Педагогикалық факультет



бет20/23
Дата29.01.2018
өлшемі1,81 Mb.
#36194
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Дәрістің мазмұны


  1. Н.Құлжанованың өмірі мен қызметі

  2. Н Құлжанованың психологияға қосқан үлесі

  3. Н.Құлжанова және мектепке дейінгі тәрбие мәселелері

Мақсаты: Нәзипа Құлжанованың психологиялық көзқарастары туралы студенттерге ақпарат беру.

Қазіргі Торғай облысының Жангелдин ауданының көшпелі қазақ семьясында дүниеге келген. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында өзінің тәлім- тәрбиелік ойларымен ерекше қазақ әйелдерінің арасынан әлеуметтік өмірінде алғаш көрінген кісінің бірі-Назиа Құлжанова болды. Ол өткір журналист-публицист, педагог-тәлімгер , екі тілде бірдей жазатын аудармашы болды. Автор мектепке дейінгі тәрбиенің мазмұн, мақсатын баяндай келіп, баланың қимыл- қозғалысын , сезім мүшелерін, сөйлеу, ойлау, ерік- жігерін жетілдіру жолдарына көңіл бөледі. Ол сондай- ақ ересектер мен сәби бөбектер арасындағы қарым-қатынас мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Н.Құлжанова баланы жас кезінде көбінде табиғат аясында бағып- қағудың тиімділігін айтады. Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбиенің басты бағыттарын «Тән сұлулығы», «Баланың сырт сезімдерінің дамуы», «Әдемілік сезімін көтеру», «Мейірімділік әдеттерін көркейту», «Көпшілдік және еңбек»,- деп бұлардың әрқайсысын жекелей қарастырып, жеке – жеке берді.

Құлжанованың ұстаздық – тәлімгерлікм таныта түсетін екі еңбегі бар. Оның алғашқысы 1923 жылы орынболда шыққан «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты еңбегі еді, оның алғы сөзін халқымыздың көрнекті лингвист- ғалымы, түрколог, ақын, ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов жазған болатын. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде жаңа қоғамның игеруін тәрбиелеудің қажетті міндетері, мұны іске асыру жолдары, мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізетін қоғамдық орындар мен әдістемелік құралдар жоқтың қасы.

Н.Құлжанованың еңбектерінде қазан төңкерісінің қарсаңындағы көшпелі қазақ елінің тұрмысы, сол уақыттағы ауыл мен қала өмірінің шындығынан алынған нақты көріністер айқын болады. Ана мен бала тәрбиесі, әсіресе баланы мектепке тәрбиелеу жайында әдіснамалық құралдар төл тілімізде әлі күнге дейін тапшылық етеді, сондықтан аталған еңбектер бұдан ғасырдан астам жарық көрсе де қазіргі кездегі қазақ әулетінің жүрігіне жылы тиіп, қолдан түспесі хақ.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Н.Құлжанованың өмірі мен қызметі туралы ақпарат беріңіз?

  2. Н Құлжанованың психологияға қосқан үлесі қандай болды?

  3. Н.Құлжанова және мектепке дейінгі тәрбие мәселелері туралы еңбектеріне сараптама жасаңыз?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
25 дәріс

Тақырып: Психологиялық тәлім-тәрбие

Дәрістің мазмұны:


  1. Тән мен тазалық тәрбиесі

  2. Еңбек пен өнер тәрбиесі

  3. Ақыл-ой тәрбиесі

Мақсаты: Психологиялық тәлім-тәрбие ілімінің қазіргі кездегі маңыздылығы туралы студенттерге мағлұмат беру.

Адамның жеке басының қалыптасып, саналы еңбек ететін азамат болып өсуі үшін жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі қатар қажет. Жан тәрбиесінің өзі тән тәрбиесінен туындайтын процесс. Осыны екі ауыз сөзбен топшылаған ата-бабамыз «тәні саудың – жаны сау» деп қоғамдағы рухани байлықты игеру үшін тән тәрбиесінің дұрыс болуын қалаған. Баланың жастайынан дені сау азамат болуын аңсаған. Жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде енелерінің келіндеріне ақыл-кеңес беруі, үлкендердің сәбиді тұзды сумен шомылдырып, денесін маймен сылауы, қол-аяғын созып, «өс-өс» деп буындарын бекітуі, шала туған баланы түлкі тымаққа салып асырауы, оған бие сүтін беруі, қойдың құйрығын сорғызуы – сол қамқорлықтың айғағы.

Халық жырларында аруларды «Щащының ұзындығы ізін басты» немесе «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шаш» деп сипаттағане. Халық даналығы арулардың киім киісіне де ерекше мән берген. «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ», «Қыз өссе – елдің көркі» деп қыз балаға қынама қамзол, дүрия бешпент, кәмшәт бөрік, қос етек көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сырға, білезік, шолпы, шашбау, жүзік сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзі қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйірлігін білдіреді. Ұзатылған қыздың аулында айтылатын «Жар-жар», «Жұбату», «Сыңсу» өлеңдерінде келін түсіру тойларында орындалатын «Беташарда» қыздың, жас келіннің басты-басты киімдері, сән-салтанаты, сұлулық бейнесі мақтала жырланған.

Дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, материалдық игіліктерді өндіруде оның маңызын ерекше түсінген қазақ халқы «Деңсаулық – зор байлық» деп, бұған батырлық дастандарда, ертегілерде, аңызда, мақал-мәтелдерде төрінен орын берген. өлім-жітіммен, аура-сырқаумен халықтық ем-дом арқылы күрескен.

Еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Осыны терең түйіп, ой топшылаған халық: «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек түбі - береке», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», «Еңбексіз өмір – сөнеген көмір» деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ еріншектік, жалқаулық – кісінің соры, жаман әдет, жат мінез екендігін жас буынға тәптіштеп түсіндірген.

Осы жәйітті терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара бөлісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мергендік құруға, қолөнер шеберлігне, мал тауып, отбасын асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіріу, шай құю, кесте тігу, тон пішу, ою-өрнек сияқты отбасының ішкі жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне қалдырған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, отбасы ұйытқысы деп түсінген халқымыз оның еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі болып өсуіне ерекше мән берген.

Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене еңбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет. өйткені, қоғамның дамуы еңбек пен ғылымның ұштаса өрістетімен тығыз байланысты. Қоғамдағы барлық байлық – ой еңбегі мен дене еңбегінің, ғылым мен техник жетістіктерінің ортақ жемісі.

Жастарға ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой-санасын өрістетуде ауыз әдебиетінің айтыс жанры, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтысы ерекше рөл атқарған. Қазақ халқының әдет-ғұрпынан, салт-санасынан туған ойын-сауық кештерінде өлең-жырмен айтысу, өнер сайысына түсіп, сөйтіп, жиналған жұртты күлдіру, жастарды тапқырлық қа тәрбиелеу дәстүрі ертеден орын алған. Жастар ән шырқап, күй шертісіп, жаңылтпаш, жұмбақ айтысып, өнер сайысына түскен. Бұрын қазақта күйеу таңдаған дана қыз жігітке жұмбақ арқылы талап қойып. Оны шешіп, сертке жеткен, ақылды, тапқыр жігітке тұрмысқа шығатын болған.

Дегендей,

Өзіндік бақылау сұрақатры:


  1. Тән мен тазалық тәрбиесінің маңыздылығы қандай?

  2. Еңбек пен өнер тәрбиесінің жасты тәрбиелеудег ролі?

  3. Ақыл-ой тәрбиесінің жетістігі неде?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
26 дәріс

Тақырып Халықтық психология

Дәрістің мазмұны


  1. Әлеуметтік психология жайлы деректер

  2. Тәлім-тәрбие психологиясы

  3. Өнер психологиясы

Мақсаты: Халықтық психологияның жастарды тәрбиелеудегі маңызын анықтап, тәлім- тәрбие психологиясының жетістіктерімен таныстыру.

Халықтың өзіндік әдет-ғұрыпы, дәстүр-салты, ұлттық мінез бітістері, әлеуметтік сезім мен көңіл-күйлері, алуан ойлары мен талап тілектері, әртүрлі топтардың әлеуметтік психологиясы, ондағы тәлім-тәрбие, оқу – білім, жеке адам мен ұжым арасындағы қатынастар мақал-мәтелдерге арқау болған.

Адам психикасының қалыптасуында оның нақтылы іс-әрекеті мен мамандығы, дәстүрі мен салт-санасы, ұжымы мен әлеуметтік ортасы тиісінше ықпал жасап отырады. Ұжым өнегесі қоғамдық пікір – адам психологиясын қалыптастыруда таптырмайтын қуатты фактор.

Халқымыз әр жастағы адамдардың көңіл-күйі, мінез-бітістері, әдет-дағдылары бірдей болып келмейтіндігін айтқан. Сөз маржандарында адамның жас ерекшеліктері негізінен балалық, жастық, кемелдік және кәрілік шақ болып бөлінеді. Адамның моралдық бейнесі оның іс-әрекеті үстінде дамиды. Халқымыз еңбек сүйгіштік, тіл алғыштық, имандылық т.б. қасиеттерді бала тәрбиесінен баулыған. Мысалы, «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры», «Бала адамның бауыр еті», «Кісі болар баланың кісесінен белгілі», «Болар адам жеті жастан бас болар» т.б. секілді халық нақылдарында мінез-құлық психологиясы дұрыс қалыптасып келе жатқан, оқу-өнерге құмар, талабы таудай, өмірге бейім балалар сөз болады.

Мақал-мәтелдерде көбірек сөз болған тақырыптың бірі өнер мен деңсаулық мәселесі. Өнер шындықты көркем бейнелер арқылы білу. Халық ертеден – ақ өзінің ұлттық өнерін ерекше қастерлеп, жез таңдай әншілер мен күйшілерді, шешендердің өнерін мақтан еткен. Мысалы, «Өнерді үйрен де жирен», «Өнерліге өлім жоқ» т.б.

Өнер халықтікі. Оны бағалайтын да, тудыратын да оның өзі. Өнер халық қолдауын тапса ғана өмір сүре алады. Өнерді қоғамға теруші де халық. Енжар жалқау адамдар өнермен жолдас бола алмайды. Өмір ләззатын қызықтай алмайтын, рухани жағы аз, психикасы нашар дамитындар да осылар. Өнерді құлқыны сүймейтін немесе өнеріне мақтаншақ атаққұмар адамдарда болады. Халық бұларды «Әншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас», «Алтынды еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер» деп өнерлілік адамның тамаша рухани бейнесінің бейнесі екендігін айтып, жастарды назарынан аударған.

Мақал-мәтелдерде деңсаулық мәселесіне қатысты мәселелер айтылған. Дене мүшелерінің саулығы сұлулық белгісі ретінде бағаланған. Мысалы, «Он екі мүшен сау болса, жарлымын деме, жаныңда жарық болмаса, зарлымын деме», «Тәні саудың, жаны сау» т.б. - деп деңсаулық адамға өмірлік серік, жанының сау және ажарлы болуы тәнге байланысты екендігін адам тәнінің байлығын ешнәрсемен теңестіруге болмайтындығын айтқан.

Өзіндік бақылау сұрақтары.


  1. Әлеуметтік психология жайлы деректермен таныстырыңыз?

  2. Тәлім-тәрбие психологиясының маңыздылығы неде?

  3. Өнер психологиясының қоғамдағы орны қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
27 дәріс

Тақырып: Қазақ психологиясындағы ырымдар мен тыйымдар

Дәрістің мазмұны:


  1. Торқалы той

  2. Қызұзату, ілу тойы

  3. Келін түсіру

Мақсаты: Қазақ психологиясындағы ырымдар мен тыйымдардың ролін анықтап, студенттерді жаңа білімдермен қаруландыру.

Қазақ халқының қоғамдық қарым-қатынастары қыз алысып, қыз берісіп, құда болу арқылы нығайып отырған. Ерте кезде екі дос адам өзара достығын нығайту үшін, бірінің әйелі ұл, екіншісінің әйелі қыз тапса, оларды бір-бірімен қосып, некелестіруге байланыстыратын болған. Мұны бесік құда деп атайды.

Ілу тойы күйеу жігіттің қымбат кәделерімен жанынаәнші-күйші сал-сері жігіттер ерітіп, қайын-жұртына келіге арналған той. Күйеудің алдынан шығып, ілуге әкелген малын көріп алады. Қайын атасының рұқсатымен күйеу жігіт жолдас-жораларымен арнайы тігілген қонақ үйге түсіріледі. Күйеу жігіт ауылға таянғанда аттан түсіп, қарсы алушы әйелдерге бас иіп сәлем беріп сыйлықтар үйлестіреді. Түн ортасына дейін ән айтылып, түн ортасы кезінде жігіт жағы мен қыз жағы екіге бөлініп, қалыңдықты тартып әкетпек болады. Күштеп әкетуге шамасы келмеген күйеу жағы заттай немесе ақшалай төлемін төлеп, қызды кілемге отырғызып әкесінің үйіне әкеледі. Осы тартыс кезінде қыздың бір жеңгесі күйеу жігітті жасырып, қайын атасының үйіне әкеледі. Сол қызметі үшін күйеу қашар кәдесін береді.

Қалың мал алып, құда түсіп, қызды аттастырып қойғаннан кейін қыздың төркін жұрты қалыңдыққа жасау дайындауға кіріседі. Жасау – жігіт жағынан келген қалың мал мөлшерімен қарайлас, ұзатылатын қызға берілетін мал мүлік. Қазақ қызын ешқашан жасаусыз ұзатқан жоқ. Жасау беру ата-ананың бірінші борышы болып саналған. Қызға жасау 7-8 жасынан бастап жинақталған. Жасау дайын болғаннан кейін қыздың әке-шешесі құдаларына хабар береді. Рәсім бойынша күйеу сүт ақысы, той малы, өлі-тірісі т.б. кәделерін алып, қызды алып кетуге келеді. Жастар күйеуді алдынан шығып қарсы алады. Жездесінің атын жетектеп келген балдызына ат байлар ырымын жасайды. Күйеуден отауға арнап, кереге көтерер ырымын жасайды.

Ұзатылып келе жатқан келіннің алдынан жеңгелер шашу шашады. Көш бастар түйенің бұйдасын ұстап, әкелген әйелді мұрындық шеше деп атап, оған арнайы сый береді. Отау тігіліп, шымылдық әкелінеді. Шымылдық келіннің бетіне құрып, оның бетін үлкендерге көрсетпей, үйіне алып кіргізеді. Келін босағаны оң аяғымен аттайды. Кірісімен тізе бүгіп сәлем етеді. Келіннің қолынан бір әйел май құйған ыдыспен қасық ұстатып, отқа май құйғызады.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Торқалы той дәстүріне сипаттама беріңіз?

  2. Қыз ұзату, ілу тойы қалай жүзеге асады?

  3. Келін түсіру дәстүрінің маңыздылығы неде?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996

28 дәріс



Тақырып: ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы Қазақстандағы психология ғылымының дамуы

Мақсаты: ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы Қазақстандағы психология ғылымының даму қарқаны және жетістіктерімен студенттерді таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет