1.3 Білім бағдарламасы құрылымындағы пәннің орны
«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәні 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикакасы мен әдістемесі мамандығының Модульдік білім беру бағдарламасының Базалық пәндер циклінің міндетті компонентіне, педагогика, психология және физиология мамандығына енген пән.
2.Білім алушылардың пәнді игеруді бастауы мен тәмамдауы бойынша даярлығына (құзыреттіліктеріне) қойылатын талаптар (пререквизиттер мен постреквизиттер)
Осы пәнді игеру үшін білім алушылар келесі құзыреттіліктерге ие болуы тиіс:
Құзыреттіліктер
|
Пререквизиттер
|
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздерін және оның даму тарихын, әлемдік педагогикалық мұраларды меңгереді;
Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын меңгереді;
Педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясын меңгереді;
Мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін және т.б. білуге;
Педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тәрбиенің тетіктеріне сәйкес оқу- тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру.
|
Педагогика
|
Жалпы психология курсы білімдерін игеру, психологиялық құбылыстарды жүйелі талдау іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруды меңгеру;
Кәсіби психологиялық даярлығын күшейтуге және психологиялық білімнің маңызды салаларының бірі даму психологиясын терең оқып‑зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және практикалық білімдермен қаруландыру.
|
Психология
|
Осы пәнді игергеннен кейін білім алушылар келесі құзыреттіліктерге ие болуы тиіс:
Құзыреттіліктер
|
Постреквизиттер
|
Жалпы құзіреттілігі - білім, гуманитарлық, т.б. ғылымдарда жаңа білім алуға дағдылану, оларды кәсіби қызметте пайдалану қабілеттілігі;
– мәселені шешу үшін логикалық және сыни ойлауға қолдану қабілеттілігі;
– іс-тәжірибеде кәсіби білім мен дағдыны қолдану қабілеттілігі;
– инновацияны қолдану қабілеттілігі;
– басқаларға құрмет пен толеранттықты көрсету;
– мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде сауатты қарым-қатынас жасау қабілеттілігі;
Кәсіптік құзіреттілігі:
- заманауи білім беру және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жаңа білімдерді өз бетінше алу қабілеті;
– педагогикалық қызметте ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу;
- оқу-тәрбие жұмысының үдерісі мен нәтижелерін талдау, бағалау және түзете білу;
– пәндік салада инновациялық қызметті ұйымдастыру дағдылары;
– балаларды, жасөспірімдер мен жастарды тәрбиелеу мен дамуына, оларға білім беру мәселелері бойынша құзіретті болу;
– пәндік, кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогтың кәсіби парызын ұғыну;
– педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарауы;
|
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
|
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздерін және оның даму тарихын, әлемдік педагогикалық мұраларды меңгереді;
Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын меңгереді;
Педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясын меңгереді;
Мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін және т.б. білуге;
Педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тәрбиенің тетіктеріне сәйкес оқу- тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру.
|
«Педагогикалық практика»
|
Ескерту: Пререквизиттер мен постреквизиттерге оқу пәндерімен қатар, іс-тәжірибенің барлық түрлері, дипломдық жұмыс (жоба) енуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |