Педагогикалық үдеріс біртұтас жүйелі құбылыс Мақсаты біртұтас тұлға қалыптасуын қамсыздандыру



бет3/5
Дата04.01.2022
өлшемі25,52 Kb.
#109029
1   2   3   4   5
Байланысты:
«Педагогикалық үдеріс» ұғымының мазмұнын салыстыру.Педагогикалық үдеріс ұғымы мазмұны дамуының хронологиялық кестесін құру.

Заң - болмыс құбылыстары мен үдерістері арасында болатын жалпы, тұрақты қайталанып отыратын қажетті де мәнді байланыс. Заңдар сан алуан, ал олардың ішінде қоғамдық дамуға қажеттісі қоғамның әртүрлі ұрпақтары арасындағы ұштастықты қамтамасыз етеді. Сондықтан, педагогикалық үдерістің негізгі заңы сипатында өскелең әулет тарапынан аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін игеру қажеттігі заңы қарастырылады. Ал педагогикалық заңдылықтар ретінде көрінетін арнайы заңдар осы заңмен тікелей де тығыз байланысты. Бұл байланыс мәні: ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің мазмұн, форма және әдістері қоғамның өндіргіш күштерінің даму деңгейіне, әрі оларға сәйкес өндірістік қатынастар мен қондырғылар (надстройка) дәрежесіне тәуелді келеді. Тәлім білім деңгейі тек өндіріс талаптарымен анықталып қалмастан, ол қоғамда билік жүргізуші саясат пен идеиологияға бағыт-бағдар беруші әлеуметтік топтардың мүддесімен де байланысты келеді.

Педагогикалық үдерістің тиімділігі оның өтуіне жасалған жағдай-шарттарға (қаражаттық, гигиеналық, моральдық-психологиялық, және т.б.) тәуелді болуы заңдылықты құбылыс. Көбіне аталған шарттар елдегі әлеуметтік экономикалық жағдайларға, сонымен бірге субьективтік ықпал жасаушы, тәлім және тәрбиелеу мекемелерінің басшылығына байланысты.

Тәрбие нәтижелілігі балалардың қоршаған дүниемен қарым-қатынас ерекшелігіне тәуелді болуы да заңдылықты құбылыс. Педагогикалық заңдылық мәні - оқу-үйретім және тәрбие нәтижелерінің өз дамуының әрқилы кезеңінде бала араласқан іс-әрекеттерінің сипатына байланыстылығы. Педагогикалық үдеріс мазмұны, формасы мен әдістерінің тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне сай болуы аса маңызды заңдылықтар тізімінен. Педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың нақты желісінде қандай да қызмет орындауға қажет үдерістік бірліктер арасындағы ішкі заңдылықты қатынастардың маңызы елеуге тұрарлық. Нақты тәрбие - тәлім үдерісі мазмұнының алға қойылған міндеттеріне байланысты нақтылануы міне осыдан. Педагогикалық іс-әрекет әдістері мен оларға қолданылатын құрал-жабдықтар нақты педагогикалық жағдайға және мазмұнға орай іріктеледі. Мақсат, міндет, мазмұн және т.б. педагогикалық үдерісті ұйымдастыру формасын таңдауға ықпал жасайды.

Педагогикалық үдеріс заңдылықтары өздерінің нақты көрінісін негізгі ереже-талаптарда, яғни принциптерде табады. Принциптерге орай педагогикалық үдерістің жалпы ұйымдасуы, мазмұны, формасы мен әдістері анықталады.

Бүгінгі ғылымда принциптер қандай да теорияның, жетекші пайымдардың, мінез-құлық, іс-әрекеттің негізгі бастау ережелерін көрсетеді. Педагогикалық үдеріс прнциптері, сонымен тәлім-тәрбие істерін ұйымдастыру талаптарын аңдатады, олардың бағыт-бағдарын сілтейді, нәтижеде педагогикалық үдерісті шығармашылықпен құрастыруға жәрдем береді.

Біртұтас педагогикалық үдеріс ауқымында принциптердің екі тобын ажыратуға болады:

педагогикалық үдерісті ұйымдастыру принциптері;

тәрбиеленушілер іс-әрекеттерін басқару принциптері;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет