5.5 СӨЖ тапсырмалары
№
|
СӨЖ тақырыбы мен құрамы
|
СӨЖ тапсырмасы (өткізу түрі)
|
Өткізу уақыты
|
Ұсынылатын әдебиет
|
Бақылау формасы
|
1
|
Тұлғаға бағытталған оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшеліктері.
|
Глоссарий жазу
|
2 апта
|
1,3,5,6,8,16
|
Терминдерге түсінік беру
|
2
|
Казіргі заманғы мектептерден қалыптастырушы бағалау.
|
Презентация
|
2 апта
|
1,4,7,10,12
|
Жазбаша түрде қорғау
|
3
|
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері.
|
Реферат
|
3 апта
|
1,3,5,6,8,16
|
Жазбаша түрде қорғау
|
4
|
Қалыптастырушы бағалау техникасы.
|
Баяндама
|
3 апта
|
1,4,7,10,12
|
Жазбаша түрде қорғау
|
5
|
Табысты оқу үшін оқушыларды қызықтыру.
|
Эссе
|
4 апта
|
1,4,7,10,12
|
Жазбаша түрде қорғау
|
6
|
Оқыту үдерісіндегі жиынтык бағалау.
|
Топтық жоба
|
4 апта
|
1,3,5,6,8,16
|
Білімдерін ортаға
салу
|
7
|
Өз іс-әрекетінің рефлексиясы.
|
Презентация
|
5 апта
|
1,3,5,6,8,18
|
Жазбаша түрде қорғау
|
8
|
Баға, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.
|
Баяндама
|
5 апта
|
1,4,7,10,12
|
Білімдерін ортаға
салу
|
9
|
Табысқа жетудің алгоритмі.
|
Эссе
|
6 апта
|
1,3,5,6,8,16
|
Жазбаша түрде қорғау
|
10
|
Сабақтағы тиімді кері байланыс.
|
Реферат
|
6 апта
|
1,2,4,9,11,15
|
Жазбаша түрде қорғау
|
11
|
Оқу үдерісін жетілдіру үшін бағалау.
|
Жеке жоба
|
7 апта
|
1,4,7,10,12
|
Білімдерін ортаға
салу
|
12
|
Критерийлік бағалаумен байланысты түсініктерден глоссарий құрастыру.
|
Реферат
|
7 апта
|
1,3,5,6,8,16
|
Жазбаша түрде қорғау
|
13
|
Қалыптастырушы бағалауды өткізудің тәртібімен танысу, талдау.
|
Баяндама
|
8 апта
|
1,3,5,6,8,16
|
Жазбаша түрде қорғау
|
14
|
Ішкі жиынтық бағалауды өткізудің тәртібімен танысу, талдау.
|
Презентация
|
8 апта
|
1,4,7,10,12
|
Жазбаша түрде қорғау
|
15
|
Оқушы портфолиосын құрастыру бойынша ұсыныстармен танысу, талдау.
|
Топтық жоба
|
9 апта
|
1,3,5,6,8,16
|
Білімдерін ортаға
салу
|
СӨЖ-ді өткізу нәтижесінде студентте келесі құзіреттіліктер қалыптасу керек
Өз бетімен ізденіс жұмыс жүргізу
Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау
Әр мәселені талдау және өзінің пікірін беру
Шешім қабылдау және оңы негіздеу
СӨЖ-ді ұйымдастыру үшін қажет:
- СӨЖ тапсырмасын семестрдің басында беру;
- ағымдық және шектік бақылау түрлерін дайындау;
- СӨЖ бойынша консультация уақытын орнату.
Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар
(оқытушының таңдауы бойынша)
СӨЖ курстың белгілі бір тараулары немесе бірнеше тақырыптар, тараулар, модульдерді қамтитын проблемалар бойынша жүргізіледі. Көбінесе СӨЖ зерттеу түріне жатады, яғни бұл әдіснамалық түрдегі сұрақтар..
СӨЖ-ң барлық түрлері түрлі сәйкестіктерде әр түрлі әдістемелік қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
СӨЖ-ң ең көп тараған түрлері болып табылады:
Тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша (0,5 беттен аспайтын) жазу.
Тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде қысқаша түсініктеме жазу (1-2 бет).
Глоссарий жазу – ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп жазу.
Презентация – таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын – пікірін дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады (8-10 минут).
Іскерлік ойын –Болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек).
Айқындап жағдайды үйрену нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау.
Топтық жоба, 4-5 студенттен құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде өткізуге болады.
Жеке жоба маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.
Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут). Жауапттар тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына) және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.
Жазба жұмыстары. модуль бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу.
Тесттер тақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін 5 минутта өткізілетін тест сұрақтары.
Рефераттар мен баяндамалар. Студент немесе студенттер таңдауы бойынша пән тараулары тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытындысын шығару.
Пікір студенттер бір-бірлерінің рефераттарын талдау жасап, өз пікірлерін жазуы.
Есеп шығару әрбір студенттің есептеу сызба жұмыстары, типтік есептері, есептеу жобалау жұмыстары жазба түрде тапсырылады.
Есептер құрастыру лекциялық тақырыпқа есептер ойлап тауып, оларды шығарып жазба түрде тапсыру.
Студенттердің білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі ету жоспарлану қажет. Мәселен, барлық студенттерге кейсті талдау тапсырылса, дайындығы жоғары (1 немес 2) студентке кейс жазуды тапсыруға болады.
Барлық СӨЖ тапсырмалары уақытылы тапсырылуы қажет; уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 0,1 балл алып тастау).
СӨЖ ұйымдастыру үшін:
СӨЖ тапсырмаларын семестр басында студентке беру;
Ағымды және межелі бақылау түрлерін дайындау;
СӨЖ консультациясының уақытын белгілеу.
Студенттерден:
СӨЖ тапсырмасын уақытылы орындауды;
Белгіленген уақытта тапсыруды;
СӨЖ-ге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет.
СӨЖ-ді іске асыруға арналған жоғарыда ұсыныстар мен интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің білім деңгейін көтеруге болады.
Интерактивті әдістер студенттің:
Тыңдау және өзара қарым-қатынасын;
Басқаға жанашырлық таныту, жанкүйерлік қабілетін дамытуды;
Көзқарасын дамытуды және түсінуді;
Белгісіз сұрақтарға жауап тауып, белгілі мәселелерді шешуді;
Аналитикалық ойлау және өз ойын талқылауды қалыптастырады.
Қойылатын талаптар және жалпы күтілетін нәтижелер (курсты өту барысында қойылған талаптар мен күтілетін нәтижелерге байланысты оқытушы арқылы толтырылады), мысалы :
Барлық тапсырмалар өз уақытында орындалуы тиіс және оларға дайындық кезінде оқулықтардан және лекциялардан алынған принциптер мен концепциялар пайдаланылуы тиіс;
Сабаққа берілген материалды талқылау нақты сұрақ қою мақсатында алдын-ала дайындалып келуі қажет;
Бүкіл курс бойында өзіңіздің жақсы білім алуыңызға жауапкершілікпен қарауыңыз тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |