1. Пәннің оқу процесіндегі мақсаты, міндеті мен орны 1.1 Пәнді оқытудың мақсаты «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәннің мақсаты - студенттердің бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін тиімді меңгеруіне және оны Қазақстан Республикасы білім беру ұжымдарына ендіруіне себепші болу.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері - болашақ мамандарды бағалау және оның түрлері жайлы біліммен қаруландыру;
- критериалды бағалаудың моделі жиынтық және қалыптастырушы бағалаудың мән-мағынасымен таныстырып критериалды бағалауды әдістемелік қамтамасыздандыруды дайындай алу білігін қалыптастыру;
- критерийлік бағалауды жоспарлау, оны жүзеге асыру, басқару және рефлексиядағы білім, білік және дағдыларды біріктіретін пәндік кұзыреттіліктерді қалыптастыру;
- оқыту нәтижелерін рефлексияда шығармашылық ізденісті ұйымдастыруға, тәжірибені оқып үйрену және жалпылауға, бастауыш сынып тәжірибесінде критерийлік бағалау жүйесін тиімді жүзеге асыруға негіз болатын біліммен қаруландыру болып табылады.