Педагогикалық факультет



бет10/23
Дата29.01.2018
өлшемі1,81 Mb.
#36194
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Дәрістің мазмұны


  1. «Қорқыт ата» кітабы философия мен психология деңгейін Қорқыт кітабының

адамгершілік жастарды тәрбиелеудегі орны

  1. Адамның ішкі өміріне қызығушылық. «Күлтегін атынан үлкен жазу».

  1. «Оғызнама» кітабы

Мақсаты: Ежелгі түрік әдебиеттеріндегі психологиялық ойлардың пайда болуымен таныстыру.

ХV ғасырдың орта шегінен бастап қазақ елінің ішкі-сыртқы қал жағдайы көрші жұртпен арақатынасы жақсара түсті. Халық арасынан сауаттты, білімді адамдар бой көрсетті. Қазақ атымен аталатын қоғамдық ой пікірдің басшылары болған Асан қайғы, Қазтуған елге ұйтқы ақылгөй атанған, дуалы ауызды дала философтары еді. Жырау толғауларында табиғат аясында сәбидей пәк көшпелі халықтың тыныс тіршілігі, болмыс бітімі, өзіндік психологиясы, өзін қоршаған орта туралы түсінігі бейнеленеді.

ХV ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының көрнекті көш басшылары Асан қайғы мен Қазтуған. Олардың өлеңдері мен өсиет сөздерінен халық қамын жиген, қамқоршы бола білгені байқалады. Туған жерге, қолпаштап өсірген елге деген ыстық ықыласпен, ар-намыс үшін күрес әділдікті туралылықты құдірет тұту олардың шығармаларының өзекті орын алды.

Асан қайғы дүниенің төртбұрышын кезіп, «Жерұйықты» іздейді. «Жыраудың тыңдаушысыз сөз ғарып, замандассыз қария ғарып, қаз үйрексіз көл ғарып»

Ешкімменен ұрыспа, жолдасыңа жау тисе

Жаңынды аяп тұрыспа, ердің құны болса да

Алдыңа келіп қалған соң, қол қусырып барған соң

Аса кеште қоя бер, бұрыңғыны қуыспа – деп көпшіл, кешірім болуды үгіт насихаттайды. «Ұлық болсаң, кішік бол», «Көптен қол үзбе, асып таспа, көпке топырақ шашпа, қандай іс қылсаң да көппен кеңес»

Асан қайғы сол дәуірдің аса көрнекті философтарының бірі болды. «Көпке қызмет ет, халық қамын ойлар азамат бол» деген тілек айтты.

Қорқыт қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл. Адамдар жаратылысында екі түрлі мінезбен туады дейді. Бірі – үшсем, жесем, ұйықтасам деп айтады. Бұлар тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу – жан құмарлығы. Адам бойына жанқұмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты – ақыл, ғылым. Ол ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі деген. Абай әйел қауымын кейбір нашар қасиеттерден (өсек, жалқаулық, еріншектік, шаруаға икемсіздік) бойына аулақ салуын тілеп, оларды ақылды, инабатты, ұятты, балаға-ана, еріне-жар, ата-енеге сүйкімді келін, отбасына береке-құт тудырар адам болуын аңсады. Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын материалистік тұрғыдан түсіндірді. Сезіну және түйсіну мәселелерін дәл осы бағытта талдады. Ақын сыртқы дүниенің адамның сезім мүшелеріне әртүрлі сипатта әсер ететінін айта келіп: құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгір, дауыс жақсы үн, күй ән ешбірінен ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес едік.

Ашу Қорқыт түсінігінде негізінен жағымсыз сезім, олар ашуды екі тұрғыдан қарастырады: біреуі – оқыс қимылдармен ащы сөздер арқылы, сырттай айқын көрінгенімен, дүмпуі әлсіз, кісінің көңілінде дақ қалдырмай тез тарқап кетеді. Екіншісі – сыртқа шықпай жасырын қуатын ішке бүгеді.

Өзінің қадір – қасиетін, өмірдегі орнын білетін саналы адамның қай қайсысындада мақтаныш сезімі болады. Абай мақтанышты адамның ой көкіректік, мақтаншақтық сияқты мінезінің жағымсыз сипаттарына қарсы қояды.

Адамның көңіл көтеріп, бойына қуат беретін сезімдерінің бірі – қуаныш. Ар-ожданы таза адам ғана бар шынайы көңілімен күледі. «Әрбір жақсы адамның жақсылықы тапқанына рақаттанып күлесің, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибырат қылып күл» дей отырып, қуаныштың ғана шын көңілден күлкі шығаратынын меңзейді.

Өзіндік бақылау сұрақтары

«Қорқыт ата» кітабы философия мен психология деңгейін Қорқыт кітабының

адамгершілік жастарды тәрбиелеудегі орнын анықтау

Адамның ішкі өміріне қызығушылық. «Күлтегін атынан үлкен жазу» кітабының маңыздылыңы неде?

«Оғызнама» кітабы туралы қандай ақпаратыңыз бар?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996

2 дәріс



Тақырып: Қазіргі психология ғылымы, құрылысы және зерттеу әдістері.

Дәрістің мазмұны


  1. Қазіргі заман психологиясы және оның мақсат-міндеттері

  2. Психология ғылымының салалары

  3. Психологияның зерттеу әдістері

  4. Психологияны зерттеуді ұйымдастыру

Мақсаты: Қазіргі психология ғылымы, құрылысы және зерттеу әдістері туралы ақпаратпен студенттерді қаруландыру

Белгісі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп айтады. Байқау әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-кқ жүргізіледі. Осы әдіс арқалы зерттелінушінің мимикасын/бет құбылысын/, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінезқұлқын, жалпы әрекетін байқауға болады.Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрге талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т. б. Пайданылады.

Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қажетті кейбір шарттар:

1. Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайтанылып зерттелінуін қамтамасыз ету;

2. Зерттелетін объектіні айқыт бергілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар оқушыны алатын болсак, мақсатымыз оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;

3. Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру; зерттелінушінің сөз реакцияларын стенографиялап отыру, кейін оған мүқият талдау жасау, басты фактілерді іріктеп алу-осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.

Сан рет жүргізілген байқаудын нәтижесіне байланысты (егер байқауға мектеп оқушысы алынған болса) мұғаліммен бірлесе отырып, оқушының оқу әрекетін одан ары жақсарту үшін нақтылы шаралар бергіленеді.

Мектеп тәжірибесінде байқау әдісі арқылы оқу-тәрбие процесінің әр кезеңдерінде мұғалім оқушылардың сабақ үлгіруі мен тәртібіндегі ерекшеліктерді білуіне, кейін оларды жақсарта түсу жөнінде тиісті шаралар белгілей алуына болады. Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде өте көп қолданыталып әдістердің бірі.

Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар.

Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі кездейсоқ объективтік (байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т. б. ) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде керімек те болады.

Байқау әдісіне қарағанда психикалық құбылыстарды эксперименттік жолмен зерттеудің біраз артықшылығы бар. И. П. Павлов : «Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тилегенін алады»- деп тегін айтпаған.

Эксперимент. Эксперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті психикалық құбылыстардың көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда эксперимент лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді. Енді бұларға жеке-жеке тоқталып өтейік.

Лабораториялық эксперимент

19 ғасырдың ортасынан бастап, же психикалық процестерді зерттеу үшін эксперимент (тәжірибе) кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) психологияны экперименттік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін экспериментті пайдаланды. Кейін келе олар секундтың 1/1000 үлестеріне дейін дәл өлшейтін кұралдар ойлап шығарып, кейбір психикалық процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолып тапты. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жұргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т. б. өлшенілді. Орыс психологы Н. Ланге (1858-1921) эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы жылдарда француз психологы А. Бине (1857-1911) алғашрет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың 1 дүние жүзілік конгресінде (Париж, 1889) талқыланды. 20 ғасырдың басында психология ғылымының қарамағында бірнеше ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін 20 ғасырдың басында орыс психологы Г. И. Челпанов (1862-1936) ұйымдастырды. Қазірде Педагогикалық Ғылымдар академиясына қарасты Психология ғылымизерттеу институты (Москва ) жоғарыда аталған лабораторияның негізінде құрылған. Осы күндері институт лабораториялары ең жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар.

Ғылыми психология психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуды басты мәселенің бірі деп қарайды. Бұл міндетті академик И. П. Павлов ашқан әйгілі шартты рефлекстер әдісі бойынша шешуге болады. Көптеген физиологиялық және психологиялық лабораторияларда И. П. Павловтың шәкірттері бұл әдістің әр түрлі варианттарымен ойдағыдай жұмыс жүргізуде. Мысалы, осы әдіс арқылы проф. Н. И. Красногорский балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің даму жолдарын, проф. А. Г. Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген.

Эксперимент жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет болатынын айттық. Енді оқушыларды кейбір қарайып аспаптардың атымен таныстырайык. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін-хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін-эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін-тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін-аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін-эргографты пайданалады. Бұлардан басқа құрылысы әлдеқайда күрделі кұрал-жабдықтар да толып жатыр.

Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайларда байланысты болады:



  1. Байқалатын объекті жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;

  2. Тәжірибені түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар т. б. жазу-сызу кұралдарымен қамтамасыз ету);

  3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға сай жүргізу;

  4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өлкізіп оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау;

  5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығара отырып, эксперимент жүргізуде ашылған кейбір ғылыми деректерді (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл эксперименттің негізгі мақсатының орынталғаны болып табылады.

Табиғи эксперимент

Эксперименттің екінші бір түрі-табиғи эксперимент деп аталынады. Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский (1874-1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда эксперимент жүргізуші өзіне керек кұбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи эксперименттің кейбір түрлері арқылы (оқыту, констатациялау эксперименттері т. б. ) мұғалімдер оқушылардың кейбір қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгіруі мен тәртіптілігін арттыруға мүмкіндік алады.

Бір экспериментте 3-4 класс оқушыларының ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліклің арақатынасын анықтау үшін зерттеуші балаларға оқыған текстеріне ат қоюды, осы текстегі суреттер бойынша әңгіме құрастыруды талап еткен. Эксперимент жүргізуші осы тәсілдер арқылы текстің мазмұнын оқушылардың қысқаша және жалпылай баяндай алуын, суреттер бойынша елестер туғыза алу мүмкіншілігін, сондай ақ нақтылы образдары қайта жаңғырту текстің мазмұнын толық түсінуге қандай әсер ететіндігін байқаған. Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің арақатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, онтағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.

Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдістер бар. Оларды қоласқы әдістер деп атайды.Мәселен, әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дараерекшелігіне, білім көлеиіне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік дастырыла, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі. Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, (алынған мәліметтерді сол бойда жазып отырудың қажеті шамалы) кейіннен мұқиат талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады. Осындай қосалқы әдістердің қатарына адамның іс-әрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстары, түрлі формадағы творчестволық жұмыстарды талдау), өмірбаян (яғни зерттелушінің туған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның өмірбаян, естелік, мінездемелерін талдау), анкета (жазбаша) әдістері жатады. Мәселен, анкеттік әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады. Осы әдіспен әр түрлі топтың, коллективтің психологиялық өзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі, талғамы, қызығуы т.б.) зерттелінеді. Егер мұғалім шәкірттерінің қандай кітапты ерекше құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кімдер екендігін және осы әдісті пайдалануына болады. Анкеттегі сұрақтар шұбалаңқы келмей, ықшам, зерттелушілерге түсінікті тұжырымдалып, жалпы саны 5-8 ден аспауы тиіс. Алынған материалдың нәтижесі статистикалық (сандық) талдаудан өткізіледі де, қорытындысы ондағы үлкен цифрларға қарай жасалынады.

Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі-интервью. Мұнда зерттеуші (интервьюер) сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекейоның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, өңілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді. Интервьюер сыналушының ниетін қас-қабпғынан біле алатын әдісқой да тәсілқой, қырағы әрі білікті кісі болуы қажет. Мұнда анкета арқылы анықталуы қиын ұсақ-түйек детальдарды, мәселенің түрлі қалтарыстары мен түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы жерде зерттеушінің әңгімесіне ықыластанған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беруі де ықтимал екендігін ескерген мақұл. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай интервью бірнеше салаға бөлінеді. Ол жеке адамдармен де, сондай-ақ әр түрлі топтармен де жүргізіледі. Мұның стандарттық, сондай-ақ алдын ала жасалған программа бойынша ауқымды тақырыптың төңірегіне құрылған түрлері де бар.

Өзіндік бақылау сұрақтары


  1. Қазіргі заман психологиясы және оның мақсат-міндеттері

  2. Психология ғылымының салаларын атаңыз?

  3. Психологияның зерттеу әдістері қандай?

  4. Психологияны зерттеуді ұйымдастыру дың маңыздылығы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
2кредит сағат

2 дәріс



Тақырып: Қазіргі психология ғылымы, құрылысы және зерттеу әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет