Ол туа пайда болатын бала ерекшеліктерін тәрбие одан әрі дамытады дей келіп, тәрбиенің теориялық негізі - адам жанының жоғары психологиялық тұрғыда қалыптасқан негіздері - деп көрсетті. Ол Афинадағы тәрбиені - тәрбиенің басқа түрін жасайтын "тәрбие негізі - көзі" деген тұжырым жасады. Аристотель педагогика тарихында бірінші рет, өзінің философиялық ілімі негізінде баланың жас кезеңінің ерекшеліктерін белгілеп берді. Ол бала дамуын мынадай кезеңге бөлді. Бірінші: I жас пен 7 жас, екінші: 7 мен 14 жас аралығы (мұны баланың жыныстық даму жасы деп атады), үшінші: 14 жас пен 21 жас аралығы. Сөйтіп, Аристотель мектепке дейінгі тәрбиенін. негізін қалаған - ойшыл философ, педагог. Бұл жаста баланың ойын арқылы өсетінін уағыздады. "Ойын" оның айтуынша, баланың тұңғыш "мектебі" деп атады. Отбасы тәрбиесін бірінші орынға қойды. Бала 7 жастан мектепке тартылсын - деп тұңғыш педагогикалық ой айтқан да Аристотель болды. Орыс педагогы Н. К. Крупская 1915 ж. жазған "Халық ағарту ісі және демократия" атты еңбегінде Аристотельдің баланың жас ерекшелігін жасауын және оның 7 жаста мектепке баратынын мақұлдап, "жас ерекшеліктің педагогикалық жүйесін" мектепке арнап жасағанын атап көрсеткен.
Аристотельдік, мектепке дейінгі тәрбиеде, демек, бала гимнастикамен айналыссын - деген ойы, жазу мен сызу, оқу мен санау, ән мен күй туралы пікірлері, осыларды мектепке енгізу туралы тұжырымдары педагогика барысында тұңғыш пікір болып табылады. Бұл пікірді классик педагог Ушинский К.Д. ХІХ-ғасырда өзінің "Балалар әлемі" атты еңбегінде басшылыққа алғанын қанағаттанғандық сезіммен жазып кеткен. Сондай-ақ, Аристотель тәрбиені мемлекетті дамытудың және жетілдірудің құралы - деп түсініп, мектеп мемлекеттік болуы тиіс - деген қағида айтқан.
Аристотельдің педагогикалық ой-пікірінің ең басты ерекшелігі "Тәрбиенің тепе-тендігін" ұсынуы, бүкіл халық бәрі бірдей тәрбие алсын - деген прогрессивтік ой түйіндері. Ол өзінің білім беру теориясын афина тәрбиесінің практикасы негізінде қарастырады. Оған философия-педагогикалық, психологиялық тұрғыда карады. Сөйтіп ол педагогика
39
тарихында тұңғыш рет тәрбиенің табиғаттан туындайтынын дәлелдеді. Дене тәрбиесінің мақсаты, әдемі тұлғалы, күші мығым адам тәрбиелеу. Тәрбие жуйесінде ол музыкаға үлкен мән береді. Нравтық тәрбиенің мақсаты бала белсенділігін қоса дамыту, еркінің ұстамдылығын жетілдіру.
Аристотельдің педагогикалық жүйесі жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру және дамыту. Бұл ойы ежелгі дәуір заманында ең үздік педагогикалық ой-пікір болып табылады. Оның ерекшелігі оқудың теңдігін тәрбиенің ғасырлық ғүмырын дәлел-деп беруі болды. Демек, ой-пікірі өзінен кейінгі ғылымның дамуының, оның ісі педагогикалық ой-пікірдің алғаш пайда болуының, оның жарқын болашағының куәсі болды. Ол дамудың материалистік және диалектикалық жолын белгілеп берді. Осы көзқарастары арқылы, ол философия және педагогика тарихының көне дәуірдегі алғашқы дамуын, үзік ой-пікірдің пайда болуының, алғы шартын жасады. Өзінен кейінгілер Аристотель ілімінің, келісімді де желілі жүйесін әрі қарай дамытты.
Демокрит – дамудағы тірбиенің рөлі туралы
Б.з.б. 270 жылдар шамасында өмір сүрген. Ежелгі грек философ материалисі. Демокрит ғылым іздеу мақсатымен Египет, Вавилон, Иран, Арабия, Үндістан және Эфиопия елдерін аралайды. Ол философия мәселелерімен қатар физика, математика, физиология, медицина, музыка теориясы, поэзия т.б. шұғылданды. Диоген Лаэртскийдің айтуынша, Демокрит 70-тен астам шығарма жазған, 300-ге жуық фрагменті осы заманға дейін сақталған. Ол әлемдегі барлық заттар атомдар мен бос кеңістіктен құралған дейді.
Қозғалыс дүниенің, табиғаттың өзіндік қасиеті, одан басқа сырттан, әсер етуші ешбір күш жоқ дейді. Дүниедегі құбылыстардың бәрі себепті тарихи қажеттіліктен туады. Дүние танымының қайнар көзі - сезім, түйсік деп есептелінгенімен, ақыл-ойды сезімнен жоғары қояды. Адамгершіліктің өзі осылардан туындайды - дейді. Жеке адамның дамуы "ақылдан" басталады деген тұжырым жасайды. Әрбір адамның дара дамуы ақылдың нәтижесі деген, оның ілімінің тағы бір ерекшелігі, сезім мүшелері қабылдаған түйсіктер күңгірт, көмескі білім берсе, ақыл-ой осы сезім мүшелері қабылдаған түйсіктерді сараптау арқылы заттар мен құбылыстардың ішкі сырын, мән-жайын, себебін ашып ақиқатқа жеткізеді дейді. Этиканы өз алдына
40
ғылым саласы деп тұнғыш таныған Демокрит болды. Адам не нәрсеге нысап тұтып, көңіл-күйі орнықты болса бақытты болады деп түсіндіреді. Демокрит әлеуметтік қайшылық адамдардың дөрекі мінезінен туады деп біледі. Сөйтіп, ол бүкіл пікірі арқылы мінез-құлықтың педагогика-психологиялық негізін салды. Демокриттің атомистік ілімінің философия ғылымының дамуы тарихында маңызы зор болды.
Демокрит тәрбие жолында табысқа жетудің құралы ата-аналар мен мұғалімдердің бірлесіп жұмыс істеуінде деп көрсетті. Қандай да қымбатты үлгілі, қомақты зат жасау үшін еңбектің күшімен орындалатынын, адал да таза, ерлік еңбектің нәтижесі деген тұжырым жасады. Демокрит оның педагогикалық ойының көтерілген асуы баланы өз еркімен жұмыс істеуге үйрету екенін дәлелдеуі, баланы еріксіз зорласа, немесе ұдайы артына түсіп қадағаласа, ол мезі болып жалығып кетеді, дей келіп, еркін төрбие беру жолдары мен шараларын белгілеп береді. Оның педагогикалық ойының асуы мен көтерілген шыңы бала тәрбиесінің биік асуы тек "тәрбиеде" ол үшін тәрбие кезегі тағылымының арқауы және шоғырланған түйіні оны тек тәрбие ғана шешеді – деген тұжырым жасады Демокрит.
Демокрит ақыл-ой тәрбиесін бірінші орынға қойды. Адам алдымен ақылын, ойлау жүйесін жетілдіру керек, екіншіден, оны іс жүзіне асыруы шарт, сонда ғана жеке тұлға толысады, айнала ортамен қарым-қатынас жасай алады - дейді. Демокрит іліміндегі "Бой жеткен жерге ой жетеді" - деген өсиетте, нақыл педагогиканың тәрбие туралы дамуын, толықтырып тұрғандай даналықтың алғы шарты. Оның айтуынша, тәрбие әрбір қоғам мен дәуірдің, белгілі бір кезеңнің - тыныс, тіршілігі, тұлғасы мен мәдениеті. Осыларды айқындайды және жеке тұлғаның қоғамдағы орнын белгілейді. Ол, сондай-ақ адамның жеке тұлғалық дамуы айнала ортаны өз болмысымен дұрыс қабылдай білуінде, оны әрі қарай дамытуында, қолдана білуінде деп көрсетті. Н.К. Крупская 1915-жылы жазған "Халық ағарту ісі және демократия" атты еңбегінде Демокриттін, бұл пікірін сол бір төңкеріс кезеңіндегі, жаңа құрылып жатқан мектептердегі мұғалім шеберлігін арттырудың берік құралы"- деген тұжырым жасады. Демек, Демокриттің қандай да философиялық, педагогикалық ой-пікірі, ағартушылық, тарихи-әлеуметтік көзқарастары, кейінгі дәуірлердегі адамзат дамуының алғы шартының біріне айналды.
41
Платонның оқу-тәрбие тәлімі
Б.з.б. 427-347 жылдар шамасында өмір сүрген. Ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті. Платон Африкадағы жоғарта дәрежедегі ақсүйек тұқымынан шыққан отбасында дүниеге келді. Платон Афинада өз мектебі Платон академиясының негізін қалады. 367 жәнс 361 жылдары Сицилияға барып, өмірінің сонғы жылдарын Афинада көптеген еңбектер жазып, дәріс оқиды. Платон жөнінде өз шәкірттерімен бірге, Аристотельдің шәкірті Аристоксен көп жазған. Тек, Диоген Лаэртский жазған Платонның өмірбаяны сақталган. Оның көп шығармалары сақталмаған. Көптеген мағлұматтар Платонның хаттары, Апулейдін. "Платон және оның ілімі жөніндегі" трактаттарында Порифирийден үзінділер, Цицеран еңбектері мен Византия сөздігіндегі Платон мақаласында сақталған.
Платон тәрбиенің бүкіл халықтығын жақтады. Тәрбие мемлекет тарапынан берілсін деп есептеді. Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбиенің қоғам тарапынан болуын уағыздады. Ол Афина мен Спарта тәрбиесін біріктіре сыбайлас жүргізуді ұйғарды. Платон мектепке дейінгі ойынның рөлін жоғары бағалай отырып, әңгіменің балаларға ұғымды да, түсінікті болуын жақтады. 4-7 жастағы балаларға ойын мен әңгімені ұштастыра жүргізуді ұсынды. Ол мемлекет тарапынан берілетін тәрбиенің жуйесін ұсына отырып, кыз балалардың дене тәрбиесін жақсартуды талап етті. Сондай-ақ Платон академиясының маңызы ерекше, Платон академиясы әуелде мектеп өкілдерінің ішінен сайланған, схоларх басқаратын музаны қадір тұтатын философиялық коғам ретінде қалыптасады Платон академиясы негізінде сол дәуірдің өзінде 5 академия құрылды. 5-академия Платон философияның стоицизм, пипагоризм және перипатеттер мектебінің идеяларымен үштастырылады. Академияның оқу, тәрбие, білім алуды уағыздаған кездері болған. Осы негіздегі Платон пікірлері, ойлары мен ғылыми жүйесі педагогика ғылымының дамуына себеп болды
Платонның педагогикалық ойлары, өзінің "Макет" және "Заңдар" атты кітабында анық бейнелеген. Бұл еңбектерінде философиялық тұжырымда-рын, педагогикалық ойларымен ұштастыра түседі. Тәрбие және адамның білім алуы, оның толысуы мен қалыптасуы еңбектерінде шебер көркемделген. Тәрбиенің мақсаты, үлкендердің және жеке тұлғаның болашақ жас ұрпаққа қайырымдылық пен жан тазалығын қалдыру принципін орындауы – деген ұйғарымға келуі және тұжырымы.
42
Платон өз еңбектерінде мүғалімге жоғаргы талаптар қояды. Білім беруші - ұстаз, окушысы мен шәкіртінің жан дүниесін толық түсінгенде ғана тұлғаны іске, баланы білімге үйрете алады - деген тұжырымы өз дәуірі үшін материалистік тұрғыда болды. XX ғасырда орыс педагогы К.Д. Ушинский Платонның бұл пікірін, өз кезіндегі, сол бір құлдық- аристократиялық коғамдағы бірден-бір материалистік және прогрессивтік – тәрбие талғамы жоғары пікір болды"- деп көрсетті. Сондай-ақ, қайта құру дәуірінің педагогтары Платонның педагогикалық, оның ішінде тәрбие туралы ойлары, XVIII – ғасырдың аяғы, XIX - ғасырдың басындағы орыс педагогикасының тіпті жер жүзі педагогикасына зор ықпалы болғанын атап көрсетті. Платон ілімі - көбі таптық негізде құрылған. Өз заманындағы езуші үстемдік иелерін әшкерлеп, құлдық қоғамдағы ойың сойылын соғушыларды әшкереледі. Идеализмнің зардаптарын жою жолдарын, оның құралдарын төменгі таптың қолына қару етіп ұсынды.
Тәрбие ісіндегі бостандықты аңсады. Тәрбие теориясының әдіснамасын жасаушы топтар құру тәрбиенің жаңа қоғам болуы қажет - деген жаңа идея ұсынды. Балаға білім беруде, тәрбие ісінде тұтастық болсын, барлығы бірдей тәрбиеленсін, таптық қоғам, таптық тәрбие жойылсын - деген философиялық ой-пікірі "Заңдар" атты еңбегінде жандана түсті. Бала дүниеге келген күннен бастап арнаулы тәрбие мектебінде тәрбиеленсін, демек 7 жасқа дейін, мектепке дейінгі тәрбие циклінен өтсін, 7-17 жас арасында басты білім алсын, ондағы негізгі пәнді музыка мен гимнастика деп белгіледі - Платон. Оның ойынша музыка тұлғаның гармониялық өсуін қамтамассыз етсе, гимнастика әскери іске даярлайды, денесін шынықтырады. Сөйтіп, ол дене бітімі жағынан шыңдала тусетінін дәлелдеп берді. Сондай-ақ, гимнастиканы әскери іске даярлайтынын, оның саяси мәнін ашты.Ол оқуды екі циклге бөлді: біріншісі-18-20 жас, бұл практикалық оқу көбінесе соғыс қорғанысы мамандарын даярлауға арналған, екіншісі-21-30 жас арасы математика, арифметика, геометрия, астрономия, көп жағдайда техникалық пәндерді оқытуды ұсынды, ол бұл пәндерді үйрету арқылы ғылыми техникалық прогрестің мүмкіндіктерін ашуға болатынын уағыздады. 30 жастағыларды одан әрі сұрыптап, оларға 31-35 жас арасында диалектиканы оқытады. Мақсат саясаткерлер даярлау, олар айтыс туғызады, мемлекет жанжалды шешеді. Сондай-ақ, бүлар өнер сабақтарын оқып, соған үйренуі қажет. 35 жастан кейін білімділері 15 жыл бойы мемлекет басқару органдарына
43
жүмысқа араласады. 50 жастан бастап кемеліне келген шағы деп есептеліп, теориялық сабақтарға қатысады, педагогикалық қызметпен айналыса бастайды. Бұл кезеңді педагогика ілімінің , оқу-тәрбие ісінің халықтық қолдау мекемесінің ұжымдарын құру ұйғарылады. Олар оқу-тәрбие ісін алға апарушылар болып есептеледі.
Платон бұдан кейінгі тәрбиенің жүзеге асыруы тапсыз қоғамға тән - деген жаңа пікір-ілім жасады. Ол Платонның "Заңдар" атты еңбегінде сараланып жазылды. Сол кездегі олигархиялық құрылыс жағдайында - мемлекеттік бақылау, цензура, құқықтық сараптау, демек сарапшылар тобын құруды қажет деді. Мұның барлығы тәрбие теориясын жүзеге асыратын бақылаушы органдар болуы тиіс - деді. Баланы тәрбиелейтін салалы ағарту органдары құрылсын, ол баланы ана сүтінен бастап тәрбие ісін жандандыра түсетін болуы, оның алғы шарты жасалсын - деді. 3-6 жас арасындағы балалар хромға қатыстырылсын, Платон ілімінің тағы бір ерекшелігі бала ойының өсу, шынығу, дене бітімі жағынан, оны жетілдіретін жаттығу шара-лары екенін, педагогикалық тұрғыдан дәлелдеуі болып табылады.
Платон бастауыш білімнің тегін берілуін уағыздады. Ол орындар мектеп, гимназия, манеждер болуы тиіс, сол тәрбие осы орындарды жүргізілу қажеттігін ғылыми-педагогикалық тұрғыда дәлелдеп, оның философиялық біртұтастығын, танымдық оқу процестерін ұдайы жетілдіру ұсынып, оған арнаулы мектептер салудың қажеттілігін практикалық тұрғыда шешті. Ол 10-13 арасында бала сауатты жазуға үйренсін және математиканың бастама ережелерін толық меңгеретін болсын -деген педагогикалық ойын жетілдіре түсті. Демек, Платон өмір сүрген дәуірде, оның ілімінің негізгі ережелері мен қағидалары ой-пікірлері, одан кейінгі дәуірлерде Еуропа педагогикасын
дамытуға қалдырылған мол мұра екені тәжірибеде айқындала түсті.
Сократтың танымдық-сананы көтеру
туралы ойлары
Б.з.б. 469-399 ж. шамасында өмір сүрген. Ежелгі грек философы. Афинада туган, мүсіншінің баласы. Жастарды софистерге қарсы күресте тәрбиелеуді мақсат етіп, қаланың көшелері мен аландарында айтыстар ұйымдастырып, өз ілімін уағыздады. Ол әңгімелесу, пікір алысу арқылы ақиқатқа жетудің жолын ашып, диалектиканың негізін салушы ғүламалардың бірі болды. Сократ ұғымды философияның зерттеу пәні ету арқылы ежелгі грек философиясының дамуына зор ықпал етті.
44
Аристотельдің айтуынша, Сократ болмыстағы маңызды уақиғалар шындығында индуктивтік әдіс арқылы жалпы ұғымдарға көшу және әр заттын мәнін білетін, сол ұғымдарға анықтама беру жөніндегі ілімінде объективтік идеализм бағытын ұстады деп көрсетті.
Сократ этикада рахымшылдық, мейірімділік, білімде, даналықты, жақсылықты терең түсінгенде ғана мейірімді бола алады, ол ақиқат - шындық, таза болмыс адам ақылының алғы шарты деп, өз кезеңі үшін ақылды дамытуды уағыздады. Саясатта Сократ әділетсіздікке негізделген барлық басқару формаларын -монархияны, тирантияны, аристократияны, пдутократияны -түгелдей қатаң сынға алды. Алайда, ол әділеттілікке негізделген мемлекетті қажет деп тапты. Сократ философия тарихында ақиқатты талмай іздеген терең, дара ойшыл ретінде орын алып, сақталалы.
Ол философия мен педагогиканың көкейкесті мәселелерін зерттеп, ғылымның кең жолына бет бұрған. Оқытуға ауызша баяндау әдісін енгізген, өзі эксперимент жасаған. Афин көшелеріне, алаңдарға, үй алдына көптеген адамдар жинап, сол кезеңнің ерекшелігі туралы жиі-жиі бас қосу жасап тұрган. Жинаған қауым оны "Сократтың индукциялық-өзіндік үздік ой-пікірлерін қабылдаған. Айнала орта туралы коптеген сұрақтарға жауап берген. Демек, ол осылай ойды философиялық оқу-ағартумен, тәрбиемен ұштастырған. Мүғалімнің танымдық ой-өрісін дамытудық педагогикалық жүйесін жасап ұсынған.
Сократтың философиялық жүйесі - адамның өзін зерттеу, оның тұлғалық және танымдық ерекшелігін табу. Шәкірттері Платон мен тарихшы Ксенофонттың айтуынша Сократтың философиясы орта ғасырдағы философтардың таным туралы ой-пікірінің, зерттеушің негізгі адғы шарты болған. Ол өз кезеңінде Софистердің іліміне қарсы болған. Содан кейінгі философ пікірлерінде таным мен дамудың, философиялық теория мен методологияның, әдістемесін, жүйесін жасады.
Сократтың педагогикалық ой-пікірлері этика-философиялық негізде жасалды. Ол адам табиғаттың рахымы мен байлығын, оның қүдіретті күшін қоғамға, айнала ортаға жеткізуші екенін айта келіп, адамның өзі табиғаттың туындаушысы деген тұжырымға келді. Адам өзі өскен ортадан ешкандай зақым көрмейтін болсын - деді. Осы негізде ол тәрбиенің демократиялық бағытта дамуын куаттады. Сондай-ақ ол бала қасиетінің, оның
45
туа біткен кейбір ерекше қасиеттерін сақтап қалуды педагогтар мен ұстаздар еңбегінің жемісі болуы тиіс - деді.
Ұстаз беп шәкірттің арақатынасы туралы нағыз демократиялық бағытты ұстады. Ең біріншіден мүғалім үлкен беделге ие болады, сонпа ғана оны оқушы сыйлайды. Бала білгенін ұмытпайтын болсьш. Алайда ол мәңгүрттікке ұшырайды, ол үшін тәрбие құрғақ жаттауға құрылмайтын болсын, мазмұнының мәні артсын. Ол философиядағы әмбебаптық білім беруді жақтады. Қандайда оқу мен тәрбиенің түрі сатылы - басқыштық деңгейге көшсін, жүйелі білім жүйелі ұғым мен түсінікке баулиды. Одан жоғарылап бүкіл халықтық педагогика мен халықтық тәрбиенің негізі - түпнұсқа жасалады - деп өзі өмір сүрген заман үшін прогрессивтік идеяны қуаттады. Жеке тұлға дамуын жақтай отырып эстетикалық тәрбиені, этикалық парасаттылық, инабаттылық, қайырымдылық, үждағаттылық, тағылымдық -талғампаздық - адам болмысының жүйелі дамуын көрсетеді.
Өз дәуірінің қиыншылығына қарамастан, Сократ мемлекет қайраткер-лерінің жер туралы ілімді, өлшем мен жер кодексінің өзгерістерін жете меңгерсін, ол халық үшін өте пайдалы - деген келелі ой айтты. Сондай-ақ, олар табиғат байлығын сақтасын, азық-түлік, сауда-саттықтың теңдігін білсін - деп жаңа экономикалық жүйе ұсынды. Сократтың педагогикалық жүйесі - оны таптыйқ ой-пікірінің жалғасы - деп табылды. Аристотель педагогикалық, экономикалық пікірлері арқылы сол кезендегі аристокра-тиямен күресіп жатқан Афина мемлекеттерінің демократиялық Эллада қозғалысын жақтады. Аристотель халықтық еркіндікте өмір сүруін демократиялық негізде шешкісі келді. Білім алу теңдігін мойындады және жақтады. Оны өз ілімінде педагогикалық тұжырым етіп ала білді. Сократтың педагогикалық ойларының таптық және демократиялық негізі "Адамгершіліктік шығармаларында" айқын көрініс тапты. XVII ғасырда Чехословакия педагогы Я.А. Коменский өзінің "Ұлы дидактикасында" Сократтың педагогикалық ой-пікірлерін жақтағанын, оны әрі қарай дамытатынын атап көрсеткен және жазған.
Сократ этика ілімінің дамуына зор ықпал етті. Ол граммагикалық мектептерді дамытуды жақтады. Грек тілі мен риториканы, әдебиет пен тарихтан білім бере отырып, шешендікке үйретуді бірінші кезекке қойды.
46
'Саясаттануда" ол былай деп жазды: "Мейірбандылық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік т.б. отбасы мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді, - деп көрсетті. Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікке емес, керісінше белсенділік пен жасампаздыққа деп дұрыс түсінгендігін байқатады. Адамның әділетті, жігерлі болуы, оның ішінде игілікті ісімен тығыз байланысты. Аристотель ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі Сократ болды.
Мемлекет құрылысы халықтың талап-тілектерінен туындауы қажет - деді. Ол оқу, тәрбие, білім қоғамды дамытушы күш деген тұжырым айтты. Ақыл-ойдың, адамгершіліктің күшіне сенген Аристотель ілімін жалғасты-рушы, ол сезімнің танымдық сатылары (түйсік, қабылдау, бақылау) мен ойлау формаларында (ұғым, пікір, ой тиянағы, соны пікірлер) біртіндеп, сатылап дамитынын дәлелдеді. Оның философиялық ойлары әрқашан ағартушылық ойларымен ұштас келеді.
47
III ТАРАУ. ШЫҒЫС ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРІНІҢ
ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Әл-Фараби дуние жузі мәдениеті
мен ғылымының негізін салушы (870-950)
Әбу Насыр Мұхаммед ибн УзлағТархан Әл-Фараби (870-950 ж.) ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логик, музыка зерттеушісі. Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фа-раби (бертін замандағы Отырар) қаласында туған. 20 жасына дейін сонда оқьш тербиеленіп, кейін Самарқанд, Бухара, Хиуа және мұсылман шығысының көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы араб халифатының саяси, мәдени орталығы - Бағдатта тұрған Арабтың мәдениеті мен ғылымы дәуірлеген шақта сонда оқып, білім алып, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Өмірінің соңғы жылдарын Каирда, Алеппода, Дамаскіде (Шам шахарында) өткізген.
Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Оны Шығыстың Аристотелі ден атаған. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол. Екі жүз қырыққа жуык трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлі саласын - философия мен логиканы, математика мен физиканы, астрономия мен ботаниканы, минералогия мен лингвистиканы, медицина мен музыканы қамтиды. Осынау ұлан-ғайыр еңбектерінің ішінде философия мен әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың проблемалары үлкен орын алады.
Фараби шығыс перипатетизмнің аса көрнекті өкілі, араб тілінде әлемге тараған прогресшіл қоғамдық философияның негізін салушылардың бірі. Ол философияның, логиканың, әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың әр түрлі саласына сақ қырлы үлес қосты.
48
Этика Фараби мұрасының ішінде үлкен орын алады. Этиканы ол ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Жақсылык мазмұн-мағынаның бір бөлігі, сондықтан ол материяның өзінде бітіп қайнап жатыр. Ал жамандық жақсылық сияқты емес, ол болмыс жоқ жерден пайда болған дейді. Ұлы ғалымның осынау этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастертлеу керек деп түсінеді. Бірақ жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді деп қарайды (Әл-Фараби, Әлеуметтік-этикалық трактаттар.-А., 1973, 132б.). Фараби бұл салада жасаған қорытындының басты түйіні - білім, мейір-бандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде, Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл мен ой білімінің биік мәнін халықтар арасындағы туысқандық, достастықтың принциптерін егіле жырлады, адамгершілік, мораль мәселесін діни тұрғыдан берілетін негіздеу екенін көрсетті.
Риторика, поэтика, өнер, музыка, т.б. жөніндегі еңбектерінде айтылған көркемдік-эстетикалық көзқарастары әлі күнге мәнін жоймаған. Ұлы ойшылдың көз тіккен эстетикалық проблемаларының ауқымы үлкен, шеңбері кең. Эстетика мәселесі жөнінде айтқан соны пікір, тың идея, батыл тұжырымдар оның көптеген шығармаларында кездеседі. Мысалы, "Риторика", "Поэзия өнерінің каноны туралы трактат", "Поэзия өнері туралы" т.б. еңбектерінде көрсетілген.
Музыка зерттеу саласында Фараби әр алуан шығармаларымен қатар "Музыка туралы үлкен кітап" атты іргелі кесек еңбек қалдырды. Бұл жұмыс музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байланысына дейінгі "Музыка ғылымының" мәселелеріне ғана арналмай, музыканың жағымды әсерін, жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ, оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығару қабілеті, дарындылығы дәрежесінің әр түрлі сатысын көрсетті, адамның жан дүниесіне жақсы, жаман әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасайды.
Адамды жетіле түсуге, бақытқа, молшылыққа жетелеуді көздеген Фараби әділеттілікті халықтар достығын насихаттауда, мәдениетті, ғылымды жасауда барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеялары, оның өз заманындағы Шығыс
49
елдерінің, әрі дүние жүзі халықтарының көкейкесті проблемаларымен үндесіп жатады. Сондықтан да оның энциклопедиялық мол мұрасы біздің қазіргі XXI ғасырдың басындағы әлеуметтік өмір мен мәдениеттін ішінде кірігіп, ұласын кетеді. Фарабидің: "Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне комектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады", - деген сөзі тап бүгін де өте мәнді. (Әл-Фараби. Философиялық трактаттар, - А., 1972, 5-б).
Ол адамның іс-әрекетінде зерделіліктің (зиялылықтың) ролі аса зор деп бағалады. "Олардың ақыл-ойы халықтар арасындағы ұрыс-жанжалдардың (соғыстың) пайдасыздығын ұғуға жетеді". Сондықтан олар ең жоғарғы игілікке, берекеге жету жолында, (демек бақытқа жету жолында) бір-бірімен келесімге келуі керек". Гуманизмді халықтар достығын насихаттап, адамның өзін, оның ақыл-ойын, қабілет пен жігерін өте жоғары қояды, адамның шынайы бақытын тілейдд, оларды тынымсыз іздену, оқу-үйрену арқылы өзін-өзі жетілдіруге шақырады. Тек адамның мінез-құлқына байланысты ғана одан жаман немесе жақсы қылық шығады",- дейді (Әл-Фараби, Әлеуметтік-этикалық трактаттар}.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде Фараби заманында медицина ғылымы жақсы дамыды. Антика заманы мен орта ғасырларда философия мен медицина жөніндегі білім бір-бірімен тығыз байланыста болатын. Көптеген философтар дәрігерлікті және философияны қатар зерттейтін. Фараби шығармашылық мұрасында медицина саласынан да еңбектер бар.
Оның медициналық-философиялық идеялары тек соңғы кезде ғана ғалымдардың зерттеу объектісіне айналды. "Адам денесінін органдары жайында Аристотельмен келіспеуіне байланысты Галенге қарсылық" атты трактаттары орыс тіліне аударылып басылып шыққаннан бері зерттеле бастады. Өзбекстанның Шыгыстану институтында сақтаулы жатқан қолжаз-балардың ішінде Фарабидің "Жануарлардың органдары (денесі), олардың функпиясы мен потенциясы" атты еңбегі бар екені айтылады. Медицина саласындағы трактаттарды ғылымның жаратылыстану, философиялық идеялары және грек заманындағы классикалық ғылымның жетістіктерімен тығыз байланысты екенін көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге оның ғылыми тұрғыдан дұрыс та деректі білімнің тазалығы үшін күрескендігін дәлелдейді, білімнің ұлан асыр энциклопедиялық сипатта екенін, әр ғылымның күрделі проблемаларын аналитикалық жолмен шешетіндігін айқын аңғартады. Ол жаратылс-
50
тануды теориялық білім деп қарайды. Ал медицинаны практикалық өнердің әлде қандай бір түріне жатқызады. Оиың айтуынша, жаратылыстану әрбір табиғи заттың мазмұн-мағынасын түсіндіріп беруге қызмет етеді. Материяны оның формасын әрекетінің себебін анықтайды, бұл қасиеттер оның болмысын, мақсатын көрсетеді, бұл зат сол үшін тіршілік етеді, сөйте отырып әрқайсысының жеке дара белгілерін түсіндіреді.
Ол медицинаны практикалық өнер деп қарап, оның міндеті мен мақсатын, функцияның ерекше даралап айтады. Медицинаның әрекеті белгілі бір аурумен ауырған адамға емдік ету арқылы денсаулығын қалпына келтіруге бағыт алған. Сонымен дұрыс дерекке сүйенген медицинаның міндеті адамның ауруының себебін ашып қана қою емес, оның денсаулығын сақтау, жеке органдарын аман ұстаудың және аурудың туу себептерін сипаттауға айрықша орын беріледі. Оның себеп-салдар байланысын сыртқы әсермен ұштастыру негізінде қарастырады. Ғалым денсаулықты сақтауда, ауруды жазуда айналаны қоршаған ортаның, дәрі-дәрмектің, тамақтың рөлі зор екенін көрсетеді. Сондай-ақ, дәрігердің білім, тәжірибесі, түрлі дәріні медициналық, аспаптарды қолдана білуі де қажетті шарт екенін айтады. Оның пікірінше, адамның барлық органдары бір-бірімен өзара байланысып жататындығын білу дәрігерлік емдеудің ең маңызды принципі болуға тиіс.
Білімнің мазмұн-мағынасын анықтау және оған жіктеу жасау жөніндегі Фараби ілімі орта ғасырдағы ғылыми ой-пікірдің ең маңызды жетістіктерінің бірі болды. Сөйтіп, ол білім салаларының дамуында және оларды жүйелеуде елеулі рөль атқарды. Фарабидің ғылымдарды жүйелеу жөніндегі теориялық-тарихи мәні материалдық заттарды адамның санасынан тыс, өз бетімен дербес өмір сүретін және белгілі бір қасиетке ие болып тұрған құбылыс деп мойындауда, демек мүның бәрі материалистік көзқарасқа негізделген. Ғылымның объектісі және жіктеуі жөніндегі Фарабидің ілімі өзінің мәні жағынан Беконның ғылыми білімдерді жіктегенде субъективтік принциптерді негізге алған ілімнен анағұрлым жоғары тұр.
Ғылымды жіктеу жөніңдегі Фарабидің еңбегі ХІ-ХІІ ғасырларда көне грек, латын тіддеріне аударылды, сөйтіп Батыс Еуропа ғалымдары арасында жоғары бағаланды. Батыстың кейінгі зерттеушілері оның бұл трактатын орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады. Фарабидің ғылымды жіктеу теориясын сан ғасыр бойы ғылымның дамуына игі әсерін тигізді, ғылыми мәнін сақтап келді.
51
Фарабидің логикалық-гнесеологиялық, әлеуметтік-этикалық, эстетикалық-теориялық т.б. пікірлерімен жете танысу оның сан салалы мұраларын, оның ғылыми тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірдегі. Шығыс пен Еуропа халықтарының философиялық, эстетикалық, қоғамдық, этикалык ой-пікірін және өнердің дамуына ықпалын тигізді, Фараби оз алдына жеке-дара тұрған үздік ойшыл, ғалым болды.
Кеңес ғалымдары 20 жылдардан бастап-ақ Фарабидің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге кіріскен. Шығыстың ұлы ойшылының мұрасын зерттеу оның 1100 жыддық мүшел тойына дайындық үстінде қыза түсті. Осыған орай 1966 жылы ҚазССР Ғылым академиясының философия мен құқық институтында оның мұраларын зерттеуге арнаулы топ құрылды. Бұл топ Фараби еңбектерін жинау, аудару, қазақ, орыс тілдерінде бастырып шығару жөнінде көптеген жұмыс істеді. Қазір оның 7 томдық еңбегі шықты. Осылайша Фарабидің көптеген трактаттарын жинау, ғылыми тұрғыдан жүйелеу, басып шығару ісі оның туған жері Қазақстанда жүзеге асырылды. Фарабидің колжазбаларын аудару, кітап етіп шығару үшін СССР мен Өзбек СССР Ғылым академияларының Шығыстану институттарында, Братислав музейіңде (Чехословакия) сақталған және Каирда, Бейрутта, Хайдарабадта, Анкарада, Берлинде, Лондонда т.б. қалаларда басылып шыққан Фараби шығармаларының араб тіліндегі түпнұсқасы пайдаланылды.
Әл-Фараби тәрбиенің барлық мәселелерін логикамен, тәрбие мұратымен, білім алумен, үйренумен үлгілі тәжірибемен, окумен байланыстыра уағыздағанын білеміз. Ол өзі жазған "Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегіндс - тәрбиенің нсгізінен туындайды деген сді. Тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы екенін біз тәрбис тағылымынан жақсы білеміз. Демек, жасөспірімдер мен аға буын арасындағы мирасқорлық тәрбие арқылы жүзеге асады. Дәлірек айтсақ, тәрбие жеке адамның адамның адамгершілік, ақыл ойының дамуында, еңбекке баулуда басты роль атқарады. Барлық коғамдық-экономикалық формацияларға тән құбылыс ретінде тәрбиенің жалпылық белгілері бар. Ол тәжірибенің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі, білім меңгеру, денсаулық сақтау, дүниеге көзқарасты қалыптастыру. Алайда, тәрбиенің мақсат, мазмұны. ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи
52
дамуына сәйкес өзгеріп отырады. Алғашқы қоғамда тәрбие аға буынның өмірге қажетті практикалық дағдыларын жас буынға үйретумен шектеледі. Балалар барлығы бірдей тәрбие алды. Таптық қоғамның тууына байланысты тәрбие таптық сипат алды. Феодализм дәуірінде тәрбиенің сословиялық сипаты айқындала түсті. Әр сословие балаларының тәрбиесінің өз міндеті, мазмұны және түрі болды. Буржуазиялық қоғамда сословиялық мектеп-тердің орнына таптық қайшылықты күшейтті. Қазіргі капиталистік елдерде де әртүрлі әлеуметтік топтар тәрбиесі арасында саралап жіктеу бар.
Еңбек тәрбиесінің теориясын, тәрбиснің жалпы және қоғамдык категориясы ретінде педагогика ғылымы жан-жақты зерттеп келді. Демек, еңбек тәрбиесі белгілі бір қоғамда жасөспірімдер мен жастардың еңбекке саналы да адамгершілікті арқау етіп, мирас тұтатын көзқарасты, жоғары саналылықты еңбек үстінде қалыптастыратын процесс.
Әл-Фараби Аристотельдің ғылыми мұраларын жан-жақты зерттеп, өзінің ғылыми еңбектерінде адам ақыл-ойының дүние танудағы қүдіреттілігін дәріптейді. "Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы", "Бақытқа жету" тағы басқа шығармаларында ғылымды меңгеруді бұл дүниедегі бақыт, кемел табудың кажетті шарты деп санайды. Ол өз заманындағы ғылымдардың барлық салаларынан әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыс тану ғылымдарынан көп мұра қалдырды, трактаттарында, адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, тәрбиелерін адамды ақылдылыққа үйретіп, еңбекке үйретіп баулудың, күнделікті өмір сүрудің тыныс-тіршілік құралы - деп тұжырымдайды. "Бақытқа жету" атты еңбегінде, жас ұрпақ тәрбиесі, жеке бала тәрбиесі, тіпті кейде жеке адам тәрбиесі, жастар тәрбиесі, жас жұбайлар тәрбиесі жайлы жан-жақты ұлағатты ұғымдар, трактаттар, өсиеттер, үлгілі-өнегелі сөздер, пікірлер біздің заманымызға дейін сақталып, ол ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, халықтық педагогиканың қазынасына айналды. Онда тәрбиенің педагогикалық мақсат, міндеті, онын философиялық негізі баяндалып тұжырымдалады. Оның ойынша бақытқа жету басы - таза еңбек, адал еңбек, (ой толғанысы) болып есептеледі.
Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп тұжырым жасады. Ол өзінің "ғылымдар тізбегі" немесе "ғылымдарды жіктеу" деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі.
53
Олар: 1-Тіл білімі және оның тараулары; 2-Логика және оның тараулары; З-Математика және оның тараулары; 4-Физика және оның тараулары; 5-Азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Әл-Фараби педагогика ғылымын -Азаматтық ғылымға жатқызған. Ол Азаматтық ғылымды - оның саласы педагогиканы оқу, білім алу тәрбиенің құралы деп есептеген. Еңбек ету, саналы болу, адамгершілік, ақылдылық - табиғаттан туындауы шарт деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби адамның өзі табиғат, адам - жер бетіндегі тірі организмдер дамуы-ның ең жоғарғы сатысына көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген, түсінікті сөз сөйлей білетін саналы белгілі бір ортаның мүшесі. Сол кездегі түсінік бойынша, Фарабидің орта деп отырғаны бүгінгі қоғам болса керек. Адам туралы материалистік бағытты үстаған Фараби - адам еңбек ету нәтижесінде жоғары сатыга көтерілді деген тұжырымға келді.
Әл-Фараби тәрбие процесінде "қатты әдіс" деп "жұмсақ әдісті" үштастыруды талап етеді. Ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. Қазіргі тәрбие процесі тұрғысынан қарағанда, "қатты әдіс" - деп отырғаны жазалауда, жұмсақ әдіс деп отырғаны мадактау болса керек. Демек, Фараби педагогикалық ықпал ету әдістерін алғаш ұсынған, оның тиімділігін қолдану жолдарын дәлелдеп кеткен дана ғалым. "Ғылымдар тізбегі", "Ғылымдардың шығуы" атты еңбектерінде ол ғылым-дарды үйрену, үйрету реттерін белгілейді. Евклид негіздеріне жазған түсідіктемесінде оқытудың көрнекілік принциптерін жақтайды. Әл-Фараби тек педагог ғана емес, асқан әдіскер ғалым болған. "Музыканың ұлы кітабы", "Алмагеске түсініктеме" деген еңбектерін - ғылымды түсінікті, қонымды баяндаудың өз заманындағы тамаша үлгілері, оларды белгілі бір оқушылар тобына арнайы жазылған оқулықтар - деп қарауға болады.
Аристотельден кейінгі дүниежүзілік білім мен мәдениеттің "екінші ұстазы" болған Әл-Фараби Аристотельдің шығармалары жайында көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Осы тұрғыдан қарай отырып білімді, ол философиялық категория деп қарады. Білім, Фараби еңбектерін негізінен алсақ -философиядағы бүкіл танымның даму процесінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің, рухани қазынасының жиынтығы Фарабиден кейінгі ғалымдар, әсіресе философ, педагог ғалымдар, айналадағы дүниені жан-жақты зерттеп, заңдылықтардын ашып игерудің нәтижесінде қоғамдык өмірдің даму сатыларына сәйкес,
54
адамдардың іс-әрекеті мен тәжірибесінде айқындалып дәлелденген белгілі жүйедегі ұғымдар дүниесі – деп білімге тұжырымды анықтама берді. Мысалы, Ыбырай мен Абай Фарабидің білім туралы трактаттарын жетілдіре, дамыта отырып - білімді еңбектің, еңбек тәрбиесінің тәжірибелік, өмірдегі, күнделікті тіршіліктегі іске асырылған жемісі деп тұжырымға келді.
Тарихқа тәрбие тағылымына, еңбек пен еңбек тәрбиесінің даму жолдарына көз салсақ, білім туралы мынадай мағлұматтар айтуға болады. Демек, адамзаттың дамуы, қоғам, айпала орта, қолы жеткен біліміне сүйене отырып, табиғат күштерін өздеріне бағындыру арқылы, материалдық игіліктерді өндіріп, қоғамдық қатынастарды өзгертті. Педагог ғалымдардың зерттеуіне қарағанда білімнің ең қарапайым тұрмыстық формалары жас балаларда кездеседі. Оны әрі қарай дамыту, жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін ескере отырьш, еңбек тәрбиесіп жан-жақты жүргізу арқылы орындалады. Әрбір адам және әрбір жас, әрбір оқушы өзінің қоршаған дүние мен коғамдық орта жонінде эмприкалық тәжірибелік мағлұматтар алады. Тіпті алғашқы қауымдағы адамдардың өзі көптеген тұрмыстық білімге ие болып, оды әдет-ғүрып, ата-баба тәжірибесі, өндіріс құралдарын пайдаладу әдістері тағы басқа тіршілік қаракеттері аркылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келді. Білімнің қай түрі болмасын адамзат тәжірибесінің, тәрбиенің еңбектің негізінде дамьш отырады. Сондықтан, Фарабиден кейінгі әр түрлі қоғамда, адам баласы дамуының ербір тарихи кезеңдерінде - ғалымдар философтар, тарихшылар, педагогтар білімді адамдардың объективті өмір процесінің жемісі деп қарап, оның даму диалектикасының заңдарын ашу танымының бірден-бір міндеті деп санайды. Фарабидің еңбектерін зерттеген, әрі қарай өзінің таным теориясы ұғымын ең алғаш рет философияға 1854 жылы енгізген Шотландия ғалымы Фаррьер - былай деп айтқан екен.
...Дуние тану теориясында да диалектикалық жолмен байымдау керек, яғни біздің дүние тануымызды даяр тұрған өзгермейтін нәрсе деп ойламау керек, қайта білмеушілік пен білушілік қалай туатынын, толық емес, айқын емес, білімнің қалайша толығырақ, айқынырақ білімге айналатынын тексеру керек' деген болатын.
55
Достарыңызбен бөлісу: |