Педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі дидактика


Оқытудың сыртқы заңдылықтары



бет2/10
Дата08.09.2023
өлшемі32,94 Kb.
#180499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 ші дәріс дидактика ворд нұсқасы (3)

Оқытудың сыртқы заңдылықтары:

  • қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы;

  • білім алу, іс–әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы;

  • педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы;

  • оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысты туралы;

  • оқу іс–әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы;

Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді.


Оқытудың ішкі заңдылықтары:

  • оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс–тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.

  • білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.

  • оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.

  • оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс–әрекетеріне тәуелді.

  • әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.

  • оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс–тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.

  • жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.

Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады.


Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер негізінде жүзеге асады.
Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мəнін сақтайды. Принциптер дидактикалық процестің біртұтас концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте əрекетке келеді.
Оқудың дəстүрлі теориясында төмендегідей дидактикалық принциптер жүзеге ачырылады: саналылық жəне белсенділік, көрнекілілікпен оқыту, жүйелілік жəне бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй ескеру, теория мен практиканы байланыстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет